Ə.Тəжібаев.
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
12
ƏОЖ 8.80
С.Ж.Пірəлиев
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, п.ғ.д., профессор
М.А.Нуриев
«Интеллектуалды ұлт қалыптастыру» ҒЗИ директоры, профессор
Ж.Ш.Саметова
«Интеллектуалды ұлт қалыптастыру» ҒЗИ эксперті
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҰЛТТЫҚ БІРІГЕЙЛІК ПЕН ӨМІРШЕҢДІКТІҢ НЕГІЗІ
Мақалада қазақ тілінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ретіндегі өзек ті
мəселелері сөз етіледі. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі ғана емес, Қазақстан азамат-
тарының бірлігін нығайтатын басты фактор екені айтылады.
Түйін сөздер: мемлекеттік тіл, ұлт, бірлік, тілдік тəрбие, сөйлеу мəдениеті
В статье расматривается актуальные вопросы развития и роль казахского языка в каче-
стве государственного языка Республики. Казахский язык – это родной язык казахского на-
рода. Который является главным фактором объединения всех граждан Казахстана.
Ключевые слова: государственный язык, нация, единство, языковое воспитание, куль-
тура речи
The article deals with current issues of development and the role of the Kazakh language as the
state language of the Republic. The Kazakh language is the native language of the Kazakh people.
Which is the major factor of the consolidation of all citizens of Kazakhstan
Keywords: national language, nation, unity, language education, сulture of speech
Дүние жүзінде əрбір ұлттың, елдің өз ана
тілі болатыны белгілі. Ана тілі – адамзатқа
өзі нің жерінің жігерімен, халқының қанымен,
анасының сүтімен даритын құбылыс. Ту ған
тіл бел гілі бір ұлттың бірігейлік пен өмір-
шеңдігінің негізі.
Қадыр Мырзалиев тіл туралы айтқан бір
ойында: «Адамның жаны бар сияқты ұлттың
да жаны бар, оның тілі мен жаны табиғи ты-
ғыз байланысты. Тілінен айырылған халық
мін дет ті түрде ұлттық қасиетінен айырыла-
ды» [1], - деген. Нақты айтылған ой, себебі
тіл – тəр бие діңгегі, тіл – білім-ғылымды
и ге ру көзі, тіл – ұлттың жаны, мемлекеттің
ны шаны. Ана тілінің құдірет-күшімен ана
сəбиі не оған деген мейірімін жеткізіп, жар-
қын болашағына жол сілтейді, адамдық асыл
қа сиет тер ді дарытады. Ата ұлына ба ба лар-
дан жет кен мол мұра екендігін, оған оны
бола шақ қа жеткізу борыш екендігін байып-
тайды. Ел қорғайтын ер мінезді де, намыс
пен жі гер ді де ата-бабаға ана тілі арқылы
сің дір еді. Жылдардан жылдарға ұласып жи-
нақ талған мол тəжірибе мен білім қоры да
ұрпақ тан-ұрпаққа сол тілде жеткізіледі. Ана
тілі міз арқылы салт-дəстүріміз қалыптасып,
ұлт тық нышан ретінде өріле түседі. Ана ті лі
арқылы ұлттық болмыс бітеді. Тілінен айыр-
ыл ған ұлт барлық құндылықтарынан ада
болады десек те артық емес. Осы аталған-
дар дың барлығы тəрбие, білім, дəстүр ана
тілі нің арнасынан бастау алғанда ғана біздің
мемле кетіміздің тұғыры қатайып, ішкі бірлі-
гіміз нығая түспек.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ-
стан ның болашағы – мемлекеттік тілде» [2]
деп атап көр сет ті. Себебі мемлекеттік тіл
сол ха лықты рухани тұтастыққа жетелейді.
Қазақ стан – көпұлтты мемлекет. Əрине көп-
ұлт ты мем лекетте көптілділік мəселесі де
13
ҰЛТ ТІЛІ
жоқ емес. Со нау 2005 жылғы Жолдауында ел
Прези денті «Біз барша қазақстандықтарды
бі рік тірудің басты факторларының бірі –
елі міз дің мемлекеттік тілін, барлық қазақ-
тар дың ана тілін одан əрі дамытуға күш-
жіге ріміз ді жұмсауымыз керек» - деп айтқан
бола тын. Ата заңын сыйлайтын əрбір азамат
ұлты на, тегіне қарамай, қазақша үйренуге
мін дет ті. Адамды мұратқа жеткізетін ана
ті лі мен ата дəстүрі. Бауыржан Момышұлы
ба ба мыз айтқандай: «анамыздың ақ сүтімен
бойымыз ға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл
ата -бабамызды, тарихымызды ұмыту» [3].
Ұлы Отан соғысының хас батыры, атақты
қол бас шы, екі тілде бірдей жазған қаламы
ұш қыр жазу шы Бауыржан Момышұлы 1944
жы лы нағыз соғыс майданында жүріп, ел
бо лудың, бір лік пен жасампаздықтың не гі зі
тіл екенін айта жүрген. Қуатты ағысы те рең-
де жатқан дария-дарын иесі, рухани ұс таз
ретінде де қазақ тілін тоқсан толғаған пара-
сатты ойшыл қазақ ұлтының азаматы ретін де
қа зақ тілі үшін күресуді өзіне борыш сана ды.
Сол үшін Орталық Комитетке хат та жаз ған:
«Мен əскери адаммын, тіл мəселесі ту ра-
лы араласарлық жөнім жоқ сияқты, бі рақ та
айтылған мəселелер халқымыздың жауын-
герлік мінез-құлқын тəрбиелеу, салт-сана, ел
на мысы, ер намысына, адамгершілік арына,
жауын герлік мұра дəстүріне ерекше байла-
ныс ты болғандықтан, көріп, біліп, сезіп тұра
айт па ғанымды өзіме үлкен ар, кешпес күнə
деп түсінгендігімнен жазып отырмын. «Таяқ
ет тен, сөз сүйектен өтеді», «Ат жүйрігі айыра-
ды, тіл жүйрігі қайырады», «Сөз жүйесін
таба ды, мал иесін табады», «Қиыстырып
қала саң – отын жанар, қисындырып айтсаң
– ха лық нанар», «Зекетсіздің малы арам,
тіл сіз дің дауы арам» дегендейін, қазақ ті-
лі өзінің таза түрінде бірнеше ғасыр, біз дің
заманымызға дейін, өткірлігімен бой бал-
қы тып, тамыр шымырлатып, жан-жүйеңді
жан ды рып, құлақ құрышыңды қандырып,
ұғы мыңа қонымды, жүрегіңе тиімді, көңіл
кө теріп, керегінде жанға тиіп, ашындырып,
өтін сыртқа шығарып, долдандырып қысыл-
таяң қа тал жағдайда қайрап, егеп, «сөз тап-
қан ға қолқа жоқ» дегендейін – ерге, елге
ме дет болып, ер намысын, ел намысын,
адам гершілік арын, қан майданда, қырғын
со ғыс та қасиетті тудай жоғары көтеріп, текті
се зім оятып-туғызып, адам түгіл жағдайдың
кө мей і не құм құйып, аузын аштырмай, үнін
шы ғармай қоятын тіл болған емес пе еді»
– деп ашынады. Бауыржан атамыз хал қы-
мыз қан шама ғасырлар бойы неше ұлт пен
со ғысса да қа зақ тілінің еш уақытта өзі мен
көр шілес халықтың тілдерінен сорлы бо лып
көрмегенін, өз сыбағасын ешкімге жегіз-
бегенін, тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қа-
сие ті нің, оның салт-санасының негізгі өне -
ге, на ғыз белгісі екендігін атап көрсетеді.
Өйт кені тіл – ұлт тың жан дүниесі. Расында
қа зақ халқының басында талай қиын нəубет,
зұл мат тың, қай ғылы күндердің болғаны та-
рих тан бел гі лі. Сондай ауыр сəттерде, сын
сағат тарда атамекен қонысын тастап бос қан
халық тың өзімен бірге алып жүрген бай лы ғы
– ана сүті мен санасына дарыған ана ті лі ға на.
Халқымыздың бірлігінің негізі тіл екенін
Бауыржан Момышұлының бір ғана хатын
мысалға келтіріп қана емес жүздеген мы-
салдардан көруімізге болады. Тілге берілген
бағалардың басын сонау ХІ ғасырдың ұлы
ойшылдарының бірі Ахмет Иүгінекидің есі-
мімен байланыстыратын «Тəрбие басы - тіл»
де ген қанатты сөзден байқауымызға болады.
Тəр биесіз берілген білім, адамзаттың қас
жау ы – деген Əл Фарабидің тəрбиесінің өзі
тіл ге келіп тіреледі. «Тіл – жұрттың жаны.
Тілі нен айырылған жұрт – жойылған жұрт»
(Ха лел Досмұхамедұлы), «Ана тілінен айыр-
ыл ған адам өз халқы жасаған мəдени мұра-
ның бəрінен құралақан қалады» (Ғабит
Мүсірепов), «Тіліңді жоғалту, су қараңғы
көз сіз қалғаныңнан да өткен қасірет» (Жалау
Мың баев), «Тіл – əр халықтың кешегі жүріп
өт кен жолын, бүгінге жалғасқан ғұмырының
ертең ге апарар мүддесін бейнелеуші, яғ-
ни бар тарихының куəгері, деректі көзі»
(С.Аманжолов), «Тіл – адамның адамдық
бел гі сі нің зоры, жұмсайтын қаруының бірі»
(Ахмет Байтұрсынұлы), «Ұлттың тілі – сол
ұлт тың жа ны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқ-
14
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
ты рып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде
қан та мыры жабылып қалса, жүрек те соғуын
тоқ та тады» (Мұхтар Əуезов), «Тіл - жұрттың
жа ны. Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды.
Мəдениетке ұмтылған жұрттың алдымен
тілі өзгермекші, тілі бұзылмақшы. Тілінен
айырылған жұрт – жойылған жұрт. Тілімізді
бұзбай ұстарту шарттарын қарастыру, жұрт
əдебиетінен, көркем əдебиеттен үлгілер
көр сетіп, өрнекті түрлерімен таныстыру»
(Халел Досмұхамедұлы), «Ұлттық рухтың
не гізі – ұлттық тіл. Тіл тек адамға ғана
тəн, аса құдіретті құрал. Сондықтан тілді
қадір леудің, əрбір сөздің мағынасын, мəнін
ұғып, оны орынды пайдалана білудің мəні
зор» (Мұстафа Шоқай), «Тіл – мəдени
өркендеудің басты факторы. Тіл жоқ жерде
халық, біріншіден, ұлттық бет-бейнесінен
айырылып қалады, екіншіден, рухани,
мəдени тозғындауға ұшырайды. Тілсіз,
сөзсіз, ақыл мен ойды қозғай алмайсың. Ал
ой-санасыз сөз жоқ. Яғни, сөйлей білмесе,
адамның хайуаннан айырмасы аз» (Телжан
Шонанұлы), «Əлем əдебиетіндегі əйгілі жүз
кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп
түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі – сон-
дай тіл» (Нұрсұлтан Назарбаев) [2]. Міне
кө ріп отырғанымыздай, тілдің құдіреті,
оның адам өміріндегі рөлі, халық бірлігінің
негізгі факторы екенін дəлелдейтін қанатты
сөз дерді көне түркі ғұламаларынан бастап,
алаш зиялыларының, қазіргі ғалымдардың
пікірлерінен байқауымызға болады.
Жоғарыда айтылған қанатты сөздер
жайдан-жай туындамағаны белгілі. Себебі,
халық арасында бір ауыз сөзбен күн кешіп,
жалғыз уəжбен дау шешкен ділмарлардың
аты ардақталып, төрелік істері үлгі-өнеге
тұтылған. Мысалы, Абылай хан 1743 жы лы
жоңғар басқыншыларының қолына түс кен
кезде Қаз дауысты Қазыбек би Ресей үкі-
ме ті жолдаған секунд-майор Миллер экс-
педициясының құрамында елшілікке барған.
Қалдан Серен қазақ еліне қадірі асқан бидің:
«Біз, қазақ, мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз,
Басымыздан құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз,
Достықты сақтай білген елміз,
Дəм-тұзды ақтай білген елміз» [4], – деп
тақ пақтай сөйлеп, тайсалмай талап қой-
ғанына разы болып, хан басына азаттық бер-
ген екен.
Сөз құдіреті билер сотының негізі болды
де сек қателеспейміз. Замана талабына сай
жаз ба ша ой қорыту сөз қадірін төмендетіп
тұрға нымен, тарих екпіні күнделікті өмірі-
міз де, өнерімізде əлі де мағынасын жоғалт-
па ған. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы
Майқы би» де ген аталы сөздің өзі-ақ билер
со тын дағы сөз құдіретінің, оның қоғамдағы
ала тын орнын айрықша көрсетіп берді емес
пе. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйі ні
бар» дегендей бабаларымыз жүйелі сөз ге
бас иіп, сөзге тоқтаған. Қазақ билері негізі-
нен ақыл мен парасаттың кемеңгері болып
қа на қоймай, қара сөзбен қазан қайнатар
қасиет ие ленген данагөйлер еді. Билер - па-
ра сат ты ақыл иелері деген баға берген хал-
қымыз. Сол «парасатты» деген сөздің өзі
қа зіргі «интеллектуалды» деген мағынаға
сая ды. Қоғам өміріндегі адамгершілік, аза-
мат тық, сыйластық, достық тағы бас қа
құндылықтардың мызғымастығын дəріп-
теген, оның негізін бір ауыз сөзбен жеткізе
біл ген бабаларымыздың айтқан сөздері бү-
гін де естігенде жүрегіңді шымырлатпай
қоймай ды.
Төле би бабамыздың:
Алтын да тас,
Тас та тас.
Алтын бірақ, басқа тас.
Алтынға алтын жолықса,
Алтынды алтын тастамас – деп сөз маржа-
нын алқа жіпке тізгендей айтқан пікірі ада-
ми қатынастың негізі, өмірдің ережесімен
теңестіруге болатын ойды көрсетсе керек.
Сөздің қадірін білген билер де шешендік
өнерлерін дау шешу, билік айту барысын-
да кеңінен қолданған. Адам құқығын қор-
ғау жолында өткірлік пен өжеттіліктің үл-
15
ҰЛТ ТІЛІ
гі сін іс-əрекеттерімен көрсете білген. Би лік
міндеттерін əділ жəне адал атқарып, еш-
бір əміршіл режимге бас иіп бағынбаған,
тəуел сіз бола білген. Себебі, қазақ билері
мем ле кет тарапынан сайланбаған немесе
тағайын далмаған. Қазақ билері халық, қо-
ғам өзі мойындаған билік өкілдері болған.
Сон дық тан да олар ар заңын бəрінен де жо-
ғары қойған. Əділетті билер – ар соты дең-
гейі не көтерілген бірегей сот жүйесінің
негі зін қалаушылар. Дау шешуге келгенде
болыс тардан сескенуді білмеген, нағыз ха-
лық өкілдері болған. Сондықтан, билердің
мем лекеттік сайлау жолымен іріктеген билік
иелері нен анағұрлым биік тұрғаны бүгінгі
сот жүйе сінің өкілдері үшін үлгі боларлық
нақ ты сабақ алудың бір үлгісі.
Меркі өңірінде өмір сүрген өзі батыр, өзі
би Сыпатай батыр да көргендігімен, шешен-
дігімен ерекшеленген ардақты, əрі аруақты
тұлға болған:
Сөз келгенде сөйлетпейтін кім едің?
Дау туғанда билетпейтін кім едің?
Ел басқарар ақылың мен түрің жоқ,
Мəмбеталы деген əкім сен бе едің?
Айтқан сөзім жүйелі,
Жүрген жерім киелі
Сыпатайың мен едім – деген сөз тіркесі-
нен өзін де қан шама күш жатқанын анық
сезі несің.
Заманына лайықты əр қоғамның тала-
бы болатындықтан, парақорлықты əшкере-
леу, сонымен қатар тазалықты, əділеттілікті
дəріптеу тəсілдері де үнемі қатар жүреді. Бү-
гін гідей сыбайластық пен жең ұшынан жал-
ғастырушылыққа қарсы күрес ол кезеңдерде
де болғанын дəлелі ретінде билердің бір-бірі-
не берген бағасына қарап болжай аламыз.
Сол кездерде көтерілген мəселелердің ай-
тыл ған сөздің мəні мен мағынасы бүгінгі
күн де де өзінің маңыздылыған жоғалтқан
жоқ. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде
иман жоқ» деген сөз тіркесі қазіргі сот сала-
сының өкілдеріне де тиісті, өзгермейтін
қағи да. Сөзіміздің дəлелі ретінде бір мысал
келтіре кетейік. Сыпатай датқа өмірден өт-
кен де Сиқымбай би жоқтау айтқан деседі. Ел
аузынан бізге жеткен сол жоқтаудың жұр-
нағының өзінен қаншама терең ойды көруге
болады:
«Жанжал даудың түйінін,
Қазы боп əділ шешсе де,
Адамнан пəре алмаған.
Өлімнің құнын кешсе де,
Қара қылды қақ жарған.
Төле би мен Майқыдай,
Сыпатай бауырым өттің-ау
Тура жолдан тайқымай.
Андас өлсе Сыпатай білдірмеген,
Қоңыраттың нарындай қайран атам,
Дауысыңды сағындым, гүмбірлеген»
Сайын дала төрінде небір дана дүниеге
ке ліп, өз өмірлерінде ақыл парасатымен хал-
қына сүйікті болып, өшпес із қалдырған.
Ұлы сын ұлылап, данасын данам деп, көсемі
мен ше шенін мойындап, қадірлеп, қасиеттей
біл ген халық олардың өмір өзені суалған
кез де өкінішін де, шерін де бір ауыз сөзбен
біл діріп, қалың елге жеткізген.
Ұрпақ тəрбиелеу мəселесі де билердің
кө ңі лі нен тыс қа лып қоймаған. Бөлтірік ше-
шеннің: «Алдыңдағы ағаңның етегін баспа,
жолын қу, Артыңдағы ініңнің бетін қақпа,
белін бу» деген, ел ішінде мақал болып
кеткен сөз тіркесінің қаншалықты терең
тəрбиелік мəні бар.
Билік жолына түскен жастардың атақты
билерден бата сұрау рəсімінің де тəрбиелік
мəні зор. Ол рəсімге елдің ұлағатты билері-
нің үлкен мəн беруі соның айғағы. Ертеректе
қырғыздың бір манабы əкесіне ас беріп, ат-
шаптырым жердегі елге хабар беріп, асқа ша-
қырыпты. Сол асқа Бөлтірік шешен де кел ген
екен. Үлкен шаңырақта асқа бата сұра ғанда
Бөлтірік шешен, «Құдайым бəле-жала дан
сақтасын» деп қысқа қайырыпты. Бұл сөз-
ге көңілі толмаған манап, қазақтың атақ ты
Бөлтірік шешенінің айтқаны осы ға на ма де-
ген екен. Сыртқа шыққан кезде бəй геге салу
үшін суытылған, кісінеп тұрған үй ие сінің
сəйгүлігіне көзі түскен шешен оның таң-
дайындағы қалын байқап қалыпты.
Аламан бəйгеде бірінші келген сол ат ты
Бөлтірік шешен менің құлын кезінде жоғал-
16
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
ған малым деп, ешкім байқамаған ерекше
бел гісі, таңдайындағы қалын айтып даула-
сып, жеңіп алған екен. Бір-екі жыл өткен соң
манапқа қайтарып, бұны істеген себебім бер-
ген батамды қабыл етпедің, бəле-жала аяқ
астынан деген осы депті. Мінекей, аталы сөз
батаның өзінің астарында туыстық пен ауыз-
біршілікті сақтап тұратын сөз құдіретінің
бар екенінің тағы бір мысалы.
Əлімсақтан қазақ халқы сөз қадірін өз қа-
дірім деп теңей біліп, кеңшілдігімен жə не
елдік санасымен, ірі кемеңгерлігі мен көсем-
дігімен сол сияқты əділ тіршілігін шешен-
діктерімен сөйлем, сөзге сыйғыза білген.
Қа зақ даласының даналары мен билерінің та-
рихы да, тағдыры да, тəлімі мен тəрбиесі де,
даналығы мен кең даладай көңілдері де сол
шешендікпен айтылған дуалы сөздерінде жа-
тыр емес пе. Бітпес даулардың, бəтуəсіз шу-
лардың кесімдері де, шешімдері де би ата-
ларымыздың дуалы сөздері болған.
Қазақ халқы, «ат сүрінгенше» деп ақыл
тап қан, ұшқыр ойды қастарлей білген, ға-
сыр лар бойы сөз мұрасын қорғаштап, сөз
асы лын жоғалтпай сақтап келген, адам мен
қо ғам қа тынас тарындағы ардақтысы да, аяу-
лы сы да аталы сөз болған халық.
Қазақ халқына аталы да дуалы сөздерін
жет кізе білген билер сөздері жөнінде
Ахмет Байтұрсынұлы «Əділ билердің қо-
лын да билік қазақтың неше түрлі дертін
жазатын жақсы дəрі еді» – деп дəл тауып
ай тып тұ жырым жасаған. Билер жақсы мен
жа манды, жақын мен алысты, қымбат пен
арзанды, қиын мен жеңілді əрдайым алға тар-
тады. Мал дауы мен жан дауы, ар дауы мен
намыс дауы на əрдайым дұрыс шешімін бер-
ген. «Тіл мен түйгенді, тіспен шеше алмас»
деген ма қал осыдан қалса керек. Сараңдықты
ажуа лайды, бата беріп, тілек қосады, азалы
қа заны естіртіп, көңіл айтады, жұбатады,
тоқ там айтады. «Сөз шынына тоқтайды, пы-
шақ қынына тоқтайды» – деп, ауытқып, бұ ра
тартқан тұстары болса, билер бірін-бірі тоқ-
татып, əділетке шақырып тоқтау сала білген.
Билер озық ойлы шешен сөздерінің қуаты
мен құдіреті, билер сотының риясыз əділдігі
мен адами арлылығы, бекзаттылығы мен бе-
дел дігі, осы заманғы əлемдік өркениет үшін
де асыл үлгі болып саналады.
Тіл мəдениетіне барар жолдың бастауы –
сөй лей бі лу. Тіл адамзаттың бір-бірімен пі-
кірлесуін, түсінісуін қамтамасыз ете келіп,
тіл дік қарым-қатынасты іс жүзіне асырады.
Тіл дік қатынас – адамның ойлау, пайымдау,
сөй леу, тыңдау, түсіну, айту, пікірлесу əре ке-
ті не тікелей қатысты құбылыс.
Сөйлеу – адам санасының басты белгісі.
Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның, қо-
ғам ның ой-санасын дамытып, жетілдіруде
аса ма ңызды рөл атқарады. Сөз ойлы да мə -
нер лі болуы тиіс. Əйтпесе, ол көздеген мақ -
са тына жете алмайды. Халқымыз мəнді
сөй лейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен»
деп дəріптейді. Ал Жүсіп Баласағұн «ақыл-
ойдың көркі – тіл, тілдің көркі - сөз» деп
тауып айтқан [5]. Көне замандағы мəдениет
ошақтарының бірі – шумерлердің тас та-
бақтарына былай деп жазылған екен: «...ау-
зы ңа абай бол, көкейдегі ойды айтуға асық-
па, ойланбай сөйлесең, опық жейсің...», ал
мек сика халықтарында «сөйлегенде сабыр
сақ таған жөн, асығып-аптықпа, қызбаланба,
дауы сыңды көтерме, сөзің орынды да ұрым-
тал болсын» десе, үнді заңында «қандай бір
қи ын жағдайда да балағат сөзге тыйым салы-
на ды, көкейге қонымды, көңілге ұнам ды сөз-
дер ғана айтылсын» делінген. Бұл адам ның
сөйлеу тілінің адам өміріндегі маңызын, жө-
ні мен сөйлей білудің қажет екенін, сөздің құ-
ді ретін мойындаудан туған жауапкершілік [6].
Адамның тіл амалдарын пайдалану
арқы лы пікірін, ойын білдіруін – сөйлеу
деп атайды. Сөйлеу үшін жасалған тілдік
амалдар ұзақ уақыт бойы адамдардың пікір
алысу тə жірибесі негізінде қалыптасты.
Тілдік амалдар – сөз тудыру, сөйлем құ рау
ережелері. Олар – көпшілікке ортақ, объек-
тивті катего рия лар. Соның нəтижесінде тіл
– жұрт тың бəрі не бірдей түсінікті қатынас
құ ра лы. Сөй леу дің əр коммуникативтік жағ-
дайына сəй кес ыңғайланған стилі болады.
Тіл мəдениеті – тіл білімінің əдеби тілі-
нің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу ті-
17
ҰЛТ ТІЛІ
лі мен қарым-қатынасын зерттейді. Тіл
мəде ни етінің тілдің басқа салаларынан айыр-
машылығы оның күнделікті өмірде тілдің
қол дану, жазу, сөйлеу мəдениетімен жақсы
қа рым-қатынаста болуы. Тіл мəдениеті қам-
ти тын тілдік норманың 3 түрі бар: 1. Тілдік
нор ма (лексика, сөз жасамдық, грамматика,
ды быс талу нормасы). 2. Этика – сөз нор-
ма ла ры (сөйлеу этикасының ережелері). 3.
Коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қа-
ты насының тиімділік қағидалары). Сөй леу
мəдениеті орфоэпикалық нормаға негіз дел ген.
Əркім өзінің басындағы ойларын басқаға
ай тып, түсіндіру үшін оған лайықты сөз та ба
білуге тиісті. Егерде ондай сөз таба алма са,
ол ой иесіне де шала, түсініксіз болып қала-
ды. Яғни, ойдың дамуы сөйлеудің дамуымен
өте тығыз байланысты. Адам өзінің сөйлеу
мəде ниетін жетілдірмейінше, жоғары ақыл
мəде ниетіне жете алмайды.
Сөйлеудің бұл сипаты – оның мəнерлілігі.
Өза ра тілдескенде, лекция, баяндама жа са-
ғанда мəнерсіз сөйлеу – ол қаншама мазмұн-
ды ойға толы болса да, əсерсіз, жансыз бо-
лып шығады. Ауызша сөйлеудің эмоциялық
реңкі интонациямен, мимикамен, ишаралар-
мен білдіріледі. Жазбаша сөйлеуде мұндай
мүмкіндіктер жоқ. Сол себепті қағазға жазу-
шы адам өз сөздерін барынша қиыстырып,
оларды өз орнына тауып қойып, ойын
мəнерлі түрде жеткізе алады. Иə, сөйлей білу
– өз ойыңды кемістіріп тұрып айтып бере
білу, оның мазмұнын ғана баяндап қоймай,
нəзік сырларын сол қалпында жеткізіп,
тыңдаушының ет-жүрегін елжірете білу.
Ел алдында шебер, шешен сөйлеу көп
ең бек те ну, о қып, үйренуді талап етеді. Ше-
шен адам дарда негізінен, сөз көркемдігі ой
тас қынынан табиғи түрде туындап жа та -
ды. Көркемдік талғам мен шешендік тəсіл-
дерді дұрыс пайдалана білген адам ғана
эсте тикалық əсер ету күшіне ие бола алады.
Сонда шешендік өнерге көп сөйлеп, оны сы-
натып үйренуге болады ма, əлде оған жазып
дайындалған дұрыс па? бұл орайда əйгілі ше-
шен, данагөй Цицерон былай дейді: «Қалам
– көркем сөздің ең жақсы жаттықтырушысы.
Басқалардан үйренуде ең өнеге тұтарлығына
теңесуге ұмтылу керек. Өзің үлгі еткен ше-
шеннің жақсысының бəрін алуға тырыс.
Оңайын, көзге түсіп тұрғанын ғана емес, ең
маңыздысы – шынайы шеберлігіне жету. Ол
елік теу болып кетпеуі керек. Мықтыға қан-
ша ұқсап тұрсаң да, көшірме түпнұсқадан
ыл ғи да көш төмен болады. Халық алдында
сөй леу үшін сөзіңнің өзіндік «бейнесі», өз
мə нері болғаны абзал.
Егер өнердің басқа саласындағы аты мə-
лім шебер бір ісін кездейсоқ дағды-дағы-
сынан нашар орындап қалған болса, оны ол
өзі əдейі жа сады ма, не денсаулығына бай-
ланысты сөйтіп қалды, дей салады. Ал, егер
ше шеннен сондай бір осалдық тапсыншы,
оны тек ақымақтық деп санайды, ал ақымақ-
қа кешірім болмайды. Өйткені адам көңіл-
күй ге немесе іші ауырғанға байланысты
ақы мақ болмайды».
Кейбір адамдардың ерсі мінездері
бар: басқаның сөзіне құлақ қоймайтын,
өзіне айтылған сөзді аяғына дейін тыңдай
білмейтін, өзгелердің сөзіне ретсіз арала-
сып, əңгіменің шырқын бұзатын. Содан
сөйлеп отырған адам кейде қақалып – ша-
шалып, тұтығып та қалады. Əрбір адам өз
басындағы осы кемшіліктер мен күресе
білсе, біздің сөйлеу мəдениетіміз де одан əрі
дами түсер еді.
Жəне де кейбір адамдар диалогтық сөй-
леу дің талаптарын орындай бермейді. Содан
көп сөйлеп, бір сөзді сан мəрте қайталап,
тың дау шысын жалықтырып та алады. Олар-
дың ішінде өзіне қойылған сұрауларға, қарсы
пікірлерге жауап бермей, өз ойын тəптіштеп
ай та беретіндері де кездеседі. Бұл да сөйлеу
мəдениетіндегі əдепсіздік.
Ағылшын тілінде қазір «сен» деп сөйлесу
іс жүзінде жоқ. Оларда мұндай есімдіктің
өзі де ұмытылған. Ол ХҮІ ғасырдың өзінде
қол даныстан қала бастап, ХҮІІІ ғасырдың
ба сында оны сыпайы «сіз» деген есімдік ал-
мас тырған-ды. Тіл мамандарының түсін-
діруінше, көне замандағы «сен» сөзі тек
шір кеу тілінде, көтеріңкі, лепті поэзияда ға-
на сақталған көрінеді. Сол себепті, оны «Уа,
18
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
сен!» деп аударған дұрыс дейді. Кейінгі кезде
орыс тіліндегі «товарищ» деген қаратпа сөз
де ерсі естіліп, қоғамдық орындарда «муж-
чина», «женщина» деген қаратпа сөз дер
күштеп орныға бастады. Алайда оны қа зақ
тіліне аударып: «Еркек!», «Əйел!» деп айқай-
лар болсақ, ол өте ұятты. Сол себепті сөз
мəдениетін түсінетін біздің бауырларымыз
қоғам дық орындарда: «Апай», «Ағай», «Қа-
рын дас», «Інім» деген қаратпа сөздерді қол-
данып, ол транспортта, сауда орындарын да,
театрда өзара қарым-қатынас тіліне сіңісіп
кетті. Шіркін, сөз қадірін түсініп, сөйлеу
мəде ниетін сақтай білсе, біздің қазақ тілінің
маз мұны өте бай, сөздері өте сұлу, мейірім,
иман дылыққа толы ғой.
Қорыта айтқанда, тіл – мəдениеттің бас ты
серіппесі мен негізгі қорғаушы күші. Ұлт-
тық қауқар-əлеуеті жəне қуаты тіл мен ой-
дың қорғаушы күштерімен тепе-тең. Қоғам
– тіл мен ой-пікірге қаншалықты бай бол са,
соншалықты қабырғалы əрі қайратты бо лып
саналады. Негізінен, тіл – адамның тір шілік
пен өмірдегі оқиғаларға деген көз қарасын,
біртұтас ағзаның жəне оның əр бөл шегінің
ишарасы мен мəн-мағынасын қалып-
тастыратын ең маңызды факторы.
Тіл – сөйлеу мен ойды жеткізудің құралы
болумен қатар, өткендегі олжаларды бүгінгі
күнге, ал бүгінгі пайымдарымызды келешек-
ке жеткізу құралы болумен қатар, бүгінгі пай-
ымдарымызды келешекке жеткізу үрдісінде
де өте маңызды дəнекерлік міндет атқарып
келеді. Қабырғалы ел ата-бабадан мұра болып
қалған жəне қазіргі уақытта жаңа бейнеге,
жаңа кейіптерге айналып үлгерген біртұтас
зерделі, аңсар-мұратты, ғылыми жетістіктер
мен байлықтарды игере алатын құдіретті
тіл арқылы ғана мəңгілік тұрақтылығын
сақтай алады. Себебі, халық қай деңгейде
тілдің бай қоры мен көркемділігін сақтап
сөйлейтін болса, соғырлым өрелі ойлайды,
қай деңгейде ойласа, сол аяда сөйлейді. Ел-
басымыз айтқандай, кешегі бабамызбен ғана
емес, бүгінгі бағамызбен, ертеңгі шамамыз-
бен де мақтана алатын ұлт болуды ойлау-
ымыз керек [2], ол үшін ұлтты біріктіруші
басты фактор – мемлекеттік тілімізді
құрметтеп, дамыта білуіміз шарт.
Достарыңызбен бөлісу: |