1.
Самыгин С.И.,Столяренко Л.Д. Психология управления. – Ростов – на – Дону, 2008
2.
Власова Н. Справочник по психологии управления.Новосибирск,1994
3.
Обозов Н.Н. Психология менеджмента. С-пб.1994
5 тақырып. Басқару үрдісіндегі тұлғаның эмоцияналды ерікті аумағы және еңбек
мотивациясы
Дәріс жоспары:
1.
Эмоциялық процестер және эмоцияның басқарылуы.
2.
Эмоция және оның балалық шақта дамуы
3.
Адамды іс-әрекетке итермешлеуші жүйе мотивациясы.
4.
Мотивация қағидалары және оның мінездемесі
Эмоция деп айналадағы заттар мен құбылыстарға жағымды жағымсыз қатынастын
сәулеленуін айтамыз. Сыртқы дүниенің әсері адамның миында тек қана сәулеленіп қоймай, оған
толғанып тебіреніп, өзінің қатысын білдіреді. Бұдан адамға жағымды не жағымсыз сезімдер туып
отырады. Эмоция адамның сыртқы келбеті, бет әжімі қимылдары, дауысы арқылы айқын көрінеді.
Эмоция үшін адам организімің ішкі мүшелері әрекетінің әсері зор. Мысалы қанның жүруі
тамырлардың жүрекке ерекше соғуы, бездер әрекетіне Физиологиялық әрекеттерге эмоция үлкен
әсер етеді. Эмоция хайуанаттарда да бар олардың эмоциясы, инстикт деп аталады. Олар
мұқтаждықтарын биологиялық қанағаттандырумен байланысты, мысалы мысық пен иттің
еркеленуі, олардың үйреленіп бір нәрседен қорқуы, олардың сыртқы келбетінен жақсы көрініп
тұрады. Адам эмоциялары хайуанат эмоцияларына қарағанда өте бай болып келеді, әрине
адамдардың эмоциялары біркелкі болмайды, өйткені олардың айналадағы нәрселерге қатынасы
бірдей емес. Әрбір адамның темпераментіне, мінезіне олардың басынан кешкен тәрбиесіне қарай
сыртқы дүние әсеріне жауап қайтару түрліше болады. Адам эмоцияларынын бір бірінен
айырмашылығы сезімдердің күш жағынан, әрекет ету мерзімінің уақыт мөлшері жағынан,
олардың сыртқы қимылдары, бет әжімі арқылы білініп көрініп тұрады. Эмоция адамның
тұрмысында үлкен орын алады, олар адамға адамдық сипат беріп, оның әрекетін жылытып көрік
беріп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: