4
4
4
тарауға сандық түсініктер, аудан мен көлемді есептеп шығару, ауызша санау ұғымдары, жуық
есептеулер мен математикалық операциялардың мәнін түсіну жатады. Бұл тарау арифметикамен тығыз
байланысты болады.
Бұл математикалық тараулар түрлі мәнмәтіндерде (контекстте) беріледі:
адамның өз өміріне (жеке),
кәсіби қызметіне байланысты (кәсіби),
қоғаммен байланысты (көпшілік) есептер,
ғылымға бағытталып (ғылыми) берілетін есептер. Осылардың негізінде математиканың қазіргі өмірде
атқаратын рөлі көрсетіледі. Математика бойынша PISA тест тапсырмаларын дұрыс орындау үшін оқушылар
мына құзыреттіліктерге ие болуы тиіс: тұжырымдау, қолдану, талдап түсіндіру.
Тұжырымдау дегеніміз – математиканы қолдану мен пайдалану мүмкіндіктерін
анықтау. Бұл жерде есептерді шығару үдерісінде оны талдау үшін қандай математикалық аспектіні
қолдану керек дегенді анықтап алу тиіс. Мысалы, мәнмәтінді қажетті математикалық модельге (ақырында
шешілетін болуы тиіс) айналдыру.
Қолдану дегеніміз – математикалық білімді, ұғымды, құралдарды есеп шығаруда
пайдалана білу. Сондай-ақ, оқушы есептеулерді орындау, алгебралық амалдар мен
математикалық жағдайларды талдауда математикалық құралдарды пайдалану мүмкіндігін тудыру үшін
жағдайларды немесе есептерді жеңілдендіру қызметтерін жасай білуі тиіс.
Талдап түсіндіру ─ математикалық шешімдердің таңдау, ұтымдылық, мақсатқа
сәйкестіліктері туралы ойлауды және нақты бір міндетке қатысты пайымдауды
қарастырады. Бұл құзыреттілік оқушыдан заңдылықтарды табу мен қорытынды жасау, алынған
нәтижені негіздемелей және түсіндіре білуді талап етеді.
Бала кезінен бастап математикамен шұғылданған адам өзінің ой өрісі мен зеректігін дамытып, мақсатына
жету үшін табанды болуға ерік-жігерін тәрбиелей алады. Сондықтан да мұғалімге де, дәрігерге де, артиске де,
және суретшіге де және т.б. мамандықтар иелеріне математика қажет.
Математика пәнінің басты мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Логикалық ойлау
қабілетін арттыруда есептің атқаратын ролі зор. Себебі, есеп шығару – мидың «гимнастикасы». Математика
сабағы басқа пәндердің сабақтарынан күрделі, оны түсіну үшін ерінбей еңбек етіп, төзімді болып, талмай оқу
қажет. Ал бұл көп оқушының шамасы келе беретін қасиет емес.
Мұғалім оқушыларға олардың математикалық білімдерінің сабақтас оқу пәндеріндегі, практикадағы
қолданбалылығын әрдайым көрсетіп отыруы керек. Мұғалім оқушыларды есептеуге жаттықтырғанмен,
көптеген дербес жағдайларды негізінен жалпысын көру біліктілігін жаттықтырғаны керек. Мұғалім жаңа
математикалық ұғымдарды енгізу барысында олардың өмірдегі, басқа пәндердегі қолдануын көрсетіп отыруы
қажет. Оқушылар іс жүзінде кездесетін есептерді шеше білулері тиіс, ал мұғалім ол үшін осы заманғы ғылыми
білімді математикаландыру жетістіктерін сабақта пайдаланып отыру керек. Себебі математикада оқытылатын
теңдеулер, теңсіздіктер, олардың жүйелері, функциялар әртүрлі процестердің математикалық моделі болып
табылатыны анық. Сонымен қатар модель жасауда әртүрлі математикалық объектілер: сандық таблицалар,
әріпті формулалар, қатарлар, геометриялық фигуралар, әртүрлі схемалар, Венн диаграммалары, графтар және
т.б. қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: