Бас редактор



Pdf көрінісі
бет20/22
Дата14.02.2017
өлшемі2,99 Mb.
#4095
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Резюме
В статье рассматривается роль национальных традиций в воспитании подрастающего поколения как 
основы национальной идеологии. Проводится анализ традиционного воспитания девушек в казахских 
семьях, предлагается  использовать лучшие воспитательные элементы в современном образовательном 
процессе.
Summary
In the article the role of national traditions in rising generation education as bases of national ideology is considered. 
The analysis of traditional education of young ladies in the Kazakh families is carried out. It is offered to use the best edu-
cational elements in modern educational process.
ОТБАСЫ  ТӘРБИЕСІ  

 120 
 «Қыз – әйел-ананың» бүтін бір ұлттың бүгіні 
мен  ертеңінде  алатын  орны  ерекше.  «Адамдық 
негізі  –  әйел»  (М.Әуезов)  деп  ұғынған  ұлылар 
тағылымын ескерсек, қыз бала тәрбиесі негізінде 
ұлт  тәрбиесі  жатқандығының  куәсі  боламыз. 
Қазақ  халқының  ұлттық  дүниетанымына  сәйкес 
қазақ  мәдениетіндегі  қыз  баланың  тәрбиесіне 
зор  мән  беріп,  жаңаша  зерттеп-зерделеу  міндеті 
бүгінгі таңда толық шешімін тапқан жоқ.  
Қазақ тарихы мен мәдениетін зерделесек, сан 
ғасырлар  бойғы  күресте  елдігін  ерен  еңбегімен, 
асқан  парасатымен,  шексіз  шыдамдылығымен 
және  сүйіспеншілігімен  сақтай  білген  батыл  да 
қайсар қыз Назым, айнымас адал жар, қамқоршы, 
дос қыз Құртқа, жаны нәзік жас ару Қыз Жібек, 
Баян сұлу, апалы-сіңлілі Айман-Шолпан, ақылды, 
тапқыр  Қарашаш  сынды  қазақ  қыздары  аз 
болмаған, аз да емес.  
Қыз баланың ұлт бойындағы асыл қасиеттерін 
барша  болмысына  жинақтауында  отбасындағы 
өнеге  мен  тәрбие  маңызы  орасан.  “Адамның 
ғұмыр  кешірмек  кәсібінің  терең  түбіне  қарасақ, 
хайуанша  күндік  қоректі  таспен  атып,  ағашпен 
ұрып аң аулап жеп немесе жеміс теріп жеп, қарны 
тойса,  аңша  бір  жерге  жата  кетіп  жүрген.  Ер 
жағы  қара  басынан  басқаға  қарамай  жүргенде, 
балаларын баулып, асырап, үйлік ұйымның басын 
құраған – әйел” [1, 46] – деген жазушы М.Әуезов 
пікірін  ескерсек,  қазақ  халқының  ұлт  болып 
ұйысуына, халық боп қалыптасуына әйел-ананың 
сіңірген еңбегі өлшеусіз. Сондықтан да, халқымыз 
қасиетті жерін, киелі Отанын, ұлттығының өлшемі 
тілін,  асыл  да  ардақты,  мейірімді  де  шуақты 
Анаға  теңейді.  Демек,  “ана  мен  киелілік”  егіз 
ұғымдар.  Қазақ  халқының  ұлттық  болмысында 
ананы отбасының қамқоршысы, елдің ұйытқысы, 
береке-бірліктің  бастаушысы  деп  санаған.  Көне 
түркілерде Ұмай ананы шаңырақтың желеп-жебеп 
жүрер киесі, қасиетті қорғаушысы деп ұққан” [2, 
110].
Қазақ  қызы  нендей  ауыртпалықты  болса 
да  халқымен  бірге  көтеріп,  жаугершілікте 
ерлермен  бірге  атқа  қонып,  қолына  қару  алса, 
бейбіт  кезеңде  бесік  тербетіп,  ұл-қызын  дала 
даналығына  баулыған.  Оған  дәлел  көп.  Ежелгі 
эпостық  шығармалардан  бастап,  бергі  дәуірдегі 
Домалақ ана, Айша бибі мен Абақ ана, тарихтағы 
Қасым  ханның  анасы  Жаған  бике,  Есім  ханның 
анасы  Жақсы  бике,  бір  рулы  елдің  берекесін 
келтірген  Қызай  ана,  одан  беріде  ұлы  Абайды 
тәрбиелеген Зере мен Ұлжан, қол бастаған Бопай 
мен ел билеген Айғаным, Ұлпан аналарымыз жұрт 
жадында  есімі  мәңгі  қалған  қазақ  қыздарының 
бір шоғыры ғана. Міне, бұл – халқымыздың  қыз 
бала  тәрбиесіне  бей-жай  қарамағандығының 
куәсі. Сол себепті де,  қыз бала тәрбиесі – бүгінгі 
таңда  өзектілігін  жоймаған,  жоймайтын  мәселе. 
Халқымыз қыз тәрбиесінде мынадай  қағидаларды 
берік ұстанған: 
Ең алдымен, қызға қырық үйден тыю. Қазақ 
халқы қыз баланының тәлім-тәрбиесіне айрықша 
көңіл  бөлген.  Қыз  баланы  қатты  қадірлеп,  оған 
ерекше  құрмет  көрсеткен.  Оның  “Қызға  қырық 
үйден,  қала  берсе  қара  күңнен  тыю”  деп,  қыз 
баланың  тәрбиесіне  бір  ғана  отбасы  емес,  бүкіл 
ауыл  болып  араласуы    –    қыз  баланы  қадірлей 
білетін қасиеттің белгісі. 
Екіншіден,  қыз  бала  тәрбиесінде  бесік 
жырына  көңіл  бөлу  аса  қажет.  Қыз  бала  – 
болашақ  ана.  Ана  ақ  сүтімен  нәрестеге  нәр 
беріп,  түн  ұйқысын  төрт  бөліп  әлдилейтін, 
бесігін  тербетіп,  туған  тілін  құлағына  сіңіріп, 
перзентін шексіз махаббатқа, мейірім, шапағатқа 
бөлейтін ардақты жан. Мәселен, М.Әуезов “Абай 
жолы”  романында  аяулы  әже  Зеренің  Кәмшатты 
тербетіп, ана жырымен әлдилеген сәтін былайша 
суреттейді: “Кәрі әже күндегі машығы бойынша 
бесік  жырын  айтады.  Өте  бір  өзгеше  жыр. 
Абайдың  өз  әжесінен  басқа  ешкімнен  естімеген 
жыры.  Бірақ  кәрі  әжесінің  өзіндей  соншалық 
жақын, ыстық, сүйікті жыры. Кішкентай күнінде 
Абай  өзі  де  кеш  сайын  осы  жырдың  тербеуімен 
ұйықтайтын.  Сол  күндерден  бір  ырғағы 
ауыспаған, бір сөзі де өзгермеген, ана жүрегіндей 
айнымас жыр. Осындай қоңыр кештің қоңыр күйі. 
Бейуағына жеткен әженің өмірлік гөй-гөйі. Сырт 
қарап  отырған  Абай  әженің  кейде  шерлі,  кейде 
мейірман  рақым  күйін  өзін  тербетіп  отырғандай 
сезеді.  Аяқталмай  созыла  түссе  екен  дейді”  [3, 
69]. Халқымыздың  бесік жырында балам үлкен 
азамат болса екен деген ананың мұраты, баласына 
артқан үміті жатыр. 
  Қыз  тәрбиесінде  жеті  атаға  мән  беру 
ләзім.  Қазақ  халқы  жеті  атадан  аспай  бір-
бірімен  қыз  алысып,  қан  араластырмаған.  Ата 
салттан  аттап,  жас  ғашықтар  қосылып  жатса, 
ауыл  ақсақалдары  оларды  қатаң  жазалаған.  Ол 
ойымызға “Қалқаман-Мамырдағы” Қалқаман мен 
В.Х. Құлмағанбетова –
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ІI курс магистранты
ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТТЫҚ НЕГІЗ
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ 

 121 
Мамырға тартылған жаза дәлел. Мұның өзі келер 
ұрапақтың он екі мүшесі сау, денсаулығы мықты 
болып, дүниеге келуіне көп көңіл бөлген тілектен 
туған әрекет. Көбінесе жігіт болашақ қалыңдығын 
нағашы жұртынан іздеп, көңіл жарастырып, отау 
тіккен. Ең алдымен, атамыз қазақ жеті атаға дейін 
қыз алыспау арқылы қан тазалығын сақтаған. Бұл 
мәселе,  медицинада  да  бүгінгі  таңда  дәлелденіп 
отыр. 
Қыз  тәрбиесіндегі  жеңге  рөлі.  Бүгінгі 
тұлымшағы  желбіреген  қыз  –  ертеңгі  бұла 
бойжеткен,  ибалы  келін,  ардақты  ана.  Қазақ 
ұғымында  келін,  жеңге,  абысындардың  алатын 
орны  ерекше.  Әйел-аналардың  жарасымды 
сыйластығы ел мен елді, ағайын арасын біріктіріп, 
достастырып  отырады.  Бойжетіп,  бой  түзеген 
қыз  алғашқы  сезімін,  құпия  сырын  жеңгесімен 
бөлісетін, сыр шертісетін. Ата-анасына, ағаларына 
тілегін жеңге арқылы білдіретін. Бойжеткен қызға 
сөз салып, тілек білдірген жігітпен таныстырып, 
табыстыратын  да  жеңге.    Екі  жастың  арасына 
дәнекер  болған  жеңге,  олардың  қосылып,  үлкен 
өмірге қадам басуына тікелей араласатын. Бұл қыз 
бен  жігіттің  бір-біріне  деген  шынайы  сезімінің 
қаншалықты  деңгейде  екендігін  сезе  білудің  де 
мәні ерекше. Қазіргі заманда қыз бен жігіттердің 
арасындағы қарым-қатынас деңгейі қаншалықты 
екені,  жігіттің  кім  екенінен  хабардар  болмаған 
қыз жағы көп опық жеп жатады.
Сұлулық  –  әлем  тірегі.  “Сұлулыққа, 
әдемілікке  табыну  сезімі  –  тарихи  қалыптасқан 
сезім. Эстетикалық ләззат сыртқы дүниенің әсерін 
бей-берекет  қабылдаудан  емес,  оны  белгілі  бір 
жүйеде қабылдаудан тумақ” [4, 197]. Сол себепті 
де,  қыз  баланы  ес  жиып,  етек  жапқан  кезеңнен 
бастап  әдемілікті  түсіне  білумен  қатар,  өз  жан-
дүниесі  мен  сыртқы  тұлғасының  сәйкестігіне 
көп  мән  беруі  керек.  Тіршілік  тірегі  –  сұлулық, 
ал  сұлулық  әлемді  сақтайды.  Адамның  сыртқы 
келбетімен  ішкі  сұлулығы  астасып  жатса,  өмір 
сұлу түске боянып, қоғам небір кеселден, қарама-
қайшылықтан  арылады.  “Ары,  жаны,  тәні  таза 
әйел – ұлттың тазалығының кепілі. Анасы азбаған 
елдің,  қызы  да  тозбайды”  [5,  240].  Орыс  ақыны 
Лариса Васильевна: “Здоровье нации определяется 
отношением к женщине” [6, 2] деп, ұлт амандығы 
әйел-анаға  тікелей  қатыстылығы  жөнінде    пікір 
білдірсе,  жазушы      М.Әуезов  “Мешел  болып 
қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе! Оны 
түзеймін десең, әйелдің халін түзе!” [1, 48]  деп, 
әйел  затының  құқықтық-моральдық  дербестігі 
мен  теңдігін  ұғынып,  ананы  қадірлеу  қажеттігін 
баса айтады. 
Шын  мәнінде,  қыз  тәрбиесіне  тікелей 
қатысы бар қағида ретінде алынып отырған  бұл 
тұжырымдар  отбасы,  халық,  ұлт  үшін  маңызды 
болып саналады.  Өйткені, рухани-адамгершілігі 
жоғары,  сезімдері  дамыған,  талғамы  биік  қыз 
бала,  әйел-ана  қоғамның  ажырамас  бөлігі. 
Бойына  тәрбиенің  тағылымын  жиып,  болашақ 
бақытты  өмірі  үшін  материалдық  игіліктер 
табудан да жоғары рухани біліктілікке ұмтылып, 
рухани  ұстаздың  шәкірті  атану,  өз  мүмкіндігі 
мен  қабілетіне  сай  мамандық  таңдап  игеру, 
талғамына  сай  келетін  лайықты  өмірсерік  табу, 
жаңа өмір бастауда өзіндік қолтаңбасының болуы, 
жетістіктерге  жету  жолындағы  табандылығы, 
адамзат ғұмырын жалғауда өзінің үлесінің болуы 
өмірдегі  өнегелілікті  қажет  етеді.    Өнеге,  тәлім 
қазақта  «Тәрбие  тал  бесіктен  басталады» 
деген  нақыл  сөзімен  түсіндірілген.  Сондықтан, 
кез  келген  ұл  немесе  қыз  баланың      тәрбиесі   
отбасынан  бастау  алады.  Өсе  келе  баланың 
қоршаған ортасы оның кейінгі тәрбиесіне, жүріс-
тұрысына,  сөйлеген  сөзіне,  ойлауына  тікелей 
ықпал  ете  бастайды.  Балабақшада,  сыныпта, 
яғни жанұясынан тыс жерде бала өзін-өзі мүлдем 
басқаша сезінеді, басқа балалардың сөзіне, киген 
киіміне, ойнауына, жүріс-тұрысына қарап еліктей 
бастайды.  Біреуінен  бір  қылығын,  екіншісінен 
басқасын  ала  келе  өзін-өзі  дамытады,  бала 
бойында  өзгерістер  пайда  болады.  Осылайша, 
әр  отбасынан  жиналған  «тәрбиелер»  жеке  адам 
мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына оң ықпалын 
тигізеді.   Былай қарағанда бұл кіші балалардың 
тәрбиесіне қатысты болып көрінгенмен тәрбиенің 
басты  негізі  осы  жерде,  ол  қашан  да  негізгі, 
басқаша  айтқанда  «фундаменті»  болып  қалары 
сөзсіз. 
Қазіргі  таңда,  қоғамдағы  қазақ  қызы  өзінің 
білімділігімен,  ақылымен,  парасаттылығымен, 
сыпайылығымен, 
салиқалы 
сөзімен, 
инабаттылығымен  ғана  алда  болуы  керек.  Бұл  – 
қоғам  талабы.  Егер  осы  сипаттағы  қыз  мүлдем 
керісінше,  яғни,  ар-ұят  дегеннен  хабары  жоқ, 
аузы бейпіл сөзге толған, дөрекі мінезді, ойлауы 
шолақ,  темекі  мен  ішімдікке  жақын  болса,  онда 
өмір сүрудің тура жолынан ауытқығаны. Мұндай 
жандар  өмір  толқынымен  жағаға  жаңқадай 
лақтырылады. Бұл – өмір заңдылығы.  Сондықтан, 
қыз өсіріп отырған ата-ана өз баласының өмірден 
өз орнын табуына бағдар беруі тиіс. Себебі, ол – 
ертеңгі болашақ ана, асыл жар. 
Түйіндей келгенде, өркениетті елдер қатарына 
биік  талаптар  үдесінен  шыға  отырып  жетеміз 
десек,  бүгінгі  таңдағы  қыз  бала  тәрбиесіне 
айрықша  мән  беріп,  заман  талабына  сай  ата 
салтының озығын берік ұстануымыз қажет. Ата-
ОТБАСЫ  ТӘРБИЕСІ  

 122 
Қазақ тағылымының ұстанған негізгі бағыты – 
ата-бабалардың үлгі-өнегесі, ақыл-кеңесі, дүниеге 
шынайы  көзқарасы,  бостандыққа,  еркіндікке, 
тәуелсіздікке,  әбестікке  ұмтылысы.  Бұл  алдан 
күткен арманы, ойға алған негізгі мақсаты. Тәрбие 
– ұрпақ үшін күрес құралы.
Қыз-келіншек, 
әйел-ана, 
әже-кейуана 
тағылымы өшпес із қалдырды. Ол – қазақ тілінің 
ана тілі деп аталуы. Мұндай жағдай қазақ әйелінің 
өзіндік қасиетін де, басқалардан айырмашылығын 
да  танытады.  Бұл  –  әйел  қауымына  көрсетілген 
зор құрмет! Әйелдер тек қана ерге ие емес, жерге 
де,  елге  де  ие,  олардың  жасаған  ісі,  қалдырған 
ізі  ақсақалдық  мектептен  ешбір  кем  емес,  оның 
әманда тазалығына, жаңарып-жаңғыруына орасан 
жағдай жасады. Бұл тағылымды жоққа шығаруға 
немесе елемеуге болмайды!
М.Әуезов  «Адамдық  негізі  –  әйел»    деген 
тұңғыш  туындысын  (1917ж)  әйел  тақырыбына 
арнапты.
«Адам  баласы  –  депті  ол,  –  тағы  болып, 
еркегі хайуандық дәрежесінде жүргенде әйелден 
бала  туып,  ол  балаларының  бәрі  де  жастық, 
қорғансыздықтаң анасының айналасына үйіріліп, 
үй  ішінің  бірлігін,  одан  туысқандық  ұйымын 
кіргізген. Бұған қарағанда, адамды хайуандықтан 
адамшылыққа кіргізген – әйел».
Ұлы  ойшыл  осы  сөзімен  әйел  –  қоғамның 
ұйытқысы  екенін,  әйел  еркіндікке  жетпесе, 
адамшылық  та  күрмеулі  болатынын  қадап 
айтып, егер, қазақ мешел болып қалмайын десең, 
«бесігінді  түзе,  әйелдің  халін  түзе!»,  –  деп  сол 
тұстың  да,  қазіргі  біздің  заманымыздың  да,  ең 
зәру идеясын ұсынып еді.
Қазақ  елі  ел  болғалы,  қазақ  қазақ  болғалы 
өмір  бақи  анасын  сыйлап  өткен.  Ертеден  келе 
жатқан наным-сенімдердің түп тамыры да — ана. 
Аспанда  Тәңірі,  жерде  Ұмай  ана  деп  табынады 
қазақтар.Ұмай  ана  –  қамқоршы,  жарылқаушы, 
демеуші, жанұя, отбасының пірі.
Мұсылман  дінінде  бүкіл  адамзаттың  анасы 
деп,  аналардың  анасы  деп  Хауа  ананы  құрмет 
тұтадыХауа ана Адам атаның зайыбы.
Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз әйел затын 
аса  биік  бағалап:  «Әуелі  анаңа,  тағы  да  анаңа, 
тағы  да  анаңа,  содан  соң  Отаныңа  жақсылық 
жаса»  деп өсиет айтып кеткен.
Бүкіл  түркі  халықтарына  ортақ  «Құтты 
білікте»  (XI  ғасыр)  Жүсіп  Баласағұн  былай  деп 
кеткен: «Әйел алмақ болсаң егер, қарарсың, Жіті 
Д. Құрбанова –
ҚазМемҚызПУ-нің жаратылыстану 
факультетінің 3 курс студенті
ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІ МЕН ҰЛТ ТӘРБИЕСІ
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ 
баба  дәстүріндегі  қыз  бала  тәрбиесіне  қатысты 
мәселелерге  жаңаша  көзқараспен  қарап,  қазіргі 
ӘДЕБИЕТТЕР:
Әуезов М.
1. 
 Шығармаларының елу томдық толық жинағы. Том I. – Алматы, Ғылым. 1997. – 472 б.
Келімбетов Н.
2. 
 Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы, Ана тілі. 1991. – 264 б.
Әуезов М.
3. 
 Абай жолы: Роман-эпопея. Бірінші кітап. – Алматы, Жазушы. 1990. – 608 б.
Елеукенов Ш.
4. 
 Замандас парасаты. – Алматы,Жазушы. 1977. – 300 б.
Жұртбай Т.
5. 
 Күйесің жүрек... Сүйесің. – Алматы, Санат. 2001. – 408 б.
Васильева Л.
6. 
 Әйел жанының жан-жарасымы // Правда. 1987. 4 март
Резюме
В данной статье рассматриваются проблемы национального воспитания девушек и приводятся примеры из 
художественной литературы. 
Summary
In  given  article  are  considered  problems  of  the  national  education  girl  and  happen  to  the  examples  from  artistic 
literature. 
қыз  тәрбиесінде  ұтымды  пайдалана  білсек  нұр 
үстіне нұр болар еді.

 123 
бағып  таңдаулысын  аларсың.  Жақсы  болсын 
тегі,  заты,  ұрығы,  Пәк  ұлтты  болсын  жанның 
тұнығы. Дұрыс үйдің қызы ол, қол тиме. Сенен 
өзге  еркек  жүзін  көрмеген.  Сені  сүйіп  басқа 
жанды  білмеген.  Жаман,  тексіз  қылық  істеп 
жүрмесін. 
Қазақ әйелдері ерін, күйеуін бәрінен де биік 
ұстап, сыйлап өткен. Өйткені, ол – мал табарың, 
ол – үйге қорғаның, ол – төбеңдегі шаңырақ.
Осындай  тәрбие,  иман-адамгершілік,  иба-
көрегенділік, көрік-сымбат бар ма қазір? Бар әрине. 
Сырты  сымбаттылар  көп  те,  ибалы,  имандылар 
аз.  Себеп?  Себебі,  жат  тәрбие,  жат  әдет-ғұрып, 
кірме қылық қазақ қоғамын өрмекшідей торлаған. 
«Қызға  қырық  үйден  тыю»  деген  сөз  бүгінде 
өз  мәнін  жоғалтып  бара  жатқан  сияқты.  Қазақ 
тағылымының ортасы үй іші, ауылы, руы, аймағы, 
бүкіл  атырабы.  Осы  ортаның  бел  ортасынан  
табылатын аналар мен әжейлер еді [1].
Есімін  мәңгіге  қалдырған  аналар  қаншама! 
Олар  сұлулықтың  символы  болды,  оларды 
ерекше  қастерлеген  тұспалдар  мен  поэтикалық 
портреттер  қаншама.  Талай-талай  ерлер  сүйген 
қызының намысы үшін құрбан болмады ма?
Қазақта  ақын  қыз  да,  ақылгөй  де,  батыр 
қыз  да  көп  болған  ғой.  Білек  күшімен,  шешен 
тілімен,  ақыл  парасатымен  үлгі  болатын  батыр 
қыздарымызға тоқтала кеткенді жөн көрдік:
Томирис    –  Тұран  патшасы  Афрасиябтың 
қызы. Патшайым болып ел басқарған батыр қыз.
Зарина – Сақ патшасының қызы. Ел тағдыры 
үшін өз махаббатын құрбан етеді. «Жеке басымның 
бақытын  елімнің  еркіндігіне  айырбастай 
алмаймын. Махаббаттан  жоғары нәрсе бар, ол  – 
менің елім» , – дейді Зарина.
Борте  ханым  –  Шыңғысханның  әйелі. 
Қоңырат  тайпасының  қызы.  Жат  елдікке  пенде 
болғанмен  ұрпақ  тәрбиесінде  өз  елінің  ұлттық 
тағылымын меңгерте білген.
Гауһар  –  Қабанбай батырдың жары,  арғын 
бәсентин Малайсары батырдың қарындасы.
Есенбике    –    Олжабай      батырдың    анасы, 
үйсін Қарасай батырдың қызы.
Назым – Қабанбай батырдың қызы. 
Айтолқын – Абылай ханның қызы. Бұл батыр 
қыздарымыз  ұлттық  намысты  ту  етіп,  халық 
тағдыры үшін ерлермен бірге қан майданда ерлік 
көрсеткен батыл жандар.
  Бопай  –  Кенесарының  қарындасы, бес  жүз 
сарбазды басқарып, Ресей отаршылдарына қарсы 
соғыста ерен ерлік көрсеткен батыр қыз.
  Мамыр  –  Байқазы  арғынның  қызы. 
Шәкәрімнің  «Қалқаман-Мамыр»  дастанындағы 
өжет  қыз.  Өз  махаббаты  үшін  құрбан  болған 
батыл қыз.
Еңлік – Қарабатыр Ықан деген кісінің қызы. 
Шәкерімнің
«Еңлік-Кебек»  дастанындағы  батыл  қыз. 
Нағыз  махаббаттың  мәңгі  символы  ретінде 
танылған өжет қыз.
Айбике  –  Бұланбай  батырдың  жары, 
барлаушы  сарбаздардың  басшысы  болған  қыз. 
Талай шайқастарда жауынгерлердің ұлттық рухын 
көтеріп, ерлікке шақырған.
Домалақ  ана  (Нұрила)  –  Бәйдібек  бидің 
әйелі.    Нұрила  барлық  адамдарға  өте  мейірімді, 
ақылды,  әулие  әйел  болған.  Домалақ  ананың 
осындай қасиеттерін бүгінгі ұрпақ бойына сіңіріп 
өссе,  онда  келешегіміздің  көкжиегі  одан  сайын 
кеңи түсер еді...
Қалампыр  ана  –  Балуан  Шолақтың  анасы. 
Жазушы С.Мұқанов «Балуан Шолақ» романындағы 
аналар  бейнесін  қызықты  етіп  сомдаған,  өмірде 
өнегелі болған аналар образы көркем өнерде жас 
ұрпаққа ғибрат берерліктей тәрбиелік мәні зор.
Халқымыздың 
тарихында 
«Ақтабан 
шұбырынды, алқакөл сұлама» кезең боп таңбалаған 
зұлмат  замандағы  қазақтың  мұңы  мен  зарын, 
арманы мен аңсарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, 
дәуірдің  дауылпазындай  дабыл  қағып,  ерлік  пен
 
елдікке үндеген әйгілі «Елім-айдың» әнін  шығар-
ған                         Айша               Қобыланқызы 
атақты Қожаберген жыраудың жары.
Халықтың  басына  түскен  осынау  қайғылы 
оқиға Қожаберген жырауға «Елім-ай» тәрізді дастан 
жаздырса, оның зарлы әуенін Айша анамыз қарт 
Қаратаудың  қанталапай  болған  өңірінде  тұңғыш 
рет  әуелетті.  Ел  наласы,  халықтың  ата  жұртын 
аңсаған  мұңлы  әуені  Айша  анамыздың  аузымен 
айтылып, осы өңірден қазақ жерін шарлап кетті. 
Қазақ нәрестесін бесік жырымен тербетсе, «Елім-
ай» әнімен батырлыққа, намысқойлық пен бірлікке 
үндеді.  «Елім-ай»  әні  орындалғанда  сай  сүйегі 
сырқырамайтын  қазақ  жоқ.  Соны  бозторғайдай 
шырылдай  шырқап,  артта  қалған  келесі  ұрпаққа 
ел  ұранындай  етіп  қалдырған  Айша  анамыздың 
есімі тәуелсіз елімізде мәңгі ұмытылмас бейне.
Ел  басына  қауіп  төнген  кешегі  екінші 
дүииежүзілік соғыста «ер апаларының» ерліктерін 
жасаған,  қазақтың  Мәншүк  пен  Әлиясы  шығыс 
халықтарының  мақтаны.  Ел  басына  қиындық 
түскенде батыр қыздарымыздың ерлігі ерекшелене 
көзге түсетінін тарих та, өмір де дәлелдеп келеді.
Алашорда  үкіметінің  іргетасын  қалауға 
өзіндік  үлестерін  қосқан  әйелдер  қауымынан 
А.Досжанова,  Н.Құлжанова,  Г.Асфендиярова, 
М.Шәпенова,  Г.Тынышбаева,  Е.Я.Бөкейханова, 
М.Төгісова,  Б.Байбосынова  сияқты  қазақтың 
ОТБАСЫ  ТӘРБИЕСІ  

 124 
күрескер  әйелдерінің  есімін  үлкен  құрметпен 
атап,  мақтан  тұту  –  бүгінгі  ұрпақ,  әсіресе,
 
қыз 
бала тәрбиесінде маңызы зор демекпіз [2].
Желтоқсан  оқиғасының  батыл  қыздары 
Ләззат  Асанова,  Сәбира  Мұхаметжанова  сияқты 
ұлттық намысты берік ұстаған, ерлік пен елдікті 
ұран қылған ұлтжанды қыздарымыз қаншама!
Ақын-жазушылар  халық  тағылымының, 
халық өнегесінің қайнар көзі, халық кеңесшісі, ой 
елегі, аспандағы қыраны, саңқылдаған сұңқарлары 
Шолпан Иманбаева, Мәриям Хакімжанова, Күләш 
Ахметова,  Ақұштап  Бақтыгереева,  Марфуға 
Айтқожина, Фариза Оңғарсыновалар сөз өнерінің 
зергерлері.
Олар сөз шеберлері, талант иелері, талапты, 
ынталы  халық  пікірін  жөнге  салып,  соны  заман 
талабына сай жариялап отырушылыр, сөз өнерін 
халық пейіліне сай да, орайлы да, түсінікті болуы 
үшін тер төккен, ой еңбегінің тарланбоздары.
Ақын-жазушыларымыз,  өзіндік  қолтаңбасы 
бар 
актриса-әртіс 
апайларымыз 
туған 
халқымыздың көзі мен құлағы, ішкі сезімдерінің 
айнасы, дүниеге көзқарасы, тағылымы, әдемілігі. 
Бұлардың  сөздері  мен  айтқандары  –  қазақ 
халқының  тағылымы,  намыс  пен  жігер  қайрат 
тағылымы.
Осыған  орай,  ұмытуға  болмайтын  халық 
ескертпесі  есте  жүрсе:  «Өзіңе  дейінгіні 
сыйламасаң, Өзіңнен кейінгі сені де сыйламайды». 
«Қыздарымызға  тән  нәзіктік,  сұлулық,  ұяңдық, 
ибалық,  сыпайылық,  әдемілік,  ұялшақтық, 
өнерлілік,  іскерлік,  шеберлік,  пәктік,  адалдық, 
сүйіспеншілік,  рухани  байлық,  ақ  ниет,  ақ 
көңілділік, қайрат-жігері, бәрінен де ар тазалығы,  
осындай қасиеттермен қыздар зор тағылым иесі!
М.Әуезовтің  «Абай  жолы»  романында 
Зере  Ұлжан  бастаған  барлық  келіндерін  жинап: 
«Байлауын  байладық.  Енді  түге,  жат  жиынның 
алдында  жас  балаларыңның  жақсы  талабын 
жер  қылмаңдар.  Өліге  жасаған  қызметтеріңнен 
бастарың 
кішіреймес. 
Араз-құраздарынды 
ұмытыңдар...  Балаларым  мен  келіндерім,  сендер 
төбеңмен  жүріңдер.  Отымен  кіріп,  күлімен  шық 
қонағыңның...  Шалдықсаң  да,  қабақ  шытпа. 
Қуанып,  жарқырап  жүріп,  күтіңдер!»,  –  дейді 
елжіреп.
Бұл  келтірілген  деректер  бүкіл  қазақ 
әйелінің  қажыр-қайратын  танытады.  Үлкендерді 
тыңдауының  өзі  тағылым,  қазақ    қыздарының  
жөргегінен  үйренген  мәдениеті.  Сол мәдениеті 
кейіннен қайратқа айналды! [3].

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет