Ысты стаж
Несін жасырамыз, біздің арамызда ақшақұмар жандар да кездеседі.
Пенде ретінде бұны ұғып, түсіндіруге болады, алайда бұған тым құмарлық
кейде адамды алжастырады. «Үлкен ақша» əр түрлі болады: біреулер
ұзынсирақ қуыршақтардың басын айналдырып, ішімханаларда оңды-солды
бейберекет шашса, басқалары балаларын аяқтандырып, қарт ата-аналарына
көмектесіп, өзінің əбеқоңыр тіршілігін жөндеу үшін əрекет етеді. Бұл
ақшаның келіп-кету жолы да сан алуан.
Мені домна пешіне ауыстырған жарты жылдан кейін айына төрт
жарым мың сом айлық ала бастадым. Ол уақытта 1960 жылы, оның үстіне
жиырма жасар жігіт үшін бұл қиялдауға ғана болатын мол ақша еді! Екі
мыңнан əкеме салып тұрдым. Кейіннен оның əлгі ақшадан бір тиын да
жаратпағанын біліп, алқымыма əлдене кептелгендей болды — өйткені
сонау атамекенде əлі күнге дейін бұрынғысынша кəріп-қасерлікпен өмір
сүріп жатқандар көп еді. Ал жарата қалса, тек менің інілерім үшін ғана
жұмсапты. Қызық болғанда, ол алғаш рет менен ақша алғанда бүкіл
ауылды жинап: «Қараңдар, менің Сұлтаным жұмыс істеп, ақша таба
бастапты!»— депті. Ал мен коммунистік еңбектің екпіндісі болып, суретім
«Казахстанская правдада» (онда мен қалпақпен түскен едім!)
жарияланғанда əкем күллі ауылға жақсылап тұрып той жасапты.
Ал, айтыңызшы, адам үшін əлдебір атақ пен даңқтың өз
жақындарыңа қуаныш пен рақат сыйлаған ыстық тебіреністі сезіммен
53
салыстырғанда соншалықты мəні бар ма?! Домна пешінің қасында қасиетті
бұл сезім қандай зор күш берді десеңізші.
Мен шойын құюшы болудан бастадым, соңынан төртінші горновой
етіп тағайындады. Горновойдың еңбегі деген не? Бұл сол скрап
бөлшектегіш ауыр сүңгі жəне оны күреу үшін керек жалпақ күрек деген
сөз. Ал анау ішкі жағында температурасы 2000 градусқа жететін нағыз
тозақ жатады. Оның үстіне газ бен шаң. Жігіттерге түсетін салмақ та орасан
ауыр болатын. Металл балқыту барысы шағынуға да, демалуға да
мүмкіндік бермейді — тек өзіңе сен. Машықтығың жетпейді екені металл
тез қатып қалады да, үсті-үстіне апат болады. Сөйтіп, сынып қалған
құралды шығарып алу үшін асбест желбегеймен тікелей жалынға кіріп-
шығуға тура келеді. Бір ауысымда жарты шелек тұзды су ішіп, сонша ылғал
термен шығып жатады. Жұмыстан соң жарты сағат мұздай суға түсіп, жан
шақырасың. Егер жаз болса, сыртқа шыға қалсаң, онда да 35 градус күйіп
тұрады. Жігіттер ылғи титықтап шаршап шығады, бұлшық еттері тынығып
та үлгермейді, көбісінің мұрнынан қан кетеді — бəрі бірдей шыныққан
жандар емес қой. Бірсыпырасы шыдай алмай, кетіп те жатты.
Менің жұмысымды көру үшін Теміртауға əкемнің келгені əлі есімде.
Ол менімен бірге түнгі ауысымға барамын деп құлшынды, қасақана тап сол
күні үлкен бір апат болып, оны менің жөндеуіме тура келді. Ол осының
бəріне қарап тұрып, ертеңіне: «Сен өзіңді өзің неге бүйтіп азапқа саласың?
Мен əкемнен үш жасымда жетім қалып, қиыншылықтың бəрін де көрдім,
бірақ тап мұндай тозақты көрген емеспін. Таста бəрін де!» деп үгіттей
бастады.
Содан едəуір кейін, басқа елдердегі металлургиялық кəсіпорындарда
болған кезімде өзімнің төл мамандығыма деген мақтанышыма реніш сезімі
келіп қосылды. Əсіресе, Оңтүстік Кореяда болғанымда жапон жобасымен
салынған домна пештерін көріп, реніш сезімім күшейе түсті. Ондағы еңбек
жағдайын біздікімен салыстыруға тіпті де болмайды — күллі жұмыс
процесі керемет механикаландырылған, қайда қарасаң да тазалық, тəртіп.
Елімізді болат қорыту мен көмір өндіруден дүние жүзінде бірінші орынға
алып шыққан, бірақ осы күнге дейін адам төзгісіз ауыр дене еңбегі мен
моральдық ауыртпалық жағдайында жұмыс істеп келе жатқан
металлургтердің, шахтерлердің ашу-ызасын осыдан кейін бұрынғыдан да
тереңірек түсініп, қабылдамасқа лаж жоқ.
Ол кезде біздің қатарымызда үлкен стажы бар металлургтер болды.
54
Олар Уралдан, Украинадан, Кузнецк металлургия заводынан
шақырылатын, қыруар жолқаржы төленетін, бірден пəтер де берілетін.
Олар біздің қалжырап құлап түскен кейбір жігіттерімізді цехтан зембілмен
көтеріп əкетіп бара жатқанда: «Осыларды жұмысқа қалай үйретерсің! Бұлар
мал бағу үшін ғана жаратылған ғой!» деп қолдарын сілтейтін. Турасын
айтайын, бұндай сөздер жаныма қатты батып жүрді. Бірақ, сол
жұмысшыларға ренжімеймін. Біріншіден, бұл дөрекілік көбінесе
сауатсыздықтан туындап жататын, өйткені көпшілігінің үш-төрт кластық
қана білімі бар. Екіншіден, олардың сөздерінде əлдебір ұлттық кемсітушілік
астар жоқ болатын. Олардың өздерінің ойынша, басқа кез келген
қарапайым пенденің қолынан келе бермейтін күрделі де қауіпті мамандық
иелеріне тəн, кəсіби мамандықтың артықшылығына деген, бірақ кəсіби
мамандыққа мақтана менменсудің кешіруге болатын сезімі ғана бар еді.
Мен кейінірек түсіндім: бізді металлург етіп шығарған сол азаматтар.
Сол кезде мен өзіме өзім ант етіп едім: осы жерде өлермін, өртеніп те
кетермін, бірақ мен туралы əлгіндей сөз айтылмайды! Осы антыма берік
болдым. Менімен бірге көптеген жолдастарым да сыннан сүрінбей өтіп,
жоғары дəрежелі мамандар, атақты металлургтер болып шықты. Олардың
қатарында Төлеген Юсупов, Болат Кəрімов жəне басқалары бар еді.
Комбинатта қалғандарымыздың қиындыққа бірте-бірте етіміз
үйреніп алдық. Мен де өле қойған жоқпын, училищеде алған сегізінші
разрядты тез арада-ақ қалпына келтірдім, жарты жылдан кейін мені екінші
горновой етіп тағайындады. Ол кезде темірдей қатаң тəртіп бар еді (өтірік
болса, металлургтер өздері айтсын): горндағы істің бəрін игеріп, бүкіл
бригаданы басқару үшін кемінде он жыл жұмыс істеу керек болатын.
Тағы бір мəселе жайында айтпай кете алмаймын. Əдетте,
горновойлардың сменасында алты-сегіз адам болады, соның ішінде екі-үш
адамның бір ұлттан болатынын кездестіру сирек. Біздің бригадада қазақтан
жалғыз мен едім, ал басқалары татар, орыс, украин болатын... Адамның
қадір-қасиеті ұлттық тегімен емес, металмен жұмыс істеу барысында тез
байқалатын мүлде басқа сапа бойынша анықталатын. Онда, реті келе қалса,
кімнің бірден сырғақтап сыртта тұратынын, кімнің жауапкершілікті өзгенің
мойнына артпай, ең ауыр жұмысты өзіне алатыны, кез келген отқа бірінші
болып түсетіні бірден айқын көрінетін. Ондай жандарға деген құрмет те
өзгеше еді, біз соларға еліктеуге тырысатынбыз.
Партияға өтуге мені ешкім де итермелеген жоқ. Партия
55
ұйымдастырушыларының жұмысшыларды партияға өту үшін өтініш беруге
үгіттеп жүргенін, ал сонымен қатар инженер-техник қызметкерлердің
анкета алу үшін кейде жылдар бойы кезекке тұратын болғанын байқағаным
едəуір кейінгі кезде еді. Үлкен перспективалар туралы да, жеңілдіктер алу
туралы да, жоғарылай өсу туралы да ойға алмайтынбыз. Əлгіде айтқандай,
нақты мысалдар көз алдымызда болатын — өйткені, цехтағы коммунистер
əрқашан өнеге еді, олар кез келген қиын жағдайда да ешкімді ұятқа
қалдырмауға тырысатын. Оның үстіне, олар партия ұйымының ықпалы
күшті екенін білетін, егер керек болса, цех бастығына немесе кез келген
өзге жетекшілерге талап қоя білетін.
Қазір партияны, барша коммунистерді, былайша айтқанда, топ-
тобымен опынуға шақыру жиілеп барады. Бұл жерде мен оларды сотқа
беру, жауапқа тарту жөнінде дауыстар естіліп жүргені, жаңадан пайда
болған «халық жауларының» бейнесін бірте-бірте жасап жатқаны жөнінде
айтып та отырған жоқпын. Бұл туралы не деуге болады? Ең алдымен
былай деп ойлаймын: опық жеу дегеніміз жеке бастың ісі, адамның ар-
ожданына байланысты. Оған күштеп көндіру опасыздықтан басқа ешнəрсе
бермейді. Ал, екіншіден, мынадай сұрақ қойғым келеді: əділдіктің асыл
мұраттарын уағыздап, оған əулиедей сенген, оларды орнықтыруға өз іс-
əрекетімен де, бүкіл өмірімен де ұмтылған миллиондаған коммунистің
жазығы не? Неліктен екенін қайдам, əйтеуір ешкімнің де ойына мына бір
нəрсе кіріп те шықпайды: егер партияда сталиндік қуғын-сүргін де, басқа
ауыр нəубеттер де қирата алмаған, мен бұған кəміл сенемін, салауатты
діңгек, қуатты жота болмағанда, жалпы біздің бəріміздің көрген күніміз,
біздің тарихымыз не болар еді? Егер партияда осындай миллиондаған адам
болмағанда, онда жаңалыққа қарай батыл бетбұрыс жасау, бүкіл өмірімізді
қайта құру идеясының өмірге жолдама алу Құқының қашан тиетіні
беймəлім еді.
...Мен партияға кіргенде оның өзіме қосымша жауапкершіліктен
басқа ешнəрсе де бермейтінін жете ұғынған болатынмын. Алайда, кейін
көзім жеткеніндей, бұл жауапкершілікті партиядағылардың бəрі бірдей
біркелкі түсінбейді екен. Ал қалалық партия комитетінің бюросы маған
есеп карточкама жазылған қатаң сөгіс бергенде нағыз жан күйзелісінің не
екенін жете сезіндім. СОКП мүшесіне, əсіресе жас коммуниске, мұның сол
кезде қаншалықты ауыр тигенін пайымдауға болады. Шынтуайтына
келгенде, мұндай жаза калған ғұмырыңда өшпес таңба болып қалады, ал
56
менің ғұмырым жаңадан ғана басталып келе жатыр еді. Егер кадрлар есебі
жөніндегі жеке толтыру қағазынан бастап əрбір анкетада: «Партиялық
жазаны қашан, кім жəне не үшін берді?» деген қоңыраулы графа тұрғанда,
соңынан өзіңнің кінəсыз екеніңді дəлелдеп көр, кəне!
Бір күні мені қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы Лазарь
Михайлович Катковқа шақыртты. Оған дейін мен коғамдық жұмысқа
едəуір қатысып қалып едім, республикалық жəне Бүкілодақтық комсомол
съездеріне делегат болғанмын, БЛКЖО Орталық Комитетіне мүше, ал
цехта партия ұйымдастырушы болып сайланған едім. Бірақ, мен өзіме
бірден қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы етіп сайлауға
келісім беруімді ұсынады деп тіпті де күткен жоқ болатынмын. Ол кезде
мен өз таңдауымды өзгертіп, қалған тағдырымды саяси мансаппен
байланыстырамын деп ойлаған да емеспін. Металлург мамандығын тастап
кетпекпін бе? Ешқашан да! Əділін айтқанда, басқа да ойлар қаузады: қала
комсомол хатшысының айлығы үш есе кем, бірақ, ең бастысы «ыстық
стажымды» жоғалтуға тура келеді. Ол жылдары алыстағы зейнеткерлік жас
мөлшері туралы ойлар онша алаңдата қоймайтыны табиғи нəрсе еді — тіпті
жастығың мəңгілік сияқты көрінетін!— Бірақ, байырғы металлургтер
«ыстық стаж» қосылуын өте-мөте мұқият қадағалайтыны біздің көңіл
күйімізге де əсер ететін. «Ыстық стаж» тек кəсіби мамандық мақтанышы
ғана емес. Ол көптеген жеңілдіктер алып береді, зейнетке мерзімінен бұрын
шығуды қамтамасыз етеді. Ересек металлургтер ыстық металмен жұмыс
істеудің не екенін жақсы білетін, сондай-ақ сарқылмас денсаулығымыз бар
деп өздерін өздері алдаусыратпайтын. Айта кетейін, менің мұндай стажым
жеті жылға толған еді.
Қалалық партия комитетінде, түсінесіз ғой, жалақы мен стаж
жөнінде тіс жарып ештеңе айтқаным жоқ (өйткені, партия мүшесі тек
«жоғары мүдделерді» ғана басшылыққа алып өмір сүруі тиіс) бірақ
ұсынылған қызметтен үзілді-кесілді бас тарттым. Міне, тап осы тұста
Теміртауда кеңінен таралған: «Катков жолдаспен ойнауға болмайды!»
деген қанатты сөздің мəнін толық сезінуіме тура келді. Əуелі «Катков
жолдас» ойлану үшін бір тəулік мұрсат берді. Бір күннен кейін əңгіме
шамамен сол бағытта қайта жалғасты. Партиялық тəртіп туралы қысқа
дəріс тыңдап, өзімнің келешегім туралы дұрыстап ойлау туралы ұсыныс
естуіме тура келді. Солқылдақтық жасамадым деп айта алмаймын, бірақ,
мұндай қисынсыз қысымға өз еркімнен тыс əлдебір қасарысқан қарсылық
57
пайда болды. Мен бұл шешімді қабырғаммен кеңесіп айтып тұрғанымды
естігенде, хатшы орындықтан жалма-жан ұшып тұрды: «Байқа, үшінші рет
шақыру күтпе!» дегенді аңғартты.
Бəрі осымен бітті деп ойлағаным бекер екен. Екі аптадан кейін
қалалық партия комитетінің хатшысы етіп басқа кісіні сайлады, ал мені
қалалық партия комитетінің бюросына шақыртты. Ұйымдастыру бөлімінің
меңгерушісі алдын ала дайындалған: «Бас тартқаны үшін... саяси шикілігі
үшін... жігерсіздік көрсеткендігі үшін...» деген айыптау үкімін оқи бастады.
Бюро мүшелері болып табылатын комбинат парткомының хатшысы мен
директоры мені қанша қорғаштағанымен түк шықпады. Жолдас Катковпен
шынында да ойнауға болмайды екен: «Қатаң сөгіс! Анау-мынау емес, есеп
карточкасына жазылатын сөз! Мейлі, басқаларға да сабақ болсын!» деп
отырып алды.
Жолдың арғы бетіндегі, қалалық партия комитетінің тұп-тура
қарсысындағы телеграфка кіріп, БЛКЖО Орталық Комитетінің бірінші
хатшысы Сергей Павлович Павловқа телефон соғудың ойыма қалай сап
ете қалғанын өзім де білмеймін, Бірнеше күннен кейін обкомның бюросы
болды, ол қалалық партия комитетінің мен жөніндегі шешімін бұзып қана
қойған жоқ, сонымен қатар кадр іріктеуде жолсыздыққа жол бергені үшін
Катков та тиісті жазасын алды. Ол менің мұнымды ешқашан да кешіре
алған емес. Бірде ол мені домна пешінің жанында жолықтырып (ол кезде
мен сменада аға газшы болып жүр едім), оңашалау бір шетке, басқару
пультіне шақырып алып: «Есіңде болсын, мен сенің бұл қылығыңды
ешқашан да кешірмеймін» деді.
Алайда, құдайға шүкір, тағдыр біздің бұдан былайғы өмір
жолымызды содан қайтып бір-бірімен қиылыстырған жоқ: Катков қызметі
өсіп, Жамбыл облыстық партия комитетінің екінші хатшысы болып ауысып
кетті. Ал бұл оқиға менің өмірімде терең із қалдырды. Бірақ əділетке деген
сенімімді тіпті де шайқалта алған жоқ. Алайда не нəрсенің бəріне бірдей
сене беру керек пе деген ой өзімді қатты толғандырды. Одан кейін де
əміршілдік стильмен бетпе-бет қарама-қарсы келуге, бұдан аз ғана уақыт
бұрын кəдімгі үйреншікті əрі əбден табиғи нəрсе деп есептеліп келген
партиядағы казармалық тəртіппен ашықтан-ашық қақтығысқа шығуға тура
келіп жүрді. Ал «сара бағытпен», өздерінің пайымдауынша, сəл де болса
келіспеуге болатын бір нəрсені тауып алып, ондай жағдайдан тіпті де жол
беруге болмайтын қайдағы бір қарсылықты бірден көре қоятын адамдарға
58
өз ойыңды дəлелдеп, түсіндіруден қиын еш нəрсе жоқ екен. Кəдімгі
салауатты адам ақылына жүгіну мұндайда көбінесе «Мен — партияның
жауынгерімін» деген бір-ақ ауыз сөзбен кесіп тасталады. Ал жауынгерге
рұқсат етілмейінше тəжікелесіп жатуға рұқсат етілмейтіні белгілі. Екінші,
жағынан, өзің де ойланып қаласың: егер ең үлкен деген басшылар өздерін
партияның солдаттарымыз деп санауды абырой деп білген болса, онда
қатардағы қарапайым коммунистің қандай атақтан дəмеленуіне болады.
Маған Катков сықылды басшылар осындай казармалық, «солдаттық»
психологияның құрбаны болды-ау деген ой келеді. Ол сол кезде коммунист
қалалық партия комитетінің əлгіндей жауапты тапсырмасын орындаудан
бас тарта алады дегенді тіпті ойша елестете де алмаған шығар-ау!
Мұндай психология партияның басшы буынын имандылық
жағынан бұзып бітті. Өзінше танылатын партиялық этиканың сырттай
қатал болып көрінетін шеңберінің сыртында екіжүзділік пен бетімен
кетушілік жиі-жиі кездесетін болды. Рас, мұндай құбылыстар жаппай етек
алды деп тұжырым жасай алмаймын, дəлірек айтсам, олай деуге құқым да
жоқ. Жоқ, олай емес! Өзім араласуға тура келген жəне жақын араласуға
тура келіп жүрген партия мүшелерінің көбісі, тіпті басым көпшілігі, өз ісіне
жан-тəнімен берілген, мейлінше адал адамдар. Бірақ кейде, тіпті, жұрттың
айтатынындай, жоғары деңгейде жүргенде, адамдардың оңбаған
опасыздығымен, ар-ождан тазалығынан жұрдай болған жексұрын
қылықтарымен қақтығысып қалған кездер болды. Сонда «мұндайлар
қайдан пайда болады екен осы?» деп таңданбасқа лажың қалмайды.
Өйткені мұның өзі басқа адамдардың тағдырын шешуге құқ берілгендердің
арасынан шығып жатады ғой! Менің өз өмірбаянымнан да өте ауыр жайлар
ойға оралады: мəселен, мені «масқаралайтын материал» табу үшін тырнақ
астынан кір іздеген, тіпті мейманасы асқан əрі кəдімгі құлқынның құлы
болып, ұрлыққа белшесінен батқан басшыларды тергеу барысында күшпен
зорлап, жалған айғақтар беруге мəжбүр еткен, арандатушы белгісіз
біреулердің маған телефон соғып, туған-туыс, жақын адамдарыңды
құртамыз деп қоқан-лоқы жасап, қорқытпақ болған, тіпті əйеліме тасжүрек
қатыгез біреудің мені автомобиль апаты кезінде каза болды деп телефонмен
хабарлаған кездер де болған. Мен өзімнің үстімнен барлық сатыдағы
жоғары орындарға, тіпті Саяси Бюроға дейін, соншалықты жомарттықпен
жөнелтілген жүздеген «домалақ арыздар» туралы айтып та отырған
жоқпын — қапелімде оның қайсы бірін есіңе түсіре қоясың. Бірақ мұның
59
өзі қайта құру жылдарында болған нəрселер...
Ақырында менің Теміртау қалалық комсомол комитетін
басқаруыма бəрібір тура келгенін айтуым керек. Ал бұл былай болған еді.
Қалалық партия комитетінің Катковтың орнына келген жаңа хатшысы
Николай Григорьевич Давыдов бірде мені өзіне шақырып
алып: «Катковпен екі араларыңда болған əңгіменіт білемін. Əйтсе де
мен сенің қалалық партия комитетінде ауыр өнеркəсіп бөлімінің
меңгерушісі болып істеуіңді өтінемін. Өз комбинатыңмен шұғылданасың,
сондықтан сені ешкімнің де металлургиядан қол үздіргісі келмейді» деді.
Цехқа келіп, жолдастарыммен ақылдастым. Олар: «Несі бар, бəрібір қайта
келесің ғой, ондағы жұмысың босқа кетпес, сірə. Тəжірибе жинап
қайтасың. Оның үстіне тағдырды екінші рет сынап көрудің қажеті жоқ»
деп кеңес берді. Шынында да мен қалалық партия комитетінде көп отырған
жоқпын. Қала комсомолының жаңа жетекшісі «істі оңдыра алмаған соң»
оның орнына менің баруыма тура келді.
Оған дейін менде буырқанған тіршілік теңізінде өзімді кəдімгідей
мығым сезінетін адамға тəн төзімділік қоры жиналып қалып еді. Жоғары
білім алдым. Мен жəне біздің цехтан бірнеше жігіт завод өзі стипендия
төлейтін жолдамамен барып, Қарағанды политехникалық институтына
түстік. Сол кезде жоғары білім саласында Никита Сергеевичтің ойына
келген кезекті қайта құру жүріп жатқан болатын — оқуды өндіріске
барынша жақындатуға шешім қабылданған еді. Тапсырмамыз ауыр
болғанымен, оқу онша қиынға түскен жоқ: егер біз кешкі ауысымда жұмыс
істесек, лекция күндіз, ал күндіз жұмыс істесек, керісінше, кешке оқылатын.
Сондай-ақ ай сайын лекция тыңдауға, семинар өткізуге жəне
лабораториялық жұмыстарға бірнеше күн бөлінетін. Осындай біршама
қолайлы жүйе бойынша біз бір жыл оқыдық. Одан соң тікелей металлургия
комбинатының жанынан политехтың металлургия факультеті негізінде
завод ЖТОО (ВТУЗ) құрылғанша «таза студенттік» екі курсты тəмəмдаған
болатынбыз. Біз дипломды да сол жерде алдық.
Ал, сол жылдардың өмір бойы есте қалатын ең бір елеулі оқиғасы —
болашақ келіншегім Сарамен алғашқы кездесуім. Ал бұл кездесу... бір
апаттан кейін домна пешінің жанында болған еді. Əдетте апат болып,
металл жерге төгіліп жатқанда түгел ауысым бар қалдықты жинап,
теміржол қозғалысын қалпына келтіргенше ешкім ешқайда кетпейді. Бұл
бір бұлжымас тəртіп еді. Күні бойы боласың ба, тəулік бойы боласың ба,
60
өзің бүлдіргенді өзің ретке келтіруің тиіс. Осындай қолайсыз бір сəт еді —
тəулік бойы дерлік табанымыздан тік тұрған кезіміз, тұла бойымыз
қазанның түп күйесіндей қап-қара, тек көзіміз жылтырап, аппақ тісіміз
ақсияды. Сол түні қосалқы электр станциясында кезекші болып, біздің
пешіміздің түбінде не болып жатқанын көруге келген қызға кез бола кеттім.
Көп ұзамай тойымыз болды. Өзім екпінділер мен белсенділер қатарында
жүргендіктен коллективіміз оны комсомол-жастар үйлену тойы етіп өткізіп
берді. Мұндай жағдайда дəстүр бойынша жас жұбайларға не қажеттің бəрі
беріледі, тіпті пəтер кілті де тапсырылады. Бірақ көрсетілген адрес
бойынша барып көрсек, біздің сексен пəтерлік бес қабат үйіміздің іргетасы
енді қалана бастапты. Тойдан кейін шағын-шағын екі бөлмесі бар бір
досымның үйіне баруымызға тура келді. Ал ол əйелімен, екі баласымен
жəне əжесімен бірге тұрып жатқан болатын. Некеміз қиылған бірінші түнде
бізге құрқылтайдың ұясындай тар бөлмеге кейуанамен қатар төсек салып
беріп, əрең орналастырды. Мұндайды қалай ғана ұмытарсың, сайтан алғыр!
Содан бері біз əйеліміз екеуміз тату-тəтті отыз жылдай отасып
келеміз. Үш қызымыз бар, үлкендері тұрмыс құрып үлгерді, кішісі мектепте
оқып жүр. Егер маза бермей жүрген бір проблема болмағанда, бəлкім, жеке
өзіме қатысты отбасының тақырыбына тоқталудың қажеті де жоқ еді.
Жақында кенже қызым Əлия келіп: «Ұстаздар барлық қыздарды есімімен
атап, ал маған келгенде неге Назарбаева дейді?» деп сауал қоймасы бар ма.
Оған не деп жауап берейін? Алматыда Орталық Комитеттің хатшысы
болып жүргенімде оның əпкелері де осылай азап шеккенін (басқа лайықты
сөз таппай отырмын) айтпақпын ба? Олар да жиі жылап келіп жүрді: қит
етсе, «Сен Назарбаевтың қызы екеніңді ұмытпа!» немесе «Мынау
Назарбаевтың қызы!» деп көзге шұқиды екен. Басшылардың перзенттері
бейне бір, кəдімгі адам еместей, олардың өз ойы, өз қабілеті, өз мүмкіндігі
жоқ жəне болмайтын да секілді. Ал егер əлде бір балалық шалдуарлық бола
калса ше — онда Құдай өзі сақтасын! Мектепке бару үшін киіну де үлкен
проблема: өйткені киім-кешегінің əрбір ұсақ-түйегіне дейін міндетті түрде
байқап, сөз ететін көрінеді. Əрине, мұның бəрін біздің бəрімізге ортақ
жалпы мəдениетсіздігімізден деуге де болады. Бірақ, шамасы, егер сенің
үлкен басшыға туыстық қатынасың бар екен, онда сен бұл жағдайды
пайдаланып қалуға, соның есебінен өмір сүруге тиістісің деген қатып-семіп
қалған түсініктің сақталуына əлі де негіз бар екені байқалады. Дүние
жүзінің қайсыбір жерінде осыған ұқсас тіршілік бар ма, оны білмеймін.
61
Əлемді талай рет шарлап жүрсем де, тап осындай нəрсені еш жерден
кездестірген емеспін.
Айта кетейін, халықаралық қарым-қатынастың алғашқы тəжірибесін
(қазіргі түсінігім бойынша, едəуір күмəнды тəжірибені) мен жас кезімде
Жастар мен студенттердің Хельсинкиде өткен бүкіл дүниежүзілік
фестиваліне совет жастары құрамында барып қайтқан сапарымда алдым.
Мəселе мынада еді: біздің делегацияның саяси бағдарламасындағы ең
басты мəселе «Социализмнің капитализмнен артықшылыгы» деген
тақырыптагы пікірсайыс болатын. Бұл пікірсайысқа бізді алдын ала
БЛКЖО Орталық Комитетінде, Орталық комсомол мектебінде мейлінше
мұқият əзірледі. Ондай дайындықтың нəтижесінде біздің санамызға барлық
капиталистік елдерде буржуа-езушілер еңбекші халықтың қанын ұдайы
сүліктей соруда, ал батыс елдеріндегі прогресшіл жастар бір ғана басты
мақсатты — сол сұмдық зіл батпан бұғауды неғұрлым тезірек лақтырып
тастауды ғана көздеп өмір сүруде деген сенім терең сіңіп қалды. Бірақ, біз
үшін күтпеген жерден айқын болғанындай, біздің ондағы көптеген
құрбыларымызды басқа бір мəселе — біздің еліміздің тарапынан туып
отыр-мыс дейтін коммунистік қауіп-қатер, мүмкін болған жердің бəрінде де
коммунистік идеяларды білектің күшімен, найзаның ұшымен, автоматтың
айбарымен орнатуға əрқашан əзір отырғандығымыз күштірек
толғандырады екен. Көріп отырсыздар ғой, екі дүниенің идеологтары мен
насихатшылары ə дегенге мə десіп, бір-біріне тіпті де ақысын жібермеген
ғой.
Біздің ұдайы жауап беруімізге тура келген ең басты сауал мынадай
болды: «Совет Одағында, өз үйлеріңде сендердің қандай қазыналарың бар?
Біз бақыт дегеніміз ақша емес, біз болашақ үшін өмір сүрудеміз, əділдікпен
ғұмыр кешіп, жаңа қоғам орнатып жатырмыз, бізде бай жəне кедей, ақ жəне
қара нəсіл болып бөліну атымен жоқ деп жамырай жауап беретінбіз...
Америка студенттерімен кездесуде Бруклин университетінің Карина
Лагодо есімді бір қызы менен: «Егер фестивальға келгенің рас болса, сен
əлдебір лауазымды коммунистің ұлы шығарсың?» деп сұрақ астына алғаны
есімде. Сенімді кұралға жүгінуіме тура келді, күс басқан қос алақанымды
көрсеткенімде ол өзінің сүйріктей нəзік жұмсақ саусақтарымен қолымдағы
мүйіздей қатып қалған сарғыш бедерлерді таңдана сипағаны бар.
Көп жағдайда бізді делегацияда Юрий Алексеевич Гагариннің
болуы қиындықтан құтқарып қалып жүрді. Оның қарапайымдылығы мен
62
сүйкімділігі айналасындағылардың бəрін өзіне баурап алатын, ал онымен
Хельсинкидегі Сенат алаңында ұйымдастырылған ғажайып ыстық
кездесуді мен ұзақ уақыт бойы бізге құпия сырын ашпай келген жүректерге
жол табудың шын мəніндегі жеңісі деп атар едім.
...Өмір менің қоғамдық жұмысқа баруыма батасын берген металлург
достарымның ақыл-кеңесі дұрыс болғанын көрсетті. Бірте-бірте қарапайым
жұмысшыдан бастап министрге дейінгі əр түрлі адамдармен қарым-
қатынас жасаудың тəжірибесін жинақтадым. Сондай-ақ шынымды
айтайын, бұл тəжірибе жеңіл келген жоқ. Байқаймын, ол домна пешінің
қасында жиналатын «ыстық стаждан» бірде-бір кем емес сияқты. Ал, ең
бастысы — өзімнің жаным сүйетін, онсыз өзімнің кім екенімді елестетіп,
сезіне де алмайтын ісім — металлургияның тереңіне тағы да сүңгіп кеттім.
Мен өзімнің негізгі, төл мамандығымды шектен тыс мақтаныш ете
берсем, өзгелерге ұнамай қалуым да мүмкін деген қауіпті сезінемін. Солай
бола тұрса да бір адамның — Василий Кузьмич Акулинцевтің лебізіне
сілтеме жасағым келеді. Жетпісінші жылдардың басында ол Қарағанды
облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет атқарған еді.
Көрген-білгені көп, мейлінше парасатты, жоғары мəдениетті адам болатын.
Қай мəселеде болсын керемет біліктілік танытатын. Ол мен үшін
партияның зиялы перзентінің үлгісі еді. Ондай адамдар, бұл жерде мен көп
айтылып əбден құлақ сарсытқан сияқты естілетін сөздерді қайталаудан
қашпаймын, партия кадрларының нағыз алтын қорын құрайды. Міне, сол
Василий Кузьмич қара металлургияны білмейтін адамды принципінде
мəдениетті деп те, білімді деп те санауға болмайды дегенді жиі-жиі
қайталайтын.
Өздеріңіз ойлап көріңіздер. Металлургиялық процесс кен қазу ісінен
басталады. Алдымен руда мен көмір өндіріледі, одан соң руданы
агломерация фабрикаларында ұнтақтайды, ал көмірден кокс жасайды.
Металлургия комбинатының коксохимиялық өндірісі — бүкіл химияны
басынан аяғына дейін түгел қамтиды: онда смола, пек, фенол жəне басқа
элементтер алынады. Шойын мен болат алу процесінің өзін ғылымның,
күрделі технологияның тұтас кешені десе де болады. Бұл даналықтың бəрін
білгішсіне тəптіштеп айтамын деп, оқырманды жалықтырып алмай, тек
Қарағанды металлургия комбинатының кең ауқымын танытатын кейбір
жағдайларға ғана тоқталайын. Кəсіпорын аумағында темір жол
айырымдарын түгел есептегенде төрт жүз шақырымға жуық болат жол бар.
63
Комбинаттың автотранспорт бірлестігінде бір жарым мың автомашина
жұмыс істейді. Жөндеу цехтары жылына 30—40 миллион сом қаржы
игеретін. Жеке электр орталығы — өз алдына тұтас энергетикалық сала.
Ал, егер осылардың бəрінің төңірегінде жыл сайын 120 миллион сомның
құрылыс-монтаж жұмыстарын атқаратын құрылыс ұйымы бар екенін, оған
қоса комбинат қамқорлығына алынған екі ауданның ауыл
шаруашылығында миллиондаған күрделі қаржы игеріліп жатса, В. К.
Акулинцевтің сөзі шындықтан онша алыс емес болғаны ғой.
Өзімді қалалық партия комитетінің өнеркəсіп пен күрделі
құрылысты басқаратын екінші хатшы етіп сайлағанда, мен əдеттегідей
«кабинеттік» ұғымдағы партия жұмысымен мүлде айналыспадым десем де
болғандай. Маған металлургия комбинаты құрылысының қоғамдық-саяси
штабы бастығының міндеттері жүктелді де, күндіз-түні жұмыс басында
жүруіме тура келді. Бұл жұмысты өзімше: комиссарлық прораб деп атадым.
Ə дегенде өзім құрылыс басқарушымен қатар қойылдым ба, əлде оның
орнына қойылдым ба, ол жағы түсініксіз еді. Кейде сұмдық шарқ ұрудан
көз алдың тұманданатын: біресе домна пешіндегі бұзылған жерді түзеп,
біресе конвертерге түнгі графикті түзіп, жүздеген қажетті актілерді өткізіп,
жексенбіліктер ұйымдастырып, бетон, металл, құрал-жабдықтарды тасуды
қамтамасыз етіп, шапқылайсың да жүресің. Күн сайын ондаған, жүздеген
адаммен сөйлесетінмін. Олар тəулік бойы құрылыс штабына əр түрлі
мəселелермен, кейде тіпті күтпеген қам-қарекет шаруаларымен жəне
өтініштермен ағылып келіп жататын: біреулері егер бетон жеткізу жолға
қойылмаса, бригаданы басқа жаққа алып кетемін деп қорқытса, енді
біреулері маскүнем күйеуіне ықпал жасауды талап ететін.
Осы күнге дейін, меніңше, тек бізге ғана тəн бір құбылысты — кез
келген жағдайға байланысты түрлі қоғамдық-саяси штабтар құруға
құмарлықтың неге қажет екенін толық зерделей алмай жүрмін. Ондай
штабтарсыз тіпті əрбір аздаған елеулі істің өзін, мейлі, ол маңызды
халықшаруашылық кешенінің құрылысы болсын, немесе егін орағы
болсын, қылмысқа қарсы күрестің кезекті науқаны немесе мөлтек
аудандарда мəдени-көпшілік жұмыстарын жолға қоюдың жаңа əрекеті
болсын, жүзеге асыруды ұйымдастыру ешкімнің ойына да кірмейтін (қазір
де көптеген адамдар бірқатар жағдайда тап солай ойлайды). Бұл
штабтардың пайда болуының алғашқы себебі неде еді — күш-қуат пен
ресурстарды негізгі бағыттарға шоғырландыратын күшті ұйымдастыру
64
орталықтарын құрудың шын мəніндегі қажеттігінде ме əлде жоспарлау мен
жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмайтын орашолақтығымызда, мемлекеттік
жəне өндірістік басқару құрылымының қабілетсіздігінде ме? Қазір, бұған
дейін жинақтаған тəжірибеме арқа сүйей отырып, мен барған сайын
осының соңғысы қисынға келеді-ау дегім келеді.
Комбинат құрылысында екі жыл құрылыс бастығы қызметінде
болғанда мұның өзі мен үшін ұшы-қиыры жоқ біртұтас жұмыс күніне
айналды. Домна пеші мен конвертерден кейін слябинг, ыстық жəне суық
прокат стандарын, жаңа цехтар, механикалық шеберханалар салу, жылу-
электр орталығын кеңейту, темір жол желісін ұзарту жайы кезекте тұрды.
Дегенмен қайрат-күшім жететін, өйткені бұл құрылыстың сол уақыттағы
ірі құрылыстардың бірі екендігін жəне көп нəрсенің елімізде тұңғыш рет
жүзеге асырылып жатқанын саналы түрде сезіну менің жастық жігерімді
тасыта түсті. Мəселен, тап осы Қарағанды комбинатында 250 тонналық
конвертер, 600 тонналық мартен пеші, ең қуатты слябинг жəне тақталық
прокат станы тұңғыш рет іске қосылды.
Одақтағы жетекші министрліктердің басшылары — қара
металлургия, ауыр құрылыс, арнаулы монтаж жұмыстары, ауыр машина
жасау, электротехника өнеркəсібі министрлері ай құрғатпай ат ізін салумен
болады. Тоқсан сайын ССРО Министрлер Кеңесі Төрағасы А. Н.
Косыгинниң бірінші орынбасары А. Н. Тихонов келіп тұратын. Ал, СОКП
Орталық Комитетінің, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жəне
обкомның қызметкерлері туралы айтып жатпаймын да. Олар ұдайы
құрылыстан айналшықтап шықпайтын, жан-жақтан жабыла ақыл айтып,
кеңес беріп, тықсырып, іске көңілдері көншімей жататын.
Ең «қиын-қыстау» кезеңдер «қызыл» даталы мерекелерге əзірліктің
екпінді апталары болатын. Өйткені, 1 Майдың, 7 Қазанның, Жаңа жылдың,
партияның кезекті съезі ашылуының құрметіне əйтеуір бір нəрсені іске қосу
керек болатын да тұратын. Басқа объектілерді бос қалдырып, мыңдаған
адамдарды шабуылға шығарып, артық айтсам, кешірерсіздер, ішегіміз үзіліп
кете жаздап жүрсе де келе жатқан мерекені табыспен қарсы алуға етіміз
үйреніп кеткен еді. Одақ жəне республика басшылығының бəрін де бір ғана
жағдай — объектіні іске қосып, рапорт беруді қамтамасыз ету ғана
мазалайтын. Осыдан кейін наградалар жəшік-жəшігімен келіп жататын. Əлі
есімде, СОКП XXIV съезінің ашылуына дейін коксохим комбинатының
кезегін пайдалануға беру үшін «мұрнымыздан қан кеткенше» қызу
65
əзірлендік. Өйткені, бізден съезге делегат болып сайланған трест
басқарушысы А. Г. Коркиннің өз сөзінде коксохим мен домна пешін өзара
жалғастыратын ірі галереяның іске қосылғанын қайткен күнде де баяндауы
тиіс болатын. Рапорт Москваға дер кезінде жеткізілді. Ал съездің бірінші
жұмыс күні галерея... гүрс етіп құлап түсті.
Бұл үшін Қазақстан Магниткасы құрылысшыларын кінəлауға тіпті
де болмайтын еді. Олар аса қиын жағдайдың өзінде ұдайы жоғары еңбек
қарқынын көрсетіп қана қойған жоқ, сонымен қатар жауапкершілік,
борышқа адалдық сезімін танытты. Ал олардан тыс əлгі жобаны жасап,
жоспарлағандар да, жапатармағай жанталастырған жұмысқа
«жұмылдырғандар» да бар болатын. Тап солардың «жанталастыруының»
салдарынан қыруар жұмыс қайта жасалды, халықтың ақшасы желге ұшып,
босқа кетті. Оның есесіне əлгі адамдар дүркіреген рапорттардан кейін
алақандарын уқаласып, бар кінəны құрылысшылар мен металлургтерге
үйіп-төге салды.
Үлкен басшылардың келген сапарлары қаншалықты көп болса да,
олардың комбинат металлургтерінің, құрылысшыларының күнделікті
тұрмыстық мұқтаждары жөніндегі бірде-бір əңгімесін еске түсіре алатын
емеспін. Өйткені ондай əңгімелер атымен болған жоқ, адамдарды ешкім
елеп-ескермейтін. Бейне бір тұрғын үй, балабақша, қоғамдық тамақтану,
жабдықтау проблемаларының ешкімге де қатысы жоқ сияқты еді. Ал бұл
проблемалар омбы қардың үйіндісі сияқты жинақталған елеулі
қиыншылықтарға душар етті. Бірнеше цех іске қосылып, жұмыс істей
бастағаннан-ақ ондай қиыншылықтар аяқ басқан сайын кездесе берді.
Міне, сол кезде шабуылдар мен жанталасқан жұмыстардың салдарлары
айқын сезіле бастады. Металлургиялық қайта құюлардың барлығының
дерлік арасында «осал тұстар» байқалумен болды, мұның өзі жұмыстың
толық тізбегін жолға қоюға жəне қажетті сортты металл алуға мұрша
бермеді. Жұрттың жүйкесі жұқарып, қиналумен болды. Өйткені сынып
қалған жабдықтарды жөндеу, апаттың зардабын жою, уақытпен санаспай,
күндіз-түні, демалыссыз жұмыс істеу жиі кездесті. Оның үстіне бұл кезде
еңбекақы да тым құлдырап, азайып кетті. Жұмысшылардың тұрақтамауы
30 проценттен асып түсті. Комбинат тұралап жатты.
Мұндайда əдетте басшы кадрларды сапырылыстыра ауыстыру
басталады. Цех бастықтары, жетекші мамандар, директорлар бірінен кейін
бірі келіп-кетіп жатты. Сол кезде, 1972 жылы мені комбинат парткомының
66
хатшылығына ұсынды. Ол кезде комбинатта 30 мың адам жұмыс істейтін,
оның екі жарым мыңы коммунистер еді. Менің нағыз партиялық жұмысым
тап сол кезде басталды деуге болады. Бірақ ол, турасын айтайық, көңілсіз
басталды. Менің сайлануыма дейін бір ай бұрын комбинаттың кезекті жаңа
директоры болып Олег Иванович Тищенко тағайындалған еді. Ол мұнда
Уралдан, Челябі металлургия заводынан ауысып келген. Міне, ол екеуміз
алғашқы жылы барлық жұмысты аяғынан ақсаттық. Газеттерде түрлі сын
мақалалар жиілеп, оларда біздің фамилияларымыз қылаң беріп қалып
жүрді.
Шамасы, екеуміз де сазайымызды бірдей тартумен болдық. Партком
хатшысының кəсіпорындағы барлық істің жайы жөніндегі жауапкершілігі
директордың жауапкершілігінен тіпті де кем емес еді. Ал көп жағдайда,
мысалы СОКП Орталық Комитетінің алдында, талап неғұрлым қаһарлы да
қатал болатын. Бұл ретте менің атқарған қызметім СОКП Орталық
Комитеті Секретариатының номенклатурасына енгізілгенін айтсам да
жеткілікті. Түсінікті болу үшін айта кетуге тура келеді, ол кезде
«номенклатура» деген ұғым қазіргі кезде қалыптасқан түсініктегідей
əлдебір жеңілдіктерді емес, қайта ерекше талап қоюды, көбінесе үзілді-
кесілді қатаң қорытындылар шығару мен оның ешкім болжап болмайтын
салдарларын білдіретін. Рас, мұндай жағдай төменгі иерархиядағы басшы
шенеуніктердің тікелей шабуылдарынан қорғайтын. Қанша дегенмен,
күннің қай жақтан күркірейтінін біліп отырсаң, өзіңе əлдеқайда жеңіл ғой.
Мен О. И. Тищенконы əрқашан құрметпен еске аламын. Əрине,
оның да пендешілік тұстары болатын, дастарқан басында артығырақ алып
қоятын да əдеті бар еді. Бірақ, қайсымыз кінəдан пəкпіз деп айта аламыз?
Ал, оның есесіне, ол барынша беріліп жұмыс істейтін, ең басты мəселелерді
екінші кезектегілерінен айқын ажырата білетін, қашан болса да іс-
қимылдың терең ойластырылған нақты жүйесін жасайтын. Біз ол екеуміз
ешқашан да əмпей-жəмпейлікке барған емеспіз, бірақ бір-бірімізді бірден
түсінісіп, қоян-қолтық бірлесе жүріп жұмыс істеуге уəделескенбіз. Өйткені
жауапты бəрібір бірге беруге тура келетін еді.
Бірден айта кетейін, бізді ауыр сынақтар күтулі еді, тұралап жатқан
комбинатты аяғынан тік тұрғызу бір жылдың ғана жұмысы емес еді.
Жуырда «Правданың» 1977 жылғы тігіндісінен өзімнің мақаламды тауып
оқыдым. Мақаланың аты құлаққа тым жағымсыз еді — «Артта қалғандар
қатарына қосылды» деп аталатын. Бұл жарияланымда комбинат
67
жұмысындағы кемшіліктердің себептерін өзімнің қалай талдауға
тырысқанымды тізіп жатпаймын. Меніңше, басқа бір нəрсе — редакцияның
қысқаша кіріспе түсініктемесі дəл қазір неғұрлым қызықты сияқты. Ол
мынау:
«Жуырда Қарағанды металлургия комбинатының парткомы аға
горновой Т. Адам-Юсупов басқарған бригаданың бастамасын мақұлдады.
Бригада домна пешінің жобалық қуатын мерзімінен бұрын игеруге жəне
тапсырмадан тыс мыңдаған тонна өнім беруге ұйғарды. Инициатива
иелеріне қолдау көрсеткен домна цехының коллективі оныншы
бесжылдықтың бірінші жылына жоғары міндеттемелер қабылдады, бірақ...
тіпті мемлекеттік жоспардың өзін орындай алған жоқ. Бұған дейін
кəсіпорын металлургтері коммунист И. Əбдіровтің бастамасы бойынша:
«Əр ауысымды жоғары сапалы жұмыс ауысымы етейік!» деген ұранмен
жұмыс істеуге бел буған болатын. Қазақстан Магниткасының барлық
учаскелерінде сапалы өнім шығару жолындағы күрес кеңінен қанат жайды.
Солай бола тұрса да, көптеген цехтардан əлі де ақаулы металл шығып
жатыр».
Өзімнің «Правдадағы» алғашқы мақалама берілген шағын
редакциялық кіріспені бұлай толық келтіріп отырған себебім — онда, менің
ойымша, қазір тоқырау деп атау əдетке айналған сол бір кезеңнің бүкіл
сипаты күтпеген жерден толық бейнеленген сияқты. Мұнда еңбек
екпінділері де, бағалы бастамалар да, ұрандар да, бесжылдықтың əр
жылына қабылданатын есте қаларлық жоғары міндеттемелер де
қамтылған... Солай бола тұра, есте қаларлық нəтижелер де көрсетілген:
«жоспарды орындай алған жоқ», «ақаулы металл шығып жатыр»... делінеді.
Осыған орай, бір қарағанда əдеттегіден тыс, бірақ қызық та
тағылымды бір оқиға еске түседі. 1973 жылы біздің комбинатқа СОКП
Орталық Комитетінің хатшысы болып жаңа ғана сайланған Владимир
Иванович Долгих келді. Металлурггер ə дегеннен байқап қалыпты: ол өз
ісін мығым білетін адам екен. Олай болатын жөні де бар — өйткені сол
кезге дейін ол Норильск металлургия комбинатының директоры,
Красноярск өлкелік партия комитетінің хатшысы болып істеп, мол
тəжірибе жинаған еді. Біз директор екеуміз оны үш-төрт күн бойы цехтар
мен əр түрлі объектілерді аралаттық, мен партком хатшысы ретінде оған
біздің негізгі əлеуметтік проблемаларымызды «тықпалай» бердім — тұрғын
үй жəне əлеуметтік мəдени-тұрмыстық жағдайлардың аса қиын, апатты
68
дерлік төмен дəрежеде екені туралы, кадрлардың тұрақтамауы туралы,
қосымша күрделі қаржы тілейтін, титықтатқан «осал тұстар» мен бітпей
қалған істер туралы, басқа объектілерге ауыстырылған құрылысшыларды
кері қайтару туралы айттым.
Ол кеткен соң, үш апта өткенде Орталық Комитеттің
Секретариатына «Қарағанды металлургия комбинаты парткомының еңбек
пен өндіріс тəртібін нығайту, кəсіпорында тұрақты коллектив құру
жөніндегі жұмысы туралы» деген мəселе дайындау үшін бізге СОКП
Орталық Комитетінің құрамында елу адамы бар бригадасы сау ете қалды.
Жə, өз сорыма қарай бəрін де тəптіштеп айтып берген екенмін-ау деп
ойладым!
Алайда, ең қызығы, бұл мəселе жөнінде тексеру соңында комиссия
мүшелерінің өздері ашықтан-ашық айтып берді. Əдетте бастауыш партия
ұйымының жұмысы қалай бағаланушы еді? Егер завод жоспарды
ойдағыдай орындап жүрсе — онда парткомның да жақсы жұмыс істегені,
барлық коммунистер де жарамды-ақ, яғни жарыс та жолға қойылған,
жиналыстардың күн тəртібіне мəселелер де жақсы іріктелген,
коммунистермен жеке-жеке жүргізілетін жұмыс та тəуір. Алайда
комиссияны таң қалдырған бір нəрсе — бізде бəрі де керісінше еді.
Өндірістік көрсеткіштің қай-қайсысына қарасаң да түп-түгел құлдырап
кеткен, тігісінен сөгіліп, қақырап тұр. Бірақ комиссия мүшелері қанша
іздесе де партиялық-саяси жұмыстан пəлендей елеулі кемшілік таба алмай-
ақ қойды.
Мына бір жайды айта кетуім керек, партком хатшысы болып
сайланысымен, қазір маған айқын болып отырғандай, мен бастауыш еңбек
буындарындағы салауатты партиялық топтарға арқа сүйеу бағытын таңдау
арқылы, шамасы, бірден-бір дұрыс шешім қабылдаған болуым керек. Бұған
кейін де бірнеше рет көзім жетті: кез келген еңбек коллективінде, əсіресе
бригадада, ауысымда іске шын жаны ашитын нағыз коммунистер бес-он
процент болса да, олар өзгелерді əрдайым топтастыра, өздерінің соңынан
ілестіре біледі. Комбинат коллективінің ыдырап күйреуін алдын ала
тоқтатуды тек солардың көмегімен ғана қамтамасыз ете алдық, бұл ретте ең
алдымен еңбек тəртібін сақтауға деген жауапкершілікті күшейттік. Сөз
арасында айта кетейін, менің сенімімше, қазір біз шаруашылықты
жүргізудің жəне экономикаға басшылық етудің жаңа прогрестік тəсілдерін
қаншалықты іздегенімізбен де, əрбір кəсіпорында қатаң еңбек тəртібі
69
болмайынша, оның бəрі тағы да ізгі ниет күйінде ғана қалып, мардымды
нəтиже бермейді.
Біз О. И. Тищенко екеуміз жұмысты бірге бастағанымызда қайда көз
салсақ та тек қана бейберекет көрініске тап болып жүрдік: жаппай
қыдырып жүру, жұмысқа себепсізден себепсіз шықпай қалу, кешігіп келу
үйреншікті əдет еді. Сөйтіп, оның салдары ретінде жұмысшылар мен
мамандардың кəсіби шеберлігі төмендеді, өнімнің сапасы болмады. Тəртіпті
нығайту үшін ымырасыз күрес ашуға өзіміз жұмылдыра алған
коммунистердің ролі туралы айтқанда мына бір жайға тоқтала кетейін. Ол
жылдарда бізде демократия да, басшылар атына тікелей сын айту да
болатын — мұның өзі əсіресе еңбек коллективтеріндегі партия
ұйымдарында күшті еді. Мысалы, партия жиналыстары мен
конференциялары қалай болса солай, жып-жылмағай өте салмайтын.
Əсіресе мəселе партбюроны, парткомды жəне хатшыларды сайлауға келіп
тірелген кезде қызу айтыс, өткір сын болатын. «Сен тимесең, мен тимен»
деген принцип атымен жоқ еді. Бірде комбинат парткомы хатшысының
орынбасарлығына қалалық партия комитетінің үгіт жəне насихат бөлімінің
меңгерушісі болып істеген қабілетті, адал да инабатты адам ұсынылды.
Бірақ мəселе насырға шапты. Конференция делегаттары: комбинатта
идеолог болып металлургияны білетін жəне түсінетін адамдар істеуі керек
деп отырып алды. Сөйтіп, əлгі жолдасты ұсынған облыстық жəне қалалық
партия комитеттерінің бірінші хатшылары ештеңе де істей алмады. Яғни ол
кезде де балама кандидатура ұсынылатын, шен-шекпенді сыйлап бас ұру
деген онша күшті болмайтын.
Біз партком мүшелерімен жəне комбинат директорымен бірлесе
отырып, адамдармен ешқандай бүкпесіз, қалыпты адамгершілік қарым-
катынас орнатуға тырыстық. Мысалы, əрбір Жаңа жылды тапсырманы
орындаған ауысымдарда өткізіп жүрдік. Оларға гүл ұсынатынбыз, одан
кейін үйге бірге қайтатынбыз. Мамандармен, бригадирлермен, инженер-
техник қызметкерлермен дастарқан басында да ұдайы ашық əңгіме
өткізетінбіз. Ал металлургия заводында ондай адамдардың саны 3200-ге
жететін. Оның үстіне əлгілердің көбісі үнемі жанталастырған қауырт
жұмыс пен апаттардан, мерзімінен тыс ауыр жұмыстан əбден ұнжырғасы
түсіп, ойлаудан, инженер болудан кала бастаған адамдар еді. Сондықтан да
алғашқы кезде өздерінің кəсіби мамандығын қадағалап, жетілдіріп жүруге
оларды күштеп көндіріп, мəжбүр еткендей болуға тура келді. Курстар
70
ұйымдастырдық, техникалық əдебиеттер іріктелген кітапханалар аштық.
Əдейі есеп жүргізіп, əрбір инженер-техник қызметкердің өз мамандығының
саласы бойынша қандай кітаптар, журналдар мен мақалалар оқитынын
тіркеп отырдық.
Жалпы алғанда, өзіміз арқа сүйеген адамдар бізді ұятқа қалдырған
жоқ. Олардан жанқиярлықпен шектелетін толық беріле жұмыс істеу талап
етілген сол бір ауыр да қысылтаяң кездерді жиі-жиі еске аламын. Бəлкім,
тап сондықтан да болар, партияны беталды дəлелсіз айыптап
жазғырулардың, оның өткендегі мейлінше бүлдіргіш, тіпті реакциялық ролі
туралы қазіргі гу-гу əңгімелер мені ол жолдан тайдыра алмайды. Маған
мынадай ой келеді: мені əлгі адамдарға сырт беруге ешкім ешқашан,
ешқандай жағдайда мəжбүр ете алмайды.
...Алайда, кəсіпорынды қиындықтан шығару жөніндегі күш-жігер
жұмсаған əрекеттеріміздің бəрі де алынбас кедергілерге тіреле берді. Кейде
біз өзімізге белгісіз, бірақ əйтеуір бір жерде бар əлдебір нақты дүлей күшпен
күресіп жүрміз-ау деген сезім пайда болатын. Комбинат бұрынғысынша
тұралап жата берді.
Сөйтіп жүргенде Москваға барып, СОКП Орталық Комитеті
Секретариатында есеп беретін мезгіл де жетті. Орталық Комитеттің
бөлімінде бізге алдын ала тиісті нұсқаулар берілді, кездейсоқ қойылуы да
мүмкін сұрақтарға дайын болуымызды пысықтады. Ал маған: «ертең
Михаил Андреевич Сусловпен əңгімелесуге барасың» деді. Иə,
жұмысымнан босатпай қоймайтын шығар деп ойладым. Дегенмен, онша
уайымдаған жоқпын: азар болса цехқа барармын, əйтеуір далада
калмаспын.
Сіз өмірде өзіміздің төңірегіміздегі адамдарды таңдауға барлық
уақытта бірдей мүмкіндік бола бермейді, кейде достарымызды да өте
күрделі қиын-қыстау соқпақтар арқылы кездестіреміз деген ой айттыңыз.
Сіз өзіңіздің бүл кəміл сеніміңізді кадр проблемаларын шешу ісімен қалай
ұштастырасыз?
Иə, шынында да, өзіміздің төңірегіміздегі, бірге еңбек етіп жүрген
адамдарды таңдауға барлық уақытта бірдей мүмкіндік бола бермейді. Бірақ
кез келген адам өзінің достарын қалай дегенде де өз бетінше дербес
таңдауы керек — бұл мəселедегі талғамсыздықтың жақсылыққа алып
бармасы анық. Өзіңнің нағыз достарың кім, ал, айталық, қатардағы кəдімгі
жұмыстас жолдастарың кім екенін ажырата білу керек.
71
Өзімнің өмір тəжірибемнен айтайын, өндірістегі адамдар бір-бірімен
тікелей жəне ашық қарым-қатынаста болады. Мен өз өмір жолымды осыдан
отыз жыл бұрын металлургтермен бірге бастадым. Менің олармен қарым-
қатынасым осы уақытқа дейін қарапайым да шынайы күйінде сақталып
келеді. Ал, биліктің жоғарғы сатысында, əлбетте, бəрі де одан əлдеқайда
күрделірек. Қызметің неғұрлым жоғарылаған сайын достарыңмен жəне
жақын жандарыңмен өзара қарым-қатынас жасау солғұрлым қиын тиеді.
Тегі өзімізді өзіміз алдамайықшы — бұл қатынастарға көбінесе ішбақай
ойлар, есептер араласып кетеді. Көптеген адамдар ашықтан-ашық
аярланып, жағына бастайды. Құдай ондайлардың тұзағына түсіре көрмесін!
Ондай достар бүгін бар да, ертең жоқ. Шынымды айтайын, менің өмірде
талай рет опық жеуіме тура келді. Адамға сенеді екенсің, бірақ ол сені сөз
жүзінде қолдағанымен, жеме-жемге келгенде жалт беріп, қарсы жағыңа
шығып кетеді екен. Қазір біз бұрын өзіміздің жолдасымыз саналып келген,
ал жағдай сəл ғана өзгеріп кеткен кезде алды-артына қарамай, тайып
тұратын жандарды екінің бірінде көріп-біліп жүргеніміз бекер ме? Нағыз
достарды уақыт өзі екшеп береді, ондай достар сен қандай лауазым, кандай
қызметте болсаң да одан пайда іздеуді ойына да алмайды. Жалпы, меніңше,
риясыздық — шынайы достықтың негізгі кепілі.
Өмірдің қазіргі күрделі кезеңінде кадрларды іріктеудің басты
принциптері туралы не айтуға болады? Ең алдымен нақты жағдайды
ескеру керек: кадрлардың көбі əміршілдік-əкімшілдік жүйе жағдайында
тəрбиеленген. Бірақ, бұл олардың бəрі бірдей өздерімен бірге ескіліктің
қазір іске алғысыз жұмыс тəсілдерінің, бұрынғы қателіктер мен
кемшіліктердің ауыр жүгін сүйретіп келе жатыр деген сөз емес. Ал, кей
жерлерде барлық басшылық буындарды қазірдің өзінде «революциялық»
тəсілмен оңды-солды сыпыра жасартуға кірісті. Іске мұндай бейғамдық
тұрғысынан келу көптеген кеңес жəне шаруашылық органдарына «жаңа
леп» қосумен бірге дəрменсіздік пен шалағайлық та ала келді. Адамдардың
басшы саяси немесе шаруашылық жұмыстарда жинақтаған мол
тəжірибесінен теріс айналып кетуге болмайды. Əлбетте, бұл ретте біздің
жолымыз қайта құруды, экономикадағы түбегейлі реформаны
қолдайтындармен ғана бір болмақ. Нағыз қырсық жаңа өзгерістер жасау
үшін дайындықтан өткен кадрларымыздың іс жүзінде жоқ екендігінде
болып отыр. Сондықтан, біздің өзіміздің де оқуымыз, қайта оқуымыз,
сонымен қатар жас кадрларды да даярлауымыз керек. Басты мəселе —
72
инициативалы, жаңалыққа бейім, адал, ар-ожданы таза адамдарға,
экономиканы, бүкіл өмірімізді өзгертуге шын ниетімен ұмтылғандарға жан-
жақты қолдау көрсетуіміз кажет.
Сіздің пікіріңізге қарағанда, партия тағдырында өзгеріс жасау бұдан
əлдеқайда ерте, қалай дегенде де, қайта құрудан бірнеше жыл бұрын
көзделген сияқты. Оның үстіне партияның өз ішінде қауіпті құбылыстар
байқала бастады: жұмысшылар СОКП қатарына ықылассыз өтетін болды,
жанды жұмыс немкетті формализммен алмастырылды. Сіз мұндай келеңсіз
бағыттардың пайда болуының себептері неде деп білесіз?
Егер, есіңізде болса, жетпісінші жылдардан бастап партияның
жоғарғы эшелондарында сөз бен істің бірлігіне шақырған үндеулер барған
сайын күштірек əрі табандылықпен естіле бастады. Турасын айтайық, бұл
талаптан нағыз екіжүзділік аңғарылып тұрды. Жоғарғы басшылықтағылар
мұндай бірлікке ең алдымен өздерін өздері шақыруы тиіс болатын. Л. И.
Брежневтің жеке басына табынуды қоздыра отырып жəне ең бірінші кісіге
жақын адамдарға жасалатын бүкіл игіліктерді пайдалана жүріп, ат
төбеліндей əміршіл топ партия бұқарасынан барған сайын қол үзе бастаған
еді. Шын мəнінде ол топ партияның өз ішіндегі, оның өзегі болып
табылатын бастауыш ұйымдардағы істің жағдайына қалай болса солай,
парықсыздықпен қарайтын. Жоғарыдағылардың алаңсыз өмір сүруі үшін
мықты əрі оп-оңай жақсы басқарылатын тік құрылымдар ғана қажет
болатын. Аппараттардағы қатал партиялық тəртіптің жүйесі тап соған
бағытталған еді. Ішкі партиялық жұмыстарды жақсарту мен жетілдіру
жөніндегі көптеген қаулылар көзбояушылық сипат алды. Сондықтан
төменгі партия органдарының қызметі де барған сайын жасандылыққа бой
ұрды. Партия басшыларынан қатып қалған догмалық дүмшелік пен
цифрлардан алуан түрлі есеп құрастырудан басқа ешнəрсе талап етілмеді.
Партия беделі қатты екпінмен құлдырай бастады. Партияның сандық жəне
сапалық құрамын жоғарыдан жіберілетін қағаз бойынша жəне түрлі
проценттер арқылы реттеу əрекеттері ең басты мəселеде — партия қатарын
толықтырып отыруды қалыптастыруда сұмдық селқостыққа соқтырды.
Партияға оның саясаты мен идеологиясын шын пейілімен қолдамайтын
адамдар қабылдана бастады. Қажетті пролетарлық деңгейді қамтамасыз ету
үшін кейбіреулерді — көбінесе жұмысшыларды партияға кіруге үгіттейтін
болды. Базбіреулер — интеллигенция өкілдері — СОКП қатарына қызмет
бабында жоғарылауды көздеп кірді. Партия ешқандай да игіліктер
73
бермейді, коммунистің бір ғана артықшылығы бар — ол əрдайым алда, ең
қиын жерде болады деген даурықпа сөзге ендігі жерде ешкім де сенбейтін
болды. Өз өмір жолымды өздерімен бірге бастау бақытына ие қылған
большевиктердің бойларындағы сияқты жауынгерлік қасиеттері бар
адамдар партия қатарында барған сайын, міне, осылай кеміп кетті. ССРО
Конституциясының алтыншы бабы өзгерген кезде партияның əрі-сəрі
күйде қалып, окопта бой тасалағаны кездейсоқ нəрсе емес. Оның шабуылға
шығу қабілетінің жоқтығы ғана емес, сонымен қатар жөндеп қорғана
алмайтыны да белгілі болды.
Əңгімеңізге қарағанда, Сіз саяси жұмыс жолына ол Өзіңіздің жеке
тілегіңіз бен өмірлік жоспарларыңызға кереғар келгеніне қарамай түсіпсіз.
Бəлкім, бұл сұрағым аңғырттау да көрінер, дегенмен де, жұрт айта
беретініндей, егер бəрін де басынан қайта бастау мүмкін болған жағдайда
қандай таңдау жасар едіңіз?
Менің өмір жолымның қазіргі кезеңіне қатысты мұндай сұрақтың
неғұрлым риторикалық сипаты басым болып шығатынын, меніңше, Өзіңіз
де сезіп отырған боларсыз. Дегенмен жан жүрегімнің түкпірінде
металлургияға деген қимастық əлі күнге дейін бар екенін жасырмаймын.
Сіз, бəлкім, түсінген де шығарсыз, маған өз негізгі кəсіби мамандығымның
бергені іс жүзіндегі өндірістік тəжірибеден алғандағымнан əлдеқайда көп.
Иə, бір кезде мен болашақтағы өз тағдырымды қара металлургиясыз
елестете де алмаушы едім. Бірақ, өмір өзінше өктемдік жүргізеді. Қазір мен
үлкен саяси жолдан өтіп үлгердім. Сөйтіп, саяси жұмыс маған өзімді
өзімнің көрсетуіме, өзімнің бойымдағы əлдебір жаңа мүмкіндіктерді
ашуыма септігін тигізді. Бірақ, нағыз қанағаттанғандық сезімі тіпті де қазір
республика мен бүкіл елімізде болып жатқан құбылыстарға ықпал ету
мүмкіндігімнің бар екендігінен келмейді. Саяси жəне мемлекеттік
қайраткердің еншісі — бұл ең алдымен оның иығына түсетін орасан зор
ауыр еңбек жəне, бұған сеніңіз, жайбарақат өмір сүруге мұрша бермейтін
ғаламат күшті жауапкершілік сезімі. Бұл жерде моральдық
қанағаттанғандық сезіміне бөлейтін бір-ақ нəрсе бар, ол өз халқыңның мұң-
мұқтажы мен талап-тілегін түсінетініңді, оны айта алатыныңды,
адамдардың тарапынан қолдау табатыныңды сезіну ғана. Əлбетте, бұл
ретте ешқашан да масаттанып, мəз болудың қажеті жоқ — өзіңді өзің асыра
бағалаудың неге алып барып соқтыратынын біздің бəріміз де жақсы білеміз.
Ал, еңбегіңнің еш кетпегенін сезінгенде, өткен жолдардың қиындығына
74
өкінбеу керек. Бірақ бір басты нəрсе — халық сенімін қайткен күнде
толығырақ ақтауға болады деген ой маза бермейді. Бұл мақсатқа жетудің
бір ғана тəсілін көріп тұрмын — қайта құру жолымен бұлжымай алға басу,
өзіңнің соңыңнан басқаларды да ілестіріп, ілгері жылжи беру керек. Құрғақ
уəдеден əбден мезі болған, ал бірақ тіпті басқа ізгілікке лайық адамдардың
өмірін жақсартудың өзге мүмкіндігі жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |