Бас сүйек, ми, көз жарақат кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы



бет3/7
Дата02.12.2023
өлшемі19,28 Kb.
#131686
1   2   3   4   5   6   7
Терминальдық жағдайдың критериі:
- шектен шыққан комаға дейін ақыл-естің бұзылуы;
- тіршіліктік функциялардың қималы деңгейде бұзылуы;
- ошақталу симптомдары – ми діңгегі симптомдары екіжақты ауыр мидриаз арқылы білінеді, мөлдір қабақтың жəне қарашықтың реакциясы жойылу; жартышарлық жəне краниобазальдық симптомдар көп жағдайда жалпымилық жəне ми діңгегі симптомдарының астарында қалып бүркемеленіп кетеді. Науқастың тірі қалуы мүмкін
емес.
БМЖ клиникалық формалары
Типіне байланысты:
- оқшауланған;
- қосарланған;
- аралас;
- қайталанған.
БМЖ 2 түрге бөлінетін:
1. Жабық.
2. Ашық:
- тесіп өтпеген;
- тесіп өткен.
Мидың зақымдану түрлеріне байланысты түсініктеме:
1. Ми(дың) шайқалу(ы) – ауыр емес жарақаттаушы күштің түсуінен болатын жағдай. БМЖ жарақаттаушларының 70%- да кездеседі. Ми шайқалғанда естен тану болмайды немесе жарақаттан кейін аз уақытқа 1-2 мин-тан 10-15 мин. естен танумен сипатталады. Науқастар басы ауыратынын, айнатынын, жүрек айнитынын, құсатынын, көзін қозғалтқанда ауырсынатынын, əл-дəрмені жоқтығын айтып шағымданады.
Сіңір рефлексінің жеңіл ассимитриясы болуы мүмкін. Қысқа мерзімді ретроградтық амнезия. Антероградттық амнезия болмайды. Ми шайқалуына көрсетілген көріністер ми функциональдық зақымдануымен шақырылады жəне 5-8 күннен кейін өтеді. Диагнозды қою үшін берілген барлық симптомдардың болуы аса қажет емес. Мидың шайқалуы бірдей форма болып табылады жəне ауырлық дəрежеге бөлінбейді.
2. Мидың соғылуы – бұл зақымдану ми затының макроструктуралық деструкциясы түрінде жиі гемморагиялық компонентпен жарақат күшінің тиген кезінде боледы. Клиникалық ағымыны қарай жəне ми тінінің зақымдануының айқындығына қарай соғылу жеңіл, ауыр, жəне ауыр дəрежеге бөлінеді.
3. Ми соғылуының жеңіл дəрежесі (10-15% жарақаттанушы). Жарақаттан кейін бірнеше минуттан 40 минутқа дейін естен тану. Көбінде 30 мин. дейінгі уақытта ретроградтық амнезия көрінеді. Егер антероградтық амнезия пайда болса, онда ол ұзақ емес. Ес қалпына келгенде жарақаттанушы бас ауруына, жүрек айнуына, құсу, бас айналуына, назардың əлсізденуіне шағымданады.
Нистагм, анизорефлексия, кейде жеңіл гемипарез көрінуі мүмкін. Кейде патологиялық рефлекстердің көрінуі болады. Субарахноидальдық қан құйылу əсерінен айқын емес менингеальдық синдром көрінеді. Бради жəне тахикардия көрінуі мүмкін. АҚ 10-15 мм.с.б. транзиторлық көтерілуі. Симптоматика одан сайын дамиды жарақаттан кейін 1-3 аптада.
4. Ми соғылуының орта ауырлықты дəрежесі.
Естің тануы бірнеше ондықтан 2-4 сағ. созылады. Беткей немесе терең есеңгіреуге дейін естің тежелуі бірнеше сағат немесе тəүлік сақталуы мүмкін. Айқын бас ауыруы, жиі қайталамалы құсу. Горизонтальдық нистагм, жарыққа қарашық реакциясының төмендеуі, кейде аса айқындалмаған гемипарез, жəне патологиялық рефлекстер.
Сезімталдықтың бұзылуы мүмкін, сөйлеу бұзылыстары болуы мүмкін. Менингиальді синдром сəл айқындалған, ал ликворлы қысым сəл көтерілген (Ликвореясы бар науқастардан бөлек).
Тахи немесе брадикардия көрінеді. Тыныстың сəл тахипноэ күйде бұзылысы,ритм қалыпты аппарат коррекциясын керек етпейді. Температурасы субфебрильді бірінші тəүлікте психомоторлық қозу, кейде тырысу ұстамалары болуы мүмкін. Ретро немесе антероградты амнезия көрінеді.
5. Ми соғылуының ауыр дəрежесі.
Естен тану бірнеше сағаттан бірнеше тəулікке дейін болады (жарты науқастарда апалдық синдром жəне акинетикалық мутизмге ауысады). Естің сопор немесе комаға дейін тануы. Айқын психомоторлық қозу атонияға дейін ауысуы көрінеді.
Бағаналы симптомдары айқын көз алмасының балқымалы қозғалысы, вертикальдық осі бойынша көз алмасының ара қашықтығының əртүлілігі, анизокория. Қарашықтың жарыққа реакциясы жəне қасаң қабық рефлекстері жоғалған. Жұтыну бұзылған. Кейде ауру қоздырғыштарына горметания қосылады немесе спонтанды.
Екі жақтылық табан патологиялық рефлекстері бұлшық ет тонусының өзгерістері көрінеді – гемипарез, анизорефлексия, діріл ұстамалары болуы мүмкін. Орталық немесе шеткі тип бойынша тыныстың бұзылысы (тахи немесе брадипноэ). АҚ жоғары немесе төмен, ал атониялық кома жағдайында тұрақты емес жəне бірқалыпты дəрілердің көмегін қажет етеді. Менингиальді синдромы айқын.
Мидың соғылуының арнайы сатысына – мидың диффуздық аксональдық зақымдануы жатады. Оның клиникалық көріністерінде ми бағанасының қызметінің айқын бұзылысы жатады – есінің терең комаға дейін түсуі, витальдық қызметінің айқын бұзылысы, ол аппараттың, жəне медикаментоздық коррекцияны қажет етеді. Мидың диффуздық аксональдық зақымдануында өлім көрсеткіші 80-90 % жоғары. Ал тірі қалғандарда аппаликалық синдром туады. Диффуздық аксональдық зақымданулар бас сүйек ішілік гематомалар түзілуін шақыртады.
6. Мидың өсетін жəне өспейтін қысылуы – Бас ішілік қуыста көлемдік түзілістердің азаюынан болады. БМЖ кезінде «өспейтін» қысылу «өсетінге» қысылуға айналып мидың айқын компрессиясына жəне дислокациясына алып келеді. Өспейтін қысылуларға бас мүшесінің сынықтары мен қысылуы басылған сынықтарда, миға басқа шектен тыс денелермен қысқанда болады. Бұл кезде қысылған ми түзілістері көлемі бойынша үлкеймейді.
Мидың қысылуының генезінде атқарушы рольді екіншілік бас сүйек ішілік механизмдер айқындалды. Өспелі қысылуларға барлық басішілік гематомалар мен ми соғылулар жатады жəне масса эффектпен шақырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет