Өнімнің бірлігіне жұмсалған еңбекақы шығыны, $ мың
10 20 30 40 50 60 Q (кезі жеткенде жиналады)
6.6 сурет. Өнімділіктің 80-пайыздық қисық сызығы Өнімділік қисық сызығының өндірістің маржиналды шығындары арқылы көрінсе де, дағдылар жақсаруының ықпалын орташа шығындарының төмендеуінен байқауға болады. 6.5 кестеде еңбекақыны төлеуге кеткен жалпы шығындар және әр түрлі көлемді өндіруге жұмсалған жалпы орташа еңбекақысына кеткен шығындар көрсетілген. Байқасаңыз, еңбекақысына жұмсалған орташа шығындар да төмендейді, бірақ күрт төмен өзгермейді маржиналды шығындармен салыстырғанда. Қай жағдайда болмасын, өнімділік қисық сызығы қысқа мерзімді шығындарға сөзсіз әсер етеді,ол қысқа мерзімді орташа шығындарды төменге жылжытады.
Жапондықтар өнімділік қисық сызығын шығындарды төмендету үшін қолдана білген. Олар өндірісте дағдыларды ұдайы үдеттіріп бағаны төмендету көздеген. Баға төмендеуі сатуларды көбейтеді және өндіру тәжірибесін өсіреді. Ол өз жағынан өндіруге кететін шығындарды тездеу төмендетуге көмектеседі. Өнімділік қисық сызығына негізделген баға белгілеу тактикасы 6.7 суретінде көрсетілген.