Басқару экономикасы


Икемділікті анықтайтын факторлар



бет27/112
Дата24.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#26296
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   112
Байланысты:
treatise75256

3.2. Икемділікті анықтайтын факторлар

Икемділік мәнін ашқаннан кейін, неліктен кейбір тауарлар мен қызметке сұраныс икемді, сол кезде басқа тауарлар мен қызметке сұраныс икемді болмау себептерін қарастырайық. Басқа сөзбен, икемділікке не себепші болады? Осы сұраққа жауап іздерде, белгілі тауарға сұраныс икемділігі әр түрлі баға жағдайында әр түрлі болатынын естен шығармау керек.

Тұзға деген сұраныс икемділігі өте төмен (мүмкін нөлге тең болуы) болғанымен, оған баға едәуір өссе икемділігі жоғарылайды.

Әдетте, тауар қажетті болса, оған сұраныс икемді емес, ал «люкс» тауарларына сұраныс икемді болады деп есептелінеді. Мысалы, сүт, киім, электр қуатына қарағанда құнды аң терісіне, зергерлік әшекейлеріне, қымбат автомобильдерге сұраныс икемділігі жоғары болады. Қажетті тауар мен «люкс» тауары деп бөлу екі ұшты болып келеді. Қымбат автомобильдерге сұраныс икемді болуы мүмкін, бірақ өмірде «Mercedes» автомобилін ұнататын сатып алушылар бағасы қымбаттаса да, оған қарамай сатып алатынын байқауға болады. Осындай қайшылықтың себебі оңай табылады: бір адамға ол сән-салтанат болса, екінші адамға ол қажеттілік болады.

Сұраныс икемділігіне ықпал жасайтын факторлар:

- орнын басу оңайлығы;

- жалпы шығындағы үлесғ;

- тауардың пайдалану мерзімі;

- бөліп-бөліп төлеу мүмкіншілігі;

- жөндету мүмкіндіктері;

- ұсталған тауарлар нарығы;

- уақыт мезгілінің ұзақтығы.

Икемділіктің ең маңызды фактор орнын басу оңайлығы болып келеді. Бұл фактор келесі екі жағдайда дұрыс:

- егер қарастырып отырған тауардың көп ауыстырушылары болса, онда сұраныс икемділігі жоғары болады;

- және керісінше, біз қарастырып отырған тауар басқа тауарлардың жақсы ауыстырушысы болса, оған сұраныс икемділігі де жоғары болады.

Неғұрлым тұтыну затына кең анықтама берсек, соғұрлым оны ауыстыру мүмкіндігі шамалы болғандықтан бағалық икемділігі аз болады.

Мысалы, нақты сыра брендіне немесе ақ нанға қарағанда нан мен сыраға сұраныс икемділігі аз болады. Ақ нан немесе ерекше пісірілген ақ нанның ауыстырушыларына қарағанда әдеттегі нанның ауыстырушылары аз болады. Егер нан бағасы басқа тауарларға қарағанда өссе, адамдар нанды азырақ сатып алуы мүмкін. Алайда, А брендті ақ нанға баға өссе, ал бүкіл басқа ақ нанға баға өзгермесе, онда А брендіне сұраныс көлемі едәуір азаяды, тұтынушылар басқа брендті ақ нанды сатып алуға көшеді.

Икемділіктің баға мен көлемге ықпалы. Ұсыныс өзгеруіне жауап беруі елеулі дәрежеде сұраныстың бағалық икемділігімен анықталады. Бұл бизнесмендер үшін өте маңызды, өйткені өзінің өндірісі мен бағаларын экономиканың жағдайы өзгеруіне бейімдеу керек. Жетілген икемділік және жетілген емес икемділік жағдайын қарамасақ, баға мен өндірілетін көлем өзгеріске тап болуы мүмкін. Өзгеру дәрежесі сұраныстың бағалық икемділігімен анықталады.

3.1 суретте сұраныс қисық сызығы бейнеленген, оның теңдігі: Q = 27 - 3Р. Ұсыныс қисық сызығының теңдігі : Q = -5 + 5Р.

Нәтижесінде тепе-теңдік бағасы 600 теңге тең болады, ал көлем - 15 данаға (1 нүктесі).

Егер басқа, икемділігі едәуір жоғары сұраныс қисық сызығын суретке түсірсек, оның теңдігі бұрынғы усыныс қисық сызығын сақтаған жағдайда Q = 55 - 10Р , тепе-теңдік нүктесі бұрынғыдай болып қалады, Q = 15, а Р = 600 теңге.



Енді ұсыныс өсті деп ұйғарсақ, жаңа усыныс қисық сызығы S = 0 + 5Р түрінде көрінеді. Ұсыныстың жаңа қисық сызығының жағдайында сұраныстың екі қисықтар сызықтары үшін тепе-теңдік нүктелері бірдей болмайды.

үшін баға 506,25 теңгеге, ал көлемі 16,875 данаға тең болады (2 нүкте).

үшін баға 550,05 теңгеге, ал көлемі 18,333 данаға тең болады (3 нүкте).

тән аз икемді қисық сызығымен салыстырғанда сұраныс қисық сызығының икемділігі жоғары болғандықтан, ол бағаны азырақ төмендетуге және көлемді көбірек өсіруге алып келді. Сөйтіп, бағаның өзгеруіне сұраныстың икемділігін түсіну менеджер үшін зор маңызы бар. Жаңылыс шешім қабылдау және ұсыныс жағдайының өзгеруіне жауап ретінде бағаны қате көтеру немесе төмендету менеджер компаниясы үшін жаман әсер етуі мүмкін.

P(Т)




1350

1200


1050

900


750

600


450

300


150












D








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет