Əдебиеттер:
1 Қ.Мырзалиев Отарлаушылар ана тілін ұмытқан адамды жақсы көреді // «Намыс kz»
газеті. 28 наурыз 2011ж.
2 Н.Ə.Назарбаев Туған елім – тірегім. – Алматы, 2011ж.
3 А.Темірбеков Өшсе тілім менде бірге өшемін // «Дидар» Шығыс Қазақстан облыстық
газеті, 16 қыркүйек 2010ж.
4 Б.Қайратұлы. Қазбек бидің сөзі немесе қазақ қандай халық еді? «Намыс kz» газеті,
25 мамыр 2011ж.
5 А.Сейсенова Сөйлеу мəдениеті жəне қарым-қатынас əрекеті // Əділеттің ғылыми
еңбектері, №1(9), 2001ж.
6 И.Нұғыманов, З.Қашқынбаева Сөйлеу мəдениетінің теориялық негіздері // Қазақстан
мектебі, №3, 2000ж.
19
ҰЛТ ТАРИХЫ
УДК 37.69.93.007:159.955
Р.Р. Оспанова
Абай атындағы ҚазҰПУ т.ғ.к., доцент
М.М. Муратказин
Абай атындағы ҚазҰПУ т.ғ.к. аға оқытушы
Ж. Даулеткелді
«Интеллектуалды ұлт қалыптастыру» ҒЗИ эксперті
Г.Б. Мединеева
«Интеллектуалды ұлт қалыптастыру» ҒЗИ эксперті
Н.Ə. НАЗАРБАЕВТЫҢ «ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА» ЕҢБЕГІНІҢ
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҰЛТ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ТАРИХИ ТАҒЫЛЫМДАРЫ
Бұл мақалада Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегі негізінде ин-
теллектуалды ұлт қалыптастырудағы ел тарихының рөлі қарастырылады. Еңбектің əр
тарауындағы ұлт тарихының айшықты тұстарының жас ұрпаққа тəрбиелік мəні сараланған.
Сонымен қатар, мақалада ұлттық тарих пен мəдениетті ұлттық рух тұрғысынан қарастыру
мəселесінің маңызы талданған.
Түйінді сөздер: Ұлттық келбет, тарих толқыны, шежіре, салт-дəстүр, ұлттық сана,
ұлттық тəрбие, жеті ата, тыйым-жора, ар-ұят.
В данной статье, рассматриваются роль истории казахского народа в формировании ин-
теллектуальной нации на основе книги Президента Н.А. Назарбаева «Тарих толқынында».
В каждой главе книги рассматривается роль национальной истории в воспитании молодого
поколения.
Ключевые слова: Национальное воспитание, национальное самосознание, идеология на-
циональной независимости, духовное наследие, честь, национальное своеобразие, духовные
ценности.
This article discusses the role of the history of the Kazakh people in the intellectual formation
of the nation based on the book by President NA Nazarbayev «Tarikh tolқynynda» Each chapter of
the book examines the role of national history in the education of the young generation.
Keywords: National education, national samozoznanie, the ideology of national independence,
and spiritual heritage, honor, national identity, spiritual values.
1999 жылы Қазақстан Республикасы
Президенті Н.Ə. Назарбаевтың «Тарих тол -
қы нында» [1] атты еңбегі жарық көр ді. Ең-
бек те автордың Қазақстан мемле кеттілігінің
не гіздері, тарихы туралы ой-тол ғамдары са-
раланған.
Еңбек өмірдің əр түрлі салаларын қамты-
ған сегіз тараудан тұрады. «Ұлттық келбетті
ұлық тайық» деп аталатын бірінші тарауда
«....мен өз тарапымнан саясаткер ретінде
пай ым дағанымды ортаға салуды жөн көріп
отырмын», – дей келе, Елбасы: «Біріншіден,
ұлт тың стратегиялық мүддесі үшін ахуал-
дарды өрбітудің қандай сценарийі сай ке-
ле ді? Екіншіден, нақтылы тарихи үрдістің
өзе гінде ілгері даму үшін тағы да қандай
жол дар бар? Үшіншіден, қалаған жолдың
жү зеге асуының нақтылы мүмкіндігі қан-
дай? ...Кез келген ахуалға орай қазақтың ұлт-
тық бір тектестігін əрі сақтай білуге, əрі да-
мытып отыруға қалай қол жеткізуге болады?
Рас, бұл мейлінше ауқымды міндет. Алайда,
20
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
мəселенің түйіні «тарих тегеурінінің қыс-
па ғындағы ұлт пен мемлекет туралы бо лып
отырғанда, қойылар сұрақтың да шек-ше-
ка расын айқындап алу қажет. Себебі бұл
мəселе жеңіл-желпі қарауды немесе қа те ле-
су ді көтермейді. Олай болса, қойылар сұрақ
пен жауапкершілік тепе-тең түсіп жатуы ке-
рек», – деп өзін толғандырып отырған мə се-
ле лер шеңберін айқындайды.
«Егер «ақиқаттың аясында» болғымыз
кел се, онда өткені мен бүгіні туралы тым
жалпақшешейліктің де, тым тома ға тұйық-
тықтың да қажеті жоқ», – деген қа ғи -
даға сүйене отырып, Н.Ə. Назарбаев қа зақ
ұлтының отаршылдық пен кеңестік кезең-
дердегі тыныс-тіршілігіне қатысты мə се-
лелерге қатысты əртүрлі тетіктер мен тарихи
ахуалдарға қарамастан, қазақ этнос тығының
тағдырын жан-жақты түсіну үшін отар-
шыл дық кезеңді біртұтас құбылыс ретінде
баға лау керек деген тұжырым жасайды.
Ал тəуел сіздік кезеңі жайлы: «...ғасырлар
бойы мемлекеттігіміздің тарихқа кеткен есе-
сіне өтеу болған жеті жыл... құқықтық, эко-
номикалық жəне саяси жаңалықтарға қоса,
ұлт психологиясына түбегейлі өзгерістер
енгі зіп, тарихтағы орнын танып-білу сезімін
орнық тырды», – дейді.
«Қазақ мəдениеті біздің түркі бабалары-
мыз дың мəдениеті сияқты, қандай əсер-ық-
палды бастан кешірсе де томаға-тұйықтыққа
берілмеген, ұдайы синкретті болып отырған.
Содан да болар, рухани бастаулардың «ұлт-
тық алаңы» қашанда сан-сала мүмкіндіктерге
жол ашқан... Əскери технологиядан бастап
тұрғын үйді жасақтау тəсіліне дейін, эко-
ло гия лық ортаны игеруден бастап үй түлі-
гін өсіруге дейін, металлургияның ғажай ып
техно логиясынан бастап əдеби шығарма-
шылықтың ұлы туындыларына дейін – қазақ
же рі евразиялық ауқымдағы мейлінше кесек
мə дени жаңалықтардың мекені екенін тым
бол маса жалпы дерек деңгейінде білмеу
сауат сыздықтың ең бір сирек айғағы болса
ке рек. Мұның бəрі де əртекті халықтармен
жə не өркениеттермен əрі алуан түрлі, əрі
ұзақ уа қыт бойы байланыс жасау арқылы ға-
на мүмкін болатын құндылықтар», – деп қа-
зақ халқының мəдениет аясын көрсетеді.
Қазақтың «Менін» сақтауға негіз болатын
этнопсихологиялық ерекшеліктерін (эт но-
мəдени сананың «тұмшаланған күйде бол-
са да сақталуы, өзге халықтармен ассими-
ляцияланбауы, төл мемлекеттілікке қол
жет кі зе алғаны, этногенетикалық тұрғыдан
жас халық болып табылатындығы) атап өтіп,
«қазақтың ұлттық тұтастануы үшін та бан
тірейтін негізгі идеялық тұғырды» ай қын-
дайды: «Бұл – дербес мемлекеттікті сақтау
жə не дамыту. Бұл – мемлекеттік тіл ретінде
қа зақ тілін дамыту жəне нақтылы əрекетке
ұлас тыру. Бұл – Қазақстанның аумақтық
тұтас тығы». Елбасы сыни көзбен парықтай
оты рып, «ең кереметі – тарихи өлшеммен
қара ғанда, азаттықтың алынғаны күні кеше
ға на болса, қалыптасқан сана ғасырлар тұң-
ғи ығы мен тамырласып жатыр», – деп, кеу-
де мізге мақтаныш сезімін ұялата отырып,
– «азаттыққа, Қазақстан аумағының тұтас ты-
ғына, нақтылы экономикалық, əскери, ақпа-
раттық дербестікке қол жеткізу дегеніміз
мей лінше күрделі жəне ұзақ уақытқа со-
зылатын, сондай-ақ ұлттың ерекше қажыр-
қайратын қажет ететін үрдіс екенін сезіну
əр бір қазақ үшін əліппелік ақиқат болуға
ти іс», – деп, Қазақстанның тəуелсіздігін,
дер бестігін, егемендігін толық нығайтудың
əлі аяқталмаған процесс екендігін ес кер тіп,
сабырлылыққа, шыдамдылыққа, төзім ді-
лікке, осы бағытта еңбек етуге шақырады.
Қазақ этносының «Менінің» қалыптасуы
мен тұрақталуы себептерін Елбасы былай
талдайды: 1) қазақ этносы ғасырлар бойы қа-
лып тасқан, тегі мен тамыры тереңде, қа зақ-
тар атамекемінен кіндік үзбейді; 2) қазақтың
мəдениеті мен өнері ұлттық сананың мəн-
маз мұнын кеңейтіп отырған; 3) қазақтар
ұзақ жыл дар бойы діни жəне этникалық бір-
тек тестігінен айнымаған.
«Ұлттық сананың көзге көріне бермейтін»
қа сиеттерін:
«...қазақ тілінің əдебиетшілдігі дегеніміз,
түп теп келгенде, ойлаудың ұлттық ерекшелігі
бо лып шығады... Ғасырлар бойы қазақтың
21
ҰЛТ ТАРИХЫ
ұлт ретіндегі мəдени тұтастығына ең негізгі
ұйыт қы болған – оның ғажайып тілі».
«Қазақ болмысының келесі бір ерекшелігі
– оның тарихшылдығы. Қара халықтың та-
рихтан хабардарлығы мейлінше жоғары бол-
ған... тарихи білімнің мұндай жүйесі... тари-
хи-мəдени оқиғалардың ағыны ретінде бала
кезінен сана-сезіміне сіңіп отырған».
«Сұхбаттасқан адамның жан-дүниесін та-
ну ға деген құлшыныс, оның ой-сезіміне де-
ген құлықтылық, əсіресе сырласының жүрек
түк піріндегі мұң-сырға ортақтасуға бейім
тұ ру – əрбір қазақтың қарапайым қарым-
қатынасынан бастап барша болмысына дей-
ін айқын көрініс тауып отырады. Бұл – бір
қа си еті. Сонымен бірге, тек өзімдікі дұрыс
деп өндіршектейтін бірмойын да емес. Өзге-
нің талғам-танымы көңілге қонбай жатса да
түсіністікпен қарауға бейім. Өзгенің дүние-
танымын, құндылықтарды тануын сергек
сезімталдықпен түсіну – қазақ болмысының
ең бір аяулы қасиеті. Мұның өзі, қазіргідей
қар қынды өмір ахуалына бейімделе білудің
қа жеттілігі туындап отырған заманда ай-
рықша мəнді», – деп саралайды.
Қазақтің ділін қалыптастыруда ежелден
келе жатқан рулық қатынастардың зор ма ңы -
зын Елбасы былай пайымдайды: «Ру дəс тү рі
адам санасында берік орныққан, се бе бі оның
қауымдасқан ұжым арасында бас қа ша тірлік
құруына өмір салттың өзі дес бер меген.
Күні бүгінге дейін рулық салт-дəс түр лер
мен қалып-қағидалардың қайран қа ларлық
тұрақтылықпен сақталып келе жат қаны да
сондықтан»... Ру шежіресін білу – саха ра
төсінде көшіп-қонған қазақтар үшін өмір лік
қажеттілік... бұл бүкіл ұлттың əрбір мү шесі
үшін моральдық-этикалық қағидаға айнал-
ған... жеті аталық ұстаным қазақ халқының
этно биологиялық, этномəдени, жалпы ру-
хани тұтастығын табиғи түрде қамтамасыз
етіп отырған».
Рулық қатынастар еңбекте былай талда-
нады: «Қазақ халқы үшін жеті аталық ұс-
та ным мен одан туындайтын рулық бай-
ла ныс институттарының қандай əсері
бол ған? Бірін ші ден, жеті аталық ұстанымға
негізделген туыстық байланыс институт-
тары əрбір қазақтың ...білмекке деген ын-
тасын оятқан». «Бүгінгі таңда бүкіл əлем
жаңа технологиялық желімен жалғасқан. Ал
біз дің тарихымызда жеті аталық ұстаным,
рулық байланыс институттары, белгілі
дəрежеде сол желілік типтегі далалық био-
компьютерлердің рөлін атқарып, күн сайын
өз жадын мыңдаған есе кеңейтіп отырған.
...бұқаралық ауқымда ұлттың санасын байы-
тып, өзінің бай тарихы туралы нақты білімін
орнықтырып отырған. Шындығында, жеті
аталық ұстаным бойынша əркім өзінің
ата-бабасын ғана біліп қоймаған, сонымен
бірге олардың ұлағатты істерін, жолсапар-
ларын, мінез-құлықтарын, керек десеңіз, өз
бабасы мен оның замандастарының бітім-
қасиеттеріне дейін білген». «Екіншіден,
жеті аталық ұстаным əрбір қазақтың...
руха ни тектілігін дəріптеп, ұлттың сенімін
орнықтырып отырған. ...Менің жеті атама
дейінгі жадымда сақталған бабаларымның
ерліктері мен жеңілістері, бейнеттері мен
жеңістері маған ұдайы дем беріп, өз жолымда
кездескен кез келген қиындықты жеңетіндей
сенімге жетелеп отырады. Міне, дəл осын-
дай идеология əрбір қазақтың жүрегіне
жылу берген». «Жеті ата институты қазақ
халқының өткеннен болашаққа деген сенімін
мың сан ұрпақтар арқылы сабақтастырып
отыратын
тетік
ретінде
танылған».
«Үшіншіден, жеті ата ұстанымдары, туыс-
тық байланыс институттары əрбір қазақ
пен бүкіл халықтың бабалар рухы алдында
іштей жауапкершілік сезімін оятып отырған.
...бұл ұстанымның аясына қазақ өмірінің...
моральдық кодексі де, салт-дəстүр мен тый-
ым-жораларының негізі де қамтылған».
«Төртіншіден, жеті ата ұстанымы, туыстық
байланыс институты əрбір қазақтың,
бүкіл халықтың бойына еш мəжбүрлеусіз
мейлінше тегеурінді рухан бірлік сезімін
терең сіңіріп отырған. Бір қарағанда жеті ата
ұстанымы қарапайым болып көрінгенімен,
жанұялық-туыстық етенелікті тірек еткен
этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, тап-
жылмас темірқазығы болған. Күні бүгінге
22
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
дейін, сахараның жазылмаған заңы бойынша
жеті атаға дейін бір-бірімен үйленуге рұқсат
етпейтін қазақтан басқа жер бетінде бірде-
бір ел жоқ. Міне, қазақ халқының даналығы
тудырған қуатты генетикалық тамыр қайда
жатыр». «Ұзатылған қыз келін болып түскен
жеріне өз елінің диалектісін, отбасының
жы лу лығын, мейірбандығын, дəстүрін, əн-
ін, биін, аңыз-əпсанасын, тігіншілік-то-
қымашылығын, қолөнерін, тамақ дайын дау
тəсілдерін – былайша айтқанда, өзінің өс кен
ортасының барша ерекшелігін өзі мен бірге
ала келген. Бүгінгі байтақ мекен ді қоныс
ет кен біздің мемлекетіміздің салт -дəс түрі
мен тіліндегі тұтастықтың, диалектінің жоқ-
тығының сыр-себебі осында емес пе екен?!».
«...Жеті ата ұстанымы, рулық байланыс
институттары əрбір қазақ пен бүкіл қазақ
халқын шындыққа, тəңірге жəне рухани
біртұтастыққа бірте-бірте ынтызар етіп, бір-
жолата айнымастай ұйыта білген. Мұндай
ұста ным халықтың өзін-өзі шыңдау болмы-
сына Сана, Сезім, Ар-ұят жəне Махаббат
сияқ ты мейлінше мəнді төрт қасиетті да-
рытқан. Халық Рухын тəн тоятынан жоғары
қойғызатын тетіктер де осылар». «...əрбір
қара пайым қазақ, рулық қарым-қатынас
жүйесі нің арқасында, байтақ қазақ дала сын
бір ғана қазақ халқының мекен-тұрағы ретін-
де ой көзімен шола алған. Сонымен бірге,
өзін сол байтақ əлемнің жеке тұлғасы ретінде
сезі н іп-түйсінген. Ұлттық-мемлекеттік инс-
ти тут тарға жат жүйелер қазақтың жал пы-
ұлт тық тұтастығын дамытпаған, кері сінше
ру лық бөлік институттарын ұлтты ыды ра-
та тын тетік ретінде пайдаланған». «Қаз-
ақ халқының этномəдени тұтастық ретін де
сақ талуы – тікелей рулардың этно ұжымдық
жады ның арқасы».
«Қазіргі этнос ішіндегі дəстүрлі байла-
ныстың көмескіленуінің негізінде ең ал-
ды мен тарихи себептер бар... сатылы ту-
ыс қандық аясынан шығу арқылы адам
азат тығы, оның өзіндік болмысы шек тел-
ген... бұл... адам азаттығының өзі тек ру ая-
сын дағы сатылы қалыпта ғана мүмкін бола -
ды деген сөз», – дей келе, Президент орыс
патша империясының рулық байланыс тарды
өз пайдасы үшін қолданғанын атап өте-
ді: 1822 жылғы «Сібір қазақтары тура лы»,
1824 жылғы «Орынбор қазақтарын бас-
қа ру туралы» реформалар бір ғасырға со-
зыл ған көшпелі жұртшылықтың шабынды
-жайылым жерлерін зорлықпен тартып
алу ды бастаған оқиғалар болды. Бүгінгі ру-
шылдық көріністері – қазақ халқының этно-
генетикалық даму жолындағы өткен кезең-
дер дің жаңғырығы, деп атап көрсетіп, оны
ха лықтың бірлігін қамтамасыз ету үшін пай-
далану міндетін алға тартады.
«Қазақ халқының басым бөлігі, əсіресе
жал пы əлеуметтік-саяси қалыптар мен құн-
ды лықтарды парықтауда, өкімет туралы
жə не оған ие болу мен оның игілігін көру
жол дарын пайымдауда саяси мəдениетінің
бір тектілігімен ерекшеленеді». Осы орай-
да ұлттық мемлекеттілік; бірыңғай мем ле -
кеттік-саяси құрылым; республика аума-
ғы ның біртұтастығы; ел шекарасының
мыз ғымастығы; президенттік басқару үлгісі;
қа зақ тілінің мемлекеттік тіл болуы сияқты
жал пы əлеуметтік-саяси ерекшеліктеріне
тоқ тала келе, Елбасы: «Жатжұрттық басқын-
шылармен болған соғыстарда ауыр қырғынға
ұшыраған, 30 жылдардағы этноцидтің қа-
һары на қасқайып қарсы тұрған, тоталитарлы
ғасырды бастан кешсе де мойымаған ата-
бабаларымыз іс жүзінде қазақ ұлтының
мүддесін қорғауға тиісті мемлекет құру мүм-
кіндігін ғасырлар бойы дайындады. Ен ді,
бүгінгі таңда қазақ халқы келісті ғұмыр ке-
ше алатын мемлекет құру жолында өз ішін-
дегі ара-дара келіспеушіліктің салдары нан
қарқынын тоқыратып алса, мұны еш нəр-
семен ақтауға болмайды», – деп, халықты
бірлікке шақырады.
Қазақ тілі мəселесіне қатысты Президент
мына тұжырымдарды келтіреді: біріншіден,
қазақ тілі əлемдік тіл кеңістігінің бір көрінісі
(орыс, украин, өзбек т.б. тілдер сияқты),
екіншіден, ұлт болмысының бір көрінісі,
«этни калық тұтастықтың түп негізі тіл бол-
са, ондай тілсіз ұлттық тұтастықтың болуы
мүм кін емес», үшіншіден, мемлекеттік тіл
23
ҰЛТ ТАРИХЫ
мəр тебесіне ие болғандықтан қазақ тілі –
елі міздің барлық жерінде қолданылатын тіл.
Сонымен қатар «мəдениеттің екпіні» тер-
минін «дəстүрдің, талғамның, əдеттің т.б.
са бақ тастығы» деп түсіндіреді. «Қаракөзді»
біл меген, домбыра үніне ұйымаған, жусанды
да ланың иісін аңсамаған қазақты қазақ деп
айтудың өзі қиын-ау. Жалпыұлттық мə де ни
құндылықтардың осынау тетігі, яғни «се-
зім құралы» əрқашан да, əр жерде де, əр
халық болмысы мен əр ұрпақ бойында да
ұдайы сабақтасып отырады. Мұнсыз «ұлт-
тық даралық» та, ұлттың өзі де болмақ емес.
«..ең бір мəнді мəселелердің бірі ұлт тық
дəстүр мен қазіргі институттарды шен дес-
тіре сақтай білу болып отыр». Абай, Шо-
қан, Құрманғазы, бұрынғы Фараби, Қаш-
ғари сияқты жұлдыздар шоғыры болмаса,
«ға сыр соңында халықтың қандай рухани
жə не білімдарлық биіктерге көтерілерін бір
тəңір ғана білген болар еді». Бəлкім, «Қа зақ
халқының ұлттық зерде-зейінінің алғыр лы-
ғын, санасын ескерсек, рухани серпілісті
мұ нан да ертерек бастаған болар еді», – деп,
тұжы рымдайды.
Кітаптың екінші тарауы «Қазақ даласы
– ұлы түркі елінің қара шаңырағы» деп
ата лады. Бұл тарауда Қазақ даласының
Андронов мəдениетінен бергі тарихы қа-
зақ халқының ғана емес, жалпы Орталық
Азия ау мағындағы халықтардың тарихы мен
қазіргі интеграцияның алғышарттары ре-
тінде көрсетілген.
«Ұлы дала ерекше рух пен дүниетанымды
қалыптастырды. Түркі тектес халықтар
мен талитетінің тұрақты сипатының бірі
– олар дың ең қиын-қыстау кезеңдерінің
өзін де де аман қалып, өмір сүру қабілетін
жо ғалтпайтындығы, өздерінің мəдени тұр-
ғыдан алғандағы ұқсастығын жоғалтпай,
та за сақтап қала алатындығы», – дей келе,
Ел басы бұл аймақты отарлау саясатының ба-
ры сы мен салдарлары талдайды: «Орталық
Азия халықтарында тұтас бір дəуірді қам-
тыған оқиға кеңестік қоғамдық-саяси құ-
рылыстың орнауы болды. Орталық Азияда
түркі тілде халықтардың сөз жүзінде ғана
формалды түрде тəуелсіздік алуының нəти-
жесі əр түрлі мəнге ие болды. Мысалы, бір
жағы нан, мəдениет, ғылым, білім дамып, осы
заман ғы ұлт қалыптасса, екінші жағынан,
ұлт тық мемлекетіміз түгелдей формалды
сипат та болды, ұлт тілдері өздерінің көп те-
ген қолданылу аясынан (саясат, экономика,
ғылым) айырылып қалды, ана тілін білетін
адамдар саны күрт азайып кетті. Ұлттық
сана-сезім тоталитарлық тəртіп таңған тап-
тық сана-сезімнің құрбандығына айналды,
ха лықтардың жадын əртүрлі айла-шарғы
қол дану арқылы өшіруді, сөйтіп барып идео-
логияландырылған ресми тарихқа ден қоюға
бет бұрғызуды көксеумен болды. Орталық
Азия ны мекендеген халықтар аумағындағы
этнос тық менталитетті орасан зор мөлшерде
бағыт талған көші-қон ұйымдастыру арқылы
өзгер ту саясаты мемлекеттік деңгейде ау-
қымы кең көлемде жүргізілді».
Түркі əлемінің бірігу идеясына көлемді
уа қыт шеңбері тұрғысынан қарасақ, тарих
əр бір түркі халқының түркілердің мəдени
əлемі нің бөлінбейтін құрамдас саласы еке-
ні не көзімізді жеткізеді. Бірігудің арқа сын-
да Орталық Азия мемлекеттерінің эконо-
микалық, саяси рөлінің арта түсуі оңды
өз геріс терді туғызуы мүмкін, дей келе,
Елбасы: «Түркі халықтары жұмылған жұ-
ды рықтай болып біріккен кезде геосаяси
өмірге тең құқықты субъект ретінде ықпал
ете алады, мəдени əлемдегі өзара қарым-қа-
тынастарда... өзгелермен терезесі тең тұлға
ретінде бой көрсете алады. Бұл бағыттағы
алғашқы игі қадам ортаазиялық одақтың
құ рылуы болды. Оның шеңберінде біздің
бəрі мізге ортақ мəдени ұқсастығымызды
же те сезіну деңгейіміздің көтеріле түсетіні
сөз сіз... Əрбір мəдениет өркениеттердің бір-
бірі мен жанасып, ортақ тіл тауып араласуы
арқа сында ғана өзінің дербес тұтастығы мен
ұқсастығына қайта қол жеткізе алады, өзі-
нің бұрынғы бастауларына оралады. Өйт-
кені, мəдениеттер арасындағы байла ныс тар
үрдісінде шын мəніндегі құнды қазына-
ларының көкейкесті қажеттілігі барған са-
йын ай қындала түседі. Бұл бағытта едəуір
24
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
ал ға жылжуымызға Түркі халықтарының эн-
ци к лопедиясын жазудың ізгі ықпалы мол бо-
лар еді. Сондай-ақ, Түркі халықтарының па-
теонын салудың, онда түркі халықтарынан
шық қан ұлы қайраткерлерді жəне жалпы түр-
кілік тарихқа тікелей қатысы бар маңыз ды
оқиғаларды осы заманғы бейнелеу өнерінің
тілімен жалпақ дүниеге жария етудің пайдасы
зор. Түркі проблемаларын оқытып-үйрететін
Халықаралық орталық ашылса, тіпті, нұр
үс ті не нұр болар еді», – деп, аймақтағы мем-
ле кеттердің интеграциялануының пайдалы,
тиімді жақтарын көрсетеді.
Кітаптың «Мəдениет келешегі» деп ата-
ла тын үшінші тарауында Қазақстанда тұра-
тын ұлттар мен ұлыстардың мəдениеті
мəсе ле лері тілге тиек етілген. Еліміздің мəде-
ниетінің қалыптасуына өзге ұлт диаспора лар
мəдениеті ықпал жасайтыны атап өтіп, олар-
дың өздерінің түпкі Отанымен байланыс жа-
сауы – Қазақстан аумағындағы əрбір диас-
пораның кепілдік берілген құқығы болып
та былатынына назар аударады.
«Біздің іс жүзіндегі саясатымыз осы тек-
тес байланыстарға ықпал ету арнасын да
құ рылған», – дей келе, Президент əңгімені
Қазақ стандағы мəдениетті өркендетудің ст-
р а тегиялық бағыты жөнінде өрбітіп, мə де-
ни ет саясатын дамытудың екі жолын көр-
се теді: «біріншісі – ұлттық мəдениет пен
диа с поралар мəдениеттерінің жиынтығын
қа лау, екіншісі – олардың мəдениетінің қа-
зақ мə дениетіне кірігіп, жалпы Қазақстан
мəде ни етін қалыптастыру». Осы мəдени
даму жол дарының екіншісін таңдаған жөн
деп пайым дап, оны былай түсіндіреді:
қалыптасып жат қан жалпы қазақстандық
мəдениет ашық тық негізінде өзге де мə-
дениеттермен өза ра байланыста дамуы ти-
іс, яғни Қазақ стан диаспоралары өз «этно-
құрылым мəде ниетінің» бір бөлігі бо лып
қа на қоймай, ең бас тысы, Қазақстан мə-
дениетінің өкілетті өкіл деріне айна луы
тиіс. Себебі Қазақстан жерін де əлем нің ірі
халықтарының өкілдері өмір сүру де. «Со-
нымен бірге олар біздің ел дес тері міз, жер-
лестеріміз, ал азаматтық дең гейлестігіне кел-
сек, ең алдымен, бəрі де қазақстандықтар».
Ұлттар мен ұлыстар туралы əңгімеден соң
Елбасы шетелдегі қазақ диаспоралары мə-
се лесіне көшеді. Өз тарихи Отанына көшіп
ке ліп жатқан қандастарымыздың жағдайы
жөнінде: «Ал енді көптеген қазақтардың
та ри хи Отанына оралуға деген талпынысы
туралы сөз қозғасақ, олардың оралуы үшін
бү гінде Германия мен Израиль өз отандас-
тарына жасап отырғаннан кем жағдай туғыз-
байтын да уақыт келетінін айтар едік».
Ұлтаралық жəне мəдениетаралық іс-қи-
мыл дар саласындағы біздің іш кі саяса ты мыз
бірнеше жағдайға негізделеді: «Біріншіден,
Қазақстанның этномəдени əртектілігі де ге-
ні міз біздің артықшылығымыз, бұл қатер лі
тұзақ емес, өркендеуіміздің тұғыры. Екін ші-
ден, қазақ мəдениетінің елдегі барша этнос-
тар үшін ұшан-теңіз кіріктірушілік əлеуе-
ті сол қазақ мəдениетінің өзі ашық си патта
болғанда ғана, оның құрылымдық бай лығы
молығып, уақыт талабына қабілеті сай кел-
генде ғана іске асады. Үшіншіден, Қазақ-
станның күллі ұлттық мəдениеттері бір-
бірі мен өзара байланысты əрі өзара тəуелді.
Қазақ станның мəдени кеңістігі – алуан-алу-
ан этномəдениеттердің өзара байланысы мен
өзара толығып отыруының кеңістігі».
Бұдан əрі қарай Президент Қазақстандағы
дін, діни ұйымдар мəселесіне тоқталып,
кон фес сияаралық татулық туралы ой тол-
ғайды. «Мұндай жағдайда жалпы мəдени
құн дылықтар аясынан тоғысар нүкте та бу
мейлінше маңызды. Дамудың қазіргі саты-
сындағы мұндай біртұтастықтың негізі бар-
лық жұрттардың өкілдерін бірегей саяси жəне
азаматтық қауымдастық ретінде Қазақстан
Республикасымен біріктіру болуға тиіс. Со-
лай бола да бастады», – дей келе, – Бүгінде
та рих толқынындағы халықтардың бірлігіне
қол жеткізуден артық маңызды міндет жоқ»,
– деп тұжырымдайды.
Төртінші тарау «Алаш мұрасы жəне осы
за ман» деп аталады. Бұл тарау ХХ ғасырдың
ба сында Қазақстанның тəуелсіздігін арман-
дап, қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін
өздеріне жүктеген, тəуелсіздік жолында құр-
25
ҰЛТ ТАРИХЫ
бан болған зиялы қауым өкілдерінің қоғам-
дық қайраткерлігіне арналған. «Олар өз
қызметі нің басты мұраты қазақ халқының
ұлт тық төлтумалығын сақтау, сонымен бірге
оның тарихи өткенін қалпына келтіріп, ұлт-
тық са насын шыңдау ден санаған» (157).
Бұл орай да Президент өткен ғасырдың ба-
сын да қоғам өмірінде орын алған саяси іс-
қимылдарды (қазақ зиялыларының Мем-
лекеттік Дума қатарына кіруі, «Қазақ»
газе тінің, «Айқап» журналының шығуы
жə не олардың тарихының дамуы, «Алаш»
пар тиясының құрылуы, оның съездері, 1916
жыл ғы ұлт-азаттық қозғалыс т.б.) сөз ге ар-
қау етеді. «Ғасыр басында мемлекет мүд-
десін ойлаған ұлы қазақтардың жеке ба-
сының тағдыры да қасіретті болды. Алайда,
ұлт тық жігер мен толысқан зерде сабағы
ұмыт болған жоқ. Жүзжылдықтың алғашқы
жартысындағы қазақ зиялыларының жеке
басының қасіретімен қатар өрілген қызметі
өзінің бірегей құбылыс ретіндегі тұжырымды
деңгейімен ғана емес, азаматтық һəм адам-
гершілік деңгейімен де осы заманмен үн-
дес», – деп пайымдайды.
Бесінші тарау «Ұлттық бірегейлік тура-
лы» деп аталады. «Дүниеде ұлттық біре гей-
ліктің онша көп тəсілі табыла қойған жоқ.
Солардың бірі діни бірегейлік... Ол – халық-
тың құндылықтар жүйесіндегі ең басты тұ-
ғы ры», – деп бастап, Елбасы «əрине, қазіргі
жағдайда көптеген объективті себептерге бай-
ланысты ұлтты бірегейлендірудің бұл тəсілі
ауырлау. Бірегейлікті қалыптастырудың қо-
сым ша тəсілдерінің бірі – суперэтностық
қау ым дастықтың өркениетті типімен етене
бо лу», – деген тұжырым жасайды.
«Қазір ислам бүгінгі əлемнің ең кең тараған
діні. Онда да іргелі қағидаларды сақтай оты-
рып, күрделі реформалау үрдісі жүріп жатыр.
Бұл ахуалдың ислам терең тарихи тамыр
жайған елдердің ұлттық өркендеу үрдісінде
зор рөлінің бар екенін бағаламасқа болмай-
ды», – деп атап өтіп, Қазақстан Конститу-
ция сында артықшылықтардың бірі ретінде
ай қын далған ождан бостандығы заңдылық
ұста нымы ғана емес, дін институтының қо-
ғам өміріндегі маңызы мен рөлін мойындау
бо лып табылады, дейді.
Сонымен қатар Елбасы бірегейлендірудің
өзге де тəсілдеріне, атап айтқанда, нəсілдер
арасындағы бірегейлендіруге тоқталып: «Біз
бұл орайдағы бағдарымызды Қазақстанға
сəй кес бұлтарыссыз айқындап алуымыз ке-
рек. Өйткені, біздің жер моңғолдану үрдісіне
де, үндіевропалану үрдісіне де ұрынды. Қа -
зақ стан аумағында, бері қойғанда жүз жыл-
дықтың өнбойында, белсенді буданда су
үр ді сі болды, яғни, ұлтаралық неке ар қы-
лы тұрғындардың қан араласуы етек ал ды.
Сондықтан Қазақстандағы ұлттық біре-
гейліктің нəсілдік өлшемі туралы сөз ету...
орынсыз», – деп ой түйеді. Сонымен, «...
бір е гейлік мəселесін шешуге екі деңгейлі
көз қарас керек екені аңғарылады». Бастапқы
дең гей Қазақстан халқының этникалық
қауым дастық ретінде емес, біртұтас азамат-
тық жəне саяси қауымдастық ретінде қалып-
тасуына байланысты. «Сондықтан Қазақстан
ұл ты дегенді сөз ету əлі ертерек, оның себебі
де көп», – дейді Президент. Дəл қазір біздің
аза мат тарымыздың жасанды бірлестігі ортақ
құн дылықтармен біріктірілген тұтастыққа
ұла суы қажет. Ұлттық-мемлекеттік идея жо-
ғарыдан нұсқау түсірмейді, керісінше, қо-
ғам ның нақты дамуынан туындап отырады.
Ал бұл ұлттық-мемлекеттік идея басты сая си
құндылық ретінде – қай ұлтқа жататынына
қа рамастан күллі қазақстандықтардың Ота-
ны болып табылатын – бірыңғай, аумағы тұ-
тас, тəуелсіз Қазақстан төңірегінде қалып-
тасады. Қазақстанның бірлігі, тұтастығы
мен тəуелсіздігі бəсекелестік немесе дау -
жан жалдық сипаты жоқ, кез келген этни-
калық қауымдастықтың өкілдеріне ор тақ
құндылық. Тарих адамдардың іс-қаре кет-
терін уақыт өткізіп барып таразылайды.
Сон дықтан осынау қарапайым да айқын
ұста нымдардың маңызы бірнеше ондаған
жыл дардан кейін қазіргіден əлдеқайда ең-
сел ді де елеулі болады».
«Бүгін неге этникалық бірліктен гөрі аза-
мат тық жəне саяси бірлік жайында айтқан
жөн?» деген сұраққа Елбасы: Біріншіден,
26
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
қазіргі Қазақстанда этникалық əртүрлілік
орын алып отырған жағдайда таяудағы та-
ри хи мерзімде этникалық бірегейліктің
қа лып тасуы туралы айтуға мүмкін емес;
екін шіден, біз КСРО тəжірибесінен ассими-
ляциялаудың, барлық халықтарды бір тілге,
бір идеологияға, бір мəдениетке кө шіру ге
тырысушылықтың тарихи апатқа ұшырат-
қанын көрдік. Демократиялық мемлекетте
ассимиляция табиғи эволюция жолымен
жүреді; үшіншіден, қазақ халқы тəуел сіз
даму тəжірибесін жинап, өзінің төл қазақ-
тық бірегей этникалық санасын қайта жан-
дан дыруы керек, – деп жауап береді. Қазақ-
станда тұратын өзге ұлт өкілдерінің ұлт тық
салт-дəстүрлерін сақтауын мысалға кел-
ті ріп, Президент: «Қазақтың ұлттық са-
на -сезі мін дамыту, «қазақ» деп аталатын
таң ғажайып əрі бай тарихи жəне мəдени
байтаққа өз қатысының барын сезіну – міне,
бұл этникалық ең басты артықшылық. Бұл
ара да
дипломатиялық
түсініктемелерді
жасыру дың да, ойдан шығарудың да қажеті
жоқ. Бұның өзі барынша қалыпты құбылыс»,
– деп ой түйеді. Қазақстандықтарда бар бір-
тұтас саяси құндылықтарды бүкіл халықтың
азаматтық санасындағы басты əрі басым те-
тікке айналдыруды бірінші міндет деп көр -
се теді. Ал «тарихи таяу болашақта жұрт-
тың бə рін бір ғана қазақстандық ұлтқа
ай нал дыру міндеті тұрған жоқ. Өйткені, бұл
Қазақстан халқының этникалық, діни, мə-
дени алуандығына байланысты мүмкін де
емес», – деп қадап айтады.
Тəуелсіздік жылдары орын алған түбе-
гейлі өзгерістер жəне ұлттық бірегейлікті
дамытудың нəтижелері туралы Елбасы: «Бі-
ріншіден, қазақтар ғасырдың аяғында өзінің
ту ған жерінде қайтадан басым көпшілік бол-
ды... Екіншіден, қазақ халқы бүгінде «əлеу-
мет тік құрылымның барлық сатысынан»
көрі ніп отыр» (əр түрлі мамандықтарды мең-
геріп, əр түрлі оқу орындарында білім а лып,
жаңа технологияға, ақпаратқа т.б. қол жет-
кіз ді). «Үшіншіден, бүкіл Қазақстан қазақ
ұлты ның тарихи-генетикалық мекені екені
құқық тық тұрғыдан конституциялық жəне
ха лықаралық деңгейде толық негізделді», –
деп тұжырымдайды.
Бұл орайда Президент ұлттық сана-сезімді
қалып тастыру үшін этникалық мəдениет пен
тіл ді қорғайтын əрі дамытатын білім беру
жү йе сі мен бұқаралық ақпарат құралдары
сияқ ты қоғамдық институттар жүйесіне ар-
қа сүйеудің зор маңызын атап өтеді. Сон-
дай-ақ, «ұлттық сана туралы айтқанда тəу-
ел сіз мемлекеттің барлық нышандарына
мем лекет пен оның институттары сай келе-
тін мемлекеттік бірегейлікті алдымен қа-
рас тыруымыз керек. Əлемдік тəжірибеде
жап пай қабылданған мемлекет мұраты қа-
лып тасып отыр. Тəуелсіз мемлекеттің мəр-
те бе сі туралы халықаралық нормалар бар.
Ұйым дастырудың ортақ үлгісі ретінде ел дер-
дің көпшілігінде демократиялық құқ ықтық
үлгі қабылданған. Мемлекеттік біре гей лік
мемлекеттік тұтастықты көздейді. Əлем дік
тəжірибеде бар тұтастық типінен маман-
дар органикалық, геометриялық жə не ор то-
пе диялық типтерді бөліп алады. Біріншісі
– эт ностың табиғи өз бетімен өркендеуінің
же місі. Екіншісі – этностардың бір мекенге
кө шіп орналасуының нəтижесі. Үшіншісі – та-
рихи тұрғыдан байланысы аз, тек саяси күш-
пен біріккен этностардың мекендік қос пасы.
Қазақстан – органикалық тұтастық. Қазақ
ұлы сы, бір жағынан, тұрғылықты этнос бо-
лып табылады. Бұл оның этногенезі мен
тұрақ ты тарихи өмір сүріп келе жатқан ме-
ке ні. Екінші жағынан, əңгіме ХХ ға сыр
терминдеріндегідей, əншейін ғана мем ле-
кет тік құрастыру хақында емес, сонымен
бірге бұрын болған мемлекеттілігін қал-
пына келтіру жөнінде болып отыр... Сол
себеп ті де, қазақтардың ғасырлар бойы
өз мемлекеттігін толық көлемінде өзінің
ежел гі меке¬нінде қайта қалпына келтіруге
тал пынуы, түптеп келгенде, мемлекеттің
орга ни калық тұтастығы деген сөз... біз дің
Отан ды жəне оның жерін қорғауға де ген
көзқарасымыз ата-бабалардан қалған, бұл
сезім ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып ке-
леді... ұлттық бірегейліктің қуатты факто-
ры ретінде шекараны қорғау мəселесі осы
27
ҰЛТ ТАРИХЫ
уақытқа дейін көкейкестілігін жойған жоқ»,
– де ген тұжырым жасайды.
Президент халық тарихының жасам паз-
дық сипатына назар аударып: «Мемле кет құ-
рып, оны нығайту, қалалар салу, керу ен жол-
да рын тарту, ғылыми трактаттар жа зу, төл
мəдениетін қалыптастыру – бəрі-бə рі жасам-
паз дыққа жатады», – дейді. Мемлекеттіктің
бел гі сі – ақсүйектердің басшылықта бо луы
де ген ой¬ын тарихи оқиғалармен, ғалым-
дар дың сөзімен дəлелдей отырып, Елбасы
мем лекет нысандарының (рəміздерінің) қа-
лыптасуының мемлекеттіктің тағы бір бел-
гі сі əрі тетігі болып табылатындығын атап
өте ді: «Көшпелі қазақтарда əскери жарақ
бол ған, ...бұйымдарының бірі жорық жалау-
лары – ту мен буыншақ болды. Жалаулар...
екі міндет атқарды, олар аса мəнді киелі ны-
сан болды жəне шеру мен шайқаста əскер-
лерді басқарудың тиімді құралы ретін де қол-
данылды. Əрбір рудың, əр ұлыс сұлта ны ның,
əлбетте əрбір ханның туы болды. Қалып тас-
қан дəстүр бойынша бір ханда тоғыз туға
дей ін болуы керек екен. «Тоғыз тулы хан»
де ген де көз алдыңа құдіретті билеуші кел-
ген. Орта ғасыр авторларының дерегіне қара-
ғанда, алғашқы қазақ билеушілері «тоғыз ту-
лы хандар» болған. Тулар сырттай биліктің
бел гісі болып қана қоймай, əскери даңқтың
жə не əскербасы мен əскер абыройының
ныса ны да болған».
Тарауды қорыта отырып, сөз соңын-
да Елбасы: «Біз қазақтың мəдени толқын-
дарға араласуының жемісті де өркениетті
мүм кіндігін мойындаймыз. Қазақтың мəде-
ни болмысындағы евразиялық таби ға тын
да, біздің ұлы ислам өркениетіне тартыл-
ғанымызды да, түркі əлемімен тарихи-мəдени
бірлігімізді де жоққа шығаруға болмайды.
Ал бұл бірегейленудің екінші түрі, мұның өзі
айқын ұлттық төлтумалық жағдайында ғана
жүзеге асуы мүмкін. Сондықтан да, бүгінде
қазақ санасына ұялаған əлемдік ахуалдың
қан шалықты маңыздылығына қарамастан,
мə дени ықпалдастықтан тұратын терең та-
рихы мызға да қарамастан, ең басты «діл» ді-
ни де емес, өркениеттік те емес, ұлттық діл
бо лу керек... Алайда, ұлттық сананы тұтас
ал ған да этномəдениеттің шалқар өрісіне ғана
саю ға болмайды, ұлттық əлеуметтік-мəдени
жү йе сияқты берік тұғыры болмаса ұлт та
қа лыптаспайды... Бүгінде қазақтың ұлттық
санасындағы əлеуметтік-нормативтік жүйесі
дамуының мəселе онша көңіл құлазытарлық
емес. Өйткені, біз білім беру жүйесінен ба-
стап бұқаралық ақпараттың электронды
құралдарына дейін, кең мағынада, қазақ
мəдениетін қолдаудың байсалды тетіктерін
жасап алдық», – деп сөзін түйіндейді.
Кітаптың алтыншы тарауы «Тоталитарлық
тəртіп пен ұлттық ұғымдар» деп аталады.
Мұнда тоталитаризмнің жан-жақты анық-
тамасы беріліп, оның ұлттық санаға əсер-
ықпалы жайында сөз қозғалады. «Соңғы
жылдары тоталитаризмнің тамашаларын бел-
гілі бір көсемдердің жеке бастарының ерек-
шелігімен түсіндіруге əуестенушілік сəнге
ай налды... Бірақ... олардың түпкі негізінде
кез келген тоталитарлық доктринаның жан
түр шіктіретін табиғи жəне тарихи кінараты
– адамның жеке басы мен адамдар қауымын
кез келген жоспар бойынша оңдауға да, жон-
дауға да береді дейтін түсінік жатады. Өзгені
былай қойғанда, мыңдаған жылдар бойы
жи нақталған қазынаны тас-талқан қылып
қи ратып, «жасаймыз жаңа дүние» дейтін
тота литаризмнің ең танымал гимнінің өзі-ақ
осыған айқын дəлел», – деп түсіндіре келе,
тота литаризм əсіресе ұлттық сана-сезім,
ұлт тық болмыс үшін аса қатерлі болды деген
тұжы рымды алға тартады. Тоталитаризм
мен дін нің ара қатынасын автор «бір-бірімен
сыйыс пайтын ұғымдар» деп анықтап, мұны:
«Мəсе ленің мəні – тоталитарлық жəне діни
док три налардың қисындық (логикалық) жə не
көзқарастық тұрғыдан сыйыспауында. Өйт-
кені... тоталитаризмнің өзі де дін сияқты...,
– деп тү сіндіре келе, – Кез келген діннің
не гі зінде жатқан терең имандылық дəстүрі
жа ғы нан, адамдардың, мəселен, ұлт сияқты
ірі- ірі қауымдастығы шеңберіндегі адамның
ақыл-ойы мен іс-қимылының белгілі дəре-
же де шектеулі екенін түсінуі жағынан алған-
да, діни доктринаның тоталитарлық док-
28
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
три надан гөрі тиімді артықшылығы бар.
Дін құ дайға жүгінген жерде тоталитаризм
бал тамен шапқылағандай дөрекі шешімдер
ұсы нады; дін имандылық қағидадарына иек
артқан тұстарда тоталитаризм топтық мүд-
делердің жалауын желкілдетеді, дін дəс-
түрді бетке ұстаған кездерде тоталитаризм
дəс түрді зорлықпен жойып жатады», – деп,
олар дың терең айырмашылығын ашып көр-
сетеді. Тоталитаризм жүйесінің қазақтың
бү кіл тарихын, əсіресе діни тарихын «өлтіре
сын ға» алуы осы екі жүйе арасындағы қар-
сылықтың айқын көрінісі болған. Мəселен,
«Тоталитаризм мұсылмандардың діни оқуын
есепке алмағандығы себебінен ғана қазақтар
сауат сыз халықтың қатарына жатқызылды...
Бі рақ проблеманың аумағы бұдан əлдеқайда
кең жатыр. Халықтың бойындағы діни
сезім ді аластай отырып, тоталитаризм осы-
мен қатарлас тағы бір мəселені шешуге – жа-
ңағы... «бос қуысқа» өзінің сірескен үлгі ле-
рін тықпалауға тырысты», – деген баға берді.
Осы ойды өрбіте келе, Президент Қазақ-
стан Конституциясында бір идеологияның
же ке-да ра үстемдігінен бас тартылғандығы,
ұлт тық идеология мен идеологияның ара қа-
ты насы мəселелеріне тоқталады. «Ұлттық
идея өзіміздің төл тарихымызды жаңаша ұғы-
ну негізінде ғана мүмкін болады... Сон дық-
тан ұлттық тарихты жиырма бірінші ғасыр-
дың өлшемдері шеңберінде ұғыну ұлттық
идея ны тұжырымдаудың алғашқы қадамы
бо лып табылады. Оған керісінше əрекет ету
əсте мүмкін емес... Ұлттық идеяның тұ жы-
ры мы ұлттық тарихтың кеңістігінде жатыр»,
– деген қорытынды жасайды.
Кітаптың «Орталық Азияның тəуелсіз
мем лекеттері жəне тарих тағылымдары»
деп аталатын жетінші тарауында: «Орталық
Аз ия халықтары өздерінің бытыраңқылығы
сал дарынан бірден-бірге ауысып отырып,
ай на ласындағы империялық мемлекеттердің
– Қытай дың, Шыңғыс-хан империясының
жə не ақыр соңында патшалық Ресейдің
ықпалын да болды. Осындай жағдайлар
келе шекте болуы мүмкін бе?! Ондай ықти-
мал дықты теріске шығаруға негіз жоқ.
Осы ған байланысты Орталық Азиядағы ту-
ыс қан мемлекеттердің тарихына жəне дү-
ниежүзілік тəжірибеге жүгінейік. Сонан
соң осы аймақтың ықтимал даму үрдістерін
ай қынырақ түсіну үшін жаңағыларды бола-
шақ пен салғастырып көрейік», – деп, Прези-
дент мынадай тағылымдарға назар аударады:
1) Кеңес өкіметінің осы аймаққа қатысты
сая са тына; 2) Европадағы мемлекеттік ұлт-
шыл дықты дамытудың тарихы мысалына;
3) Араб дүниесіндегі елдердің ең жаңа тари-
хы на. Осы тағылымдарды талдап, Ел ба сы:
«Орталық Азия елдері күшті жəне тəуел сіз
аймақ бола алады, өйткені соңғы 500 жыл-
дың ішінде тұңғыш рет біздің аймақ эконо-
ми ка жағынан дүниежүзілік экономика үшін
маңыз ды аймақ болып отыр» – деп, өңірдегі
мем лекеттердің экономикалық əлеуетінің
та рихы мен бүгінгі жағдайын зерделей ке ле,
тұрақтылықты сақтап қалудың негізгі мін-
дет тері мен тетіктерін ұсынады.
Еңбектің соңғы, сегізінші тарауы «Тарих-
тың шеңберлері жəне ұлттық зерде» деп атала-
ды. Бұл тақырыпта «халық руханиятының
бас тау ларын түсінуге» талпыныс таныты-
лып, «біздің аумақтағы руханияттың алты
мың жылғы дамуы» қарастырылған: І кезең
– ежел гі арийлер кезеңі (Оңтүстік аймақтағы
Сын тасты жəне Арқайым қорым-кешендері –
мате риалдық айғақтары); ІІ кезең – шамамен
4-5 мың жыл бұрынғы арийлер тарихы мен
ру хының орталығы біртіндеп солтүстіктен
оң түстікке қарай ауыса бастаған кезеңі; ІІІ
ке зең – 3-4 мың жыл бұрынғы заман, Шы-
ғыстағы Гоби далаларында арғы ғұн тай-
паларының қалың толқыны туа бастаған ке-
зең; ІҮ кезең – 1,5 мың жыл бұрынғы заман,
ғұн нə сілдері – түркілер – Ашина руының
түр кілері – Ордос алабынан ауған жүнді (жу-
ан-жуан) тайпаларының ежелгі ақсүйек əу-
летінен тараған ұрпақтар заманы; Ү ке зең
– 1300-1100 жылдар бұрынғы – түркі халық-
тарының рухани орталығы шығыста, Ор-
хон-Енисейде болған кезең; ҮІ кезең – 1100-
900 жылдар бұрынғы – Қазақстан ау ма ғына
араб-ислам рухының тегеурінді тол қыны
келе бастаған заман; ҮІІ кезең – ХІ ға сыр
29
ҰЛТ ТАРИХЫ
– Түркістаннан тараған аса қуатты ру хани
сəулемен нұрланған кезең; ҮІІІ кезең –ХІІ-
ХІҮ ға сырлар – Шыңғыс хан жаулап ал ған
заман; ІХ кезең –ХҮ-ХҮІІІ ғасырлар – ал-
ғаш Қа зақ хандығы құрылған кезең; Х кезең
– ХҮІІ-ХІХ ғасырлар; ХІ кезең – ХХ ғасыр;
«ХІІ ке зең – 1980 жылдардың ортасынан бас-
тал ды. Ол халық рухының бұрқ етіп, сыртқа
лық суы мен сипатты болды. Мұның арты
1986 жыл дың желтоқсаны еді. Бірақ онда
рух тан гөрі саясат басым болды. Алтын шы
империя гүрс етіп құлады... Біз келесі жетін-
ші империяның құзырында боламыз ба, əлде
дер бес даму жолын жалғастырып, алыста
қал ған бабаларымыздың ғасырлар бойғы
арма нын жүзеге асырамыз ба? ...осы міндет
біз дің алдымызға... бір ғана ұлы мүкіндік
тү рінде емес, қатал қажеттілік түрінде де
қойы лып отыр. Оны шешсек, біз тарихтың
өзі міз ге шақталған мезгіліне сəйкес бола-
мыз, тарихи болымсыздықтың бос қуысында
бос қа қарманып жүрмейміз...», – деп ой түй-
еді [2].
Н.Ə. Назарбаевтың «Тарих толқынында»
ат ты кітабы қазақстандықтарға, əсіресе жас
ұрпақ қа қазақтың түбі терең тарихын, төл
ділін, мəдениетін зерделеп берген баға жет-
пес еңбек болып табылады. Тарихи құжаттар
мен фактілерді ой елегінен өткізе отырып,
автор ұлттық тарих пен мəдениетті ұлттық
рух тұрғысынан саралап, отандастарын қазақ
халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлы
рухын асқақтатуға, тарих тағылымдарын
мəң гі жадында сақтауға шақырады.
Достарыңызбен бөлісу: |