ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
С.Н.Мұсабекова –
Ушинский атындағы орта мектеп мұғалімі
Алматы облысы, Қарасай ауданы
ҰРПАҚ БОЛАШАҒЫ ҰСТАЗДАР ҚОЛЫНДА
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес заяға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.
АБАЙ.
Қазіргі таңда Қазақстанның дүниежүзі
қауымдастығының арасында беделі артқанына
куәміз. ЕҚЫҰ төрағалығы, анти ядролық
бағдарламаның жетекшілігі және аймақтағы
мәселелерге өз тұрғысынан шешуші орынды
иеленгені осының дәлелі.
Ал осы беделге ие болу бірінші мәселе
болса, екіншісі, оны әрі қарай дамыту,
кемелдендіре түсу болып табылады. Осы орай-
да, ұрпақ тәрбиесіне жауапты ұстазға артылған
жауапкершілік өте үлкен. Егеменді ел, тәуелсіз
мемлекет болып бүкіл әлемге танылып отырған
шақта педагогтардан шығармашылық жұмыс
талап етілуде. Осыған байланысты олар өз ісіне
жауапкершілікпен қараумен қатар жаңалықтарды
зерттеп, тиімді білім технологияларын пайдала-
нуды кезек күттірмейтін шепке шығаруда. Жас
ұрпақты оқытуға, тәрбиелеуге үлкен міндет
қойып отырғандығының байыбына барып, нық
қадамдар жасауда.
Бүгінгі мектеп мұғаліміне, қазіргі сабаққа
қойылатын талаптар да түбегейлі өзгерді.
Әрбір мұғалім мектеппен шәкірт алдын-
да жауапкершілікпен, шығармашылықпен,
іздемпаздықпен және шеберлікпен білім беруде.
Ұстаздардың жас ұрпаққа білім беру
мен тәрбиелеу ісінде қажымай еңбек етудің
арқасында егеменді еліміздің өсіп келе жатқан
ұрпағын ойлы да іскерлі, жігерлі де батыл, өзіне-
өзі сенімді, саналы азамат етіп тәрбиелеуде.
Ұлтжанды баланы қалыптастыруды ең
біріншіден өз тілін, дінін, мәдениетін, салт-
дәстүрін үйрету керек. Баланың ең алдымен
мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру қазіргі
замандағы балалардың ішкі жан дүниесінің ру-
хани баюын қамтамасыз ету, тәрбиелеу, қуана
білу, қуанышқа ортақтаса білу, жаман мен
жиіркеніштен өзін тежей білу, табандылық,
төзімділік көрсету, сабырлы, қайырымды,
үлкенге құрмет, кішіге ізет, өмірдің ақиқаттарын
таныту арқылы жас ұрпақтың ой түйсігінің
жақсы жақтарын дамытып, жақсылыққа ынта-
ландыру.
Ұлтымыздың өз уақытынан озып туған
ғұлама перзенті Шоқан Шыңғысұлы айтқандай:
«...Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең
алдымен азаматтық пен білім керек...». Қазақ
халқы ғасырлар бойы армандаған азаматтығына
113
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
қолын жеткізді. Ендігі жерде ол, өзінің аңсауымен
алған азаматтығын көздің қарашығындай
сақтаумен қоса, тіршілігін біліммен байытып,
ғылыммен жетілдіруді мақсат етуі қажет. Осы
педагогика саласында дербестігімізді алған
алғашқы жылдардан бері рухани мәдениетті аза-
мат тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді.
Осындай рухани адамгершілігі мол,
мәдениетті азаматты тәрбиелеу үшін мынындай
оқыту әдістерін пайдалану қажет. Олар:
• Шешендік сөз өнері. Қазіргі таңда
жаңадан қалыптасу жолында өтпелі транзиттік
қоғам жағдайында адамның рухани болмысы
сарапталады және қазақ шешендігіндегі руха-
ни құндылық жүйенің өзіндік ерекшеліктері
анықталып, оларға әлеуметтік философиялық
тұрғыдан сипаттама беріледі. Бүгінгі моральдық
нормалар мен ұлттық ұстанымдар арасындағы
қайшылықтарға, организмдер сияқты адам да
өзін-өзі қоршаған ортаға икемделуі қажет. Және
де қоғамның жаңару жағдайында оқушыларды
адамгершілік
құндылыққа
тәрбиелеуде
жалпыадамзаттық құндылықтың мәнін ерекше-
леуде орны мен рөлі мол.
• Ұлттық
ертегілер.
Олар
адам
санасының балалық кезінде, даму үрдісінің өзіне
тән сан қилы бұралаң жолдарын кешіп, сол са-
парда шыңдалып, жетіліп, ақыры ақты қарадан,
жақсыны жаманнан ажыратып берер көркем ту-
ынды ретінде қалыптасқан. Абай болсын, Шоқан
болсын ертегілер арқылы өздерінің өмірлерін
терең философиялық мәнмен мазмұнға толты-
рып, өзіндік өмір кешкен.
• Жырлар.
Бүгінгі
таңда
қоғам
өзгерістерінің шешуші факторы адам болып та-
былады. Адам қарым-қатынасының біріктіруші
үйлесімділігін қамтамасыз етуде адамгершілік
құндылық жетекші орын алады. Жырлар
қарастырады. Терең тәлім жаратылыс пен тәрбие
өмірді өзінше пайымдауға көмектеседі.
• Аңыздар. Жас ұрпақтың кең, әрі тереңге
кеткен қиял әлемін мағынамен әрлеп, мәнмен
мәнерлейтін мазмұнды қалыптастырушы орынға
ие.
• Жұмбақ-жаңылтпаштар
мен
көңілашар. Көнеден келе жатқан Алдар көсе
мен Жиреншелердің тапқырлықтары мен
даналықтарын былай қойғанда, «...ең бір
қарапайым қазақтың өзі де ана тілін ұтымды
қолдануда Еуропадағы француздармен орыстар-
дан қалыспайды. Олардың сөз саптауы өте ора-
лымды, әрі таза, әрі жағымды», – деп В.В. Рад-
лов әділ айтқан. Ал Абай атамыз болса: «...Әрбір
кісінің жаман қылығына күлсең, рахаттанып
күлме, ыза болғаныңнан күл, ызалы күлкі өзі де
қайғы. Ондай күлкіге үнемі өзің де салынбассың,
әрбір жақсы адамның жақсылық тапқанына рахат-
танып күлсең, оның жақсылықты жақсылығынан
тапқандығын ғибрат көріп күл», – дей отырып
ауыз әдебиетіндегі өзінің төркіндес жанрла-
рынан жігі ашылып, енші алысып келе жатқан
тәрбиелік мәні бар сала екенін көрсетіп кеткен.
• Ұлттық салт-дәстүрлер. Барлық
кезеңде де тәрбие мәселесі қазақ ойшылдарының
маңызды нысаны болған. Себебі, жарасымды
дамитын болашақ, ізгі қоғам үлгісін жасағысы
келгендердің барлығы, ең алдымен ондағы
қоғамды құрайтын адамдардың дүниетанымы
мен адамгершілік көзқарасын, құндылық
бағыт-бағдары мен сана-сезімін, мінез-құлқын
қалыптастыруды мұрат тұтқан. Оның нақ төркіні
аталмыш ұлттық салт-дәстүрлер болып табыла-
ды.
• Рәсімдер. Төл мәдениетімізде үлкенді
құрметтеп қадір тұтуды, ілтипатты қарым-
қатынаста болуды, сыйласа білуді отбасында
берік ұстанған. «Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені
сыйлайды, кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлай-
ды» деген пікір түйілді. Сыпайы, кішіпейіл адам-
дарды басқаларға үлгі-өнеге ете білетіндігін,
жас ұрпақтың тәрбиелі болып өсуіне ерекше
назар аударғандығын айқын көрсететіндігі хақ.
Үлкендер отырған жерде алдын орап кетпей,
инабат, ізет таныта білу, көңілге қарай сөз айту
қасиеттері халықтың дәстүрі мен тәлімінде
қалыптасып жатады. Руханилық әліппенің жо-
лын жалғастырған ұлы ақын Абай аңсаған үлгі-
өнеге, тәрбиленер келер ұрпақтың надандық
шырмауындағыны озық, өнерлі елдер қатарына
жеткізудің басты құралы ғылым деп ұғынып,
сол жолға саналы түрде ұмтылар жастардың
бейнесі, ізгілікті екшелеп суреттейді. Этикалық
құндылықтардың категориялары әділет пен ра-
хымды ерекше орынға қояды да, солар арқылы
діннің тәрбиеге, адамгершілікке үндейтігін
көрсетеді.
• Үлгі-өнегелер халықтың құнды мұрасы
және тәлім-тәрбиенің баға жетпес қайнар көзі.
Жастарымыздың санасын қалыптастыру үшін
төл мәдениетімізге оралуымыз керек. Оны қорғап
дамытатын қоғамдық институттар жүйесіне арқа
сүйеу мейлінше маңызды. Ислам дегенде қорқу
114
емес, қайта исламды арашалау, қорғау керек. Бұл
жерде зерттеп, кем-кетіктерінен хабардар болу
қажеттілігі туындауда. Оның неге үгіт-насихат
етіп отырғандығын, мақсаты мен бағыт-бағдарын
білу және оны жас буынға үйрету қажеттілігіне
келіп тірелуде.
Жас ұрпаққа ертегі, аңыз, әңгіме оқытудың
маңызы зор. Баланы қызықтырады, ал көбінесе
қаншама қиыншылықты көрсе де, оны қалайда
жеңіп шығатын ақыл айлалы, алпауыт батыр-
ларды, халық ерлігін баяндайды. Асыл сөздерді
көп тыңдап, көп оқыса, білімдерін толықтырып,
рухани сезімдерін байытып, көркем сөйлеуге
талпындырады. Кітап арқылы бүкіл адамзаттық
мәдениетпен таныса бастайды. Рухани өмірімізде
кітаптың алатын орны бөлек. Алға басып, өскен
сайын кітап біздің айнымас досымыз болып
қала береді. Кітапты оқи отырып, тыңдай білуге
үйретеді. Қиялын дамытып адамгершілікке
тәрбиелейді, тілін ширатып, жан дүниесін,
мінез-құлқын қалыптастырады. Мысалы: «Күй
құдіреті» деген аңыз-әңгімеде ұлы ғалым әл-
Фарабидің кім екенін біледі. Аңыз-әңгімеден
ғалымның тапқырлығы мен кішіпейілділігін,
күш-құдіретін түсінеді. Ол күйдің құдіретін
жеткізген аспап, күй-саз аспабы домбыра екенін
түсінеді, әр ұлттың өз күй саз әуені болады. Сол
ұлттың өз тілінде ұлттық аспабы арқылы орында-
лады. Домбыраның ерекшелігі басқа ұлттардың
аспаптарына ұқсай бермейді. Оның құрылысы:
қос ішек, перне, шанақ, тиек және құлағы бола-
ды. Домбырадан күй тыңдап отырғанда қандай
әсер алдыңдар? Балалардың жауабы: жайлау-
ды елестеттім, құстардың ұшқанын елестеттім,
қуаныш сезімі тұла бойымды жайлады. Бұл күй
құдіреті бізді қуантты, әрі армандауға үйретті,
жүрегімізге жылу, қуаныш әкелді деп балалардың
өз халқының өнеріне деген сүйіспеншілігін,
кішіпейілділігін, күйдің құдіретін сезіну, тыңдау
арқылы қалыптастырады.
Абай еңбектеріндегі педагогикаға қатысты
тәлім-тәрбиелік мәнге ие тұстарын дұрыс түсініп
игеру арқылы ғана шынайы, халқымызға тән
құндылықтар қайнарынан қанып ішуге мүмкіндік
аламыз. Сонда ғана, Абайдың ұрпағына өсиет
етіп қалдырған «...мен бір жұмбақ адаммын
оны да ойла...» деген сөзінің мәнін түсінеміз.
Мысалы, Абай: «Жас бала анадан туғанда екі
түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем,
ұйықтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құмары,
бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола ал-
майды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі
білсем екен демелік, не көрсе соған талпынып,
жалтыр-жұлтыр еткен болса соған қызығып,
ауызға салып, дәмін татып қарап, тамағына,
бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, да-
уысына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенде ит
үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу
жыласа да, тура жүгіріп, «ол немене?», «бұл
немене?» – деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге
бүйтеді?» деп көз көрген, құлақ естігеннің бәрін
сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі жан
құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем
екен деген». Осылайша, кезеңді сәттерінен кеш
қалмаған адам тәрбиесінің қос қанаты болып
саналатын жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесі
домбыраның қос ішегіндей үндесе бірін-бірі
жетелей дамитын сипатқа ауысады. Жалын,
өзінің педагогикалық жүйесінде, Абай, жүрек
қалыптастыратын, ұждандық сипаттарға ерек-
ше мән берген. Ол адамның ғұмыр тіршілігінде
жүректің орнын еш нәрсемен салыстырмай жеке
дара етіп алдыңғы қатарға қояды. Бұл арада да
Абай әл-Фарабидей ұстазының ақ адал шәкірті
ретінде танылып отыр. Тіпті, Абайдың айтуын-
ша ақылдың тереңдігін күшейтетін де жүрек деп
біледі. Сондықтан да ол:
Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойыңа жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар, – деп адам тәрбиесінің
темірқазығын жүрекпен байланыстырып отыр.
Адамның адамгершілігі сыртқы іс-әрекеттерде
көрінеді. Шынайы сәйкестігін аңғара алатын
болады. Адамгершілікті руханилықпен бірлікте
тану арқылы ғана балалардың қоршаған орта-
мен, адамдармен, табиғатпен қатынастарын
жақсартуды, жетілдіреді.
Ұлы Абай айтқандай, адамгершілік махаб-
бат пен әділдік екенін, олардың барлық нәрседе
бар екенін көрсетті. Руханилықтың негізінде
адамның мінез-құлқы қалыптасады, ұят, ар, өзін-
өзі адамгершілік бақылау мен бағалау жүзеге
асырылады. Руханилыққа жету бала жүрегінде
махаббатты, мейірімді ұялатады. Ол сыртқы
сұлулықты түйсінуден ішкі рухани сұлулыққа
дейінгі дамудан өтеді. Ал махаббат адамның
мінез-құлқына рух береді, оны өзгертеді.
Баланың болашаққа деген көзқарасы, мінез-
құлқының қалыптасуы да қоршаған ортаға бай-
ланысты. Бала ата-ананың ғана емес, ұлыс пен
ұлттың ертеңгісі. Жас ұрпақты жан-жақты жете-
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
115
леген, ақыл-парасатты, ой өрісі биік азамат етіп
тәрбиелеу қоғамымыздың ең өзекті мәселесі.
Білім мен тәрбие беру, дамыған өркениетті
елдердегі үлгісіне қарап, мемлекетіміздегі
ұлттық сана мен халықтың дәстүрі және даму
ерекшеліктерін ескере отырып оқытудың,
тәрбиелеудің үйлесімін дамытуға бағытталған.
Жас ұрпаққа ерекше мән беріліп, қоршаған орта-
мен қарым-қатынас жасауда баланың рухани-
адамгершілік байлығын, ақыл ойын, танымдық
белсенділігін, қызмет әрекетінің негізін қалау
қажет.
Балаларды көп ұлтты ортада ұлттық
мәдениетті оқыту мен тәрбиелеуде ойындардың
маңызы өте зор. Ойын арқылы баланы қызықтыра
отырып, білімді берік меңгерту, баланың
денсаулығын нығайтып, халықтың әдет-ғұрпын,
салт-дәстүрін білу дағдыларын дамыта түседі.
Ойындар арқылы еңбектенуге, мәдениетті
сөйлеуге, тапқырлыққа, ептілік пен күштілікке,
бірлесіп қызмет атқаруға, төзімділікке, адал
болуға тәрбиелейді.
Ұлттық-ойындардың оқыту мен тәрбиеде
алатын орны ерекше. «Мектеп» баланың жеке
тұлға болып дамуын анықтайтын жол. Бала да
өсіп келе жатқан жас шыбық сияқты, иілгіш
келеді. Жақсылыққа да, жамандыққа да бейім
келетіні баршамызға мәлім. Жас ұрпақтың жа-
стайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ
халқы ерте түсінген. Бала өмірдің жалғасы,
халықтың мұрагері. Кең даламызда көшпелі күн
кешіп, аттың жалында, түйенің қамында жүрсе
де, халқымыз жас ұрпаққа жақсы тәрбие берудің
салт-дәстүр, әдет-ғұрпын қалыптастырған.
Жерден ауыр не бар?
Судан терең не бар?
Оттан ыстық не бар?
Көктен биік не бар?
Жерден ауыр дегенім – ақыл,білім,
Судан терең дегенім – оқу,ғылым,
Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі,
Көктен биік дегенім – тәкәппардың көңілі.
Қазақ халқының ұлт достығын, Отанын сүю,
бауырмашылдық, патриоттық, шыншылдыққа
талап қоя білсек, оң нәтиже береріне күмән
келтірмес.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Мырзахметов М. «Абайдың адамгершілік мұраттары».
2. Нысанбаев Ә. «Өзіндік таным пәні және оның негіздері», Қазақ әдебиеті; 26.04.02.
3. Назарбаева С. «Өзіндік таным курсы бойынша адамгершілік-рухани тәрбие». – Алматы, 2002.
4. Ғаббасов С. «Халық педагогикасының негіздері». – Алматы, 1995.
5. Сөз тапқанға қолқа жоқ. – Алматы: «Жазушы», 1988.
Резюме
Разрешить проблему образования является необычайно важным для настоящего и будущего любого обще-
ства однако для Казахстана, который всегда был уникален с точки зрения своей истории, географии и культуры
эта проблема еще более актуальна. В данный момент мы находимся на перекрестке – чей путь надлежит вы-
брать, чей метод понимания мира и жизни мы должны избрать для себя – западное мировоззрение ли, азиат-
ское ли, традиционное ли – все это предстоит выбрать народу современного Казахстана. У нашей страны есть
незабываемо-чистое, историческое прошлое, но так же существует коммунистическое наследие. Несомненно
выбор который мы сделаем, окажет самое глубокое воздействие на всю систему нашего образования. Поэтому
не отказываясь от традиции овладеть современным, вот самоцель пути в сфере образования.
Summary
Successfully solving the education problem is one of the paramount importance for the present and future of
any society, but it is unique historical, geographical and cultural place Kazakhstan has been always possessing that
makes the education case even more crucial for us. Now we are at crossroad in terms of whose way of thinking and
whose lifestyle we must prefer as a model for ourselves. There is the Western pattern of worldview, the Asian one,
the traditional one, the soviet one and so on. There is tradisional and historical past of our country, as well as the
communist one, there is the polytheist one. It is for today people of our country to decide to which we must adhere
and which one should be discarded. No doubt it is inevitable for the choice to have a deep impact on our educational
system.
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
116
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Зейнеп апай, қазақ халқы бала тәрбиесіне
ежелден аса қатты мән берген ғой. Жаныңдай
жақсы көргені соншалық, «баламның та-
банына кірген шөңге менің маңдайыма
қадалсын» деген емес пе?! халқымыздың
бұл тілегі барлық аналарға тән. Аяулы ақ
жаулықты ана, қазақтың қызы, қазақтың
жары, қазақ ұлтының келіні, ардақты әже
ретінде ұл баланың қазақ отбасындағы орны,
көтерер жүгі қаншалықты?
Атам қазақ ежелден балажан халық қой.
Баласының саны қанша болса да көптік
көрмеген. Тіпті біреу-міреу баласының санын
сұрай қалса, ырым қылып айтпай, ой-бір төрт-
бес жаман қара бар ғой дейді. Қазақ халқы ар-
тымда тұяғым қалсын, шырағым сөнбесін,
түтінім түзу шықсын деп осы сөздің барлығын
ұл балаға арнаған. Өйткені, ұл – шаңырақтың
иесі, ал қыз баланы жат жұрттық дейді. Ұл ба-
ланы әкесінің, ата-бабаларының жолын ұстауға,
шаңыраққа ие болуға, соған құртымдайынан ба-
стап тәрбиелеген. Тіпті, ұл баланың кіндігінің
өзін табалдырықтың астына көмеді. Ал, қыз
баланыкін оттың басына көмеді. Себебі, қыз
отбасының берекесін ұстайтын алтын қазық.
Ұл – босағаны, табалдырықты қорғайтын,
шаңырағын ұстайтын азамат болып өсу керек
деп табалдырықтың астына көмеді, содан барып
«Табалдырықты баспа!» деген қазақтың ырымы
осыдан шыққан. Қыздың жолдасын оттың басы-
на көмеді, ұлдың жолдасын алты қырды асырып
барып таза жерге көмеді. Ондағы мақсат, алты
қырды асып жүріп, елін, жерін қорғайтын азамат
болсын, айналасын, ата-анасын, туған-туысын
қорғасын деген ырым.
«Ұл туғанға күн туды» деп, қазақтың
өмірін ары қарай жалғастыратын, түтінін түзу
шығаратын ұлдарын қадірлі, намысты етіп
өсіруге тәрбиелеген. Ең алдымен, ұлдың азамат
болып қалыптасуы әйел адамды сыйлаудан ба-
сталады. Әжесін, анасын, әпкесін, қарындасын
ардақтап, соларды қорғау керек. Ерте кезде
болған мынадай бір аңыз бар: «Жаугершілік кез-
де баласын атқа мінгестіріп, жаудан қашып келе
жатқан ердің алдынан қарындасы шығып, «Бау-
ырым, мені қайда тастайсың?» дегенде, әкесі ар-
тында отырған баласына бұрылып, «Атасы бөлек
аттан түс, атасы бір кел атқа мін» – деп, аттың ар-
тында отырған баласының орнына қарындасын
отырғызып жаудан аман алып қалған екен».
Аңыз болғанмен, мұның түбінде ер адамның
қарындасқа, бауырға деген жауапкершілігі,
құртымдайынан ана сүтіменен, әке күшіменен
бойына сіңірілгендігі жатыр. Елді, ұлан-ғайыр
жатқан жерді қаншама қазақтың басына төнген
небір нәубеттерден қорғап қалған да сол ер-
азаматтарымыз. Жан берісіп, жан алысқан да
сол азаматтар болатын. Ұрпақ тәрбиесінің сол
бір кездегі үзілмеген желісі ұрпақтан-ұрпаққа
мақтанышпен жалғасып, елі, ата-анасына,
шаңырағына деген намысты, сүйіспеншілікті
кішкене кезінен бойына сіңіру керек. Алла
Тағала қазақ халқы бірін-бірі сағынысып, аялап
жүрсін деп ұлан-ғайыр жер беріп, сол жерге ала
бұлттан тамған тамшыдай шашыратып жіберген
секілді көрінеді. Осы ұлан-ғайыр жердің бір
титімдей пұшпағы үшін олар найзаның ұшымен,
қылыштың жүзімен, білектің күшімен елін, жерін
қорғап қалған біздің сол ер-азаматтарымыз.
Қазіргі қазақ жігіттерінің тәрбиесі, өзін
алып жүруі сіздіңше тәуелсіздік алғанға
дейінгі кезбен салыстырғанда қаншалықты
«Ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеде» деп
қазақ халқы бала тәрбиесіне аса мән берген. Дегенмен,
біз көбіне қыз баланың тәрбиесі жайлы сөз қозғаймыз
да, ұлттың тірегі болар ер баланың тәрбиесіне кел-
генде онша айта бермейміз. Десек те, халқымыз ер
баланың өнерлі, әдепті, еңбекқор, білімді, ұстамды,
парасатты, ұлтжанды азамат болып қалыптасуына
қатты жауапкершілікпен қараған. Сондықтан, біз
ТӘРБИЕ – ТЕК АЙТУДАН ҒАНА ЕМЕС, КӨРСЕТУДЕН...
бүгінгі әңгімемізді ұл бала тәрбиесіне арнай отырып, ақылы дария, көңілі сергек, көкірегі
ояу, құлағы түрік әз әжелеріміздің бірі, әйгілі батыр атамыз Бауыржан Момышұлының
келіні Зейнеп Ахметова апаймен ой бөлістік.
117
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
деңгейде?
Қалай болғанда да біз ер-азаматтарымызды
бас ие дейміз. Бас ие – шаңырақтың иесі, үйдің
иесі. Бас мойынсыз болмайды. Ер-азамат сол
бас болса, әйел – мойны. Мойын мен бас бірігіп,
ары қарай ұрпағын өсіріп, өмірін тіршілігін жа-
сап жатады ғой. Ер-азаматтарға ең алдымен,
меңінше намыс керек. Өзінің анасын ана деп,
өзінің қарындасын қарындас деп, қалғанын
талғап ұрғашы деп көретін ол азаматтық емес,
ол – жай бөрік киген еркек. Анам айтушы еді:
«Ара да гүл жалайды, жылан да гүл жалайды.
Біреуі у жасайды, біреуі бал жасайды». Азамат
пен еркектің арасындағы ара қатынасты осылай
бір суреттеп беретін. Шынында да қарап тұрсаң
солай. Өкінішке орай, қазіргі кезде біздің қазақ
қыздарын қорлап кететін де, зорлап кететін
де, ар-намысын таптап кететін де көбінесе
өзіміздің қазақ жігіттері. Бізге өзге жақтан жау
келіп жатқан жоқ, қазақ жігіттерінің өзі қазақ
қыздарының намысын қорғай алмай жатыр.
Тіпті, жеңілтек мінезді қызды көргеннің өзінде
соны тәйт деп азаматтық бір ауыз сөзін айтып,
әрбірден кейін ағалық ақылын айтып, бетін
қайтарып тастаса, қанша айтқанмен сол қыздың
беті қайтар еді. Өз ұлтының жігітінен ескерту
алған қыз қанша айтқанмен қаймығар еді, аяғын
аңдап басар еді. Керісінше, өзі солға бұрылайын
деп тұрған қызды одан ары қарай қолынан же-
тектеп алып кететін жігіттер көбейді. Бұл бір
жағынан, егемендік алуымызбен бірге есігімізді
де, шекарамызды да айқара ашып тастадық,
соның әсерінен болар. Өзгенің жақсысы да,
жаманы да, жаттың арамы да, адалы да түгел
лақылдап келді. Талғаусыз, талғамсыз барлығын
қабылдай бердік. Телеарнаны қосып кеп қалсаң,
қарауға жүзің шыдамайтын анайы, қатігездікті,
жауыздықты дәріптейтұғын кинолар. Осыны ми-
лары әлі толыса қоймаған бозбала балалар ерлік,
еркектік деп қабылдап көп қателесіп жүр.
Содан кейін біз ортада үлкен бір ұрпақты
жоғалтып алдық деуге болады. Өйткені, Кеңес
үкіметі ыдырап, әркім өзінің алдына кеткен кезде
бұрын бір орталыққа бағынып, бір қолға қарап,
бір қолдан жем жеп отырған ел әрқайсысы өзді-
өзімен кеткенде бұрынғы қалыпты тіршіліктің
бой-бойы қақырап сөгілді де, үлкен дағдарысқа
ұрындық. Жалғыз біз емес, бәрі де солай бол-
ды. Еске түсірсек, сонау 90-жылдардың басын-
да, ортасына таманғы кездер өте қиын жылдар
болды. Дүкендердің бәрі бос, колхоз, совкоз
тараған, халық жұмыссыз бос сенделіп кетті.
Айлық, зейнетақы жоқ, адамдар бар қолындағы
жиналған қорының барлығын сол кезде құртып
алды дағы, лезде жұтап шыға келді. Сол уақытта
әйелдер бел шешіп, ала қоржынын арқалап,
бала-шағасын асырау үшін, нәпақа тауып беру
үшін бір жағы Қытай, бір жағы Түркия асып,
сауда жасауға кетті. Ер-азаматтар бұрынғы
істеп жүрген қызметінен, жұмысынан айырыл-
ды, істейін десе жұмыс жоқ екі қолы алдына
сыймай көбінесе үйде қалды. Ал, үйден әйел
кеткеннен кейін отбасының берекесі кетеді.
Қанша айтқанмен бала анасымен көп болады
ғой. Қазақ айтады: «Еркек – түздің тынысы, әйел
үйдің ырысы» деп. Еркек сырттан бітіріп кел-
ген тірлікті, әйел үйде отырып ұқсатқан. Осы
тіршіліктің барлығы бұзылды. Мінекей, сол
кезде ең алдымен балаларға соққы болып тиді.
Баларды көше, теледидар тәрбиеледі. Әйтеуір,
балаларының қарнын тойғызғанына мәз бо-
лып, көптеген ата-аналар бала тәрбиесін қолдан
жіберіп алды. Қазір, егемендік алғанымызға 20
жылға жақындап қалды. Сол кездегі 5-6 жастағы
баланың өзі 20-дан асты. Ол кезде туылған
баланың өзі 20 келіп, соқталдай азамат болып
отыр. Мінекей, біздің осы балалар ұлттық тәрбие
көрді, отбасы тәлім-тәрбиесін алды деп мен айта
алмаймын. Көпке топырақ шашудан аулақпын,
бірақ көпшілігі солай болды. Адамдар жан
бағыстың жарапазанына түсіп кетті. Сол кездері
бір үйдің балалары бір-бірінің киімімен мектепке
кезектесіп барған кездер болды. Қуырып жеуге
макарон таба алмағандар болды. Міне, осындай
қиын кезде «Ораза намазы тоқтықта» дегендей,
тек қарынның қамын ғана ойлап кеткендіктен
біз ұлттық тәрбиенің арқау жібінің барлығын
босатып алдық. Қазіргі жасөспірім жігіттердің
арасындағы нашақорлық болсын, ұрлық болсын,
жалқаулықтан еңбек еткісі келмейтіндер, келеңсіз
оқиғалардың барлығы осы жастағы жасөспірім,
осы жастағы жігіттердің арасынан шығып жа-
тыр. Бәрі емес, бірақ жастардың бір тірліктің ба-
сын ұстаудың орнына біреудің қолынан жұлып
кеткенді, біреуді тонап кеткенін көресің. Бетінен
отың шығады. Қарап отырсақ, бұлардың көбі
қазақтың қаракөз ұлдары. Көрдіңіз бе, бұл ба-
лалар аспаннан түскен жоқ, басқа қоғамнан кел-
ген жоқ, бұл біздің аға буынның, біздің берген
тәрбиенің жемісі. Бұрынғы Шығыс даналығында:
«Бір баланы адам етіп тәрбиелеп болғанша, бір
шаһар құлайды» деген сөз бар. Осыдан-ақ бала
118
Достарыңызбен бөлісу: |