«басқару психологиясы»


 Шешім қабылдау процессі кезінде адамдардың бір-біріне әсер етуі



Pdf көрінісі
бет34/56
Дата27.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#110548
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56
Байланысты:
Басқару психологиясы лекция

3. Шешім қабылдау процессі кезінде адамдардың бір-біріне әсер етуі 
Адамдардың бір-біріне әсер етуінің негізгі үш механизмі бар: хабарлама, сендіру, иландыру. 
Хабарламада әсер етуші ақпараттың өзі болып табылады, оны қабылдаған адам өзінің мінез-
құлқын түзейді, пікірін қалыптастырады, берілген ақпараттың негізінде тиісті шешімді 
қабылдайды. 
Сендіру кезінде адам ақпаратты құндылықтардың, ұстанымдардың және басқа ададардың 
өзгеруіне әсер ететіндей етіп ұйымтастырып ұсынады. Бұл жағдайда дәлелдер жүйесін немесе 
растаушы мәліметтерді келтіреді немесе беделді адамдар пікіріне жүгінеді. 
Шешім қабылдау үшін ең қауіпті иландыру арқылы әсер ету болып табылады. Олар әіртүрлі 
болуы мүмкін. Иландыру элементтері кез келген коммуникацияда бар: бұл иммидж және 
материалды беруді ұйымдастыру еркешелігі, сонымен қатар қарым-қатынастың вербалды емес 
құралдары және т.б. 
Манипуляция түсінігінің негізінде адресаттан жасырын, оның қандай да бір затқа деген 
қарым- қатынасын өзгерту, шешім қабылдау мен әрекеттерді орындауына ықпал ету арқылы 
матипуляциялаушы адам өз мақсаттарына жетуі жатыр. Адам қуыршақ (марионетка) сияқты 
әрекет етеді, оны қуыршақ ойнатушы әртіс басқарып отырғандай болады. Манипуляцияның 
міндетті шарты, сырттан енгізбей адресаттың өз бетінше шешім қабылдауын сақтау. Сонымен 
қатар адресат өз іс-әрекетіне жауапкершілікті өз мойнына алады. 
Манипуляцияның психологиялық негізі қандай? Ф.Перлздің айтуы бойынша, біздің әр 
қайсысымызда екі бастау бар, оларды шартты түрде«үстіндегі ит» және «астындағы ит» деп 
атайды. «Үстіндегі ит» бұл белсенді бастау, бұйыруға, бағындыруға бедел арқылы қысым жасауға 
ұмтылудан көрініс табады. «Астындағы ит» бұл пассивті бастау, біздің бағынуға, келісуге, 
біреудің сөзін тыңдауға деген қажеттіліктерімізден көрінеді. Осы бастаулардың әрқайсысы немесе 
манипулятивті немесе шығармашылық сипатта көрініс табады. 
Э. Шостром манипуляцияның негізгі сегіз сызбасын ұсынды. Оның айтуы бойынша, біздің 
әрқайсысымызда манипулятор отыр, тіпті бірнеше типі бірақ олардың біреуі басым болады. 
1.
Диктатор. Ол әлбетте өз күшін асыра бағалайды, басымдылық етеді, бұйрық береді, 
беделді тұлғаларды дәйектейді, қысқасы басқару үшін құрбанына барлығын жасайды. 
Диктатордың өзге түрлері: бастық, босс, кіші құдайлар және т.б. 
2.
Жігерсіз (ерік күші төмен адам). Диктатордың құрбаны, оған тікелей қарама-қарсы адам. 
Жігерсіз диктатормен өзара қарым-қатынасқа түсу арқылы үлкен шеберлілікті дамытады. Ол 
өзінің сезімталдылығын асыра сілтейді. Оларға тән сипаттар: ұмыту, естімей қалу, пассивті түрде 
үндемеу. Жігерсіздердің өзге түрлері: күмәндәнғыш, ақылсыз, құбылмалы, конформист, ұялшақ, 
шегінуге бейім. 
3.
Калькулатор. Бәрін және барлығын бақылауда ұстау қажеттілігін тым арттырады. Ол 
алдайды, өтірік айтады, жалтарады, бір жағынан айласын асыруға, бір жағынан басқа жолға 
салуға тырысады. Өзге түрлері: епті (пысық), аферист, покер ойнаушы, жарнама жасаушы, 
бопсалаушы. 
4.
Жабысқақ. Калькулаторға полярлы қарама-қарсы адам. Өзінің тәуелділігін бар күшімен 
асыра сілтейді. Бұл тұлға, қамқорлылықтың заты болуды аңсайды. Пайдалануға да мүмкіндік 


береді, өз жұмысын өзгелердің орындауларына мәжбүрлейді. Өзге түрлері: паразит, 
қыңқылдауық, мәңгі бала, ипохондрик, біреудің асырауындағы жан, қорғансыз. 
5.
Бұзақы. Өзінің агрессивтілігін, зұлымдығын, ізгіліксіздігін асыра сілтейді. Әр түрдегі 
қауіп көрсетудің көмегімен басқарады. Өзге түрлері: балағаттаушы, жек көруші, гангстер, қауіп 
төндіруші. 
6.
Сүйкімді жігіт. Өзінің қамқорлығын, махаббатын, көңіл бөлушілігін асыра сілтейді. Ол 
мейірімділігімен көзге түседі. Кей мағынада онымен жолығу бұзақымен жолыққаннан да 
қиындау. Сіз сүйкімді жігітпен күресуде жеңе алмайсыз. Қызық жайт, кез келген бұзақы мен 
сүйкімді жігіт арасындағы конфликтіде бұзақы жеңіліс табады. Өзге түрлері: жағымпаз, ізгі істі, 
моралист, ұйымшыл адам. 
7.
Сот. Өзінің сыншылдығын асыра сілтейді. Ол ешкімге сенбейді, күнәға, наразылыққа 
толы, кешіруі қиын. Өзге түрлері: барінбілгіш, күнәмшіл, айғақ жинаушы, масқаралайтын, 
бағашыл, кекшіл, күнәсін мойындауға мәжбүрлегіш. 
8.
Қорғаушы. Сотқа қарама-қарсы адам. Ол өзінің қолдау көрсете алуы мен қателіктерге 
жұмсақтығын асыра сілтейді. Ол өзінің шамадан тыс аяушылдығы мен өзі қорғаушы адамның өз 
аяғына тұрып, өз бетінше өсуіне мүмкіндік бермеуі арқылы басқаларды бұзады. Өз ісімен 
айналысқанның орнына басқалардың қажеттілігі жайлы көбірек ойлайды. Өзге түрлері: балапан 
басқан тауық, жұбатушы, қамқоршы, азап шегуші, көмекші, жанкешті. 
Манипуляцияның түрлерін талқылап болған соң, енді олардың қалай әсер ететіндігін 
қарастырайық. Э.Шостром манипуляторлы жүйенің төрт типін бөліп көрсетті: 
1.
Белсенді манипулятор басқаларды белсенді әдістер көмегімен басқаруға тырысады. Ол 
ешқашан да өзінің әлсіздігін көрсетпейді, керсінше өте күшті, жігерлі адамның ролін ойнайды. 
Ережеге сай, бұл адам өзінің әлеуметтік статусын немесе дәрежесін қолданады: ата-ана, аға 
сержант, мұғалім, босс. 
2.
Пассивті манипулятор – белсендіге қарама-қарсы. Ол қорғансыз, аңқау күй танытады. Ол 
кезде белсенді манипулятор жеңіс табады. Бірақ пассивті манипулятор өз есебінен белсенді 
манипуляторға ойлап және жұмыс жасауға мүмкіндік бергендіктен олда жеңіске жетеді, себебі 
белсенді манипулятордың жұмысы тікелей пассивті манипулятордың көмегімен жүзеге асады. 
3.
Жарысушы манипулятор өмірді тоқтаусыз турнир ретінде , онда үнемі «жеңіс» пен 
«жеңіліс» тізбегі таусылмайды деп қабылдайды. Ол үшін өмір – бітпес күрес, ал адамдар – 
бір біріне шынай немесе потенциалды қарсыластар тіпті жаулар. 
4.
Селқос манипулятор. Ол немқұрайлылық пен салғырттықта ойнайды. Кетіп қалуға, 
конфликтен алшақтауға ұмтылады. Оның девизі «маған бәрібір». Оның әдістері бірде пассивті, 
бірде белсенді. 
Э.Берннің ойынша, манипуляцияның көптеген түрлері ойынға туыстас. Ойын – 
психологиялық маневр, мақсаты басқа адамның тарапынан қанағаттану сезімін алу. 
Психологтардың ойынша мұндай ойындар еңбек ұжымына сипатты. 
Адам қандай белгілер арқылы онымен манипуляциялап тұрғанын біле алады? 
Манипуляция жасырын сипатқа ие болғандықтан әрқашан қандай да бір нақты оқиғада 
оның бар екенін анықтайтын фактыны табу оңай емес. Дегенмен, Е.Л.Доценко оппонент әрекетін 
зерттей отырып оның қайсысы манипулятивті екенін анықтауға болады деген. Бұнда ол бірнеше 
тәсілдерді бөліп көрсетті: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет