Баспадан Қара нанның дәмі Алғашқы тәлімгерлер Ыстық стаж Тұйық шеңбер Мәселелер осылай шешілетін Уақыт перзенттері Ескі екпін күшімен Біреудің қатесі үшін біреу



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата28.01.2017
өлшемі0,97 Mb.
#2871
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Главалмаатастрой басқа əлеуметтік, мəдени-тұрмыстық объектілер үшін
материал жəне еңбек ресурстары жетпей жатқанда құны 9,3 миллион сом
тұратын Орталық мемлекеттік музейді қауырт қарқынмен салды. Кейбір
кездерде «өмірлік» қажетті деп даурықтырылған бұл объектіге 1000 адамға
дейін шоғырландырылды. Музей өткен жылдың маусымында пайдалануға
берілгенімен, келушілер үшін тек таяуда ғана ашылды. Астананың
«абыройлылар» қатарындағы басқа да объектілері осындай əдіспен
тұрғызылды. Бұл объектілердің Алматы үшін артық еместігі даусыз. Бірақ
ең алдымен тұрғын үй салу керек еді, оның бесжылдық жоспары қала
бойынша 115 мың шаршы метрдей кем орындалды. Шымкент
облысындағы Сарыағашта документациясыз, 12 пəтерлік үй деген
желеумен люксті нөмірлері бар, шетелдік мебельмен, қымбат кілемдермен
жəне аппаратурамен жабдықталған, ерекше мақсатқа арналған сəулетті
оңаша үйді Чимкент- сельстрой-25 тресінің асығыс түрде салғаны «Правда»
газетінде жарияланған материалдан сіздерге мəлім. Ол үшін жауап беретін
кез келгенде Шымкент облыстық атқару комитетінің төрағасы Жандосов
жолдас: бұл объект жөнінде ешнəрсе білмейтін едім, деп шыға келді.
Бəлкім, ол расын да айтқан шығар: облыс басшылығының көз алдында
мұндай объектілердің талайы салынып жатқанда, құны 0,5 миллион сомнан
астам біреуінің көзге ілінбей қалуы да ғажап емес. Онда алғаш
демалғандардың бірі Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің
председателі Бектемісов жолдас болып шықты, ал ол өзінің қызмет парызы
бойынша құрылыстағы осындай астамшылықты жоюға тиіс еді. Кейбір
жолдастар қатардағы үйлерде тұруды өзіне ар санайды, олар үйдің төбесі
өзгелердікінен биіктеу, көлемі кеңірек етіп ерекше жоба бойынша
салғызады. Жамбыл облыстық атқару комитетінде 6 пəтерлік тұрғын үй
нақ осындай кең құлашпен салынды да, оған облыс басшылары кіріп алды.
Партия бүгін таңда батыл күрес жүргізіп отырған менмендіктің, өзін
129

өзгеден артықпын деп көрсетуге тырысудың көрінісі осында жатқан жоқ
па. Өкінішке қарай, мұндай астамшылық көптеген аудандар мен
шаруашылықтардың басшыларына да тез тарап, олардың бойында
коммунистің келбетіне жараспайтын мінездер пайда болады, ал мұның өзі
көп ретте олардың еңбек коллективтерінде құрмет пен беделден, ақыр
соңында тіпті лауазымды қызметінен айырылуына апарып соқтырады. Осы
арада қала сыртындағы резиденциялар мен сəулетті оңаша үйлер туралы
айтпай кетуге болмайды. Олар облыстардан келетін құрметті меймандарға
деп салынады да, анда-санда бір келетін сондай қонақтарды күтіп, айлар
бойы қаңырап бос тұрады. Өз арасынан көптеген басшыларды өсіріп
шығарған, тəрбиелеген жұмысшы табының мұндай байбатшалық қылыққа
кейіп, заңды түрде наразылық білдіруіне хақысы бар.
...Пəтер бөлу кезіндегі əлеуметтік əділеттік принциптерін бузудың
ашу-ыза туғызатын фактілерін айтпай кетуге болмайды. Ал бұл ең алдымен
кеңес органдарының қасиетті міндеті ғой. Тұрғын үй заңдарын өрескел
бұзғаны үшін Көкшетау, Қызылорда қалалық партия комитеттерінің
бірінші хатшылары мен қалалық атқару комитеттерінің төрағалары,
Жамбыл қалалық атқару комитетінің төрағасы жəне басқа бірқатар адамдар
қызметтен босатылды.
Алматыда үлкен еркінсушілік пен жолсыздықтарға жол берілді.
Тексерудің көрсеткеніндей, соңғы 2,5 жылдың ішінде қаланың аудандық
атқару комитеттері кезекте тұрғандарды қамтамасыз ету үшін астанада
пайдалануға берілген тұрғын үйлердің тек бір процентін ғана бөлген...
Алматы облыстық атқару комитетінің төрағасы Беляков жолдастың қызмет
жағдайында үш бөлмелі пəтерін балаларына беріп, зайыбымен бірге жаңа
төрт бөлмелі пəтерге ауысуы ешқандай қиындыққа соққан жоқ. Ал, 1982
жылдан Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің төрағалығына
ұсынылған Əбенов жолдас тіпті Алматыдағы бұрынғы пəтерінің есебінен
шықпастан Өскеменде пəтер алған. Мұндай мысалдарды тізіп жату,
жолдастар, көп уақыт алар еді. Жəне осындай бассыздықтар тым етек алып
кетпесе, олар жайлы айтпауға да болар еді.
Ал осылардың бəрі астанада 3 мыңдай соғыс мүгедектері мен
бұрынғы майдангерлердің, қаза тапқан əскери қызметшілердің семьялары
жайлы пəтер ала алмай жүрген кезде, көптеген мұқтаж адамдар пəтерді 20
жылдан астам уақыт бойы күтіп жүргенде істеліп отыр. Көзге түсетін тағы
бір жағдай, кейбір жоғары лауазымды адамдар өздерінің жақындарын
130

міндетті түрде қаланың орталығындағы, міндетті түрде жақсы
жоспарланып, əрленген жаңа үйлерге орналастыруға тырысады. Осылай
істеу үшін өтірік-шынды араластырып жібереді. Ашығын айтайын, мұның
бəрі ондай жолсыздықтарды анықтау үшін қазір арнайы тексеруді талап
етіп отыр.
...Тұтыну кооперациясында ерекше төзгісіз жағдай қалыптасты,
мұнда есеп-қисаптың бетімен жіберілуі, талаптың нашарлығы, кадрларды
іріктеу мен орналастырудағы кемшіліктер салдарынан Тəнекеев жолдас
Қазақ ССР Тұтынушылар қоғамдары одағы басқармасының төрағасы
болып істеген кезеңде кооператив қаржысын ірі мөлшерде сіңіріп кету
əдеттегі құбылысқа айналды. Бұл жүйеде тек өткен бесжылдықтың 4,5
жылында ғана талан-таражға түскен жəне ұрланған заттардың жалпы
сомасы 20 миллион сомнан, ал өнімсіз шығындар мен ысырап 46 миллион
сомнан асты.
Жезқазған қалалық кооперативтік сауда жүйесінде 768 мың сомның
товары талан-таражға салынып, заңсыз жұмсалғаны анықталды. Шымкент
облыстық тұтынушылар қоғамдары одағы жүйесінде тек өткен жылы 1
миллион 400 мың сом алаяқтардың аузында кетті. Алматы облыстық
тұтынушылар қоғамдары одағының төрағасы Горгопко жолдас оңды-солды
қосып жазудың, қоғам мүлкін ұрлаудың жəне басқа шаруашылық айла-
шарғыларының кеңінен етек алғаны үшін жұмыстан босатылды. Бұл
сияқты келеңсіздіктерге басқа облыстарда да жол берілуде. Олармен үзілді-
кесілді аяусыз күрес жүргізу керек. Право қорғау органдары мұндай
бұрмалаулар туралы дер кезінде хабар алмады деп ойлаудың қажеті жоқ.
Өкінішке қарай, қылмысты жөргегінде құрту олардың əдетіне айналмаған.
Сол орган қызметкерлерінің өздерінің халық мүлкін талан-таражға
салушылармен ауыз жаласатын оқиғалары да кездеседі...» 
Шынымды айтайын: бұл баяндамамда мен Қонаевтың жеке басына
тиіскен жоқпын. Оның үстіне, мəселелердің бұлай батыл қойылуы арқылы
оған көмектесетін шығармын, əбден енжар болып алған басшылардың
тобын əлдебір серпілдіре алармын, Орталық Комитеттің бірінші хатшысын
да ертелі-кеш біржола жұтып тынбайтын ми батпақтан сақтандырармын
деген үмітте болдым. Өйткені, бəрін де былай қойғанда, өз арамыздағы
елеулі тартыстарға қарамастан, менің ішкі жан дүниемде оған деген ең
қарапайым адамгершілік сый- құрмет сезімі өшпеген еді, ол сезім əлі де
өшкен жоқ. Айта беретін несі бар, бізді республикамыздың басшысын
131

құрметтеу рухында жастайымыздан тəрбиелеген болатын. Қалалар мен
кабинеттердегі ғана емес, сонымен қатар тіпті бомбадан паналайтын
орындардың өзіндегі сəн беріп тұратын оның портреттері осыған
итермелейтін. Ал кейінірек жұрт маған онсыз Компартия Орталық
Комитетінің хатшысы, ал соңынан Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің
Төрағасы бола алмас едің ғой дегенді де жиі-жиі ескертетін.
Съезд делегаттарын дүр сілкіндірудің сəті түсті. Олар менің
баяндамамды талай рет қол шапалақтап бөлумен болды, ал мінберден
кетерімде шын мəніндегі ду қол шапалақтау залды кернеп кетті. Бұл
жөнінде жалған қарапайымдылықпен айтып отырған жоқпын. Өйткені
содан не бары бірнеше ай бұрын ғана, мен бұл жөнінде жоғарыда айтып
өткен болатынмын, сынға, талапшыл талғампаздыққа құрылған əңгімені
бастамақ болған мұндай əрекетім мейлінше үнсіз қарсылыққа тап болған
еді. Енді, міне, жағдай күрт өзгерді — адамдар өзгерістердің тұрлаулы
болатынына сенді. Алайда мінберден президиумның столына қарай келе
жатқанымда өзімнің бастығымның тастай қатқан, сырын алдырмайтын
жүзі көзіме бірден шалынды.
Сол күннен бастап менің ізімді аңду, шын мəніндегі қуғындау етек
алды. Өзіме жасалған жан-жақты шабуылдың, жұмсартып айтқанда,
этикаға жатпайтын құралдарын егжей-тегжейлі айтып жатуды
қаламаймын. Оның үстіне, қызбалық баяғыда-ақ басылған, көптеген
адамдардың өздерінің лайықсыз қылықтары үшін шын ниеттерімен
өкінгенін де білемін. Бір-ақ нəрсені айтайын. Қазақстан Компартиясының
XVI сьезі мен СОКП XXVII съезінің аралығында өткен үш аптаның ішінде
менің үстімнен 53 арыз-шағым ұйымдастырылды. Олардың бəрін де неше
түрлі комиссиялар мұқият тексерді.
Мен үшін ауыр кезең басталды. Бұл жолы да төтеп беруіме
көмектескен не нəрсе еді? Ең алдымен өзгерістерді дұрыс қабылдаған жəне
оған сенген жолдастардың принципті қолдау көрсетуі болды. Сол XVI
съезде менің бетің бар, жүзің бар демей сынға құрылған баяндамамның
сарыны Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы 3.
Камалиденовтің, облыстық партия комитеттерінің хатшылары Е. Н.
Əуелбековтің жəне қазір марқұм болған Ю. Н. Трофимовтың сөздерінде
одан əрі жалғастырылды. Бірақ бізді қазақ халқының ұлы перзентіне күйе
жағушылар деп мəлімдеме жасаушылар да аз болған жоқ. Кейде бəрі де
қайтадан кері айналуы мүмкін болып та көрінді: Қонаевты республика
132

Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы етіп, одан соң СОКП
XXVII съезінде Саяси Бюроның мүшесі етіп тағы да қайта сайлады.
Бірақ, бұған қарамастан тоң жібіді, сең қозғалды. Менің айқындамам
Саяси Бюро мүшелері арасында, ең алдымен М. С. Горбачевтің тарапынан
қолдау тапты. Қонаев мені Министрлер Кеңесінің Төрағасы қызметінен
босату жөнінде мəселе қойған соң жəне ол мені өзін «аңдып отыруға»,
билікке апарар жолды тазалап алуға бел буды деп əлденеше рет
мəлімдегеннен кейін Михаил Сергеевич оған қалыптасқан жағдайды Саяси
Бюроның мəжілісінде мені қатыстыра отырып ашық талқылауды ұсынды.
Дінмұхамед Ахметұлы мұндай «көзбе-көз беттестіруден» бас тартты.
Бұл мəселе жөнінде Е. К. Лигачев ұстанған берік те дəйекті көзқарас
туралы үнсіз қалу менің тарапымнан кісілікке жатпас еді. Тоқырау кезеңін
шаңын қаға тас-талқан етіп сынап, біз əрқайсымыз өзіміздің қалауымызға
қарай, бұл кезеңнің барлық қайраткерлеріне айдар тағып, олардың
біреулерін «демократтарға», екінші біреулерін «консерваторларға» қосып,
білгішсінгеніміз аян. Бірақ, біз демократиялық праволық мемлекетті құра
бастаған екенбіз, онда өз көзқарасын қорғайтын адамдарға сыйластықпен
қарауға да міндеттіміз. Қоғам бұл айқындаманы қабылдай ма, жоқ па, ол
басқа шаруа. Егор Кузьмичтің шектен шығып кетпеуінің, қоғамдық- саяси
процестерде өз түсінігін, өзінің идеялық сенімін ашық айтып, қорғай
алуының өзі ғана, меніңше, оған абырой əпереді. Ал бұл екі арада, қазір біз
кейде қызық жайттың куəсы болып жүрміз. Жуырда ғана Лигачевтін
соңына шам алып түсіп, оны шындап қуғындауды ұйымдастырған
демократиялық баспасөз бүгінде оның естеліктерін бар ықыласымен
жариялап жүр.
Шағын шегіністі осымен тəмəмдап, Қазақстандағы жағдайды
сауықтыру жолындағы ауыр, бітіспес күресте Е. К. Лигачевтің қолдауының
үлкен мəні болғанын тағы да атап көрсеткім келеді. Ол, атап айтқанда,
менің СОКП Орталық Комитетіне, М. С. Горбачевтің жеке өзіне жағдайды
өз пайымдауымша баяндап, біздің ісіміздің ақ-қарасына жету үшін
республикаға комиссия жіберуді қадала сұрап, өтініш білдірген кезімде,
менің айқындамамды толық қуаттады. Бұл менің сол бір жағдайда өзге
амалым қалмағандықтан ең соңғы қадам жасауға мəжбүр болған кезім еді.
Оның тіпті əлі күнге дейін қорқынышты жайсыз түс көргендей суреттері
көз алдымда. Сол ұсынысымда өзімді Министрлер Кеңесі Төрағалығы
қызметінен босату жөніндегі өтінішім де айтылған болатын. Өйткені
133

мұндай жағдайда одан əрі жұмыс істеу мүмкін емес еді.
Өткендегі танымал басшылардың тағдырлары туралы айта отырған
сəттеріңізде, Сіз, сірə, кешегі жылдары солармен қоян-қолтық бірге жұмыс
істеген көптеген партия қайраткерлерінің бүгіндері партияны ең өршелене
сынаушы, өтірік болсын, шын болсын, оның барлық күнəларын
əшкерелеушілер кейпіне енгенін жақсы білетін шығарсыз. Бұл ерекше
құбылысты Сіз қалай бағалайсыз?
Меніңше, бұрынғы сенімнен бас тартудың бəрін бірдей сатқындыққа
жори берудің жөні жоқ. Біздің көпшілігіміз марксизм-ленинизмді догмалық
тұрғыдан түсінудің тұтқынынан шыға алмай, қайдағы бір «таза» идеяға
қалай болса солай сеніп келдік қой. Егер адасқанда адал ниетпен адассақ,
онда ақиқатқа көзіміз ашылуы да адал ниеттен туындамауы мүмкін бе?
Маркстің — Лениннің теориялық мұраларын жаңаша, шығармашылдықпен
оқып-үйрену, оны сталинизмнің қатып қалған біржақты түсініктерінен
арылту социализмнің шын мəнін түсіну үшін бізге əлі де көп нəрсе береді
ғой деп ойлаймын. Біз бұған дейін өзімізде жалпы алғанда социализм
болды ма өзі деп ойланып-толғандық. Менің өз басым, мəселен, біз 70 жыл
бойы жұмылдырушы экономика деп аталатын экономика тұсында тіршілік
етіп келдік деп санайтын экономист-қоғамтанушылардың пікіріне ден
қоямын. Кəне, өткенімізге тағы бір рет көз жүгіртейікші: жұмылдыру үстіне
жұмылдыру болып келгені рас қой. Адамдарды азамат соғысына
жұмылдырдық, ашаршылық күйзелісіне қарсы күреске, индустрияландыру
құрылыстарына жұмылдырдық. Ұлы Отан соғысынан кейін халық
шаруашылығын қалпына келтіруге, тың жəне тыңайған жерлерді игеруге,
ең соңында, екпінді комсомол құрылыстарына (соңғысының бұдан да əдемі
жастардың қоғамдық үндеуі деген атауы да бар) жұмылдырдық. Жоспарды
орындауға жəне асыра орындауға үздіксіз шақырған кезекті жұмылдырулар
туралы айтып та отырған жоқпын. Шын мəнінде, қоғамымызда жеке
адамды күштеп көндіру принципі заңдастырылды, жəне ол, қандай өрескел
болса да, қабыл алынды. Ал барлық диктаторлардың билікке бауыр басып
кеткені соншалық, адамдарды əлгі жағдайдан тіпті де шығарғысы келмеді.
Біз жұртты жұмылдырумен сырты жылтыр догмаларға алданып,
шиеленісіп бара жатқан экономикалық проблемалардың мəніне түсіне
алмай жүргенде бүкіл дүние жүзі халықтың тұрмыс дəрежесін арттыру мен
олардың өмірін жақсарту мəселелерін шешуде шарықтап алға кетті. Біздің
экономикалық өндірістік қатынастарымызда, егер осылай айтуға болса,
134

социалистік мазмұн деген болды ма өзі? Бұл жайында
қоғамтанушыларымыз мықтап ойлануға тиіс. Мен былай деп есептеймін,
бұл сұраққа жауап беру үшін бізге экономикада пікір алуандығын
орнықтыру, нағыз демократиялық жəне азат қоғам орнату ниетімен өзіміз
ұмтылыс жасап отырған сапалық жаңа жағдай жəрдемдесе алады.
Сондықтан да қазіргі кезде адамдарды олардың белгілі бір идеяға
берілгендігіне қарап бағалауға болмайды ғой деп ойлаймын. Ал өздерінің
көзқарастарын уақыт əуеніне, саяси конъюнктураға, көсемдердің мінез-
құлқына қарай қырық құбылтып əдеттенген көптеген қайраткерлерді де
жақсы білетініміз туралы сөз басқа болуы тиіс. Ондайлар бір жақтан екінші
жакка лып етіп өте шығады. Бірақ бəрібір оларға баға беріп, атын атап,
түсін түстеп жатуға болмайды ғой деп ойлаймын. Мұны олардың өз ар-
ожданына жүктейік. Соңғы уақытта Коммунистік партияның қатарынан
шығу неге жиілеп кетті? Көптеген адамдардың СОКП- дан қол үзуінің
себебі олардың партияны бұрын үстем болып келген идеологиямен, оның
ат төбеліндей төрешіл тобымен, халық алдында өздерінің абыройынан
жұрдай болған жеке адамдармен тұтастай теңестіруінен ғой деп ойлаймын.
Партиядағы қайта құру мен демократияландыру ісі төзуге болмайтындай
ұзаққа созылып кетті, саяси өмірдің өзгерістерінен артта қалып қойды. Ал
біз болсақ, ашық еркін қоғам жағдайындағы əр түрлі саяси күштердің
бəсекелес күресінің белесіне əлдеқашан шығып қалған болатынбыз. Бұл
күресте СОКП-ның тағдыры оның бағдарламасы халықтың басым
көпшілігінің мүдделерін білдіре алатындығына, оны еңбекшілердің түсініп,
дұрыс қабылдауына тұтасымен əрі толық байланысты болады ғой деп
ойлаймын. Жаңа жағдайларда билікті сақтап қалу үшін əдетте аудандық
партия комитеттері ұйымдастыратын, «Мақұлдаймыз, қолдаймыз» деген
транспаранттар көтеріп шығатын айқай-шулы даурықпа шерулерге үміт
артуға болмайды. Сайлаушылардың даусына ие болу үшін күресуге тура
келеді. Қазір халықты өзінің соңынан ерте алуға мүмкіндік беретін айқын
нысаналар партияда бар ма? Менің ойымша, бар. Біріншіден, мұның өзі
интернационализм жолын ұстанушылық. Саясатта айла-шарғы жасаушы
белгілі бір топтар ұлтшылдық пен сепаратизмді қоздыруға қаншалықты
жанталаса тырысып бақса да, еліміздің барлық ұлттары мен ұлыстарының
достық пен ынтымақта өмір сүруге деген ұмтылысын бəрібір тежей
алмайды. Екіншіден, мұның өзі ССРО-ны сақтап қалу жолындағы, бірақ
бұрынғы түрінде емес, қайта егеменді мемлекеттердің жаңарған одағы
135

ретінде сақтап қалу жолындағы дəйекті күрес. Мынаған кəміл сенуге
болады: халқымыздың жан дүниесіндегі оның ортақ Отанға тəн екендігінің
ұлы сезімін жойып жіберу ешкімнің де қолынан келмейді. Ал, үшіншіден,
СОКП негізгі экономикалық реформаларды жүргізуші басты күш болуы
тиіс. Нарықтык, қатынастарға көшпей қоймайтынымыз сөзсіз. Сондықтан
да нарық дегеніміз нақты түрде қандай болуы керек, меншіктің барлық
түріне бірдей жол беруге бола ма, жекеменшіктендірудің меншікті
мемлекетсіздендіруден айырмасы қандай деген сияқты схоластикалық
құрғақ пікірталас атаулының бəрі де ертеңгі күні бізді сөзсіз жəне біржола
тұңғиыққа батыратын басы артық ауыр жүктің тап өзі болып шығуы ғажап
емес.
Бұл сұрақ маған бірінші рет қойылып отырған жоқ. Мен бұл
проблемаға əрбір аймақтың, республиканың ерекшеліктерін ескере отырып
келу керек деп санаймын. Қос қызметті мұндай ұштастыру қазір кей
жерлерде тиімсіз болар, ал кей жерлерде мұны қоғамдық сана қажеттілік
деп қабылдап отыр. Егер Қазақстан туралы нақты айтатын болсақ, мұнда
Компартияның беделі жоғары қалпында қалып отырғанын атап көрсетуіміз
керек. Ол біздің бүгінгі қайнаған қоғамдық өмірімізде күштерді біріктіруде
орасан зор роль атқаратын ең ірі саяси күш болып отыр. Мұның нақты
дəлелі ретінде халық депутаттарының барлық сатыдағы Кеңестеріне —
жергілікті Кеңестерден бастап республика Жоғарғы Кеңесіне дейін —
сайланған депутаттардың басым көпшілігінің коммунистер екендігін
айтсақ та болады. Сондықтан да олардың республикадағы мемлекеттік
жоғары қызмет орындарына партия мүшелерін ұсынуға құқының да,
мүмкіндігінің де болғаны мейлінше табиғи нəрсе. Екінші жағынан
келгенде, саясатшының, мемлекет қайраткерінің нақты саяси күшке арқа
сүйеуіне неге болмасқа?
Бұл мəселенің тағы бір көңіл аударарлық маңызды жағы бар.
Партияның, оның басшы органдарының бұрынғы кездегідей қалыптасып
қалған дəстүрлі күшті ықпалы қазір жоқ. Ал Кеңестердің қызметінде
тəуелсіздік барған сайын көбірек көрінуде. Бірақ əзірше Кеңес өкіметі, сөз
арасында айта кетейік, демократияның өзі сияқты (біз əлі тіпті пікір
таласының мəдениетін де игерген жоқпыз) аяғынан нық тұра қойған жоқ.
Егер əрине, партия органдары қоғамды жаңарту ниетінде болса, онда
Кеңестер мен партия арасындағы биліктің ара жігін ажырату процесін
белден басып, қолдан тездетуге болмайды. Егерде біз осы жолмен тарта
136

беретін болсақ, онда республиканың көптеген аймақтарында сөзсіз қос
өкімет орнатқан болар едік. Ал мұның өзі іс-қимылдағы келіспеушілікті
ғана емес, сонымен қатар елеулі тəжікелестік қаупін де туғызар еді. Мұндай
мысалдарды еліміздің саяси өмірінен аз байқап жүрген жоқпыз. Сондай-ақ,
республиканың көптеген қалаларында, аудандарында, кейбір
облыстарында мұндай ара жікті ажыратып алулар болды да. Бірақ біз одан
қорықпаймыз жəне оған ешкім де — Компартияның Орталық Комитеті де,
Президент ретінде мен де — кедергі жасамаймыз. Біз бұл аймақтарда
демократияның тереңдеу процесінің табиғи, байсалды да заңды жолмен
өтуіне қажетті алғышарттардың негізінен пісіп-жетілгенін көріп отырмыз.
Демек, біз ескірген дəстүрлерді сақтап қалуға ешқашан да тырыспаймыз,
бірақ сонымен қатар «Əйтеуір қиратсақ болғаны» деген принцип бойынша
əрекет ету ниетінен де аулақпыз.
Ең соңында, екі жоғары қызметті бір-бірімен ұштастыру
Компартияны қайта құруға, оның шын мəніндегі
саяси партияға айналуы процесіне неғұрлым белсенді ықпал етуге
мүмкіндік береді. Біз партия аппараттарын шаруашылық істердің ескірген
түрлерінен жəне оларға тəн емес басқа да міндеттерден батыл арылтып
келеміз. Олардың барлық буындардағы штаттарын күрт қысқарттық.
Əрине, бұл партия комитеттері экономикамен мүлде айналыспауы тиіс
дегенді білдірмейді. Бірақ олардың негізгі міндеті шаруашылық
қызметкерлерін алмастыру емес, қайта экономикалық саясатты белгілеу,
коммунистердің іс-əрекетінің стратегиясы мен тактикасын жасау болуы
тиіс.
Партиялық жəне мемлекеттік қызметті бір-бірімен ұштастырудың
немесе олардың ара жігін ажыратудың қоғамдық тиімділігінің басты
өлшемін мына жағдайдан көремін. Егер партия органдары мен СОКП
ұйымдары конституциялық шеңберде іс-əрекет етіп, өзге партияларға
қысым жасап, өктемдік көрсетпесе жəне өкімет билігі жолындағы қалыпты
саяси бəсекелестікке, өркениетті күреске ықпал ететін болса, онда мұның
өзі қоғамды сауықтыруға, біздің əрқайсымыз үшін өмірлік маңызы бар
проблемаларды шешу үшін ондағы күштерді біріктіруге ғана қызмет етеді.
Нұрсұлтан Əбішұлы, нарықтық қатынастар тапқырлықты, іскерлік
ынта-жігерді, бизнесті қажет етеді, жаңа тұрпатты «іскер адамдарды»
қалыптастыратын болады. Бəрі де ақшаға келіп тіреледі. Көптеген адамдар
мұндай прагматизм сананы «материяландыруға», рухани
137

қазыналарымызды одан əрі жоғалтуға алып барып соғады деп есептейді.
Кісі таң қаларлық оғаштықтың өзі де тап осы арадан көрінеді: біз
өзімізді барлық уақытта да терең сенімді дəйекті материалистерміз деп
санап келдік. Шынында да біздің дүниетанымымыздың негізінде сананы
болмыс билейді деген кағида болып келген емес пе еді? Сонымен қатар біз
буржуазиялық дүниенің идеалистік тұжырымдама атаулыларының бəріне
де қара күйе жағып келдік қой. Ал практика жүзінде «идеалистер» болмыс
проблемаларымен түбегейлі түрде шындап айналысты да, біздің
«материалистеріміз» қайдағы бір қисынсыз қиялдарға негізделген
тұжырымдамаларды бірінен соң бірін қоздатумен болды. Өмірден қол үзіп
қалған идеализм біздің қоғамдық қатынастарымыздың барлық саласына
еніп қана қойған жоқ, сонымен бірге экономикамызды да шарпыды.
«Əркімге — еңбегіне қарай» деген принципті теңгермешілдікпен
алмастыру арқылы біз адамды қожайын болу сезімінен жұрдай еттік,
жалпыхалықтық игілікті ешкімдікі де емес, иесіз байлық жасадық жəне тап
соның негізінде миллиондаған масылдарды тəрбиеледік. Нарықтық
экономиканың қарсыластары шыж-быжы шығып қорғамақ болып жүрген
рухани қазыналарымызға келетін болсақ, біз оларды халық өмірінің
қайнаған қалың ортасынан баяғыда-ақ түп-тамырымен жұлып алып, өз
табанымыздың астында таптап тастаған жоқ па едік, ал одан қалғанын
шетелге жөнелтіп жібермеп пе едік? Өйткені қысқа жіпті күрмеуге келтіре
алмай-ақ қойғанымыз рас қой.
Өзімізді өзіміз басымызбен тұрғызбай, аяғымызбен тұрғызатын,
сөйтіп қалыпты жағдайда тұрып, шын мəнінде бізде нендей жағдайлар
болған өзі деп, жан- жағымызға жіті қарайтын кез əлдеқашан жетті. Сол бір
ынта-жігерлі əрі тапқыр да іскер адамдарды біз, сөздің тура мағынасында
айтқанда, басып-жаншып, тұншықтырып тастадық, немесе оларды бейне
бір мазасыз шыбынды қуғандай-ақ маңымызға жолатпадық. Соның
салдарынан да дүние жүзінде теңдесі жоқ миллиондаған жаңалықтар мен
өнертабыстар зая кетті. Ең бастысы — адамдардың тағдыры тəлкекке
ұшырады. Мысалы, ауыл шаруашылығы өндірісінің жаңашылы И. Н.
Худенко тартқан тақсірет бүкіл елімізге мəлім болды. Қой шаруашылығын
индустриялық негізге көшіруге мүмкіндік беретін мал азығындық жемшөп
өндірісінің бірегей тұтас кешенін жасаған семейлік А. А. Княгининнің
көрген қыруар азабын, тіпті ақыр аяғында түрмеге қамалуға дейін қорлық
көргенін еске түсіруге де болады. Айтпақшы, ол қазір Қазақ ССР-інің
138

халық депутаты болып сайланған. Қора-қопсылар, жылыжайлар,
ауылшаруашылық өнімдерін сақтайтын қоймалар, шеберханалар жасауға
арналған жеңіл құрылғылар ойлап тапқан Н. Ф. Жалыбиннің жəне оның
екі ұлы — Николай мен Олегтің тағдырларына өзім Республика
Министрлер Кеңесінің Төрағасы болған кезімде ара түсуіме тура келді.
Егер əдеттегі қоралар 300 мың сом тұрып келсе, Жалыбиндердікі бар
болғаны 40 мың-ақ сомға түсетін еді. Бірақ ағайынды Жалыбиндер ондаған
жылдар бойы төрешілдіктің тас қамалын бұза алмады, неғұрлым қымбат
болса, солғұрлым жақсы деп санайтын ысырапшыл сиықсыз
экономикамыздың қатып-семіп қалған мызғымас тірегін шайқалта да алған
жоқ. Қазір жалыбиндік құрылғылар республикамызда кеңінен таратылып,
қолданылып жүр. Бірақ бұл қаншалықты қиын болды десеңізші!
Халық өзін байлар жəне кедейлер деп жіктеп бөлуді қабылдай
қоймайды деген сөздер де айтылып жүр. Сонда біз оған мұның орнына не
ұсына аламыз — қайыршылық халдегі теңдікті ме? Қазір онсыз да 60
миллион адам кедейшіліктің ең соңғы қиын шегіне жетіп отыр.
Халқымыздың рухани өміріне келетін болсақ, ең алдымен мына бір
маңызды жайды айта кету керек: жетпіс жыл ішінде ол идеологиялық
өктемдіктен, тоталитарлық тəртіптің озбырлығынан тұңғыш рет əрең
дегенде құтылды. Еліміздің басқа да халықтарының басым көпшілігі
сияқты, қазақтар да ұлтымыздың бетке ұстар мактанышы болған, бірақ
отызыншы жылдары аяусыз тағылық əрекеттердің құрбанына айналған
арыстай азаматтарымыздың сан қырлы шығармашылық мұраларымен
танысуға тек соңғы жылдары ғана мүмкіндік алды. Бұған дейін аса
талантты жазушыларымыздың — ұлы Абаймен бірге тұрып, бірге жүрген,
шығармаларын қатар жазған Шəкəрімнің, сондай- ақ А. Байтұрсыновтың,
Ж. Аймауытовтың шығармаларына өнердегі социалистік реализм
принциптеріне қайшы келетін, ұлтшылдықты, дінге сенуді уағыздайтын
дүниелер ретінде қатаң тыйым салынды. Айтпақшы, идеологиялық
тұрғыдан тағылған, мұндай атақтардың жиынтығын бəріміз де жақсы
білеміз.
Қайта құру біздің мəдениетіміздің қазынасын едəуір байытты. Біз
алдағы уақытта да халықтың, барлық ұлт өкілдерінің рухани жағынан
жаңғырып, қайта өрлеу проблемаларын екінші кезекке шығаруға ешқандай
да жол бермеу ниетіндеміз. Мысалы, қазір, Қазақстанда құрылған орыс,
неміс, корей жəне басқа да бірқатар халықтардың ұлттық мəдени
139

орталықтарының іс-əрекеті біздің тарапымыздан белсенді қолдау тауып
отыр. Республика үкіметі біртұтас көп ұлтты мəдени орталық ұйымына
үлкен жаңа ғимарат бөлді. Өкінішке орай, бұл саладағы көптеген маңызды
мəселелерді бүгінге дейін бұрынғысынша, «қоғамдық негізде» шешуге тура
келіп жүр — өйткені бұған бюджеттік қаржы жетіспейді. Қазір құрылып
жатқан республикалық мəдениет қорына, əрине, белгілі бір дəрежеде арқа
сүйеуге де болады. Бірақ қиын жағдайдан шығуға ол да көмек бола
алмайды. Енді сапалық тұрғыдан мүлде жаңа материалдық база жасау, қазір
апатты мөлшерде аса зəру болып отырған театрлардың, музыка
мектептерінің, шығармашылық студиялардың, кітапханалардың жəне басқа
да объектілердің құрылысын қаржыландыруды қолға алу қажет. Біздің
бұрынғы ескі экономикамыз өзінің дəрменсіздігін бұл жерде де көрсеткен
болатын — қалдық принципіне құрылған мəдениеттің қандай болатыны
бəрімізге де жақсы белгілі. Осылайша, көріп отырғаныңыздай, біз тағы да
экономикалық проблемаларға келіп тірелдік. Рухани байлығымыздан
айырылуға душар етіп отырған не екенін жəне бұдан былай бұрынғыдай
ескіше өмір сүруге болатын-болмайтынын осыдан-ақ пайымдауға болар.
140


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет