1.
Демократиялық басқару үлгісі әрдайым әмірлі басқару үлісіне қарағанда тиімді бола
бермейді. К. Левинның өзі екі үлгінің де өнімділік көрсеткіші бір деңгейде деп пайымдаған.
2.
Кейбір жағдайда авторитарлық үлгі демократиялыққа қарағанда тиімді. Ол мынадай
жағдайда болады:
А) тез арада шешім қабылдауда;
Б) жұмысшылардың кәсіптік дәрежесі мен мәдениет деңгейі төмен болғанда;
В) тұлғаның ерекшеліктері осыны талап еткен жағдайда.
3.
Екі үлгінің де шын мәнінде басқару үрдісінде қолданылмайтыны бекітілген. Әрбір басшы
өзінің жеке қасиеттеріне байланысты демократта, әміршіде болады. Кейде басшының қандай
бағытта басқаратынын түсіну қиын.
Басқару үлгісі формасы мен мазмұны сәйкес келмейтін жағдайлар болады: әмірлі жүйеде
басшы өзін демократша ұстайды, немесе керісінше. Көп жағдайда көп нәрсе жағдайға тәуелді: бір
жағдайда басшы әмірші болса, бір жағдайда демократ болуға тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: