ҮЙДІҢ ІРГЕТАСЫ ӘЛСІЗ ҚАЛАНЫП..., ОЛ БӘРІБІР
БІР КҮНІ ҚҰЛАЙДЫ
Егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке
бастар жолдың бастауы – мектеп десек,
ал сол мектептің басты тұлғасы, жүрегі –
мұғалім. Адамның адам болып қалыптасуына
ата-аналармен бірге мұғалімнің де ролі зор.
Бауыржан Момышұлы айтқандай “Ұстаздық
– ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз
тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да,
данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де,
кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген
аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты
тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға
міндеттіміз” деген еді. Солай демекші, мектеп
қабырғасында жақсы тәрбие алған шәкірт
өмірде өз орнын табады. Ол үшін ең алдымен
ұрпағымызды бала кезінен ұлттық тәлім-
тәрбиеге, адамгершілік әдетке, рухани
мәдениетке баулып, имандылық қасиеттерін
жетілдірсек, сонда ғана халқының дәстүрін
САЛТ-ДӘСТҮР
ӘДЕБИЕТТЕР:
Ұ. Әбдіғаппарова.
1.
«Оюын текеметтің ойдыр, әже!...», «Ана тілі» газеті, 11 тамыз, 1994.
–
5 б.
Ә. Нүрпейісов.
2.
«Қазақ халқының ою-өрнегі», Алматы, «Өнер баспасы», 2002.
–
10 -11 б.
Резюме
В статье раскрывается роль национального воспитания. Цель национального воспитания – разъяснить
ценность духовной культуры и искусства, сформировать понятие национального, выявить способы, содействующие
душевному подъему общества. На современном этапе одним из актуальных становится вопрос воспитания
молодежи посредством синтеза всех казахских национальных традиций.
Главная задача национального воспитания и образования – хранить, наследовать и передавать будущему
поколению традиции казахского народа, его культуру и искусство. Цель современного образования заключается в
воспитании культурного, образованного, духовного, талантливого гражданина и в первую очередь личности.
Summary
In the article the role of national education is considered. The purpose of national education is to explain a role of
spiritual cultures and art, to generate concept national at the present stage. Education of youth by means of synthesis of all
Kazakh national traditions becomes actual.
The main task of national education and upbringing – is to store, inherit and transfer to the future generation the
tradition of the Kazakh people, its culture and art. The purpose of modern education consists in education of the cultural,
educated, spiritual, talented citizen and first and foremost the person.
да, терең зерттеудің нәтижесінде өздерінің
көптеген көркем шығармашылық жұмыстарының
композициялық шешімін ұлттық тұрмыс
тіршілікті бейнелеуге арнап жүр.
Ұлттық тәрбие отбасындағы тәрбиенің
негізі болып саналады. Сондықтан да, ұлттық
тәрбие негізінде жас мамандарды тәрбиелеуде ең
алдымен, бірінші курстан бастаған жөн. Ұлттық
тәрбиені отбасы мен мектепте ұлттық үлгіде
үздіксіз, жүйелі де, бірізді етіп тәрбие алып келген
студент жастар, өздерінің көркем іс-тәжірибелері
мен ұлттық тәрбиелік қасиеттерін көпшіліктің
игілігіне айналдыратыны сөзсіз.
110
білетін, елі үшін аянбай қызмет ететін
азамат қалыптастырғанымыз. Осы жолда біз
білім беру саласындағы түйінді проблемаларды
жіті бақылап, оны нақты шешу жолдарын
тауып, оқу-тәрбие процесінің жандануына
ықпал етіп жүрген Алматы қаласындағы
Ы.Алтынсарин атындағы №159 жан-жақты
профильді гимназияның директоры, 2008
жылы «Қазақстанның еңбек ері» және «Алтын
жұлдыз» медалінің иегері атанған тәжірибелі
де, білікті ұстаз Аягүл Төреқызы Миразовамен
ой бөлістік.
Аягүл Төреқызы, қазақ халқында ұрпақ
тәрбиесі бірінші кезекте тұрған ғой. Дана
халқымыз: «Бір жылын ойлаған адам астық
өсіреді, он жылын ойлағанда ағаш өсіреді,
келешегін ойлағанда ұрпақ өсіреді» деп бағзы
замандардан айтып келеді. Осы жолда атадан
балаға ұласып келе жатқан бұл қағиданы әр
заманда, әр кезеңде жаңғырта түсіп, жетілдіріп
келеміз. Қазіргі кезеңде гуманитарлық
және педагогикалық ғылымдар негізінде
тәлім-тәрбиенің мазмұны мен мағынасын,
әдістемелік бағдарын жаңа заман талаптарына
сай инновацияландыру міндеттерін де шешуге
кірісудеміз. Осы тұрғыда шәкірт тәрбиелеуде
қандай қағидаларды басшылыққа алып
отырсыздар?
«Ұлым дейтін елі болмаса, елім дейтін ұл
қайдан шығады?» деген сөз бар қазақта. Шын
мәнісінде, өте орынды айтылған мақал, бұл жерде
өзіміздің ұрпағымыз туралы ойламасақ, біз еліміз
туралы ойламаған болар едік. Әр ұлттың өзіне тән
ұлттық қасиеттері, ділі, тілі, діні, салт-дәстүр, әдет-
ғұрыптары болады. Біздің елімізде 100-ден аса
өзге ұлт өкілдері тұрып жатыр десек, Қазақстанда
тұрып жатқаныменен олардың әрқайсысының
өз ұлтына сай тәлім-тәрбиесі бар. Біз олардың
жақсы жақтарының барлығын бойымызға сіңіріп,
қабылдағанымызбен дәл сол ұлт бола алмаймыз.
Қазақтың
ұл-қыздары
ерекше
болмысты
жаратылған. Қазір, сол қасиеттерді жоғалтып келе
жатқандаймыз. Ол – басқа халықтар тәрбиесінің
ықпалына қарай жығылып бара жатуы. Басқа
ұлтқа жарасатын тәрбие, біздің ұлттың ұл-қызына
жараспайды. Сондықтан да, қандай да басқа
өркениетті, дамыған ел болсын, соның киімін киіп,
соның сөзін айтайық, біз бәрібір олар болмаймыз.
Біз қазақ болып өмірге келгеннен кейін, қазақ
болып өмірден өтуіміз керек. Өзімізбен бірге біте
қайнасқан әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді,
дінімізді, ділімізді, тілімізді бойымызға сіңіре
отырып, біз басқа ұлттың да жақсы қасиеттерін
ала аламыз, әлемге де өзімізді таныта аламыз.
Ұлттың шырайлы дүниелерін бойымызға
қалыптастырмайынша, елімізді дамытып, әлем
таныған халықтың ұрпағы боламын деу мүмкін
емес.
Қазіргі таңда ұлттық тәрбие жайлы мәселе
өте орынды көтеріліп жүр. Мен оны екі қолдап
қолдаймын. Себебі, Кеңес өкіметінің құрамында
болып, тілге біраз шорқақ болдық. Тәрбие де
өзінің ұлттық бет-пердесінен айырылып қалғандай
болды. Одан кейін тоқырау кезі басталды, ауылдың
бәрі қалаға қарай көшті. Осы арада біз біраз нәрсені
жоғалтып алдық. Тұтас жоғалтып алдық деуге
де аузым бармайды. Қазақ тілін еркін түсінетін,
жазылған шығармаларды еркін оқитын, оған баға
беретін, ақындардың өлеңдерін тереңнен түсініп,
оны өмірде қолдана білетін жастарымыз қазір
азайып кетті. Тілден ақсадық. Жалпы, кім болса
да, тілді түсінбесе, мынаны қанша біл десеңіз де,
оны терең біле алмайды, бойына сіңіре алмайды.
Бізге жаңа нәрсе шығарып, ойлап табудың
қажеті жоқ. Біз болған дүниемізді қайтаруымыз
керек. Сонда ғана еліміздің алдында да, өзге
жұрттың алдында да қазақ деген дана халық бар
екенін дәлелдейміз. Қазақтар батыр болған, дана
болған, оған ешкім де шек келтірмейді. Қазір
сондай Абай, Жамбыл, Мұхтар, Сәбит, Бейімбет,
Мағжан, Сәкен, Мұқағали сияқты артына түйінді
ой-пікірлер қалдыратын тұлғаларымыз бар ма?
Қарынның тоқтығын, уайымның жоқтығын ғана
ойлап жүрген азаматтар көбейіп жатыр ма деп
қаласың кейде.
Тоқырау
кезінде
барынша
баурап,
батыстың берекесіз тәрбиесіне бас ұрып кеткен
жастарымыздың бетін бұруда осы көтеріп отырған
ұлттық тәрбие жайлы мәселеге бәріміз бір кісідей
ат салысып, балаларға осы таңның талабына сай
болғандығын талап ету керек. Міне, сол тұрғыда
біз де қолдан келгенше балаларды тәрбиелеуге
үлесімізді қосып келеміз деп ойлаймын.
«Ұлттық
мектеп»
деген
ұғымның
шыққанына да біраз болды? Осы «Ұлттық
мектеп» бізге керек пе?
Жалпы, бүгінгі таңда ұлттық тәрбие жайлы
мәселелер басқа елдерде де көтеріліп жатыр. Көрші
Ресей мемлекетінде орыс, Қытайда тек қытай
тілінде оқытатын мектептер, Өзбекстанда да тек
өзбек тіліндегі мектептер болу керек деп, ұлттық
деген сөзді айтпаса да, өз ана тілінде болу керек
деген мәселелер көтерілуде. Ұлттық деп ұлтты
бөлшектеп тастауға болмайды. Бірақ ұлтын кім,
қазақсың ба, қазақ тіліндегі мектептер болу керек.
Сөзсіз болу керек, болмау керек деп кесіп айта
салу қиын. Бірақ біз оған дайынбыз ба? Ол қандай
мектеп болу керек?! «Ұлттық мектепті» үлкен
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
111
дайындықпен құрған жөн. Оның ғимаратынан
бастап, білім беру стандарты, оқулығы, киімі,
оқушылардың жүріс-тұрысы, тіршілігі, іс-
әрекеттері бәрі соған сай болу керек. Біз қазір
ұлттық мектепті аша салып, оның үдесінен шыға
аламыз ба, жоқ па? Мәселенің қиындығы осында.
Түбі соған келетін шығармыз. Бірақ, дәл қазір оны
жолға қоямыз деу асығыстық деп ойлаймын.
12-жылдық мектепке көшу сіздіңше тиімді
ме? Оның шәкірт тәрбиелеудегі үлесі қандай
болмақ?
Республикамызда 12-жылдыққа көшуге
байланысты эксперименттік мектептер жұмыс
жасап жатқындығын білесіздер. Бұл әлемдік
білім стандартына сай болу үшін жасалып жатқан
дүние. Себебі, біздің қазіргі аттестатымыз,
жоғары оқу орнын бітіргенде алған дипломымыз
басқа елдерге аспайды, олар мойындамайды.
Мойындамаған деген сөз, ол өте ауыр нәрсе.
Сондықтан да, біз әлем танитындай жағдайға
жетуіміз керек. Жақында Елбасы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында
осы мәселеге қатты мән берді. 12-жылдыққа
толығымен 2020 жылға қарай көшіп бітеміз
деді. Алғашында дайын болмадық, оқулықтар
дер кезінде шықпады, мектептер де талапқа сай
болмады. Бұл жүре түзелетін шаруа, сондықтан
да, мен бұл бастаманы толығымен қолдаймын.
Қазір дарынды балаларға арналған мектептерді
көбейту ұсынылып жатыр. Ол көп қаржыны
талап етеді. Оның тек материалдық жағы ғана
емес, оларға сабақ беретін ұстаздарды дайындау,
одан жан-жақты мағына шығару үшін көп дүние
жасауымыз қажет. Дағдарыс кезіне қарамай,
келешегімізге керек екендігін ойлап, Елбасымыз
көптеген шаруалар тындыруда. Астана қаласында
әлемдік деңгейде танылатындай жоғары оқу орны
салынатындығын айтты.
Біз жетпіс жылдан аса Кеңес үкіметінің
қарамағында болып, бізден басқа, бізден
керемет ешкім жоқ, Кеңес үкіметінде керемет
дүние болып жатыр екен деп көзіміз байлаулы,
құлағымыз тас керең болып өстік. Енді, соның
орнын толтыруымыз керек. Қазақта «Үйрен де
жирен» деген сөз бар. Біз көп нәрсені үйренуіміз
керек, қажетті жерінде пайдалануымыз керек.
Қажет болмаса қойып қоюымыз керек. Қайда
барсақ та, жақсы жағынан үйреніп, өзімізде
сол жолға түсуге тырысуымыз қажет. Біздің
байлығымыз – жас ұрпақ. Біз сол жас ұрпақтан
айырылып қалмауымыз керек. Және болашақ
бағдарламасына, мейлі басқа бағдарламаға
қатысты болсын, менің пікірім, оқушылардың
мектеп бітіре сала, қабырғасы қатаймай жатып
кеткенін қаламаймын. Өйткені, ол жаққа барып,
біздің кейбір қыздарымыз тұрмысқа шығып, сол
жақта қалып жатыр. Ал, ұлдарымыз үйленбесе де,
сол жақтың тұрмыс-тіршілігіне үйреніп, қызмет
етуде. Мұның бәрі жүрегімді ауыртады. «Өзге
елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген
сөз бар. Біз оларды ол жаққа жіберген кезде, ең
жақсы білімін, білігін алып, еліне пайдалансын
деп жібереміз. Ал, өзіміздің білімге сусындап,
жоғары оқу бітіргеннен кейін барса, ол елінің
де, жерінің де, халқының да, алған білімінің де
қадірін біледі. Жақсы мен жаманды, тиімді мен
тиімсізді өз дәрежесінде таразыға сала алатындай
болып барса, оның еліне оралатыны сөзсіз. Мен
балаларды табалдырықтан аттатпай, үйде ұстап
отыру керек деп отырғаным жоқ. Балаларды
жіберу керек, тек ақыл тоқтатқан жаста.
Бастауыш сыныптарда басқа тілдерді
оқытқан дұрыс па? А.Байтұрсыновтың
«бастауыш сыныпта басқа тілдерді оқытпай,
алдымен өз ана тілін терең меңгерту керек»
деген пікірімен қосыласыз ба?
Бастауыш сыныпта үш тілді оқытудың
керегі жоқ. Себебі, қазір онсыз да кітаптардың
тілі қиын. Балаға ауыр тиеді. Қателері де көп.
Жөндеуге мүмкіндіктер жасалып жатыр, бірақ бір
жүйеге түспей жатыр. Бұрын республикамызда
жаңадан шыққан кітаптарды сынақтан өткізетін
экспериментальды мектептер болатын, өте
керемет бағдарлама еді. Қазір ол жоқ, сондықтан
да ойларына келгенін жазып жатады. Жас
ерекшелігіне онша мән берілмейді. Мұны ел
боп, жұрт боп кіріссек түзейміз. Әрине, үш тілді
білу керек, оған ешқандай қарсы емеспін. Қазір
Алматы қаласында орыс тілін бұрынғыдай бөліп
оқытпаймыз, орнына қазақ тілін бөліп оқытудамыз.
Қазір беті түзеліп келе жатыр, бірақ тілді еркін
білетін бала аз. Орыс тілі керек, ол ешқашан бір
жақта қалмайды. Бұрынғы стандарт бойынша
орыс тілі бірінші сыныптан бастап оқытылатын,
қазір үшіншіден бастап оқытылады. Ал, ағылшын
тілін балалар оң мен солын танып, орыс тілін еркін
меңгеріп алғаннан кейін оқытсақ та, ештеңеден
кеш қалмаймыз. Өз тілінде сөйлей алмай келген
балаға алдымен ана тілі – қазақ тілін үйретуден
бастау керек. Әрине, біз өзіміздің елдігімізді,
елімізді әлемге танытамыз, басқа елдердің жеткен
жетістіктерін өзімізге аламыз десек шет тілі керек,
онсыз алысқа бара алмаймыз.
Халықтық педагогика тұрғысында қалай
тәрбиелеуге болады? Үйінде басқалай, сыртта
басқаша тәрбие алған баланы мектепте ұлттық
тұрғыда тәрбиелеуде қиыншылықтар туады
ма?
САЛТ-ДӘСТҮР
112
Біз қандай кез болмасын, таршылық немесе
кеңшілік заманында тұрып жатсақ та, тәрбиенің
отбасынан басталатынын ұмытпауымыз керек.
Негізі тәрбие балаға үш ортадан беріледі:
жанұя, мектеп, қоршаған орта. Қалай деп айтсақ
та жанұя тәрбиесі басты. Жанұяда тәрбиенің
тұнығын сезініп өспеген балаға біздердің берген
тәрбиеміздің бірі бойына сіңсе, бірі бойына
сіңбейді. Қазір ата-ананың өмірге деген көзқарасы
өзгерді. Ата-аналардың басым көпшілігі тілді
үйрететін де мектеп, тәрбиені де беретін мектеп,
қазақты қазақ жасайтын да мектеп деп санайды.
Үйде олар қазақ болып саналмайды, мектепке
барғанда ғана қазақ болып саналады. Осындай
жаңсақ пікірден сақтану керек. Мұғалім – білім
беруші, ол білім бере отырып, баланың үйде алған
тәрбиесін ары қарай төкпей-шашпай ары қарай
жалғастырушы. Мұғалімдерде оған арнайы тәрбие
жүргізіп жататын уақыт та жоқ. Ондай қаралмаған,
аптасына арнайы тақырыптармен 45 минуттық
тәрбие сағаты беріледі. Барлығын айтып, әр
баланың бойына тәрбиені сіңіру бір ұстазға қиын,
мүмкін емес. Мектепте көптеген үйірмелер бар,
біреуі әнін үйретіп жатса, біреуі күйін үйретіп
жатады. Жалпы балаға әдепті, адамгершілікті
болуды, үлкенді сыйлап, құрмет, кішіге ізет көрсету
керектігін, ата-ана, ұстаз дегеннің орнын білдіріп,
елін, жерін, халқын сүюге шақыратын тәрбиенің
бастауы біріншіден, жанұядан бастау алуы керек.
Ата-аналарының арасында сыйластықты, әжесі
мен атасына құрметті көрген бала, қанша бүлінейін
десе де бүлінбейді. Мысалы, үйдің іргетасы
әлсіз қаланып, оны сіз қанша құрсауласаңыз да,
ол бәрібір бір күні құлайды. Бала да сол сияқты,
үйде берілмеген тәрбиені мектеп жүз пайызға
өзгертеді дегенді мен жаңсақ айтылған пікір деп
ойлаймын. Сондықтан да, үйде, түзде әрқалай
тәрбие алған баланы мектепте тәрбиелеуде, әрине
қиыншылықтар туады.
Ауылдың балалары қаланың баларына
қарағанда бақытты ғой. Шын мәнінде бақытты,
қызығып қарайсың. Ауыл баласын ата-анасы,
бүкіл ауылы болып тәрбиелейді. Малдың алдынан
шығады, балалар бір-бірімен сөйлеседі, ойнайды,
күледі, соның арасында доптарын да теуіп алады.
Әңгімесін де айтып үлгереді. Тек сабағын оқиды,
мектебіне барады, таза ауа жұтып өседі. Қарасаңыз
қаланың баласының ішіп жатқан тамағынан артық
ішпейді. Ал, беттерінен қан тамып тұр. Қала
баласы базарда не бар, түгел жейді, бірақ бәрібір
көгеріп, сазарып тұрады. Үйіп-төгіп берген сабағы
да баланың жүйкесін жұқартып, әлсіретеді. Ауыл
баласын тәрбиелеуде тек ата-анасы ғана емес,
ауыл-аймағы ықпал етеді.
Салт-дәстүрлерге қатысты «озығы мен
тозығы жеткен» деген көзқарастар бар, сіз
осы пікірмен келісесіз бе? Олардың ара-жігін
қалай ашып көрсетер едіңіз?
Салт-дәстүр,
әдет-ғұрыпты
орнымен
пайдаланса, оның ірігі де, шірігі де, озығы мен
тозығы да жоқ деп ойлаймын. Бірақ, әр нәрсе
заманына қарай ғой. Мен өткен дәуірлердегі ата-
бабаларымыздың кейбір ұстанған ұстанымдарын
өз заманына сай деп санар едім. Ал, енді заман
өзгергеніне қарай, салт-дәстүрлердің кейбіреуі
ескіріп, кейбіреуі жаңарып жатыр. Қандай салт-
дәстүр, әдет-ғұрып болса да келешегіне үлес
қосатындай дүние болу керек. Қазақтың жақсы
салт-дәстүрлері өте көп. Өмір мәңгілік емес,
адамның ғұмыры да соншалықты ұзақ емес.
Қазақтың ең бір жақсы, басқа халықтан ерекше
қасиеті неше түрлі той-томалақтарының бар
болуы, сонысын жақсы көремін.
Той-томалақ арқылы адамның бір-біріне
құрметі де артады, үйренеді, біріне-бірі қызығып
та, қызғанып та қарайды. Бала өскен сайын
ұрпағына қуанатын халықтың бірі қазақ халқы
болса керек. Өмірге бала келсе, тұсауын кессе,
мектепке барса, бітірсе, оқуға түссе, диплом алса,
бір нәрсеге қол жеткізсе той жасаймыз. Әрі қарай
тағы тағы. Мұның бәрі ұрпаққа деген мейірімнен
туған нәрсе. Баланың қуанышына қуана алу
таптырмайтын дүние.
Қазақта әке-шешесі баласы алпысқа келсе де
балалық көзқараспен қарайды. Ішкен-жегеніне,
кигеніне дейін бақылап отырады. Көп халықтарда
олай емес. Балалары кәмелетке жеткеннен кейін
сау бол, өз наныңды өзің тауып, өз күніңді өзін
көр дейді. Ал, біздің қазақ өле-өлгенше соңғы
нанын бөліп беріп өтеді.
Жалпы, мектеп қабырғасында түрлі салт-
дәстүр, әдет-ғұрыпты тәжірибе жүзінде көрсетіп,
балаларға қолымыздан келгенше түрлі кештерде,
ертеңгіліктерде тілге тиек етіп, үйретуге
тырысамыз. Балаға мектепте көргені елеулі әсер
етеді және өмірде көріп жүрсе ықпалы күшті
болмақ. Орыс тілді, орысша тәрбие алған жанұяда
әдет-ғұрып, салт-дәстүр басқаша сақталады.
Оларға біз қанша айтып, үйреткенімізбен, ол
құмға құйған су сияқты, із-түссіз сіңіп, ертесіңе
жоғалып отырады. Сондықтан да, ұлттық салт-
дәстүр, әдет-ғұрыптарды теорияда емес, тәжірибе
жүзінде көріп жатса, ол өзінен ғана емес, басқадан
да талап ететін болады.
Салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты насихаттауда,
оны балаларға үйретуде сіздердің мектепте
қандай
іс-шаралар
ұйымдастырылып
тұрады?
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
113
Бізде «Әжелер» клубы бар, онда үлкен
жастағы апайларымыз ата-аналардың басын
біріктіре
отырып,
қандай
тәлім-тәрбие
жұмыстарын жүргізу керектігін, қазақтың ұл-
қыздарының бой түзеу, ой түзеуі қандай болу
керектігі жайындағы мәселелерді қарастырып
отырады. 90-шы жылдардың ішінде әдепсіз газет-
журналдар қаптап кетті. Ашуға ұялатынсың.
Құдайға шүкір, қазір беті бері қарады. Адамда тән
сұлулығы, жан сұлулығы деген бар. Дүниеде ұят
деген нәрсе болады, біз содан айырылмауымыз
керек. «Өлімнен ұят күшті» деген сөз бар қазақта.
Осы ұят деген сезім жоғалып барады. Міне,
осы тәрізді адами құндылықтарды қарастыра
отырып, түсіндіруге тырысып, жақсы қасиеттерге
баулудамыз. Берген ақыл-кеңесіміз барлығының
құлағына құйыла қалмаса да, біраз ұл-қызға
құйылатынына сенімдімін.
Бала тәрбиесі өте күрделі. Абайдың сөзі бар
ғой: «балаларды... бағар едім, қалайша бағудың
мәнісін де білмеймін» деген. Сол сияқты,
бір жағы ата-аналарға аналық тәжірибеңіз,
екіншіден ұстаздық ақылыңыз ретінде қандай
ақыл-кеңес берер едіңіз?
Абай атамыз дұрыс айтқан, бала тәрбиесі
деген өте күрделі мәселе. Қазақта мынадай
нақыл сөз бар: «Балаңды 5-ке келгенше піріңдей
тұт, бестен 13-ке дейін құлша жұмса, одан кейін
құрдасындай сыйла» деген. Беске келгенше қол да
тигізбей, жақсылап айналып-толғанып тәрбиелеп,
ал бестен он үшке дейін еңбекке баулып,
талабыңды орындатуың керек. Егер он үштен
кейін тәрбиелеймін десең, көп нәрсені жіберіп
қоясың. Сіздің айтқаңыныздың бірін дұрыс десе,
екеуін дұрыс демейді. Осыны ескермей, артынан
сан соғып қаламыз. Бүйтсең, бала керемет
тәрбиелі болады деп айту қиын. Сондықтан да,
бар білгенімізді, бар күшімізді баланың дұрыс
тәрбие алуына жұмсауымыз қажет. Жоғарыда
аталған негізгі үш көз: жанұя, мектеп, қоршаған
ортаны дұрыс жолға қойып, баланың әр басқан
қадамын жіті бақылап отырған абзал. Тек өз
балаңа ғана жауап бермей, ол кіммен жүр, кіммен
жолдас, кіммен ойнайды, кіммен бірге отырады,
ортасы қандай екенін назарда ұстау керек. Жаман
нәрсе өте жұғысты, жақсыдан гөрі біз жаманды
тез қабылдаймыз. Өзімнің балам тәртіпті, басқада
жұмысым жоқ деу үлкен қателік. Сондықтан да
ата-ана, мектеп болып бір-бірімізге құлақ асып,
бірімізді-біріміз кінәламай, тәрбиені дұрыс жолға
қоюымыз қажет деп санаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |