37
37
37
теңселу, қол бұрау, малдас құру, қосаяқ, қызғалдақ,қыз қылығы,мақтаншақ, оймақ,өкшелеу, өрме,иірім,
жайдары аяқ, жаулық, , жүре отырыс, иілу, қайшылау, қамтыма, үшбұрыш, зигзаг секірулер, бұраң бел ,
желдірме би қимылы, белдеме,
буын ойнату, бүктелме, дүрсілдету, еспе, ақселеу, алқотан т.б.Қазақтың халық
билері қимылдарының әр алуандылығы таң қалдырмай қоймайды.Оның қыр-сыры көп.Мәселен, табиғат
құбылыстарына байланысты би қимылдары: толқын, жел, самал. қайнар бұлақ, найзағай, кемпірқосақ, құйын,
жел ойнаған, бұрқасын т.б. Аң-жануарлар, құс бейнелері мен қимылдарына байланысты би қимылдары: ат
шабыс,тізгін тарту, ботагөз, бота мойын, қошқар мүйіз, киік мүйіз, бұғы мүйіз, сыңар мүйіз,ирек, қос жылан,
құс тұмсық, жорға,
қос өркеш би қимылдары, құс қанаты, айдаһар ирек, қаз кескіні, қаз мойын т.б.
Күй қандай тақырыпқа арналып жазылса, сонымен бірге осы күйлерге байланысты да би қимылдары бар,
мысалы «Айжан қыз»,»Қос алқа»,»Сарыарқа» билерін айтамыз. Құрманғазының «Сарыарқа» күйін
тыңдағанда кең далада жосылған арғымақтардың шабысы,қыз қуу ойыны көз алдымызға келеді.Осы
«Сарыарқа» күйіне «Қыз қуу» би қимылы шығарылған. Ертеде қазақтың ұлттық би өнерін киіз үйде билейтін
болғандықтан алуан түрлі дененің қозғалыстары мен бет-әлпет құбылулары арқылы билеген,яғни
мимика.Мысалы: « Бүркіт биі», «Аю биі», «Өрмек тоқу», «Киіз басу», «Ортеке» билері осындай әдіс -
тәсілдермен орындалған.
Қазақ биінде орындалатын әр қимылдың алатын орны және өзіндік мағыналары бар. Атап айтқанда
«Қошқар мүйіз», «Кереге көз», «Сыйлық», «Үлкен сыйлық», «Қызғалдақ», «Білезік», «Бота мойын», «Айна»,
«Сәндену» тағы басқа қимылдар қыздардың орындауында кездеседі. Әр қимылды бидің мағынасына қарай би
қойылымдарында қолданып отырған (образға, сюжетке байланысты). Жоғарыда айтылған қимылдарды
қыздың сұлулығын, нәзіктігін, еркелігін табиғатпен байланыстырып қолдануға болатындығын көріп жүрміз.
Қазақ халқының би өнері халықтың поэтикалық, музыкалық шығармашылығымен, фольклормен тығыз
байланыста қалыптасып дамыды. Ишарамен, ыммен (мимика) айту әдісін, халықтың дәстүрлері мен
салттарын кең қолдана отырып, хореографиялық қимылдың алғашқы элементтерін пайдаланып,
жастарға
мінез-құлықтың нақты мөлшерін үйретеді. Мысалы: «Қазақстан хореографиясының тарихы» атты кітапта
«Тәжім» қимылына толықтай тоқталып өткен. Қызды ұзатуға байланысты салттың тәлімдік үлгісі мол.
Музыкамен, қалыңдық өзі қосыла билейтін қимыл-әрекеттер «Қыз таныстыру», «Сынау», «Жар-жар»,
«Қоштасу», «Беташар» тәрізді би қойылымдарында салт-дәстүрді көрсету үшін қызығылықты-ақ. Бұл
дәстүрлердің әрқайсысының өзінің орындалу уақыты, өз мақсаты бар және ақыл айту, тәрбиелеу, тілек тілеу
тәрізді тағылымы мол дәстүрлерді көрсетеді. Қыз ұзату салты, өз кезегінде, өмірінің жаңа кезеңін бастаған
қыздың белгілі бір әлеуметтік мәртебесін білдіреді.
Бұл тәжім ету қимылы кішіпейілділікті, келісуді, кешіруді де білдіре алады. Тәжім ету — ұяң мінез,
қимастықты білдіреді. Қазақ биінің қай қимылы болмасын, қарап отырсаңыз тұрмыс-тіршіліктен, табиғаттан,
өмірден алынған. Мысалы, қыздардың қимылында көп кездесетін «Білезік», «Қос алқа», «Қызғалдақ»,
«Қайнар бұлақ», «Жалын», «Тұмар», «Айна», «Бұраң бел» т.б. би қимылдарында өзіндік мағына бар.
Қыздардың қарапайым қолына таққан білезігінен тұратын биді көрсетуге болады.
Тек осы қос қолға
таққан білезікті насихаттап, білезік арқылы әртүрлі қимылдар жасауға болатынын анықтауға болады. Жалт-
жұлт еткен білезікті және алқа, сырға, шолпы т.б әшекей бұйымдарды мәдениетті түрде, өз ережесімен
сахнада би тілінде қолдану әдісі композициялық қойылымдарда орын алып отыр. Бұл балетмейстердің үлкен
тапқырлығы, шеберлігін қажет етеді. Әрине музыка ырғағымен, сол әшекейлерді би тілімен насихаттауда
сахна төрінде киім үлгісі де биге лайық болуы шарт. Қазақтың қол қимылдарын жасау, орындау барысында
жеткілікті түрде нақтылық қажет. Қазақ биінің қол қимылдарында, сонымен қатар, «Толқын», «Орама
толқын», «Шынтақ толқын», «Орама», «Орама өрнек», «Жалын», «Бидай боз», «Қосшынтақ», «Беташар»
тағы да басқа өрнектер түрінде болып келуінің өзі басқа халықтардың қол қимылдарынан ерекшеленетін
өзгешелігі деп санаған жөн. Сонымен қатар, «Бүктелме», «Ырғақты қадам», «Айдаһар иірілу» және тағы өзге
дене қимылдарының атаулары бар. Дегенмен, аталған қол және дене қимылдары мән-мағынасын
жоғалтпастан,
заман ағымына еріп, құбылып отыруы мүмкін. Біртуар талант, қазақ биінің Падишасы — Шара
Жиенқұлова апамыздың сөзімен айтсақ: «Исскустваның басқа түрлеріндей хореография өнері де
диалектикалық құбылыс сияқты, үнемі өзгеріп, дамып отырады».
Әрі халық билерінің өздеріне тән ерекшеліктері би қойылымдарында, іс — қимылдарында көрініп тұруы
керек. Би өнері қазақ халқы үшін тәрбие құралы, мәдениет жаршысы, тіптен қазақ тарихы десек те болады»,-
деп жазды
Елбасымыз «Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған үш басты негізге сүйенсек, біріншіден, біздің
ұрпағымыз денсаулығы да, рухы да мықты ұрпақ болуы қажет, екіншіден, өз ісіне аса жауапты, білімді,
бәскеге қабілетті,үшіншіден, өз Отанын, елін сүйетін, ана тілін, ата салт-дәстүрін, ұлттық өнерін
құрметтейтін рухани бай ұрпақ болуға тиіс. Ұлттық биіміздің оқушыларға тәрбие беруде мәні зор болмақ.