Бас сүйек, ми, көз жарақат кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы


БМЖ алған науқастардың ахуалы 5 градацияға бөлінеді



бет2/7
Дата02.12.2023
өлшемі19,28 Kb.
#131686
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-50173

БМЖ алған науқастардың ахуалы 5 градацияға бөлінеді.
- қанағаттанарлық ахуал (жағдай);
- орташа ауырлықтағы ахуал (жағдай);
- ауыр ахуал (жағдай);
- аса ауыр ахуал (жағдай);
- терминальды (ақтық) ахуал (жағдай).
Қанағаттанарлық жағдайға жатқызу критерилері:
- есі анық;
- тіршіліктік функциялары бұзылыстарының болмауы;
- салдарлық (дислокациялық) неврологиялық симптоматика болмауы, ілкі жартышарлық жəне краниобазальдық симптомдардың болмауы немесе айқын болмауы. Өмірге қауіптілігі болмайды, еңбекке қабілеттілігінің қалпына келу болжамы жақсы.
Орташа ауырлық жағдайға жатқызу критерилері:
- есі анық немесе сəл есеңгіреу;
- витальдық функциялары бұзылмаған, (сəл брадикардия болуы мүмкін);
- ошақталу симптомдары − жартышарлық жəне краниобазальдық кейбір симптомдардың айқын болуы мумкін. Кейде жекелеген ми діңгегі симтомдарының жеңіл нистагм т.б.
Орташа ауырлық дəрежелі жағдайы деп айту білу үшін келесі параметрлердің біреуі болу қажет. Өмірге қауіптілігі шамалы еңбекке қабілеттілігі қалпына келуі көбінесе жақсы.
Ауыр жағдайға жатқызу критериі (15-60 мин):
- ақыл-есінің өзгерісі терең есеңгіреу немесе сопор;
- витальдық функциялары бір-екі көрсеткіш бойынша шамалы бұзылған;
- ошақталу симптомдары − ми діңгегі симптомдары онша айқын емес (анизокория, спонтанды нистагм, контралатеральдық пирамидалық жеткіліксіздік, менингеальдық симптомдардың дене осі бойынша диссоциялануы) жартышарлық жəне краниобазальдық симптомдар айқын сонымен қатар эпилепсиялық ұстамалар, парездер жəне параличтер болуы мүмкін.
Ауыр дəрежелі жағдай деп айту үшін бұзылыстардың біреуі болу қажет. Өмірге қауіптілігі жоғары, көбінде ауыр жағдайдың ұзақтығына байланысты, еңбекке қабілеттілігі қалына келуі екі-талай.
Аса ауыр жағдайға жатқызу критериі (6-12сағ.):
- ақыл-естің орташа немесе ауыр комаға дейін бұзған;
- бірнеше параметр бойынша витальдық функциялары айқын бұзылған;
- ошақталу симптомдары – ми діңгегі симптомдары айқын білінеді (парез, айқын анизокория, көздің вертикальді жəне горизонтальді дивергенциясы, тонустық спонтанды нистагм, жарыққа қарашықтар реакциясының əлсізденуі, екі жақты патологиялық рефлекстер, децеребрациялық сіресу, жартышарлық жəне краниобазальдық симптомдардың айқын көрінуі (екіжақтық жəне көптеген парездерге дейін) 
Аса ауыр жағдай деп айту үшін барлық параметрлер бойынша айқын бұзылыстар болу қажет. Өмірге қауіптілігі жоғары. Еңбекке қабілеттілігі қалпына келуі мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет