салт-дәстүрлерін меңгеру арқылы ұлттық
санасының, намысының, мінез-құлқының,
сезімінің қалыптасуын айтамыз” (5). Өйткені,
ұлттың ана тілі, ата тарихы, төл мәдениеті, ұлттық
салт-дәстүрлері сол ұлттың ғасырлар бойы
қалыптасқан ұлттық құндылықтары.
Жоғарыда жасалған қысқаша шолулардан
соң, ұлттық тәрбиенің бір аспектісі ретінде оның
қазіргі дүниежүзілік қаржы және экономикалық
дағдарыстың пайда болу себебін, дағдарыстан
шығу және дамудың кепілі екендігін дәлелденуді
жөн көрдім.
«Қазақстан-2030» даму стратегиясын жүзеге
асыру мақсатында Елбасы жылма-жыл Қазақстан
халқына Жолдау жасауда. Мысалы, «Дағдарыстар
өтеді, кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты,
ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі
қалады» деп ұлттық құндылықтардың мәнділігі
мен маңызына айрықша тоқталды. (7) Сондай-
ақ, дағдарыстан шығу, одан даму үшін Елбасы
«Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу
- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» халыққа
Жолдауында жасады.
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
73
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
ӘДЕБИЕТТЕР:
Жұмабаев М.
1.
Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992.
Наурызбаев Ж
2.
. Ұлттық мектептің ұлы мұраты. – Алматы: Ана тілі, 1994.
Оразбекова К
3.
. Жеке тұлға ұлттық тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздері. – Алматы: Дәуір,
2000.
Қожахметова К.
4.
Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: теория және практика. – Алматы: РБК, 1998.
Бөлеев Қ.
5.
Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау: теория және
практика. – Алматы: Нұрлы әлем, 2004.
Айталы А
6.
. Ұлттану. – Алматы: Арыс, 2000.
Дағдарыстың пайда болу себептерін, одан
шығудың жолдарын, дағдарыстан қалай дамуға
болатынын әр ғылым саласы зерттеп, өз шешімдерін
айтуда. Ал ғалым-педагогтар, педагогика
ғылымы, оның ішінде қазақ педагогикасы еліміз
дағдарыстан дағдырып қалмас үшін білім беру
саласында жоғарыда туындап отырған сұрақтарға
қандай жауап айта алады?
Педагог-ғалым ретінде ол сұрауларға менің
жауабым төмендегідей:
1. Дағдарыс Батыс елдерінен келді, ал Шығыс
елдері дағдарыс салқынын онша сезбеуде.
2. Әр ұлттың өз ұлттық құндылықтары бар. Осы
ұлттық құндылықтарды жеке адам, қоғам өмірінде
ескермеу қазіргі дағдарыстың басты себебі. Батыс
елдерінің ұлттық құндылықтар жойылған, ал
Шығыс елдері ұлттық құндылықтарын тұрақты
басшылыққа алып, өмір сүреді. Сондықтан, ол
елдердегі дағдарыстың әртүрлілігі осында жатыр.
3. Дағдарысты болдырмаудың, дағдарыстан
шығудың кепілі және ең дұрыс жолы әр ұлттың
ұлттық құндылықтарын ескеріп, оларды тұрақты
басшылыққа алу қажет.
4. Дағдарыстан дамудың жолы – бүкіл қоғам
мүшелерінің бойына ұлттық құндылықтарды
қалыптастыру.
5. Ұлттық құндылықтарды қалыптастыру
үшін еліміздегі үздіксіз білім беру жүйесіне
сол құндылықтарды ендіріп, бүкіл қазақ
халқының, әсіресе, жас ұрпақ пен жастардың
ұлттық дүниетанымын қалыптастыру қажет.
Өйткені “Ұлттық дүние таным – профессор
А.Айталының айтуынша – ұлттық болмыс
көрінісі, саяси, адамгершілік, эстетикалық, діни
наным-сенім, тәрбие, тарихи сана, басқа да
дәстүрлі мәдени-рухани көзқарастар жинағы”
(6,216 б.) Сондықтан, “Ұлттық тәрбие –
жеке тұлғаның ұлттық құндылықтар арқылы
ұлттық дүниетанымының қалыптасуы” деген
анықтама беруге болады.
Айтылғандарға мысал ретінде Жапон
елінің оқу орындарында білімі сапалы, ғылыми
жетістіктері мол, техникасы керемет, экономикасы
мен тұрмыс-тіршілігі дамыған себептерін
сұрасаңыз, олардың айтары: біздің күшіміз
ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиелік
дәстүрімізде деп, күлімдеп жауап береді.
Сонымен, дүниежүзілік дағдарыстың
пайда болу себебі ұлттық құндылықтарды
ескермеудің салдары деп есептеймін.
Ұлттық тәрбиенің көрсеткіштері, нәтижесі
және қажеттігі туралы бірер ғана сөз, өйткені
бұл ұғымдар өз алдына зерттеуді қажет ететін
мәселелер.
Жеке тұлғаның ұлттық тәрбиелілік
көрсеткіштеріне, меніңше, оның ұлттық
санасының, намысының, мінез-құлқы мен
сезімінің қалыптасу деңгейі жатады, яғни ұлттық
дүниетанымының қалыптасу дәрежесі.
Ұлттық тәрбиенің нәтижесі: Ұлттық тәрбие
алған жеке тұлға – дені сау, еңбекқор, ақылды,
білімді, сұлу да сымбатты, адамгершілікті,
иманжүзді, туған жерін, ұлтын, елін, Отанын,
туған табиғатын сүйетін, аялайтын, қорғайтын
ұлтжанды азамат, яғни “Сегіз қырлы, бір сырлы
азамат” деген сол.
Ұлттық тәрбиенің қажеттігі – ұлтжанды
азамат тәрбиелеу және қазақ қоғамында орын алып
отырған қайғылы қасіреттер мен құбылыстар:
ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін, ұлттық
салт-дәстүрлерін және дінін білмейтін жастарды,
тәрбиесіз қыз бен ұлды, тастанды жетім
балаларды, қарттар үйлерінде жылап отырған
әжелер мен аталарды, отбасын құрмаған және
ажырасқан жастарды, қаулаған қылмысты, темекі
шегетін, наша тартатын, ішкілік ішетін жастарды,
жезөкшелікті, жұмыссызды дағдарысты т.б. алдын
алып болдырмаудың, олардан құтылудың бірден-
бір кепілі деп есептеймін.
Қорыта айтарым, жеке тұлғаға ұлттық тәрбие
беру көпсалалы, көпаспектілі кешенді үрдіс, ал оны
жүзеге асыру арқылы халқымыздың тәрбиелілігі
артып, еліміз экономикасы дағдарысқа ұшырамай,
дамып, дүниежүзінің дамыған елдерінің алдыңғы
қатарында болары һақ.
74
Тұлға – белгілі даму деңгейіндегі кемелді,
дамыған саналы, мінез-құлқы салыстырмалы
түрде тұрақты, сондай-ақ өзінің қалыптарын және
әлеуметтік ортамен қатынасын реттеуге қабілетті
адам.
Айтылғанға орай, тұлға ұғымының қандай да
бір керемет жетістіктерімен байланысты болуы
міндетті емес. Әрбір қарапайым ересек адам
– тұлғаның негізгі және анықтаушы белгілері
мыналар: сана-сезім, даралық сипаттар, өзін-өзі
меңгеру, белсенділік, басқа адамдармен дұрыс
қатынас жасау.
Индивид – жеке тұлға, бір адам. Даралық
– бұл адамның өзіндік ерекшелігі. Даралық
қайталанбайтын, тек бір адамға ғана тән қасиеттер
мен ерекшеліктер, бір адамды өзгелерден
ажыратып
тұратын
қасиеттер.
Даралық
белгілі деңгейде тұлғаны басқалардан мәнді
ерекшеліктерімен ажыратады. Бұл адамдағы ынта,
қабілеттіліктер, мінез ерекшеліктері. Адамның
жекелеген қасиеттеріне негізінен оның кәсіптік
жарамдылығы бағынышты. Адамның даралық
ерекшеліктері индивидтің даму барысында
қалыптасады. Осы үрдіс кезінде жүйке жүйесінде,
ақыл-ойда, сезімде және жігерде, ынтада,
бейімділікте, қабілетте, дарында, темпераментте,
мінез-құлықта өзгешеліктер байқалады. Бұл
ерекшеліктердің бәрі адамның мінезіне, яғни, оның
оқудағы және жұмыстағы жетістігі мен сәтсіздігі
бағынатын тұрақты психикалық қасиеттерге
айналуы ықтимал. Адам дамуына бірнеше белгілі
факторлар әсер етеді. Мұндай факторлардың бір
тобын биологиялық факторлар тобы деп атауға
болады. Оған тұқым қуалаушылық факторлар, туа
біткен қылықтар жатады. Даму факторларының
екінші тобы әлеуметтік факторлар деп аталады
және оған өмірдің қоғамдық шарттары, өмір сүріп
отырған орта және мақсатқа бағытталған тәрбие
жатады.
Әрбір ересек адам күрделі ішкі құрамы бар
тұлға. Жасөспірімге мамандық ұсынғанда, оның
қандай да бір жеке қасиетіне емес, қайта тұлғалық
қасиеттеріне сүйенген дұрыс. Жеке адамның
дамуына туа біткен және әлеуметтік факторлар
әсер етеді.
Тұлғаның әр түрлі қасиеттерін қалыптастыруда
тұқым қуалаушылық факторы мен қоршаған
ортаның рөлі бірдей емес, сондықтан тәрбие
жолымен нені жасауға болатынын әрдайым есте
сақтаған жөн.
Кәсіби бағдар жұмысының нәтижесі
оқушыларда қалыптасқан кәсіби таңдаудың
болуы. Сондықтан кәсіби бағдарда басқару тетігі
жеке адамның кәсіби таңдауын дамыту арқылы
ғана іске асады.
Бұл дамудағы бірінші кезең – жеке кісіге
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Ж. Түрікпен-Ұлы –
педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор
Ә.И. Бөлшекбаева –
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Магистратура және
докторантура PhD институтының маманы
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҰЛҒА БОЛЫП ҚАЛЫПТАСУЫНДА ЕҢБЕК
ПЕН КӘСІПТІК БАҒДАРДЫҢ РӨЛІ
Дағдарыстан – жаңару мен дамуға. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
7.
Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана: Елорда, 2009.
Айталы А.
8.
Ұлттану. – Алматы: Арыс, 2000.
Дағдарыстан – жаңару мен дамуға. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
9.
Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана: Елорда, 2009.
Резюме
В статье сделан краткий обзор национального воспитания, одним из аспектов которого является развитие
страны и выход из всемирного экономического кризиса.
Summary
In the article the short review of the national education is made, one of the aspects is state development and an exit
from the world economic crisis.
75
қоғамдық ұйымдардың, әлеуметтік жағдайдың
әсерімен болатын, өз мақсатын белсенді түрде
іздеу кезеңі.
Екінші кезең – өмірдегі өз орнын таңдау және
өз мақсатын толық, терең түсінуі.
Үшінші кезең – өмірлік құндылықтарды жеке
тұлғаның жүзеге асыру кезеңі.
Мамандық таңдауға ықпал ететін күштер жеке
адамның барлық жағын қамтып отырғанда ғана
тиімді болады. Жас жеткіншектердің мамандық
таңдауы, өзінің кәсіби бағдар іс-әрекетінің
субъектісі ретінде анықталады.
Оқушының мамандық таңдауы табысты
аяқталу үшін оған кәсіби қажетті қасиеттер болуы
шарт. Кәсіби қасиеттер дегеніміз, сол таңдаған
мамандығына орай психикалық, физиологиялық
және физикалық түрдегі әзірліктің бар болуы және
сол мамандық талап ететін шарттарға икемділік
таныту.
Мамандық таңдау үрдісінде кәсіби сана-сезім
көп әсер етеді. Жеке кісінің өз мақсаттарына,
ұстаған идеясына, ойлаған құндылықтарына өз
мүкіндіктерінің сайма-сай келгені дұрыс.
Сана-сезімнің нақты формасы өзін-өзі
бағалау. Бұл қасиет ішкі реттендірудің басты
шарты болып табылады. Сол арқылы оқушы қай
кәсіпті таңдайтынына зер салып, әрекет етеді.
Жоғары сынып жасындағы оқушылар үшін
жетекші іс-әрекет білім алумен қатар, болашақ
мамандығына ұмтылу болады. Енді ол өз күшін
болашақта қалаған мамандығына қажетті пәндер
мен білімге көп көңіл бөле отырып жұмсайды.
Оқушылардың барлық іс-әрекеттері өзара
байланысты болса және оған ұйымдасқан
психологиялық
ықпал
жасаса,
ол
өз
мамандығын таңдау жолында кездесетін қарама-
қайшылықтарды шеше алады. Оқушы жастардың
кәсіби бағдар таңдауына тиімді басшылық жасау
үшін белгілі көрсеткіштерді негіз етіп алу қажет.
Олар:
кәсіп жайлы хабарлануы
-
(таңдаған
мамандығын оқып үйренетін оқу орындарын,
сол кәсіптің мазмұнын, экономикалық аймақтың
мамандарға сұранысын білуі);
кәсіби қызығушылықтың қалыптасуы;
-
белгілі бір кәсіпке арнайы қабілеттердің
-
бар болуы (жаратылыстану ғылымдарына,
қоғамдық ғылымдарға, өнерге, спортқа т.б.);
таңдаған мамандық бойынша өмір
-
тәжірибесі (үйірмелерге, факультативтік пәндер
тобына қатысуы т.б.);
кәсіптік ойындарға қатынасуы;
-
кәсіптік икемділіктің нақты дәрежесі;
-
денсаулық
жағдайы
-
(дәрігерлік
көрсеткішке сәйкес кәсіпке жарамдылығы).
Оқушылардың кәсіби таңдауы әр сатыда
әрқилы көрінеді. Сол себепті кәсіптік бағдардың
психологиялық мәнін білу жеткіншектердің
психологиясын және жас ерекшеліктерін ескере
отырып, оның даму сатыларын анықтауға
мүмкіндік береді. Мамандық таңдау сатылары:
а) ізденіске бағыттаушылық (І-IV) сыныптар; ә)
субъективті құндылықтарға сүйену (I-VIII); б)
әлеуметтік негізде (ІХ-ХІ).
Оқушыларда кәсіби таңдаудың қалыптасу
негізі кәсіби шарттардың орындалуы болып
саналды. Ол шарттарға мыналар жатады: таңдаған
мамандықтың елдің кәсіби мұқтаждықтарына сай
келуі, таңдаған кәсіптің оқушының ынтасына
сәйкес келуі, түлектердің өндірістік және қоғамдық
белсенділігінің жоғарылылығы, мамандығына
қанағаттануы, оқушының өз икемділіктері мен
мүмкіндіктерін қоғам мұқтаждығымен бірге
қарастыруы, осы үрдісті көңіл-күймен сезінуі.
Мектептегі оқу үрдісінде жүзеге асатын
кәсіби бағдар мақсаты мен міндеті оқушының
дүниетанымдық көзқарастарымен қатар дамып,
ұштасып отыруы керек. Жасөспірімдердің кәсіби
бағдар үрдісінің дамуында оқу, еңбек, қоғамдық-
саяси жұмыстар жетекші орын алады.
Ғылыми-техникалық прогресс жағдайындағы
өндірістік күштердің жедел дамуы, өндірістің
автоматтандырылуы мен жаңа технологиялардың
өмірге енуі және нарық қатынастарына бейімделген
қазіргі экономикаға зәру мамандарды даярлау күн
тәртібіне қойылып отыр. Сол себепті жастардың
кәсіби мамандық таңдау жолына қоғамның
мақсатты түрде ықпал етуі қажет болып отыр.
Ол маңызы бар шараға айналып отыр. Кәсіби
бағдардың оқушылар арасындағы қоғамдық
рөлінің ұлғаюы осы үрдісті басқарудың ғылыми
жүйесін құруды талап етеді.
Кәсіби бағдарды басқарудың тиімді тәсілдерін
дұрыс таңдау адамның еңбегіне деген қажетін
анықтайтын мынадай факторларға тәуелді:
1)
қоғамның
әлеуметтік-экономикалық
құрылымы;
2) белгілі бір еңбек түрінің технологиялық
және
функционалдық
ерекшеліктерінің
мазмұны;
3) жас адамның бойындағы белгілі бір кәсіби
бағдар негіздерін, қызығушылықты, икемділ
іктерді,қабілеттердідамытып, қалыптастыру үшін
жеке кісіге психологиялық әсер ету.
Қазақстандағы
білім
беру
жүйесін
реформалаудың ең басты міндеті балаға өмірде
қажет болатын білім беру, оны алдын ала белгілі бір
мамандыққа дұрыс даярлап икемдеу. Оқушының
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
76
ел ертеңі үшін нағыз азамат болып, тәрбиеленіп
шығуы үшін мектептерде қоғамдық пайдалы
еңбектің маңызы зор. Кейбір мектептердегі шағын
цехтар өнім шығарумен айналысып, оны өткізіп
табыс табуда. Осыған орай, мектеп жасындағы
балалардың еңбекке араласуы жасына қарап
анықталып, арнайы бағдарлар жасалып, еңбек
сабақтарын көбейтуді қажет етеді. Мектеп тек
қана орта білім беру ғана емес, сонымен бірге
жасөспірімдерге арнаулы еңбек дағдыларын
үйретіп, кәсіптік даярлықтан өткізу керек деген
идея осы реформалардың негізі болып отыр.
Мамандық таңдау үшін әр түрлі іс-әрекеттер
үрдістерінде тұлғалық даму динамикасына
негіздей қарауды талап етеді. Ол іс әрекеттер
мыналар: танымдық, қоғамдық пайдалы еңбек,
коммуникативті (қарым-қатынас) әрекеттер.
Мектеп
оқушыларының
кәсіби
қызығушылықтары негізінен алғанда оқу
(танымдық) іс-әрекеті кезінде қалыптасады
да, «күшті сынау», яғни өндірістік еңбекте
бекітіліп, кейіннен мамандық таңдауға айналатын
икемділіктер дәрежесіне көтеріледі. Сонымен
қатар, жасөспірімнің санасында өзін болашақ
кәсіпкер мамандық иесі ретінде сезінуі, өндірістің
әр саласында қызмет жасап жүрген адамдарға
еліктеуі мамандық таңдауын жетілдіреді. Бұл
жұмыстар ортақ жүйе ретінде қарастыруды талап
етеді. Кәсіби бағдар жүйесінің құрылымдық
элементтері оның мақсаттарын орындауға
бағытталған. Сонымен бірге әрбір элементті басқа
дәрежедегі жүйе ретінде қарауға болады. Ол өз
кезегінде өзіне тиіс міндеттерін шешеді. Сатылық
ұстанымы көп дәрежелі және көп баспалдақты
күрделі және үлкен жүйелерді қарастырады. Әрбір
саты (дәреже) төменгі сатыны басқарады да, бір
мезгілде жоғары дәрежедегі сатының басқарылу
нысаны болып табылады. Негізінен алғанда кәсіби
бағдарды басқару мына үш сатыда жүзеге асады:
әлеуметтік, ұйымдастырушылық, педагогикалық-
психологиялық.
Әлеуметтік сатыда кәсіби бағдарды басқару
қоғамдық масштабта жүзеге асырылады.
Бұлар жекелеген шаралар мен байланыс
құралдары арқылы жасалынатын үгіт-насихат.
Ұйымдастырушылық сатыдағы кәсіби бағдарды
басқару оқу тәрбие үрдісі үстінде жүзеге асады.
Педагогикалық, психологиялық сатыдағы кәсіби
бағдарды басқару сынып жетекшінің, кәсіби бағдар
беруші мамандардың, мектеп психологтарының
оқушымен тікелей қарым-қатынас жасауы
нәтижесінде жүзеге асады.
Кәсіби бағдарға ықпал етуде біріктіру
ұстанымы – бүгінгі таңдағы ең бір маңызды
ұстанымдардың бірі болып отыр. Өйткені, кәсіптік
таңдауға әртүрлі факторлар әсер етеді (әлеуметтік
орта, мектеп, отбасы, өндірістік ұйымдар,
бұқаралық ақпарат құралдары, оқу орындары,
шағын топтар т.б.).
Профессиографиялық
зерттеулерді
ұйымдастыру және жүргізу.
Профессиографиялық зерттеу дегеніміз
берілген еңбек түрінің кәсіптік сипатын
көрсету үшін оқушының белгілі бір кәсіпті
өз бетінше әр қырынан үйретуі. Жұмыстың
бұл түрі арнайы жасалған кәсіптік бағдар
беру
сабақтарының
жүйесіне
енгізіледі.
Профессиографиялық зерттеулерді жүргізуге
дайындық
кезінде
оқушылардың
өткен
сабақтарда алған білімдері ескеріледі (мамандық
құрылымы
туралы),
зерттеулер
арнайы
сабақтарда басталып, аяқталады. Ұйымдастыру
және жүйелеу жұмыстарының қорытындысы
дайындалатын сабақтарда және өткізілген
зерттеу, талқыланатын сабақтарда шығарылады.
Өткізу тәсілі жағынан да, өзіндік мазмұнының
күші жағынан да профессиографиялық зерттеулер
оқушылармен жүргізілетін кәсіби бағдарламалық
жұмыстың ерекше түрі болып табылады. Арнайы
дайындықтан кейінгі жұмыстың негізгі бөлігі
мектептен тыс, таңдап алған мамандық бойынша
жұмыс істейтін нысандарда немесе осы салада
мамандар даярлайтын оқу орнында өткізіледі. Бұл
жұмыс кезінде оқушылар мамандық жайлы алған
білімдерін көрсете алады, жаңа материал жинайды
және білімдерін әрі қарай жетілдіре түседі.
Мамандық туралы материалдарды өз бетінше
игеріп, мамандардың жұмысын бақылап, кездесетін
қиындықтарды сұрап, алдағы сабақтардағы
өз мүмкіндіктерін білетін оқушы еңбектің бұл
түріне өзінің икемділігін сезеді. Мамандық
туралы тереңірек білген сайын оны таңдауға
саналы да еркін қатыса алады. Мамандыққа өз
бетімен үйрену оқушыны еңбекке талдау жасай
білуге машықтандырады, кәсіптік бағдар беру
жұмыстарының басқа түрінде белсенділік
көрсетуге
үйретеді.
Профессиографиялық
зерттеулер мамандықты танып білумен ғана
шектелмейді. Профессиографиялық біліктілік
қоғамдық сипатта болады, оны мектепте оқу
нысаны бола алмайтын, бірақ оқушыларды
қызықтыратын еңбек түрлеріне сай көшіруге
мүмкіндік бар.
Орта мектептегі кәсіби хабарламалық
жұмыстың
түрлі
формаларының
ішінде
оқушылардың мамандармен кездесуі көрнекті
орын алады. Жақсы ұйымдастырылған кездесу
оқушыны танымдық белсенділікке тәрбиелеп,
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
77
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
оның сапасында терең із қалдыратын тәжірибе
көрсетіп жүр. Кей кездерде мұндай іс-шаралар
тиімсіз өткізіледі, нақтылы мамандық туралы
оқушының еш түсінігі болмайды, мамандыққа
деген терең көзқарас қалыптаспайды. Мұның
себептері түрліше болуы мүмкін. Оқып-үйреніп
жатқан мамандық өкілі ертең мектеп бітіргеннен
соң, оқушылар тек осы мамандықты таңдасын
деген мақсатпен нысандағы мамандықтың тек
жақсы қырларын баяндайды.
Белсенділіксіз кәсіптік бағдар беру тиімділігі
нөлге теңелетіндіктен, мұндай ақпар оқушының
танымдық қажеттігін қанағаттандырмайды. Ақпар
қабылдауға оқушы даярлығының аздығынан да
кәсіптік бағдар беру кезедесулері алға қойған
кәсіптік бағдар міндеттеріне сай болу үшін, ол
арнайы дайындалуы керек. Біріншіден, ақпарлық
материал педагогикалық тұрғыдан дұрыс талдануы
керек (мазмұны жағынан профессиографиялық
және оқушылардың қабылдауына жеңіл),
екіншіден, оқушылардың профессиографиялық
материал туралы жағымды пікірін қалыптастыру
дұрыс.
Бірінші талап, маман шартты түрде өз
әңгімесінде мамандық туралы әлеуметтік-
экономикалық,
технологиялық
аспектіден
басқа оны қанағаттандыратын, мамандықтың
талаптарын шығармашылықпен шешетін, адамның
психологиялық-физиологиялық, сапалары мен
қажеттіліктері туралы айтуы керек.
Профессиографиялық
кездесу
кезінде
оқушылар алған ақпарлық материалдың толықтығы
мен объективтілігі оқып-үйренген мамандық
туралы дұрыс көзқарас қалыптастырады, оның
тартымды жақтары мен шығармашылық сәттерін
сезінуге, кедергілерден сүрінбей өтуге үйретеді.
Еңбектің нәтижесі оқушының қызығу қабілеті
мен талаптану мүмкіндігіне байланысты екеніне
оқушының көзі жетеді.
Екінші талап, маман әңгімесінің қабылдауға
болатын аяда құрылуы, оның дәлелдік факторын
күшейтеді, ал мамандықтың психологиялық
құрылымын ашу оқушылардың жауапкершілігін
арттырады. Мұны мойындау оның логикалық-
психофизиологиялық мүмкіндігін сарапқа салуға,
осы мүмкіндіктерді өз бетінше бағалап, мамандық
талаптарына орай саралауға итермелейді.
Осының нәтижесінде белгілі бір мамандықты
оқып-үйренуде дұрыс көзқарас, қолайлы жағдай
қалыптасады.
Осы кезеңдердің бәріне сынып жетекшісі
белсене араласады. Ол кездесуді өткізуге
бағытталған барлық жұмысты жоспарлайды,
ұйымдастыру мәселелері мен оқу-танымдық
материалдарға жауап береді, профессиографиялық
материалдарды жинастыруда оқушылардың өз
бетімен жұмыс істеуін қадағалайды.
Оқушының ынта-ықыласы мен бейімінің
қалыптасуына ықпал.
Психология ғылымында пәнге деген
ықылас таңдап алу және танып-білу түрінде
қарастырылады. Ықыластың қайнар көзі қоғамдық
өмірде жатыр. Адамға ықылас болып көрінетіннің
бәрі объективті шындықтан алынған. Оқушының
ынта-ықыласы шындық өмір жағдайында
қалыптасуы керек. Өзінің бағыты жағынан
оқушының ынта-ықыласы әр түрлі болады:
көркемдік, спорттық, техникалық, танымдық
т.б. Егер оқушы белгілі бір іс-әрекетпен ұдайы
шұғылданса, онда ықылас соған бейімделеді.
Ықылас ұғымымен бейім тығыз байланысты.
Егер танымдық ықылас белгілі бір пәнге ауысса,
онда бейім белгілі бір әрекетпен айналысуға
деген бағытты білдіреді. Бейім сол әрекетті сәтті
орындағанда және жақсы эмоциямен қабылдағанда
ғана байқалады.
Оқушыға мамандық таңдауға көмектесу –
сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерінің бүкіл
оқу-тәрбие үрдісіндегі ең негізгі міндеті, оның
белгілі бір еңбек түрін танымдық ықыласы мен
бейімділігін қалыптастыру. Бұған, ең алдымен,
оқушыларды үйірме жұмысына тарту арқылы
қол жеткізіледі. Үйірме сабақтары кезінде оқушы
өзінің мүмкіндіктері туралы үйірме жетекшісімен
әңгімелеседі, білімін әрі қарай тереңдетіп, кеңейту
жөнінде кеңес алады, мамандық таңдау жөніндегі
жоспарын нақтылайды.
Сынып
жетекшісі
жоғары
сынып
оқушыларын
ЖОО-ның
факультативтік
сабақтарына,
ғылыми
лабораторияларына,
мәдениет үйлеріндегі ғылымның әр саласы
бойынша оқылатын лекцияларға қатыстырып,
пән
бөлмелерін
жөндеуді,
кезекшілер
тағайындауды, оларға белгілі бір мақ-сатта
ғылыми-көпшілік әдебиеттерді жинауды үйретіп,
экскурсиялар мен политехникалық мұражайға
баруды ұйымдастырып, «Жас конструктор»,
«Жас техник», «Шебер қолдар» конструкторын
өткізуге жоспар жасайды. Мамандыққа және
оның талаптарына оқушының ықыласы мен
бейімі, жеке басының ерекшеліктері сәйкес
келген жағдайда мамандықты әрі қарай игеруі
үшін нақты жағдайлар мен әрекеттер жасалады
(жеке тапсырмалар беру, арнайы дамытатын
білік, арнайы кітаптармен таныстыру, мамандық
туралы реферат әзірлеу, мамандармен кездесу
т.б.), еңбекке үйретуде баланың тілегі ескеріледі.
Бұл жерде оқушыны мамандықтың талаптарымен
78
Құрметті Мақтай Рамазанұлы! Біздің
Абай атындағы ҚазҰПУ-і Республикамызда
жас мамандарды, яғни келешекке тиянақты
білім беруге, тәрбиеге үлес қосып жүрген
Ұлттық оқу орны. Осы мақсатты түбегейлі іске
асыру мақсатында осы Университетте Ұлттық
тәрбиеге арналған журнал шығаруды қолға
алып отырмыз. Өйткені, бүгінгі жағдайда
Қазақстан Республикасының экономикасының
дамуы мен кеңістік ауқымының кеңеюімен
қатар, ұлттық идеологиямызға, ұлттық
тәрбиеге аса көңіл бөлетін уақыт жетті деп
ойлаймыз. Өйткені, рухы берік халық қана
өскелең өркениетті ел бола алады, мемлекет
құра алады.
Мақтай аға! Сіз еліміздегі өзіңіздің
қажырлы еңбегіңізбен, ұлтжандылығыңызбен
Қазақстанның Кеңес өмірінде де, кейінгі
20 жылдық Тәуелсіздік өмірінде де аянбай
еңбек еткен, халықтың мүддесін терең түсініп
ойлайтын, абыз ақсақал, қоғам қайраткері,
мемлекетіміздің тірегін қалаушылардың бірі,
бірегейі деп білеміз. Өйткені, сіз Кеңес үкіметі
кезінде қазақтың ұлы қайраткерлері Димаш
Ахметұлы Қонаевпен, кеше ғана өмірден өткен
абыз ақсақалымыз, қайраткеріміз Байкен
Ашимовпен қатар жұмыс істеп, одан кейін
егемендік алар алдында, қазіргі тәуелсіздік
жағдайында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевпен
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ТАРИХТЫ БІЛМЕУ
–
ӨЗІҢНІҢ ШЫҚҚАН ТЕГІҢДІ БІЛМЕУ,
ОТАНЫН БІЛМЕУ
Мақтай Рамазанұлы Сағдиев,
көрнекті қоғам және мемлекет
қайраткері
ӘДЕБИЕТТЕР
Жалпы психология. Орыс тілінен аударылған оқу құралы. В.В.Богословский т.б. редакциясымен. Алматы:
1.
Мектеп, 1980. Аудармашылар: Қ.Жарықбаев, Ж.Түрікпенұлы, К.Қойбағаров т.б.
Жалпы психология. Жоғары оқу орны студенттеріне арналған оқу құралы. Алматы: Білім, 1996. Авторлары:
2.
Алдамуратов Ә., Түрікпен-Ұлы Ж. т.б.
Жарықбаев Қ.
3.
Ұстаздық еткен жалықпас (психология очерктері). Алматы: Мектеп, 1986.
Мұқанов М.
4.
Педагогикалық психология очерктері. Алматы, 1962.
Түрікпен-Ұлы Ж.
5.
Оқушыларды кәсіпке бағдарлау. Алматы: ҚазБаспа-КТ, 2004.
Жалпы психологияға кіріспе. Оқу құралы. Жауапты редакторы: проф.
6.
С.М.Жақыпов. Алматы: Қазақ
университеті, 2007;
Резюме
В статье поднимаются вопросы трудового обучения и профориентации в условиях общеобразователь-ного
учреждения. Их роль в становлении и социализации личности подростка.
Summary
In the article the questions of labour education and vocatiоnal guidance in the conditions of educational institution are
begged. The role of labour education and vocational guidance in formation and socialization of the person of the teenager
are considered.
таныстыратын қайталама әңгіме өткізіледі, ол
мамандықпен оның бейімі мен ықыласының
қандай ортақтығы бар екені анықталады.
Оқушылардың ықыласы мен бейімін
қалыптастыруда барлық жұмысты жүзеге асыру
үшін сынып жетекшісі өз тәжірибелерін ұдайы
бақылап, байқап отыруы керек. Ол үшін жетекші
оқушыға мамандық таңдау жөнінде практикалық
негізде кеңес береді.
(Жалғасы бар)
79
үзеңгілес
жұмыс
істеп,
Қазақстанның
өркендеуіне, дамуына аянбай еңбек етіп, қазақ
айтқандай бір жағадан бас, бір жеңнен қол
шығарған ел үшін еңбек еттіңіз. Оған сіздің
65-жылдан аса қызмет істеген ерен еңбегіңіз
куә. Осы сіздің халыққа, елге, мемлекетке
істеген еңбектеріңізді ескере отырып, «Ұлттық
тәрбие» журналының алғашқы тұсау кесер
мәліметтерін сіздің ойыңыздан бастағымыз
келеді. Осы тұрғыдан, сізге ұлттық тәрбие,
ұлттық идеология жайында біраз сұрақтар
қойып, ойыңызды білгіміз келеді.
Мақтай аға бүгінгі тәуелсіз Қазақстан
өмірінде, әсіресе оның ішінде жастар арасында
ұлттық идеологияның, ұлттық тәрбиенің
керегі бар ма, бар болса оның мәні қандай деп
ойлайсыз?
Халқымыздың рухы дамымай, негізделмей,
ұлттық идеология қалыптаспай, сол ұлттық
идеологияның негізгі байланыстарын ұлттық
тәрбиемен
ұштастырмай,
мемлекетіміздің
экономикалық жағдайы қанша өрлеп, дамыса да,
ұлттық рух, ұлттық идеология қалыптаспайды,
тәуелсіздігіміздің нығаюы, экономикамыздың
өркендеуі, саяси әлеуметтік жағдайымыздың
жақсаруы толығынан негізделмейді. Сондықтан,
Сіздің осы мәселені қолға алып, әдейілеп танымдық
баспа құрылымын шығарып отырғандарыңыз өте
күрделі мәселе. Қызым, сондықтан қолға алып
отырған еңбектеріңіз сусыраған қазақ халқына
шөлін қандырып, рухын арттыратын, соған
демеу болатын күрделі мәселе деп есептеймін.
Сол себепті, осы еңбектеріңізге жеміс тілеп, бұл
басылымның халықтың шөлін қандырып, қазақ
халқының, тіпті барлық Қазақстанның дамуына
үлесін қосатыны сөзсіз. Соған ақ жол тілеп, ақ
ниетімді білдіремін.
Ал, ұлттық тәрбие мен ұлттық
идеологияның мәні не десек, бұл тәуелсіз
мемлекетіміздің тірегі, алға сүйреуші күші деп
айтуға болады. Ата-бабадан бүгінгі күнге дейін
жалғасып келе жатқан ұлттық идеология, ұлттық
рух оны іске асыратын ұлттық тәрбие бірнеше
көзқарастардан тұрады. Оның негізгісі, біздің
өшпес, жалғасын тауып жатқан тарихымыз.
Тарихқа үңіліп қарасаңыз, идеологияның пайда
болуы мемлекеттің пайда болуынан басталады деп
ойлаймын. Ал, енді Қазақстан тарихи мемлекет
ретінде XV-XVI ғасырларында құрыла бастады.
Міне, сол мемлекет боп қалыптаса бастағаннан
ұлттық идеология құрыла бастады. Сол мемлекет
құрылуының, тәуелсіздігін негіздеудің көзі –
ұлттық идеология.
«Мың өліп, мың тірілген» қазақ тарихы
халықтың өткені мен бүгіні баға жетпес мұра,
құнды дүние. Қай халық болмасын, мейлі
мыңдаған, мейлі миллиондаған халқы болса
да, оның ешбір байлыққа айырбастамайтын
қазынасы бар, ол – тарихы. Біз тарих арқылы ол
елдің өткенін шолып, болашағын бажайлаймыз.
Әлемдегі орнын, шыққан тегін, бүкіл бітім-
болмысын байыптап, сол арқылы тани түсеміз,
түсінік қалыптастырамыз. Тіліміз, діліміз, салт-
дәстүр, әдет-ғұрпымыз, халық ауыз әдебиетінен
бастау алатын әдебиетіміз, қолөнеріміздің бәрі-
бәрі тарих. Демек, тарих – біздің өткен өмірімізден
сыр шертіп, мұң тарқататын, тұнып тұрған мол
мағлұмат беретін, бүгінгі күнге жеткен, өткен
кездің ақтаңдақ беттері. Әр нәрсенің өзінің тарихы
бар: дүниенің, адамның, табиғаттың жаратылуы,
мемлекеттің пайда болуы, діннің келуі, мәдениет
пен өркениеттің дамуы, әдебиеттің қалыптасуы
т.б. Тарих кете береді, ол тоқтаусыз, бүгінгі күннің
тірлігі мен тынысы ертеңге тарих. Тарихты
білмеу – өзіннің шыққан тегіңді білмеу, отанын
білмеу. Ата-бабасын сыйламау, бір сөзбен
айтқанда мәңгүрттену. Ондайлардың мемлекеттің
дамуына тигізетін пайдасынан зияны басым.
Тегің білмеген тексіз адам. Сондықтан, олардан
сақтану керек, ол үшін жастарға өткенін білдіру,
тарих қойнауынан сусындату. Өткенге баға беру
оңай, ал оның байыбына бару қиынның қиыны.
Ұлттық идеологияны дұрыс жолға қою біздің
ұлттық тәрбиеміздің дұрыс бағытқа негізделуімен
тікелей байланысты. Яғни, біз жастарға тарихты
дұрыс оқыта білсек, өткен ел жағдаяттарын өз
ретімен түсіндіре білсек тәрбиенің бір діңгегі
қатаяры сөзсіз.
Ұлт тарихының ұлттық тәрбиемен
байланысы туралы айтып өттіңіз. Бүгінгі
таңдағы тарихты оқытуд а қандай
инновациялық үрдіске енгеніміз дұрыс
деп ойлайсыз? Бүгінгі тарихты оқыту
бағдарламасы дұрыс деңгейде қойылған ба?
Ұлттық тәрбие негізін тарихи фактілерге
сүйене отырып оқытуда ата-бабамыздың аңсаған
еркіндігіне жеткен ұрпағына тәуелсіздік алғалы
бері қандай жетістіктерге қол жеткізгендігі
тұрғысынан білім беру жағын қарастыру қажет. Біз
тәуелсіз еліміздің бүгінгі биігінде тұрып осы күнді
армандаған бабаларымыздың биік мұраттары
алдында, жан алысып, жан беріскен алмағайып
заман тарихы мен бүгінгі замана тарихын да
қозғап, еліміздің өміріндегі елеулі оқиғаларымен
жалғасын көрсетуіміз керек. Тәуелсіздік алған
алғашқы күннен бастап, Қазақстан халқының
небір тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей
өтіп, бүгінгі шыққан биігі мен қол жеткен
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
80
жетістіктерін саралай отырып, білім алушыға осы
белеске өзіндік үлес қосуға бағыт-бағдар беруді,
жаңа ойлар, идеяларымен толықтыру үшін жол
көрсету жағы қадағалануы қажет. Осындай мақсат
негізінде аңсаған егемендігіміздің тұғырын тік
ұстап дамыту жолында ұлттық қасиет, ұлттық
болмыс пен ұлттық намысты жоғары ұстап, ата-
бабамыздан қалған жер мен елдікті ары қарай
жалғастырып, ілгерілету жастардың қолында
екендігін түсіндіру ұлттық тәрбиенің тарихи
тұрғыдан түсіндіру қағидаларының негізгі бағыт-
бағдары болып бекітілуі қажет.
Бүгінгі егемендігімізді алып, арқамызды кеңге
салып отырған мына заманда тарих бағдарламасы
менің ойымша екі тұрғыда оқытылуы қажет.
Біріншіден, өткен қазақ тарихының өзі
қайта қаралып бүгінгі еліміздегі зерттеуші
ғалымдарымыздың көзқарасы тұрғысына
негізделіп жасалынуы керек. Себебі қазақ
тарихы өзге ұлт зерттеушілердің көзқарасымен
қалдырылған деректерге негізделген. Ол
зерттеулер қазақ халқын көшпенді малдың
соңынан еріп жүріп, осынша жерге ие болып
қалған халық ретінде көрсетеді. Дұрыс, қазақ
халқы көшпенді мал бағып өскен халық екені рас.
Бұл дегеніміз тек малдан басқа ештеңе білмей,
біреудің жерін мал бағу үшін тартып алып өмір
сүрген халық деген ұғым болмау керек. Малды
күн көріс қамы ретінде пайдаланып, бірақ рухани
қоры, ойлау деңгейі жоғары ел екенімізді біздің
әдебиетіміз мен мәдениетіміз анық көрсетеді.
Қазақ жерінде ауыз әдебиет үлгілері еш елде жоқ
үрдісте дамыған. Әлемді таң қалдырған дауыс
иелері де біздің қазақ топырағында дүниеге келген
қандастарымыз емес пе?! Қазақ халқы ешқашан
біреудің ала жібін аттамаған халық. Олар өз жері
үшін жанын аямай күресіп, болашақ ұрпағына
жерін аманат етіп қалдырып кеткен өнегелі
халық.
Біз бұрынғы тарихты білім бағдарламасына
ендіруді осы тұрғыда алатын болсақ, Қазақстандағы
әрбір білім алушы осындай жерде, осындай елде
туғанын мақтаныш етіп, туған жерінің тарихына
деген сүйіспеншілігі оянары хақ.
Екінші қыры, бүгінгі тарихты оқытудағы
мәселе. Арғы өткен тарихты бөліп алып, өзіміздің
көз алдымыздан өткен, бүгінде жалғасып
жатқан тарихтан бастайық. Бүгінгі өмір десек,
оны 2 тұрғыдан қарастыру керек. Біріншісі,
70 жылдан аса Кеңес өңірі, екіншісі, 20 жылға
жуық тәуелсіздік заманы. Кеңес өмірін алсақ,
совет өкіметінің өздерінің идеологиясы, оны
іске асыратын коммунистік партиясы бар еді.
Қазақ Совет үкіметінің кезеңін саралап алып
қарасақ, оның шындығын айтсақ, жақсылығы да,
жамандығы да болды. Жақсылығы деп ғылым
мен білімнің дамуын, Қазақстанда күрделі
өнеркәсіптің пайда болуын, өндірісі дамыған
қалалар, қалашықтардың пайда болуын айтсақ
болады. Агроөнеркәсіптің дамып, өркендеп өсуі,
қысқаша айтқанда, Қазақстан совет заманында
индустриалды-аграрлық мемлекетке айналды.
Совет өкіметінің өзінің ұлттық құрылымы,
коммунистік тұрғыдан қалыптасқан идеологиясы
бар еді.
Қазір Қазақстанның әлеуметтік жағдайы
жақсарған, экономикасы қарыштап дамыған
өркениетті елге айналды. Бұрын атын естігеніміз
болмаса, затынан бейхабар көптеген айтулы
халықаралық ұйымдарға мүше болдық. Қазақ
елін әлем таныды. Биылғы Еуропалық қауіпсіздік
және ынтымақтастық ұйымында төрағалық етуі
де соның бір айғағы. Бұл – Қазақ елінің қоғамдық-
саяси дамудағы қол жеткізген жетістіктерін
мойындаумен бірге, бүкіл әлемдегі қауіпсіздікті
сақтаудағы рөліне берілген баға. Бұл – Қазақ
елінің болашағының бұдан да зор болатынына
кепілдік. Қазақ халқы талай аумалы-төкпелі
замандардарды басынан кешті. Біздің қайсар
рухымыз, ерік-жігеріміз замана көшінде қалып
қоймай алға жетеледі. Жетістіктерге жетіп
жатырмыз. Барша жеткен табыстар Елбасымен
тығыз байланысты. Тәуелсіздіктің сын сағатында
өзінің
қажырлы
қайраткерлігімен,
дана
саясаткерлігімен елімізді сеніммен алға бастап,
егеменді, дербес Қазақстан Республикасының
негізін қалады. Елбасымыз халықтың әл-ауқатын
арттырып, жарқын болашағы үшін орасан еңбек
ете отырып, алған бетінен таймай, мемлекет
тізгінін нық сеніммен ұстап келеді. Қазақстанның
қол жеткізген барша табыстарына, халқымыздың
мемлекеттік мәртебе алған ана тілі, ұлттық салт-
дәстүрі, бай мәдени мұрасының қайта жаңғыруы,
барлық ұлттар мен ұлыстардың ынтымағы мен
достығына, береке-бірлігіне Елбасы ұйытқы
болып келеді. Бәсекеге қабілетті экономикамызды
құрып, сыртқа абыроймен танылудамыз.
2010
жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ секілді беделді
ұйымға төрағалық болғанын ескерсек, бұған да
Елбасының беделі мен саясаткерлік тұлғасы үлкен
септік болғанын айтып өту орынды. Елімізді
дүниежүзі танып, беделді жағымыздан көрініп
жатқанымыз, әрине, біріншіден халықтың еңбегі,
бірлігі және елбасы стратегиясының дұрыстығы.
Осы жетістіктерді бүгінгі таңда дұрыс бағытта
білім саласында білім алушыға түсіндіре
білсек, жастардың өз халқына, жеріне деген
сүйіспеншілігін оята білсек, біздің болашағымыз
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
81
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
жарқын. Міне, қызым, тарихты біз осы тұрғыда
тек өткен күн тұрығысында қарастыра бермей
бүгінгі ел жетістігінде де жаңа ғылыми көзқарас
негізінде бере білгеніміз дұрыс.
Жоғарыдағы
идеолигияның
біздің
дамуымызға кедергісі болды ма? Өзіңіз
айтқандай, енді жаман жақтарына тоқталып
өтсеңіз?
Ол идеологияның жақсы және жаман жақтары
да бар. Коммунистік идеологияның жоғарыда
аталған жақсы жақтарымен қатар, халқымыздың
дамуына, ой-өрісінің кеңеюіне кедергі келтірген
жақтары да көп болады. Коммунистік идеяның
негізгі бағыты реализм ретінде алғанымен,
менің ойымша идеализмге көбірек ауысып кетті.
Оған дәлел, қысқаша айтқанда әр ұлттың тілін
дамытпау, тарихын қадірлемеу, ұлтты жойып,
қазақ халқы, өзбек халқы, орыс халқы деген
тағы басқа ұғымдарды совет халқы деген ұғымға
ауыстырып, соны мойындатуға тырысты. Осының
негізінде, отаршылдық, шовинистік ұғымдар
пайда болып, қалыптаса бастады. Осындай
кереғар идеологияның кесірінен қазақ тілінің
дәрежесі төмендеп, тұрмыстық деңгейде ғана
қолданылатын болды. Қазақстан халқы түрлі
ядролық және бактереологиялық сынақтардың
зардабын шекті. Индустриялы қалалар пайда
болып, қалаларда орыстар шоғырлана бастады.
Олар қазақшылыққа қарсы болып, қазақтар
тек ауыл маңайында ғана қалды. Сол себепті,
қазақтың ұлттық мәдениеті заманынан кеш
дамып, біраз ұлтқа тән ерекшеліктері кенже
дамыды. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып,
өзін бір супердержаваның бөлшегі ретінде сезінді.
Ғылым, білімге ден қойып, осылар арқылы
еңсесін көтеруге тырысты. Бірақ бұл бұлқыныс
халық бойынан толық шықпады, тек 1986 жылы
желтоқсанда ғана бұрқ етіп, халық өзінің тарихи
тағдырын айқындай алатынын паш етіп, ұлттық
ар-намысының бар екенін көрсетті. Одан кейінгі
тәуелсіздікке қол жеткізген тұстар, кейінгі
егеменді еліміздің жаңа болмысы, демократиялық
даму, нарықтық экономика сияқты мәселелер
бой көтерді. Осы сияқты сан тар жол, тайғақ
кешуді басынан өткерген қазақтың тағдырын
байыбына барып, ұлттық тәрбие аясында білім
алушыға түсіндіре білуіміз қажет. Ұлттық намыс,
ұлттық тұлға қалыптастыруда етілген ерен
еңбекті негізге ала отырып, түсіндіру барысында
жастардың өз еліне деген сүйіспеншілігі оянары
анық. Олар тарихтан алған білімдері негізінде
оны ұлттық қырынан, сипатынан толық тани
түседі. Сол себепті де, сіздер қолға алған шара –
ұлттық тәрбиеде, ұлт тарихында ел үшін болған
тарихи жайттарда, ұлттық сипаттағы тұстарда
қамтылғаны орынды.
Совет өкіметінің барлық ұлтты бірдей етіп
ұстаймыз деген идеясы ұлттың ұлт болып
дамуына, салт-дәстүрінің, тілінің, ділінің дамуына
кедергі келтірді.
Сол өткен тарихтың есесін толтыру үшін
біз не істеуіміз керек?
Қазақстанның тәуелсіз егеменді ел болуы –
біздің жаңа тарихымыздың басы. Ендігі жерде
біз өз тарихымызды бұрынғыдай көп ұлтты
мемлекеттің құрамында емес, дербес зерттеп,
ұлты мыз дың, тарихтың ұзақ жолында ұтқаны мен
ұтылғанын, жеткені мен жете алмаған тұстарын
кең ашып, бүгінгі егемендікке келуіміздің заңды
жолын көрсетуге тиіспіз деп санаймын.
Бүгінгі тарихты осы тұрғыда қамтып, жастар
бойына сіңіре білсек, еліміздің болашағы жарқын
болары сөзсіз. Тарихын біліп өскен ұрпақ ата-
бабасының жеткен жетістіктерін қадірлеп
қастерлей біледі.
Мақтай аға, сіздің алтын уақытыңызды
бөліп ұлттық тәрбиені тарихпен байланысы
туралы ой бөліскеніңізге көп-көп рахмет!
Сіздің денсаулығыңыз жақсы болып, ауырмай
халыққа шапағытыңыз тиіп жүре берсін
демекпіз! Біздің жаңадан ашылыпы жатқан
тәй-тәйлап тұрған ұлттық сананы, ұлттық
рухты көтеру мақсатында ашылған «Ұлттық
тәрбие» журналына өз батаңызды берсеңіз!
Қызым, еліміздегі қара шаңырақ білім
ордасының бірі Абай атындағы ҚазҰПУ осындай
игі шараны қолға алып, қазақ жас тарына бағыт-
бағдар беру мақсатында жасап жатқан жұмысына
мен дән ризамын. Біздің ұлттық тәрбиеміздің
ұрпағын тек жақсылықпен, руханилылыққа
жетелейтінін бүгінгі таңда ғалымдар да мойындап
отыр. «Қой үстіне бозторғай жұмытқалаған»
бұрынғы Кеңес үкіметі заманында ұлттық
деген сөзді ауызға алуға жасқанатын кезеңде
бәрі басқаша болатын. Егемендігімізді алып,
еркіндікке қол жеткізіп, тәуелсіз мемлекет болып
отырған мамыражай кезеңнің ерекшелігін білім
алушыға ұлттық сананы жетілдіру жолында
бағыттағанымыз орынды. Өз ұлтымыздың
қасиетті тәрбиесін жастардың бойына дұрыстап
бере білсек, Қазақстандағы басқа ұлт өкілдері
де қызыға қарап, сыйлап үйренері хақ. Осындай
киелі жұмысты қолға алып отырған сіздердің
ұжымдарыңызға шығармашылық табыс тілеймін!
Ұлттық рухты көтеретін, ізгілікке бастау болатын
жұмыстарыңыз тек оң көзқараспен қолдау таба
білсін демекпін!
Сұхбаттасқан Ж.Сейсенбаева
82
В связи с происходящими в нашем обществе
социально – экономическими изменениями,
одной из главных задач становится формирование
достойной личности. На первый план выходят
вопросы образования и воспитания, ответы
на которые ищут лучшие силы общества.
Разрабатываются образовательные программы,
вводятся
новые
методики
обучения,
предпринимаются попытки создать систему
национально – патриотического воспитания.
Необходимо отметить, что сегодня ученые и
представители интеллектуальной элиты всего мира
уделяют особое внимание религиозно – духовному
просвещению и воспитанию. Например, патриарх
Алексий II обратился к Министру образования РФ с
открытым письмом, в котором предлагал изъять из
учебников темы, агрессивно пропагандирующие
атеистические взгляды и теории. Его просьба была
удовлетворена, и поэтому сегодня в школах России
широко представлено религиозное просвещение.
В то время как в школах Казахстана до сих пор
безальтернативно преподается сомнительная
теория Дарвина, школьникам навязывается
атеистическое мировоззрение, о включении же
предмета, просвещающего вопросы ислама, даже
не упоминается.
История нашего народа показывает, что,
начиная с Аль – Фараби, все великие ученые
– просветители высоко оценивали значение
исламского просвещения. В 1884 году Ы.
Алтынсарин подготовил учебное пособие под
названием «Основы мусульманства», основной
целью которого он считал формирование
правильного понятия об исламе. Данная тема
находила всестороннее освещение в работах
Абая и Шакарима, где ислам и иные мировые
религии и идеи рассматривались в сопоставлении
с национальными особенностями казахов. Однако
позже, в связи с известными историческими
обстоятельствами, идейное и воспитательное
значение ислама долгие годы сознательно
игнорировалось и искажалось.
Следует отметить, что в Советском Союзе
была сформирована действенная система
атеистического воспитания молодежи. Но во
многом, не взирая на декларативное отрицание
религии, марксизм - ленинизм имел все черты
религиозной системы, фактически являлся
сублимированным христианством. Это отчетливо
прослеживается во всех принципиальных
элементах.
Например, Троица: Маркс – отец, Ленин
– сын, Энгельс, хотя и не выявлен столь
отчетливо, - святой дух. Они не умерли, а вечно
живут: «Ленин жил, Ленин жив, Ленин будет
жить». Изображения «богов» и священные
реликвии (мощи Ленина) присутствуют наряду с
определенным порядком поклонения им (ритуал).
Святые – наличествуют, великомучеников любят
и почитают, мученичество – пропагандируют.
Пророчества – в виде пропаганды светлого
будущего («царство - божие»), «социалисты –
утописты предсказывали, Маркс разработал,
Ленин воплотил». Священные книги – «Капитал»,
полное собрание сочинений.… Без цитат из них
не могла выйти ни одна книга. Богоматерь –
пантеистического плана - образ «Родина - Мать».
Вселенские соборы – съезды КПСС. Храмы,
наподобие протестантских молитвенных собраний
– партийные, комсомольские и иные собрания.
«Борьба с еретиками» - всеобщая, со сходными
же методами. Инквизиция – соответствующие
отделы ЧК.
Сравнительный анализ не является целью
статьи, и потому мы ограничимся приведёнными
соображениями, которые показывают, что
марксистко-ленинское учение чётко воспроизвело
структуру религии. Вряд ли можно отрицать тот
факт, что история человечества убедительно
и многократно демонстрировала неотъемлемо
присущее человеку религиозное мировосприятие.
Однако с развалом СССР распалась и
созданная им система. На её месте организованной
системы духовного воспитания создано не было,
идёт стихийный, децентрализованный процесс.
Вряд ли можно довольствоваться этим, учитывая
эксцессы, радикальные проявления отдельных,
религиозно – безграмотных людей.
Даже сегодня, Казахстан, став независимым
светским государством, имеет очертания
христианской религии. Например, год исчисления
ассоциируется с годом рождения Иисуса
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
М.Т. Мынбаев –
профессор, ректор мусульманского
Университета «Руханият»
О ФОРМИРОВАНИИ СИСТЕМЫ РЕЛИГИОЗНО – ДУХОВНОГО
ВОСПИТАНИЯ
83
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Христоса, например 2007 год от рождества
Христова, новый год ассоциируется с самим
рождеством Христово, воскресенье ассоциируется
с несением религиозной службы в церквях, весна
ассоциируется с масленицей и т.д.
Сегодня наша молодёжь, празднуя рождество
Христово, день мифического «святого Валентина»,
читая библейские рассказы в учебниках литературы
5-6 классов, по психологической направленности
сознания становится ближе к христианской
культуре, чем к своей национальной. Христианская
религия становится для мусульман ближе и
привычнее и поэтому сегодня в рядах Свидетелей
Иеговы, церковь Муна, «Грейс» и других течениях
и сектах христианского направления мы видим
казахов, узбеков, татар, уйгур и других этнических
мусульман. А внедрение в детское сознание
языческих, дохристианских архетипов (например,
Хэллоуин) – уже совершенный нонсенс!
Внимательный анализ показывает, что
политика СССР вела к деградации основ
национальной
культуры,
и
значительная
Достарыңызбен бөлісу: |