Шешім қабылдау үшін уақыттың оғаш жетіспеушілігі. Мысалы, мәселені аз уақыт
аралығында талқылаудан кейін, алдағы жоспарларға жүгіне отырып, оппанент кетуге жиналады,
бірақ жауапты сізден қазір талап етеді.
Сонымен қатар манипулятивті әрекетті өзінің ішкі жағдайына сүйену арқылы да анықтауға
болады. Анық сигналдармен қоса сезу деп аталатын бейсаналы қорғаныстар болады. Өкінішке
орай НЕГІЗІНЕН адамдар бұл қорғаныс түрлерін әсерден кейін байқап жатады. Жиі жағдайда
«бірдеңке маған оғаш көрінкендей болып еді» деген сөздерді естіп жатамыз. Осындай бейсаналы
қорғаушы сигналдарға келесілерді жатқызуға болады:
1. Адаммен қарым-қатынасқа түскен сәтте түсініксіз тітіркенуді сезу. Антипатия
оппаненттің сіздің көңіліңізді барынша көп аудартуға деген ұмтылысынан болуы мүмкін. Немесе,
жақтырмаушылық манипулятордың әрекетінде байқалған қандайда бір ұмтылысына жауап
ретінде пайда болуы мүмкін.
2. Өзінің беделіне қысым келуін сезу. Өзінің күшін дәлелдеуге тырысу туралы жабысқақ
ойлар, серіктесінен басымдылығын көрсету, манипулятордың адресаттың мінез-құлқына әсер
етуге, оны басқаруға деген ұмтылысына жауап реакциясы болуы мүмкін. Дегенмен, мұнда өте
абай болу керек, осындай әрекеттер байқалатын болса онда бұл әрекеттер күш қолданатын
конфликтілерге әкеліп соғуы мүмкін.
3. Фонды жағдайлардың кенеттен өзгеруі. Жиі шиеленіс, агрессия, абыржушылық
адресат әсерді бейсаналы түрде қабылдап, залалға жауап реакциясы сияқты пайда болады.
Әсер
ету кезінде айқын ішкі сигналдарға келесілерді жатқызады:
1. Жиі және ақын психикалық автоматизмдердің көрініс беруі. Манипулятор әдейі
адресат автоматизмдерін жібереді.
2. Сананың тартылғайдай жағдайы. Ол талқыланып жатқан тақырыптың, идеялардың
түсініксіз шектелуінен көрінуі мүмкін.
Манипуляциядан қорғанудың көптеген түрлері бар, бірақ дегенмен олар негізгі алты
қорғаныс ұстанымдарының араласуынан тұрады. Нақты: кету, қуу, бекіту, басқару, тыну (қату),
елемеу.
Кету – арақашықтықты алшақтату, қарым-қатынасты үзу, агрессордың әсері жетпейтіндей
қашықтыққа өзін кетіру. Бұл стратегияның нағыз көрініс табуы шеттеу, толығымен тұйықтық,
адамдармен қарым-қатынасқа түсуден бас тарту болып табылады.
Қуу – арақашықтықты алыстату, агрессорды жою. Мұндай қоғаныстың шеткі нүктесінің
көрініс табуы – өлім. Агрессорды жұмыстан шығаруда, оны үйден қууда, күнәләуда, күлкі етуде
жиі көрініс табады.
Бекіту – әсерлерді, жолында қойылған кедергілерді бақылау. Шеткі көрінісі –
белсендірілген жекелей статустар мен жүйелік құралдармен толықтай оқшаулану. Күнделікті
қолданысы мазмұнды және сематикалық тосқауылдар түрінде болады.
Басқару - агрессордан шығатын ықпалдар мен әсер етулерді бақылау. Шеткі көрінісі – басқа
адамды өзіне бағындыру. Мұндай қорғанысты қолданудың әдеттегі түрі – шағымдар,
жыламсырау, параға сатып алу, достасуға талпыныс, қалаған мінез-құлыққа азғындау.
Қорғаныстан туындайтын манипуляция да осында жатады.