Басқару экономикасы


Сыртқы экономикалық жағдайлар



бет101/112
Дата24.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#26296
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   112
Байланысты:
treatise75256

12.2. Сыртқы экономикалық жағдайлар

Сыртқы жағдайлар – ол нарықтың жетілмегендігі, экономикалық операцияға тікелей қатыспаған адамдар, әйткенмен, оның нәтижесінде пайда алады немесе шығынға үшырайды. Сыртқы жағдайлар нарықтағы тауар мен қызметтің бағасын белгілеуге қатыспайтын болғандықтан, нәтижесінде ресурстар тиімді орналаспайды. Нарыққа еш кіріспеген жағдайда пайдалы сыртқы жағдайы бар өнімдер тым аз және зиянды сыртқы жағдайы бар өнімдер тым көп өндіріледі.



Оң сыртқы жағдайлар – ол бағаға әсер етпеген пайда; ол басқа фирмаларға тура пайда әкелуді немесе басқа фирмалардың шығындарын жанама түрде төмендетуді білдіреді. Олар өндіріс үдерісі кезінде де, тұтыну кезінде де пайда болуы мүмкін. Мысалы, егер фирма шағын қалада жаңа кәсіпорнын ашып өндірісін ұлғайтса, онда қаланың сатушылары пайда көреді, өйткені жаңа кәсіпорынның жұмыскерлері өздерінің еңбекақыларын жарата бастайды.

Екінші мысал: Г.Форд жаңа автомобиль компаниясында құрастыру линиясын енгізгенде болатқа деген сұраныс елулі өскен. Бұл металлургия саласындағы өндіру ауқымын өсірді, нәтижесінде, болаттың құны төмендеді. Барлық болатты тұтынушылар Фордтың жаңартпасынан пайда көрді, ал Фордтың өзі ешқандай өтемақы алмады.

Үшінші мысал: апаттық күйдегі үйдің иесі күрделі жөндеу жасайтын мердігерге ақысын төлейді. Үйдің құны өседі, дәл сол үшін ақша төленген. Бір үйді жөндегеннен кейін бүкіл квартал жақсы көрінетін болды, осы кварталдағы барлық үйлердің құны өседі. Сөйтіп, көршілер оң сыртқы жағдайларды пайдаланды.

Теріс сыртқы жағдайларол өнімнің бағасына әсер бермей пайдаланған ресурстардың құны. Ол өндіріс немесе тұтыну кезінде ұлғаюы мүмкін. Өндірістің сыртқы тиімсіздігі фирманың өндірісі ұлғаю қолайсыз нәтижеге (әлеуметтік шығындарға) алып келгенде білінеді, фирма оларға ақша төлемейді, демек, бағаға ешқандай әсер етпейді. Тұтынудың сыртқы тиімсіздігі тауар немесе қызмет бұл операцияға қатыспаған адамдардың теріс пайдалылығына әкелгенінен білінеді. Өнеркәсіп орынның өндіріс көлемі өскен жағдайда жергілікті көлік жүйесіне қысым күшейеді, бұл тұтынушылардың шығынын көтереді.

Екінші мысал: егер фирма өзінің улы қалдықтарын өзенге құйса, төмендегі жергілікті билік органдары өзенді тазартуға көп қаражат жұмсайды, оның үстіне бұл өзенде шомылу немесе балық ұстауға болмайды.

Үшінші мысал: егер фирма атмосфераға залалды заттарды шығарса, жел бағытында орналасқан адамдардың денсаулығына зиян келтіреді.

Келесі мысал: Біреуінен басқасы, барлық үй иелері күрделі жөндеу жүргізеді. Нәтижесінде, айналысында жаңартылған үйлердің ортасында жөнделмеген үй бұрыннан жаман көрініп құны төмендейді.



Сыртқы жағдайлардың экономикаға тиетін әсерін менеджерлер шешім қабылдарда міндетті түрде ескеруі тиіс. Егер оң пайдасы анықталса, фирма онымен қала жұртшылығын таныстыру керек; ал теріс сыртқы жағдайлар анықталса, оны қолдан келгенше жоюға талпыну керек. Ал қолдан келмесе, мемлекет ұсынған шараларды пайдалануға әрекеттер жасау керек.

Ресурстарды ұтымсыз орналастыру оң немесе теріс сыртқы жағдайлардың ең маңызды салдары болып келеді. Оң сыртқы жағдайларда толық пайдаланбау орын тебуі мүмкін, яғни қоғам тауар немесе қызметті өндіргенде ресурстарды тиісті көлемде пайдаланбайды. Теріс сыртқы жағдайлары да ресурстарды ұтымсыз орналасуына алып келуі мүмкін. Ресурстардың ұтымсыз орналасуын төменгі суретпен (12.1 сурет) бейнелеуге болады.

Мысал. «Kun nury» фирмасы суды жылыту үшін күннің энергиясын пайдаланады. Күн жүйелері бәсеке жеткілікті дамымаған нарықта сатылады, сондықтан сұраныс қисық сызығы және онымен байланысты шекті табыстың қисық сызығы төмен бағытталған. Әдеттегі өндіру шеңберінде оның орташа айнымалы шығындары тұрақты болады, сөйтіп, оның шекті шығындарына тең болып келеді. Теңдік жағдайында , MR = MC тең болған кезде, фирма өз пайдасын бірлігін өндіргенде максимал жасайды.

Фирма шығаратые күн энергиясы жүйелері жанармайға, әсіресе, мұнайға бағаны төмендетеді. Бұл мұнай қолданып шығарылатын барлық өнімдерге шығынды қысқартады, әсіресе, көлік жүйелеріне ерекше тиімді. Сөйтіп, күн энергиясы жүйелерін шығару сыртқы әлеуметтік пайда береді. Егер өнім бағасына оң сыртқы жағдайлардың құнын қосса, өндірудің нәтижесінде қоғамға деген шекті пайданың қисық сызығын MSB аламыз. Сонымен, егер фирма қоғамға келтірген пайдасына ақы алатын болса, теңдік нүктесі болуы керек еді. Оптималды өндіру көлемі тең болуы керек, ол үшін күн энергия жүйесін осы деңгейде өндіру үшін ресурстарды көбірек көлемде талап етер еді. мен арасындағы айырма жеткіліксіз өндірісті, демек, ресурстардың жеткілікті пайдаланбағанын және ұтымсыз орналасқанын білдіреді.

Сыртқы жағдайға тәуелсіз мәселе – жеке фирма максимал пайда әкелетін өндіру көлемінен артық немесе төмен өндіріске ынтасы болмайды. Сондықтан, нарықта үкімет тарапынан өндіріс көлемін көтеруді ынталандыратын елеулі басқыншылық болуы мүмкін, егер сыртқы жағдай қолайлы болып келсе; өндіріс көлемін төмендетуге ынталандырады, егер сыртқы жағдай қолайсыз болып келсе.




Тенге



Пайда мен шығындар








MC








MSB




MR


0

Q











Мезгілдегі өндіріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет