Басылым: жетінші


Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға



Pdf көрінісі
бет68/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   174
Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға: 

Мемлекеттік табиғи қорықтар; 

Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар; 

Мемлекеттік табиғи резерваттар; 

Мемлекеттік табиғи саябақтар; 

Мемлекеттік табиғат ескерткіштері; 

Мемлекеттік қорық өңірлері; 

Мемлекеттік табиғи қорықшалар; 

Мемлекетік зоологиялық бақтар; 

Мемлекеттік ботаникалық бақтар; 

Мемлекеттік дендрологиялық бақтар; 

Мемлекетік қорғалатын табиғи аумақтардың ормандары; 

Ерекше мемлекеттік маңызы бар сулы-батпақты алқаптар; 

Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар; 

Жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан 
ерекше құнды үлескілері. 
Мемлекеттік табиғи қорық қоры – қоршаған ортаның табиғи эталондар, 
реликтілер, ғылыми зерттеулерге, ағарту және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекетті 
қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. 
Қорықтардың басты мақсаты – табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік 
ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен табиғи қоса сақтау, табиғат кешендерінің 
даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта 
болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. 
Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы 
орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шаққанда қорықтар үлесі жөнінен 
13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар 
көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс 
істейді. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық 
көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау қоғамы 
өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы. 
Е
рекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылау – ерекше 
қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның тексерілетін субъектілер 
қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі 
мәніне тексеру және қадағалау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және 
оның нәтижелері бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеу сипатындағы шаралар 
қолданылуы 
мүмкін; 
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік қадағалау – ерекше 
қорғалатын табиғи 
аумақтар 
саласындағы 
уәкілетті органның тексерілетін 
субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру 
және қадағалау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері 
бойынша құқық шектеу, оның ішінде жедел ден қою сипатындағы шаралар қолданылуы 
мүмкін; 
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – 
уәкiлеттi орган) – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару, бақылау және 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет