Бас редактор



Pdf көрінісі
бет15/24
Дата28.12.2016
өлшемі3,07 Mb.
#656
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24

ӘДЕБИЕТТЕР:
1.  Иманбекова Б.И. «Тәрбиеге жетекші», - Алматы: 2004. 
2.  Қалиев С., Майғаранова Ш., Нысанбаева Г., Бейсенбаева А.А. «Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін 
дамытудың педагогикалық негіздері», – Алматы: «Білім». – 2001. 
3.  Әбиев Ж.Ә, Бабаев С.Б, Құдиярова А.М. «Дидактика – білім беру және оқыту теориясы». – Алматы: 
«Дарын». – 2004. 
4.  Демеуова М.Е., Қожахметова К.Ж., Молдыбаева Ш.Б., Аратай Л.Б. «Тәрбие бағдарламасы». – Алма-
ты, 2006.
      5.  Қарабалина О. «Ұстаз бақыты». – Алматы: «Жанай». – 1990. 
Резюме 
В данной статье автор раскрывает суть и пути преподавания национального воспитания в школе. Он оста-
навливается на роли учителя, в становлении ученика как разносторонней личности. Автор в статье отмечает, 
что каждое сказанное слово - это начало воспитания.   
Summary
In this article an author exposes essence and ways of teaching of national education at school. He decides on the 
role of teacher, in becoming of student as scalene personality. An author marks in the article, that every said word is 
this beginning of education.

100
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
А.Қасымбек – 
ҚР Білім және ғылым министрі Білім беру жүйесінің басшы 
және ғылыми педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыратын 
Республикалық институтының тәрбие кабинетінің әдіскері
ЖАС ҰРПАҚҚА ҚАЗАҚСТАННЫң ЖАңА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ 
КЕЗЕңІНДЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ТӘРБИЕ БЕРУ
Тәуелсіз Қазақстанның оқу-тәрбие ісі  уақыт 
талабы мен замана өзгерістеріне сай ізденістерге 
толы.  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
үстіміздегі  жылғы  Қазақстан  халқына  Жолдау-
ында  білім  беру  саласына  қатысты  айтылған 
«2020 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық 
жерлердегі  барлық  балалар  мектеп  жасына 
дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылатын 
болады»  деген сөздері  бала тәрбиесіне қатысты  
сан  міндеттерді  жүктеумен  бірге,  жан-жақты 
тәрбие  беру  ісін  заман  өзгерісіне  сай  қатысты 
кәсіби  деңгейден  қайта  қарауды  талап  етеді. 
Елбасының Үкіметке әкімдермен бірлесіп, «Ба-
лапан»  арнайы  бағдарламасын  әзірлеп,  іске 
асыруға  кірісуді  тапсыруы  –    келешек  ұрпаққа 
деген кемел қамқорлықтың іргетасы.
Қай  заман,  қай  қоғамда  болсын  адамзат 
баласы  жас  ұрпақ  тәрбиесіне  зор  мән  берген. 
Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алды-
мен, жастарға оқу-білім мен тағылымды  тәрбие 
беру  ісін  дұрыс  жолға  қоюды  қолға  алған.  Әр 
ұлттың уақыт өрінде көрінетін биіктері мен игі 
жетістіктері  ұрпақ  тәрбиесімен  тікелей  бай-
ланысты.  Толық  жетіліп  қалыптасқан  ұлттың 
сана-қабілетінде,  түсінік-талғамында,  мінез-
құлқында,  өзіне  тән  ерекшелік  менталитеті 
болатыны  ғылыми  тұрғыдан  дәлелденгені 
ақиқат. Өскелең ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу, 
болашағына жол сілтеу – бүгінгі күн тәрбиесіндегі 
бірден-бір қажетті, кезек күттірмес мәселе. Олай 
болса,  бүгінгі  ұрпаққа  берілетін  тәрбиені    ата-
бабаларымыз  салып  кеткен  дәстүрлі  ұғымдар 
мен  құндылықтармен  қабыстыра  білу  де  ұрпақ 
тәрбиесіне  ажарлы  өрнек  пен  нақыш  қосары 
сөзсіз. 
Жаңа  қоғамның  дамуындағы  тәрбиенің 
нәтижесі тәрбиелеп отырған тұлғаның  өз бойына 
сенімді іс әрекетке жол берер қасиеттерді дарыта 
біліп,  қажетті  дағды-машықтарды  меңгерумен 
қатар,  оны  өз  қажеттілігіне  жарата  білуінен  де 
көрінеді.  
Қалыптасқан  қасиеттеріне  саяси  мұрат  пен 
азаматтық  ұстанымды    қосып,  өмір  сүрудің 
тәжірибелерінен қуат алып, өзінің жеке басының 
мәдениетін, білімін кәдеге жаратып, өз әрекетін 
түсіндіріп,  қорғай  алатын  адам  ғана    тұлға 
ретінде  кемелденіп,  абырой-құрмет  тұғырынан 
берік орын алмақ.
Ұлттық дәстүрге берік, елі мен жерін сүйіп, 
қастерлейтін, уақыт талабына сәйкес болашақты 
бағдарлайтын  азамат тәрбиелеу – ұстаздар үшін 
күн тәртібінен түспейтін міндеттердің бірі. Жаңа 
экономикалық  өрлеу  кезеңінде  тұлғаға  жан-
жақты тәрбие беру, ең алдымен, ұлт тағылымын 
тәрбиеленуші бойына сіңіруден  басталады.
Ұлт тағылымы туралы ой қозғар болсақ, онда 
ұлттық таным, ұлт құндылықтары мен тәрбиесін 
қазақ  елі  тұлғаларының  соны  соқпағымен 
жүретін ұлағаттты көштен ажырата қарау мүмкін 
емес. 
Ұлттық  құндылықтар  туралы  жиі  айтыла-
ды.  Мектепте  ұлт  құндылықтары  деген  ұғым 
этнографиялық  түсініктер,  яғни  тақырыптық 
қойылымдар  көрсетумен    шектеліп  жататы-
ны  да  бәрімізге  аян.  Қазақ  халқының  ұлттық 
құндылықтарына қатысты терминдерді саралап, 
ойымызды  салмақтап,  зерделер  болсақ,  онда 
пікірімізді  төмендегідей  жүйеде  таратқанымыз 
жөн болар.
Ұлт  құндылықтарын  насихаттау,  дәріптеу 
мен  оқушы  тарапынан  бағалап,  бойға  сіңіруге 
баулу – тәрбиедегі басты бағыт. Ғасырлар бойы 
қалыптасқан  тәрбиенің  негізі  болар  екшелген 
інжу-маржан:  ата-бабаларымыз  ұрпақтарына 
аманаттаған  адамгершілік,  өмірді  танып-білуге 
құштарлық,  білім,  рухани  тазалық,  сезім, 
елжандылық  т.б.  құнды  қасиеттер  –  бүгінде 
ұстаз  беретін  тұлғатаным  сабақтарының    берік 
діңгегі.
Жоғарыда көрсетілген бағыттарды мектептегі 
тәрбие бағыттарында жүйелі түрде қалай жүзеге 
асыруға болады.

101
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
 
Себебі,  ұлт  құндылықтарына  бойлауға 
мүмкіндік беретін әдемі арна – әдет-ғұрып, салт-
дәстүр. Оны тізбектеп қойылым көрсету тәрбие 
мәнін  ашып,  мазмұнын  тереңдетуге  қызмет 
етпесі  анық.  «Сенім»  бағдарламасының  авто-
ры  (Алматы  облысы,  Қарасай  ауданы,  Жандо-
сов ауылындағы Гуманитарлық қазақ мәдениеті 
мектеп-лицейі,  1993-1996  ж.ж.),  ұстаз-ғалым 
А.Қыраубаеваның «Халықтық тәрбие, біздің ойы-
мызша, этнографиямен шектелмеуі керек. Халық 
даналығы  баланың  жан-дүниесіне  мән  береді. 
Еркіндігін орынсыз шектемеуді, баланы жасыт-
пауды есте ұстайды. Бабалардың осы салтынан 
ұлтымыздың  өр  мінезді  азаматын  тәрбиелеуді 
үйренеміз. Бұрынғы қазақтың елін, жерін сүюі, 
өрлігі жапондықтар мен американдықтардан бір 
де  кем  емес  еді  ғой.  Соның  сыры  неде?  Мұны 
да зерттеп білу керек-ақ. Бесік жырынан бастап, 
шешендік  сөз,  тыйым  сөз,  түс  жору,  атқа  міну, 
қыз  айттыру  салт-дәстүріне  дейінгі  халықтық 
тәрбиенің берері мол», – деп атап көрсеткеніндей, 
ұлттық  тағылымды    балаға  берілер  өмірлік 
тәжірибе мен білім көзіне айналдыра білсек нұр 
үстіне нұр болар еді.
Ұлттық 
 
болмыс, 
ең 
алдымен, 
М.Жұмабаевтың:  «Жаратылыстың  құшағында, 
меруерт  себілген  көк  шатырдың  астында,  хош 
иісті  жасыл  кілем  үстінде,  күнмен  бірге  күліп, 
түнмен  бірге  түнеріп,  желмен  бірге  жүгіріп, 
алдындағы  малымен  бірге  өріп,  сары  сайран 
далада  тұрып  өсетін  қазақ  баласының  қиялы 
жүйрік,  өткір,  терең  болуға  тиісті»  деп  ай-
тып  өткеніндей,  дала  ұланының    табиғатты 
түйсінуінен басталмақ. Табиғатты түйсіну – дала 
перзенттері үшін басты орында тұратын  нағыз 
өмір  құндылықтарын  таныта  білетін  бабалар 
мектебі. Ата-бабаларымыз көктегі шырақтардың 
да сырын аңдап, жердің жерұйық пен жәннатын 
талғап,  жазығына  жүйрігін  сайлап,  аптап 
ыстығына  қайнап,  суығына  шыңға  суарылған 
болаттай  жүзін  қайрай  білген  ғой.  «Күнәң  жоқ 
болса,  күнді  болжа»  дейтін  ата-бабаларымыз 
ауа райын болжау мен аспан денелерінің ауысу 
есебін ертеден-ақ меңгерген. Жаз есебін күн мен 
түн теңелген жаңа тоғыстан, қыс есебін күн мен 
түн теңелген екінші тоғыс мизамнан бастайтын 
есепшілер  түрлі  әдіс-тәсілдермен  бұдан  арғы 
жыл  мезгілдерінің  қалай  болатынын  малдың 
мінезіне, күннің шығуына, онан соң наурыз қары 
мен Шолпан жұлдызының тууына, мизам күнгі 
малдардың  (мизам  күні  түйе  жайлы  ұйықтаса 
қыс  жайлы,  мазасызданып  шықса  жайсыз  қыс 
болады,  жұт  болатын  жылы  қойлар  өрістен  ау-
зына бір-бір шөп тістеп қайтады т.б. ) мінезіне 
т.т.  болжам  жасап,  дәл  айта  білген.  Осындай 
біліктілік  пен  дәлдік  жұттан  сақтандырып 
отырғанын  Ы.Алтынсарин  өз  шығармаларында 
да айтып кеткен.
Жер-Ана    деп  аялап,  қастерлеген 
перзенттеріне  туған  өлкесі  де  өз  сырын  ашып, 
малына  өріс,  жанына  қоныс,  жаугершілікте 
шалғынын төсеніш, жараланғанда бұтасын тая-
ныш етіп, өзі үшін мерт болған ерлерін мәңгілік 
бесігіне  бөлеп  отырған.  Адасқан  жолаушыға 
түнгі  аспан  Темірқазығын  жағып  белгі  берген, 
ол жұлдызды бетке алған жан еш адаспаған. 
Сонымен қатар, халық арасында көмескіленіп 
бара жатқан «жеті амал» деген ұғым бар. Х.Әбішев 
оны былай көрсеткен екен: «Жеті амал. Күннің 
тоқырауы, қарашаның қайтуы, Үркердің батуы, 
  Ұлттық болмыс 
 
Ұлттық 
тағылым 
Ұлттық экономика 
Ұлттық өнер 
 
Ұлттық спорт 
т.б. 
Елдік 
рух, 
ұлттық  сана, 
тарих,  шежіре 
т.б. 
Салт, 
дәстүр,  әдет, 
ғұрып,  ырым-
тыйым т.б. 
атакәсіп, 
шаруашылық, 
тұлғалық  іскерлік 
т.б. 
айтыс,ән-күй, 
ақындық, 
шешендік т.б. 
 
атбегілік,        
құсбегілік,  
күрес т.б 
 
 
 
Ұлттық құндылықтар 

102
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
мұздың  қатуы,  киіктің  матауы,  айдың  тоғамы, 
қыс  тоқсанының  кіруі».  Енді  осы  ұғымдарға 
тоқтала  отырып,  халқымыздың  табиғат  сырын 
ашуға  ұмтылған  түсініктерін  астрономия,  гео-
графия,  физика  т.б.  пәндерімен  байланыстыра 
қарар болсақ, ұлт тағылымының құр пайым ғана 
емес, пәндік негізі бар ілім екенін көреміз. Тағы 
да  басқа  көптеген  халық  күнтізбесіне  қатысты 
деректер  тілді  өзге  пәндермен  байланыстыруға 
мың  сан  мүмкіндіктер  туғызары  даусыз.  Олай 
болса,  тұлғаның  текті  де  азаматтық  болмысын 
сомдайтын  іс-шаралардың  туған  жердің  тыны-
сы  мен  атамекеннің  арда  келбетін  тануынан 
басталады.  Ешқашан  қайталанбайтын  ұлттық 
бірегей қасиеттерді бойға сіңірумен ерекшелен-
бек.  Бұл  орайда  ойымызды  жинақтар  болсақ, 
мұғалімдерге  аса  таныс  төмендегідей  жұмыс 
бағыттарын жүзеге асырарымыз сөзсіз. 
Мәселен, 
мүшел 
жастың 
тұлғаның 
қалыптасуындағы танымдық  деңгейлері ретінде 
тануы ұлтымыздың он үшке дейінгі, он үштен 
кейінгі  бала  болмысына  айрықша  қарауы,  жи-
ырма  бесті  асқақтатып,  отыздың  белестерін 
шыңдалу,  қырықтың  белдерін  кемелдену 
тұтқасы,  алпыстың  шыңдарын  ақыл  берер 
даналық  кенересі  деп,  онан  кейінгі    жылдар-
ды  –  парасаттың  пырағына  мінетін  даралық 
тұғырлары  деп  түйіндейтін  ой  иірімдерінен 
айқын байқалады.
Мүшел жасқа байланысты сынып сағаттарын 
өткізу  мұғалімдер  практикасында  кездесіп  жа-
тады.  Көркемдігі  мен  сан  қырын  көрсету  сын 
көтермей  жататын  тұстар  да  кездеседі.  Бағыт-
бағдар беріп, тәжірибемізбен алмасу мақсатында 
осы тұста өзіміз өткізген «Он үшке келді еркеңіз» 
атты  сынып  сағатының  өткізілу  барысын  бере 
кетсек. Сынып сағаты бес бөлімге негізделді.
І бөлім.  «Алтын көмбе» бөлімінде  ой туды-
ру мақсатында «Мүшел жас – ақыл  мен даналық 
аялдамалары»  тақырыбында  ой  толғауға 
мүмкіндік  тудыру.  Төменде  ұсынылған  мүшел 
жас кезеңдеріне байланысты ойларын  топтарға 
бөліне отырып, (жазбаша, ауызша) ортаға сала-
ды.
Ұстаз сөзі: 
Ұлттық 
келбетімізді 
танытатын  
халқымыздың   психологиялық тағылымдарының 
бірі – мүшел жас.  
Қазақ  халқында  бірінші  мүшел  он  үш  жас 
болып  есептеледі.  Мүшелдің  он  екі  жылдық 
жыл  қайыруға  да  байланысты  екені    белгілі. 
Сондықтан  он  екі  санын  қосып    мүшел  жас 
кезеңдерін тез есептеуге болады. 
Бастапқы  мүшел  кезеңінде    ойын  баласы 
есейіп,  өмірдің  жұмбақтарына  ойлы  көзбен 
қарай бастайды. Қазақ тарихында он үш жасын-
да  өткір сөз, ұшқыр ойымен танылған тұлғалар 
аз емес.  Міне, сен де осы кезеңде тұрсын, олай 
болса  төмендегі  мүшел  кезеңдерімен  таныса 
отырып,  есею  кезеңіндегі  жүрек  толқыны  – 
ойларыңмен бөлісе отырсаң.
1-мүшел – 13 жас (ер жете бастау)
2-мүшел – 25 жас (жігіттік жас)
3-мүшел – 37 жас (ақыл тоқтау)
4-мүшел – 49 жас (орта жас)
5-мүшел – 61 жас (орта жас)
6-мүшел – 73 жас (қарттық)
7-мүшел – 85 жас (кәрілік)
8-мүшел – 97 жас (кемел кезең)
9-мүшел – 109 жас (көкірегі хат)
10-мүшел – 121 жас (ойлы кемер кезеңі)
Оқушылар пікірінен үзінділер:
Ата-баба  дәстүрі  бойынша  он  үштегі 
ұланның  отау  иесі  аталуы  оған  деген 
жауапкершіліктің  салмағын  сездіруден  туған 
болар,  бәлкім?  Жаугершілік  заман  ағымы 
мәжбүр  еткендіктен  бабаларымыз  ұрпақ 
жалғастығы  мен  елдің  жүгін  көтерер  ерді 
 
Тұлға бойында ұлттық болмыс қалыптастыру – оның бала күннен ана сүтімен, ата 
тәрбиесімен жан-дүниесіне егілген елдік рух, ұлттық кемел, сана баспалдақтары – мүшел 
жас, табиғатпен қарым-қатынас, тарихпен сырласу, шежіреге тереңдеу  т.б. жұмыс  
бағыттарын тереңдету 
Сынып 
сағаттары 
 Әңгіме-
сұхбаттар 
Кездесулер, 
«дөңгелек үстел» 
талқылаулары 
Танымдық 
конференциял
ар 
Дарынды оқушы 
ізденістері бойынша 
шығармашылық 
сағаттары 
 

103
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
тәрбиелеу жұмысын көздеген болар? Ал қазіргі 
кезеңде  ата-аналарымыз  он  үштегі  баласын 
бес жастағы баладай тәттімен қызықтырып, 
қолынан жетелеп жүреді. Егер менің әкем құсап 
ақылдасып, кеңесіп: «Сен менің ертеңгі үмітім 
мен  жауапкершілікті  көтерер  жалғасымсың, 
кезі  келгенде  отбасының  салмағын  көтерер 
азамат  боласың»,  –  деп,  салиқалы  ой  тастап 
отырса,  есеп  берер  есею  кезеңінде  тұрғанын 
естілікпен  сезінуге  жағдай  тудырғаны  болар 
еді-ау?! 
Әнуар.
Ата-анам  менімен  көп  ақылдаса  бермейді. 
Мен де білгенімді айтпақ болсам, олар күлгенде 
ыңғайсызданып қаламын. Әлі баласың, уақыты 
келер деп қояды. Мен он үште ұрпағына салмақ 
артып, сенім білдірген бабаларымыз демократ 
жандар екен деп сүйсініп отырмын.
Самат.
Ал мен «жиырма бес – жігіттік жас» деген-
ге таңданып қалдым. Айтылмай қалған қыздарға 
тиесілі  ой  қандай?  Осыған  қарап,  бұл  мүшел 
жас ұлдарға байланысты айтылған екен-ау де-
ген ойға келдім. Ал осы кезде қыздарда жайнап 
жүретін кез емес пе? Сырғалары жалт-жұлт 
етіп, күлкісі жүзін жайнатып жүретін апайы-
ма қызыға қарап: «Мен қазақ қыздарына қайран 
қалам» деген әнді еріксіз ыңылдаймын.
Жайна.
Он  үште  шындығында  ой  өзгерісін, 
жауапкершілікті  сезінесің.  Анам  маған:  «Сен 
мен жұмыста жүргенде кішілерге қамқор бол, 
қарындары ашып, жайлары болмай қалмасын»,  
–  дейді.  Оның  сенімін  ақтағым  келіп  тырыса-
мын. Кіші інім тынымсыз. Үйде еңбектеп жүріп 
ұстаған  нәрсесін  аузына  салып  жібереді,  алам 
деген  затын  алғанша  жылайды.  Апам  оның 
маған ұқсайтынын ескерткен, демек мен анама 
қандай қиындық тудырғанымды сезінемін. Сосын 
маған әдемі сырға, моншақтар көбірек ұнайтын 
болғанын  байқадым  және  кезіккенін  жапсы-
ра  бермей,  жарасымды  болғанын  қалаймын. 
Қазақы киім үлгілерін ұнатамын. Киім үлгілерін 
жасағым келіп, ізденіп жүрмін. Есею деген осы 
болар, сіздер қалай ойлайсыздар?
Ақтолқын.
ІІ бөлім.  «Он үшінде топ жарған» (үй тапсыр-
масы). Бұл жерде он үш жасында танылған батыр-
лар, билер, өнер адамдары туралы жинақталған 
материалдармен  жұмыс  жасалынады.  Берілген 
тапсырма  бойынша  билер  туралы  материал 
жинақтап келген оқушылар бір топқа, батырлар 
жайлы жинағандар екінші топқа, өнер адамдары 
жайлы  деректер  жинақтағандар  үшінші  топқа 
біріктіріледі  де,  олардың  тұлғалық  келбетіне 
талдау жасау үшін бағыт-бағдар беріледі.
1. Сендер таңдаған кейіпкер он үш жасында 
қалай ерекшеленіп көзге түскен?
2. Оның елді мойындатқан әрекетін қойылым 
түрінде көрсетіп, өздеріңді  қандай қасиеттерімен 
тәнті еткенін топтау тәсілімен көрсетіп өтіңдер.
3.  Кейіпкердің  осылай  танылуына  қандай 
жағдай әсер етті деп ойлайсыңдар?
4. Осы  жайдың неліктен  тап он үш жаста 
орын алуы мүмкін, бәлкім, ол кездейсоқтық бо-
лар?
5. Өздерің он үште осындай топты жаратын 
әрекетпен таныла аламын деп ойлайсыңдар ма?
Тапсырма  алған  топтар  бірі  осы  жасында 
жарқ етіп танылған тұлғаларды, қол бастаған ба-
тырлар мен он үште домбыра алып топ жарған 
саңлақтар    туралы  айтып  өтеді.  Топ  жұмысы 
қойылым, ауызша журнал, интерактивті тақтада 
көрсетілер  слайд-шоу  т.б.  түрде  де  назарға 
ұсынылады.
ІІІ  бөлім.  «Ал  мен  бір  мақал  айтайын». 
Оқушыларға  белгілі  бір  оқиға  суреттеліп, 
балалардың  осы  оқиғаға  байланысты  дәл, 
мағыналы,  мәнді  мақал  айтуына  мүмкіндік 
беріледі. 
Атақты  батыр  әрі  шешен  Шақшақұлы 
Жәнібек Төле биден ақыл сұрай келіп:
–    Түзу  мылтық,  ұшқыр  құс,  жүйрік  ит, 
мақтаншақ  жігіт,  ұрыншақ  ат  жидым.  Бозба-
ла  болып  ерлік  қылайын  ба,  үлгі  алып  билік 
қылайын ба? Еліңде кәрің болса, жазулы тұрған 
хатың, жайнаған көңіліннің алдында төбе болса, 
ерттеулі  атың  деуші  еді,  ақыл  сұрай  келдім,  – 
дейді. Сонда Төле би:
–      Өгізді  өрге  салма  –  қанатың  талар, 
наданға  көзіңді  салма  –  сағың  сынар.  Досыңа 
өтірік  айтпа  –  сенімің  кетер,  дұшпаныңа 
сырыңды айтпа  – түбіңе жетер. Жал-құйрығы 
қаба деп жабыдан айғыр салма – жаугершілік 
болғанда, жағдайлап мінер ат тумас. Жақыным 
деп жаманның малы үшін жақсының жағасынан 
алма  –  өрісің  тарылар.    Қару  жисаң  мылтық 
жи: жаяу жүрсең таяқ, қарның ашса – тамақ. 
Ит  жүгіртіп,  құс  салсаң  –  әуейі  боларсың. 
Мақтаншақ  жігіт  жисаң  –  ұятқа  қалдырар. 
Ұрыншақ  ат  жаз  жарға  жығар,  қыс  қарға 
жығар.  Тұмау  түбі  құрт  болар,  тұман  түбі 

104
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
жұт  болар,  ақылдың  түбі  құт  болар.  Елге 
бай құт емес, би – құт. Қабырғадан қар жау-
са – атан мен нарға күш, ел шетіне жау келсе 
–  қабырғалы  биге  күш.  Қарап  отырғанша,  бір 
нәрсеге жарап отыр, кәсіп болмай нәсіп болмас, 
– деген екен («Ел аузынан» кітабынан).
Оқушылар  оқиғаны  талдай  отырып,  өзіне 
ұнаған  ой  желісіне  орай  мақалдар  (Досыңа 
өтірік айтпа – «өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам», 
дұшпаныңа сырыңды айтпа – түбіңе жетер – 
«жау жоқ деме, жар астында») айтып өтеді.
ІҮ бөлім. «Он үште бір ой айтсам». Оқушы өз 
қалауымен  (туған жер, ерлік т.с.с.) бір тақырыпты 
таңдап, соған байланысты қысқаша ой түйіндеп, 
қара сөзбен де, өлең сөзбен де айтуға қақылы.
Елім туралы айтсам деп едім. Қазақ болып 
туғаныма  мақтанамын.  Иә,  мен  –  қазақпын! 
Қазақта дана Бұқар, отты көмей Махамбет бар, 
ғылым-білімнің  шежіресін  шерткен  Ыбырай 
мен  Шоқан,  сезімнің  жырын  өрген  Абай  мен 
Шәкәрім, жүз жылды еңсерген жырау Жамбыл 
бар. 
Қазақ  әлемінде  күш  атасы  Қажымұқан, 
әлемді  таңқалдырған  күміс  көмей  әншілер  – 
Әміре, Күләш, Розалар – бір-бір шың. 
Қазақтың  азат,  сауатты  ел  болуы  жолында 
барлық қабілет-қарымын жұмсаған зиялы қауым 
жұлдыздар шоғыры іспетті. 
Қазақта қазақтың намыс найзағайы – Бауыр-
жан,  желтоқсанның  жебелері  –  Қайрат,  Ербол, 
Ләззаттар бар. 
Қазақ – ғарышқа қос батырын – Тоқтары мен 
Талғатын – ұшырған мәртебелі ел.
Қазақ – егемендігін алып, тұңғыш Президенті, 
Нұрсұлтан Назарбаевтай көшбасшысымен жаңа 
ғасырға батыл қадам басқан халық. 
Мен – қазақпын! Менің елім – Қазақстан! 
Бақтыбек.
Досым, неткен бақыттымыз,
Туған елдің жақұтымыз.
Көгімізде – бейбіт аспан,
Барлық ұлтқа  құшақ ашқан.
Гүлнар.
Достықты ту ғып көтеріп,
Ауылдың әнін шырқа сен.
Балалық шақта еркеле
Бабалар жүрген қырда сен.
Он үште елге танылып,
Болармыз, бәлкім, ертең ер.
Болашаққа ой жүгірт,
Бүгінгі жүрген еркелер.
Бауыржан.
Ү  бөлім.  «Мөлт  еткен  сырмен  бөліссем». 
Бүгінгі  тәрбие  сағатының  өткізілуі  барысында 
түйген  ойларын  жазып,  ойларын  ортаға  сала-
ды.  Міне,  осылай  әр  сабақта  баланың  ұшқыр 
ойын  тербетіп,  тебіреніске  жетелеп  отырсақ, 
шығармашылықтың  өріс  алуына  бағдар  берер 
едік.
Ал,  ұлттық  экономика  туралы  сөз  қозғар 
болсақ, кеше мен бүгіннің ара жігін жақындатып, 
бала  болмысына  ана  сүтімен  сіңген  кәсіп  пен  
өмірден  терер  нәсіпті  бағдарлауына  бағыт  бе-
рер  ұстаз  жауапкершілігі  арта  түсері  сөзсіз. 
Тарих  тағылымдары  –  халқымыздың  ғұмыр-
парағы. Әр жердің табиғи ерекшелігіне қатысты 
қалыптасқан  кәсіптің  қыр-сырына  жетелер  де-
рек, мәліметтер (таңбалы тастар деректері, фоль-
клор мен халық поэзиясы, ғалымдар мен даналар 
қалдырған бағасыз асыл мұралар т.б.) тұтас бір 
ғылымға  негіз  болары  сөзсіз.  Тереңіне  үңілген 
жанға таусылмас теңіздейін ғаламат!
Қазақ  баласының  бүгінгі  экономикалық 
кеңістікте  еркін    әрекет  жасар  тұлға  болып 
қалыптасуы  үшін  де  ұлттық  құндылықтардың 
алар  орны  мен  мән-маңызы  ерекше  болмақ. 
Бәсекелестікке барынша бейім тұлға жеңісті де 
жемісті нәтижеге жеткізетін ұлттық ерекшелікті 
сақтай  білуі  мен  оның  қарсыластікінен  басым 
екендігіне  көз  жеткізуі  қажет.  Уақыт  талабына 
сай қазіргі заманда бәсекелестік адамның санасы 
мен түйсігіне ауысқан, ғаламдастыру үдерісі ше-
караларды  жоғалтуға  барынша  тырысып  бағып 
отырған  тұста,  елдік  белгісін  танытар    қазақы 
құндылықтар  әлемдік  аренада  жарқ  еткізер 
мүмкіндіктерге  жол  беретінін,  оны  ұтымды  да 
тиімді  пайдалану  қажеттілігін  мойындауымыз 
керек. Салт-дәстүрінен, мәдениетінен айрылған 
ел басқаның жетегінде кетеді, тәуелсіз ойлаудан 
қалады.  Ел  брендінің  қызметі  де  осы  бағытта 
атқарылуы тиіс. Салтымызды бүкіл қазақ болып 
жаңғыртуға  атсалысып  жатырмыз,  алайда  бұл 
жеткіліксіз, оны әлемдік деңгейге жеткізу қажет. 
Ұлттық дәстүрлерді, ұлттық өнер мен ұлт спор-
тын таныстыру орыс және ағылшын тілінде де 
жүруі тиіс. Ешкімнен ұялмай, жасқанбай көрсете 
алатындай мәдениетіміз бар екен, оны басқалар 
да білуі тиіс.
Жас  қаламгер  Е.Әзімшайық:  «Жастарға 
арналған тауарлар маркетингі поп-мәдениетімен 
қатар  жүреді,  ал  кей  тауарлар  классикалық 
мәдениет таратушысы ретінде қызмет атқарады. 

105
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Мысалға  Моцарт  бейнесін  тарататын  Mont 
Blanc  қаламсабын  алайық.  Өз  тауарларын 
өткізуде  поп-мәдениеті  мен  субмәдениетті 
Nike,  Tommy  Hilfiger,  Pepsi,  басқа  көптеген 
фирмалар  қолдануда.  Мәдени  шараларға 
демеушілік  көрсетуді  көптеген  компаниялар 
өзінің мәдениетті, филантроптық, интеллигентті 
және  космополиттік  ұйым  ретіндегі  статусын 
таратудағы ең тиімді құрал ретінде көреді. Сол 
себепті де рухани құндылықтарымызға аса көңіл 
бөлуіміз  қажет,  ел  брендінің  бағытын  анықтап 
беретін  де,  оны  насихаттауда  басты  рөлдердің 
бірін ойнайтын да солар.
...Еліміздің  бейнесін  қалыптастырудағы 
басты  назар  аударылуы  тиіс  бағыт  –  ата-баба 
мұрасы. Оны да дұрыс түсіне білу қажет, тарихи 
ескерткіштер де, ауыз әдебиеті де т.б. көптеген 
мұралар  бұл  ұғымға  сәйкес  келеді.  Бірақ, 
бабаларымыздың  бізге  қалдырып  кеткен  басты 
мұрасы  –  салт-дәстүр.  Кез-келген  дәстүрдің 
халық санасын қалыптастыруда атқаратын белгілі 
бір қызметі болады. Соған сәйкес құндылықтар 
жүйесі  де  реттеледі.  Сол  салт-дәстүрлер  елдің 
ажырамас ерекшелігі, одан бас тарту өзіне-өзің 
ор  қазумен  тең.  Бүкіл  бір  халықтың  жоғалып 
кетпеуінің негізі де осы салт-дәстүрлерді ұстану, 
оның жоғалып кетпеуіне жол бермеу.
Мәселен,  айтыс  өнерін  алып  қарайық.  Бұл 
өнер тек қазақ пен қырғызға ғана тән. Ал соны 
басқа  елдердің  білуі  екіталай.  Мағынасын 
түсіндіріп,  дұрыс  қырынан  көрсете  білсек,  та-
лайды  таңдай  қақтырарымыз  анық.  Әлемнің 
талай  елінде  суырып  салма  ақынның  болаты-
нын естімеген де болар. Бұған аздап ұқсайтыны 
– рэп оқитындардың сайысы ғана, алайда оның 
айтыстың  маңына  да  жоламайтынын  бәрі  де 
білуі тиіс. Алайда бұл тек қазақ тілінде басқа ел-
дер сөйлей бастағанда ғана іске асатын шығар. 
Ал  әзірше  айтысты  ең  алдымен  иісі  қазақтың 
бәрі  ұғынуға  тиіс.  Мен  бұл  жерде  қазақ  деген-
де  оған  барлық  қазақстандықты  жатқызып  от-
ырмын.  Алғашқы  белес  осы  болмақ»  дегені  де 
жастардың  ой-санасында    ұрпақ  тәрбиесіне 
қатысты жаңа ізденістер бар екендігін көлденең 
тартады  және  оның  жаңа  бренд  ұғымымен 
қарастырылып  отырғаны    да  қуантады.  Және 
осы еркін пікірі Елбасы Жолдауындағы «Жастар 
– біздің болашағымыздың негізі – өз болашағын 
құрудың жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізеді» де-
ген пікірінің айғағындай.Біз әлемдегі бәсекеге аса 
қабілетті елу елдің қатарына енуді мақсат тұтқан 
Қазақстанның  келешегін  даярлау  ісінде  негізгі 
басымдық  ретінде    халықтың  дүниетанымы, 
мәдени  және  тарихи,  өнер  құндылықтарымен 
үйлестіре оқыту мен тәрбиелеуді қолға алғанда 
ғана  еліміздің  жаңа  экономикалық  өрлеу 
кезеңіндегі  ұрпақ  тәрбиесін  жан-жақты,  өрісті 
де негізді түрде жүзеге асырарымыз сөзсіз.  
Ұлттық  құндылықтармен  өрілген  сезім 
–  ұлт  рухының  деңгейінің  айнасы,  өлшемі.  
Елбасының  үстіміздегі  жылғы  халыққа  Жол-
дауында  «Егер  біз  табысқа  жеткіміз  келсе, 
онда біздің әрқайсымыз мынадай қағидаттарды 
негізге алуға міндеттіміз:
Бірінші  –  бәрінен  бұрын  біздің  Отанымыз, 
Тәуелсіз Қазақстан!
Екінші – мемлекет және әр азамат ел ішінде, 
сондай-ақ, оның сыртында қоғамдағы тұрақтылық 
пен  қазақстандықтардың  игілігіне  кері  әсерін 
тигізуі ықтимал кез келген қадамдардан бас тар-
туы тиіс. 
Үшінші – экономикалық өрлеу – әркімнің ісі. 
Бұл  –  басым  әлеуметтік  мәселелерді  шешудің, 
бүкіл  қоғам  мен  әрбір  қазақстандықтың 
берекеттілігінің  кілті»  деп  атап  көрсетуі  де 
біздің өз пікірімізді жүйелеуімізде   негізге алар 
ойбағдарымыз болмақ. 
Халықтың  ғасырлар  бойы  қалыптасқан 
тағылым-тәрбиесі, ұлт тұлғаларының өмірі мен 
ерлік  істерінің  тарихы,  нақыл  өсиеттері  –  жас 
ұрпақ    тәрбиесіне  арқау  болар  алтын  жылға. 
Тарихтың қойнауына еніп, елдің шежіресіне ай-
налып, өз ауқымын кеңейтіп отырған  құндылық 
қазыналарын    жас  ұрпақ  еншісіне  беріп, 
болашақтың  бақытқа  қол  жеткізе  алар  батыл  
тұлғасын  қалыптастыруда  тәрбиенің  тиімді 
бағыттарын бағамдай білейік, әріптестер!
Резюме 
В данной статье рассматривается  вопросы воспитания личности в связи с национальными ценностями. 
Национальные ценности характеризуется как  комплексный фактор  развития человеческих ресурсов.
Summary 
In given article it is considered questions of education of the person in connection with national values. National 
values it is characterised as the complex factor of development of human resources.

106
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет