Бас редактор



Pdf көрінісі
бет13/22
Дата14.02.2017
өлшемі2,99 Mb.
#4095
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
часть  третьего  поколения  казахов  и  других 
мусульман,  выросших  при  советской  власти  не 
владеет не только родным языком, но и не знает 
культуры,  истории  своего  народа,  его  религии, 
традиций  и  обычаев,  почти  полностью  утратила 
этнонациональную  составляющую  личности. 
Казалось  бы,  за  годы  независимости  должны 
были  быть  сделаны  определённые  шаги  к 
национальному  возрождению.  Но  на  практике 
мы  наблюдаем  очень  незначительные  сдвиги,  а 
местами даже серьёзный откат. Мы ясно отдаём 
себе  отчёт  в  том,  что  на  наших  глазах  казахи  и 
другие  мусульмане  становятся  маргиналами  на 
родной земле. Утрачивая многие основополагающи 
элементы  своей  культуры,  мы  приобретаем 
не  самые  лучшие,  часто  суррогаты,  чужой.  Не 
становясь  кем  –  то  другим,  мы  перестаем  быть 
самими собой.
Трудно смириться с таким положением. Выход 
нам видится в обращении, в пристальном внимании 
к  национальному  духовно  –  нравственному 
воспитанию на основе нашей истории, культуры, 
религии, традиций. 
У  нас  есть  все  возможности  начать  процесс 
формирования системы духовно – нравственного 
просвещения  и  воспитания,  и  было  бы 
ошибочным  не  использовать  их.  Нет  сомнений, 
что  ознакомление  молодёжи  с  первоосновами 
ислама, его историей, системой ценностей, этикой, 
обрядово  –  ритуальной  частью  имеет  важное 
познавательно – воспитательное значение. 
Мы  полагаем,  что  это  воспитание  должно 
быть  представлено  в  рамках  национально  – 
патриотического  образования.  Первостепенное 
внимание должно уделяться процессу овладения 
духовным богатством нашего народа, в результате 
которого  человек  мог  бы  стать  личностью  с 
гармоничным 
самосознанием, 
сочетающем 
в  себе  знания  с  высокой  нравственностью,  с 
развитой культурной деятельностью, поведением, 
чувствами, мышлением.
Другой 
стороной, 
диктующей 
нам 
необходимость активно заниматься религиозным 
просвещением,  является  слабая  защищённость, 
недостаточная 
философско-религиоведческая 
«экипированность» 
наших 
сограждан, 
сталкивающихся с агрессивным миссионерством.
Н. Романова отмечает: «Негативным аспектом 
деятельности  части  миссионеров,  прибывших 
из  –  за  границы,  является  желание  оторвать 
молодежь  от  своей  национальной  психологии, 
среды,  родных  и  близких  и  беспрекословное 
подчинение 
«духовным 
авторитетам», 
игнорирующих  национальные  интересы  и 
приводящие  к  национальному  нигилизму  (речь 
идет  о  представителях  разных  христианских 
конфессий)».
Печальную  роль  в  данном  случае  играет 
этническая  толерантность,  которая  в  данной 
ситуации является не столько безволием, сколько 
попустительством.  Долгие  годы  советской 
власти  сильно  повлияли  на  ментальность 
нации  и  взрастили  не  только  национальный 
нигилизм, но и вопиющую культурно – языковую 
безграмотность. 
Мы  полагаем,  что  определение  роли  и  места 
ислама,  его  вечные  ценностей,  в  национальном 
образовании  должно  стать  темой  глубокого 
исследования  со  стороны  верующих,  сведущих  в 
религии, профессиональных педагогов, психологов, 
имамов  и  других  образованных  мусульман.  Нам 
следует  принять  активное  участие  в  выработке 
концепции  национального  образования  на  основе 
ислама.  Она  должна  разрабатываться  с  учетом 
принципов суверенитета, уважения прав, свобод и 
равенства  граждан,  единства  казахского  народа  и 
межнационального согласия.
Большим шагом в формировании религиозно-
духовного  образования  и  воспитания  в 
Казахстане  является  включение  в  классификатор 
специальностей 
гуманитарного 
профиля 
специальности  «Теология  (исламоведение,хрис
тиановедение)  »  (бакалавриат,  магистратура)  и 
разработка  стандартов  по  данной  специальности 
для детских садов, школ, колледжей и ВУЗов. На 
сегодняшний  день  на  факультете  философии  и 

 84 
ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, 
талантты шығармашылық тұлғасын қалыптастыру 
– білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең 
маңызды мәселесі. Осы орайда, еліміз білім мен 
ғылымның  дамуына  жете  көңіл  аударып,  замана 
рухына сай келетін ұлттық білім үлгісін жасауды 
басты мақсат етіп отыр. 
Бүтін  бір  ұлт,  тұтас  мемлекеттің  келешегі 
бүгінгі  жас  ұрпақ  қолында  десек,  сол  ұрпақтың 
сапалы  білім  мен  саналы  тәрбие  алуы  «отбасы-
мектеп-мемлекет» бірлігімен тығыз байланысты. 
Бүгінгі  балдырғанның  қоғамға  лайықты  азамат 
болып  қалыптасуы  отбасы  мен  мектептен  алар 
білім  мен  тәрбиенің  түп  тамырында  жатыр.  Бұл 
ретте  «бүгінгі  білім  беру  жүйесі  қандай  болуы 
тиіс?»,  «тәрбие  негізі  қайдан  алынуы  керек?» 
деген сауалдардың кезексіз орын алатыны даусыз. 
Әрине, қашанда бала тәрбиесі — қоғам, мемлекет 
алдындағы  жауапты,  күрделі  міндет.    «Балаға 
білім  беру  үшін,  ең  алдымен  оны  тәрбиелеу 
керек,  тәрбиесіз  берілген  білім,  адамзаттың  қас 
жауы» (әл–Фараби). Сондықтан да, қазіргі қоғам 
жас  ұрпақты    жаңа  қоғам  мүддесіне  лайықты 
жан-жақты,  талғамы  жоғары,  білімді,  тәрбиелі, 
парасатты    тұлға  ретінде  қалыптастыруды  талап 
етіп отыр. Сонымен қатар, әлемдік білім кеңістігіне 
ену  мақсатында  білімді  жеке  тұлғаға  қарай 
бағыттау көзделіп, оқу-әдістемелік жүйесіне жаңа 
талаптар  қойылып  отыр.    Осы    орайда,  елімізде 
ұлттық  тәрбие  мәселесі  көтерілуде.  Ал,  тәрбие  
–  іркіліссіз,  әрі    кешенді  түрде  жүргізілетін  іс. 
Сондықтан  баланы  қазіргі  әлемдік  мәдениеттің 
рухымен қоректендіре отырып, ана тілі мен ділін, 
дінін,  дәстүрлі  мәдениетін  қастерлей  білетін 
жарқын тұлға ретінде қалыптастыру аса қажет. Ал, 
балаға  ата-анадан  кейінгі  ақыл-ой,  адамгершілік 
және  ұлттық  тәрбиені  сіңіруші  адам  –  мұғалім.  
«Мұғалім  қандай  болса,  мектебі  һәм  сондай 
болмақшы.  Яғни,  мұғалім  білімді  болса,  білген 
білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен 
балалар  көбірек  білім  біліп  алып  шықпақшы» 
(А.Байтұрсынов)
«Ата-ана-оқушы-мектеп» 
байланысын жандандыруда мұғалім  рухани уыз 
–  ұлттық  тәрбиеден  алшақ  кетпеуі  тиіс.  Себебі, 
ұлттық тәрбиенің басты мақсаты:
–  бүгінгі    жас          буынды                  ұлттық 
мәдениеттен нәр алған рухани адамгершілік, кісілік 
қасиеттері мол тұлға ретінде  қалыптастыру
–  ойлау қабілетін дамыту және эстетикалық 
тәрбие беру; 
–  ұлттық дүниетанымға сүйене отырып, жас 
ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет 
пен мақтаныш сезімін ұялату.
Тәрбиенің  бұл  мақсаттары  ұлттың  келешек 
ұрпағына  өнеге  көрсетуден  туындағаны  белгілі. 
Ал,  осындағы  ұлттық  тәрбие  –  белгілі  бір 
этностың  ұрпақтан-ұрпаққа  көбінесе  ауызша 
түрде  жалғасып  келе  жатқан,  халықтың  тарихи 
және әлеуметтік тәжірибесінің жемісі. Ол халық 
ертегілерінде, аңыздарында, жырларында, мақал-
мәтелдерінде  сақталып,  ұлттық  салт-дәстүрлер 
арқылы  көрініс  тауып  отырады.  Мұндағы 
көзделген негізгі мақсаттар: 
1. Баланың танымдық мәдениетін ояту;
2. Тілдік қоры мен  қиялын дамыту.
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру барысында 
бұл  айтылғандарды  ескере  отырып,  ең  алдымен 
оны бүгінгі күннің талап-тілегімен байланыстыра 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ 
Е. Қасенов –
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің оқытушысы
ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ 

 ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ
Түйін
Бұл  мақалада  ұлттық-патриоттық  тәрбиенің  ерекшеліктері  қарастырылған.  Автор  рухани  құндылықтарға, 
оның ішінде ислам іліміне назар аударуды ұсынады. Ол жас өскелең ұрпаққа саналы  тәлім-тәрбие беруге септігін 
тигізбек. 
Summary
In the article the features of national-patriotic upbringing are considered. The author urges to give particular attention 
to religious-spiritual education, especially to Islamic education as it bears the basic ideological and educational value for 
rising generation.
политологии  КазГНУ  совместно  с  Техническим 
комитетом  по  стандартизации  «Халал»  создается  
необходимая  учебно-методическая  база  для 
обучения студентов по специальности «Теология».

 85 
Резюме
В данной статье рассматриваются проблемы, возникающие в процессе  преподавания предмета «Национальное 
воспитание», его важность и полезность как учебной дисциплины.
Summary
In  the  article the  problems  that  appears  in  the  teaching process  of  a  subject  «national education»,  importance and 
necessity of introduction the such an academic subject are considered.
Қ.Ж. Аганина –
       
 
 
 
 
педагогика ғылымдарының докторы, доцент
С. Ыбышева –
ҚазМемҚызПУ-нің аға оқытушысы
ҰЛТТЫҚ   ҚҰНДЫЛЫҚТАР  НЕГІЗІНДЕ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ЖЕТІЛДІРУ 
Жалпы  білім  мазмұнын  жеке  тұлға  санасын 
қалыптастыруға, оның ойын дамытуға бағытталған  
білім,  білік,  дағдылар,  құзыреттіліктер    жүйесі 
ретінде қарастыруға болады. Демек, білім берудің 
негізгі  қағидаларын    анықтау  –  білім  мазмұнын 
таңдау ұстанымдарына тәуелді деуге болады.  Оқу 
материалдарын  іріктеуде    белгілі  дидактикалық 
ұстанымдарды: ғылымилық, тарихилық, тұтастық, 
жүйелілік,  тиімділік,  сабақтастық,  көрнекілік, 
бірізділік, жас ерекшелігіне сәйкестілік және соңғы 
уақытта  ұсынылып  жүрген:    ұлттық,  аймақтық 
ерекшеліктерін  ескеру  мен  мазмұнның  еліміздің 
әлеуметтік-экономикалық  даму  заңдылығына 
тікелей  сәйкес  келу    ұстанымдарына  міндетті 
түрде сүйенуіміз қажет. 
Білім  алушылар  тұлғасының  ұлттық 
психологиялық  ерекшелігі  ұлттық  психикалық 
құрылымға  байланысты.  Ұлттық  психикалық 
құрылым  үш  компоненттен  тұрады,  ол  ұлттық 
сезім,  ұлттық  салт-дәстүрлер  және  ұлттық 
мінез-құлық.  Осы  үш  бірлестік  ұлттық  мәдени 
ерекшеліктің шартты белгілері болып табылады.
Жоғарыда  айтылғандармен  қатар,    білім 
мазмұнын  жетілдіру  жұмыстарында  басты 
ескерілетін  мәселенің  бірі  –  болашақ  ұрпақ 
тәрбиесінің  негізі  боп  саналатын    Қазақстан 
Республикасы  азаматтарының  осы  өлкедегі  ата-
бабаларының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын оқып 
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ 
пайдалана білуіміз қажет; 
Екіншіден,  ұрпақ  тәрбиесінің  негізгі  түйіні 
болып  табылатын  адамгершілік-имандылық, 
ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне 
байланысты  мәселелерге  баса  назар  аударуымыз 
керек; 
Үшіншіден,  әрбір  жас  өрен  өз  халқының 
перзенті,  өз  Отанының  азаматы  болу  керек 
екенін,  ұлттық  болашағы  тек  өзіне  байланысты 
болатынын есте ұстауға тиіс. 
Бұл міндеттерді жүзеге асыруда ұлттық әдет-
ғұрыптар мен дәстүрлер көмектеседі. Сол арқылы 
жас ұрпақ өзінің ата-аналарының рухани мұрасын 
игере түседі.  
Түйіндей келгенде, ұлттық тәрбие  мемлекеттің 
нығая түсуіне оң әсер етеді және оның негізінде 
ұлт мүддесі жатыр. Сондықтан да, ұлттық тәрбие 
негізінде тәрбие беруде  адамзат баласының осы 
уақытқа  дейін  жасаған  озық  тәжірибелері  мен 
жетістіктерін  қолдан  келгенше  түгел  игеріп, 
қажетімізге пайдалануымыз керек. 
Озық жетiстiктерге негiзделген бiлiм нәрiмен 
қатар,  ұлттық  тәрбие  құндылықтарын  бойына 
сiңiрген  ұрпақтар  ғана  ұлт  тағдырын  тереңiнен 
таразылап, болашағын барынша болжайтын тұлға 
ретiнде  танылатыны  белгілі.  Ұлт  тағдырына 
бей-жай қарамайтын ұрпақ қана қазақ халқының 
ұлттық  болмыс-бітімін,  ұлттық  кейпін  сақтап 
қалмақ.  Бүгінгі  таңда  белең  алып  бара  жатқан 
жаһандануға  әрбір  ұлт  ұлттық  тәрбиені  тірек 
ету  арқылы  бой  алдырмасы  анық.  Демек,  бала 
тәрбиесінде  сан  ғасырлар  бойы  пайдаланып 
келген  халықтық  тәрбиені  оқу-тәрбие  үрдісінде 
тиімді пайдаланудың  маңызы зор. 

 86 
үйрену,  туған  өлке  тарихымен  тереңірек  танысу 
болуы шарт екендігінде.
  Әлемдік  деңгейдегі  тарихи  тұлғалардың, 
қазақ  ойшылдарының  өмірі  мен  еңбектерін  жас 
ұрпаққа  таныстырып,  олардың  адамгершілік, 
отаншылдық 
қасиеттерін 
қалыптастыру 
бағытындағы  жұмыстарды    жаңғырта  түсуге 
Қазақстан  ғалымдары  да  өз  зерттеулерімен  ат 
салысуда.  Елбасы “Біздің тағы бір аса маңызды 
идеологиялық  міндетіміз  –  қазақстандық 
отансүйгіштікке  тәрбиелеу,  әрбір  азаматтың 
өзін-өзі  айқын  билеуін  қалыптастыру.  Шынайы 
отансүйгіштікті, нағыз азаматтықты қалыптастыру 
жеке бастың өзін саяси тұрғыдан айқын сезінуін, 
өз  Отанын  саналы  түрде  таңдауын  көздейді”, 
–  деп  қазіргі  таңдағы  республика  жастарын 
отансүйгіштікке  тәрбиелеу-дің  маңыздылығын 
атап көрсеткен еді. 
Бұл  орайда,  қазақ  ойшылдарының  атқарған 
қызметтері мен олардың артқа қалдырған тарихи-
педагогикалық  мұраларына  ерекше  назар  аудару 
қажеттілігі,  оларды  білім  мазмұнын  таңдауда  
орынды да,  тиімді пайдалана білу  әлі де өзекті 
мәселе болып  қала береді. 
Ұлттық  тәрбиелілік  –  бұл  адамды  белгілі 
бір  ұлттың  өкілі,  ұлттық  дәстүрді,  халықтық 
тәжірибені  ұрпақтан  ұрпаққа  жеткізуші  ретінде 
сипаттайтын  адами  сапа  (қасиет)  болып 
табылады, ол ұлттық тұлғаның таным-білімімен, 
сана-сезімімен  және  алынған  білімді  іс  жүзінде 
жүзеге  асыра  алу  дәрежесімен,  мінез-құлқымен 
өлшенеді. 
Білім  беру  барысында  оқу  іс-әрекеттері 
арқылы  әр  оқушының  проблеманы  шешу
ақпараттық,  коммуникативтік  құзыреттіліктерін 
қалыптастыруға 
болады. 
Құзыреттілік 
қалыптастырудың  келесі  міндеті  әр  сабақтың 
өмірлік  жағдайлармен  байланыстылығы.  Бұл 
орайда, 
құзыреттіліктерді 
қалыптастыруға  
бағдарланған тапсырмалар қолданылады. 
Білім 
беруді 
жетілдіру 
мақсатында 
құзыреттілікке 
бағытталған, 
ұлттық 
құндылықтармен толықтырылған білім мазмұнын 
іріктеу  мәселесі  қазіргі  мектепке  кеңінен  еніп 
отырған  экономика  пәнін  түзіп  жетілдіруде 
кеңінен  қолданылуда. 
Мектепте  экономикалық  білім  беру  кеңінен 
өріс  алып  отырғанымен,  оның  кей  бағыттары 
әлі  де  толықтыруларды  қажет  етуде.    Осыған 
орай,  мектеп  оқушыларының  салық  мәдениетін 
қалыптастыру  экономикалық  білімді  жетілдіру 
бағыттарының бірі.
Өркениеттің  одан  әрі  қауіпсіз  және  тұрақты 
даму  үрдісінің  перспективалы  бағытына  білімге 
негізделген  даму  жатады.  Яғни,  әлемнің  түкпір-
түкпіріндегі және жеке елдердің дамудың тарихи 
тәжірибесі  мен  ерекшеліктерін  көрсететін  жеке, 
әрі  жалпы  жаһандық  білімнің  үнемді,  ұтымды 
дамуы  мен  тиімді  пайдаланылуы  қамтамасыз 
етілуі тиіс.
Өзінің тәуелсіздігін және дербестігін алған кез 
келген мемлекетке тұрақты, әрі күшті қаржылық 
база  қажет.  Яғни,  дербес  мемлекет  болған  және 
белсенді түрде нарықтық экономикаға өту кезінде 
салық мәдениеті елеулі орын алады. 
Экономикалық 
білім 
беруде 
жоғары 
сынып  білім  алушыларының  салық  мәдениетін 
қалыптастыруда «салық», «салық жүйесі», «салық 
кодексі», «салық салу», «салықтық бақылау» т.б. 
ұғымдары  түсіндірілуі  қажет.
Салықтар  –  экономикадағы  ең  қарама 
қайшылықты  сұрақтардың  бірі.  «Сіз  және  сіздің 
жанұяңыз  қандай  негізгі  салықтар  төлейді?», 
«Үкімет неге салықтар жинайды?», «Салықтарды 
кімдер  төлеуі  керек?».  Біздің  барлығымыз, 
қазіргі  қоғам  үкімет  салықтарсыз  ештеңе 
істей  алмайтындығын  толық  түсінгенімізбен, 
оларды  төлеу  мәселесі  қиын  болатыны  белгілі. 
Сондықтан  да,  мектеп  білім  алушыларының 
салық  мәдениетін  қалыптастыруда    ұлы 
ғұламаларымыздың еңбектерінде  көрініс  тапқан 
ұлттық  құндылықтарды  орынды  қолдана  білу 
мүмкіндігін кеңінен пайдалана  білуіміз қажет.
Салық мәдениетін қалыптастыру мәселесінің 
зерттелуін  салық  мәдениетін  қалыптастырудың 
тарихи  деректерінен  бастасақ,  сонау  Әмір 
Темір  /1333  жылы/  басқа  деректерде  /1336  жыл/ 
заманынан бастауға болады. «Темір жарғысының» 
маңызды элементі – экономикалық мәселелер. Ол 
негізінде  обьективті  көрсеткіші  бар  салық  салу 
жүйесін жасап шығарды. 
Темірдің  салық  жинау  принципі  –  ауқатты 
салық  төлеуші  мемлекетті  байытады  деген.  
Сондықтан  да,  ол  жер  өңдеу  ісіне,  кедейленген 
жер  иесіне  қатты  көңіл  бөлді,  жер  өңдейтін 
құрал саймандар бөлді, арықтың, жолдың дұрыс 
күйде  болуын  қадағалады,  көпірлер,  керуен 
сарайлары салынды, саяхатшылардың қауіпсіздігі 
қамтамасыз етілді. Демек, сонау заманнан бастап, 
салық  жүйесінің  қалыптасуына  негіз  салынған 
[1].  
Әл-Фараби  ілімі  тәрбиенің  әрбір  қоғам 
кезіндегі  (феодализм,  капитализм)  әлеуметтік 
мәнін  ашып,  экономика,  адамгершілік,  ақыл-ой 
тәрбиесінің мәселесін қарастырды.
Халқымыздың 
ағартушылары 
А.Құнанбаев,  Ш.Уәлиханов,  Ы.Алтынсарин, 
М.Жұмабаевтардың    еңбектерінде  де  көрініс 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ 

 87 
тапқан. 
Оқушылардың 
экономикалық 
тәрбие 
мәселесіне  арналған  бірқатар  жұмыстарында 
еңбекке  оң  көзқарас  пен  қоғамдық  меншікке 
ұқыптылық 
арасындағы 
байланысты 
қалыптастыру қарастырылды. 
Абай жастарға үлгі етіп ұсынған адал еңбек, 
ар-ождан  қай  дәуірде  болмасын  көнермейтін, 
адамды  қиыншылық  атаулыдан  аман-есен  алып 
шығатын  тіршіліктің  тұтқасы,  өмірдің  нұсқасы, 
жастарды алға жетелер жарық жұлдыз – нысаны 
екені даусыз. 
Сәкен  Өзбекұлының  “Нарықтық  қатынастар 
туралы  ойлар”  деген  мақаласында  Абайдың 
нарықтық  көзқарастары  біршама  дұрыс  та,  жан-
жақты  сараланғандығын  көруге  болады.  Атап 
айтқанда,  ғалым  мақаласында  былай  дейді:  “...
Абай  өз  заманының  талаптарынан  көп  алға 
кетіп,  көрегендік  пікірлерімен  қазіргі  нарықтық 
қатынастар,  бизнесті  ұйымдастыру,  еркін 
кәсіпкерлік,  капиталдың  алғашқы  кезеңінде 
қалыптасуы,  меншік  құқын  иелену,  пайдалану, 
билеу  сияқты  мәселелерге  сол  кездің  өзінде-ақ 
жауап  іздеген”.  Абайдың  өз  дәуірінде  айтқан 
пікірлері бүгінгі заманның талаптарымен ұштасып 
жатқанын анық аңғарамыз.
Ал,  Абай Құнанбаев еңбектеріне талдау жасап, 
Қазақстандағы  экономикалық  ой-пікірлердің 
дамуын  зерттеген  экономика  ғылымдарының 
докторы,  профессор  Дүйсенхан  Кабдиевтің 
еңбектерінен аңғарамыз. 
“Абай  Құнанбаев  өзінің  творчестволық 
еңбектерінде көптеген экономикалық мәселелерді 
көтеріп,  оны  ағартушылық  және  демократиялық 
көзқараспен      шешіп  отырған.  Көшпелі 
халқымыздың  шаруашылығын  жақсы  білетін 
ол, Қазақстанның  экономикалық даму болашағы 
жайлы  құнды  пікірлер  айтқан.  Бұл  пікірлері 
тарихи  жағынан  оқшаулау  болғанымен  қазақ 
халқының  әлеуметтік-экономикалық  пікірлерінің 
оянуына үлкен үлес қосқан”  [2].  
Шоқан  Уәлихановтың  күллі  еңбектерінің 
темірқазығы 
– 
қоғамның 
шаруашылық-
экономикалық 
проблемаларына 
арналған 
зерттеулері.  Бұған  «Қазақтардың  қонысы 
туралы», «Мал шаруашылығы – халық байлығы», 
«Өнеркәсіп  және  сауда»,  «Өнеркәсіп  және  ақша 
системасы» сияқты еңбектері жатады. 
Шоқан  еңбектерінде  өнеркәсіп  пен  сауда 
мәселелеріне де елеулі орын берілген. Шаруашылық 
феодалдық-отаршылдық шырмауында болуының 
салдарынан Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда 
өнеркәсіп өте баяу дамығаны мәлім. Патша өкіметі 
өнеркәсіптің  өркендеуіне  әдейі  кедергі  келтіріп 
отырды.  Бұл  Ресейдің  қосымша  шикізат  базасы 
деп  есептеді.  Қазақ  халқының  экономикалық 
жағынан дамуы Шоқанның негізгі арманы болды, 
бірақ,  ол  арманы  тек  біздің  заманымызда  ғана 
жүзеге аса бастады.
Шоқан  еңбектерінде  патша  өкіметінің 
Қазақстанда  жүргізген  экономикалық  саясатына 
айтылған құнды сын пікірлер де кездеседі.
ХІХ ғасырдың орта кезінде әр жүздің қазақтары 
Ресейге  әртүрлі  салықтар  төлеп  келді.  Мысалы, 
кіші  жүздер  жыл  сайын  түндік  басына  1  сом  50 
тиыннан күміс ақша есебімен үй салығын төлесе, 
ал орта жүздер әр жүз мал басынан бір мал төлеп 
отырды. Ал, кейбір жерлерде көлік беру салығы 
деген түрлері де болды. Бұл салықтардың түрімен 
бірге  салмағы  да  ауырлай  түсті.  Мысалы,  1822 
жылы  «Сібір  қазақтарының  уставы»  бойынша 
салық жоғарылап, әр жылқыдан 18 сом, сиырдан 
8 сом, қой-ешкіден 1 сом күміс жиналатын болған 
[3].  
Ғалым  Шоқан  өзінің  салық  туралы 
мақалаларында мұндай жайлардың заңсыз екенін 
дәлелдейді. Әсіресе, ешбір заңға симайтын «көлік 
міну  салығына»  қарсы  шыққан.  «Қазақтардың 
көлік  міну  салығында  ешқандай  тәртіп 
болмайтын»,  –  деп  көрсетті  ол.  Чиновниктердің 
көпшілігі қазірдің өзінде бір сапар үстінде 40-60 
жылқы  алады  және  иелеріне  ештеңе  төлемейді. 
Кейбір  жалға  алған  аттарды  қайтармай  кетуі  де 
жиі кездеседі». Патша чиновниктерінің осындай 
бассыздық  пиғылдарын  көрсете  келіп,  Шоқан 
өкімет  орындарынан  олардың  жолсыз  істерін 
қатаң жазалауды талап етеді.  
Қазақ халқының ағартушысы Ы.Алтынсарин 
мектепте  берілетін  экономикалық  тәрбие  мен 
дағдыны  халыққа  пайда  келтіру  тұрғысынан 
бағалады.    Ыбырай    Алтынсарин  бүкіл  өмірін 
мектеп  ашуға,  қазақ  балаларын  оқуға  тартуға, 
еңбекпен  айналысуға  үндеді.  Оқу-ағарту  ісіне 
Ыбырай  енгізген  жаңалық  қазақ  жастарына 
кәсіптік  мамандық  беру  мәселесін  көтере  білді. 
Ол  қазақ  халқының  шаруашылық-экономикалық 
дамуына  қажетті  мамандар  даярлау  ісіне 
ерекше  мән  берді:  қолөнер,  ауыл  шаруашылығы 
училищелерін ұйымдастырды. 
Қазіргі уақытта Ы.Алтынсарин еңбектерінің, 
идеяларының  оқушыларға  экономикалық  білім 
беруде  маңызы  зор.  Ол  еңбектерінде  жастарды 
сабырлыққа,  әдептілікке,  ұқыптылыққа,  еңбек 
сүйгіштікке  үйрете  отырып  тәрбиелеуді  мақсат 
еткенін көреміз [4].  
Ы.Алтынсариннің көлемі шағын әңгімелерінде 
еңбек,  байлық,  кәсіпкерлікті  үйрену,  баюдың 
жолдары  нақты  мысалмен  түсінікті  жазылған. 
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ 

 88 
Приобретение  независимости  поставило 
перед  Казахстаном  новые  задачи  и  новые 
ориентиры,  направленные  на  повышение 
национальной 
конкурентоспособности. 
Образование  определяется  как  один  из 
приоритетов 
 
государственной 
политики 
социально-экономического  развития  страны.  За 
годы  суверенитета  республики  и  становления 
его  новой  государственности  произошло 
реформирование  всех  ступеней  образования, 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет