«басқару психологиясы»


Р. Блейко мен Д. Мутонның басқару теориясы



Pdf көрінісі
бет12/56
Дата27.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#110548
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   56
Байланысты:
Басқару психологиясы лекция

Р. Блейко мен Д. Мутонның басқару теориясы. 
Америкалық зерттеушілер Р. Блейк пен Д. 
Мутон кез-келген басқарушы әрекетті екі өлшеммен өлшеуді ұсынды – өндіріске көңіл бөлу мен 
адамдарға қамқор болу. 
Өндіріске көңіл бөлу - ол басшының көптеген сұрақтар жүйесіне қатынасы, яғни кадрлар 
таңдауда, адамдарды ұйымдастыруда, өндірістік үрдістерде және шығаратын өнімнің көлемі мен 
сапасына қатысты шешім қабылдауда тиімдісін таңдау болып саналады. 
Адамдарға қамқор болу жұмысшылардың мақсаттарына жетуіне, өзіне құрметпен қарауда, 
жауаптылықты дамытуда, жақсы еңбек жағдайын туғызуда, тұлға аралық жақсы қатынастарда 
болуды меңзейді. 
Екі параметр бойынша да жоғары көрсеткіштер тиімді басқару белгісі болып табылады. 
Соңғы жылдардағы басқару критерилерінің тиімділігін толықтыру ғылыми өңдеулерді 
көрсетеді. Оларды толық қарастырайық. 
Тиімді басқару теориясы. 
Америкалық ғалымдардың эксперименталды зерттеулеріне 
сүйене отырып жапондық зерттеуші Т. Коно тиімді бақару концепцияын ұсынды. Өзінің 
«Жапон өндірісіндегі құрылым мен стратегия» атты кітабында басқарудың типін сипаттайды: 
Жаңашыл – талдаушы; 
Жаңашыл – интуициялы; 
Консервативті – талдаушы; 
Консервативті – интуициялы 
Т. Кононың ойынша басқарудың жаңашыл – талдаушы типі ұйымға нарықтық 
бәсекелестіктің ең қатты кезінде де дамуына үлес қосатын тиімді үлгісі болып саналады. Ол өзіне 
келесі менеджерлік тәртіп элементтерін қамтиды: 
ұйымға берілгендік; 
қуаттылық және жаңашылдық; 
жаңа ақпарлар мен идеяларға шапшаңдық: 
көптеген идеялар мен жаңалықтарды жалпыландыру; 
шешімді тез қабылдау; 
топтық әрекеттерді сәйкестендір; 
мақсаттарды таңдаудағы нақтылық; 
басқалардың пікірімен санасушылық: 
сәтсіздіктерге шыдамдылық. 
Қосымша басшылық теориясы 
Жалпы айтқанда бұл теория қолданылмайды. Тек мысал жүзінде белгіленген қасиеттері 
көрсетіліп, қызметкерлерді басқару жүйесіне араласуға мүмкіндік беру керек деген тұжырымды 
көрсетеді. Негізгі белгілері: 
А) басшының бағынушылармен әрдайым кеңесуі; Б) басшы мен бағынушы арасындағы 
ашықтық; 
В) бағынушыларды ұйымның қабылданатын шешімін зерттеуге және талқылауға қатыстыру; 
Г) басшының бағынушылармен кей өкілеттілікті бөлісуі; 
Д) қатардағы жұмысшлардың ұйым жиналыстарын ұйымдастыруы мен жүзеге асыруына 
қатысуы; 
Е) мәселені шешуді өз еріктерімен зерттеп, шешімдер нұсқасын ұсына алатын торптар құру. 
Берілген концепция жақтастарының 
ойынша концепцияны жүзеге асырудың 3 факторлы 


ұстанымы бар: 
басшылық белгілері; 
бағынушылар белгілері; 
топтың алдындағы шешілуге тиіс мәселелер белгілері. Басқару теориясын жүзеге асыра 
алатын басшы келесі қырларымен көрінуі тиіс: 
А) өзіне сенімділігі; 
Б) жоғары білімді; 
В) бағынушылар ұсыныстарын бағалай алуы; 
Г) қызметкерлердің шығармашылық қасиеттеріне бағыт бере алуы. 
Қосымша басшылық бағынушылардың белгілі бір типіне тиімді болып келеді. Бұл үлгі 
келесі адамдарға тиесілі: 
А) білімі, біліктілігі, тәдірибесі жоғары орындағы; Б) тәуелсіздікке қажеттілік; 
В) шығармашылыққа, жеке көтерілуге қатты құмарту; Г) стратегиялық мақсаттарға жөн 
сілтей алуы; 
Д) қатынастағы тепе – теңдікке талпыну 
Қосымша басқару үлгісі белгілі бір тапсырмалар типіне сәйкес келеді: А) шешімнің көптігі; 
Б) жоғары мамандандырылған орындау мен теориялық талдау; В)орташа күш жұмсалатын 
жұмыстар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет