Сіз
өз
балаларыңызды
қалай
тәрбиеледіңіз?
Менің бір ұл, екі қызым бар. Балаларымның
бәрі қазақша біледі. Сол кездегі ахуалға байланысты
орыс мектебінде оқыса да, бәрі қазақшаға еркін.
Өйткені үйде қазақша сөйлесеміз. Екінші
қызым ортасы орысша болғаннан кейін, аналарға
қарағанда тілі орысқа қарай тартып кеткен. Оның
да себебі болды, сол кездері қазақша балабақша
болған жоқ, болса да аз, мен де, жолдасым да
жұмыста, алдық та баланы жақын маңдағы орыс
балабақшасына, кейіннен орыс мектебіне бердік.
Бірақ бәрі қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын
жақсы, біледі. Екі баламды бесікке бөлеп өсірдім.
Әңгімелескен Ж. Сеитова
САЛТ-ДӘСТҮР
114
Ә.С. Бейсенова –
география ғылымдарының докторы, профессор,
ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі,
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің “География және экологиядан
ғылыми-әдістемелік орталығының” меңгерушісі
ДӘСТҮР МЕН ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗІ
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болуына
байланысты соңғы жылдары сол мемлекеттің
ұлттық идеологиясы болуы керек пе, болса
қандай?, – деген әңгіме төңірегінде пікір
айтушылар көбейді. Газет-журнал беттерінде,
теледидар экрандарында әр түрлі, кейде бірін-бірі
толықтыратын, кейде біріне-бірі қарсы шығатын
пікірлерді де жиі көреміз. Ел, мемлекет болған соң
идеология болмай қоймайды, оның құрылымына,
көздеген мақсатына сәйкес туатын пайдалы
идеялар, сөзсіз, идеологияның негізін құрайды.
Қазақстан сияқты тәуелсіздігін жаңа алған жас
елге идеология әбден керек және ол, ең алдымен,
мемлекеттің ұлттық сипатына, тәуелсіздігіне
қызмет етуге тиіс.
Ұлттық идеология дегеніміз – халықтың, бүкіл
елдің әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, санасын ғасырлар
бойы дамытып, жетілдіру арқылы ұрпақтан-
ұрпаққа берілетін ережесі, ол сол халықтың тілін,
дінін, мемлекетін қалыптастыруға қызмет етеді.
Әр халықтың өзіне тән, қоғамның дамуына
байланысты ерекшеліктері болады. Мысалы,
Қазақстанның ұлан-байтақ жерді алып жатуының
өзі ғасырлар бойы халқымыздың бойында,
батырлық, ерлік дәстүрімізді тудырған. Отанын
сүю, елін қорғау ер азаматтардың міндетіне кірген.
Ауыз әдебиетіндегі батырлар бейнесі осылай
туған. Осыны болашақ ұрпақтардың бойына
сіңіре отырып, ұлттық идеология қалыптастырған.
Сондықтан да елімізді, халқымызды азаматтыққа,
батырлыққа, шешендікке, көрегендікке тәрбиелеу
де ұлттық идеологияның міндеті. Біздің билеріміз,
жырауларымыз жырлап, үлгі тұтқан әділеттілік те
халықтың шынайы қасиеті.
Қазақ халқы – ұлттық дәстүр дегенге ерекше
мән беретін халық. Ата-баба аруағын сыйлау, оған
жүгіну – ежелгі салтымыз. Солардан қолдау тілеп
жатамыз. «Өлі риза болмай, тірі байымайды»
деген мақалды да жиі қолданамыз. Ал, осы дәстүр
дегеніміздің өзі не? Меніңше, ол – халықтың
ұзақ өмірінде қалыптасып, сұрыпталған жақсы
қасиеттердің тұтас бітімі, көзқарасы, түсінігі,
шындықты тану өрнегі. Дәстүрге халықтың әдет-
салты, күнделікті тіршілігінің ауқымы, адамдардың
қалыптасып үйренген мінез-құлқы – бәрі де кіреді.
Олар жиналып келіп тұрақты күйге енеді, ұлттық
белгілерді анықтайды, ұлттық сипатты танытады.
Әрине, өмір бір қалпында тұрмайды, жаңарып,
жалғасып жатады. Соған байланысты ой-сана,
ұғым-түсінік, талғам жаңарады. Жаңарып, өзгеріп
жатқан қоғам, қоғамдық қатынастар дәстүрге
белгілі дәрежеде әсер етеді. Оны өзгертуге, әлемдік
көзқарастардың ырқына бағындыруға тырысады.
Әр халықтың бойында жаңаны қабылдау
қасиетімен бірге кертартпалық та болады. Осы
кертартпалық, ең алдымен, дәстүрге қатысты.
Біз жаңаны қабылдай тұрып, ескі әдетті, мінез-
құлықты, яғни дәстүрді сақтауға тырысамыз.
Ұлттың ұлттылығын сақтау үшін дәстүрдің озық
үлгілерін тұрақтандырып, ол үшін күресу қажеттігі
де осыдан туады. Қазақ мемлекетінің ұлттық
идеологиясы да, менің ойымша, халқымыздың
осындай жолмен қалыптасқан әдет-ғұрпын,
салт-дәстүрін, тілін, дінін сақтап дамытуға, осы
жолда жаңа заман ұсынып отырған қажеттіктерді
өз сараптауымыздан өткізе қабылдауға құрылуы
керек.
Дәстүр – әр халықтың өмірі мен өмір сүрген
қоғамның өзіндік ерекшеліктері негізінде туып
қалыптасады. Ол да дәстүрге кіреді. Қазақ халқы
адам санының аздығына қарамастан, Евразияның
дәл орталығында ұлан байтақ жерді иемденген.
Осының негізінде Отаншылдық, елін қорғау
жолындағы ерлік істері жатыр. Кең даланы
мекендеген халық жауласса найза ұстайтын батыр,
дауласса сөзден жеңілмейтін шешен болған.
Халықтың осы мінезін заманы, ортасы, қоғам
туғызған да, ол жақсы дәстүрге айналып жалғасқан.
Сол кең байтақ даланы мекендеген халықтың
тілінің бірлігіне, тазалығына не айтарсыз?
Оңтүстігі мен солтүстігіне, батысынан шығысына
ат арқасы жетпейтін далада бір тіл, бір әдет-салт,
бауырмалдық, қонақжайлылық қалыптасқан.
Қалтасына бір құрт салмай ұзақ жолға шығып,
жолшыбай түскен ауылына құдайы мейман болып,
қонақтығын міндетсінген қазақтай халық қайда
бар? Жердің кеңдігі мен шаруашылығын, кәсібін
даралайтын ерекшеліктердің бәрі де ғасырлар
бойы сұрыпталып дәстүрге кірген.
Менің ойымша, осы дәстүрлер халықтың
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
115
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
идеологиясының негізі болып табылады. Қазақтың
ұлттылығын сақтау үшін оның ғасырлар бойы
жинақтаған осы жақсы дәстүрлерін сақтау керек.
Оны жаңарта отырып, негізін бекіту қажет.
Жасыратыны жоқ, ғасырлар бойы қазақ
жерінде орыс тілінің үстем болуы, біздің ой-
санамыздың соларға табынуы әлі де жалғасын
тауып келе жатыр. Бұл қазақ тілінің аясының
тарылуы ғана емес, дәстүр мен ұлттық тәрбиенің
өзгерісіне әкеліп соғып отыр. Қазіргі, қазақ ішіндегі
тәрбиенің барлығы да болашақ ұрпақты ұлттық
салт-санаға, дәстүрге қиғаш жолдарды ұстануға,
өзін еркін ұстауға, «бостандыққа» құрылған.
Ұлттық идеологияны демократияландырудың
үлкен бір қауіпті жері – әлемдік деңгейде көрініп
отырғандай, өркениетті елдердің мәдениетіне
алданып, қазақ халқының ғасырлар бойы
қалыптасқан әдет-ғұрпына, оның тамырына балта
шабуға тіреліп отырмыз. «Дода» хабарындағы
ұлттық идеология бар ма, жоқ па? – деп таласқан
кейбір білгір де саясаткер азаматтарымыз
қазақтың әдет-ғұрпының мағынасына, мәнісіне
бара бермей, ұлт тәрбиесінің негізін түсінбей,
оны ғаламдық тәрбиеге үйлестіруді ойлайды. Бұл
– қазақ халқының қалыптасқан ұлттық тәрбиесі
негізін мойындамау деген сөз.
Идеология қай қоғамда болсын, оны бекітуге
қызмет етеді. Социалистік идеология кешегі
коммунистік режимді қалай көтергенін, дүние
жүзін тітіреткен алып империяның негізін
бекіткенін жақсы білеміз. Сталин өлгеннен
кейін Брежнев сияқты солақай басшылар өндіріс
өркендесе, астық болса, идеология шешуші роль
атқармайды деп санап, мемлекетті әлсіретіп алды.
Аяғы немен біткенін тағы да көрдік.
Сондықтан жаңа, жас, ұлттық мемлекетті
идеология жағынан да өркендету әбден қажет.
Экономика болса, қалғандары өзі құралады деп
қарау жетімсіз. Оның үстіне бізді қазір жаһандық
өзгерістер жан-жақтан қоршап қысып жатыр. Бір
жағынан, әлемдік дамудың шеңберінен шығып
қалмау, екінші жағынан оның ұлттық сипатымызға
жасап жатқан қысымынан өзімізді арашалау – екі
жақты үлкен міндет.
Жаһандану өзгерісіне бой алдыратындар, ең
алдымен, жастар. Олар ұлттық дәстүр дегенге
онша мән бере бермейді. Сөйтіп қазақтық мінезден
біртіндеп алыстап бара жатыр. Қазақ тілін
мемлекеттік тіл есебінде орнықтыруға кедергі
болып отырғандар да солар. Қазақтың ұлттық
әдет-ғұрпын сақтамай, әдетімен есептеспей,
сыртта не көрсе, соны қайталайтын да солар. Қазір
жастардың көшеде, жол үстінде тұрып сүйісетінін
жиі көреміз. Біздің заманымызда сүйіспек түгілі
жұрт көзінше қыз бен жігіттің онаша тұруының
өзі ерсі болатын. Жас әншілер ғашықтар сезімін
жалаңаштап, «ғашықпын, өштіп-өлдім» деп
өлең айтады. Шын ғашықтар айғайлап жұртқа
жар салатын ба еді? Абайдың «Ғашықтың тілі –
тілсіз тіл, көзбен көр де ішпен біл» дейтіні қайда?
Сезімді жасыра білу, ұстамдылық та қазақтың ескі
дәстүрінің бірі ғой. Ғаламдық «тәрбие» жастарды
осы дәстүрден айырып, «бостандыққа» шығарып
жатқаны тым өкінішті. Олар жат жұрттардың
салтын қабылдап, «Валентин күні» дегенді тауып
алып, көшеде жаппай сүйісіп жатқаны. Басқа елдің
салтын қабылдауды лайықсыз көргендер «неге біз
өзіміздің Баян Сұлу күнін тағайындамаймыз» деп
күпсінеді. Осының бізге керегі бар ма? «Ғашықтар
күні» қазаққа керек пе? Сезіміңді жалаңаштап,
жұрт алдына шығу қандай мұрат?
Осының бәрі жастар арасында жүргізілуге
тиісті идеологиялық жұмыстың міндеттеріне
кіреді. Ұрпақ қамын ойлаған ата-бабаларымыз
балаларын дәстүр сыйлауға, үлкендерге ілтипат
жасауға, именуге, арын былғамай, өнегелі ортадан
тәлім алуға үйреткен. Ұлды дала тіршілігіне, қызды
үй ұстауға, ел бірлігін, ошақ бүтіндігін сақтауға
баулыған. Қыз намысы дегеннің орны үлкен. Қыз
бала отырған жерде абайлап сөйлеу, бейпіл сөз
айтпау – оны әдептілікке тәрбиелеу емес пе? Қыз
намысын сақтап, оны адалдықпен жаңа босаға
аттауын аналар қатты қадағалаған. Болашақ
отбасының тұрақтылығы да қыздың арының
тазалығымен байланысты саналған. Бүкіл әдебиет,
фольклор адал махаббатты, сезім тұрақтылығын
жырлағанда, адалдықты, тазалықты бақытты
болудың кілті санаған. Қыздың барған жерінен
қайтып келуі жай ғана ұят емес, масқара деп
есептелген. Сондықтан ата-ана қызын ұзатарда,
барған жеріңе «тастай батып, судай сің» деп бата
берген. Қыз бала кейін, келіншек, жеңеше, ана
болып барып, әжелікке көтерілген. Осы процесте
үлкен тәрбиеден өтіп ел анасы аталғандары да аз
емес. Домалақ ана, Қарашаш, кешегі Шоқанның
әжесі Айғаным, ел билеген Томирис сұлулық пен
әдеміліктің, адалдықтың үлгілері болып ел есінде
сақталған.
Үлкен қоғам қайраткері, зейнетке шыққалы ел
арасында өзіне деген құрметпен «Абыз ата» атанған,
еліміздің өтпелі кезеңінде мемлекеттілігімізді
нығайтуға және ішкі тұрақтылықты сақтауға
өлшеусіз үлес қосып жүрген ұлағатты да заңғар
ағамыз Бәйкен Әшімов (Байеке) туралы неге
айтпасқа. Ал ерлі – зайыптының арасындағы
сыйластықтың үлгісі, айналасы мен отбасының
мықты тірегі, көне мен жаңаны жалғастырушы
міндетін өз бойына тоғыстырып отырған, ұлын
116
ұяға, қызын қияға қондырған Бақыт анамыз бүкіл
елге ана атанып отыр.
Біздің заманымызда да осы үлгідегі үлкен
аналар аз болған жоқ. Аты шығып, ел қызметінде
абыройлы жүрген азаматтардың еңбегінде
әйелдердің орны елеулі екені даусыз. Үлкен қоғам
қайраткері Тұрысов Қаратай ағамыздың үйіндегі
Әскеркүл жеңгеміздің ұрпақ тәрбиесіне беретін
үлесі мол. Талдықорған, Алматы облыстарында
ұзақ жылдар қызмет атқарған Аймұхамед
Мансуров деген ағамыз болды. Мен ол кісіні 1944
жылы Талдықорғанда көрші болып тұрған кезден
білемін. Өзі де жайсаң азамат еді, екі облыстың
көп аудандарын басқарды, елге де, өкіметке
де жақты. Республика көлемінде беделі үлкен
басшы бола білді. Соның еңбегіне, қызметінің
абыройлы болуына, балаларының тәрбиесі мен
болашақтарына жол сілтей білген, көп бала
өсірген Мәкең апайымызға («Ақ жеңеше»
деуші ек) деген құрметім ерекше. Өзі көрікті,
мінезді, ағайын-туысқа ғана емес, келімді-кетімді
кісілердің бәріне ілтипаты мол апайыма құдай
бәрін де берді. Мәселе пейілде, көңілде, құдайдың
бергенін берекелендіріп ұстай білуде. Бүгінде
Айекең жоқ, ал Мәкең бала-шағасын өсіріп үлкен
ғалым Зұлқайыры мен абыройлы қоғам қайраткері
Тайырының және басқа балаларын қызықтап өмір
сүруде. Қандай ғанибет. Кейінгі жас аналарға үлгі
емес пе? Егер ер-азамат отбасында сыйлы болса,
бала да соған тәрбиеленеді. Қай жерде еркек
сыйлы болса, сол жердің отбасы түгел, баласы
аман, қызы тәрбиелі, дұрыс жанұя қалыптасады.
Қазақ халқының дамуында, қалыптасуында
осы дәстүрлер идеологияның негізі болып
табылады. Әсіресе осы ұлттық идеологияның
ең бір, барлығына тән жері – бала тәрбиесі,
соның ішінде қыз тәрбиесі. Олар халықтың үлкен
тәрбиелік мәні бар, жолы өрісті, бірімен-бірі
жалғасып жататын идеологиясын құрайды.
Тіршілік толып жатқан тараулардан тұрады.
Солардың ішінде «Жаман қатын» деген ұғым да
болған. «Атың жаман болса, сойып құтыларсың,
қатының жаман болса қайтып құтыларсың»
деген сөзді қазақ ерлердің тағдыры әйелдермен
байланысты екенін өмір тәжірибесінен алып
айтқан. Ағайын арасын біріктіріп, ел намысын
қорғап, балаларын соған бағыттап, ерімен тіл
тауып одақтасқан әйел ешқашан жаман атанбайды.
Осы дәстүр бізге әлі де керек. Елдігімізді,
қазақтығымызды сақтау үшін қажет. Бүгінгі
жастардың некеге опасыздық жасауы мен үйленбей
жатып айырылысуының көбейгенін көргенде,
қыздардың бойында болашақ өмірге дайындалу
жоқтығын байқағанда, осы дәстүрлеріміздің
әлсіреп кеткенін танимыз.
Қазақ дәстүрі, тәрбиесі ер баладан гөрі қыз
балаға көбірек көңіл бөлген. Өйткені, қыз – өмір
көркі, әсемдік, тіршілік көзі. Халық ұғымы жақсы
көріністердің бәрін қызға теңеген. Қазақ халқында,
оның тарихи тілінде қалыптасқан қызға берілген
анықтама, оларға қойылған талап-тілектер,
қызды еркелету, қызды тәрбиелеудің үлкен жолға
қойылғанын көрсетеді. «Қыз – елдің көркі», – дейді
халқымыз. Ақын, жазушылар өмір бойы қыздарды
жырлап, ару деп ардақтап, болашақ ана деп аялап
үлкен құрметпен қараған. Нәзіктік, тапқырлық,
ойлылық, сұлулық, ақылдылық, адамгершілік,
қайырымдылық сияқты жақсы мінездерді алдымен
қыз бойына дарытуға көздеген. Қызды ардақтаған
қазақ басқа шығыс халықтарындай, оның бетін
бүркелемей, ер балалармен тең ұстаған.
Қыз әсемдіктің, әдеміліктің символы,
қызды аққуға теңеп жырлаған ақындар қыздың
бойындағы құпия сырды терең түсінген. Өзім
қаншама шет елдерде Англияда, Францияда,
Италияда тіпті өзіміздің Әзірбайжан, Арменияда,
Қырғызстанда, Өзбекстанда болып жүргенде
қызға деген теңеу, қызға деген бостандық, қызға
деген жақсы ұғым бірде-бір ұлтта жоқ. Кез-келген
жігіттің алдауына түспеу үшін, қыз ең алдымен
намысты болу керек, өз намысын қорғай білуі
керек. Қыз баланың махаббатының алдында бас
имейтін адам жоқ. Сол кездегі қазақ халқының
қыздарға берген беделі қайда кетті? Жаңа қоғам
құруда қазақтың қалыптасқан идеологиясының
көнесін жаңартып, дамытып, болашақ ұрпақтың
бойына ұлттық идеология тәрбиесін сіңіру
міндетіміз. Осы айталған мысалдар арқылы
қыз баланың бойында ұлттық психологияны
қалыптастыру керек. Бүгінгі қыздардан да біз осы
жақсы мінездің көріністерін іздейміз.
Біздің өткен жолымызда қателіктер аз болған
жоқ. Социализм ерлер мен әйелдерді теңестірді,
әйелдердің оқуына, қоғамдық пайдалы еңбек
жасауына жол ашты. Бәрі де дұрыс. Қоғамнан
өз орнын тапқан, үйде де, түзде де сыйлы
апа-сіңлілеріміз, құдайға шүкір, баршылық.
Бірақ осыны пайдаланып, үйді ойламай, түзді
ойлаумен жүріп, ошақ иесі ролін әлсіретіп алған
әйелдер де жеткілікті ғой. Осындай әйелдердің
қыздары да осы жолмен жүре бастады. Тәуелсіз
ел болып, ұлттық қазыналарымызды жинастыра
бастағанда, ұлттық дәстүрімізді аяқ-асты етіп
жүрген осындай мінездерге қарсы күрес ашу
керек емес пе? Олар өзімен кетпей, ұрпаққа да
әсерін тигізіп жатыр. Қыздардың болашақта
отбасын құруға дайындықсыздығы, адалдығын
сақтамай, шошаңдап селкектеуі, жетім, тастанды
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
117
балаларды көбейтіп жатқаны жасырын емес.
Алматыдағы Саин көшесі бойындағы қаракөздер
де өз орнын басатын жас қыздарды «тәрбиелеп»
баулуда. Өзін-өзі қызықтап жүрген іс басындағы
қыз балалардың: «Батыс елдері бала тумайды,
асырап алады» деген теріс пікірді бойына сіңіруі,
ана қабілетіне ие болмауы, олардың ұлғая келе
психологиялық дағдарысқа ұшырауының көбеюі
(депрессия) осы іс басындағы азаматтардың ұрпақ
жалғасы туралы ойлауына мол материал береді.
Біздің
ұлтымыздың
дәстүріне
жат
жезөкшелік, тастанды бала, әке-шешесін
сыйламау, дүниеқұмарлық, тек қана өзін күйттеп,
сыртқы ғаламдық кейбір әрекеттерге еліктеген
жастарымыздың көбейіп бара жатқаны ойлантады.
Соның үлкен бір көрінісі – қазіргі біздің эстрада
музыкасы. Эстрада қазақтың ғасырлар бойы
қалыптасқан әуенін, классикалық өнерін әлсіретіп,
кеудесі ашық, кіндігінен төмен киінетін, етегі
жырым-жырым, қиқалақтаған әртістерді сахнадан
жиі көрсетеді. Осы бір сахна көрінісі бүкіл қазақ
жастарын еліктеуге шақырады. Осыны басқарып
жүрген орта буындағы азаматтардың өзі халықтың
әдет-ғұрпын, дәстүрін, елдің көкейкесті ойын
түсінбегенсиді. Сондықтан, әлі де сабақтас, әлі
де жоғалып кетпеген қазақ халқының ұлттық
дәстүріндегі жақсы мінез-құлықты, отбасының
бірлігі мен ағайынның тұтастығы үшін қызмет
ететін ақылгөй аналарды дәріптей отырып, қызға
ана сүтімен, мектептен бастап, тәрбие берілуі керек.
Жасыратыны жоқ, өтпелі кезеңде, қиыншылыққа
төзе алмай, бостандық дегенді көбісі түсінбей,
әйелдер тамақ табуға, сауда жасауға, нарықтық
жағдайға бейімделіп, отбасының бірлігі де, бала
тәрбиесі де ананың ойынан да, көзінен де тыс
қалды. Бұған уақыт, Қазақстандағы уақытша
экономикалық дағдарыс кінәлі дейміз. Жоқ, екінші
дүние жүзілік соғыс жылдары көрген аналардың
қиыншылығы осының қасында қандай? Сол
аналар Ұлы Отан соғысының жеңуіне үлкен үлес
қосты, жігерлі болды, намысты болды, аузындағы
нанын жырып беріп, солдаттардың жеңісіне үміт
артты. Ал, енді қазір біз жезөкшелік, тастанды
бала, қыздардың осындай жағдайға жетуін кімнен
көреміз? Мұны ешкімнен көруге болмайды.
Осылардың бәрі біздің қоғамдағы тәрбие
беретін идеологиялық жұмыстың олқылықтары
саналады.
Бұл айтылғандардан қыз тәрбиесі, әйелдер
арасындағы жұмыс таза жүрмей жатыр деген
ұғым тумайды. Қазақтың қыздар педагогикалық
институтында қыздарды болашақ маман болуға
тәрбиелеумен қатар, жақсы мінез-құлыққа,
отбасылық өмірге үйретуде үлкен істер істеліп
жатыр. Қазақтың оқыған, басшылық тәжірибесі
мол, ақылды, ойлы қызы Шәмша Беркімбаева
институтта осы саладағы істерге мұрындық болып
тікелей араласып жүргенін байқаймыз. Қыздармен
жұмыс онда кездейсоқ шаралармен шектелмей,
белгілі бір бағдарлама бойынша жүргізіледі. Онда
студент қыздардың әдебиет, өнер адамдарымен,
қоғам қайраткерлерімен, ардақты аналармен
кездесуі жиі өтеді. Осының бір мысалы ретінде
ұлағатты ана Ділдә Тасмағанбетова өзінің өмірлік
тәжірибесінен ұлттық дәстүр жайында жастарға
арнап әңгіме өткізді. Қадірлі ананың газет, журнал
беттерінен жиі көрінетін мақалалары да жастарға
ой салары даусыз. Жастарды адамгершілікке,
балажандылыққа баулитын, оларды жан-жақты
білімді, мәдениетті болуға, кітап оқуға үйрететін,
озық мәдениет үлгілерімен таныстыратын
шаралар да институтта жиі өткізіледі. Осындай
игі істердің тек бір институтта ғана жүргізілмей,
барлық жастар жиналған ортада, оқу орындарында
жоспарлы бұқаралық сипат алғанын қалаймыз.
Экономикалық жұтаңдаудан өтіп, қазір
тұрақты экономикалық өркениетті елдердің
дәрежесіне қосылуға тырысудамыз, бірақ рухани
жағынан біз өте жұтаңбыз, әдет-ғұрып, салт-сана,
ұттық психологиялық ойдың жетілуіне рухани
байлығымыз жетпей жатыр, сондықтан қазір
тәрбиеде рухани аштық бар. Тәрбие мәселесіне
көп жағдайда көңіл бөлмей, уақыт жетпей,
ақша табу керек, ақша, ақша дей жүріп біздің
болашақ өміріміздегі ұрпақтарымыздың рухани
байлығын жоғалтуға қалып отырмыз. Рухани
байлық – ұлттың тірегі, мемлекеттің тірегі, елдің
қалыптасуының тірегі. Қазақ қыздарын сонау
атам заманнан қалыптасып келе жатқан дәстүрді
бойына сіңіріп, ұлттық рухпен сусындатуымыз
керек. Рухани сусындамаған жерде тұрақтылық,
сезімталдық болмайды. Кей кезде біз отбасы
бірлігін жиі айтамыз. Ажырасу, тастанды баланың
көбеюінің барлығы да рухани жұтаңдықтан туады.
Біздің қазақ халқында қай ана баласын тастап
кеткен, қай ана баласын босағаға байлап кеткен?
Бала – ананың 62 тамырын идіртетін тіршілік көзі.
Сол ананың бойына, болашақ аналарға рухани
байлықты тәрбие арқылы сіңіру керек. Қазақ
қыздарының сымбаты, ақындар жырлаған «бота
көз», «қиғаш қас», «алма мойын», «қыпша бел»,
осының барлығы қыздарға берілетін рухани азық
болуы керек. Қыздың сұлулығы арқылы, қыздың
мүсінін дәріптеу арқылы, болашақ ұрпақтың
бойында: «Сондай болсам екен-ау» деген рухани
ұрық себілуге тиіс. Қазақ топырағында, қазақ
отбасында тәрбиеленген қыз бейсауат, өрескелдік
көрсетпей болашақ ұрпақтың анасы болуға
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
118
тырысады.
Адам бойындағы бүкіл адамгершілік қасиет
анадан тарайды, ана елге тоқтау айтады. Бұрынғы
қыз қазіргі үлкен ана, бәйбіше. Ел басқаруда да
қазақ әйелдері алдына жан салмаған. Осыған
байланысты қазір біздің өтпелі кезеңнен өтіп,
экономикамыз тұрақталып, Елбасын қайта
сайлағаннан кейін мемлекет алдында, білім мен
ғылым алдында тұрған үлкен міндеттерге көңіл
аударылуда.
Биыл еліміздің Президенті қасындағы Отбасы
және әйелдер арасындағы жұмыс жөніндегі ұлттық
комиссия бұрынғы жұмыстарын қорытындылап,
атын өзгертіп құрамын толықтырды. Қазір
ол «Отбасы және гендерлік саясат жөніндегі
комиссия» деп аталады. Бұл ұйымның да, оның
төрайымы белгілі қоғам қайраткері Айткүл
Самақованың да, қоғамдағы әйелдердің ролін
көтеруде атқарып жүрген жұмысы ұлан ғайыр.
Кешегі бір өтпелі кезеңде, шаруашылық күйзеліске
ұшыраған, аналар зейнетақысын уақытында ала
алмай, отбасын асырау салмағы әйелдерге түскен
тұста, олар қазақ әйелдеріне демеу көрсетті.
Ақыл-кеңесімен де, жекелеген жанұяларға нақты
көмегімен де, әйелдерді іске тартып, тіршілікке
араластыруға қамқорлығымен де жәрдемге келді.
Әйелдерді қоғамдық істерге, кәсіпқорлыққа
баулуда, ел экономикасын көтеруге қатыстыруда
көп жұмыс атқарды, әлі де атқарып келеді. Шағын
және орта бизнесті дамыту өркениетті елдерде
экономикалық тұрақтылықтың кепілі болса,
біз де соған қол жеткізе бастадық. Әзірше, бұл
салалардағы қызметші әйелдер көп емес. Бірақ
өсіп келеді. Әсіресе, білім, ғылым саласындағы
әйелдер болып жатқан өзгерістердің жаңа
талабына сай тұжырымдар мен оқулықтар жазу,
білім беру жүйесін қалыптасыруға қосып жатқан
үлесі де мол.
Ұлттық Комиссия жыл сайын әр түрлі көрмелер
(іскер әйелдер еңбегінің, білім дамуының, жаңа
технологияны игерудің, өнер қайраткерлері
шығармаларының) ұйымдастырып, конкурстар
өткізуге қатысып, бизнеспен шұғылдануға
ынталы адамдарды қолдауда. Қазір комиссия осы
бағыттағы жұмыстарын жалғастырып, Елбасының
болашақта Қазақстанды дамыған 50 мемлекеттің
қатарына қосу жөніндегі бағдарламасына
сәйкес жүргізілетін жаңа шараларды белгілеуде.
«Гендерлік саясат» деген қосымша ат берілумен
байланысты оның міндет ауқымы де кеңейді.
Былтырғы және биылғы жолдауларында
Елбасы әлеуметтік саланы көтеруге, қарт
адамдардың зейнетақысын, тұрмысы нашар
отбасыларға жәрдем ақысын, мұғалімдер мен
дәрігерлердің, қатардағы жұмысшылардың еңбек
ақысын, студенттердің стипендиясын көбейтуге
көп көңіл бөлді. Осының бәрі – тәуелсіз еліміздің
аяғынан тұра бастағанының белгісі. Жасыратыны
жоқ, бұл жағынан біз көршілес елдердің бәрінен де
ілгері тұрмыз. Тіпті кешегі өзіміз бағынып, өзіміз
қызмет жасаған бір кездегі Ресей қазіргі жағдайда
көп мәселені шешу жағынан бізден сабақ алып
жатқаны – бұл үлкен таңғаларлық мәселе емес
пе? Осыған әйелдер қауымының қосқан үлесі де
аз емес.
Әйелдерде
ылғи
басшылыққа
қарай
ұмтылатын мінез бар. «Әкімшілікте, үкіметте,
Парламентте әйелдер аз» деп айтып жатады.
Мен оны желеу сөз деп ұғынамын. Білім беру
саласында 90%, денсаулық сақтау саласында
80%-ке жуық әйелдер қызмет жасайды. Бұл –
үлкен күш емес пе? Осы екі саладағы туындап
отырған күрделі мәселелерді шешуге осы әйелдер
жауапты емес пе? Әркім өз орнында, өз еңбегімен
отанын нығайтуға қызмет етсе, соның өзі бақыт.
Солардың ішінен «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
шығып, басшы қызметтерге ұсынылып жатуы да
заңды. Оның үстіне әйелдердің мойнында отбасы
бақытын ұйымдастыру, бала тәрбиесі сияқты
жауапты міндеттер тұр. Жақсылық пен жамандық
отбасында берген тәрбиеден шығады. Жауапсыз
еркек, безбүйрек әйел, маскүнем, ақылсыз
боп туатын ешкім жоқ. Бәрі де адам бойында
тәрбиемен байланысты дамиды. Бұл – ұрпақтың
болашағын ойлау деген сөз. Бұл тұрғыдағы кінә,
алдымен, әйелге қойылады.
Біз өз еліміздің ерекшеліктерін ескермей, кейде
ойланбай, байыбына бармай терминдерді сырттан
алуға құмармыз. Осы тұрғыдан маған ұлттық
комиссияның атына қосылған «Гендерлік саясат»
деген сөз онша ойымызды қанағаттандырмайды.
Бұл – әйелдер мен еркектердің теңдігі деген сөз.
Кеңес тұсында осындай теңдікке қол жеткізген
едік қой. Әйелдердің теңдігіне қосақтану ерлерге
қаншалықты дәреже саналар екен? Отбасы және
әйелдер ісі жөніндегі комиссия осы жүйедегі
әйелдердің ролін көтеруге, еңбегін бағалауға,
жауапкершілігін арттыруға бағытталса, енді оны
еркектермен бөлісуі керек пе? Қанша дегенмен,
отбасы
жауапкершілігі
ерлі-зайыптының
мойнында екенін ұмытпау керек. Онсыз да еркек
мінезді әйелдер көбейіп бара жатқан кезде,
гендерлік саясат еркектердің құқын қорғай алады
деп ойламаймын. Жаратылыстың өзі анықтаған
әйел мен еркектің орнын алмастырмай, тепе-
теңдікті осы тұрғыдан түсіну орынды. Мен
эколог-ғалым есебінде табиғат тепе-теңдігін
бұзу жақсылыққа апармайтынын, оның өзі өмір
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
119
заңдылығын бұзу екенін тәжірибеден білемін.
Өзімнің өмірде байқағанымен бірге, сыртқы
елдерді көп аралап, сондағы еркек пен әйелдің
отбасындағы қатынасын талдай отырып, қазақтың
ұлттық ерекшелігі ретінде әкені дәріптеуді жас
ұрпақты тәрбиелеуде таусылмайтын қазына
ретінде бағалаймын. Әйел қауымына айтарым
тентек бала, ұшқалақ қыз, жігерсіз, намыссыз,
еліктегіш,
опасыз
ұлдардың
тәрбиеленуі
отбасымен бірге аналардың қатесі. Сондықтан, ер
адамдар құқын, мәртебесін көтерейік. Отбасында
еркек беделін қалыптастыра отырып бала
тәрбиесін әйел ұйымдастыруы керек. Сондықтан
«гендерлік саясат» ұғымына зиялы қауым
сақтықпен қарайық.
Әйелдердің
аналық
ролін
көтермей,
демографиялық жағдай да, балалардың денсаулығы
да, отбасының берекесі де, жастар тәрбиесі де
орнына келмейтінін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Соған шындап бет бұру қажет.
Бізде қазір жетім балалар көбейді. Балалар
үйлері жетіспейді. Бұрын қазақта осындай үйлер
болып па еді? Көрші Өзбекстанда ондай үйлер әлі
де аз. Өзбек отбасылар жетім балаларды асырап
алып, өз балаларына қосып, кішкентай кезінен
еңбекке, табыс табуға үйретеді.
Егемендік
алуымызбен
байланысты
мемлекетіміздің белгілі қайраткерлері, көненің
көзін көрген, елі жайлы ащы болса да шындықты
айтып, ұлтының рухани идеологиясының көп
мәселелерін қозғап жүрген азаматтар баршылық.
Бірақ олардың қолдау таппай жүргені ешкімге
жасырын емес. Депутаттар мен сенат мүшелерінің
кейбіреулері өзінің жеке басының тіршілігін
тұрақтандыру үшін күресуден аса алмай келеді.
Әйтпесе, тастанды балалардың шет елдерге асып
кетіп жатқаны, анаша жайлап бара жатқан, арақ
есеңгіреткен жандар мәселесі неге жеткіліксіз
көтеріледі. Кейде ұлттық идеология ерекшелігін,
елдің тарихын, тағдырын түсінетін адамдардың
аз да болса, барлығына шүкіршілік етесің. Ертең
олар кеткен кезде, орнын жаңа қазақ басса,
біздің ұлт тағдыры не күйге ұшырайды деген
қорқыныш та бар. Қазақ жерінің радиациялық
аймағында туған кембағал балалардың көптігі,
олардың тағдыры жайында кім не ойлайды?
Ұлттық намысын арқалаған зиялы қауым,
Парламент, Сенат мүшелері, қалталы азаматтар
осы балаларды асырап алып, отбасындағы өз
балаларымен қоса тәрбиелеуді неге ойланбайды,
осы арқылы халыққа неге үлгі-өнеге көрсетпеске.
Жетім балаға жылы әкелік алақан, аналық мейірім
керек қой. Ол да ел азаматы болып өседі. Біздің
шетелге кетіп жатқан балалардың қарғысы кімнің
мойнында. Елбасының жолдауындағы халық
санын 20 млн. жеткізу мәселесі де шешімін табуы
даусыз.
Осылай істеу бүкіл халқымызға тәрбие
мәселесін шешуге мұрындық болар еді. Бірақ
әйелдің ат үстінде көбірек жүруі оған өзге
бала түгілі, өз баласы тәрбиесіне көңіл бөлуге
мұрша бермейді. Жесірін сыртқа жібермей,
жетімін телміртпеген қазақ бұл күнде жоққа
тән. Бақылаудың жоқтығынан балалар қаңғыбас,
қыздары жезөкше боп жатыр. Туу азайды. Бұрын
бала тууды жоспарламай, алланың бергенін
қабылдай беретін қазақ әйелдері бүгін бір-екеуден
артық бала көтеруге бармайды.
Мемлекетіміздің ірге тасының нығаюы,
экономиканың тұрақтылығы, демографиялық
мәселелердің шешілуі мен ұлттық идеологияны
дамытуда аналардың қосатын үлесі ұлан-ғайыр.
Достарыңызбен бөлісу: |