Бас редактор


ӘДЕБИЕТТЕР: 1 . Мүсірепов Ғ.  Таңдамалы. Үш томдық.  – Алматы,  Жазушы. 1989. – 521б. 2. Тоқтыбайқызы А



Pdf көрінісі
бет21/22
Дата14.02.2017
өлшемі2,99 Mb.
#4095
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

ӘДЕБИЕТТЕР:
1 .
Мүсірепов Ғ.  Таңдамалы. Үш томдық.  – Алматы,  Жазушы. 1989. – 521б.
2. Тоқтыбайқызы А. Іле педагогика институты, Қытай Халық Республикасы «Қыз тәрбиесі бесіктен». – 2008.
  3.  Бегімбаева  Р.Х.,  оқытушы,  Қазақ    мемлекеттік  қыздар  педагогика  институты,  «Қыз  бала  тәрбиесіндегі 
халық даналығы». – Алматы. – 2007.
Резюме
В статье поднимаются вопросы воспитания  казахских девушек, выявляются важные качества характера 
девушек в сочетании с национальными особенностями и такими понятиями как красота и мудрость.
Summary
In the article questions of education of the Kazakh young ladies are considered, the important qualities of character 
of young ladies in a combination to national features and such concepts as beauty and wisdom are revealed.
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ 

 125 
ҰЛТТЫҚ  ТҰЛҒА  
М.А. Нуриев –
Жаңартпа технологиялар және білім беру 
мазмұнын ҒЗИ директоры,  ҚР Жоғары мектебіне
еңбегі сіңген қызметкер, профессор
ХАЛЫҚТЫҢ КӘКЕҢІ
Халық  нағыз  тума  таланты  ерек,  болмысы 
бөлек  дарындарға  кенде  емес.  Елдің  көшін  алға 
сүйреп, халық қамын жеген өр тұлғалы азаматтар 
ортамызда  баршылық.  Олардың  әрқайсысының 
өзінің  қайталанбас  орны  бар.  Сондай  абзал 
азаматтарымыздың  бірі  де,  бірегейі,  қоғамдық 
қызметте  болсын,  әдебиетте  болсын  жетпісінші 
жылдардың  орта  шенінде  дара  да  айқын 
қолтаңбасымен,  мінезімен  келген  қазіргі  аға 
буынның бір өкілі – Кәкімбек Салықов. 
Халқымыздың 
әйгілі 
«кенші-ақыны», 
«жезкиік-ақыны» атанған Кәкімбек Салықов қазақ 
әдебиетінің төрінен өзінің лапылдап тұрған отты 
және сілкінгенде жосылған толқынды өлеңдерімен 
орын  алады.  Кәкеңнің  есімі  Қазақстанның 
көрнекті  ақыны,  белгілі  қоғам  және  мемлекет 
қайраткері,  әйгілі  эколог,  кен-инженер  маманы, 
Қазақтың  Ұлттық    Экология  Академиясының 
толық  мүшесі,  құрметті  профессор  ретінде  елге 
жақсы  таныс.  Алайда,  ақынның  қаламынан 
туған  30-дан  астам  жыр  жинақтары  жарық 
көргенін,  оның  кейінгі  шыққан  «Жезкиік»  өлең 
кітабында 500-дің үстіндегі өлеңдеріне 60-тан аса 
композиторлар ән шығарғанын көбіміз нақты біле 
бермейміз. «Жезкиік» жыр жинағы оқи түскенде 
нәзік лирикаға оранған мөлдір махаббат, шындығы 
шапшып  тұрған  тіршілік  көріністері,  сүйкімді 
әзілмен  адамды  терең  ойға  салар  салиқалы  жыр 
жолдарымен  оқырман  қауымды  өзіне  магнитше 
тартып,  жанды  жадырата  түсетін  туындысы. 
Жинақтың  жыр  толқытып,  ән  талғаған  өлеңдері 
жаңа  сыр  сандықты  ашқандай  көпшілікті  дүр 
сілкіндірген деңгейден жарқ етіп көрінді. 
Орыстың ұлы ақыны А.Пушкиннің «Евгений 
Онегин»  поэмасын  және  265  қанатты  сөздері 
мен  мақалдардың  жиынтығын  (ал  орыстың 
жинақтағандары 200-ге жетпейді) тамаша аударуы 
қаламгердің  танылмаған  тағы  бір  қыры  болып 
табылмақ.  Кәкімбектің  ұлытаулық  Жақсыгелді 
Сейіловпен  бірге  шығарған  «Жезкиік»  әні  70-
жылдары ақын атағын елге паш етті. Қазақ елінің 
сыртында Орта Азия және шет елдерге дейін жетіп, 
орысша, өзбекше, тәжік, т.б. тілдерге аударылуы 
оның  шығармашылық  салмағын  нықтай  түсті. 
Оның ең алғаш шығарған «Сыр» атты жинағынан 
өмірге  терең  үңіле  қараған  философиялық  ойын 
байқаған  едім.  Кәкеңнің  өлеңдері  адам  жанын 
тебірентіп,  жүрекке  қозғау  салатын,  нағыз  шын 
таланттың  тереңнен  сыр  тартатын  тебіренісі. 
Оның  көптеген  өлеңдері  халыққа  ән  болып 
қанаттанып, ел жүрегіне жетті. Ол тек өлең ғана 
жазып қойған жоқ, сонымен бірге әнін де шығарып 
отырды.  Кәкеңнің  тағы  бір  қазақ  поэзиясына 
қосқан  үлесі,  сәтті  жаңалығы  80-жылдардың 
басында Петрарканың стилінде жазған соннеттері 
және тұңғыш «Сонеттен тізілген гүлтәждарымен» 
бәрімізді сүйсінтіп тастап еді.
Әлемде жеті ғаламат бар екенін білеміз. Оны 
мен де, сіз де білесіз. Ал, сіз сегізінші ғаламаттың 
бар екенін білесіз бе?! Білмесеңіз, мен айтайын. 
Сегізінші ғаламат бар, ол Кәкең жасаған жаңалық. 
Ол Кәкімбектің қиял арманынан туған бір көрініс. 
Оның осы бір «Әлемнің сегізінші ғаламаты» деп 
аталатын Астананың 10 жылдығына арнап жазған 
жинағындағы  өлеңдері,  әндері,  толғаулары 
халқын шын сүйетін азамат екендігін дәлелдейді. 
Онда  ақын  асқан  көргендігімен  –  Президентіміз 
қандай  қиындыққа  қарамастан  Астананы  салуға 
табандылықпен  шешім  қабылдап,  соны  елге 
жеткізуге, дүние жүзінде тарихи «астана» екенін 
асқан  шеберлікпен,  әрі  батырлықпен  дәлелдеген 
шығармасын  «Әлемнің  сегізінші  ғаламаты»  деп 
айқындап береді. 
Оның 
қаламынан 
туған 
көптеген 

 126 
шығармаларды,  өлеңдерді  жастардың  рухын 
көтеріп,  еліміздің  патриот  азаматтары  болуды, 
Отанымызды,  Астанамызды  қадірлеп,  әрі  қарай 
көркейтуге  шақырады.  Мәселен,  осы  жинаққа 
енген «Кенесары кемеңгер», «Үш би алаңында», 
«Астана  кіші  сәулеті»,  «Бостандық»,  «Думанға 
шақыру»,  «Пирамида»,  «Астананың  келбеті», 
«Астанада  Пушкиннің  ескерткіші»,  «Сәке  аға 
алдындағы  толғаныс»,  «Астана  жаңа  мешіті», 
«Ару қала Астана», «Абай ескерткіші алдындағы 
сөз»,  «Біз  қазақпыз,  азатпыз»  атты  толғауларын, 
«Тәттімбет» поэмасы, Мағжан сияқты т.б. ұлыларға 
арналған  шығармаларын  көңіл  толқуларымен, 
өзіндік  асыл  теңеулерімен  лирикалық  өзіне  тән 
бояуымен жүрек түкпіріне жеткізе жырлайды. Бұл 
жерде  мен  оның  шығармаларының  санын  қуып 
отырған  жоқпын.  Сан  қусаң  –  онша  көп  емес. 
Ал, сапа қусаң – аз да емес. Санын шығару оңай, 
сапасын  шығару  қиын.  Сондықтан,  Кәкеңнің 
ер  мінезді,  тақырыбы  қилы,  тіні  бөлек,  стилі 
алабөтен  шығармаларының  табиғатын  бірден 
танисың.  Ол  мұның  бәріне  таза шығармашылық 
іспен  айналыспай,  түрлі  басшылық  қызметтерде 
жүріп жетті. Тәртіп пен жауаптылықты, әділдікті, 
адалдықты ту еткен Кәкең халықтың мұңына да 
ортақтаса  білді.  Ол  Кеңестік  биліктің  тұсында 
«экология» түсінігінің пайда болуына жол ашып, 
алғаш  рет  Арал  проблемасын  әлемдік  деңгейге 
алып  шыққан  азаматтың  бірі.  Арал  мәселесін 
шешу  жолында  қиыншылықтарға  төзіп,  бүкіл 
жан-тәнімен сезініп, ақындық жүрегінен шыққан 
сезім  шумақтарымен  өрбітіп,  «Арал  сыры»  деп 
аталатын  өлеңін  шығарды.  Өзінің  туысындай 
болып  кеткен  сазгер  бауыры  екеуі  бірігіп,  «Жан 
тынысы» деген әнін дүниеге келтірді. Осы әуенді 
мәтінімен  тыңдасаңыз  кез  келген  адамның  көз 
алдына  су  таппай  қураған  Аралдың  мүшһіл 
халі  елестеп,  оның  жағдайын  жақсартуға  ерсілі-
қарсылы жүгірген сәйгүлік елестейді... 
Шындығында,  көрер  көз,  түсінер  зейін 
болса,  көркем  ниетпен  оқысаңыз,  ақынның 
ұлттық  әдебиетімізге  қандай  үлес  қосқанын, 
оның  ақындық  қуаты  мен  қаламгерлік  тегеуріні 
қаншалықты  дәрежеде  екендігін  танынатын, 
жастарға  үлгі-өнеге  болатын  шығармалары 
аз  емес.  Кәкеңнің  аузы  уәлі,  сөзі  дуалы  абыз 
екендігін  тәлім-тәрбиелік  ұлағаты  мен  өнегесі 
өзгеше  шығарма  жанры  бата  беруге  қосқан 
үлесі  де  дәлелдейді.  Батаның  қазақ  халқымен 
бірге  жасасып  келе  жатқан  өміршең  де  қасиетті 
жәдігер  сөз  асылдарының  бірінен  саналатыны 
белгілі.  Міне,  соның  ішінде  Кәкімбек  ақынның 
жас бүлдіршінге берген батасы, аталық ақ тілегі 
сол  дәстүрдің  жалғасындай,  көненің  көзіндей, 
асылдың  сынығындай  сирек  бата  дер  едім. 
Шамамен  200-дей  арыстар  аталған  сол  батаның 
кейінгі  жастарға  үлгі  боларлық  қасиеттері  тап 
басып  айтылған.  Ерінбей-жалықпай  осындай 
батаны құрастырудың өзі бір ғажап еңбек, ол да 
оның  еңбексүйгіштігін  әйгілейтін  қасиеттерінің 
бірі.  Жас  жеткіншектердің  болашағын  барлап 
ойлаған  Кәкімбек  ақсақалдың  алдына  қойған 
мақсат-мұраттары қандай ізгі десеңізші!
Кәкімбектің  қай  өлеңін  алсаң  да  оның  өзіне 
тән  өткір  де  нақыл  теңеулерімен  поэзияның 
шыңына  шыға  отырып,  ерке  де  еркін,  көңілді 
әзілдерімен  келістіре  отырып  жырлауы  оның 
өзгелерден  бөлектеп  тұратын  ерекшелігі. 
Оның 
жыр 
жинақтарының 
қай-қайсысы 
да  өзінің  тақырыптық  жаңашылдығымен, 
кең  тыныстылығымен,  асқан  парасатымен 
оқшауланып тұрады. Одан «Қайда тудың?» дегенде 
«Ән  құшағында  тудым  дер  едім»  деген  сөздері 
оның  Арқаның  кербез  де  сұлу  Көкшетауында 
туып,  әнші-биші,  ақын-күйші,  сал-серілердің 
ортасында,  яғни  табиғаттың  таңғажайып  тұңып 
тұрған  таланттарының  арасында  тәрбиеленіп, 
үлгі-өнеге  алып,  ақындыққа  бейімділігін, 
құштарлығын  арттырып,  шығармашылығын 
шыңдай түскендігінен көреміз. «Қилы, қилы ойға 
шомылдырған  толғанысты  себептермен  өлең 
шабыты  ерте  оянды.  Тоғызыншы  сыныпта 
жүргенде  өлеңдерім  газеттерде  жариялана 
бастады.  Анамның  ақ  сүтімен  дарыған  киелі 
өнер  өмірлік  жан  серігім  болып  кетті.  Өмірден 
ерте өткен ата-анамның маған берген еншісі де 
өлең  шығар»  деп  ақын  кейде  толғанады.    Бірақ 
оның өмір жолына үңіліп қарасаңыз, мамандығы 
–  тау-кен  инженері,  ал  табиғаты  –ақын.  Ақын 
болғанда  да  аузын  ашса,  жыр  төгілген  дарын. 
Осы  арада  ақынның  тіл  құнарын,  сөз  байлығын 
айтпай кетсек, соның ішінде Кәкеңнің тілін аттап 
өтсек, ол жайлы жазылған мақаламның бір бүйірі 
олқы тұрғандай сезіледі. Ол – қара сөзден қаймақ 
қалқып, өлеңге сап ұйқастырған қаламгер. Бәріміз 
де  сөз  бағып  өскен  ауылдың  баласымыз  ғой. 
Сондықтан  да,  кейде  тіл  білмейтін,  сөз  қадірін 
жете түсінбейтін жастардың қатары көбейіп келе 
жатқан өкініш және ақын есімі ұмытылмаса екен 
деген күйініш. Оның поэзиясы бұлбұлдай сайрап, 
төгілген жыр маржан.
Адамды  танып-білу  өте  қиын.  Мен  осы 
адамды  танимын,  жақсы  білемін  деген  адамдар 
да  өмірде  жаңылысып  жатуы  мүмкін.  Орыс 
халқында  мынадай  бір  мақал  бар.  «Адамды 
білу  үшін  онымен  бір  пұт  тұзды  бірге  татуың 
керек»  деген.  Солай  демекші,  Кәкеңмен  біраз 
жыл  тұздас-дәмдес  бола  отырып,  мен  оның  жан 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ 

 127 
сарайын терең түсінген, сырлас досындай болып 
қалдым.  Ағалық  ілтипатымен  жан-дүниеңді 
баурап, ақыл-кеңесін де беріп отырады. Жайсаң, 
сырбаз мінезді, көп артық былжыраған сөзі жоқ, 
әр  нәрсенің  өз  орнын  білетін,  терең  де  ойлы 
сыр-сымбатымен  өзі  білетін  жұртшылыққа  үлгі 
болатын  қасиеттері  көп.  Ол  өскелең  жас  ұрпақ 
бойына ұлтын сүюге, халқына адал қызмет етуге 
шақырып, адами құндылықтарды терең сіңірген, 
рухани  жаны  таза  адам  болып  қалыптасуына 
ықпал  етуге  әркез  тырысып  отырады.  Жалпы, 
Кәкең рухы биік, рухани жақтан бай адам. Рухани 
бай адам – ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, 
кешірімді, 
қанағатшыл, 
ақылды 
болады. 
Осындай қасиеттері бар адамда адамшылық мол 
болады. Адамгершілік ұғымында да осы аталған 
қасиеттермен  бірге  аяушылық,  сүйіспеншілік, 
жан аямай еңбек етушілік, т.б. көптеген сапалар 
кездеседі.    Бұл  қасиеттердің  барлығын  араласа 
келе оның бойынан байқадым. Ой-өріске өте кең, 
оның  бойынан  даналықтың  иісі  аңқып  тұрады. 
Данагөй  ойшыл,  ұстаз  Конфуций:  «Даналықтың 
шыңыңа  шыққан  адам  кемеңгерліктің  құлағына 
бүкіл  дүние  сыймайтынын  біледі.  Сондықтан, 
сабырлы болуға тырысады. Шешендіктің шегіне 
жеткен адам шешен сөзбен әр нәрсенің шындығын 
ашып,  мәнісін  түсіндіре  алмайтынын  біледі. 
Сондықтан,  олар  сылдыр  да  сұйық  сөзге  үйір 
болмауға  тырысады.  Ерліктің  шыңыңа  жеткен 
адам  батырлықпен  адамды  жеңе  алмайтынын 
біледі.  Сондықтан,  ол  өте  қарапайым  болады»  
деген. Осындағы бар асыл қасиеттер Кәкімбектің 
бойынан,  іс-әрекетінен  қашанда  көрініп  тұрады. 
Сіздер  мені  асыра  мақтапты  деп  айыптай 
көрмеңіздер, себебі бар шындық нәрсені айтпай, 
бүгіп қалу – үлкен күнә. 
Ақын  –  халықтың  ұлы.  Ол  тек  жеке 
басының  ғана  қасіретіне  қайғырып,  тынбау 
керек.  Ол  өзі  сүріп  отырған  заманның  келелі 
мәселелерін  түбірінен  қозғап,  халықпен  бірге 
қуана  білуі  де  шарт.    Ақындардың  түрі  көп 
болады. Әрқайсысының табиғаты да әртүрлі, бір-
біріне  мүлде  ұқсамайды.  Бұл  жерде  айтпағым 
қаптаған  ақындар  емес,  ішіндегі  ең  ірі-ірі  деген 
ақын  жайлы  айтып  отырмын.  Олардың  бірі  – 
қыран  ұшса  қанаты  талатын  шырқау  биіктің, 
екіншісі – бауырын жазып тұрып шабатын ұлан-
ғайыр  кеңістіктің,  енді  бірі  –  тылсым  тұңғиық 
тереңдіктің  ақыны  болып  келеді.  Кәкеңді  мен 
осылардың  ішінен  үшіншісіне  жатқызар  едім. 
Ақынның  еңбегі  –  өлеңі,  ақиқаты.  Кәкең  нағыз 
аңсар,  іңкәр  сезімнің  ақыны.  Оның  өлеңдерінен 
төгіліп  тұрған  мөп-мөлдір  кәусар  талантты 
байқаймыз.  Осындай  талантына  табындыра 
отырып,  жан-жүрегіңнің  терең  түкпірінде 
жатқан сан тарау сауалдар мен сан қилы ойларды 
оятып,  сені  тебірентіп,  толқынта  түседі.  Ол  қай 
тақырыпты  қозғаса  да  қатпар  боп  жатқан  арғы 
астарын  қазып,  тұңғиық  түпкі  тереңіне  саналы 
ойларымен үңіле алады. Міне, осы қасиеттерімен 
ол,  ақын.  Ақын  болу  үшін,  оның  ішінде  де  ұлт 
ақыны  болу  үшін,    ол  ұлттың  қайғы-қасіретін, 
қуанышы  мен  қайғысын  терең  сезіне  біліп,  не 
болса да жүрегімен көтере білуі керек.  Кәкеңннің 
бойынан осы асыл құндылықтарды мен өз басым 
сөзсіз  байқадым.  Оның  жаны  сезімтал.  Оның 
сезімтал  болатын  себебі  бар,  өйткені  Арқаның 
кербез сұлу Көкшетауы деп жырға қосқан Көкше 
өңіріндегі сал-серілерден жастайынан үлгі-өнеге 
алып,  кәусар  да  құнарлы  жырларын  жасынан 
жаттап, жадында сақтап өскен Кәкең кей кездері 
бір  арқасы  қозып  шабыттанғанда  «мен  ақындар 
еліненмін»  деуі  де  орынды.  Себебі  Сәкен,  Үкілі 
Ыбырайдай,  Қаныштай  перзенттерін  сыйлаған 
киелі  жердің  топырағынан  жаралған  Кәкең  де 
қарап жатпас-ты. Үкілі Ыбырайдың туған жиені 
Тайжан ақынның өлеңдерін жаттап айтуы өзі туып 
өскен  Ұлытау  мен  Көкшенің  қасиеттері  қанына 
тарағанын,  ойының  ұшқыр  да  сұңғыла  болуы 
осы  бір  туған  жерінің,  өскен  ортасының  тегінен 
деп білген дұрыс. Жазиралы кең даланың жусан 
аңқыған  таза,  тымық  ауасын  жұтып,  еркін,  бұла 
болып өскен Кәкеңнің бұлай болмасқа хақы жоқ-
ты. Бұл Тайжан туралы кейіннен көлемді шығарма 
жазуына арқау болды. 
Кәкімбекті  мақтауға  да,  онымен  мақтануға 
да  тұрарлықтай  тұлға.  Оның  халық  игілігі  үшін 
атқарған  істерінің  бір  көрінісі  жеті  қат  жер 
астындағы бар байлығын елінің игілігіне арнаған, 
Жезқазғанның  шыңырау  кеніштеріндегі  ғұлама 
ғалым Қаныш бастаған істі Кәкеңнің жалғастыруы 
сол  өңірдегі  халықты  қуанышқа  бөледі.  Ол 
жазған өлеңдерді кеншілер де жүректеріне жылы 
қабылдады. 
Кәкеңнің туған жері Ұлытау өңірінде атқарған 
өнегелі істері өнеге тұтарлық.  Ұлытауды көтеруге 
аянбай  ат салысып, көркеюіне біраз аянбай 
 еңбек етті. Ұлытаудың аты аталған кезде Кәкең 
елең етпей қалмайды. «Ұлытау дегеніміз ұлтымыз 
емес пе?» деп мәселені тікесінен тік қояды. Бұл 
да бір оның бойындағы асыл қасиеті. Бұрындары 
ол  күнделікті  істі  қадағалап  отыратын.  Соның 
нәтижесі  ол  бастаған  қандай  да  іс  абыройлы 
болатын,  бір  жазда  шағын  бір  ауданды  салып 
бітірткізуі  осындай  ерен  еңбектерінің  жемісі. 
Бұл 1972 жыл еді. Ол Ұлытау ауданның көрікті, 
көлемді  болуын  қалады.  Қаншама  жүйкесі 
жұқарған  сәттер,  мазасыз  күндер  мен  түндер 
ҰЛТТЫҚ  ТҰЛҒА  

 128 
өтті десеңізші! Міне, кейде сол бас болып салған 
Ұлытау  ауданына  жолым  түскенде  «Кәкімбектің 
аудан халқына жасаған үлкен көмегі болды және 
қиыншылықтарға төзген төзімділігі мен іскерлігі, 
еңбекқорлығы,  табандылығы  бүгінгі  жастарға 
сөзсіз үлгі-өнеге болды» деген ойлар бірден келеді. 
Адам  ел  есінде  осындай  игі  істерімен  қалмақ 
және  халқы  да  соған  лайықты  бағасын  бермек. 
Кәкімбек 1955 жылы Мәскеудің «Түсті металдар 
мен  алтын»  институтын  бітіріп,  Жезқазғанда 
Қаныш  ағасының  жолын  қуып  комбинатта  20 
жылдай  жұмыс  істеді.  Еңбек  жолын  қатардағы 
шахта  инженерінен  бастап  шахта  бастығы, 
одан  кейін  Жезқазған  комбинатында  партком 
хатшысы,  одан  кейін  Жезқазған  қаласының 
бірінші  хатшысы,  Жезқазған  облысы  ашылғанда 
облыстық  партия  комитетінің  екінші  хатшысы 
қызметіне дейін көтерілді. Өзінің талпынысының, 
ізденісінің  нәтижесінде  биік  жетістіктерден 
көрініп,  асуларды  бағындырды  десе  де  болады. 
Соған сай, К.Салықовтың да еңбегі өзіне лайықты 
бағаланып, бірнеше ордендермен марапатталған. 
Ақын  Жезқазған,  Сәтбаев,  Көкшетау,  Астана 
қалаларының  құрметті  азаматы,  Қазақстанның 
еңбек  сіңірген  қайраткері.  Оның  осындай 
жетістіктерге жетіп, ел құрметіне бөленуіне, мәнді 
шығармаларының  елге  танылуына,  аялы  алақан, 
мейірімді  жүрегімен,  аяулы  мінезімен  сүйеу 
болып  жүрген  жан  жары  Мария  апамызға  деген 
алғысымыз  шексіз.  Немерелерінің  ортасында 
қызықтары  мен  қуаныштарына  бөленіп,  қашан 
көрсең  де    мейірбан,  ақжарқын,  кішіпейіл, 
жайдары мінезімен адам жанын баураған кісілік 
ұлағатына Кәкеңдей азаматтың дәл келгеніне дән 
риза боласың. 
Жалпы Кәкең туралы көп жазуға болады. Бұл 
ол  кісі  жайы  ұзақ  та,  мәнді  толғаныстың  басы 
ғана  деп  ойлаймын.  «Жақсының  жақсылығын 
айт – нұры тасысын, Жаманның жамандығын айт 
–  құты  қашсын»  демекші,  өзімнің  тарапымнан 
Кәкеңдей  азаматтың  еңбегін  жасыру  немесе 
елеусіз  қалдыру  мен  үшін  бір  ауыр  жүк  тәрізді. 
Елінің қалаулысы болған, халқына елеулі қызмет 
етіп келе жатқан Кәкеңдей ағамыздың бар болғаны 
біз үшін – мақтаныш, зор қуаныш! Оның арзанға 
алданбаған адамшылық биігі, азаматтық мұраты, 
әлеуметтік  үні  айқын  Кәкеңнің  жаратылыстың 
қазақ  руханиятындағы  тұлғасы  жастарға  сабақ 
болатын өнеге демекпін. Бүгінде жасы сексеннен 
асып отырған таланты мен өмір тәжірибесі қатар 
толысып, кемеліне келіп тұрған абыз ақсақалдың 
жүріп  өткен  жолы  тұнып  тұрған  тәлім.  Оның 
өткені – сағым, маңдай беті – ашық. Кәкең ғұмыр 
тіршіліктің небір ой-қырларынан өткен, ащыны да, 
тұщыны да көп көріп, бай  тәжірибе жинақтаған, 
бүгінгі  мерей-мәртебесіне  жас  шағынан  бастап 
ізденудің,  еңбегінің  арқасында  жеткен  азамат. 
Оны мен тамырын тереңге жайып, жасыл желегін 
төккен,  жапырақты  бұтақтарымен  сая  болып, 
мәуелі жемісін беріп отырған, ел мен жерге еңбек 
сіңірген  саялы,  алып  Бәйтерекке  ұқсатамын. 
Бұл  мақаланы  ұсынып  отырған  себебім,  тұлға 
тарихынан мағлұмат алып және осындай тұлғаға 
ұқсауға талпынса деген тілек. Екіншіден,  жүрегі 
орныққан, айналасына көңілі жібіген, ағайынға да, 
досқа да қайырымды, достыққа адал қадірі асқан 
ақсақалға  нұрлы  қуат  бергей  деп,  қолдан  келген 
осы бір тілегімді (мақаламды) жолдап отырмын. 
Сіз  ешқашан  ауырмай,  халықтың  ыстық 
ықыласына бөлене беріңіз!
Резюме
Статья  посвящена  уважаемому  Какимбеку  Салыкову,  народному  поэту,  композитору,  который  неустанно 
трудиться во имя светлого будущего своего народа. Автор прослеживает в творчестве поэта идеи национального 
воспитания, духовного развития молодежи.
Summary
Article is devoted to a dear Kakimbeku Salykovu, the national poet, the composer which indefatigably works for the 
sake of the light future for his people. The author traces ideas of national education and spiritual development of youth in 
creativity of the poet.
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ 

 129 
МАЗМҰНЫ – СОДЕРЖАНИЕ
Құттықтау хаттар...............................................................................................................6
С.Ж. Пірәлиевтың алғы сөзі...........................................................................................10
Ұлттық тағылым
Пірәлиев С.Ж. Жаһандану үдерісіндегі жастарға ұлттық тәрбие берудің рөлі..........12
Нуриев М.А., Сейсенбаева Ж., Сеитова Ж. Ұлттық тәлім-тәрбие негіздері..............17  
Қирабаев С.С. Ұлттық тәрбие және қазақ әдебиеті......................................................22
Есім Ғ. Елдік сана философиясы....................................................................................28
Молдабеков Ж.Ж. Қазақтану ілімінің ұлттық тәрбиеге әсері......................................35
Айтбаев Ө.А. Ана тілі – ұлттық тәрбиенің алтын діңгегі............................................43
Айталы А. Жаһандану және ұлттық тәрбие («Баламалы педагогика» және «шекарасыз 
педагогика» идеяларын талдау).............................................................................................50
Ғаббасов С. Халқыңның қадір-қасиетін ұқ!..................................................................54
Төлеубекова Р.К. Ұлттық тәрбиедегі ұлттық құндылық мәселесі...............................61
Берлібаев Б.Т. Ұлттық тарихи білімнің өткелдерінен қорытынды шығару туралы ой-
сана...........................................................................................................................................64
Жарықбаев  Қ.К.  Ұлттық  тәрбиені  өрістеткіміз  келсе,  қазақы  қасиетімізді                      
қастерлейік! ........................................................................................................................... 69
Бөлеев  Қ.    Ұлттық  тәрбие  –  елімізде  дағдарысты  болдырмаудың,  дағдарыстан 
шығудың және дамудың кепілі..............................................................................................71
Түрікпенов Ж., Бөлшекбаева Ә.И. Оқушылардың тұлға болып қалыптасуында еңбек 
пен кәсіптік бағдардың рөлі...................................................................................................74
Сағдиев М.Р. сұхбат.  Тарихты білмеу – өзіңнің шыққан тегіңді білмеу, Отанын біл-
меу.............................................................................................................................................78
Мынбаев М.Т. О формировании системы религиозно-духовного воспитания...........82
Қасенов Е. Ұлттық мүдде – ұрпақ тәрбиесі..................................................................84
Аганина Қ.Ж., Ыбышева С. Ұлттық   құндылықтар  негізінде экономикалық білім 
беруді жетілдіру.......................................................................................................................85

 130 
Пралиев  С.Ж.,  Нуриев  М.А.,  Якупова  А.Н.,  Сейсенбаева  Ж.А.  Пути  дальнейшего 
совершенствования образовательного процесса в республике Казахстан........................88
Яковцева А.И. Национальное воспитание как предмет обучения...............................98
Казабеева В.А. Гуманитаризация образования как основа воспитания поликультурной 
личности в ВУЗах Республики Казахстан..........................................................................101
Токтарова  Т.Ж.  К  вопросу  о  национально-культурном  воспитании  с  учетом    ген-
дера.........................................................................................................................................104

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет