КАЗА СТАН ЖО АР Ы КЕ ЕСІНІ ССР ОДА Ы
РЕСПУБЛИКАЛАРЫНЫ ЖО АР Ы КЕ ЕСТЕРІНЕ НДЕУІ
Біз, Қазақ ССР халық депутаттары, көп ұлтты республикамыз
халықтарының алаңдауы мен арман-тілегін білдіре отырып, өзіміздің
миллиондаған сайлаушыларымыздың өмірлік мүдделерін, өз ақыл-
парасатымыз бен ар-ожданымыздың үнін басшылыққа ала отырып, осынау
еліміздің тағдыры үшін қиын-қыстау күндерде ССР Одағының барлық
туысқан республикаларының Жоғарғы Кеңестерін саяси кемеңгерлік,
ұстамдылық пен көрегендік көрсетуге, төніп келе жатқан апатқа — біздің
ұлы одақтық мемлекетіміздің күйреуіне — жол бермеу үшін мүмкін болған
нəрсенің бəрін істеуге шақырамыз.
Өресіз күштер өздерінің жеке немесе топтық кеудемсоқтығын, тар
өрісті пайдакүнемдік мүдделерін күйт- теп, халықтардың еркін ұлттық
дамуы идеясын қолжаулық етіп отырған, көптеген ұрпақтардың маңдай
терімен жəне қанымен бекітілген ұлтаралық достықты ауыр сынға
ұшыратып отырған жағдайда оқиғалардың осындай қайғылы аяқталуы
мүмкін екеніне көз жұмып қарауға болмайды.
Сөз жоқ, біздің бірлескен тарихымызда бір-бірімізге реніш, түңіліс
пен күмəн білдіруіміз үшін елеулі себептер бар. Оларды біздің ортақ
шаңырағымызда билікті озбырлықпен пайдаланып, халық атынан сөйлеп,
əрекет ету құқын иемденген əміршілдік-əкімшілдік жүйенің ондаған
жылдарға созылған үстемдігі туғызды. Жаппай өктемдік жайлаған өткенді
тек бірлесе отырып, тек күш-жігерді біріктіре отырып қана келмеске
201
кетіруге болады.
Қазақ халқы, республиканың барлық халықтары өзін біздің біртұтас
Отанымыздан тыс қойып отырған жоқ,
оны сақтау көп ұлтты Қазақстанның саяси мүдделеріне де,
экономикалық мүдделеріне де сай келеді. Одақтың қожырауы
республикалар экономикасының толық күйреуіне, миллиондаған
адамдардың тұрмыс жағдайының күрт нашарлауына апарып соқтырмай
қоймайды, біздің баршамызды тұтас ондаған жылдарға кері серпіп тастап,
дүниежүзілік қоғамдастық елдерімен ынтымақтастыққа орны толмас зиян
келтіреді. Егеменді, тең праволы республикалар арасында Одақтық шарт
жасау негізінде Одақты жаңартудан басқа бізде жол жоқ.
Біз осы айқындаманы берік ұстанамыз. Сонымен бірге біз жаңа
федерацияны кінəратсыз жалпы мемлекеттік негіздерді теріске шығарып,
бүкіл кеңес халқының еркіне сəйкес іс-қимыл жасап отырған
конституциялық өкіметті елеместен құруға болмайтынын айқын түсінеміз.
Қайта құру процесінде республикалар мен орталықтың арасындағы табиғи
қарама-қайшылықты болжап білуге болмайтын азаматтық егеске апарып
соқтыратын «заңдар соғысына» айналдыру, оның үстіне «қатарлас
орталық» құруға ұмтылу өте хауіпті, мұның өзі елдегі саяси жағдайды
тұрақсыздандыруға апарып соқтыратыны сөзсіз.
Орталықтан шеттейтін бүлдіргіш күштерге берік тосқауыл кою
керек. Бұл істе РСФСР халық депутаттарына ерекше міндет жүктеледі.
Өйткені əміршіл-əкімшіл жүйенің езгісін толық дəрежеде бастан кешірген
нақ Россия халықтары жаңарған Одақты қалыптастыруда маңызды əрі
сындарлы роль атқара алады жəне атқаруға тиіс деп санаймыз.
Шиеленіскен саяси жағдай барлық республикалардың Одақтық
шартқа деген өз көзқарасын айкындағанынша күте тұруға мүмкіндік
бермей отыр. Елдің бірлігін сақтауды жақтайтындармен диалогты дереу
бастау қажет, қалған республикаларға өздері түпкілікті таңдау жасағаннан
кейін кез келген уақытта оған қосылу правосын қалдыру керек.
Мемлекеттік егемендік туралы қабылданған декларацияларға сүйене
отырып, біздің Одақ қандай болуға тиіс, жаңа орталық қандай болуға тиіс
деген іргелі сұрақтарға айқын жауап беруге міндеттіміз. Бұл
республикалардың егемендік праволарын орталық ведомстволардың
елемеуге тырысуы айқын байқалып отырған қазіргі кезде ерекше маңызды.
Қаһарлы қырық бірінші жылы Москваны кеудесін оққа тосып
202
қорғаған, Отанға мол астық берген, ғарышқа самғау үшін ұшыру алаңын
ұсынған Қазақстан халқы Отанның тағдырына немқұрайды қарай
алмайды. Біз егеменді республикалардың берік бірлігін, саяси, əлеуметтік,
экономикалық бостандықты жəне əрбір адамға ұлтына қарамастан
кепілдікті қамтамасыз ететін қоғамды демократияландыру мен ізгілікті ету
ісінің одан əрі тереңдетілуін жақтаймыз. Көп ұлтты еліміздің барлық басқа
республикаларымен бірге біздің жаңарған Одақтың құрамында болғымыз
келеді».
Біртұтас берік Одақты жаңартуға жəне сақтап қалуға ұмтылу
дегеніміз республика басшылығының кəдімгі саясаты ғана емес. Күні кеше
ғана болып өткен референдумның қорытындылары көп ұлтты
Қазақстанның барлық халықтары осындай берік байламға келіп, өздерінің
еркін айқын білдіріп отырғанын көрсетті. Дауыс беруге қатысқандардың 94
проценттен астамы Одақты сақтап қалу үшін «ия» деп жауап берді. Айта
кететін бір нəрсе — халықтың осы референдумдағы белсенділігі соңғы
жылдардың қай-қайсысымен салыстырғанда да мейілінше жоғары болды.
Тіпті ССРО халық депутаттарының, республиканың Жоғарғы жəне
жергілікті Кеңестерінің сайлауларына да мұншалықты мол сайлаушы
қатысқан емес.
Енді перспектива туралы. Меніңше, егеменді республиканың
егеменді мемлекеттен айырмашылығы неде екендігі туралы даулы айтыста
бір түйткіл бар. Қазіргі қолданылып жүрген ССРО Конституциясының 76-
бабында: «Одақтас республика — өзге де советтік республикалармен
Советтік Социалистік Республикалар Одағына біріккен егеменді советтік
социалистік мемлекет» деп баяғыда-ақ өте айқын жазылған болатын. Біз
егемендік туралы Декларация қабылдаған кезде тап осы қағиданы
басшылыққа алған болатынбыз. Ешкім де ешқандай жаңалық ойлап тапқан
жоқ. Ал, «егеменді мемлекет» деген ұғымның бізде практикалық мəн-
мағынасынан айырылғанына келетін болсақ, бұл тіпті басқа мəселе.
Одақты жаңарту республикалардың шын мəніндегі мемлекеттік егемендігін
қайта өрлету негізінде ғана жүргізілетін болуы тиіс. Бірақ мұның өзі біздің
республикаларымыз федерациялық қарым-қатынастарда бола алмайды
дегенді тіпті де білдірмейді. Егер біз бөлінбейтін біртұтас экономикалық
кеңістік туралы, жалпы қауіпсіздігіміздің кепілі ретінде біртұтас ортақ
армияны сақтау жөнінде айтып отырсақ, онда қандай абсолюттік
мемлекеттік дербестік болуы мүмкін. Ол ол ма, экономиканың одан əрі
203
интеграциялануы, менің ойымша, республикалардың неғұрлым тығыз
топтаса түсуіне алып бармай қоймайды, соңғы жылдары пайда болған
бөлектену элементтерін жеңіп шығуға көмектеседі. Ал, жалпыодақтық
жəне республикалық мемлекеттік органдардың арасындағы өкілеттіктерді
бөлісу проблемасы туралы біз жоғарыда жеткілікті түрде егжей-тегжейлі
айтқан болатынбыз.
Нұрсұлтан Əбішұлы. Сіз біздің қазіргі аянышты ауыр халге қалай
тап болғанымыздың себептеріне барынша толық талдау жасадыңыз,
дағдарысты құбылыстарды жеңу немесе кем дегенде жеңілдету үшін
республикада қолға алынып жатқан игі қадамдар мен шаралар туралы
айтып бердіңіз. Жалпыодақтық мемлекетті сақтамайынша жəне
жаңартпайынша, көңіл көншітерлік қуанышты перспективалар туралы
ойлаудың өзі мүмкін емес деген берік сеніміңіз əрбір парасатты адамның
көкейіне қонымды деуге болады. Алайда елдің бірлігін сактау да,
республикалардың дербестігін орнықтыру да, нарық экономикасына көшу
де — қаншалықты аса маңызды десек те, жеке-жеке жағдайлар ғой, осы
уақытқа дейін белгілі бір жүйеге, қалыптасқан іс-қимыл бағдарламасына
айнала қоймаған қосылғыштар ғана ғой. Еліміз аттың жалы, түйенің
қомында асығыс жасалатын, жете ойластырылмай, бірден қабылданатын,
сөйтіп, кейде ондағы қарама-қайшылықтарды күшейтіп, қоздыра түсетін
шешімдерден мезі болып бітті. Бүгінгі таңда Сіздің өзіңіз іс-қимылдың
біртұтас перспективасын айқын көре аласыз ба?
Біздің ілгері қарай жылжуымыздың стратегиялық бағыты, менің
ойымша, экономикадағы нарықтық қатынастарды орнату болады ғой
деймін. Қазір мəселенің шиеленіскен түйіні іс-қимылдың жүйелі
жүргізілуін, нақты үйлестірілуін Одақтық тік байланыстар бойынша да,
республикалардың өз арасындағы көлбеу қатынастар бойынша да
қамтамасыз етуде болып отыр. Əрқашан да реалист болуымыз керек:
дағдарыстың қордаланып қалған зардаптары əлі түгелдей бой көрсете
қойған жоқ. Егер біз бұрынғыша əрқайсымыз өз бетімізше жеке дара əрекет
етіп, саяси шиеленісті күшейте түсетін болсақ, мұның орасан зор қайғы-
қасіретке ұрындыруы ықтимал. Менің көзқарасым бойынша, тап қазіргі
қалыптасқан жағдайды түзету үшін мынадай шарттарды орындау керек.
Біріншіден, қазіргі ең басты нəрсе экономикадағы дағдарыстан
құтылу жэне адамдардың ертеңгі күнге деген сенімін күшейту екенін
барлығымыздың да жете түсінуіміз қажет. Ол үшін экономиканы
204
тұрақтандыратын жəне нарықтық қатынастарға көшуді қамтамасыз ететін
нақты іс-қимыл бағдарламасы бар, халықтың сеніміне мықтап ие бола
алатын үкімет керек. Ондай үкімет сенім мандатын жəне белгілі бір
мерзімге өкілеттіктер алып, оның нəтижелеріне толық жауап беретін болуы
тиіс.
Екіншіден, қайткен күнде де белгілі бір кезеңге дейін (екі-үш жыл
жетер деп ойлаймын) экономиканы ұлттық жəне ұлтаралық
проблемалардан арылту керек. Бұған Одақтық шартқа неғұрлым тезірек
қол қою арқылы ғана жəрдемдесуге болады. Республикалар арасында да,
кейбір өте сирек жағдайда ғана болмаса, халықтар арасында да бітіспес
алауыздық пен тайталас болатындай себеп жоқ екендігіне кəміл сенемін.
Алайда тап қазір ондай жағдайлар дегенмен де пайда болып, орын алып
отырғандықтан да, таяу уақытта елде толық ұлттық келісім орнай қалады
деу қиын. Сондықтан да бұл проблемалардың экономиканы қожыратып,
кырсығын тигізуіне жол бермейтін шараларды бірлескен күш-жігер жұмсау
арқылы жасауымыз керек. Мұндай қадамдардың əбден мүмкін жəне
пəрменді болатынын республикалардың өз араларындағы көлбеу
экономикалық келісімдердің жасалуы айқын көрсетіп, дəлелдеп отыр.
Ендігі жерде мұндай принциптерді республикалардың орталықпен
жасасатын өзара қарым-қатынастарының да негізі етіп алу керек.
Үшіншіден, ұзақ жылдар бойы қуатты біріктіруші күш ретінде
қызмет етіп келген біртұтас идеологиямыздың ыдырағанын айқын
сезінуіміз керек. Осыған байланысты кез келген саяси күштердің
жетекшілік роль атқаруға деген үмітінен қайткен күнде де жеңіске
жеткенге дейін айырылмауға тырысып бағатын əрекеттері есуастықпен
ұштасып жатады. Ондайларды күш біріктіруге шақыру, əрине, мəн-
мағынасыз əрекет. Бірақ экономикалық байланыстардың одан əрі жұрттың
бəріне ауыр зардабы тиетіндей болып ыдырауына жол бермейтін саяси
ымыраға келу қажет-ақ.
Ендігі жерде ақылға қонымсыз аз ғана қадам жасаудың өзі де елде
барлық мəселеде де қайта түзетуге болмайтын ауыр жағдайдың орын
алуына апарып соғады. Сондықтан да, менің көзқарасым бойынша,
экономиканы үйлестіруді бұзып-жаратын əрекеттердің кез келгеніне белгілі
бір мерзімге дейін шек қою жөнінде келісілген арнайы шешімдерді заң
жүзінде қабылдау керек. Мұның өзі қазір тіпті таңдау жасайтын мəселе
емес. Таңдау жасайтын уақыт өтіп кетті.
205
Бұл орайда мемлекеттік жəне коғамдық өмірді демократияландыру
процесін тежейтін қадамдардың жасалуына жол беруге болмайды. Бірақ
осының өзінде елімізде анархиямен, не болса соның бəріне жол
берушілікпен, конституцияға кереғар іс-əрекеттермен үш қайнаса сорпасы
қосылмайтын шын мəніндегі демократиялық негіздер орнықтырылуы тиіс.
Бұл ретте алға қарай нақты қадамдар жасау үшін жариялылықтан сөз
бостандығына, митингіге құмарлықтан күрестің парламенттік тəсілдеріне,
сыпыра сынау мен ұсақ-түйек ұрыс-керістен нақты саяси жəне
экономикалық бағдарламалар ұсынуға көшетін уакыт жетті деп ойлаймын.
Мен барлық конституциялық партиялар мен қозғалыстардың дамуы
үшін, нақты ықпал ету мен өкімет билігі жолында ашықтан-ашық бəсекелік
күрес жүргізу үшін бірдей материалдық жағдайлар жасалуын жүйелі түрде
жақтайтын адаммын. Бірақ экономика саласында тап қазір мейлінше
айқындық пен нақтылык ахуалы өте-мөте қажет, бұл жерде заңдылық,
тіпті, қажет десеңіз, барынша қатаң тəртіп пен жауапкершілік үстем болуы
тиіс. Онсыз біз нарық экономикасына қажетті өтпелі кезең
қиыншылықтарын тіпті де жеңе алмақ емеспіз. Кез келген партиялар мен
қозғалыстардың саяси күрес түрін жүргізе беруіне болады, бірақ олардың
қай-қайсысының да экономиканы тұрақтандыру мен жаңа, нарық
қатынастарына көшу жағдайында бұл процеске қандай да болсын
партиялық, саяси, идеологиялық тұрғыдан араласып, кедергі жасауына
үзілді-кесілді тыйым салынуы керек.
Қорыта келгенде мынаны тағы да атап айтқым келер еді: жеке
бастың шамшылдығын бірінші кезекке қоятын саясат, менің айтқаным ғана
ақиқат болуы тиіс деп монополиялық құқ орнатуға ұмтылатын əрекеттер
өте-мөте қатерлі. Меніңше, қазіргі кезде өзімізді қайткен күнде де аман
сақтап қалу жолындағы сезім біздің бəрімізді де экономикалық жəне
əлеуметтік бейберекеттікті күшейтетін əрекеттердің қай-қайсысы да күні
ертең-ақ бəрін де сыпырып-сиырып тып-типыл етіп кететін орасан зор
зардапты дауылға душар ететіндігін ұдайы еске салып, сақтандырып
отыруы тиіс. Бүкіл саяси қондырғының барлық «орталықтарымен»,
«оңшылдарымен» жəне «солшылдарымен» қоса бір сəтте-ақ опат болуы түк
те емес. Бірақ сол кезде жүзеге аспай қалған жобаларды «жасаушылар» ғана
емес, сонымен қатар барша жұрттың қалыпты, кəдімгі адамдарға тəн өмір
сүру жөніндегі ең соңғы арман-мақсаттары да қираған үйінділердің
астында қалуы əбден мүмкін. Мұндай да жағдайдың болуын мойындамасқа
206
лаж жоқ. Ал, оның бетін аулақ ету үшін бір ғана саясат — салауатты ақыл-
парасатқа толы саясат керек.
Біз бұл кітапты біршама торығушылық сарынмен аяқтап отырмыз
деп ойламайсыз ба?
Жоқ, қайта нақты өмір шындығын сезіну жағдайында деу керек.
Өйткені объективтік сипаты бар көптеген қиындықтардан қалай дегенде де
қашып құтыла алмасың белгілі. Мысалы, өндірістің одан əрі
құлдырауының алуан түрлі зардаптары болмай қоймайды. Бірақ мен біз
ондай қатерлі сындарға төтеп бере аламыз жəне өзімізге сенім артып
отырған адамдарға зəбір шектірмейміз деп ойлаймын.
Оглавление
Баспадан
Қара нанның дәмі
Алғашқы тәлімгерлер
Ыстық стаж
Тұйық шеңбер
Мәселелер осылай шешілетін
Уақыт перзенттері
Ескі екпін күшімен
Біреудің қатесі үшін біреу күйіп...
КАЗАҚСТАН ЖОҒАРҒЫ КЕҢЕСІНІҢ ССР ОДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛАРЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ КЕҢЕСТЕРІНЕ ҮНДЕУІ
207
Document Outline - Баспадан
- Қара нанның дәмі
- Алғашқы тәлімгерлер
- Ыстық стаж
- Тұйық шеңбер
- Мәселелер осылай шешілетін
- Уақыт перзенттері
- Ескі екпін күшімен
- Біреудің қатесі үшін біреу күйіп...
- КАЗАҚСТАН ЖОҒАРҒЫ КЕҢЕСІНІҢ ССР ОДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛАРЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ КЕҢЕСТЕРІНЕ ҮНДЕУІ
Достарыңызбен бөлісу: |