Тақырыбы: Есеп берулер құру.
Мақсаты: Есеп берулер құру және QuickRep компонентінің қызметін меңгеру.
Көп жағдайларда мәліметтер базасының кестелерінде сақталатын мәліметтерді есеп беру құра отырып, баспаға шығару талап етіледі. Delphi-де есеп беруді құру үшін компоненттердің кең көлемді жиынынан тұратын QuickReport есеп беру генераторы қолданылады. Есеп беруді тұрғызу кезінде есеп беру қасиеттерін толығымен анықтайтын QuickRep орталық компонент болып табылады. Бұл компонент үнемі жеке бос формаға орналасады.
QuickRep компоненті мәліметтер жиыны Table немесе Query-мен байланысады, ол үшін DataSet қасиетінің көмегімен есеп беру құрылады.
Есеп беру, құрылған құжаттың түрін және мазмұнын анықтайтын, есеп берудің құрама бөлімдері - жеке жолақтардан тұрады. Жолақтар есеп берудің элементін білдіреді. Әр жолақ өзінің орнында орналасады және есеп берудің сәйкес компонненттерінің көрінуі мен мәліметтерді шығаруға арналған. Есеп берудегі жолақтарды Bands қасиетінің көмегімен басқаруға болады. Қосымшаны жасау кезінде жолақтарды айырып/қосу Bands қасиетінің ішкі қасиетіне сәйкес логикалық мәнді қою арқылы орындалады, мысалы, есеп берудің тақырып жолағы үшін мұндай қасиет HasTitle болып табылады.
Жаңа форма құрып, оны Үлгерім кестесінің формасымен байланыстырамыз (File -Use Unit). Құрылған формаға QReport бетінен QuickRep компонентін орналастырамыз.
Delphi-дің жетінші нұсқасында QReport автоматты түрде қондырылмайды, сондықтан ол негізгі беттердің тізімінің ішінде ол жоқ. Бетті қосу үшін:
Component менюінен Install Packages бөлімін таңдаймыз.
Пайда болған терезедегі Add батырмасын басамыз.
Add Design Package сұхбат терезесінде Bin бумасын ашып, delqrt70 файлын таңдап, Открыть батырмасын басамыз.
Қайта пайда болған терезеден Ok батырмасын басамыз.
Bands қасиетінің HasTitle, HasDetail, HasColumnHeader ішкі қасиеттеріне true мәнін орнатыңыз.
Содан кейін отчеттің Title жолағына QReport бетіндегі QRLabel компонетнін орналастырып, оның Caption қасиетіне есеп беру мәнін орнатыңыз. ColumnHeader
жолағына алты QRLabel компонентін орналастырып, оның Caption қасиетіне суретке сәйкес мәндерді орнатамыз.
Сур.11. Есеп берулерді құру
Detail жолағына алты QRDBText компонентін орналастырамыз. DataSet қасиетіне Form2.Table1 мәнін орнатамыз. DataField қасиетіне сәйкес жолдардың мәндерін орнатамыз, мысалы, QRDBText1 компонентінің DataField қасиетіне NZachet орнатамыз.
Үлгерім кестесінің формасына өтіп, Отчет батырмасы үшін келесі кодты енгізіңіз:
Form4.QuickRep1.Preview;
Тапсырма:
Жатақхана формасына жазбаларға есеп беру құрыңыз.
Тақырыпқа байланысты бақылау сұрақтары:
QReport бетін қалай шығарамыз?
QuickRep компоненті қандай қызмет атқарады?
HasTitle, HasDetail, HasColumnHeader ішкі қасиеттері қандай қызмет атқарады?
№15 практикалық жұмыс.
Достарыңызбен бөлісу: |