Басқару экономикасы


Баға саясаты және өндіру көлемі туралы шешімдер: жетілген бәсеке мен монополия



бет71/112
Дата24.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#26296
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   112
Байланысты:
treatise75256

7. Баға саясаты және өндіру көлемі туралы шешімдер: жетілген бәсеке мен монополия
7.1. Бәсеке және экономикалық талдауда нарық типтері.

Пайданы максималдау үшін фирмалар қай жолмен баға мен өндіру көлемін орнатады –басқару экономикасында шешуші мәселе болып келеді.

Баға саясаты мен өндіру көлемі туралы шешімдер қабылдау нарықтың төрт типінің бірінде өтеді:

- жетілген бәсеке;

- монополия;

- монополистік бәсеке;

- олигополия.

Нарықтық күш – фирманың өз тауарына баға орнату мүмкіндігі. Жетілген бәсеке жағдайында:



- бір тауарды ұсынатын көптеген сатушылар болады, сондықтан жеке фирма өз тауарына бағаны ешбір ықпал жасап өзгерте алмайды. Оның үстіне, бір де фирма өз тауарына, бәсекелестер сатып отырған стандартталған тауарларға орнатқан бағадан, жоғары етіп қоя алмайды. Бұл типті нарықтық құрылымда барлық қатысушылар баға сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасымен анықталады. Мұндай нарықта фирма нарық күшіне ие емес, ол тек баға алушы болушы болып келеді (фирма зорлап міндеттеген бағамен келісуге мәжбүр болады). Фирманың қолынан келетіні – ол осындай нарыққа шығу және қанша өнім өндіру туралы шешім қабылдау.

Жетілген бәсекеге тура қарсы едәуір нарықтық күшке ие фирма-монополист болып келеді. Ол нарықта жалғыз-ақ сатушы болғандықтан өз қалауынша қай бағаны болсын орната алады, тек үкімет қаулысымен берілген шектеулермен санасады. Бұл фирма бағаны нағыз орнатушы болып келеді.

Нарықтық күш терминімен сөйлесек, монополистік бәсеке мен олигополия осы екі шектің ішінде орналасқан.
7.1 кесте. Нарық типтерінің сипаттамалары

Жетілген бәсеке (нарық билігі жоқ)

1. Шағын сатушы мен сатып алушылардың көп саны.

2. Стандартталған тауарлар.

3. Нарыққа оңай кіріп және одан оңай шығу.

4. Баға емес бәсеке болмау.



Монополия (абсолюттік нарық билігі, мемлекеттік реттеуге жатады)

1. Бір фирма бүкіл сала болып табылады.

2. Ауыстырғышы жоқ бірегей тауар.

3. Нарыққа ену және одан кету өте қиын немесе заңмен рұқсат берілмейді.

4. Баға емес бәсекенің болуы міндетті емес.



Монополистік бәсеке (нарықтық билік тауарлардың мамандандыруына негізделген)

1. Бір біріне тәуелсіз көптеген шағын фирмалар.

2. Мамандырылған тауар.

3. Нарыққа ену және одан шығу біркелкі оңай.

4. Баға емес бәсекенің болуы өте маңызды.



Олигополия (нарықтық билік тауарлардың мамандандыруына және/немесе нарықта фирманың басым болуына негізделген)

1. Бір бірінен тәуелді біркелкі ірі фирмалардың көп болуы.

2. Мамандырылған немесе стандартталған тауар.

3. Нарыққа кіру және одан шығу қиын.

4. Мамандырылған тауарлады сататын фирмалар үшін баға емес бәсеке өте маңызды.



Экономикалық талдауда бәсеке дәрежесінің индикаторы фирманың бағаға ықпал жасау және оны бәсекелестік күресте қару ретінде пайдалану қабілеті болып келеді. Бәсекенің шекті түрі жетілген бәсеке болып келеді. Мұндай нарықта бәсеке сондай жіті, ал фирмалар сондай әркелкі таралған, бағаларға әсер ететін бір де саташы немесе сатушы тобы табылмайды. Сөйтіп, фирмалар бағаны алушылар болып келеді.

Экономикалық талдауда бәсеке дәрежесінің екінші параматрі фирманың қалыпты пайдадан жоғары немесе экономикалық пайданы ұзақ уақыт бойы алу болып келеді.

Нарыққа ену және одан шығу фираманың ұзақмерзімді экономикалық пайда алу қабілетін тура анықтайды. Жәтілген бәсеке жағдайында нарыққа кіру оңай. Демек, егер фирмалардың экономикалық пайданы тауып жатқанын көрсе, өз пайдасын алуға аңсаған фирмалар нарыққа кіріп, бұрынғы және жаңа келгендердің экономикалық пайда көру қабілетін тез азайтады.

Жетілген бәсеке мысалдары: ауыл шаруашылық өнімдер нарығы (бидай, ет, шәй, көкөністер), қаржы құралдары нарығы (акциялар, облигациялар, шетелдік валюта), асыл метал нарығы (алтын, күміс, платина), және жаөанды мұнай өнеркәсібі. Әр нарықта кең пайдаланатын стандартталған тауарлар таралған, олардың бағасын анықтайтын негізгі факторлары сұраныс пен ұсыныс болып келеді. Сондықтан кейде сатушылар бағаны жоғарылатуға немесе бағаның төмендетуін тойтаруға картель құрайды, OPEC-ті мысал ретінде келтіруге болады.

Осы заңдылықтарды монополистік бәсекеге де жатқызуға болады. Монополистік нарықта тауарды мамандандыру фирмаға белгілі нарықтық күшке ие (яғни баға орнатушы ретінде) болуға көмектеседі.

Және осы нарық бәсекелесті де болып келеді, өйткені кезі келгенде жаңа фирмалардың келуі қайсы бір экономикалық пайданы алу мүмкіндігін алдымен азайтады, соңында жояды.

Монополистік бәсеке мысалдары: бөлшек сауда немесе әр түрлі қызметте мамандырылған үсақ кәсіпорындар, мысалы, бутиктер, жол жүрерде қажет тауарлар, аяқ киім дүкендері, кеңсе тауарлар дүкендері, мейрамханалар, жөндеу шеберханалары және т.б. Мұндай көптеген кәсіпорындарды әр қалада немесе әр аймақта бар. Бастапқы капиталы көп болмайды, сондықтан мұндай бизнеспен айналасу оңай. Бұл кәсіпорынның әр қайсысы өзінің тауарын максимал мамандырып, толып жатқан бәсекелешілерге қарсы тұруға тырысады.

Олигополия жағдайында мамандырылған тауардың өндіру өлшемі және/немесе өндіру қабілеті фирманы елеулі нарықтық күшпен қамтамасыз ете алады. Одан басқа мұндай нарыққа кіру біркелкі қиын болғандықтан, ұзақ мезгіл бойы экономикалық пайда алып тұруүа көбірек мүмкіндіктер туады.

Олигополистік нарық ірі бизнес ойнайтын алаң. Дамыған кейбір елдерде өндірістік сектордың үлкен сегменті олигополия жағдайында бәсекеге түседі. Нарықтың бұл типі мұнай өңдеу саласында, химия және пластмасса өндіру саласында, тамақ өнеркәсібі, автомобиль, мыс өнеркәсіп салаларында кездеседі. Олигополиялық компаниялардың аттарын «Fortune 500», «Business Week Global 100» тізімдерінен көруге болады.

Экономикалық талдау тұрғысынан монополия бәсекелесті болмайды. Фирма жалғыз-ақ болғандықтан, ол бағаны орнатуға күші бар, ал экономикалық пайданы алу қабілеті тек үкіметтік реттеуімен кейде принципиалды жаңа технологиямен немесе мүлде басқа салада туған ауыстырғыш-тауармен шектеледі.

Монополия мысалдарын келтіру оңай емес: бұрында үкімет тарапынан реттелетін телекоммуникация, газ және электр саласында байқауға болатын. Бірақ соңғы жылдары бұл нарықтар реттеуден шығарылуда, көбі әлемдік бәсекеге ашық болуда.

Патент туралы заңдар кейде компанияларға уақытша монополист болуына мүмкіндік береді. Ал кейбір жағдайда монополия мәртебесін фирма сыртқы мән-жайға байланысты алуы мүмкін. Мысалы, Мойынқұм шетінде орналасқан бензин құйып алатын станция, онда адамға өзінің бензин запасын толықтыруға соңғы мүмкіндік беріледі.

Экономикалық талдауда баға емес бәсеке бәсекенің дәрежесін анықтауда екінші дәрежедегі рөлді атқарады. Баға емес бәсекеге жарнама, промоушен, жаңа тауарларды әзірлеу, клиенттерді қызмет көрсету арқылы өз тауарларын саралап, бақталастардан аса артықшыларды іздестірген фирмалар қатысады.Жарқын мысал ретінде Coke мен Pepsi компанияларын келтіруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет