САЛТ-ДӘСТҮР
130
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Қазақ асты қадірлеген. Нанды баспайды,
тұзды бей-берекет шашпайды. Себебі, барлық
тағамның тұзсыз дәмі жоқ. Сондықтан да,
«Астың иманы – тұз» деп қарап, егер тұз төгілсе,
ырыстың төгілгені, ас азаяды. Жерге төгілген тұз
еріп жоғалғанша сол жерге тұзды төккен адам-
дай ащы, ауыр тұрмыс кешеді деп ырымдайды.
Осы тәріздес ырымдары мен тыйымдары арқылы
баланың жинақылығын да реттеп отырған. Бала-
ны сәби кезден тәрбиелегенде жоғарыдағыдай
тыйымдар мен шектер болуы тиіс. Барлығына
рұқсат беру тек ата-ана ғана емес, баланың өзіне
де қиын. Дегенмен де кез келген тыйымдардың
нақты логикалық негіздері болуы қажет. Тыйым-
дар өмір мен денсаулыққа қауіпті болуы, сіздің
жұмысыңызбен немесе өзіңізге өте қымбатпен
байланысты болуы да мүмкін. Сондықтан баланы
тәрбиелей отырып, осы тәріздес тосқауылдарды
ескерген жөн. Егер тыйымдар өте көп болса да,
олардың жартысы есте сақталмайды. Сондай
жағдайда бала сізге нақты, маңызды болатын
тыйымды бұзуы мүмкін. Сол себепті, баланың
мінез-құлығын реттеуге жеңіл, тыйым салынған
заттарды көз алдынан алып тастау, түсіне
білетіндерге ақырын мысалдармен жеткізе оты-
рып түсіндірген абзал.
Қазақ халқы жүкті әйелге шашын кескізбейді.
Ал, қазіргі жас қыз-келіншектер мұның мәнісіне
бойламайды. Оның себебі, мұндай қылқтан бақ
таяды, іштегі баланың бақыты сөнеді, кемтар ту-
ылады, қол-аяғы қысқа болады деп ырымдайды.
Халқымыз қыздарды, аналарды аса қадірлеген.
Қонақ боп барған үйінде, өз үйінде қызды төрге
отырғызады. Себебі, «қызда қырық көлікті бақыт
бар» төрде отырса – сол бақыттың жұғыны қыз
отырған төрде қалады деп есептеген. «Қызда
оттай ыстық мейір бар» дейді, төрде отырса –
сол мейір сол үйге бағышталады дейді. «Қызда
қырық қырсық та бар», егер босағада отырса –
қырсық сол үйде қалады дейді. «Қызда мұздай
суық ызғар бар», егер есік жақта отырса – сол
ызғар сол үйді шалады. «Қызда қырық періште
де бар, қырық сайтан да бар». Төрде отырса, сол
періштелер сол үйге қонады, есік жақта отыр-
са, сайтандар сол үйде қалады дейді. Осындай
ырымдардың салқынынан қалтырап, ыстығына
қуанған халық балаларын тәрбиелегенде ырым-
дар мен тыйымдардың тек жақсы жақтарын ғана
алулары керек.
Ырым мен тыйымның барлығын бірдей
қабылдай беруге болмайды, оның қажеттісін
алу керек, керексізін ысырып тастау керек.
Себебі, кейбірінің «солай болып қалса қайтем»
дегендей психикаға кері әсерін тигізетіндері
де бар. Мүмкіндігіңше ондай нәрселерге көңіл
аудармауға тырысу керек. Қазақи ырымнан
қорқып керегі жоқ, тек қоғамда белең алып
бара жатқан, адамды шатастырып қана қоймай,
ақымақтыққа бой алдыратын «қазіргі заманғы
жасанды жаңа ырымдардан» сақтану керек.
Мысалы, қара мысық жолды кесіп өтсе, жол-
ды айналып өту дегендей, бұл «қара мысық»
бізге орыстардан келген «ырымдардың» бірі.
Мұсылмандар мысықты жақсы көрген, оған
дәлел, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) шапанында
ұйықтап жатқан мысықты мазаламау үшін,
шапанынның етегін кесіп тұрып кетеді екен.
Орыс
халқы 13 санынан қорықса, бұл қазақ халқы үшін
киелі сан. Оны түсінбеген кейбіреулер осындай
ырымдарға сеніп, өздерін тыйып жүреді.
Сол
сияқты, оң көзін тартса қуанасың, сол көзің тарт-
са жылайсың, табанын қышыса жүгіресің, шай-
ына көбік түссе ақша келеді деген сияқты соқыр
наным-сенімдерден аулақ болған дұрыс. Баланы
одан жеріндіріп, нақты өмірдің қағидаларына
үйрету керек. Байқасаңыз, қазіргі қазақ жастары
ырымшыл болып барады. Қарапайым ғана мы-
сал, көшеде кетіп бара жатқан машиналардың исі
мұсылман жүргізушілерінің барлығында дерлік
«көлденең көк аттының бәле-жала, тіл-көзінен
аман сақтасын» деген ниетпен өзінің амандығын
ойлап, тағып қойған құран сүрелерін, тәспиық,
үкі, үйіне қамшы, киіміне түйреуіш, көзмоншақ
тағы сол сияқтыларды іліп қойғанын байқайсыз.
Бұл да ырымға сенген халыққа тән қасиет, өзіндік
болмысымыз болар, бәлкім.
Халық тұрмысында күні бүгінге дейін әлі
маңызын жоймай сақталып келе жатқан ырым-
тыйымдар көп. Оның біразы қолданыстан шығып
қалды, енді бірі жөнді, жөнсіз қолданылып та,
жаңадан туып та жатыр. Мәселен,
қазіргі кезде
ырым дегенде бағзы кездегі белгілі бір заманның
тұрмыс-жағдайына байланысты гигиеналық
тыйымдардың ырымға айналуы. Олар шын
мәнінде ырым емес. Мысалы, «Түнде тырнағыңды
алма, жаман болады!». Ойлап қарасақ, қазіргі
кездегідей жарық шамы жоқ, ыдыс-аяғы мен
төсек-орны бірге, тар қазақ үйдегі тазалықты
сақтаудан, әрі қараңғыда тырнағымен қоса
саусағын, не қолын абайламай кесіп алу қаупінен
туған ұстаным. Ал, дамыған мына уақытта
бірнеше бөлмелі жарық үйде мұндай түсініксіз
131
ұғымды ырымға айналдырудың қажеттілігі жоқ.
Сондай-ақ, «Ымыртта ұйықтама!», себебі жын-
шайтандар жүреді дейді. Бұл да ата-бабамыздың
көшпелі тұрмыс кезінде айтылған тыйымы.
Оның қазіргі таңда маңызы жоқ. Себебі, ол
кезде негізі кәсібі мал болғандықтан, өрістен
қайтқан уақытында жұмыс істеуге кедергісін
тигізетін болғандықтан айтылған. Біз көп мән
бере бермейтін заттарға, құбылыстардың өзінде
ырымдар жатқанын байқамай қаламыз.
Оған
дәлел, біздің күнделікті тіршілігімізде әбден
көзіміз үйреншікті болған, бір әлемнен екінші
әлемге өту нүктесі болған есіктің мәнін алайық.
Рухани әлемімізде есік киелі ұғым болып табы-
лады. Оның бөліктері, табалдырық, босаға және
т.б. жайлы ырымдар мен тыйымдар жеткілікті-
ақ. Ал, олардың астарында қандай керемет мән-
мағына жатқанын аңғара бермейміз. «
Босағаны
керме», бұл – қазақ халқының ұғымында
әйел мен ер адам үйдің қос босағасы секілді,
сондықтан да оны керу – екеуінің арасын суы-
ту, ажырату деп білген. «Табалдырықты баспа!»
дейді, қазақ халқы үшін ол қасиетті ұғым. Күйеу
бала мен жас түскен келінді табалдырықтан ат-
тату салты да бар. Осындағы не үшін баспау
керектігін жас бала түсінбейді. Сол себепті де
оны үлкендер жағы түсіндіріп отыру қажет.
Ерте кездегі түсiнiк бойынша, әлем үш сатыдан
тұрады. Аспан — рухтар мекенi. Ондағы адамдар
белбеудi басынан байласа, жердегiлер белiнен,
ал төмендегiлер аяғынан байлайды. Міне,
табалдырық сол төмендегi әлеммен байланысқа
түсiретiн мәнге ие. Сондықтан да ол киелі. Не
үшін баспау керектігіне келер болсақ, ертеректе
шала-жансар туылып, өлiп қалған малдың төлiн
табалдырықтың астына көметiн болған. Түсiктi
де сөйткен. «Табалдырықты баспа!» дейтiн
тыйымның шығу себебi, мiне, осымен байла-
нысты. Сонымен бірге, оталмаған мылтық пен
қаппаған қақпанды домдау үшiн табалдырықтың
астына қойып, бойын таза ұстайтын әйел адамға
аттататын болған. Себеп, арғы әлем мен бергi
әлемнiң арасындағы қаскөй рухтар мылтық пен
қақпанды байлап тастады дейтiн түсiнiк те бар.
Айта берсек, мұндай ырымдар мен тыйым-
дар жетерлік. Оның бәріне тоқталып, талдау
отырудың қажеттігі жоқ. Ең маңыздысы, жаста-
рымыз керегін өзіне алып, содан ой түйе білсе,
мәселенің шешімі де сонда болмақ.
Қорыта келе айтарымыз, ырым мен тый-
ым сөздер – қазақ халқының тәрбиелік
құралдарының күнделікті өмірде қолданылатын
үлгі, өнеге түрлері. Бұл – балалар мен жастарға,
жалпыадамзатқа «жаман әдеттен жирен» деген-
дей жаманшылықтан сақтандырып, жақсылыққа
еліктеткізіп, бейімдеуді мақсат тұтқан, орынсыз
қылықтардан аулақ болуға тәрбиелейтін таза
халықтық педагогикалық ұғым. Олай болса,
жастарымызды
ырымдар
мен
тыйым-
дар арқылы да тәрбиелеудің рөлі өте зор.
Резюме
В данной статье рассматриваются такие вопросы, как место примет и запретов казахского народа в на-
циональном воспитании, их использование и значение. Приметы и запреты тесно связаны с традициями, на-
родной литературой, обычаями, и указывается их важнейшая роль в воспитательном процессе.
Summary
In given article such questions as the place will accept also interdictions of the Kazakh people in national educa-
tion, their use and value are considered. Signs and interdictions are closely connected with traditions, the national
literature, customs, and their major role in educational process is underlined.
САЛТ-ДӘСТҮР
132
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ХІХ екінші жартысы ХХ ғасырдың 20-
30 жылдары өмір сүрген қазақ ағартушы-
педагогтары А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың,
Ж.Аймауытовтың
және
М.Жұмабаевтың
шығармашылықтарында
халықтық
салт-
дәстүрлердің тәрбиелік мәні және оларды оқу-
тәрбие үрдісінде пайдалану туралы ой-пікірлер
молынан айтылған.
1. Ахмет Байтұрсынов – қазақ тіл білімінің
негізін қалаушы, ақын, талантты аудармашы, пу-
блицист, әдебиет зерттеушісі, түрколог, қоғам
қайраткері, ағартушы ұстаз болған.
Ахмет Байтұрсынов ағартушылық қызметінде
халық даналығы тудырған фольклорлық мұраларды
жинап, зерттеуге ерекше ден қойды. Оның 1926
жылы жарық көрген «Әдебиет танытқыш» еңбегінің
тәлімдік-тәрбиелік мәні өте зор.
Ахмет Байтұрсынов сол еңбегінде қазақтың
ауыз әдебиеті халық даналығы, тәрбие негізі
екенін ерекше айта келе, оның түрлерін былайша
жіктеді: ертегі, ауызекі әңгіме, өтірік өлең, үгіт
өлең, үміт өлең, толғау, терме, ділмәр сөз, тақпақ,
мақал, мәтел, тойбастар, жар-жар, неке қияр, бета-
шар, жоқтау, жарапазан, бата, жын шақыру, құрт
шақыру, дерт көшіру, бесік жыры [1].
Кітаптың «Ғұрып сөзі» атты бөлімінде ұлттық
әдет-ғұрыптарға байланысты ғұрыптық сөздердің:
тойбастар, жар-жар, беташар, неке қияр, жоқтау,
жарапазан, бата т.б. мазмұнына, тәлімдік
мүмкіндіктеріне жан-жақты тоқталады. Мәселен,
тойбастар қашан және қай уақытта айтылатынын,
қандай тәрбиелік мәні бар екенін салыстырмалы
түрде сипаттап, Баймағанбет правительдің қызы
Қаныкейдің тойында Шернияз ақын айтқан той-
бастарды
мысал
ретінде
ұсынады.
Қыз ұзату тойында айтылатын «Жар-жар»
жұбату өлеңінің мән-мағынасын ашып көрсетеді
және оның айтылу тәсілдерін сөз етеді. Сондай-ақ,
Қ.Бөлеев –
педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
Қазақ ұлттық білім беру академиясының академигі,
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының
“Педагогика және этнопедагогика” кафедрасының меңгерушісі,
Тараз қаласы
М.Е.Әбікеева –
Жамбыл гуманитарлық колледжінің оқытушысы,
Тараз қаласы
ҚАЗАҚ АҒАРТУШЫ-ПЕДАГОГТАРЫНЫң хАЛЫҚТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР
АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ТУРАЛЫ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ
қыз келін болып түскенде орындалатын ғұрып
– беташар туралы А.Байтұрсынов былай дейді:
«Қыз келіншек болып түскенде бетін көрсетпейді.
Ауылға келерде алдына шымылдық ұстап, пер-
делеп келтіреді. Үйге кіргеннен соң да алдына
шымылдық тұтып, қыз-келіншек, бала-шағалар
болмаса, баскаларға көрсетпей қояды. «Беташар»
айтылғаннан кейін беті ашылып, шымылдық
алынып, ғұрып бойынша көрінетін адамдарына
келіншек сонан соң көрінеді» [1].
Беташардан соң орындалатын ғұрыптың бірі –
неке қияр. Ғалымның анықтауынша, «неке қияр»
сөз неке қияр кезде екі арада жүретін екі куәнің
күйеу мен қыздың ырзалығын сұраған уақытта ай-
тылатын сөз, бұл әуенмен емес, өлең ұйқасымен,
дәйім бір қалыпта айтылады.
А.Байтұрсынов салт-дәстүр жырларының бірі
жарапазанға да тоқталып өтеді. «Жарапазан «рама-
зан» деген сөзден шыққан, ораза уақытында ба-
лалар, бозбалалар түнде үйдің тұсында тұрып,
жарапазан өлеңін айтады. Ораза ұстаған адамдар,
сауап болады деп, жарапазан айтқандарға құрт,
май, ірімшік, бір шаршы шүберек, басқа сол
сияқты нәрселер береді. Жарапазанды кәсіп етіп,
ораза уақытыңда ел аралап, күндіз жүріп айтатын
үлкен адамдар да болады. Жарапазан айтатыңдар
екеу болып жүріп айтады. Бірі жарапазан айтқанда,
екіншісі қостаушы болады», – деп, «жарапазан»
сөзінің мәнін, тәрбиелік маңызын түсіндіре келе,
оның түрлі орындалу тәсілдерінен мысал келтіреді
[1].
А.Байтұрсыновтың қазақтың тұрмыс-салт
жырларының ішінде ерекше мән бергені – «Бесік
жыры». Ол: «Бесік жыры, яғни бала тербету – ба-
ланы ұйықтату үшін айтылатын өлең; бала тербету
түрліше айтылады. Бірақ бүгінге бірдей жалпы
келетін жерлері бар» [1], – деп оның мазмұнын си-
паттайды.
133
Осылайша ол ұлттық әдет-ғұрыптарға байла-
нысты орындалатын рәсімдердің мән-маңызын
салмақтай отырып, жеке тұлғаның рухани,
адамгершілік қасиетін қалыптастырудағы халықтық
мұраның рөлін айқындайды.
Ахмет Байтұрсынов қазақтың сөз өнерінің
тәрбиелік мәніне ерекше назар аударады. Ол сөз
өнерінің тіл мәдениетінің қалыптасуына ықпалын
былайша түсіндіреді: «Сөз өнеріне жұмсалатын
зат – сөз. Сөз шумағы тіл деп аталады, сөз өнеріне
жұмсалған сөз шумағы да тіл (ялуғат) деп аталады.
Шығарма тілі екі түрлі болады: ақын тілі, әншейін
тіл.
Ақын тілі – айрықша өң беріліп айтылған сөз,
әншейін тіл – ондай өң берілмей, жәй айтылған
сөз. Ақын тілімен сөйлегенде, сөзге айрықша мән
берілгендіктен, лебіз өрнегі болып шығады.
...Сөз өнері деп, асылында, нені айтамыз, – дей
келе ол: «... бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яки
қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы
жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады.
Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін
тәртіптеп, қисынын, қырын, кестесін келтіріп
сөз арқылы тысқа шығару – сөз шығару болады»
[1], – деп ойын нақтылай түседі. Расында да,
Ахмет негізін салған сөз өнері арқылы баланы
жастайынан өз ойын дұрыстап жеткізе білуге,
сөйлеу шеберлігіне баули отырып, мәдени-рухани
дамуына ықпал етуге болады.
А.Байтұрсыновтың тақпақ түрінде қалдырған
және жинаған мұраларының да тәрбиелік мәні
зор. Ол тақырыпқа анықтама бере отырып,
оның мақалға айналуын, мақалдың салт-сананы
қалыптастырудағы маңызын ашып көрсетеді.
«Салт-санасына сәйкес пікірлерді келтесінен
келтіріп, өлең түрде ұйқастырып айту тақпақ
болады. Тақпақ қысқара-қысқара маңызданып
барып, мақалға айналып кететін де жерлері бар.
Мақалдарды құрастырып қосып айтқанда, мақалдар
тақпаққа айналып кететін де жерлері бар. Мақал да
тақпаққа жақын, халықтың салт-санасына
сәйкес айтылған пікірлер. Тақпақтан гөрі мақал
маңызды, шын келеді» [1], – деп ой түйеді.
А.Байтұрсынов мақалдардың жағымдысы да,
жағымсызы да болатынын, олардың адам бойында
әр түрлі қасиеттердің қалыптастыруына ықпал
ететінін атап айтады. Қазақ арасында жиі
айтылатын «Малым – жанымның садағасы, жаным –
арымның садағасы», «Ашу – дұшпан, ақыл – дос,
ақылыңа ақыл қос», «Жоқтық ұят емес, барлық
мұрат емес», «Денсаулық – зор байлық», «Ұяда
не көрсең, ұшқанда соны аларсың», «Ашу алдында
шығады, ақыл соңында шығады» т.б. мақалдардың
мән-маңызына үңіледі [1].
Мақал мен мәтелдерді салыстыра отырып,
«Мәтел дегеніміз кезіне келгенде кесегімен
айтылатын белгілі-белгілі сөздер. Мәтел мақалға
жақын болады. Бірақ, мақал тәжірибеден шыққан
қақиқат түрінде айтылады. Мәтел қақиқат жағын
қарамай, әдетті сөз есебінде айтылады», – деп
тұжырымдайды. Сондай-ақ, ол халық даналығынан
туған «Көппен көрген ұлы той», «Адасқан қаздай,
рудан аздай», «Тамақ тоқ, көйлек көп, уайым жоқ»,
«Бетегеден биік, жусаннан аласа», «Бір теңге беріп
жырлатып, мың теңге беріп қойдыра алмадық»
т.б. мәтел сөздер бала бойында адамгершілік
қасиеттерді қалыптастыруға игі ықпал етеді деп
есептейді [1].
А.Байтұрсынов
мұраларын
зерттегенде
ғалымның қазақ халқының ұлт ретінде
қалыптасуын көксегені, осы жолда маңызды
істер тындыруға ұмтылғаны аңғарылады.
Әсіресе, ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғаскан ата-баба
дәстүріне аса мән береді. Оны ұлттық сана-сезімді
қалыптастырудағы ықпалды күштің бірі деп
біледі. Өзінің істеген ісін ата-баба қалдырған
мұралармен салыстыра отырып, «Біздің
заманымыз өткен заманның баласы, келер
заманның атасы. Атадан алған мирасымыздың
жәйі мағлұм, балаға бұл қалыпта тұрып не мирас
қалдырмақпыз, оны болжауға да артық әулиелік
қажет емес» [1], – деп қынжылыс білдіреді.
Ағартушы-педагогтың «Маса» атты өлеңдер
жинағынан қазақ қоғамындағы әлеуметтік,
қоғамдық ойлар, оның азаматтық және халықтық
идеялары айқын көрініс береді. Мұндағы «Қазақ
қалпы», «Қазақ салты», «Жұртыма», «Туысыма»,
«Оқуға шақыру», «Жұбату», «Анама хат»,
«Тілек батам», «Тарту», «Жиған-терген» атты
өлеңдерінде туған халқын сүю, оны өнер-білімге
шақыру, халықтық салт-дәстүрлерді қастерлеу,
анаға мейірімділік, бата-тілектің маңызы, қазақ
халқының даналығы, оның тәрбиелік мәні туралы
кеңінен сөз болады. Мысалы, «Қазақ салты» атты
өлеңінде әрбір азамат туған халқын құлай сүйіп,
оның бақыты мен болашағы жолында жұмыр
басын құрбан етуге әзір болу керектігін айтса,
«Оқуға шақыру» өлеңінде «Балалар, оқуға бар,
жатпа қарап, Аллалап ал кітапты қолдарыңа» деп,
жас ұрпақты оқу-білімге үндейді. Ал «Жиған-
терген» өлеңінен қазақ халқының қасіретке
толы тарихы мен тағдыры көз алдыңа елестейді.
САЛТ-ДӘСТҮР
134
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
«Жұбату» өлеңінде көне халық жырауларының
таңдаулы дәстүрінде сөзін тыңдаушыларына тікелей
арнау арқылы ықылым замандардан бермен қарай
сахара елінің сәні болған, әр қазақтың жүрегіне
қымбат белгілердің бірте-бірте көз ұшынан ғайып
болып, жоғалып бара жатқанын жырмен өрнектеп,
ойын сауал түрінде жеткізеді.
А.Байтұрсынов «Асыл сөз» атты еңбегінде
қазақ халқының сөз өнеріне қатысты дәстүр,
әдет-ғұрыптарына жан-жақты тоқтала отырып,
оның тәрбиелік мәнін ашып көрсетеді. «Өнер
алды – қызыл тіл», – дей отырып, сөз өнерінің адам
санасында үш түрде негізделетініне, яғни
1) ақылға, 2) қиялға, 3) көңілге байланысты
болатынына тоқталады. Ақыл мен тілдің
мән-маңызы және міндеті туралы былайша
пайымдайды: «Ақыл ісі – аңдау, яғни нәрселердің
жәйін ұғыну, тану, ақылға салып ойлау; қиял ісі –
меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің
тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп
ойлау; көңіл ісі – түю, талғау»; «Тілдің міндеті –
ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін
меңзегенше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға
жарау» [1].
А.Байтұрсынов мұраларындағы тәрбиелік
мәні бар ұлттық тағылымның негізгі түрі – бата.
«Бата – біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз;
батаны ақсақал адамдар айтады. Батагөй шалдар
басы бар табақты алып келгенде, асты жеп
болғанда да бата қылып, көбінесе бата тамақ
жеп болған соң істеледі» [1], – деп, бата беру
жолдарын баяндайды. Ол баталарды түрлеріне,
айтылу рәсімдеріне байланысты жинақтап,
топтайды.
Ғалым жоқтауға да ерекше мән берген. Оның
пайымдауынша, қазақта «Өлі риза болмай, тірі
байымайды» деген сөз текке айтылмаған. Қазақ
халқы тарихының төрт жүз жылын қамтитын
23 жоқтаудың тәлімдік те, білімдік те мәні зор.
А.Байтұрсынов «Жоқтауларды» жинап, жарыққа
шығарғанда төмендегі ойды басшылыққа
алғанын айтады: «Дүниеде ешбір тіл өз-өзінен
шықпайды. Дүниеде ешбір тілді бір шешен
кісі ойлап шығарған жоқ та, шығармайды да.
Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс
қазанында қайнап пісіп, дүниеге келеді. Сонан
соң ғана шешендер, «тіл көсемдері» тілді
безеп, жалға-жөнге салып, жүйесін айырып
өстіреді. Сондықтан, әдебиет тіліне негіз
етіп ел аузындағы тіл алынбаса, ол әдебиет
адасып кетпек, енді ғана өсе бастаған қазақ
әдебиетін алғаңда, мұны естен шығармау керек.
Ел аузындағы тіл дегенімізде, нені үлгі-өрнек
етіп аламыз? Әрине, осындай жоқтауларды,
мақалдарды, жұмбақтарды, ертегілерді, өлеңдерді,
тағы-тағы осындайларды» [1].
Қорыта келе айтарымыз, А.Байтұрсынов
өзінің ағартушылық қызметі мен педагогикалық
көзқарастары арқылы халықтық салт-дәстүрлерді
кеңінен насихаттап, оларды іске асыру
жолына бар өмірін арнаған ғұлама ұстаз, халық
педагогы.
2. Халқымыздың қоғамдық-саяси өмірімен
қатар, оқу-ағарту саласына зор еңбек сіңірген
азаматтардың бірі – Міржақып Дулатов. Оның
есімі ағартушы ұстаз, жалынды публицист,
жауынгер ақын, жазушы, тарихшы, аудармашы,
әдіскер, библиограф, саяси күрескер, мәдениет
және қоғам қайраткері ретінде танымал.
Міржақып Дулатовтың халықтық салт-
дәстүрлердің тәрбиелік мәні туралы ой-пікірлері
«Есеп құралы», «Қирағат», «Оян, қазақ!»,
«Оқу құралы» атты еңбектеріне және «Серке»,
«Қазақ», «Ақ жол», «Айқап», «Еңбекші қазақ»
газет-журналдарында жарияланған көптеген
мақалаларына өзек болды [2].
Міржақып мұғалімдік қызметін атқара
бастасымен қазақ балаларына арналған оқу
құралдарының тапшылығына көзі жетіп, соларды
жазуға кіріседі. Мәселен, Ы.Алтынсариннің
«Хрестоматиясы» ол күнде табылмас дүниеге
айналған еді. Сондықтан да ол осы тапшылықтың
орнын толтыру үшін 1911 «Қирағат» кітабын
шығарды.
Кітаптағы
бастауыш
сынып
оқушыларына жеңіл, түсінікті тілмен жазылған
жергілікті табиғатпен байланысты әңгімелерде
жылдың төрт мезгілі, жан-жануарлар мен құстар
өміріндегі ерекшеліктер, ел өмірі, тұрмыс-тіршілігі
туралы мәлімет беру көзделген. Жинаққа халық
ауыз әдебиетінің үлгілері, Абай мен Ыбырайдың
шығармалары және автордың өзінің «Жаз»,
«Жазғы кеш», «Шілде», «Күз», «Қыс», «Қоян»,
«Қасқыр қысты қалай өткізеді», «Бұғы»,
«Піл», «Кит», «Үй хайуандары», «Бөрі»,
«Күлкі сөз», «Оқу», «Нұрмаш пен Дүйсен»,
«Оқымысты бала», «Шалдың үш баласы»,
«Қонақ кәде», «Ешкімге жауыздық қылма»,
«Байлық» сияқты әңгімелері енгізілген. Әсіресе
тәрбиелік мәні зор «Айқұлақ», «Дүмпілдек»,
«Марламқаш»
сияқты
ұлттық
ойындар
балаларды ерекше қызықтырады. Жинақтағы
«Қонақ кәде» атты әңгімеде қазақтың әдет-ғұрпы
135
– «қонақ кәде» туралы сөз етілсе, «Күлмеңіздер
кәріге» атты әңгімеде әке тілін алмай, өлмелі шал-
кемпірді мазақтайтын әдепсіз балалардың қылығы
айтылады.
Дулатовтың поэтикалық шығармашылығы да
халықтық салт-дәстүрлерді насихаттауға тікелей
бағытталған. Онда халықты ұлттық келісімге
шақыру, ағарту ісіне және білімге ұмтылдыру
мәселелері кеңінен айтылады. Жазушының
мұндай ой-пікірлері «Оян, қазақ!», «Насихат
гумумия», «Таршылдық халіміз хақында аз
мәнижат», «Алаштың азаматына», «Алаш
ұранды қазаққа», «Үшінші июнь законы һәм
қазақ», «Жер мәселесі» атты шығармаларына
арқау болған. Мысалы, «Оян, қазақ!» атты
өлеңінде «Ғылым үйрен, ашылсын көзің,
жастар, тәрбиеле өзіңді өзің, жастар» деген
жолдар арқылы халықты оқу, білімге ұмтылуға
дағдылайды. Ал «Жер мәселесі» атты еңбегінде
«...Бұл заман өнер-білім заманы болған шақта
әр жерде жайылып жүргенде оқудан мақұрым
қалармыз. Надан халық білімді халықтардың
қасында өзінің дінін, хақын сақтай алмай,
дүниеден ақыры есебін бітіруі ықтимал», – деп,
өнер-білім жөнінде салиқалы ой айтады.
Міржақып Дулатов «Жазу тәртібі», «Тіл
туралы», «Қазақ тілінің мұңы», «Қазақ тілін
жүргізетін комиссияның құлағына алтын
сырға», «Эсперанто тілі» атты еңбектерінде
тіл мен жазу мәселелеріне, ұлттық графиканы
жасау және қолдануға ерекше мән берді.
Оларда кез келген халықтың ана тілі ұлттық
тәуелсіздіктің негізі екені, қазақ тілінің халық
ағарту ісінде, оның рухани және мәдени
өмірінде белсенді қолданылуы қажеттігі, жаңа
қазақ графикасын жүзеге асыру мәселелері
кеңінен баяндалады. Оның пікірінше, ана тілін,
дінін, әдет-ғұрпы мен салт дәстүрін берік сақтаған
халық шын мәнінде білім мен мәдениетке қол
жеткізбек. «Тек туған ана тілі ғана адамды
сол ұлттың өкілі етеді. Егер адам өзінің туған
тілін толық игерсе, ол өзінің ұлттық рухы мен
ұлттық өмірін сақтайды» [2], – деп халықтық
салт-дәстүрлерді насихаттайды.
Міржақыптың «Есеп құралы» екі кітаптан
тұрады. Бірінші кітап арифметиканы бастауыш
мектептің бірінші жылында, ал екіншісі екінші оқу
жылында оқытуға арналған.
Бірінші кітап 4 бөлімді қамтиды. Бірінші
бөлімде 10-ға дейінгі сандармен танысу, екінші
бөлімде толық ондықтармен, үшінші бөлімде
10-20 аралығындағы сандармен есептер шығару
қарастырылған.
Екінші кітап үш бөлімнен тұрады. Бірінші және
екінші бөлімдер 100-ге дейінгі санау амалдарына,
үшінші бөлім төрт амалды шығаруға құрылған.
«Есеп құралындағы» есептердің мазмұны таза
ұлттық сипатта, қазақ халқының күнделікті
өмірінен алынған. Тапсырмалардың шарттарында
қазақ оқушыларының жас ерекшеліктері мен
ұлттық психологиясы ескерілген, ал мазмұндары
бойынша олар оқушылардың өз бетінше дамуы
мен белсенділігін арттыруға бағытталған, әсіресе
оқушылардың ұлттық санасын қалыптастыруға
ерекше ықпал етеді.
Міржақып Дулатовтың мектепте оқу-
тәрбие үрдісін ұлттық сипатта жүзеге асыру
туралы ой-пікірлерінің халықтық салт-
дәстүрлер тұрғысынан алғанда маңызы мен
мәні ерекше. Мысалы, ол мектептің мақсаты:
«Жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге
жақсы тәрбиені қоса беру»; міндеті: «...балқыған
жас баланың бойына ана тілін анық үйретіп
шығару»; оқытудың әдіс-құралдары: «Оқу
кітаптары ана тілімен, өз ұлтының тұрмысымен
һәм табиғаттан жазылуы, ...алған тәрбиенің
әсерлі, күшті, сенімді болуы»; оқыту нәтижесі:
«...Мұндай балалар мектепті бітіргеннен
кейін кай жұрттың арасында жүрсе де, сүйегіне
сіңген ұлт рухы жасымайды. ...Қайда болса да,
тіршілігінде қандай ауырлық, өзгерістер көрсе
де, ұлт ұлы болып қалады» [2], – деп, ұлттық
тәрбиенің әсерін нақтылы атап көрсеткен.
Міржақыптың жоғарыда аталған «Қазақ
жайы» атты шығармасын жалпы жағдайдың
белгілі бір қырын алып, ерекше уытты
әсер күшімен баяндайтын «Қазақ жерлері»
деген өлең осының айқын айғағы. Өлеңнің
тақырыбынан-ақ көрініп тұр, мұндағы
көтерілетін мәселе көшпелі ел тұрмысындағы
жер мәселесі. «Мал ашуы – жан ашуы» деген
қазақ, бар тіршілігі малмен байланысты болған
соң, соған керекті өріс-қонысты қуалап, кең
сахараны тынымсыз кезіп жүргенде, оның ой-
қырына түгелдей бауыр басып, атадан балаға
мұра етіп қалдырған. Сол байтақ даланың әр
пұшпағында қазақ тарихының өшпес ізі, әр
заманда қан болып тамып, тер болып төгілген
таңбасы, әр ұрпақтың өзіне қымбат жәдігерлері
бар. Сондықтан да қазақ жерін сөз еткендегі ақын
тебіренісінің тереңдігін, сол жерлердегі замандар
бойғы тіршілік белгілерінің қолдан шығып, қор
Достарыңызбен бөлісу: |