33-бап. Табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк инспекторлары 1. Табиғат қорғау мекемелерi мемлекеттiк инспекторларының өз аумағы мен
күзет аймақтарының шекарасында:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жүрген адамдардан осында болу құқығына
берiлген рұқсатты тексеруге;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының
заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуын бақылау мақсатында
табиғат қорғау мекемесінің және оның күзет аймағының аумағындағы жеке және заңды
тұлғалардың объектілеріне баруға;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және
пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан
Республикасының орман заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда жеке және заңды
тұлғалардың қызметiн тоқтата тұруға;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және
пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан
Республикасының орман заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жеке немесе заңды тұлғалардың қызметiн тоқтату
немесе оған тыйым салу туралы сотқа талап арыз беруге;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және
пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан
Республикасының орман заңнамасын бұзу салдарынан келтiрiлген шығынның мөлшерiн
анықтауға және осының негiзiнде кiнәлi тұлғаларға осы шығынды ерiктi түрде өтеу
туралы талап қоюға не сотқа талап арыз беруге;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және
пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан
Республикасының орман заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайларда мемлекеттiк
инспекторлардың актiлер жасауға және материалдарды шаралар қолдану үшiн тиiстi
мемлекеттiк органдарға жiберуге;