«басқару психологиясы»



Pdf көрінісі
бет37/56
Дата27.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#110548
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   56
Байланысты:
Басқару психологиясы лекция

Тыну (қатып қалу) – 
субъект туралы ақпараттың әдейі өзгертілмеуін немесе 
қысқартылмауын бақылау. Шеткі формасы – естен айырылу. Жиі жағдайда сезімдерді жасыруда, 
алдауда көрініс табады. 
Елемеу – 
агрессор туралы ақпартты басқару, оны қабылдаудың өзгермеуін немесе оның 
тарапынан қауіп туралы ақпаратты басқару. Шеткі көрініс формасы – қабылдау, иллюзия 


адекваттылығын жоғалту. Әдетте стериотипизация, манипуляцияны позитивті пиғылмен түсіндіру 
ретінде көрінеді. 
Осы барлық негізгі қорғаныс ұстанымдары белсенділік және пассивтілік арақатынасының 
дәрежесіне сүйене отырып өзара жұптасып бірлеседі. Нәтижесінде келесі жұптар пайда болады: 
кету – қуу, бекіту – басқару, тыну – елемеу. Әр жұп өзінің әрекет ету аясына ие. Кету – қуу 
агрессормен арақашықтық қалыптастырады, бекіту – басқару ықпал етулер легін басқарады, тыну 
– елемеу ақпараттық каналмен жұмыс атқарады. 
Манипуляциядан қорғанудың спецификалық емес және спецификалық механизмдері 
Спецификалық емес қорғаныс механзм әрекетінің жиі кездесетін кейтір көріістері бар: 

Келісуге дайын болған сәтте адамның көлбеу жазықтықта басын жеңіл изеуі (бейсаналы 
басқару); 

Манипуляторға маңызды сәтте адамның дәреханаға баруға деген күшті қажеттілігінің тууы 
(бейсаналы қашу); 

Манипуляция әсер ете бастағанда, бірақ адресат не болғанын алі түсінбеген сәтте 
жабырқау күй, қимылдың баялауы. (бейсаналы тыну). 
Спецификалық қорғаныс механзмдерінің арасында ықпал ету дәрежесіне байланысты үш 
түрін бөліп көрсетуге болады. 
Бірінші дәрежеге жататындар манипуляция ие қауіп ерекшелігімен байланысты. Олар 
өзіндік жекелей құрылымда әсер етеді. Екінші дәрежеге манипулятивті әсерді іске асыратын 
психикалық процесстер автоматизациясымен байланысы бар қорғаныстар жатады. Мұнда 
қорғаныс механзмдері манипуляция механизмдерімен сәйкес келеді. Үшінші дәрежеге 
манипулятор қолданатын құралдармен байланысты қорғаныстар жатады. Оларды толығырақ 
қарастырайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет