10
10
10
Жоғары педагогикалық білім беру жаңа мазмұн мен құрылымды іздестіру күйінде, педагогикалық
жұртшылық пен ҚР Білім беру министрлігі бұл істі педагогикалық білім берудің біртұтас концепциясы мен
жаңа стандарттарын жасаудан бастау қажет дейді.
Мұғалім – реформаланып жатқан білім беру жүйесінің педагогикалық үрдістерді тудырушы, жалпы және
кәсіби мәдениетті тасушы мен субъектісі ретіндегі ең басты қайраткері. Осылайша, педагогикалық білім беруді
жаңарту мәселесі пайда болады.
Біртұтас құрылымында екі негізгі – қызметтік және дамытушылық процестердің динамикалық тепе-теңдігі
сақталса, педагогикалық білім беру оңтайлы түрге ие болады. Алайда, дамытушылыққа қарағанда қызметтіктің
күші басым келеді. Педагогикалық білім берудің даму процесін әлі де қалыптасқан жүйенің қызметтік және
қайта өндіру процесімен салыстыруға болмайды, бұл еліміздегі әлеуметтік-мәдени және экономикалық
жағдайлардың өзгеруіне қарама-қайшы болып келеді.
Біздің қоғамның қазіргі заманғы дамуы кезеңінде көптеген жалпы мемлекеттік мәселелерді қайта
қарастырып түсіну жүріп жатыр. Елдің саяси құрылысының өзгеруінен кейін біздің қоғамымыздың жаңа
экономикалық құрылысқа ену мәселелері шешіліп жатыр, бұл біздің қоғамдағы әрбір жеке тұлғаның өзін өзі
көрсете алуы методологиясының өзгеруін талап етеді. Жеке тұлға мақсатты түрде білім беру кеңістігінде
қалыптасады, оны мынадай қасиеттермен сипаттауға болады: оқытудың дамып жатқан түрінің қойнауында
жүзеге асып жатқан гуманизация мен бұл кеңістікте барынша кең таралып жатқан іс-әрекет метабілімі мен
метатәсілдері. Бұл орта мектептің білім беру кеңістігінің ақиқаттылығына айналып, заманына сай мұғалімді
дайындау теориясынын дамыту үшін негіз бола алады.
Мұндай жағдайда біз бір ғана жолын көріп тұрмыз: педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби-
педагогикалық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздерін жасау. Бұл мәселе шешілмейінше, мұғалім
дайындығында еш нәрсе де өзгеруі мүмкін емес.
Мектеп пен жоғары оқу орнының түбегейлі айырмашылығы бар:
заманына сай мұғалім, көбінесе, өзін тәжірибелік жұмысшы ретінде анықтайды, ол іс жүзінде күрделі
жұмыс атқарады. Сондықтан, осы уақытқа дейін мұғалімнің шығармашылығы оқыту мен тәрбие процесінің
педагогикалық технологиясын өзгертетін тәжірибелік-әдістемелік өнімді жасауда көрінді, ал нысанның
мазмұны, негізінен, мұғалім іс-әрекетінен тыс қалып қоятын;
жоғары оқу орнында зерттеушілер басқа деңгейдегі өнім жасайды. Методологиялық білімдер болашақ
мұғалімнің кәсіби-педагогикалық дайындығының сәттілігін анықтайды. Сондықтан, педагогикалық жоғары
оқу орнында мұғалімді дайындаудың ең басты шарты: мұғалімнің жаңа түрін дайындаудың теориялық
негіздерін түсініп ұғыну.
Достарыңызбен бөлісу: