Басылым: жетінші



Pdf көрінісі
бет67/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

2004 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасының Парламенті "Жануарлар 
дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заң қабылдады. Ол 11-
бөлімнен, 61 баптан тұрады. Бұл заңның реттеу нысаны табиғи еркіндік жай-күйінде 
болатын жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастар 
болып табылады. 
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасының 2006 
жылғы 7 шілдеде №175 Заңының 11- тарауында қарастырылған.
 Қазіргі кезде Қазақстан аумағын шаруашылық жағынан игерудің қарқыны артты. 
Сондықтан сол аймаққа тән табиғи ландшафтылардың белгілі бір қайталанбас бөліктерін 
сақтап қалу мақсатында қорғалатын аумақтар ұйымдастыру қажеттілігі туып отыр. 
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтары экологиялық
ғылыми және мәдени жағынан құнды ұлттық байлығымыз болып саналады. Қазіргі кезде 
бір-бірімен тығыз байланысты табиғат құрам бөліктерінің жүйесі ретінде 
ландшафтыларды қорғау мәселесі ғылыми бағыт алды. Қазақстан Республикасының 1997 
жылғы 15 шілдедегі қабылданған «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңы 
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік 
және ұйымдық негіздерін белгілейді. Осы Заңның 1-бабында ерекше қорғалатын 


Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
аумақтарға мынадай анықтама берілген: «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – ерекше 
құқықтық қорғау режимі бар не мемлекеттік табиғи қорық қорын сақтау мен қалпына 
келтіруді қамтамасыз ететін және жер қойнауы үлескілері». Сонымен атар бұрыннан бар 
қорғалатын аумақтардың санын арттырып, аумағын ұлғайту мәселесі қойылуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет