Басқару экономикасы


сурет. Жалпы шығындар, жалпы тиянақталған шығындар, орташа жалпы шығындар және маржиналды шығындар



бет58/112
Дата24.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#26296
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   112
6.2 сурет. Жалпы шығындар, жалпы тиянақталған шығындар, орташа жалпы шығындар және маржиналды шығындар
Тиянақталған шығындардың өзгеріссіз қалуы Y осінің тиісті нүктесінен басталып көлденең сызықпен бейнеленген. Кестеде орташа тиянақталған шығындар (AFC) өндіріс барысында бірсарынмен төмендейді. Ол түсінікті де, тұрақты $100-ға тең сома өндірістің ұлғайған көлеміне бөлінеді. Орташа айнымалы шығындар (AVC) азаяды, өнім саны 4 данаға тең болғанда минимумға жетеді, ал одан кейін өсе бастайды.

Орташа жалпы шығындар (АТС немесе АС) ұқсас жолмен өзін ұстайды, алайда өз минимумдарына 6 дана өнім шығарғанда жетеді.

Маржиналды шығындар алдымен азаяды, одан кейін үшінші өнімді шығаруға кіріскенде өсе бастайды.

Маржиналды шығындар туралы мәліметтер график жүзінде шығару аралығында суреттеледі, мұны кестеден байқау аздап қиындау. Маржиналды шығындар орташа шғындарға тең болғанда, орташа шығындар өзінің ең төмен мағынасына ие болады (бұл 6 өнім данасын шығарғанда болады).

Сонымен, маржиналды шығындар орташа айнымалы шығындардан аз болып келеді, ал орташа айнымалы шығындар өнім көлемі өскен сайын азаяды. Алайда, маржиналды шығындар орташа айнымалы шығындардан асса, орташа айнымалы шығындар өсе бастайды. Осындай ара қатынас маржиналды шығындар мен орташа жалпы шығындар үшін де әділ болып келеді.

Енді қысқаша осы ара қатынастар туралы қорытынды жасайық:

- егер МС < AVC, AVC төмендейді;

- егер МС > AVC, AVC өседі;

- егер МС = A VC, AVC минимум нүктесінде болады.

Ал маржиналды шығындар мен орташа шығындар арасындағы ара қатынасына қорытынды жасасақ, жай ғана AVC-ны АС-ға ауыстырамыз.

Маңызды шығындар концепциясын қысқа мерзімді шығындармен біріктіру өте маңызды болып келеді. Мысалы, қазіргі сәтте фирма берілген мезгіл ішінде 6 дана өнім шығарып, енді оның санын 7 данаға жеткізбек. Жетінші өнімді шығару туралы шешім қабылдағанда маржиналды шығындар маңызды болып келеді, басқа сөзбен айтсақ, жалпы шығындардың өзін емес, жалпы шығындардың нақ өзгеруін ескеру қажет.

Мұны былай түсіндіруге болады: фирма берілген мезгілде 6 немесе 7 дана өнім өндіруіне тәуелсіз бірдей тиянақталған шығындарды көтереді. Жалпы шығындардың өзгеруін бағалау кезінде фирма тиянақталған шығындарды өзінен өзі қарастырмауы керек.



Қысқа мерзімді мезгілде экономикалық тиімділікті көтеру. Шығындардың қысқа мерзімді функциясы экономикалық талдауда және баға белгілеуде негізгі рөл атқарады. Енді фирма экономикалық тұрғыдан тиімді болуға әрекеттенудің қандай жолдарын іздестіретінін қарастырайық.

Ең алдымен фирма максимал тиімді жұмыс істейді деп жоғарыда ұйғарғанбыз. Ал фирма енгізген технологиямен ең жақсы жолмен жұмыс істесе, онда қысқа мерзімді мезгілде шығындарды төмендетудің тек бір жолы бар – ол өндіріс факторларына бағаны азайту. Егер осы орындалса, фирманың қысқа мерзімді шығындарының қисық сызығы төмен жылжиды.

Фирманың тиянақталған шығындарын азаю (мысалы, жалгерлік ақының азаю) орташа шығындардың қисық сызығын төмен жылжытады, ал фирманың айнымалының төмендеуі (мысалы, еңбекақы ставкасының немесе шикізат құнының азаю) барлық үш линияны - AC, AVC и МС – жылжытуға алып келеді. Шынында МС төмен және оңға жылжиды.

Бұл жерде күрделі жабдықты сатып алғанымызды ескермедік, біздің моделде ол тиянақталған шығын деп ұйғардыұ. Шынында күрделі жабдықты қосу қысқа мерзімді өзгеріс деп қарастыруға болады, егер еңбек тиянақталған шығын болса. Мысалы, жұмысшылардың белгілі тобына жұмыс істеу үшін қосымша жабдық берілуі мүмкін. Мұның мәні қысқа мерзімді шығындарды талдауда кем дегенде шығынның бір түрі тұрақты болып қалуы керек.







    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет