Басқару экономикасы


сурет. Ұзақ мерзімді орташа шығындар



бет61/112
Дата24.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#26296
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   112
6.4 сурет. Ұзақ мерзімді орташа шығындар
Ауқымның оң және тріс эффекті ауқым эффектіне қатысы жоқ факторлардың нәтижесі болуы да мүмкін. Бұл факторлар негізінен фирма ресурстарының құнымен байланысты. Мысалы, фирма өндіріс ауқымын өсірген кезде, ол нарықтағы өз жабдықтаушыларына ықпал жасауға мүмкіндік алады, сөйтіп шикізат пен толымдаушы бөлшектерді көтерме саудада сатып аларда олардың бағасын кемітуі мүмкін.

Тағы «баға – сапа» ара қатынасы ең жақсы күрделі жабдықтарды пайдалануға қатысты мысал келтіруге болады. Фирма өндіріс ауқымын өсіргенде, экономикалық тұрғыдан ұтымды жабдықты сатып алу болады, бұрынғы өндірістің аз көлемінде ол қолайлы емес еді. Бұл жерде мысал ретінде бұрынғы компьютерлерді келтіруге болады, ал қазір дербес компьютерлер фирма қай өлшемді болса да оларды пайдалану тиімді болып келеді.

Ауқым эффекті пайда болуына себеп болатын тағы екі факторды атайық. Біріншіден, ірі фирмалар шағын фирмалармен салыстырғанда қарыз беретін капитал нарығында қаражат алуы аз шығынға түседі. Мысалы, ірі компания вексель нарығында қысқа мерзімді қаражаттарды, ал корпоративтік облигациялар нарығында ұзақ мерзімді капитал алуына болады. Ал шағын компаниялар қарыз қаражатын тек банктен алуға сенеді. Әдеттегідей, ақша және құнды қағаздар нарықтарында фирма алған қаражатарына төлейтін пайыздық ставкалары банк қарыздарының пайыздық ставкасына қарағанда төмен болады.

Екіншіден, фирма өз өндірісінің ауқымын көтерсе, сол пропорцияда жарнамаға, ҒЗСКЖ кетеін шығындарды міндетті түрде үлкейтудің қажеті болмауы мүмкін.

Ал ауқымның теріс эффектіне келсек, егер өндіріс ауқымының өте көпке өссе, онда ол өндірістік факторларына деген нарықты сұранысқа едәуір ықпал жасай бастайды, бұл аталған факторлардың бағасының өсуіне алып келеді. Егер белгілі аймақта негізгі жұмыс беруші өз өндірісін өсіргенде қосымша жұмыскерлерді тартуы керек болса, ал ол жерде еңбек ұсынысы тұрақты деңгейде болса, бұл аймақтағы еңбекақыны көтеруге алып келеді.

Ауқымның теріс эффектіне алып келетін фактордың тағы бірі фирманың көлік шығысы болып келеді; ол ұзақ мерзімді өндірістік функциясымен байланысы жоқ. Фирма өз өндірістік қуатын кеңейткенде, көлік шығысы өнімнің бір данасына шаққанда азаймайды, өседі. Өйткені көлік шығысына тауарды бір жерден екінші жерге жеткізуден басқа тиеу-түсіруге, сақтандыруға, күзетуге, сақтауға кетеін шығындар кіреді. Бұл шығындардың өсуі көлік шығысын көбейтеді, оның үстіне оның өсу қарқыны басқа шығындармен салыстырғанда жоғары болуы мүмкін, егер қосымша шығарылған тауарлар алыс жерге жеткізуін талап етсе.

Экономистердің ойы бойынша, ақыр аяғында, өнімнің бір данасына шаққан тасымалдау шығындарының құны өссе, ол ауқым эффектісінен туған шығындар үнемінің орнын аса толтыруы мүмкін. Егер мұндай жағдай болса, ол ауқымның теріс эффектіне (яғни орташа жалпы шығындардың өсуіне) алып келгені.

Ауқымның оң және теріс эффектілеріне ықпал жасайтын факторлары төменде атап өтілген.

6.4 кесте. Ауқымның эффектілеріне ықпал жасайтын факторлар

Ауқымның оң эффектісінің пайда болуының мүмкін себептері:

Еңбек пен капиталды пайдаланғанда мамандану

Күрделі жабдықтың көп түрінің бөлінбейтің тегі

Күрделі жабдықтың өндіру қуаты оның сатып алу бағасынан тезірек өседі

Техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша запас бөлшектері мен мамандарды үнемдеу

Көтерме саудада сатып алу бағасын кеміту

Қарызға алу шығындарының төмендеу болуы

Тауардың нарыққа жылжытуына және ҒЗСКЖ шығындарды кең шығындар жасау

Басқару тиімділігі

Ауқымның теріс эффектісінің пайда болуының мүмкін себептері:

Көлік шығысы пропорциал емеес өсуі

Өндіріс факторлары нарығындағы кемшіліктер (мысалы, еңбекақы ставкасының өсуі)

Басқарушылық үйлестіру мен бақылау мәселелрі

Қызметшілер мен көмекші жұмыскерлердің пропорционал емес өсуі

Ұзақ мерзімді орташа шығындарды шешім қабылдаудың құралы ретінде қолданудың маңызы зор, бұл жерде өндіру жоспарын нарық болжауларымен үйлестіре білу керек. Фирма ұзақ мерзімді мезгілге өз қуатын жоспарлағанда, кәсіпорынның өлшемін таңдауы қажет.

6.3 кестедегі сандарды пайдалансақ, егер фирма А кәсіпорнын құрамын деп шешім қабылдаса, онда өндіріс өнімінің бір данасына келетін ең төмен шығын $5 тең болатынын көреміз.

Егер фирма қуаты үлкен кәсіпорын, мысалы С, құратын болса, онда ауқым эффектінің арқасында өнім бір данасына шаққан шығынның төмендеу әулеті едәуір болады (S4 төмендейді). Шынында, осы жерде өнімге сұранысты дәл болжау керек, мысалы, бір айға сұраныс $20 мыңға тең болса, С кәсіпорнына инвестиция жасаудың мәні кетеді. Бұл жағдайда одан кіші В кәсіорны қолайлы болып келеді. Ақиқатында, 6.3 кестесіне көз жүгіртсек, фирмаға сұраныстың дәл мағынасын табудың аса қажеттілігі жоқ, сұраныс диапазонын тапса жеткілікті.

6.5 кестесінде сұраныс пен өндірістің әр түрлі диапазонына ең қолайлы кәсіпорын өлшемдері көрсетілген.

6.5 кесте. Күтілген сұранысқа сәйкес кәсіпорынның оптималды өлшемдері





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет