Басқару экономикасы


Бақылау сұрақтары мен есептер



бет25/112
Дата24.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#26296
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   112
Байланысты:
treatise75256

Бақылау сұрақтары мен есептер

1. Сұраныс, ұсыныс түсініктеріне анықтама беріңіз. Сұраныс пен сұраныс көлемі, ұсыныс пен ұсыныс көлемі арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз.

2. Сұраныс пен ұсынысқа ықпел жасайтын негізгі баға емес факторларын атаңыз.

3. Неге экономистер сұраныс пен ұсынысты анықтағанда бағаға шоғырланып, басқа факторларды тұрақты деп қарайды?

4. Салыстырмалы статикалық талдауға анықтама беріңіз. Оны қаржы, есеп, статистикада қолданатын әсерленгіштікті талдаумен және мүмкіншіліктерді талдаумен салыстырыңыз.

5. Бағаның мөлшерлейтін функциясына анықтама беріңіз. Неге бағаның осы функциясы нарықты экономикада маңызды болып келеді?

6. Бағаның бағдарлайтын немесе бөлетін функциясына анықтама беріңіз.

7. Өндірушілер және тұтынушылар тұрғысынан қысқа мерзімді мен ұзақ мерзімді мезгіл арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз.

8. Жуырда бірнеше жыл ішінде мұнай ұсынысына қандай факторлар ықпал жасайды? Бұл факторлар ұсыныстытөмендетеді ме немесе ұлғайтады ма?
9. Келесі функция әр түрлі спорт түріне арнап командалардың атын атап кепке тігетін фирманың сұраныс қисық сызығының шарттарын көрсетеді:

Q = 2000000 - 1000Р,

где Q – кепкенің сатылуы, ал Р – баға.

а) Кепкенің бағасы $12 болса, қаншасын сата аламыз?

б) 1 мың кепкені сату үшін кепкенің бағасы қандай болу керек?

в) Кепкенің қай бағасында сату көлемі нөлге тең болады?

10. Белгілі тауарларға келесі сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарын қарастырайық:

Qs = 25 000Р;



= 50 000 - 10 000Р.

а) Сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарын график түрінде көрсетіңіз.

б) Саладағы тепе-тең баға мен тепе-тең көлемін табыңыз.
11. Компьютерлік қызмет көрсету орнының бір айдағы қызметіне сұраныс пен ұсынысын келесі тәуелдікпен суреттеуге болады:

= 3000 - 10Р;

= 1000 + 10Р,

бұл жерде Q – осы қызмет қажетті фирмалар саны, ал Р – ай сайынғы төлемі, $.

а) Қай ай сайынғы төлемде сұраныс нөлге тең болады?

б) Сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарын график түрінде көрсетіңіз.

в) Тепе-тең баға/өндіріс деңгейі қандай?

г) Сұраныс өсіп, нәтижесінде келесі жаңа сұраныс қисық сызығы пайда болсын:



= 3500 - 10Р.

Ұсынысқа бұл қандай әсер жасайды? Жаңа тепе-тең баға Р мен Q қандай болады?






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет