LRMC
LRAC
10000 20000 30000 40000 50000 60000
6.3 сурет. Ұзақ мерзімді мезгілдегі орташа және маржиналды шығындар
Егер экономистер айтатындай, фирманың өндірістік функциясы ұзақ мерзімді мезгілде ауқымның алдымен өскелең, кейіннен тұрақты, ал соңында азаймалы эффектті көрсетуі рас болса, онда фирманың ұзақ мерзімді кері жолмен өзгереді.
Фирма ауқымның ұлғаймалы эффекті орын олғанда, оның шығындарының барлығы бірнеше есе өссе, фирма өнімінің көбірек өсуіне алып келеді. Кезі жеткенде ресурстар бағасы тұрақты болып қала берсе, ол мынаны білдіреді: фирмада өнім шығарылуы белгілі пайызға өссе, онда өндірістің жалпы шығындары одан аз пайызға өседі.
Шығындардың ұзақ мерзімді функциясы қысқа мерзімді функциясындай өзін көрсеткенмен, арасында айырмашылық бар. Қысқа мерзімді мезгілдегі шығындар функциясына ұлғаймалы және азаймалы қайтарым ықпал жасайды, бұл құбылыс кем дегенде шығынның бір түрі өзгеріссіз қалғанда әрекет жасай бастайды. Ұзақ мерзімді мезгілдегі шығындар функциясына ауқымның ұлғаймалы мен азаймалы эффекттері ықпал жасайды, бұл құбылыс фирманың барлық шығындары өзгерерде әрекет жасай бастайды.
Ауқым эффекті. Шығындардың критериінің бірі ұзақ мерзімді орташа шығындар болып келеді. Бұл айнымалы ауқымның оң эффекті деп аталатын құбылыстың шешуші белгісі болып келеді. Егер фирманың өндірілген өнім көлемі өскенде ұзақ мерзімді орташа шығындары көбейсе, онда бұл ауқымның теріс эффектінің белгісі.
Өндірілген өнім көлемі өскенде немесе азайғанда ұзақ мерзімді орташа шығындар тұрақты қалады, бұл жағдайды атауға арнайы термин табылмаған. Мұндай фирмада ауқымның оң немесе теріс эффекті орын алмаған деп жай ғана айтылады. 6.4 суретте U- формасын қабылдаған ұзақ мерзімді шығындардың типтік қисық сызығы көрсетілген.
Берілген суретте фирмада ұзақ мерзімді мезгілде орын алатын ауқым эффекттілерінің типтері көрнекі көрсетілген. Ауқым эффекті болудың негізгі себебі фирманың ұзақ мерзімді өндірістік функцияның ауқым эффектінің сипаты болып келеді.
6.3 кестесі келесіні көрсетеді: маржиналды шығындар азайған сайын олар ұзақ мерзімді орташа шығындарынан төмендей бастайды және орташа шығындарын төмендетеді, ал бұл ауқым эффектінің белгісі болып келеді.
Алайда, фирмада азаймалы қайтарым орын алғанда, оның ұзақ мерзімді маржиналды шығындары өсе бастайды. Кезі келгенде олар ұзақ мерзімді орташа шығындардан асады, ұзақ мерзімді мезгілде орташа шығындарын көбейтуге алып келеді, ал бұл ауқымның теріс эффектісінің белгісі болып келеді.
Теңге
Ауқымның Ауқымның Ауымның Q
оң эффекті тұрақты эффекті теріс эффекті
Достарыңызбен бөлісу: |