Бақылау сұрақтары
Реляциялық деректер базасының ерекшелігі неде?
Фильтр деген не?
Фильтрді қалай жасауға болады?
Бірінші кілт не үшін қажет?
№9 практикалық жұмыс
Тақырыбы: Мәліметтер базасының кестесін және псевдонимін құру.
Мақсаты: Мәліметтер базасының кестесін және псевдонимін құру әдістерімен танысу
Мәліметтер базасын құру процесін 3 қадамға бөлуге болады:
Каталог құру
Псевдоним құру
Кесте құру
Мәліметтер базасының псевдонимі мәліметтер базасымен жұмыс жасап отырған қосымшаны басқа каталогқа, дискіге немесе компьютерге аударуды жеңілдетуге арналған. Delphi-де BDE Administrator утилитасы псевдониммен жұмыс жасауға арналған. Ол псевдоним құруға және берілген псевдониммен байланысты каталогтарды өзгертуге арналған.
Жоғарыда айтылғандай алдымен мәліметтер базасының кестесі орналасатын каталог құрамыз. С: дискісіне Demo_Base атымен бума құрамыз. Бұл буманың ішіне жасалатын қосымшалар сақталады. Осы буманың ішіне Base деген атаумен тағы бума құрамыз, бұл буманың ішіне мәліметтер базасының кестесі орналасады.
BDE Administrator бағдарламасын жүктейміз: Пуск - Все программы - Borland Delphi 7 - BDE Administrator .
Сур.1. BDE Administrator бағдарламасының терезесі
Object менюінен New бөлімін таңдаймыз. Сіздің экраныңызда құрылып отырған мәліметтер базасының драйверін таңдауды ұсынатын диалогтық терезе пайда болады. Бұл терезеде бізге Paradox форматты кестелермен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін STANDART типі ұсынылады.
Драйверді таңдап, ОК батырмасын басқаннан кейін, псевдонимдер тізіміне жаңа элемент қосылады (Сурет 3). Осыдан кейін автоматты түрде администратормен құрылған псевдоним атын өзгерту және псевдоним құрылатын мәліметтер базасының файлдарының жолын көрсету қажет. Стандартты STANDART1 псевдоним атын өшіріп, оның орнына Demo Table атын беріңіз. Енді міндетті түрде мәліметтер базасының кестелері орналасатын каталогтың жолын көрсету қажет. Ол үшін Definition бетіндегі Path жолының соңында тұрған үш нүктелі батырманы басқанда шығатын Select Direktory (Каталог таңдау) стандартты диалогтық терезеден жоғарыда құрылған бумаларымызды көрсетеміз: С:\Dеmо_Ваsе\Ваsе (Сурет 4).
Құрылған псевдоним конфигурация файлында (Idapi.cfg) тіркелуі үшін, Object менюінің ішінен Apply (Қолдану) командасын таңдау қажет. Ашылған Confirm диалогтық терезеден конфигурация файлындағы өзгерістерді сақтау қажеттігін бекіту керек (Сурет 5).
Сур.3. Жаңа псевдонимді тіркеу.
Сур.5. Өзгерістерді сақтауды растау терезесі.
Сур.4. Select Direktory (Каталог таңдау) диалогтық терезесі.
Кесте құруға Delphi-дің құрамына кіретін Database Desktop утилитасы арналған. Database Desktop утилитасы мәліметтер базасымен жұмыс жасауға қажетті барлық әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді. Ол әр түрлі форматтағы (Paradox, dBASE, Microsoft Access) мәліметтер базасының кестелерін құруға, қарауға және өзгертуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, утилита сұраныс құру жолымен ақпараттарды таңдауды орындауға мүмкіндік береді.
Database Desktop утилитасын жүктейміз. Пайда болған терезенің File менюінен New -Table командасын таңдаймыз. Содан кейін Create Table диалогтық терезесінен құрылатын кестенің типін көрсетеміз. Нәтижесінде Create Paradox 7 Table диалогтық терезесі ашылады, бұл терезеде кесте жазбаларының құрылымын анықтау қажет. Кестенің әр жолына міндетті түрде ат, тип және, егер қажет болса, жол өлшемін беру қажет. Жолдың аты мәліметтермен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Field Name бағанасына енгізілетін жолдың аты ретінде 25 символдан аспайтын латын алфавитінің әріптері мен цифрларының тізбегін пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |