12. Үкіметтің экономикалық рөлі
12.1. Үкіметтің нарықтық экономикасына кірісу себептері
Америкалық авторлар П.Кит пен Ф.Янг үкімет нарық экономикасында бес функция атқарады деп айтады, ол функцияларды келесідей келтіреді:
- біріншіден, үкімет заң шығарушылық пен әлеуметтік базаны жасайды, соның шеңберінде нарыққа қатысушылар шектеулі ресурстан өндірілген тауар мен қызметті сатады және сатып алады;
- екіншіден, үкімет нарықта тауар мен қызметке бәсекелестікті сақтауға талпынады. Бір де сатушы нарықта басым жағдайда арам жолмен жетпеуі керек;
- үшіншіден, үкімет табыс пен байлықты қайта бөлу туралы шешім қабылдауға және қатысуына болады; оны ол салық салу жүйесі немесе грант пен көмекқаржыны әр түрлі топтарға беру арқылы іске сырады;
- төртіншіден, үкіметтің нарықтағы функциясы – ресурстарды қайта бөлу. Теорияға сәйкес ресурстардың дұрыс бөлінбеу себебі нарықтың қызметінде сыртқы эффект орын алғанда болады. Яғни белгілі өнімді өндіргенде немесе тұтынуға байланысты табыстың немесе шығынның кейбір бөлігі үшінші жақта жиналады;
- бесіншіден, үкіметтің келесі функциясы бүтіндей экономиканы тұрақтандыру болып келеді. Нарық экономикасы мезгіл-мезгіл өркендеп және құлдырап тұрады. Үкімет монетарлық немесе салық саясатын қолданып, жұмыссыздық немесе инфляцияны жеңуге талпынады.
Жоғарғы аталған функцияның біріне кірмейтін үкіметтің функциясы – ол табиғи монополияларды реттеу. Табиғи монополия – саладағы жалғыз-ақ фирма толып жатқан ұсақ фирмалармен салыстырғанда сатып алушыларға тиімдірек қызмет көрсетеді.
Уақыт өткен сайын трестке қарсы заңдар едәуір өзгеріске ұшырады: кейбір зерттеушілер бұл заңдардың негізгі мақсаты экономикалық тиімділікке жету деп санайды. Бірақ қосылу мен келісімге келу белгілі жағдайда жоғары тиімділікке және шығындарды төмендетуге алып келеді. Сонымен, сот өз үкімін қабылдағанда мұндай жағдайды ескеруі керек. Саясатың түпкі мақсаты тұтынушылардың дәулеттілігін көтеру болып келеді.
Басқа зерттеушілер трестке қарсы заңның мақсаты ірі фирмалардың билігін шектеу, сөйтіп олардың тиімділікке жасайтын есепке алмай, ұсақ фирмаларды қорғау болып келеді деп айтады.
Қайткенде де бұл өте күрделі мәселеге осы уақытқа дейін жауап табылмаған.
Жетілген бәсекелестік нарықта тапшы ресурстар максимал тиімді орналастыруға және қоғам дәулеттілігін максималдауға болады. Мұндай жағдай тауар бағасында барлық шығындар есепке алынғанда туады. Алайда, бағаға барлық шығындар кірмей қалатын жағдай жиі кездесіп тұрады. Онда сыртқы эффекттер пайда болып, нарықты орға түсіреді.
Америкалық тағы бір оқулықтың авторы – К. Сио, нарықтық құрылым мінсіз болмайды, оған тән келесі кемістіктерді келтіреді:
- жеке меншікті кәсіпкершілік жүйесі бәсеке болуына кепілдік бермейді, нарық құрылымында ірі кәсіпкерлердің немесе кәсіподақ қызметінен диспропорциялар пайда болуы мүмкін;
- нарық экономикасы оптималды әлеуметтік жағдайды және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қамтамасыз ете алмайды;
- жеке меншікті кәсіпкершілік жүйесі бүкіл қоғам мүшелері тұтынатын өнімдермен және қызметтермен қамтамасыз етпейді, мұндай өнім мен қызметтер үкіметтің құзыреті болып келеді;
- жеке меншікті кәсіпкершілік жүйесі әр түрлі жастағы және этникалық топтарға бірдей мүмкіндіктермен қамтамасыз ете алмайды.
Осы себептер үкіметтің нарыққа кірісуінің төрт түрін тұғызған:
- трестке қарсы саясат нарықта экономикалық күш-қуаттың шоғырлануын бақылау және оны нарық құрылымы көмегімен тиімді шеңберде сақтауға шақырады; ол табиғилыққа қарсы монополияға және әділетсіз бәсекеге тыйым салу арқылы жүргізіледі;
- реттеу нарықта тұтынушының гемендігі мен таңдауы еркін болуын қамтамасыз етеді. Жеке меншікті фирмалардың, оның ішінде табиғи монополияның қызметін тұтынушының және бүтін қоғамның пайдасы үшін бақылайды;
- салық жеңілдіктері немесе көмекқаржы түріндегі стимулдар жеке фирмаларды ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізуге, жаңа технологияны енгізуге, өндіріс бағдарламаларын түрлендіруге ынталандыруға бағытталған, мұндағы мақсат – сыртқы әлеуметтік пайданы ұлғайту немесе сыртқы әлеуметтік шығындарды төмендету;
- мемлекет иелігі қоғамның барлық мүшелеріне үкімет тарапынан тауар мен қызметтерін өндірілуі қажет. Оған әуе және теңіз порттары, автожолдары, көпірлер, ұлттық ормандар мен парктер, қорықтар және т.б. жатады.
Аталған үкімет кірісуінің төрт факторы экономикаға қатысты болғанмен, қажетті заңнамалық актілер мен одан туатын реттеу әдістері, мүдделі тараптар лоббилендіруінен, жиі саяси сипатқа ие болады. Көптеген топтар бір бірімен бәсекеге түсіп, кейде қызмет істесіп, әрқайсысы өзінің нақты мәселелерін шешу үшін заң шығарушы немесе атқарушы биліктен қорғауды іздейді. Демек, заңдар мен орындау туралы нұсқаулар саяси келіссөздерінің нәтижесі, экономикалық тиімділік пен қалаулы нәтиже арасындағы ымыра болып келеді. Мысалы, егер заңнамалық саясатындағы нақты өзгеріс кедей адамдарға жеңілдік беруді қамтамасыз етсе, онда қоғам экономикалық тиімділігіне тиген ысырапты өзіне алады.
Мемлекеттің экономикаға кірісу мәселелері өте күрделіболып келеді. Бұл тарауда үкімет тарапынан тек бизнесті қолдау және реттеу әрекеттері қарастырылады. Бұл жерде негізінен америкалық тәжірибесімен танысамыз. Тарау тақырыбына қатысты көп мәселелердің ішінен келесі сұрақтарға тоқталамыз:
- сыртқы экономикалық жағдайлар;
- қоғамдық пайдалылықты реттеу;
- нарықтық күш-қуатты және жосықсыз бәсекені шектеу;
- трестке қарсы заңдарды орындауға мәжбүр ету;
- реттеуші органдардың қылытары;
- қайта реттеу және жекешелендіру тенденциялары.
Достарыңызбен бөлісу: |