Басылым: алтыншы



бет3/20
Дата14.10.2023
өлшемі1,27 Mb.
#114170
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Практика

Параметрлік сұраныс


Көп жағдайда қолданушыға құрылған сұраныс бойынша жұмыс істеуге тура келеді, бірақ кей жағдайларда таңдау кезінде біршама өзгешеліктер болады. Осы кезде қайта- қайта сұранысты баса бермес үшін, сұранысты параметрмен құру керек.
Қорытынды сұраныс


Бұл сұраныстың ерекшелігі - олар негізгі кестедегі мәліметтердің негізінде уақытша қорытынды кесте құрады. Негізгі кестемен жұмыс істегенде қатты дискімен жұмыс істейміз, ал оған кез келген кезде қатынау көп уақыт алады. Ал сұраныстың көмегімен алынған уақытша кестеде біз тек экрандағы бейнемен жұмыс істейміз, оған қатынау тез уақытта жүзеге асады.
Нәтижелік кестені жасауда ақпаратты тағы да өңдеуге болады (мысалы, мәліметтерді алфавиттік ретпен және өсуі бойынша орналастыруға болады және т.б)
Сұраныс үлгі бойынша сұраныс бланкісі негізінде құрылады.


Есептеулері бар сұраныстар
Кестеге сандық өріс мәндерінің қосындыларынан тұратын жаңа өріс қосу есептеулері бар сұраныстар құру деп аталады.


Автосалон кестесінен конструктор режимінде бағасы 6000$ -дан төмен барлық автомобильдерді көрсететіндей сұраныс
жасау керек. Ол үшін:

  • Сұраныстар жапсырмасын қосып, Жасау батырмасын басу керек.

  • Кестелерді қосу терезесінде Автосалон кестесін таңдап, Қосу батырмасын басу керек.

  • Жабу батырмасын басу керек.

Экранда тек қана Автосалон кестесінің аты бар, осы кестенің өрістері көрсетілген үлгі бойынша сұраныс бланкісі бар терезе қалады.

  • Модель өрісін таңдаймыз және тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап, Өріс жолына бланкінің төменгі жағына көшіреміз. Өріс аты жолында автосалон кестесінің аты пайда болады.

  • Баға өрісін де осылайша көшіреміз.

  • Сосын Баға бағанында, таңдау шарты жолында «<6000»-ны тереміз.

  • Терезені жабамыз, пайда болған терезеде сұраныс атын береміз, мысалы, Баға.

Қарау режимінде сұранысты ашамыз және бағасы 6000$-дан төмен автомобильдер тізімін көреміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет