«басқару психологиясы»



Pdf көрінісі
бет23/56
Дата27.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#110548
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   56
Флегматик
. Мұндай адамдарға көбінесе жылдам,көп қозғалысты қажет етпейтін жұмыстар 
келеді, жұмыс темпі орташа. Күшті жақтары- шыдамдылық, төзімділік, жұмысқа дайындығы 
толығымен мұқият болғанымен, салыстырмалы ұзақ. Көбіне бірқалыпты, біртүрлі жұмыстарды 
жақсы атқарады. Қарапайым жағдайда флегматикті үнемі асықтырып отыруы керек,алайда 
тездеткеннің өзінде баяулығын бетіне баспай қажет, керісінше көмектесе отырып, көтермелеу 
қажет. 
Флегматик темпераментті адам психикалық белсенділігі төмен, баяу, мимка мәнерсіз, бір 


әрекет түрінен екіншісіне қиын ауысады, жаңа орынға қиыншылықпен ауысады, үйреніп, 
бейімделуі де қиынырақ. Флегматикдің көңіл-күйлері бірқалыпты ,тыныш.Оны күлдіру, 
ашуландыру,көңілін түсіру қиын. Барлығы күліп жатқанда ол үнсіз қалады. Үлкен жамандықтарда 
өзін ұстай біледі. Шыдамдылығымен , табандылығымен,өзін-өзі ұстай білуімен, қозғалыс темпінің 
баяулығымен, сөзінің баяулығымен ерекшеленеді. Тапқыр емес. Жинақталуы баяу, жаңа орынға 
үйреніп кетуі қиын. Әрекет етуде ойланып барып істейді, тиянықтылыққа бейім,бастаған ісін 
соңына дейін аяқтайды.Шарттардың өзгеруіне байланысты флегматиктердің еңбегі жаңа әдістер 
мен әрекет шешімдері жақсы тексерілген,таныс, өзі зерттеп, шешілген болса сапалы әрекет 
жасайды. 
Флегматик темпераментіндегі адамдардың өзін-өзі бағалауы адекватты, анық. Ол өзінің 
мүмкіншіліктерін, икемділігін анық бағалайды. Өзі істей алатын жұмысты жақсы біледі. Өзіне- өзі 
сенімді, орнықты.Басқа адамдарға деген қарым-қатынасы бірдей тең, тыныш, сөйлесу жағынан 
шамадан тыс шықпайды,міндетті. 
Флегматикке оқшау мінезді, қозғалыс баяулығы тән. Бір әрекеттен екіншісіне ауысу үшін ол 
адамға уақыт қажет. Жағымсыз жағдайларда флегматиктерде бейжайлық туындауы мүмкін, 
қоршаған ортаға, жанындағы адамдарға еңбекке немқұрайлық көрсетуі мүмкін. Флегматик 
темпераментіндегі адамға еңбекте немес қызметте тиянақтылық, ширақтық , табандылық
батылдық, шыдамдылық ,даусыз қиыншылықтарға шыдау, жанындағылар арасында 
авторитеттік,қол астындағыларға көмек көрсетуге деген ықыласы, жолдастары арасында 
тұрақтылық тән. Қиын жағдайларда қорқынышсыз жұмыс атқарады. Конфликтілерге қатыспайды, 
бастағанын соңына дейін жасауға тырысады. 
Флегматик-менеджердің кемшіліктері: жаңа білімдер мен дағдыны қиыншылықпен 
атқарады,тапсырмаларды жылдам орындай алмайды.Жаман қылықтардан бас тарта алмайды, 
түзетулерге қабылдауы орташа, қоғамдық жұмыстарды пассивті, еріншек болуы мүмкін, 
біруақытта бірнеше мәселені шешу қабілеттілігі жоқ, бір тапсырмадан екіншісіне жылдам ауыса 
білледі. 
Қарастырылған мінездемелер бойынша бір тип (мысалы,флегматик)құндылығы екінші 
типтің(мысалы,меланхолик) кемшілігі болатыны дәлелденген. 
Бір типті темпераментті адамдардың психологиялық сапаларының көріну дәрежесі түрліше 
болып келеді. Сонда да әр адамды белгілі бір темперамент типіне жатқызуға болады. Олардың 
арасындағы индивидуалды ерекшеліктері түрліше көрінеді. Темперамент қасиеті туа пайда болған 
анатомо-физиологиялық ерекшеліктерге байланысты. И.П.Павлов және оның жақтаушылары 
ғылыми дәрежеде темперамент типі жүйке жүйесісіне байланысты деген. 
Темперамент сонымен қосв мінез ерекшеліктерін анықтамайды.Темпераменттің кейбір 
қасиеттері белгілі бір мінез ерекшеліктерін қалыптастыруға жағдай жасайды,ал кейбіреулері 
керісінше. Сондықтан да, адамның қажет мінез қасиеттерін тәрбиелеуде темперамент типіне 
байланысты адамның индивидуалды қабылдауын қолдануға болады. 
Мінез 
Әрбір адамда тұлғалық сапалары мен ерекшеліктері түрліше байланысқан. Қайталанбас 
психологиялық тұлғалық ерекшеліктер мен индивидуалды ерекшеліктер нәтижесінде «мінез» 
қалыптасады. 
Мінез- адамдармен қарым-қатынас жасау кезінде, әрекет кезінде және тұлғаның әлеуметтік 
әрекет ерекшеліктерінің үстінде көрінетін психикалық әрекеті. Адамдар тек сырт бейнесімен ғана 
емес, күллі психикалық құрылымымен, яғни басқа адамдар мен зеттаға қатысты әрекет-қылық 
мәнерімен, қарым-қатынасқа түсу тәсілдерімен ерешеленеді. Әр адамның психикасы мен 
тұлғасына қайталанбастық тән. Бұл адамның даралығын көрсетеді. Мінез – даралықтың негізгі 
құраушы бөлігі. 
Мінез құрылымы сыртқы орта мен тәжірибе әрекеті процесінде қалыптасады.Мінез күшіне 
әрекет түріне, әсері байланысты .мінездің басты негізі біртіндеп қалыптасады, өмір процесінде 
нығаяды,Ал нақты өзгеріске ол адамдармен қарым-қатынас кезінде немесе ситуацияға 
байланысты өзгеруі мүмкін. 
Мінездің бөлек қасиеттері бір-біріне байланысты және байланысу нәтижесінде мінез 
құрылымын құрайды (структура характера). Мінез құрылымында екі ерекшелік тобын бөліп 
қарастырады. Мінез ерекшеліктері дегенде, түрлі әрекет түрінде көрінетін тұлғалық ерекшеліктер 
деп түсу қажет. Және осы арқылы белгілі бір жағдайларды оны анықтауға болады.Бірінші топ 
ерекшеліктеріне тұлғаның бағытталуын көрсететін(орнықты қажеттіліктер, орнатылымдар, 


қызығушылықтар, бейімділіктер, мақсаттар, идеалдар. Екінші топқа интеллектуалды, еріктік, 
эмоционалды мінез ерекшеліктері жатады.Мінез құрылымын анықтау-мінездегі негізгі және қиын 
қарым-қатынаста шартталған спецификалық ерекшеліктерді орнату. Мазмұны жағынан мінез 
адамның қоршаған ортаға, әрекетке, басқа адамдарға ,өз-өзіне деген қатынастағы жүйе ретінде 
қарастырылады. 
Қоршаған ортаға қатынасы тұлғаның бағыттплуында көрінеді. Ол оның әрекетінде, 
көзқарасында,қажеттіліктерінде байқалады. Жалпы адамдардың қоршаған ортаға деген қатынасы 
жайлы идеялы және идеясыз айтуға болады. 
Идеялы мінез белгілі бір нақты көзқарасы бар адамдарды жатқызуға болады. Керісінше, 
идеясыз мінезді адамдарға нақты көзқарасы жоқ ,өзгелердің айтуымен жүретін адамдарды 
жатқызамыз. Идеялы мінезді ерекшеліктеріне оның мақсат бағытталуын айтуға болады. 
Еңбекке қатысты әрекетті және әрекетсіз мінез деп бөледі. Әрекетті мінезді адамға еңбегін 
ұйымдасқан ететіндей мақсат бағыттылығы бар адамдарды айтады.Әрекетті, алайда ұйымдаспаған 
адамдар сырттан әбігер көрінеді, мақсаты жоқ болуымен ерекшеленеді.Әрекетсіз мінезді адамдар 
пассивті. Адамдарға қарым қатынасы жанындағылармен қарым-қатынас жасау негізінде көрінеді. 
Өмірде жеңіл қарым-қатынасқа түсетін адамдар кездеседі.Олар оңай танысып, тілдесе 
алады. Мұндай адамдарды ұшқалақ мінезділер дейді.Мұндай адамдарды үнемі қадағалап бақылап 
отыру қажет. Адамдардың (общительность) әңгімелесуі таңдамалы,қызығушылықтарына 
байланысты негізделеді. 
Адамның мінез құрылымында маңызды орынды өз-өзіне деген қарым-қатынасы алады. Әр 
адамның белгілі бір дәрежеде өзіне өзіне деген қатынасымен ерекшеленеді.Өзін асыра бағалау, 
өзіндік қызығушылықтарын жоғары ұстау эгоистті мінезді адамдарға жатады. Эгоист адамдар 
сенімсіз адамдар тобы , себебі коллектив қызығушылықтарынан гөрі өзінің қызығушылықтарын 
бірінші орынға қояды.Мұндай адамдарға сенуге болмайды. Альтруист мінезді ерекшелігі бар 
адамдар ең алдымен коллектив қызығушылықтарын бірінші кезекке қояды. Алтруизм- жасанды 
коллектив мұнысыз өмір сүре алмайтын басты мінез ерекшелігі. 
Мінез ерекшілктерінің ішінде жалпы және локальды түрін ажырату қажет.Жалпы түріне 
бес ерекшелікті бөлуге болады.(А.Г.Шмелев, М.В.Бодунов,У.Норман және т.б) 
1)
Өзіне деген сенімділік- сенімділік 
2)
Татулық ,достық- дұшпандық 
3)
Саналылық- импульсивтілік 
4)
Эмоционалды тұрақтылық- қобалжулық 
5)
Интеллектуалды икемділік-ебдейсіздік. Мұндай қасиеттер, экстра-интроверсия сияқты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет