Бас редактор


Ғалия  Нәдірбекқызының  отбасындағы



Pdf көрінісі
бет14/24
Дата28.12.2016
өлшемі3,07 Mb.
#656
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24

Ғалия  Нәдірбекқызының  отбасындағы 
ұлттық  қайнарлардан  нәр  алып  ұшқандар 
туралы айтыңызшы.
Ғ.Н:  Мен  жолдасым  Атланмен  35  жыл  от-
астым.  Қазір  ол  кісі  «о  дүниелік»  болып  кетті. 
Жалпы  отбасымыз  өте  тату-тәтті  өмір  сүрген 
жанұя  болдық.  Жолдасым  заңгер  болды,  бірақ 
орысша тәрбиеленген, орыс тілді азамат еді. Мен 
оған қарама-қарсы қазақи отбасында туып, қазақ 
мектебін  бітірдім,  қазақ  ауылында  өстім.  Бірақ 
екеуіміздің  бір-бірімізге  деген  сүйіспеншілік 
сыйластығымызға екі түрлі  ортада өскендігіміз 
кері әсер етпеді. Барлық уақытта сабырлылықпен, 
түсіністікпен отбасы мәселесін шешіп отырдық. 
Менің бүгінгі жеткен жетістіктерім болса, оған 
жолдасымның да қосқан үлесі зор деп білемін. 
Мені  үнемі  жігерлендіріп,  өз-өзіме  есеп,  баға 

94
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
деруге  бағыттап,  адамдармен  қарым-қатынаста 
өзімді қандай жағдай болса да, солардың орны-
на қойып, бір сәт сабырлылықпен ісіме сараптау 
жасауымды өтініп отыратын. «Адам тағдыры – 
ол ең басты нәрсе» деп отырушы еді.
Біз балаларымызды жекіріп ұрысып, не жа-
залап  қатал  ұстамадық.  Олар  балалықпен  бір 
нәрсе  бүлдірген  жағдайда  отырғызып  қойып 
түсіндіруге,  кінәлі  екендерін  мойындатуға 
тырыстық.
Қазір  шүкіршілік  екі  ұл,  бір  қызымнан 
жеті  немере  сүйіп  отырмын.  Енді  сүйікті  әже 
болуға тырысамын. Немерелерім апалаған кезде 
жүрегім жарылып кетердей қуанамын. Барлығы 
жақсы өсіп келеді. Алды студент. 
Болашақтың  мектебі  қандай  болса 
дейсіз?
Ғ.Н:  Қазақ мектебі – қазақ ұлтының бесігі. 
«Ұлт  болам  десең  –  бесігіңді  түзе»,  -  деп 
М.Әуезов  тегін  айтпаған.  Өйткені,  ол  –  қазақ 
баласының тәні мен жаны, діні мен тілі, таны-
мы  мен  нанымы,  сенімі  мен  ұғымы,  салауатты 
санасы, білімі мен мәдениеті, ұлттық мінезі мен 
ұлттық  тұлғасын  қалыптастырып  дамытатын 
білім, ғылым, мәдениет ошағы.
Бұл  –  мемлекеттік  білім  саясатының  темір 
қазығы. 
Қазіргі  мектептерде  қай  тілде  оқытса  да 
оқушылардың  ұлттық  патриоттық  сезімін 
қалыптастыру  мақсатында  «Елтану»  пәнін 
оқытса;
-  Қазақ  халқының  ұлттық  психологиясы 
мен  тарихына,  этномәдениеті  мен  қоғамдық-
әлеуметтік ерекшеліктеріне негізделген, әлемдік 
білім кеңістігі талаптарына сай келетін қазақ ұлт 
мектебінің моделі  жасалса;
-  Қазақ  мектебіндегі  оқу-тәрбие  үрдісіне 
ақпараттық  және  педагогикалық  жаңа  техноло-
гияларды пәрменді түрде қазақша ендіру керек. 
Мысалы,  электрондық  оқулықтар,  Интернет 
кітапханалар қазақ тілінде болса; 
-  Ауыл  мектептерін  мультимедиялық 
құралдармен  қамтамасыз  ету  керек.  Қазақ 
мектептеріне  арналған  электронды  оқулықтар, 
оқу  құралдарын  көбейту  керек-ақ.  Менің 
ұғымымдағы болашақтың ұлттық мектебі осын-
дай.
Әңгімелескен  АЙЖҮРЕК
Ж.Әшірова – 
№127-Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-лицей мұғалімі,
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
А.Примжанова –
№43-мектеп мұғалімі, 
Қызылорда қаласы 
ТӘРБИЕНІң БАСТАУЫ – АУЫЗДАН ШЫҚҚАН ӘРБІР СӨЗБЕН 
БАҒАЛАНАДЫ
«Қазақстан  ұлы  державада  болу  үшін  бізге  күш-қуаты  жоғары,  қажыр-қайраты 
мол, ақылды да дарынды, тәрбиелі де иманды жастар керек!» 
Н.Ә.Назарбаев.
Тәрбиенің  бастауы  –  ауыздан  шыққан 
әрбір  сөзбен  бағаланады.  Егер  біз  тұрақты,  әрі 
бірқалыпты, дағдарыссыз дами алатын қоғамға 
жетуді  армандасақ,  онда  тек  қана  әлеуметтік 
әділетті  және  рухани  қағиданы  ұстанатын 
мемлекетті  тұрғызу  арқылы  ғана  діттеген  ме-
жеге  жететініміз  сөзсіз.  Олай  болса  ұстаз  бен 
ата-ананың алдындағы басты міндет ХХІ ғасыр 
–білім  ғасырының  есігін  еркін  ашып  кіретін, 
дүниежүзілік  мәдениетті  танып,  ұлттық  төл 
мәдениетті  қастерлей  білетін,  рухани  жан 
дүниесі  бай,  ой-өрісі  дамыған,  заман  талабына 

95
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
сай  тәрбиелі  де  иманды  ұрпақтарды  тәрбиелеу 
–  ұстаздар  қауымының  және  ата-ананың  кезек 
күттірмес мәселесі болып отыр. Кез келген тари-
хи кезеңде, қоғам дамуында ел болашағы сана-
латын жас ұрпақ тәрбиесі шет қалған емес. 
Егеменді  еліміздің  болашақ  жастарын  ойлы  да 
іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, ұқыпты 
да иманды дүниетанымы дұрыс қалыптасқан аза-
мат етіп тәрбиелеуде мектеп ұстаздарының, ата-
аналарының алатын орны айрықша. Мектеп өмірі 
бала  үшін  рухани  дүниесін  қалыптастыратын, 
жаңа  әлемнің  есігін  еркін  ашып  беретін  орта. 
Тәрбиенің сан алуан күрделі, қиын да қызықты 
мәселелерді  ойлауға  бастайтын,  күнделікті 
тұрмыста  кездесіп  жүрген  дағдылар  арқылы 
баланың  жан  дүниесіне  әсер  ететін  білім  мен 
тәрбиенің  алғашқы  сатысы  –  бастауыш  мек-
теп.  Кез  келген  маман  иесінің    осы  бастауыш-
тан  кірпіші  қаланбақ.  «Адамның  адамшылығы 
жақсы  ұстаздан  болады»,  –  деп  айтқан  ұлы 
Абай. Оған дәлел ретінде біздің өзіміз ең алғаш 
мектеп  баспалдағын  аттағанда  «Ленин  ата  – 
біз  ұлан»  деп,  кез  келген  оқушы  жатқа  айтып, 
кез  келген  шаңырақтың  төрінде  В.И.Лениннің 
суреті  ілініп  тұратын.  Сол  кездегі  тәрбие  ба-
стауыштан  қалыптасып,  мектеп  бітіргенше, 
есейгенше мәңгі есімізде қалды. Ал қазіргі жа-
старымыз  В.И.Ленин  туралы  білмейді  де,  оны 
ешкім дәріптеп айтпағасын қайдан білсін! Міне, 
тәрбиенің  бастауы  –  ауыздан  шыққан  әрбір 
сөзбен бағаланса керек. Жақсы сөз айтсаң бала 
шабыттанады. Ерсі сөздер қобалжытады. Ұстаз 
бола  білу  де    ӨНЕР.  Мұғалімдік  мамандықты 
жүрекпен  сүйе  білмесе,  ол  еш  уақытта  ұстаз 
бола  алмайды.  Диплом  алғанның  бәрі  пе-
дагог  емес.  Ұстаз  болуға  туа  жаралу  керек. 
Мұғалімдікке жалақы алу үшін, күн көру үшін 
барғаннан асқан сор жоқ. Ол балалардың соры, 
жас  жеткіншектің  соры.  Тәрбиеде  жіберген 
қатені  түзеу  қиын.  Бала  ұстазды  мойындама-
са, сен педагог емессің. Ал, мойындау жақсы 
сабақ беруіңмен ғана келмейді. Оқушы – сенің 
ең  бірінші  сыншың.  Шашыңды  қоюыңнан 
бастап, киінуіңе дейін, сөйлеу  мәнерің, ой-өрісің, 
дене бітімің, жүріс-тұрысыңның барлығы көзге 
көрінбей,  баланың  сана-сезіміне  сіңіп  жататын 
рухани нәр. Сол нәрдің бірінен сәл ауытқысаң, 
қазіргі  жетілген  заманауи  технологиямыздың 
заманында оқушыларға ұстаздық тұлғаң  үлкен 
мін болып саналады. А.П.Чехов кезінде «Адам-
да  бәрі  әдемі  болу  керек»  деген,  ал  адамдыққа 
тәрбиелейтін педагогте бұл қасиет  әлдеқайда көп 
болуы  керек.  Жақсы  ұстазды  оқушы  да  бірден 
мойындайды. Оқушыны  әділдікке үйрету керек,  
бұл оқушыға қойған бағадан басталады. Артық 
қойған баға баланы дандайсытады, кем қойылған 
баға ашындырады. Мектепте оқушылардың бәрі 
бірдей. Ұстаз қауымы оқушының әке-шешесінің 
кім екеніне қарамай, үлгеріміне, тәртібіне қарау 
керек.  Әділ  бағалай  білсең,  абыройың  өзінен-
өзі  көтеріледі,  ал  әділдіктен  кетсең,  өзіңді  де 
бұзасың, баланы да бұзасың. Мұғалім әділ баға, 
әділ талап қоя білсе, кез келген оқу орнында да ол 
бала сол әділ бағасын алады. Ең бастысы балаға 
керегі, тәрбиелік мәні зор ұстазға деген оқушы 
жүрегіндегі әділ баға. «Сені көңіл жықпас» апай 
немесе ағай дейді, оны «әділ» апай немесе ағай 
дейді  қайсысы  дұрыс?  Әрине  «Әділ»  апай  не-
месе ағай болғанға не жетсін. Ұстаздықтың өзі 
әділдік  деген  сөз.  Бала  төмен  бағаға  алдыңда 
тұрып  аузы  бұртиғанмен,  ашуы  басылған  соң, 
іштей  оған  келісуі  сөзсіз.  Ұстаздар  осы  іштей 
мойындауға жетуі керек. Кейбір мұғалім баланы 
тәрбиелеу  мақсатында  ,  оқушыға  екілік  қойып 
жатады.  Тәртіпсіз  балаға  кейде  өте  зерек  бола 
тұра  тыныш  отырмағаны  үшін  екілік  қойылып  
жатады.  Бұл  дұрыс  емес.  Ашындыру  содан 
басталады.  «Ұяда  не  көрсең,  ұшқанда  соны 
ілесің».  Бұл  деген  мектептің  өзі  ұя  болса, 
оқушыларымыз  балапандарымыз,  яғни  ұстаз 
қауымы  мейірімді,  әділ,  шыншыл  бола  білсе 
ұядан ұшқан балапандар да солай қалыптасары 
сөзсіз.  Ұстаз  қауымы  жасандылықпен  мейірім 
төккенмен оның берері аз, ал табиғи, ресмиліктің 
иісі білінбей баланы құшағына тарта білсе, оның 
берері ұшан-теңіз. Мұғалімнің мейірімі аналық 
дәрежеде болғаны дұрыс. Бала осыны сезсе, ол 
мейірімділікке    мейірімділікпен  жауап  берері 
сөзсіз. Уақыт тасыған өзендей бой берместей өз 
арнасымен кетіп жатады. Мәуелі бақ та, сол бақты 
бапкер  қарағандай,  ұстаз  қауымының  еңбегіне 
ұқсас. Оқушыны білім беріп, тәрбиелеп, жақсы 
жолға жол сілтеп, өмірдің ағысына салып, арты-
нан үлкен үмітпен қарап, жемісін күтіп жүресің. 
Бұл  да  болса  үлкен  еңбек.  Ұстаз  алдындағы 
баланы,  әр  үйдің  перзентін,  отбасы  жағдайын 
ескермей,  жүрегімен  жақсы  көре  білсе  ғана  ол 
ұстаз деген атқа ие бола алады және  оқушының 
жүрегінен  орын  ала  алады.  Қазіргі  балалар-
мен  жұмыс жасау  өте  қиын  деген  сөздерді  көп 
естіп  жатамыз,  бірақ  сол  оқушыны  тәрбиелеп 
жатқан ұстаздар мен ата-аналар емес пе? Неге, 

96
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
сондай  қиын,  тәрбиесі  төмен  балаларды  өзіміз 
өсірудеміз  ғой!  Себебі  неде?  Оған  ешкімнің 
басы  ауырмайды.  Оқушыны  тұлға  ретінде 
қабылдап, неге ашық сөйлеспеске. «Жылы-жылы 
сөйлесең,  жылан  інінен  шығады»,  –  деп  баба-
ларымыз  тегін  айтпаса  керек.  Яғни,  балаларды 
тәрбиелеуде жылулық, жылы сөздер, әсем де на-
зды әңгімелер, ашық сөйлесу, өзіне қарай тарта 
білу, мейірімділік дегендер ата-ана мен көптеген 
ұстаздарда  кемшін қалып бара жатқаны өтірік 
емес. Бір 45 минут өтті болды, наным жүріп жа-
тыр, күнім өтуде деген пиғылдағы ұстаздарымыз 
кездесіп  қалады.  Ешкімге  басын  қатырмайды. 
Тәрбие  бастауы  ұстазда  екенін  ұмытып  кетіп 
жатады.  Қиын  баламен  де  тіл  табысып,  жақсы 
жолға  салып  жіберуге  де  болады.  Олардың 
барлығы  білімді  болып,  қызметкер  болса,  қара 
жұмысты  кім  істейді?  Егін  егу,  машина,  трак-
тор  айдау,  мал  бағу,  тігін  тігу,  токарь,  слесарь 
мамандықтың  жаманы  жоқ  екенін,  қай  салада 
жүрсең  де  жүрегіңмен  қалап,  сол  мамандықты 
меңгеруге бейімдеп тәрбиелеп, үкілеп, мәпелеп 
сол бағытқа жол сілтеп, ашық сөйлесе білгенде 
ғана  ол  баладан  бір  нәтиже  шығады.  Өмірлік 
кірпішін қалап жатады. «Бап шаба ма, бақ шаба 
ма»  дегендей  небір  мектепте  бұзық,  нашар 
оқитын  балаларымызды    өскенде  танымай  жа-
тамыз. Жетістігін көріп қуанып қаламыз. Міне, 
олар да   кезінде бала болған, мектепке тарыдай 
боп  кіріп,  таудай  болып  шыққан.  «Егеменді  ел 
болдық, бірақ балаларымыз басқаша болып бара-
ды, бәрі  іштен туып біліп жатыр, таң қаласың», 
-  деген  сөздер  арагідік  естіліп  қалады.  Себебі, 
ата-ана  перзенттеріне  қарауға  шамасы  келмей, 
қайтсем  жетілдіремін  деп  үй  көрмей  апталап, 
айлап жан-жаққа кетіп жатады. Осы уақыт ара-
сында  баланың  тәрбиесіне  қаяу  түседі.  Өз  еркі 
өзінде, не істесе де дұрыс деп білгенін жасауда. 
Жағдайын  көтеріп  алғасын,  бала-шағасымен 
байланысқа түскенде, балаларының жетілгенін, 
басқаша    ойлар  қалыптасқанын  шамалап,  ата-
анаға  қарсы,  мұғалімге  қарсы  сөздер  айта 
бастағанын  байқап,  өкініп  жатқан  ата-аналар 
жетерлік. Темекі, ащы сусындарды аузына алып 
та  үлгергенін  байқамай  қалады.  Өкініші  өзекті 
өртейді,  бір  күн  болса  да  тәрбиелеуден  кеш 
қалғанын,  кеш  түсініп  жатады.  Міне,  осының 
барлығы  айналып  келгенде  тәрбиенің    кемшін 
тұстары  болып  есептеледі.  Бұл  жағдайлардың 
көптеген  азапты  ауыр  тақырыптары  жетерлік. 
Ата-ана  мен  ұстаз,  ұстаз  бен  оқушы,  ата-ана 
мен  оқушы  тығыз  байланыста  болса  ғана 
                                                                                                                        
                                                
                                                 
 
 
Ата -ана 
 
Оқушы 
 
Мұғалім 
 
 
 
   
Қазіргі оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық сананың 
қалыптасуына  аса  ықпалды  тәрбие  түрлеріне 
ақыл-ой, адамгершілік, ұлтжандылық, ұлтаралық 
қатынас сыйластығы, ізгілік, эстетикалық еңбек, 
дене,  құқықтық,  экономикалық,  экологиялық, 
жыныстық тәрбие жатады. Баланың мінез-құлқы 
өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты 
қалыптасады. Ата-ана бала үшін ең бірінші үлгі 
тұтар адамы, өзін көрген айнасы. 
Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  айтпақшы, 
еліміздің  болашағы  бүгінгі  балалардың  дұрыс 
азамат болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге  
байланысты.  Сондықтан  балаларыңыз  елін, 
Отанын  сүйген  азамат  болып  өсіп,  сіздерді 
бақытқа кенелтсін десеңіздер бала тәрбиелеудегі 
қателіктерге жол бермеңіздер! Бала тәрбиесі ата-
ана,  әлеуметтік  орта  бірлесіп  жұмыс  істегенде 
ғана  үйлесімділік  табады.  Халық  «Ұяда  не 
көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп тегін айтпаған, 
себебі  шартты  рефлекс  қалыптасады.  Жаманға 
да жақсыға да бейім болатыны баршамызға аян. 
Ұлы  ғалым,  философ    Әбунасыр    әл-Фараби 
«Адамға  ең  бірінші  білім  емес,  тәрбие  керек, 
тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, 
ол  келешекте  оның  өміріне  қауіп  әкеледі»  де-
ген екен. Бұдан шығатын түйін, бала тәрбиесіне 
ең әуелі, оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, 
адамгершілігі  әсер  етпек.  Бүгінгі  таңда,  білім 

97
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
беру мен тәрбиенің мазмұнын түбегейлі жаңарту 
қажеттілігі  туындауда.  Адамдар  тұлға  болып, 
бірден  дүниеге  келмейді,  әрбір  жеке  тұлғаны 
қалыптастыру,  тәрбиелеп  жетілдіру  қажет. 
Мектеп  оқушыларының  бос  уақытын  тиімді 
өткізуін, баланың қадағалаусыз қалуын болдыр-
мауды ұйымдастыру, қызығушылығын арттыру, 
қабілетін  ұштау  барысында  үйірме,  қосымша 
жұмыстардың маңызы зор. 
Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев:  «Біз 
құрып жатқан қоғамның ең жоғарғы құндылығы 
–  адам,  бүкіл  өзгерістердің,  жаңартулардың 
бәрі  сол  үшін,  соның  игілігі  үшін  жасалып 
жатыр»  деп  атап  көрсеткен.  Сол  үшін  де 
алдымыздағы тұлға, яғни ер бала мен қыз балаға 
өз  өмірінің  қажеттілігін,  ұстанымын,  табиғи 
міндеттерін түсіндіру мақсатында  санаға сіңіре 
білуде  тәрбиенің  маңызы  зор.  Оқушыларға 
адамгершілік  дәнін  сеуіп,  рақымдылыққа, 
мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу – қазіргі 
заман  талабы.  Өз  ортасын,  жолдастарын,  ата-
анасын,  ұстаздарын  сыйлау,  этика-эстетикалық 
тәрбие беру болып табылады.Тәуелсіз еліміздің 
дамыған  мемлекеттер  қатарына  қосылуы  үшін, 
ең бірінші халқымыздың білім деңгейін, оқыту 
мен  тәрбиелеу  сапасын  бүгінгіден  әлдеқайда 
биікке  көтеру  қажет  екені  айтпаса  да  түсінікті. 
Егеменді елдің ертеңі – бүгінгі жас жеткіншектер 
десек,  олардың  білімді  де  дарынды,  күш-
қуаты  жоғары,  қажыр-қайраты  мол,  жан-жақты 
жетілген  жоғары  мәдениетті,  парасат-пайымы 
мол, саналы азамат болып жетілуі тәлім-тәрбие 
беретін ұстазға, ата-анаға, өскен ортасына байла-
нысты. Сондықтан да, білім мен тәрбиелік жол-
дарын қарастыру күн тәртібіндегі басты мәселе 
болып отыр. Ұстаз қауымы әр сабақ өткен сай-
ын  тәрбиенің  небір  жолдарын  оқушыға  «нұр» 
болып  құятындай  айта  білсе,  сабақ  барысында 
- үлкенге құрмет кішіге ізет. Ертең-ақ өз баста-
рына  келеді  деп,  тәрбиелік  мәні  бар  көптеген 
мақал-мәтелдерді айтып отырса, сабақ соңында 
переменге шыққанда оң жағымен жүрсеңдер, бір-
біріне соқтықпайсыңдар, оң жағымен жүріңдер 
деп әр сабақ сайын айтылса, әр ұстаздың аузы-
нан шығып отырса нәтижесін көп ұзамай көруге 
болады.  Кездескен  мұғаліммен  сабақ  берсін, 
бермесін  сыпайы  амандасуға  бейімдей  білсек, 
кішілерді  құрметтей  біл,  өзінен  үлкен  және 
құрдастарыңмен тіл табыса біл, - деп үнемі сағат 
сайын, минут сайын ескерте білсек, нәтижесінде 
бірте-бірте  оқушылар  да  соған  бейімделіп, 
өзіндік  тұлға  қалыптасып  нәтижесін  берері 
сөзсіз. Міне, бізде осындай тәрбиелік мәні бар, 
көзге  онша  көріне  бермейтін  тұстарымызды 
ескере  бермейтін  жақтарымыз  көп,  оны  көбіне 
ескеріп,  зерттей  бермейміз.  Баланы  өзіміз 
тәрбиелеп, өзіміз жетілдіріп өзіміз өсіреміз. За-
манауи  техниканың  дамыған  заманында  осын-
дай тәрбиенің кемшін тұстарын елемей бара жа-
тырмыз.  Технологиямыз  жетілді,  дамыдық  деп 
қуанамыз, бәрібір сол техниканы басқаратын сол 
тұлға – адам. Адамды техника билеп бара жатыр. 
Адамның  мінез-құлқынан  техника  жасамайық. 
Қазіргі кездегі ең жетіспеушілік, балаға мейірім 
сөз бен өзіңе тартып жүрекпен сөйлейтін сөздер 
азаюда.  Себебі,  барлық  ата-ананың,  ұстаз 
қауымының  уақыты  жетпейтіндей  болып  бара 
жатыр... Уақыт барлығында да жетеді, тек балаға 
уақытымызды, мейірімізді төге білейік... 
Ж.Аймауытов  1918  жылы  өзінің  «Абай» 
журналында  жарияланған  «Тәрбие»  атты 
мақаласында  «Тәрбиеге  әсер  беретін  нәрсе 
өскен  орта,  ата-ананың  тәрбиесі.  Соңғысы 
күшті  болмаса,  бара-бара  әсерлер  адамды  за-
мандас,  жолдастың  азғырып,  не  түрлі  жаман 
мінезді  жұқтыратыны  белгілі.  Тәрбиеге  туған 
жұрттың тілі, мінезі, тұрмысы да әсер қылмақ. 
Қысымшылық  көрген,  жасқаншақ  болған, 
жалыншақ,  жабыңқы  елдің  баласы  да  сондай 
болмақ.  Ашық,  көңілді,  сауықшыл  ел-жұрттың 
баласы  да  сондай  болмақ.  Діндар  елдің  бала-
сы  діндар  келеді.  Тәрбиеге  үлкен  әсер  беретін 
шарттың  бірі  –  медресе.  Баланың  ақылын  арт-
тырып,  білім  беретін,  ілтипатты,  табанды,  та-
лантты,  ыждаһадты  қылатын,  өмірлік  азық 
беретін  жақсы  медресе  болу  керек»,  –  дейді. 
Ұлы  ойшыл  Абайдың  «Әркімді  заман  өсіреді. 
Кімде-кім жаман болса, оның замандастарының 
бәрі  кінәлі  деуі  де  адам  тәрбиесінің  қоғамдық 
ортамен  тығыз  байланыстылығына  салды. 
Оқыту барысында тәрбиенің мақсат-міндеттері, 
мазмұны  мен  тәсілдері  анықталады.  Оқытуда 
тәрбие  мен  оқытудың  байланысы  біржақты 
қарастырылмайды, керісінше біртұтастық прин-
ципке негізделіп, бірлікте қолданылады. Демек, 
тұлғаға  білім  бере  отырып,  оны  тәрбиелейміз, 
тәрбиелей  отыра  білім  береміз.  Сөйтіп,  тәрбие 
процесі  дұрыс  ұйымдастырылған  жағдайда 
оқытудың барысына қолайлы ықпал етеді. Соның 
негізінде  тұлғаның  танымдық  қызметі  мен 
оқуға деген қызығушылығы артады. Мектептегі 
оқушыларды  ұл  мен  қыз  болып  жеке  дара 

98
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
жұмыс жасау алдағы уақыттағы кезек күттірмес 
мәселе болып отыр. Мектепке «Дін» сабағының 
кіруі құптарлық іс болып отыр. Қыздар клубы, 
ұлдар  клубы  болып  мектеп  ішінен  тәрбиелеу 
мақсатында    8-11  сыныптар  аралығында 
жүргізілсе құба-құп болар еді. Себебі, қыздар ара-
сында  «Сырласу » клубы  тәрбиелеу мақсатында 
жүргізіліп  жатқан  уақыттарда,  ұл  балалардың 
«Біз де қатыссақ бола ма», - деген ұсыныстарын 
естіп қаламыз. Яғни, ұл балаларға да қажет екен-
ау деп ойға қаласың. Себебі, өтпелі кезеңнен өту 
қазіргі жастарға өте күрделі болып отыр. Барлық 
жерде  ашық  ақпараттық  жүйе  дамыған,  зама-
науи технологиямыздың дамып өркендеуі, жан-
жаққа  бұрылуға  шамасын  келтіртпей  байлап 
тастағандай әсерде  жүргенін байқайсың. 
Бір сәтке, олардың да АДАМ –ТҰЛҒА екенін 
ойлау  керек  сияқты.  Компьютерленген  заман-
да  сезімнен,  мейірімнен  ада  болып,  мейірімсіз 
балалар  қаулап  өсіп  келеді.  Рухани  жұтаңдық, 
жетіспеушілік  күннен  күнге  өспесе,  кемімейді. 
Әдеби кітап оқуларына да уақыттары жоқ, олар-
ды қадағалап бір жүйеге салатын уақыт келген 
сияқты. 
Қыздардың  «Сырласу»  клубында  жоспар 
құрудың алдында әр сынып оқушыларына, жауа-
бын шеше алмай жүрген сұрақтарың болса, мек-
теп  психологымен  байланыса  отырып,  «Сенім 
жәшігіне»  тақырыбын  тастаңдар,  сол  бойынша 
жауабын  іздеп,  керек  мамандарды  қатыстырып 
өтейік  деп  ұсыныс  тасталды.  Алғашқы  кез-
де  қыздарымыз  сеніңкіремей    қашқақтады. 
Бір  аптаның  көлемінде  «Сенім  жәшігіне»  әр 
түрлі  тақырыптар  тасталды.  Сол  бойынша 
қыздарымыздың  ұсынысы  бойынша  жылдық 
жоспар  құрылды.  Осы  «Сырласу»  клубымызға 
мектеп  мұғалімдері,  дәрігерлер,  психолог-
тар,  дін  пәнінен  сабақ  беретін  мұғалімдерді 
әр  ай  сайын  шақырып  1-2    сағатқа  созылған 
тәрбиелік мәні зор тақырыптарға қозғау салдық. 
Алғаш  қыздарымыз  ойларын  ашық  айтқысы 
келмей,  келе-келе  ашыла  түсті.  ХХІ  ғасырдың 
ұрпақтарына  жан-жақтылықты  қажет  етеді, 
болашақтың  тұтқасы,  әсіресе,  қыздарымыздың 
қолында  екенін  жеткізіп,  ашық  сөйлескеннен 
кейін  олар  да  ашық  ойларын  айтатын  деңгейге 
жетті. Тіпті, жоғарғы сынып оқушылары өмірден 
алып, көріністер көрсетіп, сол көріністерді көзбен 
көріп, сол жерде дұрыс, дұрыс емес жақтарына 
өздерінің ойларын ашық айтатын болды. Ашыла 
келе  сол  көріністерді  өздері  «видеоға»  түсіріп, 
мектебімізге  естеліктер  қалдырып,  өздерінің 
кереметтей  көзқарастарын  қалыптастырды. 
Осы жұмыстардың шет жағасын ұл балалар да 
достарынан  естіп  қызығушылығын  танытуда. 
Әрине, ұл балаларды да осылай, өздерінің шеше 
алмай,  ешкімге  айта  алмай  жүрген  сұрақтары, 
осындай  клубтарда  ашылып  айтатындай 
дәрежеде  тәрбиелей  білсек,  нұр  үстіне  нұр  бо-
лар еді.  Нәтижесінде қазіргі  қыз балаларымыз 
әжептәуір жиналып қалды. Олар да біреуге ке-
рек  екенін  сезініп,  кездескенде  ерекше  ілтипат 
көрсетіп жатады. Міне, осының өзі неге тұрады. 
Бұл  жерде  адамгершілікке,  жан-жақтылыққа 
тәрбиелей білсек, олардан да соны ала аласың. 
Бабаларымыз  «Не  ексең,  соны  орасың»  деп 
тегін айтпаса керек. Барлық отбасы перзенттерін 
бірдей  тәрбиелемейді.  Әр  түрлі  отбасыдан  әр 
түрлі балалар дамып өсуде. Тіпті, бір үйдің бес 
баласының мінез-құлқы да бес түрлі. Егіздердің 
де түрі бірдей болғанмен, мінездері әр түрлі бо-
лады. Біреуі тез жетілсе, біреуі асықпай жетіліп 
жатады.  Міне,  осындай  әр  түрлі  отбасында  да, 
әр түрлі ата-ана, әр түрлі болашақтың тұтқасын 
ұстар  жастарымыз  өсіп  өркендеуде.  Міне,  сол 
байлығымызды  шашау  шығармай,  біздер  ұстаз 
қауымы,  ата-аналар  дұрыс  тәрбие  бере  білсек 
қана  болашаққа  абыроймен  бара  аламыз.  Сол 
үшін  әр  баланың  неге  мұқтаж  екенін,  неден 
қағажу  екенін,  кімге  ренжулі  екенін,  әр  сабақ 
сайын  пайымдап,  қадағалап  отыру  –  ұстаз 
қауымының  міндеті  деп  ойлаймын.  Неге  бала-
лармен тіл табыспасқа. Ашылмайтын бала жоқ, 
оның жолдарын таба білсе. Міне, тәрбиенің ба-
стауы ауыздан шыққан әрбір сөзімізге есеп бере 
білуіміз  керек.  Қазіргі  кезде  етек  жайып  бара 
жатқан келеңсіз жағдаяттар, ұстаздар қауымының 
ішінде де кездесіп жатады. Баланы алалап дұрыс 
бағаламау, заманның ағымы отбасы төмен және 
жоғары  оқушыларды  әр  түрлі  бағалау.  Ата-
анасы қызметкер болса, сол отбасының баласын 
көтермелеу, ащы да болса шындық  болып бара 
жатқаны  өтірік  емес.  Осыдан  кейін  мұғалімнің 
беделі төмен түспегенде қайтеді, сосын артынан 
ренжіп  жатады,  өздерінің  істеріне  өздері  есеп 
бергендей    ата-аналарына  ренжиді.  Заман  ор-
нында,  адам  өзгерген  заманда  қазіргі  жастары-
мыз, ауыздағы шыққан сөзіңді аңдып және сол 
сөздерге әрдайым қомақты жауаптарын дайындап 
отырады. Әрине, отбасылық тәрбиені оқушылар 
әрі  қарай  мектепте  жалғастыруды    әдетке  ай-
налдырып  бара  жатқан  сықылды.  Міне,  осын-

99
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
дай  келеңсіз  жағдайлардан  кейін  ұстаздардың 
беделін, кім қорғайды деп таң қаласың...
Сол  ұрпақты  тәрбиелеп  жатқан  өзіміз  ғой, 
сезімсіз,  мұңсыз,  арсыз,  беделсіз  ұрпақтардың 
көптеп  өсіп  келе  жатқанынан  жағаңды  ұстап, 
кейде қорқасың. Сонда болашақта ата-аналарын 
кәрілер  үйіне  апарып  тастайтын  ұрпақтарды, 
яғни  «робот»  адамдарды  қалай  тез,  әрі  көптеп 
өсіріп  тәрбиелеп  жатырмыз  деп  шошынасың. 
Көп ата-аналармен байланысқа түссең, айтқанын 
істемесек,  балаларымыз  қорқытып  өлемін,  я 
болмаса қашып кетемін деген сөздермен «шан-
таж» жасағасын, амал жоқ айтқандарын істеуге 
мәжбүрміз  дейді.  Міне,  осындай  келеңсіз 
жағдайларды  болдырмау  үшін  әрбір  ата-ана, 
әрбір  ұстаз  балаларды  көкірегінен  итермей, 
әдемі,  шынайы  сөздермен  бауырымызға  тарта 
білейік  демекпін.  Өмірден  көрген-түйгендерің 
туралы,  әрбір  отбасының  ата-анасы  болсын, 
ұстаз  қауымы  болсын,  баламен  байланысқа 
түсе  отырып,  тәрбиелеп,  айта  білейік!  Бала-
ны  тәрбиелеуде  уақытымыз  шектеулі  болмай, 
уақытты  таба  білейік  демекпін.  Олар  да  ана-
дан  шыққан,  өзіміздің  перзенттеріміз  екенін 
ешуақытта ұмытпайық. 
Қатыгез адамдарды жылы сөздермен жылы-
та білейік демекпін. Ол ҰСТАЗДАР қауымының 
қолынан келеді. Өзімнің сабақ барысында кейде 
оқушыларды  еркелетіп  аламын,  алғашқы  кезде 
ұялатын,  кейіннен  үйреніп  кетті.  Менің  кейде 
ұрсып айтқан сөздерімнің өздері оларға майдай 
жағады.  Еркелетіп  отырып  босатып,  қайтадан 
жинап алу тәрбиелеу методикамнан үзілген емес. 
Еркелеткен кезде кез келген жастағы балалардың 
барлығы қуанып мәз болып қалады. Яғни, жылы 
сөздерді үнемі ести бермейтінін байқап қаласың. 
«Айналайын,  жарайсың,  жасаған  бере  салған», 
– деп әр дұрыс орындаған тапсырманы шабыт-
тандырып отырамын. Әр сабақ сайын үйге бер-
ген  тапсырманы  олар  да  барынша  орындап  ке-
луге тырысып жатады. Өзің де бір рахат сезімде 
шығасың, сол сыныптан ұстаз қауымы абырой-
ды жылдар өте жаймен жинайды. Инемен құдық 
қазғандай білім берсең, тәрбие де бірге ұштасып 
жатады.  Оқушыларға  өзіңді-өзің  сыйлата  білу, 
ол да мұғалімнің шеберлігіне, ізденімпаздығына 
байланысты  деп  ойлаймын.  Әріптестеріме, 
оқушыларды 
тәрбиелеуде, 
ата-анамен 
байланысқа түсіп, балалармен ортақ тіл табыса 
білейік демекпін. Балаларды тәрбиелеуде әдемі, 
жылы-жылы  сөздерді  аямайық,  тек  оқытуды 
мақсат етпей, оқушыларымызды әдемі сөйлеуге
әдемі күлуге, әдемі жүріп-тұруға, әдемі киінуге, 
әдемі шаш үлгісімен жүруге, әдемі тәрбие беріп, 
адамгершілік тұрғысынан қалыптастыра білейік 
демекпін. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет