«басқару психологиясы»


Басқару тиімділігінің мүмкін үлгісі



Pdf көрінісі
бет13/56
Дата27.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#110548
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   56
Байланысты:
Басқару психологиясы лекция

Басқару тиімділігінің мүмкін үлгісі 
Бұл теория келесі болжамдардан тұрады: 
1.
Басқару үлгісі бақарылып отырған коллектив тиімділігімен анықталады. 
2.
Басқару үлгісі мен тиімділігі арасында оған мүмкіндік сипатын беретін көрсеткіштер 
қатарымен өлшенеді. 
Америкалық психолог Ф. Филлердің ойынша басқару тиімділігінің мүмкін үлгісі келесіде: 
1)
басшының өзі әрекет еткен жағдайдағы бақылау деңгейімен басқарудың тиімділігі 
анықталады. 
2)
кез келген жағдай үш фактордың жиынтығы болуы мүмкін. Олар: 
басшы мен бағынушы арасындағы жақсы қатынас; 
топтағы басшының басқару мөлшері; 
топтық тапсырмалар құрылымы. 
3)
Осы параметрлардың жиынтығының сандық бағасы басшының жағдайды бақылаудағы 
деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. 
Жағдайдағы көсемдік теориясы 
Бұл теория америкалық психологтардың зерттеуі кезінде таңғаларлық нәтижеге ие болды: 
басқарудың көсемдік үлгісі ең тиімді жол екенін көрсетті. Америкалық психологтар П. Херси мен 
К. Бландедтің көзқарастары бойынша бұл теория ең қарапайым классикалық үлгідегі теория: 
1.
көсемдік коллектив пен басшының арақатынасы. 
2.
топтың дамуының 4 деңгейі бар: 
А тобы – жұмыс істеуге ниетсіз топ; 
Б тобы – жұмыс істегісі келетін, бірақ қабілетсіз топ; 
В тобы - жұмыс істегісі келетін және ақырын істейтін топ; Г тобы – жұмысқа қабілетті әрі 
жұмыс істеуші топ. 
3.
Әр топтың дамуына байланысты басқару үлгілері бекітіледі: 
А тобына – «Нұсқау»; Б тобына – «Бөлу»; 
В тобына – « Басқаруға ерік беру»; Г тобына – «Өкілеттілік беру» 
 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1.
Р. Блейко мен Д. Мутонның басқару теориясына сипаттама ? 
2.
Басқарудың теориясы мен практикасының тиімді жақтары қандай? 
3.
Басқару психологиясындағы психоанализдің ролі мен оның өкілдерінің негізгі идеялары? 
4.
Басшылардың негізгі ұстанымдары қандай? 
5.
Ресей, АҚШ, Жапония, Еуропада менеджменттің тарихы? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет