ƏОЖ 37.33 330.111.4
М.А. Нуриев
профессор,
Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ директоры,
ҚР Жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер,
Абай атындағы ҚазҰПУ
Э.О. Телагусова
Экономика ғылымдарының кандидаты
Абай атындағы ҚазҰПУ
Д.М. Советканова
Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ эксперті
Педагогика ғылымдарының магистрі
ҚР-ДА ШАҒЫН ЖƏНЕ ОРТА КƏСІПКЕРЛІКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
НЫСАНДАРЫ: ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мақалада шағын жəне орта кəсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары мен заңнамалық
негіздемелері қарастырылған. Шағын жəне орта кəсіпкерлікті тіркеу ережелерімен
заңнамалық негіздеріне сипаттама берілген.
Тірек сөздер: кəсіпкерлік, жеке тұлға, банк, салық, жеке кəсіпкер.
Данная статья дает системное представление об основах организации
предпринимательской деятельности. Последовательно рассматриваются нормативно-
правовые акты, регламентирующие деятель ность предприятия.
Ключевые слова: предприниматель, бизнес, банк, налог, потребитель.
This article gives a system idea of bases of the organization of business activity.The normative
legal acts regulating activity of the enterprise are consistently considered.
Keywords: businessman, business, bank, tax, consumer.
Шағын немесе орта кəсіпкер болуды көз-
де ген кез-келген тұлға ең алдымен, өзі не
лайықты кəсіпкерлікті ұйымдастыру ны-
са ны ның түрін таңдап алуы тиіс. Бұл мем-
лекетпен, тұтынушылар, жабдықтау шы-
лар жəне басқада тұлғалармен кəсіпкер
ретін де қарым-қатынас жасауы үшін керек.
Же ке кəсіпкерлікті ұйымдастыру ныса-
нын екі топқа бөліп қарастырамыз,
ол да
ра кə сіп керлік жəне заңды тұлға.
ҚР «Же ке кəсіпкерлік туралы» 2007 жылғы
12 қаң тардағы № 224-III Заңына сəйкес
«да ра кəсіпкеролзаңды тұлғаны құрмай-
ақ, жеке кəсіпкерлікті жүзеге асырушы жə -
не шағын кəсіпкерлік субъектілеріне ар-
нал ған шарттарға сай келетін Қазақстан
Республикасының азаматы немесе оралман».
Заң ды тұлға – өз мүлкі бар жəне осы
мүл кі мен өз мін дет темелері бой ынша
жау ап бере тін ұйым. Заң ды тұл ғаның
же ке ба лан сы жə не мөрі болуы тиіс.
Дара кəсіпкерлікті кəсіпкер өз бетін ше,
сондай-ақ басқада азаматтармен бірлес-
кен түрде жүзеге асыруы мүмкін [1].
Өзiндiк кəсiпкерлiктi бiр жеке тұлға,
өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк
негiзiн де, сондай-ақ мүлiктi пайдалануға
жə не оған билiк етуге жол беретiн өзге
де құқық қа орай дербес жүзеге асырады.
Бiрлескен кəсiпкерлiктi жеке тұлғалар
(дара кəсiпкерлер) тобы өздерiне ортақ
мен шiк құқығымен тиесiлi мүлiк негiзiнде,
44
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
сондай-ақ мүлiктi бiрлесiп пайдалануға
жə не оған билiк етуге жол беретiн өз-
ге де құқыққа орай жүзеге асырады.
Бірлескен кəсіпкерліктің нысандары:
1) ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен
меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі-
зайыптылардың кəсіпкерлігі;
2) шаруа (фермер) қожалығының ортақ
бірлескен меншігі немесе жекешелендірілген
тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік негізінде
жүзеге асырылатын отбасылық кəсіпкерлік;
3) жеке кəсіпкерлік ортақ үлестік меншік
негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік
болып табылады.
Ерлі-зайыптылардың кəсіпкерлігін жүзеге
асырған кезде жұбайлардың бірі екінші жұ-
бай дың келісімімен іскерлік айналымда ерлі-
зайыптылардың атынан əрекет етеді, келісім
да ра кəсіпкерді тіркеу кезінде рас талуы не-
ме се дара кəсіпкердің қызметі мемлекеттік
тір кеусіз жүзеге асырылған жағдайларда
жаз баша түрде көрсетіліп, нотариалдық
жол мен куəландырылуы мүмкін.
Ерлі-зайыптылардың біреуінің іскерлік
айна лымда ерлі-зайыптылар атынан əрекет
етуі не екіншісінің келісімі болмаған кезде
іскерлік айналымда əрекет ететін жұбай дара
кəсіпкерлікті өзіндік кəсіпкерлік түрінде жү-
зеге асыратындығы көзделеді.
Жай серіктестік нысанын пайдаланатын
дара кəсіпкерлік Қазақстан Республикасының
азаматтық заңнамасына сəйкес жүзеге
асырылады.
Дара кəсіпкерлер өз міндеттемелері бой-
ын ша, Қазақстан Республикасының заң-
дарына сəйкес өндіріп алынбайтын мүл ікті
қос па ғанда, өздерінің барлық мүлкімен жа-
уапты болады.
Жеке тұлға өзіндік кəсіпкерлікті жүзеге
асыр ған кезде өзіне меншік құқығымен тие-
сілі барлық мүлкімен, соның ішінде ер лі-
зайыптылардың ортақ меншігіндегі үлесі-
мен жауапты болады.
Жеке тұлға жеке кəсіпкерлікті жүзеге асы-
ру үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін
п ай даланған жағдайларда, оның борыштары
бойын ша өндіріп алу ерлі-зайыптылардың
ортақ мүлкіне де қолданыла алады.
Жұбайлардың жеке кəсіпкер болып
табыл майтын əрқайсысының мүлкі өзіндік
кəсіп керлікті жүзеге асыратын жұбайының
біреуі нің борыштары бойынша өндіріп алу-
ды қолдану нысанасы бола алмайды.
Ерлі-зайыптылар кəсіпкерлігін жүзеге
асыр ған кезде ерлі-зайыптылардың кəсіп-
кер лік ті жүзеге асыруға байланысты борыш-
тары бойынша өндіріп алу олардың қайсы-
ның іскерлік айналымда əрекет ететініне
қара мас тан, ерлі-зайыптылардың ортақ
мүлкі не қолданыла алады [2].
Дара кəсіпкер өз қызметін жүзеге асы-
ру кезінде і скерлік құжаттаманың дербес
бланкі ле рін, мөрді, мөртаңбаларды пайда-
лануға құқылы.
Жеке кəсіпкерлер мынадай құқықтарға
ие:
1. заңмен тыйым салынбаған нəрсенің
бар лығын жасауға;
2. тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге)
ар нап өз бағаларын белгілеп отыруға (бəсе-
келестікті шектеуме н байланысты болып
келе тін тауарларды санамағанда);
3. Қазақстанның ішінде, сондай - ақ ше-
тел де (сыртқы экономикалық қызмет) жұмыс
істеп отыруға;
4. өз мүдделерін қорғау мен ұсыну үшін
түр лі бірлестіктерге бірігіп отыруға;
5. жеке кəсіпкерлік субъектілерінің аккре-
дит телген бірлестіктері арқылы заң жоба-
ларын əзірлеу кезінде сарапшы болып оты-
руға (сарапшылық кеңестердің жұмысына
қатысуға);
6. құқық қорғау, сот жəне өзге де мемлекет
ор гандарына өз құқықтарын қорғау үшін
арыз данып отыруға;
7. кəсіпкерліктің барлық мəселелері бой-
ын ша заңдардың орындалмауына немесе
бұ зы луына ықпал ететін себептер мен жағ-
дайларды жою туралы өз ұсыныстарын енгі-
зіп отыруға;
8. егер кəсіпкерлер жеңілдетілген салық-
тық декларация (салықтық есепке алудың тү-
рі) бойын ша жұмыс істеп отырса, онда олар
жұмысқа қызметкерлерді алуға құқылы;
45
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА
Жеке кəсіпкерлік субъектілерін - заңды
тұл ға ларды мемлекеттік тіркеу (қайта тір-
кеу) Қа зақстан Республикасының заң-
на ма сына
сəй кес
жүзеге
асырылады.
Заңды тұлға құрмай дара кəсіпкерлікті
жү зе ге асыратын жеке тұлғаларды мем-
лекеттік тіркеу, тіркеу орнына келіп тіркелуі
сипатында болады жəне дара кəсіпкер ретінде
мем лекеттік тіркелу кезінде мəлімделген
орна ласқан жері бойынша аумақтық салық
ор ганында есепке қою болып табылады. Яғ-
ни, дара кəсіпкерлікпен айналысқысы келген
тұл ға, өзінің тіркелген мекен-жайы бойынша
салық комитетіне келіп тіркелуі тиіс.
Айта кететіні бұл жерде келесідей та быс
та батын жеке азаматтар мемлекеттік тір кеу-
ден өтуі міндетті емес:
1. төлем көздерінен салық салынатын
табысы;
2. мүліктік табысы;
Ал мынадай жағдайларда жеке тұлға мін-
детті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс:
1. Тұрақты түрде жалдамалы жұмыс-
шылардың еңбегін қолданушы;
2. Жеке тұлғаның жылдық табыс айна-
лымы жеке тұлғалар үшін белгіленген жи-
ын тықты жылдық табыс көлемінен асып
түс се. Жиынтықтық жылдық табысының
са лық салынбайтын көлемі Қазақстан Рес-
пу б ликасының əрбір есептік жылға рес-
публикалық бюджетті бекіту туралы заңымен
бекітілетін минималды айлық жалақысының
12-мөлшердік көлеміне сəйкес.
Дара кəсіпкер ретінде тіркеуден өту үшін
келесі құжаттарды салық комитетіне ұсыну
керек:
1) Жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу ту-
ралы Куəлікті алуға өтініш (бекітілген ны-
санда салық комитетінен беріледі);
2) 3х4 сурет (2 данада);
3) Жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу
үшін тө лемді бюджетке төлегенін растайтын
құ жат (түбіртек);
4) Жеке куəлік көшірмесі;
5) Мекен-жайы көрсетілген құжат немесе
қалалық тіркеу болмаған жағдайда кеңсені
жал ға алу туралы келісім-шарт.
Тіркеуден өту үшін жеке тұлға ресми түрде
төленетін алымды төлеуі тиіс. Оның мөлшері
екі айлық есептік көрсеткіш құрайды. Алым
жеке кəсіпкер ретінде құжаттарын тіркеуге
ұсынған сəтке дейін төленеді.
Жиынды төлеу банк бөлімшелерінде,
«Каз почта» АҚ жəне төлемді қабылдауды
жү зеге асыратын басқа ұйымдарда жүзеге
асырылады.
Тіркеу үшін төлемнен келесі тұлғалар бо-
са тылған:
1. Фермерлік шаруашылық;
2. I, II жəне III топ мүгедектері;
3. Қазақстан Республикасы азаматтығын
алғанға дейінгі заңды тұлғаның құрылуынсыз
кəсіпкерлік қызметпен айналысатын репа-
три ант тар (оралмандар).
Егерде жеке кəсіпкердің қызметі бары-
сында оның тіркеу кезінде берген мəліметтері
өз герсе, онда оған міндетті түрде қайта тір-
кеуден өтуі керек жəне ол өзгеріс болған сəт-
тен бастап 10 жұмыс күннің ішінде мəлім-
деуі тиіс.
Қайта тіркелуге міндетті болатын жағ дай-
лар келесілер:
1. Жеке кəсіпкердің аты-тегі өзгертілсе;
2. Жеке салық нөмірі (ИНН) өзгерген жағ-
дайда;
3. Жеке кəсіпкердің жеке басының куə лі-
гін айырбастаса;
4. Жеке кəспкердің қызметінің түрін ауыс-
тырса;
5. Жеке кəсіпкердің атауы өзгертілсе;
6. Жеке кəсіпкердің куəлігінің тозуы;
7. Жеке кəсіпкер куəлігінің жоғалуы жəне
т.б.
Жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеуден
өту 3 жұ мыс күнінде іске асырылады. Бұл
про цессті келесі схемада көрсетеміз.
46
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Сызба – жеке кəсіпкердің тіркеуден өту процессі
Егерде жеке кəсіпкер лицензиялануға ти-
іс ті қызмет түрімен айналысатын болса, он-
да оның ол іске лицензиясы болуы керек.
Сонымен қатар 21.06.2012ж. №19-V ҚР
Заңына сəйкес сауда қызметімен жəне қыз-
мет көрсету саласында жұмыс істейтін жеке
кəсіпкерлер мен басқада заңды тұлғалар
мін детті түрде қызмет ету орнына төлем
кар та сы мен есеп айырысу құралдарын ор-
на ту ы тиіс.
Ал арнайы салық режимінде қызмет ете-
тін жеке кəсіпкерлер мен заңды тұлғалар
үшін бұл заң 01.01.2014 жылдан бастап өз
кү шіне енеді.
ҚР-да заңды тұлғалар жауапкершілігі
шек теулі серіктестік (ЖШС), қосымша
жауап кершілікке ие серіктестік (ҚЖС), то-
лық серіктестік (ТС), коммандиттік серік-
тестік (КС), өндіріс кооперативі (ӨК), акцио-
нерлік қоғам (АҚ) нысандары түрінде құрала
6
30000
,
6
47
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА
алады. Бұл нысандардың ішінде шағын жəне
ор та кəсіпкерлік саласында қызмет етуде
қолданатын нысаны бұл ЖШС.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп
бір немесе бірнеше тұлғаның құрған се рік -
тестігін айтамыз. Бұл тұлғалар ЖШС құ ру-
да əр қайсысы өз материалдық үлесін қосуы
тиіс. Оны Жарғылық капитал деп атай ды.
ЖШС-нің жарғылық капиталының мөл-
шері мен оған қатысушылардың қосқан
үле сі құрылтай құжаттарында көрсетіледі.
ЖШС-нің қатысушылары заңды тұлғаның
мін деттемелері бойынша жауапкершілікте
бол майды жəне ұйымның қызметі нəти-
жесінде пайда болған залалдардың тəуе ке-
лін əрқайсысы өздерінің қосқан үлесі мөл-
шерінде ғана жауап береді.
Шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектісі
бо латын жауапкершілігі шектеулі серік тес-
тіктің жарғылық капиталы 100 теңгеден
құра лады. Ал ірі кəсіпкерлік субъектісінің
жарғы лық капиталдың алғашқы мөлшері
құрыл тайшылардың салым сомасынан құра-
лып жəне оның мөлшері айлық есептік көр-
сет кішінің 100 еселік сомасынан кем бол-
мауы тиіс.
Сонымен қатар басқа заңды тұлғаның
жал ғыз құрылтайшысы болып табылатын
тұл ға басқа ЖШС-ң жалғыз құрытайшысы
бо ла алмайды;
ЖШС ұйымдастыру нысанын басқада
жоғарыда аталған шаруашылықты құру-
дың нысандарына өзгертуі мүмкін. ЖШС
қызметі 22 сəуір 1998 жылғы «Жауап-
кершілігі шек теулі жəне қосымша жауап-
кершілікті серік тестіктер туралы» ҚР Заңы-
мен реттеледі.
Жеке кəсіпкерлікпен айналысатын заңды
тұл ға ретінде мемлекеттік тіркеуден өту
үшін ке лесідей құжаттарды өткізуі тиіс:
1. Бекітілген нысандағы өтініш;
2. Мемлекеттік жəне орыс тіліндегі
құрыл тай құжаттары 3 данадан жəне олар
бауланған, нөмірленген болуы тиіс;
3. Заңды тұлғаның басшысы мен құрыл-
тайшыларының жеке басын куəлəн діретін
куəліктерінің көшірмелері;
4. Заңды тұлғаның мекен-жайын растайтын
құжат (тігіліп, нөмірленген жал герлік келісім-
шарты немесе ол пəтер бол са, пəтер иесінің
өз мекен-жайына заңды тұл ғаны тіркеуге
нотариалды бекітілген келі сі мі ).
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу
үшін бюджетке аударылатын алымның тө-
лен гендігін растайтын түбіртек немесе құж ат.
Ұйымның айналысатын қызметіне байла-
нысты заңмен бекітілген жағдайда басқада
қо сымша құжаттар талап етілуі мүмкін.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу өті ніш -
ті берген күннен бастап үш күннен кешік-
тірмей тіркеуден өткізілуі тиіс.
Егерде құрылтайшылардың бірі қызметі
тоқ татылған ұйымның қатысушысы болса
он да мұндай ұйымның тіркелуі мүмкін бол-
майды.
«ҚР Азаматтық Кодексіне» сəйкес заңды
тұл ға келесідей жағдайларда қайта тіркеуден
өту ге міндетті:
1. жарғылық капиталы мөлшерінің азаюы
жағдайында
2. ұйымның атауы өзгерген жағдайда
3. ұйымның мекен-жайы өзгерген жағ-
дайда
4. ұйымның қатысушылары құрамы
өзгерген жағдайда.
Бұндай өзгерістер болған жағдайда заңды
тұлға бір ай ішінде қайта тіркеуден өтуі тиіс.
Қайта тіркеуден өту кезінде тіркеуші органға
өткізілетін құжаттар тізімі келесідей:
Жарғы, заңды тұлғаны тіркеу
туралы куəлік немесе анықтама;
Құрылтайшылар мен дирек-
тордың жеке куəліктерінің көшірмесі;
Қатысушылар құрамы өзгер-
ген жағдайда жарғылық капиталды сату-
сатып алудың нотариалды расталған
келісім-шарты.
Заңды тұлғаның мекен-жайы
өзгерсе жалгерлік келісім-шарты.
48
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Əдебиеттер:
1 М.Б. Бисенғазин, А.Ш. Хамитов «Кəсіпкерлік негіздері». – Алматы, 2002ж.
2 Д.Қ. Қабдиев, «Экономикалық саясат» Лекциялар, Алматы 2002ж. «Экономика».
3 С.С. Сахариев, А.С.Сахариева «Жаңа кезең – экономикалық теориясы» (оқулық),
Алматы «Данекер» 2004ж.
ƏОЖ 111.1(09)
Б.М.Аташ
Абай атындағы ҚазҰПУ магистратура жəне PhD докторантура институты,
саясаттану жəне əлеуметтік философия кафедрасының доценті, философия
ғылымдарының докторы
Н.Б.Маханова
Абай атындағы ҚазҰПУ Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ эксперті
ЖЫРАУЛЫҚ ДƏСТҮРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖƏНЕ ОНДАҒЫ РУХ
ФИЛОСОФИЯСЫ
Бұл мақалада жыраулар поэзиясының тұрмыстық-əлеуметтік маңызы философиялық
тұрғыдан талданды. Рухтың əдіснамалық-теориялық негіздері ұлттық арнада сараланды.
Бұл – жыраулар поэзиясы бойыша нақты мысалдармен дəлелденді.
Түйінді сөздер: жырау, рух, жыраулық философия, толғау, дүниетаным.
В статье анализируется бытовое-социальное значение поэзии жырау с точки зрения
философии. Методологические и теоретические основы духа рассматриваются в
национальном направлении. Это обосновывается с конкретными примерами из поэзии
жырау.
Ключевые слова: жырау (сказитель), философия жырау, стихотворение-размышление,
мировоззрение.
The article analyzes the social signifi cance of domestic-bard poetry from the point of view
of philosophy. Methodological and theoretical foundations of the spirit are discussed in national
direction. This is justifi ed with real examples of poetry bard.
Keywords: zhyrau, spirit, philosophy zhyrau, poem-thinking, worldview.
ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы қазақ даласындағы
дү ние таным: хандық, билер, батырлар мен
жы раулар институты тарихи мəліметтер мен
де ректер бойынша, түркі халықтарының
же келену (индивидуация) жəне тарамдалу
(диф ференциация) үдерістерінің нəтижесі-
нен өз алдына қазақ хандығы құрылып,
хал қымыздың төл, ешкімге ортақ емес дү-
ние танымның қалыптасуы мен даму кезеңі
бо лып са налады. Бұл кезеңдегі саяси-əлеу-
мет тік билік пен əлеуметтік мəртебе – хан-
дар, билер, батырлар дүниетанымын жəне
өмір лік ұстанымдарын əйгілеумен жалғасын
тап са, рухани-мəдени кеңістікте – эпостық
дəс түр, жыраулық поэтикалық философия,
əдет-ғұрып пен салт-дəстүр, мақал-мə тел-
дер мен аңыз əңгімелердің т.б. терең өмір-
мəн ді лік тұжырымдары тұтаса келе, қа зақ
49
ҰЛТТЫҚ РУХ
дүниетанымының жалпы бағдарларын ай қын-
дай алады. Осыған сəйкес, бұлардың əр қай-
сысы өзіндік ерекшеліктерімен ай ғақ та ла ды.
Елдік рухтың тағы бір айшықты көрі-
ні сі болған жырау тек жыршы емес, шы -
ғар ма шылық ие сі, əлеу меттік наси хатшы,
сая си идеолог, ақпараттарды тасу шы жан-
ды ақпарат құралы, жүйесіз ақпа рат тар ды
жүйе леп, оны өмірмəнділік мəсе ле ге кө те-
ріп, теорияны практикамен байла ныс ты-
рушы т.б. көп қызметті данагөй тұл ға. Тол-
ғауларының мазмұны мен айтылу мəне ріне
қа рай жыраулық мектептің мынадай ерек ше-
лік терін көрсеткен жөн.
1. Жауынгерлік сарын. Олардың елдік
рух пен түр кілік идеяны қалыптастырушы-
дамытушылық қызметі сайып келгенде, «со-
ғыс -елдік-намыс» идеологиясын құруға ке-
ліп ті реледі. Түркі халықтарының бізге айқын
та ри хы бойынша, бұндай жыраулық дəстүр
Тоны көктің идеяларындағы көмескіленген
үде рістері мен Қорқыт атаның толғауларынан
бастау алады. Сондықтан, жалпы қазақ ұл-
да ры мен жауынгерлерін рухтандырушы,
ша быттандырушы, жігер беруші, намысын
қай раушы қызметін атқарған.
2. Дүниеауи толғаныс. ХV ғасырдан бас-
тау алған руханилықтың негізгі идеялық
көз дері ретіндегі ой-толғам, парасатты дү-
ние таным, əлеуметтік ғибраттану мен та-
ғы лымдық-тəлімгерлік үлгілер, саяси-құ-
қық тық ережелердің жиынтығынан тұратын
тү бір лестік дүниетаным осы жыраулық
дəс түрден анық байқалады. Оның негізгі
ерек шеліктері: табиғат əлемімен біте қай на-
судан туындайтын өзін оған ұқсату; ас тар-
лау, тұспалдау, ишаралау стильдерінің ұт қыр
қолданылуы – ғұмырмəнділік пен ға рыш-
мəнділік тұстарды тудырды: адам өмі рінің
мағынасы, тіршіліктің мəн-жайы, күн делікті
тұрмыстың философиясы түрінде байып тал ған.
3. Шындықпен бетпе-бет. Батылдық ұс та-
нымды өз өмірінің философиясына ай нал-
дырған жыраулар, егер толғау шындықты
айт паса оның ешқандай да мағынасы жоқ
деп біл ген. Жал пы қазақ қоғамында поэ зия
тілімен шындықты айту көнеден қалып тас-
қан дəстүр. Ол тек ел-жұртқа немесе туыс-
қанға ғана емес, тіпті əлеуметтік мəртебесі
жоға ры билер мен батырлардан бастап, хан-
дарға дейін ақындардың, жыраудардың қол-
данатын тəсілі. Мысалы, бергі тарихты ғана
қоз ғасақ, Асан қайғының Жəнібек ханға айт-
қаны, Бұхар жыраудың Абылай ханға айт-
қаны, Махамбеттің Жəңгірханға айтқаны
т.б. барлығы қара сөзбен емес, поэтикалық
толғау лармен ғана жеткізілгендігін ескерсек,
ру хын өлеңмен өрнектеу, өлең арқылы ша-
быттану, өлең-жырдан қуат алған оның иесі
(ақын-жырау) таза ақиқатты көңіл көзімен
кө ре біліп, өз мақсатына жете алған. Ол да
қазақ халқының поэзияны өздерінің тиім-
ді мақсаттарына пайдаланғандығы ға на
емес, халқымыздағы толғаулардың бас ты
қызметтерінің бірі болған десе де бо ла ды.
Сондықтан, жырауық поэзияның зерік кен-
де көңіл көтеретін əн-думаннан гөрі, та за
өмірмəнділік маңызды мəселелерді тол-
ғай тын сарындық жағы басым. Жырау тол-
ғауларының мазмұнының батылдығы мен
өткір лігі, екінші бір қырынан алғанда, олар-
дың көпшілігінің жауға шапқан баһа дүр
болуымен келіп шартталады. Яғни, поэзия-
ның халыққа-ханға əсер ету тетігін шебер
пай даланған халық даналығы оны жай ғана
жет кізуді емес, сол арқылы қоғам дамуын
рет теп те отырған.
4. Қоғамдық өмірдің сақшылары. Қазір-
гі кездегі ақындар тек қана өнер иесі ре тін-
де түсініледі, өздерінде де сондай пікір қа-
лыптасқан. Шындығында, ақынға үл кен
жауапкершіліктер жүктелген. Қазақ қоға-
мын да ақын-жырау ұйқастырып сөйлеуге
масаттанып, оны өнер деп өздерін-өздері
асыра бағаламаған, сол замандағы олардың
міндеттері мен мақсаттары, парыздары мен
өмір лік ұстанымдары – қоғам шындығын ба-
тыл айту, кемшіліктер мен жетістіктерді көре
білу, əлеуметтік қайшылықтарды сөз ар қылы
реттеу, басшы мен би, батыр мен бай бол сын,
өзінің ойын оларға анық жеткізу, кем ші лік
жақтарын бетіне басу, сөйтіп əлеу меттік əді-
лет тілікке қол жеткізуге ұмтылу, қол жет кізе
ал маған жағдайда да оған ты ры су т.б.
50
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
5. Суырып салмалық. Сондықтан да олар
ха лық ара сында ерекше беделге ие бол -
ған, тіпті хан дар мен би лер, ғалымдар мен
дін ие лері сияқты əлеуметтік жоғары топ -
тар, зиялылар да оларға құрметпен қа ра ған.
Ал ұйқастырып өлең шығару, яғ ни, ақын-
дық, қазақ қоғамында арнайы айна лы са-
тын кəсіп немесе үйрететін оқу емес, тек
ой ды жеткізудің сыртқы пішіні ғана бол-
ған, ойды əсерлі жеткізудің талант арқы лы
қол данылатын тəсілі ретінде қызмет ет кен.
Өлең немесе жыр шығару арнайы ой ла-
нып -толғанып, оның қатесін қайтадан тү-
зеп отыру арқылы емес, қарапайым қара сөз
сөйлеп тұрған сияқты еш қиналмастан үз-
діксіз айта берумен шешімін тапқан, өлең
сөздер жай ғана сарқырап аққан бұлақ сияқ-
ты өздігінен туындап шыға берген. Аяқ ас-
ты нан: жауға аттанып бара жатқанда, хан
ба сын аларда, осы мəселені айтып жіберші
деп ел-жұрты қолқа салып күтіп отырғанда
т.б. қолма-қол шығарылған. Ал қиналып,
ой ланып-толғанатындар мүлде ақындықпен
ай налыспаған. Сондықтан, олар өз тол ғау ла-
рын ұмытпай арнайы сақтаумен, қағазға жа-
зып қоюмен айналыспаған, жай ғана қажет
ке зінде айтылған ой ретінде қала берген.
Əлемдегі кез-келген этностың бірегей-
ленуінің, өміршеңдігінің, тұтастығының
сақ та луы ның, өзіндік болмысынан ажыра-
мауының түпнегізі, базисі – сол ұлттың
рухы ның қуаты мен əсер ету деңгейіне бай-
ланысты болып келеді. Рух: жалпы рух жəне
оның ұлттық көрінісі болып екіге бөлінеді.
Рух философия мен психологияда екі мағы-
нада қолданылады: біріншісі – сана, жан т.б.,
екіншісі – рухтану құбылысына жақын ке-
летін мазмұнды қамтиды. Ал «ұлттық рух»
ұғы мында осы екінші мағына жамалған.
Ұлт тық рух түсінігінің өзі табиғаты жөнінен
ирра ционалды-рационалды болып келеді.
Ол адам бойын да мəңгілік сақталатын, оның
бол мысы мен тіршілігінің, «бар болуы ның»
ішкі жағдайдағы қуаты. Сонымен қатар сол
ха лықтың, этностың тұтасқан, бірік кен,
сабақтасқан формасында анығырақ байқа-
лады жəне этностың өмір сүруінің - өмірлік
күші, оны сақтауы мен болашағын құруының
жал пылама үлгісі. «Күш» əрине бұл жерде
физи калық емес, ішкі психологиялық рухани
қуат.
Сонымен, ұлттық рух дегеніміз – белгілі
бір этностың мүддесіне ғана құрылған, тұтас
халықтың тылсым-астарлы, яғни, қастерлі
тарихи-обьективті, белсенді-біріктіруші са-
на сезімінің барынша айқын көрінісі.
Ұлттық рух пен рухтану құбылыстары
ма ғы налық жағынан алғанда синонимдес
емес, ұлт тық рух ұлттық идеяның психо-
əлеуметтік құндылықтарының бөлігі. Деген-
мен, рухтану үдеріс ретінде ұлттық рухтан
туын дайды, психофизиологиялық түрде
«бөлі ніп шыққандай» болады немесе оның
бел сен ділігінің көріністерінің бірі ретінде
сақ талады. Ұлттық рух – құбылыс, ал рух-
тану – үдеріс, беталыс, демек, ұлттық рух
рух танудың психологиялық қуатының түп-
негізі болса, рухтану ұлттық рухтың нəти же-
сі мен өмір сүретіндігінің шынайы келбеті.
Жүзеге асу құралдары мен айқындалау
көрі нісі: ұлттық намыс пен жігер; ұлттық са-
на мен ұлттық сезімдік күш; ұлтжандылық
се зім; тылсым қуат; топтасу мен бірігут.б.
ар қы лы ұлттық рух өзін өзі аша түсіп, өз
мə нін қайталап, ұғымдықтан əрекетке, абс-
трактіліктен нақтылыққа өтеді.
Саяси-əлеуметтік мəні мен мақсаты: гео-
саяси кеңістікті сақтау; халықаралық дең-
гейдегі көшбасшылық; ұлт дербестігін
қам тамасыз ету; ұлт мүддесіне негізделген
қо
ғам дағы жəне əлемдегі шынайылық пен
əділет тілікті сақтау т.б. өмірмəнділік тə жіри-
белік ұстанымдар арқылы қоғамдық өмірге
енеді.
Ол өзінің асқақтығы, өзге халықтарға үрей
туғызушылығы, ерлігі арқылы – эстетикалық
тұрпатты; əділеттілік, адамгершілік, намыс
пен жігер бойынша іске асатындықтан – эти-
калық негізді; бірігушіліктің, топтасуды,
қоғамдасуды басшылыққа алатындықтан –
əлеуметтік тұғырлы; ел мүддесін қорғауды,
халықаралық деңгейдегі беделді түсірмеуді
қолдайтын болғандықтан – саяси бағдарлы;
ашу-ыза, рухтану, жабырқау, аңсау арқылы
51
ҰЛТТЫҚ РУХ
жү зеге асатындықтан – психологиялық ас-
тар лы болып келеді.
Асан Қайғы бабамыз ХҮ ғасырларда
өмір сүрген, Еділ бойында туған поэ ти ка-
лық, нақтырақ айтқанда, жыраулық фило-
софия ның алғы шебінде тұрған ойшыл. Оны
Ш. Уəлихановтың «көшпенділер философы»
деп атауы да тегін емес. Көпқырлы жəне
көп жақты Асан ата философиясы – жалпы
ұғым дық үлгіде, тарихи шындық аясында:
əфса налық жəне шынайы бейнеге жіктеледі.
Сезім дік жазықтықта бұның дүниетанымы:
түңі лушілік (пессимистік), бейтарап, шат-
тану шылық (оптимистік) деңгейлерге ажы-
рай ды. Философиялық сала деңгейінде: сая -
си-əлеуметтік онтологиясы, əлеуметтік фи-
ло софиясы, футурологиясы, қазақы эти ка-
сы, сезімдік-парасатты логикасы болып ұш-
та сады. Мифтік бейнесі ол туралы аңыздар
төңі регіне топтастырылады. Мəселен, баба-
мыз дың «Жерұйықты іздеу» хақындағы əф-
са на сының өзі саяси-əлеуметтік онтология
ға на емес, жалпы этикалық-эстетикалық-
фи ло софиялық танымының түбірлестігін
ай ғақ тап береді.
Бабамыздың түңілушілік (пессимистік)
та нымы оның «Ақыр заман» жөніндегі тол-
ғауларымен дəйектеледі: «Əй, Жəнібек хан,
ойласаң, Қилы-қилы заман болар. Суда жүр-
ген ақ шортан қарағай басын шалар, бал шық-
тан үй болар, Сиыр малы пұл болар, Шəй
де ген ас болар, Шəй асынан бермесе, екі үй-
лі жан бірімен-бірі қас болар». Сарын ның
си паты – сарыуайымшылдық, бірақ фило-
софия лық-өмірмəнділік құндылығы – маңыз-
ды əлеуметтік болжам екендігі жəне оның
шын дыққа сəйкес келуі. Қазір гіше ғы лыми
тіл мен айтсақ, оның ұлт болашағын пай-
ым дау (этнофутурологиялық) болжамдары-
ның мəдени-əлеуметтік-тұрмыстық-ғұмыр
ке шу шілік шындыққа жанасуы. Əзірге, мə-
лім болған зерттеулер бойынша, ол «за ман»
ұғы мын (əлеуметтік философияның кате-
гориясын) алғаш енгізуші.
Халқымызда, «заман» түсінігі шат-шады-
ман (жаңа заман, қой үстіне бозторғай жұ-
мырт қалаған заман), түңілушілік (зар заман,
ақыр заман) жəне бейтарап (заман өзгерді)
жа зықтықта түсіндіріледі. «Заман дегеніміз –
та ри хи-əлеуметтік шындықтың сол дə уір де гі
тұрмыстық-өмірмəнділік жалпы сипа ты ның
көрінісі». Ал Асан Қайғының за ман ұғымы
«ақыр заман формасында» сары уайым шыл-
дық сипатта. Бұл түсінік кейін нен зар за ман
ақындарымен жалғасын тау ып (Заман ақыр
болғанда), Абайға дейін сабақ тасып (Ақыр
за ман жастары, қосылмас ешбір бас тары),
Мағжан, Ғұмар Қараш сынды ақын дары-
мызбен тұжырымдалып отырды. Осын дай
хал қымыздың дүниетанымындағы ақыр за-
ман деген түсініктің қазіргі діни танымдағы
адам заттың сөзсіз құритындығы туралы
апо ка липсис, дүниенің қирайтындығы хақ-
ын дағы катаклизм, тұңғиық үмітсіз құл-
ды рау емес, дəстүрлі өркениеттің қасі рет ті
ақырының келіп жететіндігі мен ұлт тық құн-
дылықтардың орнын батыстық құн ды лық-
тар дың кейбір жағымсыз жақтары басып,
тұр мыс пен таным-түсініктің өзгеруінің ке-
лең сіз көріністерінің туындауы туралы.
Өткен мен сол дəуірдегі дүниетанымның
жал пы бейнесін терең меңгерген Асан қайғы
– хал қының тыныс-тіршілігін байыпты тұр -
ғы дан таразылайды – келешекке үңі ле оты-
рып – өз халқының болашағына күй зе ліс пен
қа рай ды. Жоғарыдағы, оның тол ғауына на-
зар сал сақ, болжау үлгілерінің бəрі бүгінгі
шын дық қа жанасады, ал «Шортан қа рағай
ба сын əлі шалған жоқ». Бүгінгі за ман дағы
адам сенбес оқиғалар, логикамен тү сін ді-
ріл мейтін құбылыстар, ғылыммен дə лел-
ден бейтін үдерістер т.б. ауытқу үрдістері
рə міздік түрде «қарағай басына шортанның
шы ғуы» болып табылады.
Ал бейтараптық дүниетанымы тек се зім -
дік тұрғыдан алынған өлшем, ол, шын ды ғын-
да, дар хан дүниедегі даланың дана лық да ры-
ны мен дараланатын дарабоз даныш пан ның
дуа лы жəне ғақлиятты ой кешу үрдіс те рі нің
пара сатты нұсқалары. Оны кейде ба тыс тық
философия құрсауымен өлшеуге де кел мейді.
«Таза мінсіз асыл тас, су түбінде жатады,
Таза мінсіз асыл сөз, ой түбінде жатады
Су түбінде жатқан тас, жел толқытса шы ға ды,
52
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Ой түбінде жатқан сөз, шер толқытса
шығады», — деп [1,47б.] толғаған Асан қайғы-
ның осы жолдарынан, нақтырақ айт қан да,
нені байқауымызға болады. Қа ра пай ым логика
бойынша, су түбінде жатпаған асыл тас тың,
ой түбінде жатпаған асыл сөз дің «асылдық»
дəрежесі төмендейді. Бұл жер дегі негізгі
мəселе таста емес, əрине, ой да екендігі сөзсіз.
Шердің толқытуы – ойдың ақиқаттылығының,
тереңнен тол ған ыл ғандығының, шынайы-
табиғи түрде шы ғар ылғандығының, құрғақ
ақылға жү гі ну емес екендігінің, сезімдік
танымның қо сыл ғандығының нақты көрінісі
жəне өлшемі бо лып табылады.
Асан қайғы заманы қазақ халқының жеке
хан дық болып бөлінген дəуірі болғандықтан,
он дағы ұлттық рух келешекке алаңдау қа-
жет тігі туралы болып келеді. Ол саяси кө-
ре гендікпен, ел бірлігімен, жауынгерлік
рух пен ғана өзінің оңды нəтижесін бере
ала тындығын толғаған ойшыл, елді «шер
толқытпауын» тілейді. Асан Қайғы тол ғау-
ларында жауынгерлік рух та қалыс қал май-
ды: «Жолдасыңа жау тисе, жаныңды аяп тұ-
рыспа». Шындығында да, отандық зерт теу-
шілер атап көрсетіп жүргендей, Асан қай-
ғының негізгі идеясы, бейбітшілік, саяси тұ-
рақ тылық, ел мен жер туралы толғаулар, түп-
теп келгенде ұлттық идея болып табылады
[2,50-52бб.; 3,20б.].
Өз заманында талай əскери жорықтарға
қа тынасып, отыға толмай жау қолында қаза
бол ған Доспамбет жырау (ХҮІ ғ.) ұлттық
рух пен намысты қайрайтын, күрескерлік
пен ер лікті толғайтын жыршы болған. «Қо-
ға лы көлдер, қом сулар» деп аталатын жы-
рында: «Екі арыстап жау шапса, Оқ қыл-
қан дай шаншылса, Қан жусандай егілсе,
Ақ қан судай төгілсе, Бетегелі Сарыарқаның
бой ын да, Соғысып өлген өкінбес»,-деп қа-
зақ ұл дарын шабыттандырады. Себебі,
Доспамбет құр теоретик емес, сол соғысты
өз ба сынан талай өткізгендіктен өмірлік тə-
жіри бе сі арқылы халықтың ой-санасына
жет кізе баяндайды: «Тобыршығы биік жай
са лып, дұспан аттым өкінбен...Туған айдай
нұр ланып, Дулыға кидім өкінбен».
Жауға шауып, найза ұстаған əйгілі жы-
рау лардың бірі – Шалкиіз (1465-1560жж.)
жау гершілік заманның сұранысынан туған
ба тыр, əрі соғыста жауынгерлерге рух бе-
ру ші жырау болған. Оның толғаулары қа зақ
ұлдарын батырлыққа, эпостық дəуір дəс түрі-
мен өлімге де бас тігуге, ешнəрседен тай-
сал мауға үндейді де, ұлттық рухтың намыс
пен тəуекелшілдік қағидаттарына сүйеніп өз
ойларын дала еркіндігі мен асқақтығы ар қы-
лы батыл тұжырымдайды: «...Батыр болмақ
сой дан-дүр, Жалаңаш барып жауға ти, Тəңірі
өзі біледі, Ажалымыз қайдан-дүр!». Бұл тол-
ғаудың түпмағынасы «Қырық жыл қыр ғын
болса да, ажалды өледі» деген халық ма қа-
лы на келіп түйіседі. Яғни, Ерлік жасқану
мен өлімнен қорықпайтын ержүректілікті
қа жет етеді, өйткені, ажал келсе, жауға шап-
пай-ақ та бейбіт жағдайда адам о дүниеге ат-
та нып кетуі ықтимал, қаншама соғыстарға
қаты наса да дін аман жүре беруі мүмкін, ол
бір Тəңірдің ғана қолында, сондықтан, ая-
нып қалмау қажет деген қағида ұсынады.
Жоң ғарлармен 33 жыл бойы соғысып, 77 рет
жара ланып, Іле бойындағы соғыс алдында,
17 рет жекпе-жекке шығып, оның бəрінде де
жеңіске жеткен Райымбек[4,47б.] Шалкиіз
жы рау дың осы толғауының нақты өмірлік
мы салы іспетті.
Жауынгер жыраулардың бірі Ақтамберді
(1675-1768жж.) ұлттық рух пен намысты оя-
ту да жаугершілік заманда ел мен жерді қор-
ғау үшін жан аямай соғысу қажеттігін, ер-
лер дің өлім мен өмір дің арасында үнемі ше-
кара лық жағдайда болуға тиістілігін наси-
хат тауда ол алдымен ұрпақтарына өзін үлгі
қы лып көрсетеді: «Жауға шаптым ту байлап,
Шеп ті бұздым айқайлап, Дұшпаннан көрген
қор лықтан, Жалынды жүрек қан қайнап, Ел-
жұртты қорғайлап, Өлімге жүрміз бас бай-
лап»
Жыраулардың ішінде аты ерекше танымал
бол ған – Бұхар жырау Көкілташ медіресесін
та мамдап, мұсылманша оқумен қатар ғы-
лым ның бірнеше салаларын игеріп, араб,
пар сы, тəжік тілдерін терең меңгереді. Бұқар
көш пелілер мəдениетінің рухани дүниесінен
53
ҰЛТТЫҚ РУХ
терең нəр алғандығын көрсетіп, оны Шы-
ғыс мəдениетімен шебер толықтырып, білі-
мін мемлекеттік мəселелерді шешуде шың-
дайды. Көшпелі қазақ қоғамдық жағдайында
сақталынып келе жатқан рулық қатынастар,
əке үстемдігіндегі от басы, көшпелі мал ша-
руашылығының басқа да қатынастарын рет-
теп отыратын осы əдет-ғұрып құқығын тал-
қылау кезінде дін Ислам орталығы Бұқара
қа ласынан келген қазы, «сіздер, қадірменді
қа зақ халқы, əлмисақтан бері мұсылманбыз
дей сіздер, заңға келгенде Құран-шариғаттың
жолы мен жүрмейсіздер. Уəдені көпке сіл-
тейсіздер. Көк атсын дейсіздер. Ата-баба мо-
ла сына, əруаққа табынасыздар. Бұл шариғат
жолынан кеткендік»,-дегенде, шариғатты
Бұқараның қазысынан да жетік меңгерген
Бұқар жырау «Алла аспанда емес, жерде
де емес, əр кімнің жүрегінде, сезімінде, жа-
дында. Ал заң сол сенімнен жоғары емес»,
- дейді. Мұсылманның шариғат заңы қазақ
үшін жат емес, Құранда қанға-қан, кешуі
бол са құн төле десе, қазақтың жолы да осы-
ны айтады. Қоғам ісі қазақтың жолымен, дін
шаруасы шариғат жолымен жүрсін дейді деп
өз ойын жалғастырады.
Бұқардың философиялық ойға толы
тол ғау лары адамзаттың тілегін тілеп, тəу-
бе сіне түсіріп, əлемнің бейбітшілігін, бас
амандығын тілеп, ғұмырмəнділік құнды-
лықтар иерархиясын жасап береді: «Бі рінші
тілек тілеңіз, бір аллаға жазбасқа, Екінші
тілек тілеңіз, шұғыл бір пасық залымның
тілі не еріп азбасқа, Үшінші тілек тілеңіз, үш-
кілсіз көйлек кимеске, Төртінші тілек тілеңіз,
төр де төсек тартып жатпасқа, ...Желкілдеген
ту ке ліп, жер қайысқан қол келіп, сонан са-
сып тұрмасқа...». Жырауда жер қайысқан
жау дың қалың қолы келіп қалғанда, одан
са сып тұрған сорақы, тіпті аянышты хал-
дердің бірі екендігі айтылады. Бұл түптеп
кел генде, үнемі кəсіби дайындалған əскер
ұс тау идеясына келіп тіреледі. Сонымен
қа тар Бұқар жырау қолданған ұлттық рух-
ты ұрпақтардың бойына сіңіруінің дидак-
тикалық ұтымды тəсілі – хандардың ерлігін
жыр лау, шындық пен жеңіске шаттана білу,
оған рухтану жəне қазақ батырларының есі-
мін атап көрсете отырып, олардың жан қия-
рлық елінсүйгіштік рухын мақтан ету, кү ші
мен қайратын, ептілігі мен жігерін жыр-
лап, халқына үлгі ету. «Бөгембай өлімін
Абылай ханға естірту» толғауында ерлік
пен қаһар мандықты былайша жырлайды:
«Қия дан қиқу төгілсе, Аттың басын тарт па-
ған, Қисапсыз жол көрінсе, Қорқып жау дан
қайтпаған... Қарсыласқан асылдар, Қорға-
сындай балқыған, Батырың өтті Бөгембай!»
Жыраулардағы ұлттық рух үнемі жігер мен
көз сіз ерлікті ғана емес, өмірлік мұраттарды
да толғайды, мысалы жауап күттірмейтін
са уал дар қою арқылы толғанылған жыр со-
ған жатқызылады. «Қайда?» сауалы ри то-
рикалық, екінші бір қырынан қырынан ал-
ғанда, жауабы өзінен-өзі түсінікті таза эс-
те тикалық сауал болып табылады. Ол да
хал қымыздың жыраулық дəстүрінде кеңінен
орын алған, өткенді аңсаудан туған, келмеске
кет кен өмірге деген сағынышты білдіретін,
қай та оралса екен деген қимастық сезімді
тол ғайтын, өкініш пен көнбістіктің бірлігінен
ту ған ішкі терең психологиялық күйзелістің
амал сыздан айтылған түрін білдіреді де,
орын далуы-орындалмауы екі ұшты терең
өмір мəнділік мағыналы армандарға келіп то-
ғы сып жатады.
Доспамбет жыраудың толғауында да осы
«Қай да» аңсауы былайша қолданыс табады:
Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?
Еңсесі биік боз орда
Еңеке кірер күн қайда?
Қара бұлан терісін
Етік қылар күн қайда?
«Күн қайда» сөзінің осылайша жыр соңы-
на дейін жол тастап, кезектесіп қайталанып
оты руы да аңсаудың сезімдік күшін белгілеу
үшін қолданылған көркемдік тəсіл болып та-
бы лады. Ақтамберді жырауда бұл тəсіл «Ме
екеміз» деген сауал арқылы өрбиді: «Күлдір-
күлдір кісінетіп, Күреңді мінер ме екеміз,
Күдеріден бау тағып, Қамқамты киер ме
екеміз?!» Бұндай «рух аңсаушылығы» кейін-
нен ХІХ ғасырдағы ақын-жыраулармен жал-
54
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
ғасын тапқан. Мысалы, Махамбет ақынның
поэ зиясында да «қайда?» сауалымен аяқ та-
ла тын толғаулар бар жəне ол мазмұнына сəй-
кес «Ұлы арман» деп аталады:
Желп-желп еткен ала ту,
Жиырып алар күн қайда?!
Орама мылтық тарс ұрып,
Жауға аттанар күн қайда?!
Жыраулық дəстүрдегі рух философиясы
Қа зақ хандығы тұсында ел бірлігін сақтауда,
жауын герлік рухты оятуда, елінсүйгіштік се-
зімді оятуда, ұрпақтарды ерлік пен ба тыр-
лыққа баулуда, жерді сақтап қалып, жау дан
кек алуда айтарлықтай қызмет ат қар ған терең
мағыналы жігер тудыратын ту ын дылар. Со-
ны мен қатар психологиялық ша быт тан ды ру,
көзін жеткізу, санасына енгізу сол тол ғау лар-
дың əрбір сөзіне сіңірілгендіктен өзін дік бір
сиқырлармен шартталған.
Жыраулардағы рух философиясы өз дə уі-
р ін де елдік пен ерлікті жырлаған айшықты
дү ниетаным болған. Халқын жігерлендіруде,
ұлт тық сана-сезімін оятуда, намысын қай-
рау да, жас ұрпақтарын тəрбиелеуде елеулі
ро ль атқарған поэтикалық сарындар ре тін -
де ба ғаланған. Бұл үлгінің бүгінгі ұр пақ та-
ры мызға да берері мол дүние. Сондықтан,
бү гінгі күні де жыраулық мектепті қайта
жан дандырып, оны дамытуды арнайы жолға
қою ке зек күттірмейтін маңызды іс.
Достарыңызбен бөлісу: |