Еңбек әрекетіндегі тұлғаның жіктелуі Қызмет жолында тұлға барлық мінездерінің жиынтығымен көрінеді. Тұлғаның жіктелуінің 6
түрі бар. Осыған байланысты Э. Шпрангер әр тұлға белгілі бір қасиеттеріне байланысты 6 топтың
біріне кіреді деп ойлайды.
1. Теориялық адам . Теориялық адам мәселелерге, байланыс орнатуға және түсіндіруге
мүмкіндік беретін сұрақтарға қатты қызығушылық танытады. Оның әсіреушіліктері шын өмірден
өзгеше, ол білуге мүмкіндігі болмаса күйзеліп, ал өзіне зиянды болса да теориялық жаңалық ашса
қуануы мүмкін. Ол үшін білудің әдістерінің шындығы бағалы болып саналады. Ол үшін дүние –
жаратылыстардың шексіз пайда болуы мен қатынастарға тәуелділік жүйесі ретінде көрінеді. Оның
Мен түсінігі шындыққа негізделген мәңгілікпен байланысты. Оның шынайы өмірін
қызығушылығы нәтижесінде өмірлік мақсатын айқындаған белгілі бір мамандандырылған
ғалымдар өмірінен көруімізге болады. Бірақ бұл белгілерді мамандыққа қатысы жоқ адамдардан
да байқауға болады.
2. Экономикалық адам. Экономиқалық адам міндетті түрде өндіріспен байланысты адам
емес. Жалпы алғанда эконмикалық адам дегеніміз бірінші орынға пайдалылықты қоятын адам. Ол
үшін барлығы қолайлы өмір сүруге жұмсайтын қажеттіліктер ретінде көрінеді. Ол уақытты,
күшін, материалдарды пайдаға жарату үшін әркез үнемдеп отырады. Оның әрекетінің мағынасы
оның қызметінде емес, пайдалық эффектінде.
3. Эстетикалық адам. Өнер туындысы эстетикалық әсерленуші жанда ғана пайда болады,
ішкі дүниеде ғана өнер туындысы пайда болып, ішкі дүние ырғағынан әуен пайда болады.
Эстетикалық адам дүниетануымның өзіне тән қырымен ерекшеленеді: сезудің және алдын ала
көре алу қабілетімен. Теориялық адам үшін ол арманшыл, қиялшыл болса, экономикалық
жағынан эстетикалық идеал мен экономикалық құндылықтар қарама – қайшы дүние. Эстетикалық
адам теориялық сияқты өмірдің экономикалық шарттары алдында әлсіз болып келеді.