Басылым: алтыншы


Материалдар мен құрал-жабдықтар Access бағдарламасы



бет14/20
Дата14.10.2023
өлшемі1,27 Mb.
#114170
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Байланысты:
Практика

Материалдар мен құрал-жабдықтар Access бағдарламасы


Жұмыстың орындалу реті

  1. Теориялық материалды игеру

  2. Жұмыстың орындалуы

  3. Есеп беру



Лабораториялық жұмыстың орындалуына есеп беру формасы

  1. Бағдарлама мәтіні.

  2. Тестілеу нәтижесі

  3. Бақылау сұрақтарына жауап беру.



Глоссарий


Реляциялық мәліметтер қоры
Реляциялық мәліметтер қоры ақпараттық жүйелерді есепке алу негізін құрайды. Ақпараттық жүйелерді есепке алу әдетте және бір ғана шамалы облыста ақпаратты өңдеу және сақтау үшін мамандандырылған. Мысалы:

  • Сұраныс- Тапсырыс;

  • Сатып алу - сату;

  • Электрондық анықтама;

  • Және т. б.



Деректер базаларын жобалау кезеңдері:

  • Ақпаратты жинақтау;

  • Бастапқы кестенің мәліметін бір кестеге жинақтау;

  • Кестенің бағандар тақырыптарын анықтау(Деректер базасы өрістері аттары);

  • Бастапқы мәліметтер үшін бөлек бағандар(өрістер) және бөлек бағандар(өрістер)-формулаларды орналастыру үшін;

  • Керегіне қарай кесте құрылымын өзгерту;

  • Жазбаларды толықтыру және алып тастау үшін формалар-қалар жасау

Деректер базаларында жазбаларды сұрыптау;

  • Керекті ақпаратты іздеу;

  • Қорытындылар келтіру;

  • Ақпаратқа талдау жасау;

  • Есеп жасау;

  • Есепті баспаға беру.



Деректер қорын жасау мысалы


Айталық, қандай да бір фирма кондитерлік өнімдерді сатумен айналысады делік. Бұл фирманың клиенттері болып мейрамханалар, кафелер, клубтар саналады. Алғашқыда «Фирма» деректер қоры келесідегідей өрістер тізімімен жасалады:

  • Заказ нөмірі;

  • Клиент коды;

  • Клиент аты;

  • Клиент адресі;

  • өнім коды;

  • өнім аты;

  • саны;

  • жеткізу мерзімі;

  • өнім бағасы;

  • құны.



Бұл деректер қорына декомпозиция жасаймыз, яғни оны кестелерге бөлеміз.
Бірінші өріс «Заказ нөмірі» басқа ешқандай өріспен байланыспаған, сондықтан оны әзірше қарастырмаймыз.
Екінші өріс «Клиент коды» «Клиент аты» және «Клиент адресі» өрістерімен байланысқан. Басқа өрістер бұл өрістен тәуелсіз.
Таңдалған өрістердің өзара байланысын талдаймыз. «Клиент аты» өрісі «Клиент коды» өрісінен толық тәуелді, себебі фирманың сәйкес құжаттарында клиент коды бойынша клиент туралы барлық мәліметті табуға болады. Дәл сол сияқты «Клиент адресі» өрісі «Клиент коды» өрісінен толық тәуелді. Бұдан басқа, «Клиент аты» және «Клиент адресі» бір-бірінен ешбір тәуелсіз.
Сонымен, біз «Клиент коды», «Клиент аты» және «Клиент адресі» өрістерімен бірінші «Клиенттер» кестесін алдық. Енді қалған өрістерді қарастырайық:

  • Заказ нөмірі;

  • өнім коды;

  • өнім аты;

  • саны;

  • жеткізу мерзімі;

  • өнім бағасы;

  • құны.

«Заказ нөмірі» өрісі басқа ешбір өріспен байланыспаған, сондықтан оның әзірге қажеті жоқ.
«Өнім коды» өрісі «Өнім аты» және «Өнім бағасы» өрістерімен байланысты, қалған өрістер бұл өрістен тәуелсіз.
Таңдалған өрістердің өзара байланысын талдаймыз. «Өнім аты» өрісі «Өнім коды» өрісінен толық тәуелді, себебі фирманың сәйкес құжаттарында өнім коды бойынша өнім туралы барлық мәліметті табуға болады. Дәл сол сияқты «Өнім бағасы» өрісі «Өнім коды» өрісінен толық тәуелді. Бұдан сірә, «Өнім аты» және «Өнім бағасы» бір-бірінен ешбір тәуелсіз болары хақ.
Сонымен, біз «Өнім коды», «Өнім аты» және «Өнім бағасы» өрістерімен екінші «Өнімдер» кестесін алдық.
Енді қалған өрістерді қарастырайық:

  • Заказ нөмірі;

  • саны;

  • жеткізу мерзімі;

  • құны.

Бұл өрістердің барлығы заказбен байланысты, себебі оның нөмірін, жеткізу мерзімін, өнім санын, құнын анықтайды. Бұдан «Заказ нөмірі» өрісі кілттік екенін көруге болады, өйткені фирманың сәйкес құжаттарында заказ нөмірі бойынша өнім санын және жеткізу мерзімін анықтауға болады. Заказ құны өнім бағасын оның санына көбейтумен анықталады және жалпы жағдайда заказдың сипаттамасы болып табылмайды, сондықтан «Құн» өрісін деректер қорының өрістер тізімінен шығарып тастау керек.
Бұдан басқа, біз «Заказ нөмірі», «Клиент коды», «Өнім коды», «Саны» «Жеткізу мерзімі» өрістері бар үшінші кесте «Заказдар» алдық.
Басқаша айтқанда, «Фирма» деректер қоры үш кестеге бөлінеді:

  • «Клиенттер»;

  • «Өнімдер»;


  • «Заказдар».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет