Баспадан Қара нанның дәмі Алғашқы тәлімгерлер Ыстық стаж Тұйық шеңбер Мәселелер осылай шешілетін Уақыт перзенттері Ескі екпін күшімен Біреудің қатесі үшін біреу



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата28.01.2017
өлшемі0,97 Mb.
#2871
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ескі екпін к шімен
Біздің қайшылыққа толы заманымыз кісі таңданарлық бір оқыс
жайтты туғызды. Бір жағынан алғанда, қайта құру идеяларының қоғам
өмірінің барлық саласына пайдалы əсерін тигізгені жұрттың бəріне де
даусыз екені рас. Түбегейлі өзгерістің қажеттігі мен оның болмай
қоймайтындығы жөніндегі түсінік бұқара санасына мықтап орнықты деп
əсірелеусіз-ақ айтуға болады. Алайда, екінші жағынан алғанда, біздің
мемлекетіміздің терең саяси жəне экономикалық дағдарысқа душар болуы
да тап сол қайта құруға байланысты деп түсіндіруге тырысу да көз
алдымызда орын алып отыр. «Қайта құру архитекторларын» көкке көтере
дəріптеген кезіміз де əлі есімізден шыға қойған жоқ, сол күйінде сайрап
тұр. Ал қазір біз сол адамдарды барлық ағаттықтар мен сəтсіздіктер үшін
айыптап, жауапқа тартуға шақыра бастадық.
Сəуірдің алтын күрек лебі ескенде біздің шаңырағымыздағы ахуалды
сауықтырып қана қоймай, сонымен қатар сол шаңырақ астындағы өтпе
желдің өтінде қалған кейбіреулерді жаңа дертке шалдықтырып кеткен
сияқты. Бір қиырдан қашып, екінші қиырға ұрынуға жаппай бейім
тұрушылықтан, өздері кеше ғана табынып келген басшыларын құлатуға
жəне олардың босаған тұғырларына жаңа адамдарды отырғызуға, бірақ
күні ертең-ақ оларға да əлгі алдындағылардың кебін құштыруға асығатын
əлдебір түсініксіз құштарлықтан көрінетін əлеуметтік ортақ дерттеріміздің
проблемасын тіпті де қайтадан қозғайын деп отырған жоқпын. Бірақ,
сонымен қатар соңғы кезде осы дертті онан əрі асқындыра түскен
себептердің бар екенін де елеусіз қалдыруға болмайды. Мен бұл себептерді
обьективті жəне субъективті деп шартты түрде екі топқа бөлер едім.
Объективті себептер 1985 жылға дейінгі саяси жəне əлеуметтік-
экономикалық дамуымыздың сипаты қойнауында бүркемеленіп келген
болатын. Біздің тартатын тауқыметтеріміздің басым көпшілігінің негізі сол
кезде- ақ қаланып қалған еді жəне оның алдын алып, болдырмай тастау
мүмкін емес еді деп пайымдаушыларға қарсы дау айтатындар сірə, табыла
да қоймас. «Бұрын бізде бəрі де бар еді, толып тұратын!» дегенге саятын
күрсіне аңсауларға шынымен-ақ ден қоюдың қисыны жоқ деп ойлаймын.
Тіпті мынаны еске түсірейікші: 1985 жəне 1986 жылдары барлық деңгейде
жəне барлық тараптан еліміз дағдарыс табалдырығын аттағалы тұрғанын
ескерткен үндер естіліп жатып еді ғой. Жəне бұған бəріміз де келісіп,
141

мойындаған болатынбыз. Бірақ дағдарыстан құтылудың сəті түспеді.
Экономикадағы істің апатты құлдырауымен бірге мүлде болжап білмеген
құбылыстар да кезікті. Мысалы, ұлтаралық қатынастар Одақтың тағдырын
тығырыққа тіреп осыншама ушығады деп осыдан бес-алты жыл бұрын
қайсымыз сəуегейлік жасай алар едік?
Менде өз мойныма шектен тыс жауапкершілік алайын, өзіміз душар
болып отырған сəтсіздіктеріміздің барлық себептеріне өзімше талдау жасап,
оны оқырманға ұсына қояйын деген ниет жоқ. Оның үстіне, ондай
пиғылды тіпті негізсіз деп санаймын. Өйткені, тарихтың ізі суымай тұрған
шақта тек фактілерді ғана қателеспей тіркеуге болады. Саяси қызбалықтар
өршіп тұрған ахуалымызда оқиғалар мен құбылыстардың себептері мен
салдарларының байланыстарын іздестіру кезекті бір елеулі қателіктерге
ұрындыруы мүмкін, ал ондай қателіктер ең байсалды, салқын қанды
адамдарда да бола береді. Сонымен қатар көптеген фактілердің табиғаты,
оларды туғызған бағыттар казірдің өзінде-ақ айқын болып отырғанына көз
жұма қарауға əсте болмайды.
Қайта құру процесіне тəн елеулі қайшылықтардың бірі
—«егемендіктер шеруі» мен «заңдар соғысы» түрінде одақтас
республикалар мен орталықтың арасындағы аса ауыр дау-жанжал болып
отыр. Əрине, мұның өзін халықтардың ұлттық сана-сезімінің өсуінің, тіпті
мен айтар едім, кемерінен аса тасуының маңызын орталықтың жете
бағаламағандығымен түсіндіруге болады, ал мұны түрлі саяси ағымдар мен
топтар жан-жақтан өз мүдделері үшін пайдалана бастады. Несі бар, бұл
құбылысты тап осылай түсіну əбден орынды. Айтпақшы, біздің бəрімізді де
ауқымы тар прагматикалық ой толғаныстарынан сақтандыратын, саяси
басшылардан тарихи процестер мен даму перспективаларын ой елегінен
өткізудің сапалық жағынан жаңа дəрежесіне көтерілуін мейлінше талап
ететін жəне бір елеулі тарихи тағылым бар. Қазір көптеген ғалымдар
дүниежүзілік өркениеттің қазіргі дəуіріне тəн белгі ретінде атап көрсеткен:
дүниежүзілік қауымдастықтың экономикалық интеграцияға қарай жəне
халықаралық кедергілерді бəсеңдетуге қарай ұмтылуы адамдардың ұлттық
қадір-қасиетін сезінуінің мейлінше күшеюімен, ұлттардың мəдени, тарихи
дəстүрлерінің жаңғырып, қайта өрлеуімен, мұның өзі көп жағдайда
мейлінше ұлтшылдық сипаттағы келеңсіз құбылыстарға да ұласуымен
байланысты ұзақ толғаныстар жасауға итермелейді.
Егер біз өзіміздің ішкі істерімізге қайта оралатын болсақ, онда
142

ұлтаралық дағдарыстың пайда болуы негізінде, менің көзқарасым
бойынша, неғұрлым қарапайым сипаттағы себептерді табуға болар еді,
бірақ бұдан олардың маңызы тіпті де төмендемейді. Сондай себептердің
арасынан мен ескіше ойлаудың ескі екпінінің жəне əміршілдік-əкімшілдік
жүйенің басшылық тəсіліне тəн бұрынғы əдістердің орасан зор күшін бөліп
айтқан болар едім. Қазақстанның саяси өміріндегі өзгерістің бас кезінде
республиканы аса ауыр зардаптарға душар ететін мейлінше қиын жағдайға
өткен кезеңнің тап осындай қайталанатын сарқыншақтары ұрындырған
болатын. Олар ақыры оқиғалардың даму логикасының барысында
ығыстырып шығарылды.
Қазір азамат соғысының белгілері бар, ұлттық негізде өршіп отырған
қатал шиеленістердің күшейген кезінде көптеген адамдар Алматыдағы
1986 жылғы желтоқсан толқуларын соңғы жылдардағы шым-шытырық ала-
құла оқиғалардың қатардағы бір эпизоды есебінде қабылдайтын болды.
Алайда кезінде ол оқиғалар туралы көп айтылып, көп жазылды. Бірақ қазақ
ұлтшылдығы деп аталатынды айыптаған СОКП Орталық Комитетінің
арнайы қаулысы қабылданғанын, бəлкім, жұрттың бəрі естерінде сақтап
жүрген де жоқ болар. Оның үстіне арада біраз уақыт өткеннен кейін біздің
табандылықпен талап етуіміз бойынша бұл қаулының қателікпен
қабылданған құжат ретінде күшін жойғанын біле қоятындар да аз болар.
(Алайда бұл қателік партия мен мемлекеттің басшылығын бұдан кейінгі
ұқсас қателіктерден сақтандыра алмағаны өкінішті-ақ.)
...1986 жылғы желтоқсанның бас кезінде мен ССРО Министрлер
Кеңесінің Төрағасы Н. И. Рыжковпен бірге Қазақстанның мұнай жəне газ
кен орындарын аралаған сапардан Алматыға қайтып оралдым. Бізді
осының алдында ғана Москвада болып қайтқан Қонаев қарсы алды жəне
өзінің пенсияға шығу жөнінде өтініш бергенін хабарлады. Оның бұл
хабарды бізге əлдебір қанағаттанған сезіммен, əлдебір мақтанған кейіппен
айтуының себебі онша түсінікті бола қоймады. Алайда Москвада оның
орнына келетін адамның белгіленіп қойғанын білген кезімізде бəрі де
бірден ап-айқын бола кетті. Яғни бəрі де тап баяғыдагыдай тағы да жалғаса
түсті. Орталық өкімет орындарының пікірі бойынша, республика олардың
қалай етсе де еркіндегі иелігі болып қалып отырғандығы, оның
басшыларын ешкіммен ақылдаспай-ақ өздерінің қалауынша тағайындай
беруге жəне ауыстыруға болатындығы айдай айқын сезіліп тұрды. Оның
үстіне Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті оның бірінші
143

басшысының қызметіне кімнің белгіленіп отырғаны жөнінде мүлдем
хабарсыз болды.
Тек 15 желтоқсанда, ұйымдастыру пленумы белгіленген күннен бір
күн бұрын ғана, Москвадан ұшып келген самолеттің баспалдағы жанында
бұл қызметке бұған дейін Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші
хатшысы болып істеген Г. В. Колбиннің ұсынылып отырғанын білдік.
Колбинмен бірге СОКП Орталық Комитетінің хатшысы Г. П. Разумовский
де келді. Ол Орталық Комитетте кадрлар мəселесімен айналысатын.
Аса маңызды проблемаға, шын мəнінде Қазақстанның болашақ
тағдырына, мұндай тұрғыдан келу республика Компартиясы Орталық
Комитеті бюросының мүшелерін мейлінше аң-таң қалдырғанын айтуға
тиіспін. Бəріміздің де мең-зең күйге түскеніміз соншалық, тіпті ұсынылған
кандидатураны бюро мəжілісінде талқылаудың, ең болмағанда «протокол
үшін» талқылаудың қажеттігі ешқайсымыздың да ойымызға кіріп
шықпапты. Турасын айтқанда, талқылайтын да дəнеңе жоқ еді — өйткені
Колбин жөнінде біздің ешқайсымыз да мардымды ештеңе білмейтін едік.
Бас-аяғы не бары 18 минөтке созылған Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің Пленумы да тап осындай жұрт аң-таң қалған мең-зең
жағдайда өтті. Жұрттың бəрі де қолдарын көтерді, Колбин Орталық
Комитеттің бірінші хатшысы болып шыға келді. Орталыққа ойсыз-түйсіксіз
бас шұлғып бағынудың ескі дерті, казармалық психологияның «біз
партияның солдаттары ғанамыз» деген ескі дерті тағы да қайта қозып,
үстем болды. Мұның зардаптары қандай болатынын ешкім де ойланған
жоқ. Ал ол зардаптар өзін тіпті де көп күттірмеді.
Келесі күні Орталық Комитеттің ғимараты алдындағы алаңға жастар
жинала бастады. Алғашқыда қолдарында транспаранттары бар 200-дей
адам келді. Бірақ содан кейін халық олардың төңірегіне барған сайын
көбірек жинала бастады. Пайда болған жағдайды талқылау үшін біз Г. В.
Колбиннің кабинетіне шақырылдық. Орталық Комитеттің Бюро
мүшелеріне, оның ішінде маған да жəне республика Жоғарғы Кеңесі
Президиумының Төрағасы С. Мұқашевқа да, алаңға барып, адамдармен
сөйлесу тапсырылды. Республиканың бұрынғы «бірінші адамының» өз
қызметінен кетуі ешкімді де өкіндіре қойған жоқ. Алаңда бізді: «Əр
халықтың басшысы өзінен болсын!», «Бізге қазақ басшы керек!»,
«Өктемдік жасау жетеді!», «Қайта құру жүріп жатыр, ал демократия
қайда?», «Біз лениндік ұлт саясатын қолдаймыз!» деген ұрандармен қарсы
144

алды. Ақыл-есі дұрыс адамның наразылығын не қарсылығын тудыра
қоятындай өзге ештеңе де болған жоқ. Халық бұқарасының көңіл күйі
бейбіт ниетте болатын. Бізге тек бір ғана сұрақ қойылумен болды:
жергілікті адам неге сайланбады? Ал біз бұл сұраққа ақылға қонымды
ешқандай жауап қайтара алғанымыз жоқ. Міне, сол кезде демонстранттар
транспаранттарын көтеріп, Алматының көшелеріне қарай бет алды...
Əрбір адамның өмірінде өзіңе бұрыннан жайлы əрі үйреншікті
əлдебір жағдайлардан қол үзуге мəжбүр ететін, алдын ала болжап білуге
болмайтын қиындықтар мен сын сағаттарға душар ететін нəрселердің
біріне елеулі де жауапты таңдау жасау проблемасына ойда-жоқта кез
болатын кезеңдер ұшырасады. Мұндай таңдау көбінесе бір ғана
артықшылық береді — адам жағдайға бейімделмейді, қайта оған
қаймықпай қарсы барып, өзіне тəн қасиеттерін сақтай біледі. Алаңға
жиналған халық қалаға қарай бет алған кезде мен тап осындай таңдаудың
алдында тұрғанымды түсіндім: не батыл қылық көрсетуге бел бууым керек,
не Орталық Комитеттің үйіне жайбарақат қайтып баруым керек. Мұның
екіншісі маған халыққа кешірілмес сатқындық жасау болып көрінді —
өйткені олардың ісі əділ еді! Мен колоннаның алдында халықпен бірге кете
бардым.
Қаланың көшелеріндегі шеру үш сағатқа созылды. Халық көп
көшелерді аралап, үлкен шеңбер жасаған соң алаңға қайта оралды. Түстен
кейін халықтың тасқыны күшейе түсті. Студенттер, жұмысшылар,
интеллигенция келе бастады. Келесі күні демонстрация тағы да
қайталанды. Оның немен аяқталғаны жақсы мəлім — 18 желтоқсанда оны
күшпен қуып тарату ісі ұйымдастырылды.
Бұл шараның қаншалықты лажсыз жəне өзін-өзі ақтайтын əрекет
болғаны жөнінде ой өрбітіп жатпаймын. Қандайда болсын шара қолдану
керек болатын, өйткені шиеленіс күшейе түсіп, адамдардьщ қалың
тобының арасына бұзақы элементтер мен экстремистер кіре бастаған. Бірақ
басты мəселе дегенмен де басқада еді: шалыс қадамдар жасамай тұрып,
осының бəрін де алдын ала ойластыруға болатын ба еді? Əрине, болатын
еді. Алайда, ондай шалыс қадамдар жасалды, өкімет орындары мен
халықтың арасындағы пайда болған қайшылықты жоюға бəріміз де
дəрменсіз болдық. Орталықтың жаңа бірінші басшыға «көмек ретінде»
өзінің бір топ, соның ішінде ССРО Мемлекет қауіпсіздігі комитеті
төрағасының орынбасары, ССРО қорғаныс министрінің жəне ССРО ішкі
145

істер министрінің орынбасарлары да бар көрнекті өкілдерін жіберуі де
көмектесе алған жоқ. Ал кезінде Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің екінші хатшысы қызметінен айқай-шулы жанжалға іліге жүріп,
Москваға қызметке жоғарылап кеткен Соломендевтің өзінен қандай пайда
болуы мүмкін еді? Олардың ешқайсысының да халықтың алдына шығып,
олармен ашық əңгімелескісі келген жоқ. Дəлірек айтқанда, мұны істеуге
ешқайсысы да дəрменсіз еді. Өйткені олардың бəрі де алдын ала
ұйымдастырылған халықпен ғана сөйлесуді, алдын ала əзірленген
сөздердің тексін биік мінберден оқып беруді ғана білетін. Тіпті Қонаевтан
көмек сұрау жөнінде де əрекет жасалып көрді, бірақ одан да ештеңе
шыққан жоқ. Оның Колбинмен жасаған əңгімесі Орталық Комитеттің
Бюро мүшелерінің арасынан Назарбаевты, Камалиденовты, Мұқашевті
тəртіпсіздікті ұйымдастырушылар ретінде атап көрсету əрекетімен тынды.
Дəрменсіз ашу- ызаның үстінде мұны бүлдірген сендерсіңдер, енді оның
сазайын тартатын да өздерің боласыңдар деген сөздер бетімізге баса тік
айтылды. Арада аз уақыт өткенде білгеніміздей, тап сол кезде Алматыға
ішкі істер əскерлерінің ірі-ірі бөлімдерін жеткізу ісі басталған да екен.
Былайша айтқанда, ең соңғы дəлелді əрекеттерге ұмтылысыпты.
Арада біраз уақыт өткеннен кейін біз орын алған толқулардың
сипаты қандай болғанын неғұрлым байсалды жағдайда анықтай білдік.
Қазақстан Компартиясының XVII съезінде жəне онда сөйленген сөздерде
де, қабылданған ресми құжаттарда да желтоқсан оқиғаларының ұлттық
қарама-қарсылықтың көрінісі болмағандығы, оның орыс халқына немесе
басқа қандай да бір ұлтқа қарсы бағытталмағаны атап көрсетілді. Бұдан тап
осындай бояуды қалай да көргісі келгендердің бір ғана дəлелі болды — ол
Колбиннің орыс екендігі еді. Мұндай дəлел барынша негізсіз болатын.
Мысалы, алаңнан Орталық Комитетке бірінші хатшының қызметіне жаңа
кандидатураларды қарастырудың талаптары жіберіліп жатқан кезде ұлты
қазақ емес, бірақ Қазақстанды, оның экономикасын, дəстүрлерін жəне
өмірлік уклад ерекшеліктерін жақсы білетін Демиденконың, Морозовтың
жəне басқалардың да аты-жөндері аталған болатын. Бірінші басшы міндетті
түрде қазақтан сайлануы керек деген неғұрлым үзілді-кесілді талапты да
адами тұрғыдан түсінуге болатын еді. Олай болатын себебі, мысалы, қазір
мен республиканың басқару тетігінде болған жиырма басшының ішіндегі
үшінші ғана қазақпын. Халық бүгін келіп, ертең кететін кездейсоқ
«варягтардан», өзіне барлық уақытта да жоғарыдан менсінбей қарайтын
146

адамдардан, мейлі ол Голощекин, Мирзоян, Беляев, Пономаренко немесе
Брежнев болсын, бəрібір, əбден қажып біткен болатын. Кейінірек мынадай
бір адам таң қаларлық фактіні білдім: М. С. Горбачев Д. А. Қонаевтан
Орталық Комитеттің бірінші хатшысы қызметіне кімді ұсынуға болатынын
білгісі келген кезде ол кімді болса да əйтеуір сырттан шақыру керек,
өйткені жергілікті басшы кадрлардың арасында лайықты адам жоқ, деп
жауап беріпті. Бір нəрсені түсіне алмай қойдым — жеке бастың реніші
немесе тіпті ұзыннан өш, қысқадан кек болғанда да, мұның өзі туған
халқыңның мүдделерінен шынымен-ақ жоғары тұрғаны ма?
Бірінші басшының қызметіне демонстранттар стихиялы түрде
ұсынған кандидаттардың арасында менің де аты-жөнім аталғандықтан мені
де, Орталық Комитет Бюросының басқа да көптеген мүшелерін шиеленісті
шешуге қатысудан жай ғана ығыстырып тастады. Шиеленіске байланысты
мəселелердің барлығы да Колбиннің кабинетінде Москвадан келген шағын
топтың қатысуымен қаралды. Демонстрацияны күшпен қуып таратуға
құпия əзірлік жасалып, ол жүзеге асырылғаннан кейін СОКП Орталық
Комитетінің Қазақстандағы ұлтаралық қатынастарды сауықтыру жөніндегі
шаралары деп аталатын шаралардың тұтас бір сериясын іске асыру қолға
алына бастады. Олардың көпшілігінің ақылға қонымсыздығы əбден айқын
еді. Республикада алуан түрлі жүз ұлттың өкілі ондаған жылдар бойы қоян-
қолтық араласумен өмір сүріп, еңбек етіп келген болатын. Өз өмірімнің елу
жылы ішінде мен ешқашан да жəне еш жерде де — заводта да, көшеде де,
магазинде де, қонақта отырғанда да — біреудің кімнің болса да ұлтын
жаман оймен сұрап білгенін көрген де, естіген де емеспін. Республикада
ұлтқа байланысты жағдайлар олардың арасындағы қарым-қатынасты
шиеленістірудің ешқашан да себебі болып көрген емес.
Бірақ, жұрттың айтатынындай, егер еліктейтін өнеге болмаса, оны
жасап алу қашан да қиын емес. Мен бұл жерде əлдебір қасақана жасалған
істі іздеп табуға тырысудан аулақпын. Бірақ, өкінішке орай, орталық
басшылықтың алысты болжап біле алмайтындығы, бəрін де өзінше кесіп-
пішіп, өзінше жасауға, соның ішінде ұлтаралық қатынастарды реттеп
отыруға құмарлығы тағы да қолайсыз жағдайларға қалдырды. Облыс
орталықтарынан бастап ауылдарға дейін барлық жерде жаппай ұлтаралық
қатынастар комиссиялары құрыла бастады, оның үстіне оларға арнаулы
штаттар бөлінді. Ал егер белгілі бір жұмыс үшін жалақы алатын болсаң,
онда шынында да бір нəрселерді істеу керек қой. Сөйтіп, əлгі
147

комиссиялардың мүшелері «халықтың арасына» қарай қозғалды, ауызша
əңгімелер өткізіп, жазбаша сұрақтар қоюмен айналысты, немісті, украинды,
ұйғырды, полякты, белорусты кім жəне қалай қысымға алғандығын
анықтай бастады. Егер екі жас жігіт би алаңында қызға таласып немесе
спиртті ішімдікті көбірек алып қойып, төбелесіп қалса, онда олардың
ұлтының кім екенін анықтау міндетті нəрсе болды. Міне, осындай тəсілмен
жоқ жерден жасанды проблемалар туындап жатты. Шындығында ондай
проблемалар атымен болмайтын. Егер əр затты өзінің атымен атай- тын
болсақ, онда біз адамдарды қараптан-қарап жаңа қақтығыстарға арандата
бастадық жəне көп ұлтты Қазақстанның барлық халықтарының арасында
тарихи қалыптасқан, ұзақ жылдар бойы нығайып, бекіген жылы шырайлы
достық қатынастарды өз қолымызбен быт-шыт етуге сəл-ақ қалдық.
Менің, əдеттегідей, бұрынғыша жеке адамдармен қарым-
қатынасымның қалтарысты шетін салаларына баса-көктеп еніп, анаған да,
мынаған да өзімнің жеке көзқарасымды білдіруге құлқым жоқ бола тұрса
да, Г. В. Колбиннің Қазақстанда қандай роль атқарғаны туралы үндемей
қалуымның тіпті реті келмейді. Геннадий Васильевичтің республика
Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы орнындағы
қызметінің басталуымен тұспа-тұс келіп, оны есте қалдырған шиеленіске
оның өзінің кінəлы емес екендігі айқын нəрсе. Мұның өзі бəрінен де бұрын
оның шалдыққан қырсығы, бəлкім, ескі өнегеге еліктеп өскен, əміршілдік-
əкімшілдік жүйенің үстемдігі жағдайында тəрбиеленген үлкен басшының
шын мəніндегі қасіреті де болар. Ол өзінің бұрынғы жұмыс тəсілдерінен бас
тарта алған жоқ, уақыттың күрт өзгерген сипатын дер кезінде аңғара
алмады. Маған 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларынан барынша дерлік
өзінше қорытындылар шығарған орталық та оны ерікті-еріксіз түрде қатал
əкімгершілік, жеке билеп-төстеу саясатына итермелеп отырды ғой деген ой
келеді.
Ал мұндай жұмыс стилі кезінде басшылық етудің басты құралы
кеңестер өткізу болып табылады. Əр түрлі дəрежедегі жəне бағыттағы
облыстық басшылардың — облыстық партия комитеттері хатшыларының,
облыстық атқару комитеттері төрағаларының, басқармалар
бастықтарының, шаруашылық қызметкерлерінің жиыны өткізілмейтін апта
болмайтын. Жоғарыдан үздіксіз жасалған қысым мен тықсыру ешқандай
негізі жоқ шалағай жобалардың жасалуына алып барып соғатын, ал олар, өз
кезегінде көбінесе ұрандық сипаты бар алуан түрлі шешімдер мен
148

бағдарламалар ретінде қабылданып жататын. Мысалы, Қазақстандағы бүкіл
тұрғын үй мəселелерін бес жылдың ішінде шешу, аса қысқа мерзімде азық-
түлік проблемасын жою міндеттері қойылды. Мəселе кейде күлкілі
жағдайға дейін баратын. Мысалы, азық-түлік бағдарламасын жүзеге
асырудың тəсілдері қатарына жабайы құстар мен аңдарды аулау да
кіргізілді. Қазақ тілін білмейтін басшылардың барлығынан да оны тез əрі
шұғыл үйрену талап етілді. Мұндай талаптың маңызды екеніне дəлел
ретінде Колбиннің өзі Орталық Комитеттің кезекті пленумында
баяндаманы қазақ тілінде жасауға уəде беріп салды. Ал маскүнемдікке
қарсы бітіспес күрестің кеңінен етек алғаны, түрлі салауаттық аймақтар
құрыла бастағаны табиғи нəрсе сияқты көрінді. Соның салдарынан да
адамдардың ішімдік орнына иіссуды, тіс тазалайтын пастаны, гуталинді
пайдалана бастағанын былай қойғанда, нашақорлық пен улы заттарды
шегу проблемалары пайда болғаны мəлім.
Басшылықтың осындай əдістерін сынап-міней отырып, бұдан
өзімнің бұған түк қатысым болмады деп тіпті де бойымды аулақ салғым,
тек бейтарап куə ретінде ғана көрінгім келмейді. Жоқ, олай емес. Кезінде
осының көпшілігін мен де осылай болуы тиіс қажетті нəрседей
қабылдадым. Əкімшілдік жасау практикасының барынша тұрлаусыздығы
мен теріс екендігіне толық көз жеткізу үшін маған да бірсыпыра уақыт,
жеке өзімнің қателіктерім мен жаңсақтықтарымды бастан кешіру қажет
болды. Бірақ сол кезеңде менің де, республиканың басшылығындағы
жолдастарымның да барша күш-жігерімізбен Г. В. Колбинге көмектескіміз
келді, оны теріс шешімдер қабылдаудан сақтандыруға тырыстық. Оның
көптеген қателіктері бадырайып, көзге көрініп тұрғанына қарамастан, жаңа
бірінші хатшыға қарсы, айталық, топ құру сияқты нəрселер өңіміз тұрмақ,
түсімізге де кірген емес — өйткені мұның алдында өте ауыр кезеңдерді
басымыздан өткерген едік қой. Принципті жəне маңызды мəселелер
бойынша ол менің берген көптеген кеңестерімді дұрыс қабылдады. Бұл
кеңестер, екеуміздің де ортақ пікіріміз бойынша, тұйыққа тірелген көптеген
жағдайдан алып шығуға көмектесті. Екеуміздің арамызда бұл тақырыпта
бірнеше рет ашықтан-ашық риясыз ұзақ əңгімелер де болды.
1987 жылдың барысында Колбиннің СОКП Орталық Комитеті мен
ССРО Министрлер Кеңесінің басшылығынан мені Москваға алып кетіп,
басқа жұмысқа ауыстыру жөнінде əлденеше рет ұсыныс жасағанын білген
кезімде қандай таңдандым десеңізші. Мұндайда оған аянышты өкініш
149

білдіргеннен басқа не істеуге болады. Шамасы, өздерінің айналасындағы
адамдарға сенбеу, сенім білдірмеу əміршілдік-əкімшілдік жүйенің, əрбір
басшы жеке өзінің қарақан басының амандығын ғана ойлауға мəжбүр
болған кезеңнің қалдырған мұрасының бірі шығар. Мұндай іске əсіресе
жоғары буындағы аппараттарға ерекше тəн болған секемшілдік пен сыртқа
сырын білдірмеу ахуалы итермелеп отырды. Ал осыдан кейін мұндай
ортада тəрбиеленген адамдарға өзіңді мансап та, жеке басыңның қам-
қарекеті де емес, басқа, неғұрлым биік мақсаттар мен мүдделер
қызықтыратынын түсіндіріп не дəлелдеп көр.
Тап сол жылы Қонаевтың соңымнан қуалай сілтеген сойылынан
тағы бір соққы жедім. СОКП Орталық Комитетінің маусым Пленумында
оны Саяси Бюроның жəне Орталық Комитеттің құрамынан шығарды.
Дінмұхамед Ахметұлы өзінің соңғы сөзінде барлық күнəні менің бір
басыма үйіп-төгуді жөн деп тауып, Алматыдағы желтоқсан оқиғалары —
билікке ұмтылған Назарбаев пен өзге де бірсыпыра адамдардың
қолдарымен жасалған іс деп мəлімдеді. Рас, М. С. Горбачев оның сөзін
бөліп, ұятын бетіне басты. Бірақ, айтарын айтып тынды. Мұның маған
ауыр тигені соншалық, бұл жолы бір кісіге жетерлік мықты денсаулығым
да көмектесе алмады — мені Пленумнан тұп-тура ауруханаға жөнелтті...
Соңғы жылдары «қайта құру» деген сөз өзінің құнын едəуір түсіріп
алды десек, мұның өзі пəлендей жаңалық бола қоймайды. Мəселе бұл сөзді,
реті келсін-келмесін, біз өзіміздің сөйлеген сөздерімізде, баспасөзде,
бұқаралық ақпарат құралдарында жиі қолданып жүргенімізде де, жақсы
өмір сүруге деген осы сөзге байланысты үмітіміздің ақталмай
отырғандығында да емес. Ең басты себеп, менің ойымша, қоғамымыздың
осы ұғымға қандай мəн-мағына беру жөнінде əлі де ортақ пікірге келе
алмағандығында жатқан сияқты.
Ендігі жерде бұлай өмір сүруге болмайды деп алғаш рет айтылған
кезде, жұрт бұған əбден келіскен болатын. Өйткені ендігі жерде
шындығында да бұлай өмір сүруге болмайтынын əрбір адам жақсы
түсінген еді. Демократияландыру мен жариялылық бағыты жарияланған
кезде, жұрт мұны да қолдады. Өйткені ауасы бұзылған бұрынғы ахуалда
тыныс алудың өзі барған сайын қиындай түскенін бəрі де түсінді.
Алғашқыда көптеген адамдар сөз бостандығына, пікір білдіру еркіндігіне
толық қол жетсе-ақ болды, өміріміз бен экономикамыз өз-өзінен оңалып
жүре береді деп ойлады. Бірақ демократияландыру мен жариялылық қайта
150

құрудың мақсатынан гөрі оның маңызды құралы екені, ал бұл құралды
дұрыс пайдалана білуді үйренуіміз қажет екені көп ұзамай-ақ айқын болды.
Мемлекеттік жəне экономикалық құрылым негіздерімен тікелей
айналысуға кезек келгенде əбден абыржыдық. Неден бастау керек, нені
керексіз деп қиратып, лақтырып тастауға болады, нені сақтап, нені жаңадан
салуымыз керек екенін ешкім де жөнді білмеді. Пікірлер бір-біріне қарама-
қайшы, қызу əрі ымырасыз бола бастады. Өршіген пікірталастың
барысында кімнің шын мəнісінде дұрыс жол табуға тырысып жүргенін,
кімнің саяси бейберекеттікті пайдаланып, өзінің атаққұмарлығы мен
шамшылдығының қамын жеп жүргенін айыру қиын еді. Дегенмен қалай
болғанда да, у-шу болған ию-қию алуан түрлі пікірлердің ішінен бірте-бірте
үлкен шоғыр пайда болып, оның хормен айтқан ортақ үні ерекше естіле
бастады. Ол ең алдымен бəрін де тып-типыл етіп тазартып алуды жəне
өзгерістер жасаудағы ең басты кедергі — СОКП-ны жолдан ысырып
тастауды талап етті. Менің көзқарасым бойынша, оппозициялық күштердің
СОКП-мен ара жігін тап осылай толық жəне түбегейлі ажыратуы жəне
өкімет билігі жолындағы ашықтан-ашық күрестің басталуы кезек
күттірмейтін əлеуметтік проблемаларды шешуді кейінге ығыстырды.
Соның салдарынан да экономикадағы бейберекеттік, мемлекеттік
құрылымдардағы анархия күшейе түсті.
Мен мемлекет пен экономиканың ыдырай бастаған процесі үшін
қожыратушы деп аталып жүрген күштерді айыптаудан аулақпын. Өзіміздің
мақсатымыз ретінде жарияланған демократиялық қоғамда саяси күрестің
болмай қоймайтын нақты шындық екенін біздің баяғыда-ақ мойындауымыз
керек еді. Бұл жерде де өзімізден өзге ешкімді де жазғыра алмаймыз. Батыл
өзгерістер жасау қажеттілігін бірінші болып мəлімдей отырса да, партия
қоғамға қайта құрудың біртұтас жəне сындарлы бағдарламасын ұсына
алмады. Бірақ, мұндай жаңа жағдайда қоғамның өзге бөлігі бұрынғысынша
бір шетте тұрып алып, бұдан не шығар екен деп сырттан ғана бақылау
жасай береді дегенге ендігі жерде иек артуға болмайтын еді.
Ойластырылған стратегияның жоқтығы алдын ала болжап білуге
келмейтін ауыр зардаптарға соқтыруы мүмкін деген елеулі алаңдаушылық
пікірлер партияның өз ішінде қайта құрудың бас кезінде-ақ айтылғанын
жасырмай еске түсіруіміз керек. Алайда, бір жағынан, біз СОКП-ның
басшылығында тоқырау заманындағы өзінің қателеспейтіндігіне кəміл
сену, сын мен ескертпе пікірлерге менсінбей қарап, оны қынжыла ауыр
151

қабылдау сияқты ескі əдеттердің қайталанумен болғанын құр байқаумен
ғана отыра бердік. Екінші жағынан, ешқандай маңызды ұсыныстың
жасалуы да мүмкін емес еді, өйткені СОКП-да нағыз ақыл-ой орталығы
жоқ болатын. Партияның орасан зор штаты бар аса ірі ғылыми-оқу
мекемелері атам заманғы қасаң қағидалардан айырылмай, аппараттың ұсақ
мүдделеріне ғана қызмет етуді одан əрі жалғастыра берді, қазіргі ғылыми
жəне қоғамдық ақыл-ойдан мүлдем артта қалып қойды.
Біздің идеялық жəне саяси алауыздықтарымызды біраз уақытқа
болса да былай қоя тұрып, енді қайта құру жылдарындағы экономикалық
реформалардың жүріп өткен жолына шолу жасауға тырысып көрейік.
Өкінішке орай, нарық саласындағы отандық жетекші мамандарымыздың
экономикалық бағдарламалары мен еңбектері негізінен Батыстан алынған
идеялардан ғана тұрды. Бірақ 1987 жəне тіпті 1988 жылдың өзінде
нарықтық қатынастарға көшу жөнінде іс жүзінде ешкім де емеурін
танытқан жоқ болатын. Тек сынап көру мен қателерден, сүрініп-қабыну
мен түңіле өкінуден тұратын сəтсіз тəжірибелер жасау сериясынан кейін
барып біз дүниежүзілік практикада сыннан өткен бір ғана сенімді жол —
нарықтық экономика жолы бар екенін айта бастадық. Калай десек те, осы
қорытынды əзірше біздің қазіргі отандық экономикалық ғылымымыздың
«биік шыңы» болып отыр.
Əуелгі кезде əлдебір дұрыс қадамдар жасалғандай-ақ болып көрінген
еді. 1987 жылы алдыңғы қатарлы озық жаңалықтарды өндіріске енгізуге,
ескірген құрал- жабдықтарды жəне негізгі қорларды ауыстыру мерзімін
қысқартуға ынталандыруды қамтитын ғылыми-техникалық процесті
жеделдетуге бағытталған маңызды шаралар жасалды. Біздің жетекші
саламыз — машина жасау өнеркəсібін жаңа сапалық деңгейге көтеру
жөнінде де дұрыс талпыныс болды. Ауылшаруашылық өндірісінде болмай
келген сенімді тірек нүктесі іздеп табылды — ауылшаруашылық өнімдерін
қайта өндеу мен оны сақтаудың проблемаларын шешуді қолға алдық, бұл
мақсатқа 77 миллиард сом бөлдік.
Бірақ ең бастысы — біз экономиканың адамға қарай бет бұруының
қажеттілігін ақыры əйтеуір ұқтық. Адамдарға миллиондаған тонна болат,
мұнай, көмір емес, қайта баспана, тамақ, киім-кешек, балабақша керек
екенін түсіндік. Бүкіл дүние жүзіндегі елдерде ұлттық табыстың 70—80
проценті халықтың тұтынуына жұмсалып, тек қалған бөлігі ғана қор
жинауға кетіп жатса, біз бəрін де керісінше жасап, өңін теріс айналдырумен
152

келдік. Сөйтіп ауыр индустрия алып кəсіпорындарының жаңа
құрылыстарын салуды одан əрі жалғастыра түстік, халықтың қаржысын
іргетастарға, темір-бетонды корпустарға, металл құрылғыларға шашып-
төгіп жұмсай бердік. Мұндай жағдайда, өкінішке орай, біздің мұнайдан
түскен миллиардтаған долларымыздың, совет халқы өндірген нəрселердің
бəрінің қай құрдымға кетіп жатқанын түсіну үшін, шамасы, бүкіл
дүниежүзілік өркениет тарихында бұрын-соңды болып көрмеген,
аяқталмаған құрылыстың көлемі жыл сайын салынуға тиісті жаңа
құрылысқа кететін күрделі қаржының көлеміне жетіп отырған оғаш
тірлікке барғанымызды көруге тиіс болдық.
Ақырында экономикамызды милитарландырудың ақылға қонымды
шектен əлдеқашан асып кеткеніне көз жеткіздік. Ұлттық табыстың қомақты
бөлігі қорғаныс салаларына жұмсалды, олар тек орасан зор материалдық
қаржыларды ғана сүліктей сорып қоймай, сонымен бірге еліміздің
интеллектілік күш-қуатын да, ең үздік ақыл-ой иелерін де, жоғары
маманданған инженерлер мен жұмысшыларды да өз уысында ұстап
отырды.
Осыдан кейін ісіміз оңға басатын шығар деген сенім пайда болды.
Экономикамыздың 1986—1988 жылдарда байқалған даму қарқыны да үміт
отын тұтатқандай еді. Бірақ... проблеманы шешуге қай тұрғыдан келудің,
экономиканы басқаруды шамадан тыс орталықтандырудың тəсілдері
ешқандай өзгеріссіз қалды деуге де болатын еді. Біздің көз алдымызда жан
ауыртатын жыға таныс көріністер тағы да бой көрсетумен болды:
жоспарлаймыз, іске кірісеміз, содан соң оны тастай салып, басқа бір істі
бастап кетеміз, осылайша шексіздікке дейін созыла береді. Айтқандай,
бұдан былай шексіздік жөнінде сөз етудің қажеті де болмай қалды. Енді
партия басшылығы да, үкімет те уақыттың қатаң өлшеуге түскенін жақсы
түсінді. Осыдан барып төніп келе жатқан дағдарысты кез келген тəсілмен
тоқтатуға жан ұшыра əрекет жасалды. Экономика мемлекеттік қабылдап
алуды, мемлекеттік тапсырысты енгізу, кəсіпорындардың біртіндеп
дербестікке көшуін іске асырады-мыс деп табылған шаруашылық есептің
жасанды үлгілерін түзу сияқты бірінен соң бірі сəтсіздікке ұшыраған
тəжірибелер тізбегінің аймағына енді. Экономиканың кооперативтік
секторын жаңғырту əрекеті де тым қолапайсыз болып шықты. Мəселе
кооперативтік қозғалыстың идеясын бұрмалау мен беделін түсіруде ғана
емес еді. Бұл жерде экономикалық байланыстардың қалыптасқан
153

құрылымына жəне ақша айналысына кезекті, жанға ерекше бататын қатты
соққы берілді, мемлекеттік секторды экономикалық талан-тараж өрті
шарпыды. Кейінірек конверсияның да əсте де оңай нəрсе емес екені, оның
едəуір күрделі қаржыны талап ететіні айқындалды.
Мемлекеттік бюджет тапшылығының шапшаң өсуі бірінші кезекте
жүзеге асырылуы тиіс экономикалық бағдарламалардан біржола бас
тартуға мəжбүр етті. Экономиканы бейберекеттік жайлап алды. Мұндай
жағдайда нарықтық экономика идеясы біржола жеңіске жетті. Бірақ бұл,
қайталап айтайын, əлдебір теориялық ізденістеріміздің жемісі емес, қайта
аман қалудың ең соңғы амалы ғана болатын. Біздің экономистер
«шығармашылығының» шын мəніндегі қорытындылары осы идеяға
түпкілікті жəне біржолата алып келген адам аярлық ауыр салдарлардан ғана
өз көрінісін тапты.
Əлдебір түсінбеушіліктер болмас үшін бірден айта кетейін,
нарықтық идея дегеніміздің өзі менің көзқарасыма да, сеніміме де ешқашан
қайшы келген емес. Мен үшін бар мəселе мына бір жайға кеп тірелді: біздің
орасан зор жəне тепе-теңдіктен айырылған шаруашылық механизмімізді,
ауыртпалығы қашанда халықтың мойнына түсетін күйзеліс пен ауыр сынға
ұрындырмай, экономиканы басқарудың осы заманғы озық əдістерінің
рельсіне көшірудің ақылға қонымды жəне жүйелі жолы табыла ма? Қазір,
басқа бір мəселе — дағдарыс шыңырауынан қалай шығу мəселесі күн
тəртібіне қойылып отырғанда, бұл сұраққа өзімнің құптарлық оң
жауабымды негіздеп жатудың қажеті бола да қоймас, сірə. Алайда, егер біз
бұдан ешқандай қорытындылар шығармасақ, онда қателіктердің ауыр
тізбегін өзімізбен бірге болашаққа да сүйреп ала кету қаупіне душар болар
едік.
Беделден жұрдай болған идеялардың əдетте жаны сірі болатынына
көз жұма қараудың жөні жоқ. Оның үстіне, практиканың өзі теріске
шығарған нəрселерді қайта тірілтуге мезгіл-мезгіл əрекеттер жасалып
тұратыны болады. Осыған байланысты қоғамдық өндірісті
демократияландыру деген нəрсеге де тоқтала кеткен дұрыс болар еді. 1987
жылы СОКП Орталық Комитетінің маусым Пленумының талқылауына Н.
И. Рыжков бастаған үкіметтің экономикалық проблемалар жөніндегі
құжаттар пакетін ұсынғаны əлі есімде. Солардың бірінде — Кəсіпорын
туралы заң жобасында — директорларды сайлап қою көзделген болатын.
Мұның аяғы практика жүзінде неге апарып соқты? Кəсіпорын басшылары
154

өз қарауындағылардың алдында құрдай жорғалай бастады, еңбек тəртібінің
бұзылуына көз жұма қарауды, əлдеқандай ықпалды топтардың жетегінде
кетуді шығарды. Бір сəттік мүдделерге, топтық өзімшілдіктің қысымына
бағынған көптеген басшылар еңбек өнімділігін арттыру, өнім сапасын
жақсарту, негізгі қорды жаңарту, əлеуметтік даму мəселелерін кейінге
ысырып қойып, өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай етіп көрсету
арқылы жалақыны негізсіз өсірудің жалған жолдарын қайткенде де іздеп
табуға мəжбүр болды.
Шамасы, біреулерге еңбек коллективтеріндегі қоғамдық ұйымдар əлі
де аз болып көрінсе керек — енді еңбек коллективтерінің кеңестерін құру
қажет деп табылды. Соның салдарынан көптеген коллективтерде қос
өкімет пайда бола жаздады. Əрбір жұмысшы өз заводы мен фабрикасын
басқаруға қатысуы тиіс деген арзан ұранға сүйеніп, экономиканың жəне
басқарудың күрделі проблемаларын шешу барысына енді жауынгерлік
қаскөй тұрпайылық келіп қыстырылды.
Экономиканы демократияландыруды тұрпайы түсінушілік пен
ұғындыру өндірістің қалыпты өмірінің негізін күйретіп, өндірістік
қатынастардың тұрақтылығын жоя бастады. Міне, осы арада біз, неге екені
белгісіз, Батыстың, дүниежүзілік экономиканың тəжірибесінен теріс
айналып жүре бердік. Ал тəжірибе материалдық өндіріс саласындағы
демократия дегеніміз нарық екенін нақты көрсететін. Онда өзге нəрсенің
бəрі де əрбір жұмыс орнында басталатын, өндіріс процесінің барлық
буындарын, салааралық жəне сыртқы экономикалық қатынастарды қоса
алғанда бүкіл экономикалық құрылымдарды қамтитын жəне
байланыстыратын қатаң, бұлжымай орындалуы тиіс тəртіпке
бағындырылған. Менің ойымша, біздің кəсіпорындарымыздың басым
көпшілігінің өз өнімін жөнелту жөніндегі міндеттемелерін орындауға
көзқарасының өзі-ақ шынайы нарық жағдайында оларды өте қысқа
мерзімнің ішінде-ақ толық банкротқа ұшыратқан болар еді.
Сонымен қатар өндірісті төменнен тұрақсыздандыруға тиянақты
алғышарт жасаған орталық өкімет жəне басқару органдары экономика
саласындағы өзінің өктемдігінен, республикалардың, аймақтардың жəне
жеке кəсіпорындардың ұсақ-түйек ісіне дейін араласып, қамқорсудан бас
тартуды ойларына да алған жоқ. Əкімшілдік-əміршілдік шамшылдық
мемлекеттік мүддені тағы да аяққа басып, өсіріп айтып отырғаным жоқ,
өзінің зардапты ролін атқарды. Орталықтағы басшы қайраткерлеріміз
155

кəсіпорындарға бостандық, республикаға экономикалық дербестік берілсе,
өздері бүкіл биліктен айырылып қалатындай көрді. Еліміз үшін өмірлік
маңызы бар принципті проблемалардың барлығы да бір мəселеге — билік
мəселесіне, дəлірек айтсам, осының астарын қалай ұғыну мəселесіне келіп
тіреліп жатты. Шынында, көптеген адамдар осы күнге дейін «билік» деген
ұғымды басшылықтың нақты нəтижелерімен байланыстырмайды, оны
жүзеге асыру процесі кезіндегі əмірлі бұйрық беру, нұсқау жіберу, жарлық
шығару, арнайы бөлінген жеке машинаға ие болу, қабылдау бөлмесі жəне
арнаулы байланыс құралы жəне басқа да мəртебелі игіліктері бар кең
кабинетте отыру сияқты шарттылықтардың басты роль атқаруымен
байланыстыруға тырысады.
Экономиканы басыбайлы тəуелділіктен құтқарудың объективті
қажеттілігі пісіп жетілгеніне, ішкі жəне салааралық байланыстардың
бұзылғанына қарамастан, барлығын бұрынғы күйінде қалдыруға орталық
тарапынан жанталаса ұмтылушылық одақтас республикалардың
қарсылығын күшейтті. Оның үстіне мұның өзі жекелеген республикалар
арасындағы қарым-қатынастардың шиеленісуіне алып барып соқтырды,
ұлтаралық қақтығыстардың себептерін өршітті. Кім кімге борышты, кім
кімнің есебінен күн көріп отыр деген мəселелер көтеріле бастады. Мұндай
түсініспеушіліктер мен есеп айырысуды талап етушілік орталықтың қаржы
мен қорларды бөлу жəне қайта бөлу жүйесін озбырлықпен иемденуінің, ел
ішіндегі товар айналымының құпия жағдайда болуының салдары еді.
Республикалардың өндіргенінің бəрі де орталықтың монополиялық
иелігінің қарамағына барып түсіп жататын. Бұдан кейін оның кімге жəне
қанша мөлшерде беріліп жатқанын ешкім білмейтін. Мысалы, Қазақстан
өзінің мемлекетке тапсырылатын астығының түптеп келгенде кімнің
қолына тиетінін жуырда ғана асқан қиындықпен зорға дегенде білді.
Сөйтсек, ол барлық одақтас республикаларға тасылады екен. Түсті металл,
өмірлік қажетті шикізаттар жəне басқа жіберілетін өнімдердің жағдайы да
осындай екені анық болды. Ендеше, Қазақстанды қазір дайын өнімнің 17
процентін ғана сыртқа шығарады, ал 40 процентін сырттан тасып əкеледі
деп кінəлау əділеттік бола ма?
Сөйтіп, орталық егемендік шеруі деп аталатын нəрсенің
экономикалық алғышарттарының қалыптасуына өз қолымен жағдай
жасады. Сондықтан бұл құбылыстан қайдағы бір аярлықты, сепаратистік
пиғылды көре қоюға тырысушылық кешірілмес қателік болар еді. Ал,
156

жекелеген, нақты бір республикаларда егемендік идеясын қандай күштің
жəне кімнің қандай мақсатына пайдаланып отырғаны өз алдына басқа
мəселе.
Өз кезегінде республикалардың оқшаулануға жəне өз пəтерінде
тұйықталуға ұмтылуы экономикалық көлбеу байланыстарға, əсіресе, өнім
тапсыруға соққы болып тиіп, орасан көп кəсіпорындардың тұралап
қалуына алып барып соқтырды. Алайда, қарапайым ақыл-ой елегінен
өткізудің өзі томаға-тұйық шектелген экономикалық кеңістік жасаудың
ортақ іске тіпті де көмектеспейтінін неғұрлым тез түсінуге септігін тигізді.
Ең нашар деген экономиканың өзі хирургиялық тəсіл қолдануға көнбейтін
болып шықты, өйткені жанды мүшені бас салып кесуге болмайды ғой, оны
емдеудің басқа бір тиімді тəсілдерін табу керек екен. Сондықтан да
республикалар өздерінің егемендігі жөніндегі дек- ларацияларын қабылдай
салысымен-ақ, олардың ара- сында тікелей экономикалық байланыстар
орнатудың заңды қажеттілігі келіп туды.
Бұл бағытта жасалған қадамдар, менің ойымша, шын мəнінде
өмірлік маңызды сипаттағы құбылыс екенін көрсетті. Оны өмірдің өзі алға
қойған болатын. Сонымен қатар өмірдің өзі, оқиғаның дамуы,
мемлекетіміздің тұтастығын сақтамайынша, республикалар мен
халықтардың бірқалыпты, дербес дамуы жөнінде байсалдылықпен сөз
етуге болмайтынын дəлелдеп берді. Жақындасу процесінің бүкіл
күрделілігіне, кең мағыналылығына қарамастан, Одақты нақты
жаңартудың алғышарттары тап төменнен қалана бастады. Біздің қолымызға
саяси, ұлттық жəне экономикалық қайшылықтардың күрделі орамын
тарқата бастауға мүмкіндік беретін жіптің бір ұшы ақыры тиді. Дегенмен,
біздің бірден-бір дұрыс жəне даңғыл жолға шықтық деп айтуымызға əлі
ерте. Əзірше ол жолға əркім негізінен өзіне ғана сеніп, өзінің ғана, кейде
бұралаңы тым көп соқпағы арқылы ғана шығуға талпынуда.
Міне, осындай кезде, орталық жетекшілік рольге ұмтыла отырып,
өкінішке орай, өзі де барлық уақытта бірдей жағдайды дұрыс бағдарлай
алмай отыр. Орталық өкімет органдары ең маңызды нəрседен —
стратегиялық инициативадан айырылып қалды. Соңғы жылдардың
барысында біз бір қарағанда айқын əрі дұрыс көрінетін шешімдердің
қабылданғанын, қайбір оқиғаларға дəл баға берілгенін, бірақ мұның бəрі де
соңынан, яғни болып өткен оқиғаларды тіркеу тұрғысында ғана
жасалғанының талай рет куəсы болдық. Кейбір кешігулер айларға, тіпті
157

тұтас бір жылдарға созылып кетті. Мысалы, партия жəне мемлекет
басшылығы Бүкілодақгық XIX партия конференциясында ұлттық
саясаттағы қиғаштықтарға əділ сипаттама бере отырып, ұлтшылдық жəне
сепаратистік қозғалыстардың қауіпті дамуына алдын ала жол бермейтін
шараларды дер кезінде қабылдай алмады. ССРО Конституциясындағы
алтыншы баптың заңсыз екенін мойындай отырып (бұл жолы да əр түрлі
жағдайдың қысымымен), партия қоғамның демократиялануы процесінде
саяси инициативаны өз қолында ұстап тұра алмады. Саяси қызбалықтың
буырқанған теңізінде, əділ сындар мен шімірікпей жасалған арандату
шабуылдарының өтінде қалғандықтан да СОКП қорғаныс шебіне көшуге
мəжбүр болды. Алғашқы кезде жұртшылықтың басым көпшілігіне ұнап,
қолдау тапқан «социалистік таңдау шеңберінде» батыл өзгерістер жасауға
берілген уəде көп ұзамай-ақ толық негізі бар күмəн тудыра бастады. Шын
мəнінде, өткенді, социалистік құрылыстың бүкіл іс-тəжірибесін жаппай
сынауға қарсы қойылған ешнəрсе де болмады. Ақыр аяғында жаңа
жағдайдағы социалистік жолды таңдау дегеніміздің нені білдіретінін,
социализм идеясы дегеннің не екенін қалай түсінуіміз керек болатынын
халыққа ешкім де түсіндіріп бере алмады. Саяси конъюнктураға баяғыдан
епті түрде бейімделіп алған қоғамтанушы-ғалымдар, яғни күні кеше ғана
көпшіліктің санасына ең озық революциялық теорияның талассыз
дұрыстығын сенімді түрде сіңдірген адамдар да, өздеріне жұмыс тауып
беретін дəулетті жаңа қожайындарды іздестіру үшін, сөз арасында айта
кетейік, бұған дейінгі ұзақ жылдар бойы өздерінің мұқтажсыз өмір сүруін
қамтамасыз етіп келген тап сол идеяларды бір ауыздан жабыла жоққа
шығарып, сынап-мінеуге, күлкі етуге кірісті.
Қалай дегенмен де СОКП-ның, мемлекеттік басшылықтың қадірі
мен беделінің құлдырап түсуіндегі ең бір қайғылы рөлді билікті партиядан
Кеңестерге беруді жариялау мен жүзеге асыру шаралары атқарды. Əлбетте,
бұл идеяның өзі менде ешқандай күмəн тудырмайды. Алайда, сол кезде
демократияландыру процесінің стихиялы түрде дамуы экономикалық жəне
мемлекеттік қүрылыстың реформаларынан ілгері озып кеткені соншалық,
мұның өзі апатты салдарлары бар шиеленістің тууын болдырмай қоймады.
Тап солай болып шықты да. Бұл жерде тарих қашан да күлкілі түрде
қайталанады деген белгілі қағиданы қалай еске алмассың. Мен бұл жерде
Ленин кезінде сандырақ деп тіпті де бекерге атамаған, 70 жылдан кейін
өзімізге қайтып оралған «Кеңестер большевиктерсіз болсын» деген ұранды
158

айтып тұрмын. Партиялық органдардың барлық буындарын мемлекеттік
жəне экономикалық проблемаларды шешуге нақты қатысу мүмкіндігінен
айырып, біз Кеңес өкіметінің негізгі тірек тұтқасын ə дегеннен-ақ тас-
талқан еттік. Біздің мұны мойындағымыз келе ме, жоқ па, соған
қарамастан, партиялық аппараттарда экономика мен саясат проблемаларын
меңгерген, басқару қызметінің орасан зор тəжірибесі мен дағдыларын
игерген, теориялық, мейлі, бұл тіпті данышпандық теория болсын, үлгілер
мен практиканың нақты шындықтары арасындағы айырмашылықты терең
түсінетін ең таңдаулы жəне білікті кадрлар шоғырланған болатын. Оның
үстіне, Кеңестердегі олардың сындарлы қызметіндегі басты тіректерінің
бірі болып табылатын партиялық тəртіп жойылды. Елде өкіметсіздік орын
алды. Өкімет билігінің орталық, сондай-ақ жергілікті органдарының да
міндеттері көп жағдайда символикалық сипат ала бастады. Төрешілдерді
жоғарыдан да, төменнен де соғу деген сылтаумен барлық басшы кадрларды
ақ-қарасына қарамай соғуға шеберлікпен бағытталған ұрандарды еске
түсірейікші. Немесе «Заңмен тыйым салынбаған нəрсенің бəріне де рұқсат
етіледі» деген ұранды алайық. Ол барып тұрған заңсыздыққа алып барып
соқты. Міне, осының бəрі қайта құрудың инициаторларында оның
ешқандай стратегиясы болмағандығын дəлелдемей ме? Олар бұған кері
нəрсені қанша дəлелдегісі келсе де, солай болды.
Бұл процестердің бəрі де белгілі бір дəрежеде Қазақстанға да тəн еді,
оның өмірінің алуан түрлі салаларында өз көрінісін тапты. Əрине, əйтеуір
бір кезде ғалымдар — тарихшылар, саясатшылар, философтар — біздің
басымыздан кешкен жəне алдағы кезде де басымыздан кешетін нəрселердің
бəріне неғұрлым іргелі негіз қалай білетін болар. Өзімнің қызмет
жағдайыма орай осы жылдардың барлығында да əрдайым оқиғалардың
қалың ортасында жүріп, оларды талдауға жəне салыстыруға,
қорытындылар жасауға, шешімдер қабылдауға тура келгендіктен де,
өзімнің жеке пікірімді айтуға барып отырмын. Бұл орайда елдің басынан
кешкен көптеген қиын процестер біздің республикамызда оған қарағанда
неғұрлым жеңіл өтті деп мəлімдеудің жауапкершілігін де өз мойныма
аламын. Меніңше, 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары көп адамға тағылым
болды ғой деймін. Біріншіден, елдің жоғарғы сатыдағы басшылары іске кез
келген себеппен абайламай жөнсіз араласудың белгілі бір проблемаларды
тек одан сайын ушықтырып жіберетіндігіне көздерін жеткізді. Екіншіден,
адамдар митингілік қызбалықтың ащы тəжірибесін басынан кешірді жəне
159

стихиялық қозғалыстардың мəселені шешудегі бірден-бір жақсы тəсіл
еместігін белгілі бір мөлшерде түсінді. Ал сонымен бірге, маған осылай
сияқты көрінеді, республика басшылығында халықтың қамын жейтін,
Қазақстанның тағдырын ойлайтын салауатты топ құрылғанын халық сезіне
түсті.
Дəл осы жерде айта кету керек, мұның соңғысы жұрттың бəріне
бірдей ұнай қоймады. Республиканың басшы қызметкерлері арасынан
қайткенде де жауларды, ұлтшылдарды, мансапқорларды іздеп табуды қажет
ететін əміршілдік-əкімшілдік жүйенің дерті одан əрі жалғасып жатты.
Кадрларды бір-біріне айдап салу саясаты астыртын жүргізіліп келді. Одан
«Бөлшекте де билей бер» деген баяғыдан бар ескі ұранның елесі көрінді де
тұрды. Есіме Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1988 жылғы
қаңтарда өткен пленумы түседі. Онда сын мен өзара сынды күшейту деген
сылтаумен басшыларды бір-біріне айдап салу, олардың өзара қарым-
қатынасына қасақана іріткі түсіру əрекеттері жасалды, онсыз да жеңіл емес
жұмыс барған сайын қиындай түсті.
1989 жылдың мамырында ССРО халық депутаттарының бірінші
съезі Г. В. Колбинді Халықтық бақылау комитетінің төрағасы етіп бекітті.
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысын сайлау
мəселесі алда тұрды. Бұл жерде де бұған дейінгі тағылымның босқа
кетпегені байқалды. Бұл жолы Қазақстаннан сайланған ССРО халық
депутаттарының барлығының, облыс басшыларының пікірлері
сұрастырылды, республика интеллигенциясы өкілдерінің көзқарастары
тыңдалды. Қарапайым адамдардың пікірлерін анықтау тікелей көше-
көшелерде жүргізілді. Тек осыдан кейін ғана Орталық Комитеттің пленумы
шақырылып, онда сайлану үшін менің кандидатурам ұсынылды. Сайлау
тұңғыш рет жасырын дауыс беру арқылы жүргізілді. Сөйтіп, 1989 жылдың
маусымында мен республика Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші
хатшысы болдым. Маған республика партия ұйымы кадрларының күш-
жігерін біріктіру тап сол пленумда іске асқан сияқты көрінеді. Содан не
бары бір жыл бұрын ғана өзіме қарсы айдап салынған адамдар тарапынан
да қолдау таптым. Таңдаудың толық еркіндігі берілген жағдайда өзіме
көрсетілген бұл қолдаудың шын жүректен шыққандығы менің терең
ризашылық сезімімді тудырады.
Республика партия ұйымын оның жұмысының енді мүлде өзгеше
жағдайларында басқаруға тура келді. Ұдайы туындап отырған жаңа
160

проблемалар бұрынғы қателіктердің зіл-батпан салмағымен ауырлай түсті.
Бірақ «Кім кінəлы?» деген сауал қоюға құлық та, уақыт та болған жоқ.
Жəне оны кімге қоюдың да реті болмады. Не істеу керектігін ғана шешу
қажет еді.
Отандық экономика ғылымы туралы жəне біздің елімізде
соншалықты қызу талқыланған атышулы экономикалық тұжырымдамалар
туралы Сіздің пікіріңіз онша жоғары емес екен деп қорытынды жасауға
болады. Мұның өзі біз алдағы уақытта да аса маңызды экономикалық
проблемаларды аяқ астынан кездейсоқ түйсіну, тəжірибе жасау жолымен
ғана шешуге мəжбүр боламыз дегенді білдірмей ме? Шаталин-
Явлинскийдің бағдарламасына Сіздің дегенмен де белгілі бір дəрежеде үміт
артатыныңызға қарағанда, мынадай бір сұрақ туады: Сіздің
айқындамаңызда əлдебір қарама- қайшылықтар жоқ па?
Экономикада белгілі бір тəжірибелерді байқап көру жолымен ілгері
басуға бұдан былай болмайды. Жақындап қалған дағдарысты тоқтату
мақсатында бір жақтан екінші жаққа жалт бұрылып, бір қиырдан екінші
қиырға ұрынулардың өте көп болғаны жөнінде біз бұған дейін айтып өттік.
Соның салдарынан да біз ойластырылмаған қадамдар жасауымыз арқылы
дағдарысты қамшылап, жылдамдата жəне оның күші мен зардабын арттыра
түстік. Қазір іс-əрекеттің ғылыми негізделген стратегиясы да, жағдайдың
даму барысына жасалатын болжам да болуы қажет. Айта кету керек, біздің
көптеген саясатшыларымыз бен экономистеріміздің бастарын күні бүгінге
дейін қатырып жүрген шым-шытырық бұлыңғыр ойларға, экономикадағы
бейберекеттікке қарамай, мəселеге мұндай терең ойластырылған көзқарас
тұрғысынан келудің негізі қалыптасып келеді. Мен нарықтық қатынасқа
көшудің болмай қоймайтындығын тек мамандардың ғана емес, сонымен
қатар қоғамның да ұғынғанын айтып отырмын. Шынында да, 1988
жылдың өзінде экономистердің көпшілігі, соның ішінде ең болмағанда
ресми саясатқа ықпал еткен жəне оны қалыптастырған экономистердің
көпшілігі, елдің нарықтық қатынастарға көшу мүмкіндігін жоққа шығарған
болатын. Бірақ оқиғалардың онан əрі дамуы қиын-қыстау сипат ала
бастағаны айқын көрінген жəне біз экономиканың апатты күйреуін
болдырмау үшін оның алдын алу жолдарын іздестіре бастаған кезде ескі
тəсілдердің жағдайды ең болмаса ішінара тұрақтандыруға да жарамсыз
екені əбден белгілі болды.
Осындай жағдайда Шаталин — Явлинскийдің бағдарламасы пайда
161

болды. Мен бұл бағдарламаға, реті келгенде айта кетейін, тұтастай алғанда
едəуір сын көзбен қараймын, ал оның кейбір қағидаларына сенбеймін де.
Үш жүз миллион тұрғыны бар елдің аса ірі, күрделі, оның үстіне тепе-
тендігінен толық айрылған экономикалық механизмінің реформасын күн
сайын емес, сағат сайын дерлік дəлдікпен белгілеп беру ақылға сыймайтын
нəрсе. Бірақ осы бағдарламаның ақша айналымын жақсарту мен өндірістік
қатынастарды қалыпқа келтіруге бағытталған, яғни тұрақтандыруға
арналған бөлігі маған ұнайды. Мұндағылардың бəрі дерлік шындығында
дүниежүзілік практикадан алынғанына қарамастан, онда біздің нақты
жағдайларымыз бен қоғамның психологиясы ескерілген элементтер бар.
Менің оны қолдауымның себебі де осы. Бұдан соң, бəрімізге белгілі, айтыс-
тартыс, қарсы пікірлер айту, ымыраға келудің жолын іздестіру басталды.
Көптеген шараларды жұртшылық қабылдамайды-ау деп қауіптену үлкен
роль атқарды. Алайда мұндай күрт бетбұрысты сəттерде қоғамның
тарапынан жүз процент қолдауға иек артудың реті келе де қоймас.
Осылардың бəрінің нəтижесінде Нарықтық қатынасқа көшудің негізгі
бағыттары дүниеге келді. Міне, осыдан келіп экономиканың көкейтесті
мүдделерінен гөрі саяси көзқарастар көбірек ықпал еткен симбиоз пайда
болды. Өкінішті-ақ! Бірақ «500 күн» бағдарламасы саяси күрестің
нəтижесінде ғана жеңіліске ұшырады деп ойлау аңғырттық болар еді. Ресей
үкіметі бұл бағдарламаны қабылдайтынын ресми турде мəлімдеумен қатар
оны өз қолымен ақыры көрге тығып тынды. Бұл жөнінде мен сəл төменде
əлі де тоқталамын.
Біздің экономикалық қайта құруымыздың əлі күнге дейін тиісті
тиянақ таппай отыруының ең басты себептерінің бірі — ел үкіметінде
біздің теориялық жетістіктерімізді де, практикамызды да ескере отырып,
дамуымыздың бағдарламасын байсалды ойластырып жасай алатын
орталықтың жоқтығы. Меніңше, бұл бір адам түсіндіріп болмайтын оғаш
нəрсе. Дүние жүзінің бəрінде осы мақсатқа орай бір жылға, бес жылға жəне
одан да ұзақ мерзімге перспективалар белгілейтін арнаулы институттар
жұмыс істейді. Олардың ұсыныстары болмайынша өзін-өзі сыйлай білетін
бірде-бір үкімет аяғын аттап баспайды. Біздің санамызда, менің пікірімше,
үлкен қызметтегі кез келген адамның тек жеке өзінің ақыл-ойына ғана
сенуіне жəне өзін еш қателеспейтін жан санауына кұқы бар деп есептейтін
ескі дəстүрдің қыңыр қағидасы берік сіңіп қалған. Енді тағы бір
қырсықтың мəні мынада, біздің тəп-тəуір теоретиктеріміз болғанымен, олар
162

ешқашан нарықтық қатынастар тұсында өмір сүріп, жұмыс істеп көрген
емес. Теорияның жөні бір басқа, ал экономиканы жаңа рельске
ауыстырудың практикасы мен жүзеге асыру механизмін кабинет
жағдайында ұғына алмайсың. Сондықтан да біз қазір өзіміздің Жоғары
экономикалық кеңесіміздің сарапшылар тобынын құрамына американдық
экономист жəне бизнесмен Чан Ян Бэнг, Калифорния университетінің
деканы Леонхубуд сияқты дүние жүзіне белгілі мамандарды шақырдық.
Сонда бұл біздің өз үйімізді өз күшімізбен ретке келтіруге қабілетсіз
екендігімізді растап берген болып шықканымыз ғой?
Мен Қазақстанда батыс мамандары есебінен «Совет
қызметкерлерінің» көріне бастағанынан ешқандай оғаштық көріп отырған
жоқпын. Егер өз тірлігің алға баспай жатса, онда өзгеден пайдалы өнеге
үйрену ешқашан да сөкеттік саналған емес. Айтпақшы, мынадай бір жай
бар: олар жалақыны совет ақшасымен алуға келісім берді. Қандай да
болсын түпкі нəтижелер туралы сөз етуге, əрине, əлі ерте. Бірақ мұндай
ынтымақтастықтың пайдасын біз қазірдің өзінде сезініп отырмыз.
Сарапшылар тобының көмегімен өнеркəсіп кəсіпорындарын, сауда
орындарын мемлекет меншігінен ішінара айыруға əзірлену, нормативті
құжаттар əзірлеу, сыртқы экономикалық келісім-шарттар жасау, прогресті
басқару құрылымын түзу жөнінде қазірдің өзінде бірқатар практикалық
қадамдар жасалды. Батыс ғалымдарын
дəріс беруге шақыру, практиканы шетелдік компаниялар мен
фирмаларда өткізу аркылы біздің өз кадрларымызды даярлаудың
бағдарламасы жасалды. Біз, өз кезегімізде, шакырылған мамандардың өз
өміріміздің нақты жағдайларын мүмкін болғанынша терең білуін
қамтамасыз етуге ұмтылудамыз. Олар Қазақстанның əр түрлі облыстарын
тиянақты аралады, көптеген кəсіпорындар мен мекемелердің жұмысын
зерттеді. Қазір бізде өз экономикамызға олардағы бардың бəрін түгелдей
көшіре салуға болмайтыны жөнінде өзара түсіністік қалыптаса бастады. Бұл
күндері біздің шешіп жатқан негізгі мəселеміз — мемлекетті меншіктен
айырған кезде бұл жұмысты меншіктің иелері қайдағы бір өмірбаяны да,
ақшасы да күмəнды, қалтасы қалың біреулер емес, қайта еңбекшілердің
өздері болатындай етіп жүргізу. Таяуда Қазақстанда экономиканы мемлекет
меншігінен айыру туралы республикалық Заң жобасы бүкілхалықтық
талқылауға ұсынылатын болады. Ол Заңды біздің Жоғарғы Кеңесіміздің
кезекті сессиясында қабылдау жоспарланып отыр. Мұның өзі біздің
163

түбегейлі экономикалық реформаларды жүзеге асыру жолында сапалық
жаңа кезеңге қадам басуымызға мүмкіндік береді.
164


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет