«басқару психологиясы»



Pdf көрінісі
бет21/56
Дата27.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#110548
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   56
Холерик
Психикалық белсенділігінің жоғыры деңгейімен мінезделеді.Сонымен 
қатар,әрекет жігерлілігімен, өткірлігімен, тырысу қасиетімен, қозғалыс күшімен,темп 
шапшандығымен мінезделеді. Аяғына дейін тыңдамай,артық жылдам шешім қабылдайды. 
Жұмыс кезінде ынталы және бкріліп жасайды, алайда алдында біраз қиыншылықтар туындаса ол 
өз жұмысына тез суиыды. 
Жауапты тапсырмаларды орындауда ода жоғары қысым туындап және жауапкершілік сезімі 
шиеленісуі мүмкін.Сол себепті де,табысқа жетуде сенімділікті асырмай шектен тыс сенімділік 
орнату қажет.Холериктер көбіне ретпен істелет жұмыстарға жақсы. 
Жұмыс жасау ритмі 
бірқалыпты емес.Холериктің жарқын түрі өзін-өзі ұстай алмауы болып табылады.Мұнда 
тыныштық пен байсалдылық,табандылық холерикті «суытады». Оның бірқалыпты емес мінезін 
қатаң 
бағалаумен 
түзетіп 
отыру 
керек.Холерик 
көңіл-күйдің 
жылдам 
ауысуына 
бейім,ашушаң,мазасыз, эмоционалды олқылықтарға ұшырағыш адамдар типі.Кейде агрессивті 
болуы да мүмкін.Сангвиник сияқты холерик те сыртқы ықпалдарға жоғары сезімтал болуымен 
ерекшеленеді.Оған талпыныс тұрақтылығы,қызығушылық пен табандылық тән.Холериктің 
мінезіне жоғары эмоционалды күй және керісінше эмоционалды құлдырауы да тән болуы 
мүмкін,депрессия күйі яғни, эмоционалды күйлердің циклділігі де кездеседі. Эмоционалды күйдің 
көтерілуі жұмыс істеу қабілеттілігін жоғарлатады. 
Холериктерге бірқалыпты,бір типті,шыдамдылықты және отыруды талап ететін жұмыстар 
жарамсыз.Керісінше,өзіндік ізденуді,жағдайлардың ауысуы,шарттар мен инструменттерді 
ауыстыруды қажет ететін жұмыстар келеді.Өзіне қатысты сонымен қоса холерикте тұрақсыздық 
байқалады.Эмоцияның көтерілуіне байланысты өзән-өзә бағалауы адекватты немесе төмен.Өзіне 
сын көзбен қарау,шағымдану,зиян тартуға деген ынтасы пайда болу.Осылайша,өзін-өзі бағалауы 
адекватты дәрежесімен мінезделмей,динамикалық өзгерістермен мінезделеді.Мұның бәрі 
эмоционалды күйзелісіне байланысты.Адамдармен қарым-қатынас орнатуда холериктер өткірлік, 
ашушаңдық, қызбалық,эмоционалды тұрақсыздық сияқты қателіктер жібереді.Бұл оларға 
адамдардың әректетерін обьективті бағаламауына түрткі болады.Және де коллективте 
конфликтілі жағдайлардың туындауына ықпал етеді.Басқа адамдарға қатынасы сондай ақ 
психикалық фазаларға байланысты полярлы өзгеруі мүмкін.Эмоционалды күйдің жоғарлауына 
байланысты басқа адамға сену,оған қол ұшын беру көмегі,дос болуға,аға болуға,ал төмендеуіне 
байланысты- сенімсіздік,күдіктілік,тұйықтық, тұйықтық тән. 
Холериктердің мінез-құлықтары басқа адамдарға қатысты өзгермелі ,ал кейде полярлы 
қарама- қайшы,мұндай адамдаға үйреніп кету ,бейімделу қиын.Коллектив адамдарына қатысты 
белгілі бір барьер туындау мүмкін. Алайда олардың психодинамикалық қасиетіне байланысты 
ашық жандылар, бұл оларға толығымен адекватты қарым-қатынас орнатуға көмегін тигізеді. 
Холерик темпераментіне тән менеджерлерге реакция жылдамдығының тездігі,жылдам 
қозғалғыштық, еңбек әрекетінде жігерлілік, өзгелер арасында алда болуға,қол астындағыларды 
басқара алу қабілеттілігі тән.Қиын сәттерде тиянықты әрекет етеді, тәекел еткенді ұнатады,және 
қиындықты жеңгенді көздейді. Қоғамдық жұмыстарды белсенділік таныта біледі. эмоционалды 
қарым-қатынасты оңай орната біледі, қоғамдық пікірге сезімтал. Жеткіліксіз мәдениетті 
менеджер-холериктің жағымсыз сапаларына, ұшқалақтық, ұстамсыздық, сабырсыздық, дөрекілік, 
әдепсіздік, өркөкіректік, менменділік тән. Көңіл-күйі тұрақсыз, сезімі тез өзгергіш, достарын оңай 
ауыстыра алатын, әлсіздердің кемшілігін ашық мұқататын адамдар. Холерик конфликтілердің 
бастауы болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет