Баспадан Қара нанның дәмі Алғашқы тәлімгерлер Ыстық стаж Тұйық шеңбер Мәселелер осылай шешілетін Уақыт перзенттері Ескі екпін күшімен Біреудің қатесі үшін біреу



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата28.01.2017
өлшемі0,97 Mb.
#2871
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ал аш ы т лімгерлер
Қазақта «Құдайға сенемін деп жолыңнан қалма» деген мақал бар.
Өзім ортасында өмір сүрген адамдардың бəрі бірдей жоққа сенбейтін
жандар еді деп айта алмаймын. Бірақ өмірдің ең бір қиын сəттерінің өзінде
де олардың салы суға кетіп, «құдай салды біз көндік» деп, тағдырдың
тəлкегіне мойынсұнып мүсəпір күн кешкені есімде жоқ. Біздің
қоғамымызды, соның ішінде жастарымызды да абыржушылық пен
енжарлық бейне бір қалың тұмандай торлап алған қазіргі кезеңге көз
жібергенде оны сонау бір өткен жылдармен еріксіз салыстырғың келеді.
Былайша қарағанда оқыған, білімді, тіпті зиялы көрінетін адамдардың
əйтеуір бір болмай қоймайтын қисынсыз нанымның шырмауында жүргені
таң қалдырады. Турасын айтқанда, егер, мысал үшін, Орталық
телевизияның бірінші бағдарламасы бойынша белгіленген уақыттағы
хабарды көріп алып, алдағы аптада өзіңді қандай қуаныштар мен
табыстардың, немесе, керісінше, сəтсіздіктер мен реніштердің күтіп
тұрғанын күні бұрын біліп алатын адамның өндірістік немесе отбасылық
қам-қарекетпен басын қатырып, қиналуының қажеті қанша. Əйтеуір
өзіңнің қай жұлдыздың шоғыры астында туылғаныңды біліп алсаң, əбден
жетіп жатыр.
Көріпкелдіктің жəне сəйкес келіп қалудың өз өмірімде де кездескен
кісі таң қаларлық талай оқиғалары болса да, сиқыршылар мен
астрологтарға деген күмəнымды тіпті де сейілте алған емес. Егер шынында
«көріпкелдікке» саятын басқа бір оқиғаларға тап келген болсам, олардың
жөні бір басқа, тіпті өзгеше.
Металлург боламын деп Днепродзержинскіде оқып жүрген кезімде
біздің ұстаздарымыз өндірістен мол тəжірибе жинаған адамдар болатын.
Біздің тобымызға Дмитрий Изотович Погорелов жетекшілік етті. Ол өзі бір
металлургиядан да, өмірдің өзінен танып-білгені мол ерекше жан еді. Бізге
күнделікті өмірлік маңызы бар қарапайым ақыл-кеңесін жиі-жиі беріп
тұратын. Ал ондай кеңестер туралы жазу былай тұрсын, əдетте тіс жарып
ешкім ештеңе айтпайтын. Мысалы, өзіңе өмірлік жар іздеу, онымен қалай
танысу туралы айтатын. Біздің жасымызда көрінгенге көз сүзіп, соңынан
жүгіре берудің қажет еместігін ескертетін. Ал, атап айтатын бір нəрсе, ол
мұның бəрін де қазіргі қолдан-қолға тимейтін психологтар мен
сексологтарға қарағанда əлдеқайда терең əрі байыппен баяндайтын.
36

Біздің бəріміз де Дмитрий Изотовичке өзіміздің нағыз жанашыр
ағамыз, жолдасымыз ретінде бауыр басып кеттік. Ал мұның өзі сыр
жасырмай, бəрін ашық айтуға үйретеді. Сондықтан да ол бəрімізді де бес
саусағындай жақсы білетін, əрқайсымызға өте-мөте дəл мінездеме бере
алатын еді, кімнің қабілеті қандай екенін көзін жұмып тұрып айта беретін.
Кейде біздің өзара қысыр əңгімелерімізді кұлақ түре тыңдайтын, содан
жүзімізге қадала қарап отырып, кенеттен: «Сен, жігітім, инженер боласың,
сен цех бастығы боласың, ал сені түрме күтіп тұрмаса не қылсын, ал сен
(бұл жолы ол маған бұрылды) премьер-министр боласың» деп сайрай
жөнелетін.
Қазір біз, жас кезіміздегі достар, бас қоса қалғанда сол кісінің
болжамы мейлінше дəл келгеніне таңдай қағыса таң қалудан жалықпаймыз.
Дегенмен, əлдебір нəрседен жұрттың көңілінде күдік қалмауы үшін
мынаны айтқым келеді: мен бұрын да, кейінгі кезде де өзім жөнінде шектен
тыс тəтті қиялға берілген емеспін. Менде əдеттен тыс атаққұмарлық ниет
атымен болған емес, оны ойлауға мұрша да жоқ еді өмір маған қашанда
өзінің, көбінесе кəдімгі қарапайым, кейде тым қатал заңдарына сəйкес
талаптарын үстемдікпен ұсынып келді. Негізінен алғанда қашан да дерлік
бір ғана проблеманы: қайткен күнде де шыдау, төтеп беру проблемасын
шешуге тура келіп отырды.
...Теміртауға барарда əкемнің ақ батасын алуын алсам да, турасын
айтайық, менің бұл ниетім ата-анамның көңілінен шыға қоймады.
Қарағанды туралы, Теміртауды қоса алғанда оның айнала төңірегі туралы
қайдағы бір жаманат хабарлар қаптап жүретін. Менің ауылдастарымның
түсінігінде ол жерлер лагерьлер орналасқан, жер аударылғандар барған,
дүниенің төрт бұрышынан жиналған алуан түрлі баскесерлер орныққан
аймақ саналатын. Ол жаққа соғыс жылдарында құрылған əрі жіберілген
еңбек армиясындағылардың да адамдардың өзара қарым-қатынасы
саласындағы жақсы атағы шыға қоймаған болатын. Айта кететін бір нəрсе,
жергілікті тұрғындардың үрейін ұшырып, зəре-құтын калдырмайтын «Қара
мысық» ол жақта да бар еді.
Теміртау туралы алғашқы əсерлерім: каланың орасан зор құрылыс
алаңының ортасында қалған жұрнағы ғана. Крандар, орлар, қазан
шұңқырлар, қиыршық тастың, құмның үйінділері, құрылыс
материалдарының тау-тау болып жатқан іске алғысыз қалдықтары,
шалаштар, жол атаулы жоқ. Ол кезде бірінші домна пеші мен электр
37

орталығы салынып жатқан. Біз алғашқыда үш күн бойы бір үйдің
астындағы жертөледе түнеп шықтық, содан соң Нұра өзенінің арғы
жағындағы Токаревка поселкесіндегі бір жатақханаға жайғастық. Біз əлі
жұмысқа кірісіп те үлгерген жоқ едік, бəрімізді жинап алды да, орта білімі
барларға Днепродзержинскіде оқып келуді ұсынды. Сөйтсек, республика
басшылығы, болашақ комбинат үшін жергілікті кадрлар даярлаудың қамын
жеп, еліміздің аса ірі металлургия орталықтарына барып оқып келуі үшін
жергілікті байырғы ұлттың ұлдарын осылай асығыс түрде іріктеген екен.
Барлығы төрт жүзге жуық жас жігіт іріктелді. Олардың бір бөлігі Уралға,
солтүстіктегі заводтарға жіберілді, ал құрамында жүз жас жігіт бар біздің
топтың үлесіне Украинаға бару тиді.
Міне, осыдан кейін тағдырыңа сенбей көр! Қалай болғанда да менің
Днепр жағалауына баруым пешенеме жазылып қойған сияқты екен.
Бізді Днепродзержинскіге Москва арқылы алып барды. Жолда
астанада қапшықтарымызды арқалап, чемодандарымызды сүйреп жүріп
əлдебір ыңғайсыздықтың, ұялғаннан қысылып-қымтырылудың жан
күйзелткен сəттеріне шыдадық-ау əйтеуір. Бəрінен де масқара болғанымыз
метроға түскен кезіміз еді. Бір жігітіміз эскалаторда омақаса құлап жатты,
одан түсерде екінші біреуінің аяқ киімінің өкшесі ұшып кетті, ал
үшіншісінің капшығы вагонның есігі жабыла бергенде қысылып қалып,
келесі аялдамаға жеткенше сыртта салақтап барды...
Несін жасырайын, «жаңа келгендердің» көпшілігіне, соның ішінде
менің өзіме де, Днепродзержинск металлургия комбинаты алғаш барып
көргенімізде-ақ жүрегімізді мұздататындай ауыр əсер етті. Мəселе мынада
еді: біздің арамызда қалада өскен, ондағы өнеркəсіп орындары
жұмысшыларының қандай жағдайда жəне қандай тəртіппен еңбек
ететінінен тым болмаса жалпылама хабары бар жастар өте-мөте аз екен.
Кең сахара төсінде өскен баланың металлургия заводына туа бітті бірінші
рет келуін көз алдыңызға елестетіңізші. Айнала төңірек тарсылдап-
гүрсілдеп жатқан бір нəрсе, жарқ-жұрқ еткен ұшқындар жаңбырдай
шашырайды жəне осының бəрі де сенің үстіңе қарай ұшып, құлап келе
жатқандай. Балқыған шойын арықтағы суша ағады жақындап баруға
шошисың. Міне, осындай дозақта бүкіл өміріңді өткізуге тура келетінін
ойлаудың өзі де бізді сораптан шығарып жібере алмады. Оның үстіне жəне
бір ұят іс болды. Шамасы, жүйкесінің жұқарғандығынан немесе
тəжірибесіздіктен зиянды газды көп жұтып қойған біздің жігіттеріміздің
38

біреуі қалжырап құлап түсті. Сөйтіп, алғашқы танысу экскурсиямызды
жедел түрде тоқтатуға тура келді. Арада бірнеше күн өткенде жəне бір
жігітіміз үйіме қайтамын деп қиғылық салды. Міне, осыдан кейін заводта
біз туралы қандай өсек гулегенін ойша елестетуге болатын еді!
Рас, біз тікелей өз атымызға айтылған кісі ренжітерлік сөздерді
естіген жоқпыз. Оқудың соңына таман мен цехта жұмысшылар
жиналысының арнайы өткізілгенін, онда жергілікті шайпау тілді
жігіттердің біздің атьімызға қандай да болсын əзіл-оспақ айтуына
болмайтындығы қатты ескертілгенін естіп білдім. Бірақ «қап түбінде біз
жатпайды» демекші, қазақ жастарының «қабілетсіздігі» деген өсек-аяң
ақыры біздің де құлағымызға жетті. Мұның өзі біздің намысымызға тиіп,
өзімізді өзіміз қамшылап, талпынуымызға қатты əсер етті. Көп ұзамай,
украиндық құрбыларымыздың көз алдында «даңқымызды» арттырып,
беделімізді елеулі түрде өсіруіміздің мүмкіндігі туды.
Ол жылдары Днепродзержинскіде еркін күрес ерекше кең тараған
еді. Бойларында күші тасыған жас жігіттер қиындығы мол еңбек
ауысымынан кейін де секцияға барып, күреспен рақаттана айналысатын.
Бірде спорт залына біздің де барып қалуымызға тура келді. Жай, əншейін
қызықтау үшін бардық. Ал күрес кілемінің үстіндегі арпалысып жатқан
жігіттерді көргенде еркін күрестің біздің қазақша күреске ұқсас екенін
бірден байқадық. Қазақша күрес кез келген ауылдағы əр балаға таныс.
Бірақ спортшылардың белінде дағдылы белбаулары жоқ екен. Бірақ бұл
жағдай бізді тіпті де абыржыта койған жоқ. Ал төртбақ келген ақ сары жігіт
менімен күш сынасасың ба деп ұсыныс жасаған кезде мен ойланып
тұрмастан, шешіне бастадым да, кілем үстіне шықтым. Турасын айтайық,
менің пошымым спортшыға тіпті де ұқсамайтын еді. Үстімде кəдімгі майка,
бұтымда балағы ұзын дамбал. Бүкіл спорт залы күлкіге көмілді. Мен оған
тіпті мəн бермедім. Бір кезде əкем ерінбей-жалықпай үйреткен тобықтан
қағу əдісін шу дегеннен қолданып, қарсыласымды алып ұрдым. Күлкі сап
тыйылды. Мұның есесіне жерлестерімнің мені қолпаштап қолдаған
қуанышты айқай-шуы естілді. Алғашқы мүлт кеткеніне ызаланған
қарсыласым қызбалыққа басты. Міне, тап осы кезде мен оны біржола
қапсырып алдым да, көзді ашып-жұмғанша жамбасымнан асыра
лақтырдым. Оның екі жауырыны бірдей кілемнің үстіне сарт ете қалды.
Əлгі жігіт орнынан тұрып, басын шайқай берді: «Жарайсың, Қазақстан!»
дегендегісі.
39

Содан кейін біз онымен қатты достасып кеттік. Ол Микола Литошко
деген тамаша украин жігіті екен. Ол тіпті бізбен бірге Қазақстан
Магниткасына да келді. Теміртауда бірге жұмыс істедік, Қазақстанның
алғашқы шойынын қорыттық. Рас, армиядағы қызметінен кейін ол өзінің
туған жеріне кетті. Бірақ бір-бірімізді осы уақытқа дейін ұмытпаймыз, хат
жазысып тұрамыз. Оны қалай ұмытарсың Миколаның ата-анасы мені
өздерінің өкіл баласы етіп алған болатын. Егер, шынымды айтсам, мен
оның қарындасы Наташаға үйленіп те қала жаздағанмын. Бірақ бұған ненің
кедергі болғаны қазір есімде жоқ. Литошколардың жұмысшы семьясы
Днепродзержинскінің шет жағындағы өз үйлерінде тұратын. Мен онда күн
сайын дерлік жиі барып тұратынмын. Жексенбі күндерді құр
жібермейтінмін. Кейде қазақстандық жолдастарымды да ерте баратынмын.
Досымның анасы бəліш пісірудің шын шебері екенін айтуым керек. Ол
бəліштердің дəмі əлі аузымнан кетпейді. Шамасы, өмірімде одан дəмді еш
нəрсе жемеген болуым керек. Олар бізді əсіресе демалысқа үйлерімізге
қайтқанда қиындықтан құтқаратын. Пойыз Днепродзержинскіден
Алматыға жеткенше бір аптадан кем жүрмейтін. Ал тегі біздің бүкіл адал
ниетті тобымызға жол азық өте-мөте қат болатын. Бірақ біз жолымызға
Марья Ильинична өнерін төге пісіріп берген бəліштерді ала шығатынбыз.
Ондайда бізде қарнымыз ашып қалады-ау деген уайым болмайтын.
Спорт залындағы сол бір есте қаларлық кештен кейін
заводтықтардың Қазақстаннан келген болашақ металлургтерге деген
көзқарасы елеулі түрде жақсара түсті. Тек мен ғана емес, көптеген басқа
жерлестерім де еркін күреспен айналысатын болды, тіпті өз командамызды
да құрдық. Ол заводтық жəне қалалық жарыстарда табысты өнер көрсетіп
жүрді. Достар көбейді, ортақ мүдделер пайда болды, қарым-
қатынасымыздағы бұрынғы тартыншақтық пен томаға-тұйықтық
жойылды. Цехқа да бойымыз үйрене бастады, кез келген ұшқыннан
шошынғанды қойдық, механизмнің əрбір гүрілінен үрейленбейтін болдық.
Өзіміздің болашақ мамандығымыздың айрылмас серігі болып табылатын от
пен металға етіміз үйреніп, оның бəрі де бірте-бірте табиғи жəне үйреншікті
іске айнала бастады.
...Газеттердің біріндегі «Сатира жəне сықақ» бөлімінен анекдоттық
бір оқиғаны оқығаным бар. Заводқа келген жас мамандарды жаңа ғана
қарсы алған мастер олармен бірінші əңгімесін өткізеді: «Сіздер мұнда ең
алдымен өздеріңіз институтта оқып үйренген нəрселеріңіздің бəрін де
40

ұмытуларыңыз керек. Ал мен сіздерді бірнеше айдың ішінде нағыз
инженерлер етіп шығарамын» дейді. Иə, шынында да, ешқандай жоғары
оқу орны менің бір жарым жыл ішінде Днепродзержинск училищесінде
алған білімімді бере алмас еді. Қалай дегенде де кейін мен институтта
металлургия ғылымдарын оқып үйренетін кезімде маған бəрі де дерлік
таныс əрі түсінікті болатын. Ал егер бұған практика жүзінде алған
дағдыларымды (училищеде біз күн сайын сабақтан соң төрт сағат өндірісте
жұмыс істейтінбіз) қосатын болсақ, бəрі де өзінен-өзі түсінікті болып шыға
келеді.
Əрине, өзімізді дербес өмір жолына алып шыққан, мен айтар едім,
жеңімізден жетектеп алып шықпай, қайта іс-əрекеттерімізді мақұлдап,
арқамыздан қағып итермелеп алып шыққан практик-металлургтерді
кұрметпен жəне бір еске алмауға болмайды деп ойлаймын. Д. И. Погорелов
сияқты адамдар біздің шын мəніндегі тəлімгерлеріміз болды. Өкінішке
орай, кейінгі кезде басқа да көптеген нəрселер сияқты тəлімгерлікке де
салтанатты-көрнекілік сипат беруге тырысқандықтан да тұрақты
жұмысшылардың таланты мен шығармашылығының табиғи көрінісі болып
табылатын осы бір өмірщең істі бүлдіріп алуға дейін бардық.
Əңгіме кезінде біздің «Менің жақсы адамдармен жанасуда жолым
болғыш (немесе, керісінше, «жолым болмай-ақ қойды»)» деген сөздерді жиі
естуімізге тура келеді. Өзімнің алғашқы дербес қадамдарымды, одан кейінгі
едəуір жеткілікті өмірлік тəжірибе жинақтаған кездерімді еске ала отырып,
адамдарды «жақсы» жəне «жаман» деп сорт-сортқа бөлуге тіпті де
болмайды екен деген қорытындыға келдім. Өйткені былай да болады:
адамды бір жылдай ғана білмейсің, онымен тұздас-дəмдес болғаныңа да
көп уақыт өтеді. Бірақ бір кездегі оның бүкіл сүйкімді бейнесі сабынның
көпіршігіндей кенет жарылып кетеді де, оның кім екендігі айқын көрінеді.
Бұған керісінше де көптеген мысалдар келтіруге болады, мінез-құлқы
шатақ, түзелуі қиын адамдардың ең қиын сəттердің өзінде мейлінше
парасаттылық танытатыны болады.
Біздің қай-қайсымыз да өзіміздің көп жағдайда таңдап алуымызға
болмайтын адамдармен бір тұрамыз. Егер ойлап қарасақ, тіпті
достарымыздың өзін де таңдай алмаймыз, олармен өмір соқпағының
əйтеуір бір кезеңінде кезігеміз. Таяуда менің байырғы жақын досым Ағабек
Рыспанов үйімде қонақта болып кетті. Ол бұрынғы металлург. Қазір
Теміртауда тұрады, зейнеткер. Біздің Днепродзержинскідегі сонау бір
41

жылдарымызда тобымыздың алғашқы жетекшісі болатын. Əрине, біз
онымен кездескеніміз үшін қалыптасқан дағды бойынша аздап іштік те.
Содан соң өткен күндерді еске алуға кірістік. Ол маған күтпеген жерден
мынадай бір əңгіме айтты:
Сен, Нұрсұлтан, білесің бе, бір кезде мен сені өлердей жек
көруші едім. Онда сені менің орныма топ жетекшісі етіп сайлаған болатын.
Сені өлтіруге қанша рет оқталдым десеңші! Демалысқа үйімізге қайтып
келе жатқанда пойыздан лақтырып жібергім де келді. Бірақ сен
қырсыққанда тамбурға шықпай қойдың. Заводта жүргенде металл
құйылған шөмішке итеріп жібермек те болдым.
Шынымды айтайын, мен не болғанымды білмей қалдым. Өйткені
өзімнің металл құйылған үлкен шөмішке қарай қалай ұшып бара
жатқанымды, енді бір сəтте менен буға айналған бұлт қана қалатынын
елестеттім. Еркектердің емін-еркін айтылған мұндай əңгімесін естіген
əйелімнің халі қандай болды десеңізші.
Мəселе былай болған еді. Днепродзержинскіге барған балалардың
арасында бұған дейін қамауда отырып, мерзімін өтеп қайтқан, негізінен
ұрлық пен бұзақылығы үшін сотталған балалар да болған еді. Солардың
бірі осы Рыспанов, бұрынғы ұры болатын. Ол дүлей күштің иесі еді, айнала
төңірегіндегілердің зəресін ұшыратын. Олай етпей ше ол, жұрдай жетім
өскен жігіт, тіпті өзі тұрған жəне оқыған интернатты өртеп жіберуден де
тайынбаған ғой. Ол біздің арамыздағы дұрыс киінетін бірден-бір жігіт еді.
Костюмдері мен сəнді көйлектерін қайдан қағып түсіргенін де
жасырмайтын: Днепродзержинскіге бара жаткан жолда ол Солтүстіктен
келе жатқан бір инженерді мас қылып ішкізіпті де, екі чемоданын
жымқырып кетіпті. Жігіттер оның аяқ киімін тазалайтын, шалбарын
үтіктеп қоятын, тіпті асханадан тарелкамен тамақ та таситын.
Сөйтіп жүргенде мен өз күшімнің одан кем емес екенін бірте-бірте
байқадым. Оның үстіне орыс тілінде мейлінше еркін сөйлейтінмін жəне тек
беске оқитынмын. Сондықтан да балалар барған сайын менің төңірегіме
топтаса бастады. Мұның ақыры, жоғарыда айтылғандай, топ жетекшісінің
ресми ауыстырылуымен тынды. Енді, міне, арада көп жылдар өткенде
белгілі болып отыр, ол кезде Рыспанов маған өлердей өш екендігін
жасырыпты. Бірақ тиісті қорытындылар жасау үшін жігіттің бойында
салауатты атаққұмарлық қана болғаны байқалады. Оның оқуда да алға
ұмтылғаны есімде. Бізді əсіресе таң қалдырғаны орыс тілін өте нашар
42

білетін оның оқулықтардың тұтас беттерін, ондағы ережелер мен
формулаларды ұғып алуға шамасы жетпесе түгелдей жаттап алатындығы
еді. Бұның бəрі де бірнеше жыл өткеннен кейін біз əйеліміз екеуміз оған
біреуді айттырып, үйлендіруімізбен тынды. Ол Теміртауға Днепропетровск
технологиялық институтын бітіргеннен кейін келіп, ауысым бастығы
болып істеді. Технологияның тілін білетін теңдесі жоқ маман болып
шықты. Ал еңбексүйгіштігі жағынан өзінің əріптестері мен қол
астындағыларды қатты састыратын.
Біз Днепродзержинскіде жүрген кезімізде Қазақстан
Магниткасының құрылысы туралы əрбір хабарды қуана карсы алып,
комбинаттың іске қосылуына дейін барып үлгере алар ма екенбіз деген
күдігімізді де жасырмайтынбыз. Сол бір алып құрылысты өз иығымызбен
көтеруге мұршамыз келер ме екен деп те қауіптенетінбіз. Біздің
жауапкершілікті сезінген көңіл күйіміз, міне, осындай болатын. Таяуда мен
ескі газеттердің тігінділерін парақтап отырып, сол бір жылдардағы қиын-
қыстау қызу жұмыстың жəне сонымен қатар мерекелік ахуалдың қалың
ортасына қайта енгендей болдым. Теміртау туралы көп жазылатын. Оның
үстіне көтеріңкі көңілмен, жоғары əуенмен жазылатын. Журналистер қара
металлургияның еліміздегі ең ірі жаңа құрылысының ерлері туралы
айтқанда қызыл сөзді аяп қалмайтын. Қашан болса да, қайда болса да
комбинаттың Бүкілодақтық комсомол жастар құрылысы екендігі айрықша
атап көрсетілетін. Бұл сөздердің бізге қаншалықты жігерлендіруші күшпен
əсер еткенін, өзіміздің осы бір бүкілхалықтық орасан зор іске қатысты
екендігімізді сезіну қандай мақтанышқа бөлеп, күш- жігерімізді тасытқанын
айтып жату қажет бола қоймас.
1959 жылғы тамыздың алғашқы күндерінің бірінде заводта кенеттен
көкейге қонымсыз, жан түршіктірерлік өсек жайыла бастады: Теміртаудағы
жағдай нашар-мыс, қалаға əскер кіргізіліпті-міс, өлгендер мен
жараланғандар бар-мыс, құрылыс тоқтап қалыпты-мыс. Мұндай жағымсыз
хабарлардан төбемізден жай түскендей болды. Əуелгіде сенгіміз келмеді,
оның үстіне газеттер де тым-тырыс еді. Қазақстан Магниткасы жөнінде
жазудың жалпы тоқтап қалуы жөніндегі фактінің өзі ғана жұрттың
аузындағы əңгіменің растығын жанама дəлелдейтін сияқты. Ал өсек-аяң
барған сайын гулей түсті жəне егжей-тегжейлі жаңалықтарымен байи
берді. Біздің цехтағы сол жылдары өте сирек кездесетін электр шамымен
жұмыс істейтін радиоқабылдағышы бар бір жұмысшы сондай əңгімелердің
43

бірін тістеріңнен шығармаңдар дегендей құпия түрде айтып берді. Ол
«Америка дауысы» радиостанциясының хабарын кездейсоқ ұстап алған
көрінеді. Тап сол күндері Хрущев
АҚШ-та болатын, президент Эйзенхауэрмен кездесіп жүрген. Ол
екеуінің арасында əңгіме болыпты. Эйзенхауэр мынадай сұрақ қойған
көрінеді:
— Сіздерде Қазақстанда жаңа салынған қандай қала?
— Теміртау қаласы,— деп жауап беріпті Хрущев,— біз онда
металлургия алыбын салудамыз.
— Халық неге бүлік шығарып жатыр?— деп тағы да сұрапты
АҚШ президенті.
— Бұл бос сөз,— деп жауап беріпті біздің басшымыз,—
Қазақстанда ешқандай да бүлік жоқ.
Бұл жерде біздің ішіміз сезе қойды: егер жоғары дəрежеде болған
оқиға туралы осындай сөз болып жатса, онда өсек-аяңның тегін болмағаны.
Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды!
Алайда орын алған қайғы-қасірет жөніндегі ақиқатқа біздің оқу
бітіріп, мамандық алып, туған республикамызға қайтып келгеннен кейін
ғана көзіміз жетті.
Мен училищеден сегізінші разряд алып шықтым. Мұның өзі толық
жоғары мамандығы бар жұмысшы деген сөз. Өйткені қара
металлургиядағы ең жоғары разряд оныншы разряд екенін ескерсек,
осылай саналады. Сəуірдің жылы кешінде біз бір кезде биік тұғырда
Прометейдің мүсіні тұрған, ал қасында Мəңгілік от лаулаған аллеяда соңғы
рет қыдырдық. Қазір онда Прометейдің мүсіні сақталған-сақталмағанын
білмеймін. Бірақ, жұрттың айтуына қарағанда, Брежневке қойылған
ескерткіш тап сол аллеяда көрінеді. Сөз арасында айта кетейін, біздің
училищеміздің жанында екі қабатты шағын үйлер болатын. Жұрт сол
үйлердің бірінде Брежневтің шешесі тұратынын айтатын. Оның өзі де
бұдан біраз уақыт бұрын, металлургия институтының кешкі бөлімінде
оқыған кезінде, сонда тұрған көрінеді. Жалпы алғанда ол кезде
Днепродзержинскіде мұндай əңгімелер айтуға жұрт əуес болатын өйткені
ол кезде Л. И. Брежнев жоғары мемлекеттік жəне партиялық қызметтерге
ие болып үлгерген еді.
Ақырында біз Теміртауға қайта келдік. Келген бойда бізді бəрінен
бұрын бірден таң қалдырған нəрсе қала магазиндерінде азық-түлік өнімдері
44

мен өнеркəсіп товарларының сіресіп тұрған молдығы еді. Бұл жағынан
алғанда жұпыны көрінетін Днепродзержинскіден кейін өз көзімізге өзіміз
сенбей таң қалдық. Қазір бұған сендіру тіпті қиын. Бірақ сөрелерде қара
уылдырық та, қызыл уылдырық та, балық та, қою сүт те, коньяктың,
шараптың түр-түрі толып тұрды. Қанша керек болса да еркіңіз! Неше түрлі
талғаммен тігілген киім-кешек, тіпті импорттық киік-кешек те жеткілікті
еді. Ғажайып ондатр құлақшындар да болды: көп адам қызыға қарағанымен
алушылар аз еді. Өйткені ескі ақшамен 400 сомнан кем емес болатын
қымбат-ақ!
Мұндай молшылықтың бəрі де қалаға тəртіп орнату үшін келіп-
кеткен Брежневтің сапарынан кейін пайда болған көрінеді. Толқу
болғаннан кейін қабағынан қар жауып, бірден жеткен оның ренжулі
болғанын əңгімеледі жұрт. Құрылыс объектілерін жаяу аралапты, бірақ
жұмысшылардың ешқайсысымен тілдеспепті. Оның соңынан Теміртаудағы
болған оқиға түбінде жеңіл тимейтінін түсінген жергілікті басшылардың
үлкен тобы нөкерлер еріп жүріпті. Шынында да, көптеген партия жəне
шаруашылық басшылары «сенімді ақтай алмағандар» ретінде көп ұзамай
жұмыстарынан қуылды, кейбіреулері партия қатарынан шығарылды.
Егер Қазақстан Магниткасындағы құрылысшылардың Брежнев
қатысып сөз сөйлеген жиналысы болмағанда, ондай жазалау шараларының
орын алмауы да əбден мүмкін еді. Ал ол, Брежнев, өз əңгімесін мейлінше
қатты ашумен бастады, жұмысшыларды іріткі тудырып, саботаж
жасадыңдар, саяси сауатсыздық таныттыңдар, сөйтіп, дүниежүзілік
империализмнің отына май құюшы антисоветтік элементтердің жетегінде
кеттіңдер деген айыптауларды қардай боратыпты. Əсіресе бастырмалата
айтқаны сендер Никита Сергеевичті ұятқа қалдырдыңдар, ал ол болса,
металлургия комбинатының құрылысшылары жөнінде əкелік қамқорлық
жасаумен жүр деген айыптаулар болыпты!
Міне, осы жерде ол есебінен жаңылыпты. Адамдар сөз сөйлеушінің
биік дəрежесімен санаспай, ашу-ыза білдіріп, толқи бастапты. Жұрт
отырған орындарынан айқай салыпты:
— Қамқорлық жасап жүрсе, жұмысшылар неге ет көрмей кетті?
Тұрғын үй неге салынбайды? Басшылар ұрлық жасауға неге құнығып
алды?
Міне, осындай «неге?» деген сұрақтар Брежневке бұршақтай
жауыпты. Мұның өзі оның алғашқы жоғары əуенін бəсеңсітуіне апарып
45

соғыпты. Леонид Ильич Теміртауда тəртіп орнатуға, бұзақылық былыққа
жол берген кінəлі адамдарды жазалауға уəде беруге осылай мəжбүр
болыпты.
Ол кезде, 59-дың жазында, ұзақ уақыт тұмшаланып келген халық
наразылығы өздігінен əрі қуатты серпінмен бұрқ ете қалды. Күллі елімізден
келген жастар кəдуілгі адами мұқтаждық пен қамқорлықты түкке де
баламайтын əміршіл-əкімшіл жүйенің таптаурын əдістеріне тап болған.
Цехтардың, домналар мен мартендердің корпустары екпінді қарқынмен
тұрғызылып жатса да, адамдар шатырларды, асығыс салынған барактарды
баспана етті. Көп ретте жұрттың бəріне бірдей арнайы киім де жете
бермейтін. Əсіресе судың болмай қалуы жан күйзелтетін. Оны
құрылысшыларға əдетте түске салым əкелетін, онда да лайланған, мүңкіген
иісі бар су болатын. Ал енді тамақ туралы айтудың өзі артық.
Жұмысшыларды жабдықтау бөлімінің базасында көп етті, сібір пельменін,
жемістерді шірітіп алып, жерге көміп тастағаны туралы хабар, ал мұндай
тағамдардың барын кұрылыстағылардың бірде-бірі білмеген екен, төзімнің
соңғы шегі болды. Бұған қоса бетон, басқа да құрылыс материалдарын
жеткізу үздік- создықталып, осылайша бос тұрып қалу жұмысшы
қалтасынан төлене бастаған. Іс насырға шауып, құрылысшылардың күндік
нарядын бір сомнан, яғни қазіргі баға бойынша 10 тиыннан жабуға
кіріскен.
29 шілдеде кірпіш қалаушылар, бетоншылар, монтаждаушылар бар
мыңдаған адам жұмысын тастап, бастықтармен арақатынасын анықтау
үшін трест үйінің алдындағы алаңға жиналды. Ашу-ыза кернеген
құрылысшылар өздерімен ешкімнің де сөйлескісі келмейтініне көз
жеткізген соң əділдікті өз беттерінше орнатпақ болған. Азық-түлік
дүкендерінің құлыптары бұзылып, адамдар көкөністің, картоптың «қорын
жасауға» кіріскен. Баз біреулер араққа да жеткен. Дүрбелеңді пайдаланған
пəлекет адамдар өндіріс бұйымдарын буып-түйіп əкете бастаған... Ал түнде
қалаға əскер кіргізіліп, оқ атылған. Тұтқындау басталып, коменданттық
сағат жарияланған. Кейінірек тəртіпсіздікті «бастаушылардың» соты болды.
...Ал өмір біртіндеп өзінің үйреншікті арнасына түсе бастады. Біз
келгенде домна пешін əлі іске қоспаған екен, сондықтан да бізді
«Казметаллургстрой» тресінің «Доменстрой» басқармасына, кімді қай
жерге ыңғайы келуіне қарай орналастырды. Маған жедел түрде бетоншы
мамандығын игеруге, металлургия агрегаттарының іргетасына көп бетон
46

қабылдауды үйренуге тура келді. Ауысым-ауысыммен күндіз-түні жұмыс
істедік: бетондауды бір сəтке де тоқтатпастан, бетонды ыстық күйінде
қабылдау қажет еді. Тұрмыс жағдайымыз дегенде... бізді ылғалды да лас
жертөледен от жағылмайтын жатақханаға көшіргенін, онда біз тар төсекке
екі адамнан жатып, матрац жамылып жылынатынымызды, еш жерде
кептіріне алмағандықтан, брезент киімдерімізді аязда қалдыратынымызды,
өйткені су-су əрі зіл батпан болып тұрғаннан гөрі мұз боп қатқан кұйінде
кию оңай екенін, таңертең жұмысқа өзіміздің басты құралдарымыз: үлкен
балға мен жалпақ күректі қалай алатынымызды еске алмай-ақ қойсам да
болар еді.
Иə, егер бір жəйт болмаса, бұл туралы еске алмауға да болатын еді:
өйткені бұл «Кузнецкстрой» уақытының емес, біздің осы дəуірдің
құрылысы еді ғой. Егер де жас Совет мемлекетінің қалыптасу кезеңінде
индустрияландыру үшін шалған құрбандарымызға қандай да бір дəлел
тауып жатқанымен, алпысыншы, онан кейінгі жылдары адамдарға деген
осындай немкеттілікті, немқұрайлылықты немен түсіндіруге болар еді?
Біздің мақсат пен құралды шатыстырып алып, адамды бəрін жалмап жатқан
экономикалық алып шығырдың шылауына айналдыруымыз қалай? Ол
адамнан барған сайын көп нəрсені талап етіп, оның орнына ешнəрсе
қайтармады. Амалсыздан «ұлы құрылыстардың» бастауынан-ақ біз өзіміз
үшін ынтымақтаса қазуға кіріскен зұлмат шұңқырды көрген Андрей
Платонов мүмкін дұрыс айтқан да шығар деп ойлайсың.
Бəлкім, көптеген Бүкілодақтық екпінді комсомол- жастар
құрылыстарына тəн болған (бұрынғыларына ғана деген үміттеміз) жəне бір
«ерекшелікті» айта кеткен жөн болар. Бізге алдымен шартты түрде
сотталғандармен немесе, əдеттегі айтатынымыздай, «химияға»
жіберілгендермен бір ауысымда жұмыс істеуге тура келді. Əділдік үшін
айта кетейік, біз олардан ешқандай зəбір көрмегеніміз өз алдына, сонымен
бірге олардың тарапынан айрықша бір қамқорлықты сезінетінбіз. Айталық,
алғашқы кезде олардың темекі тартыстары қатты таңдандыратын. Қолдан
ораған жуан темекіні бірінен кейін бірі тартып шығатын. Содан соң біреуі
жылауға кірісетін, біреуі қарқылдап күлетін. Құмарлық дегенді қойсаңшы,
біз бірнеше мəрте олардан темекі сұрағанбыз. Бірақ қашан да сөз қысқа
болатын: жасыңның қаншада екенін сұрайды да — Ал, жөнеле бер!—
дейтін. Тек кейін барып қана олардың наша əлде сол сияқты бірдеңе
тартатынын түсіндім.
47

Көп жайға қазір ғана қаныға бастайсың. Мəселен, кейде жастардың
шынайы ұмтылысы, ерік-жігері арсыз қанауға түсетін. Ал ол кезде бəрі де
үйреншікті саналатын. 1962 жылы мен Қазақстан комсомолы XI съезінің
мінберінен: бізге Теміртауға келіңіздер, өйткені жігіттер құрылыстан
қашып жатыр, қыздар жоқ, деп құлшына шақырғаным əлі есімде. Сондағы
менің сөзім ду қол шапалақтау туғызып, қолдауға ие болған еді.
1960 жылғы 3 шілдеде Орта Азия мен Қазақстандағы сол кездегі
бірден-бір домна пеші іске қосылды. Бұл күн Қазақстан Магниткасының
Қарағанды металлургия комбинатының туған күні болып тарихқа енді.
Салтанатты шерулер, митингілер, рапорт сөздер жаңғырып барып тынды,
елдің түкпір-түкпірінен жиналған мыңдаған адамдар қайтадан бəз-баяғы
қалпына түсті. Турасын айтайық көңілсіз күй кешті. Тұрғын поселке бір
шетте қалды, адамдарды жұмысқа қалай əкелу керектігін тіптен ешкім де
пайымдай алмады. Күн сайын жолға екі сағат уақыт жоғалды. Жатақхана
суық, ұйқың қанбайды, жастығыңа, күш-қуатыңа сүйенесің. Қарапайым
тəрбие жұмысы жоқтығын былай қойғанда, аздап болса да адам сияқты
демалуды ұйымдастыруға қандай да бір жағдай жасалмағандығын айтпай-
ақ қояйын. Басты ермек жаппай төбелесушілік: Днепропетровск Одессаға,
Свердловск Череповецкіге, Гомель тағы біреулерге қарсы шығып,
дүрлігісіп жатады. Кісі өлтіру, басқа да ауыр төтенше жағдайлар күн
құрғатпайды.
Мұндай «университеттер» əдетте ізсіз қалмайды. Егер бізді аға
жолдастарымыз ақыл-парасатқа үйретпесе, əлі де бұғанасы бекімеген
жастардың тағдырының басқа жаққа бұрылып кетпесін кім білсін. Олар
өздерінің тағылымын тықпаламастан, «ненің жақсы, ал ненің жаман
екендігі» сияқтыларды айтып ақылгөйсімей-ақ жүргізді. Егер ұнаса, қолдау
сөздерін айтатын да қоятын, ал қалғанының бəрін өздерінің үлгісімен үнсіз-
ақ көрсететін.
Борис Васильевич Яговитовты ешқашан да ұмытпаймын. Бізді
пешке жұмыс істеуге ауыстырғанда ол бригадиріміз, аға горновой еді. Егер
менен, нағыз большевик дегеніміз кім деп сұраса, мен өз пікірімше,
əрқашан сол кісіні еске алар едім. Оның өмірге деген көзқарасының үлгісі,
өз ісіне берілгендігі менің партия қатарына өтуіме түрткі болды. Ол маған
кепілдеме берді. Мен партияға бұл ұйымның адамдарға əділеттілік əкелетін,
жалғандық пен кемістікке қарсы тұратын күш иесі деген толық сеніммен
өттім. Б. В. Яговитов өзінің алған білімі оншалықты көп болып
48

көрінбегенмен (не бары төрт кластық білімі бар, ал сонда мұның бəрі
қайдан шығады?) металлургиялық процесті кейбір жоғары білімді
инженерлерден артық білетін. Мəселен, ағып келе жатқан құйманың
химиялық құрамын бір көргеннен-ақ, жай көзбен, бəрін де таң
қалдырарлықтай дəлдікпен анықтайтын. Ол Теміртауға үлкен Магниткадан
Магнитогорск металлургия комбинатынан, əулетімен бірге келген.
Жігіттеріміздің бірінің ұнжырғасы түссе, оның ұдайы: ешнəрсе емес, сен əлі
металлург боласың! деп, дем беретіні есімде.
Əрине, байырғы металлургтерде қазір əдеттен тыс педагогика
делініп жүргенге ден қоятындардың да төбе шашын тік тұрғызатындай
əдістері де болатын. Алғашқы еңбекақы алғашқы «тұсау кесу» рəсімі де
табиғи жарасымды нəрсе көрінетін. Сол жылдарда қай қала базарсыз, қай
базар сырасыз еді? Менің де кезегім келді əлі есімде, бұл түнгі ауысымнан
кейін болған алғашқы айлықпен бүкіл бригаданы, сегіз адамды осы
сыраханаға апардым. Айта кетейін, жиырма жасқа толсам да əлі шараптың
дəмін татып көрмеген едім. Ауылда, əкемнің қасында, мұндай нəрсе ойыма
да кіріп шықпайтын, училищеде де мұндай əдет болған емес.
Сырахана маңындағы əңгіме келте:
— Бар да алып кел.
— Қанша?— деп сұраймын.
— Сегіз бөтелке. Ақша косайық па?
— Өзім аламын ғой.
Дүкенге бардым, торды толтыра сегіз бөтелке арақ əкеліп, ортаға
қойдым. Бəрі, еске сала кетейін, ұйықтамаған, түнгі қапырық цехтан
шыққан. Қырлы стакандар əкелінді, бір-бір саптыаяқтан сыра алынды.
Барлығы да жақсылап ішті, содан соң мені қажай бастады:
— Оу, сен зіңгіттей жігіт болсаң да, ішпейтінің қалай? Іш.
Əйтеуір бір кезде бастау керек қой.
Маған жарты стакан құйды. Мен оны бірден тартып жібердім де,
саптыаяқтағы сырадан ұрттадым. Қалай болғанын да білмеймін, оянсам,
үлкен кереует үстінде кең төсекте жатырмын, ақжайма, тысты көрпе
жамылғанмын, басымда биік құс жастық. Яговитовтың үйінде екенмін,
тұп-тура бір тəулік ұйықтаған көрінемін. Үй иесі Марья Васильевна
бөлмеге бір табақ буы бұрқыраған тұшпара алып кірді, ал Борис
Васильевич үстелге бір бөтелке арақ қойды.
— Жігітім, мен сені түсіндім. Зорламаймын. Алайда шамалы
49

ішуге кеңес беремін.
...Сөйтіп, бізден осылай металлург шығарған.
— Өзіңіздің өмір жолыңыздың қалыптасуы туралы айта отырып, Сіз
əу бастан өз тағдырыңыздағы əулеттің, туысқандық қатынастардың ролін
бірнеше мəрте атап көрсеттіңіз. Салауатты əулет дəстүрлерінің ұлттың,
қоғамның салауаттылығының негізі болып табылатындығы, əрине,
ешкімнің де таласын туғызбайды. Осыған байланысты əкелер мен
балалардың, ұрпақтар сабақтастығы үзілуінің бітпес ұзақ проблемасын
қозғағым келер еді. Құздағы сызат енді өткел бермес шыңырауға айналған
жоқ па?
Біз бірнеше ондаған жылдар бойы жасанды жолмен жаңа дəстүрлер
жасауға жəне оны қоғамның барлық салаларына енгізуге тырысып келдік.
Ғасырлар бойы қалыптасқан халық өмірінің барлық жақтары дерлік бізді
тек қана артқа тартады, қоғамдық прогреске қарсы тұрады деп есептелінді.
Оның үстіне егер қайсыбір дəстүр діни сипат алса, құдай басқа бермесін!
«Артта қалушылыққа жəне патриархаттыққа» карсы күресе отырып, біз
ұлттық тамырды қопарып, ұрпақтардың ғасырлык тəжірибелерін ешбір
кешірілместей дəрежеде қорлауға дейін жол бердік. Қазір де көптеген саяси
жəне қоғамдық қайраткерлер, «кертартпалар» аталудан тайсақтап, жастар
өмірін кеулеген күмəнды жаңалықтарды қолдайды, кез келген халық үшін
қасиетті саналатын үлкенге деген ізет, патриотизм, Отанға сүйіспеншілік
ұғымдарына секемдене қарайды.
Мен былай деп түсінемін: салауатты консерватизм прогреске қайшы
келмейді, қайта бұған керісінше оған жəрдемдеседі. Өмірдің консервативтік
дəстүрлерін сақтап қана қоймай, сондай-ақ оған сүйене отырып, ғылыми-
техникалық прогрестің шыңына шыққан Жапонияны мысалға алыңыз.
Осыған ұқсас жайларды мен Оңтүстік Кореяда да өз көзіммен көрдім.
Қазақтарда ежелден, меніңше, ғажап дəстүрлер мен салттар
қалыптасқан. Олардың кейбіреулері туралы балалық шағымды əңгімелей
отырып, еске салдым. Қазақтардың туыстық байланыстарды сақтауға
қамқорлық сияқты асыл қасиеттерін ұмыт қалдыруға болмайды.
Адамның қуанышына немесе қайғысына əрқашан да барлық
туыстары жиналады. Мен əлгінде айттым, əрбір адам жас кезінен бастап
үлкендерді сыйлау, əйелдерді құрмет тұту рухында тəрбиеленеді. Əулеттегі
үлкен ұл өзінен кіші інілері мен қарындастарына қамқор болуы тиіс. Егер
үйде қариялар болса, онда ол əрбір əулет үшін құт саналады. Кенже ұл
50

міндетті түрде, өз əулетін құрғаннан кейін де, əке үйінде қалады. Мұндай
үй ұлдың кенжесімен əкесі, шешесі, əжесі, атасы əдетте бірге тұратын «қара
шаңырақ» басқалар үшін үлкен үй саналады. Сонда, мұндай дəстүрлер кез
келген жас адамның дұрыс қалыптасуына септігін тигізбей ме? Сондай-ақ
егер діни салттар қоғамға жақсылық пен адамгершілік əкелсе, онда
олардың сақталуына да кедергі жасамау керек деп ойлаймын. Күні кешеге
дейін коммунистің өлген кісіні дəстүр бойынша ескіше жерлеуге немесе
шілдеханаға қатысуының өзі де партияға жат əрекет деп бағаланып келгені
белгілі. Қандай ерсілікке дейін барғанбыз! Сондықтан жастардың біздің
көзқарасымызға, өмірлік принциптерімізге жүрдім-бардым жақтырмай
қарап қана қоймай, оның үстіне мысқылдай күлетініне қалайша ашулануға
болады.
Иə, ұрпақтардың рухани сабақтастығының ара жігінің ажырағаны
анық. Енді, оны қалпына келтіру үшін тағы да көп уақыт қажет өз
қолымызбен тіпті ұзақ уақыт бойы бəрін де қиратқанбыз. Əулеттің,
мектептің ролі туралы, тəрбиелеу мен білім берудің сапалық жаңа жүйесін
жасау қажеттігі жөнінде жаттанды жайларды қайталағым келмейді.
Бұлармен, əрине, қазір мықтап айналысқан жөн. Тек бізге бұл жұмыста
үндеу де, ақылгөйсу де, жаңа «моральдық кодекстер» жасау да
көмектеспейтінін есте тұтқан маңызды. Имандылықты сауықтырып,
қалпына келтіретін негізгі жол ең алдымен халықтардың ұлттық кайта
түлеуі, оның салауатты ұлттық сана-сезімінің өсуі арқылы өтеді деп
ойлаймын. Бұл құбылысты мен кең мағынада түсінемін əңгіме экономика
жөнінде де, мəдениет туралы да, саяси-мемлекеттік кұрылым жайында да
болып отыр. Қайта құру бұл бағытта көптеген жақсы қадамдар жасауға
септігін тигізді. Мəселен, Совет өкіметі жылдарында алғаш рет ар-ождан
бостандығы жарияланып қана қоймай, ол ақиқатқа айналды. Алайда, сөйте
отыра жаңаша ойлауды көптеген мəдениет қайраткерлері өте-мөте басқаша
түсінетін сияқты көрінеді. Біз теледидар, бұқаралық хабарлама құралдары
мен басқа да жолдар арқылы өзімізге батыстан, «өркениет əлемінен» тіптен
көп күмəнды «қазыналарды» тасып жеткізіп жатырмыз. Бұқаралық
мəдениет немесе жастардың беймəлім мəдениеті деп аталатындардың
проблемалары қақында айтпай-ақ қояйын. Бірақ шетелде тыйым салынған
немесе қоқысқа тасталған нəрселерді қалайда талғамсыз талапайлауға
болмайды. Маған жастар арасындағы көптеген беймаза құбылыстар
өзімшілдік, ауа жайылушылық, түрліше бетімен кетушілік шеттен алынған
51

«импорттық» сипатта сияқты болып көрінеді.
Сіздің өмірбаяныңыздан көрініп отырған кейбір эпизодтар
басшының бойындағы қасиеттер туа бітті бола ма, əлде оның
ұйымдастырушылық қабілетін өмірдің өзі тəрбиелей ме деген сауал қоюға
итермелейді.
Бұл туралы мен терең ойланбаған екенмін, бірақ, меніңше, бұл
жерде көп нəрсе табиғи жаратылысқа да байланысты. Бір кезде (қазірде де
бұл орын теуіп отыр) бүкіл «номенклатураға» кіретін кісілерге арналған
кеңсешілдік мінездемелерде: «Жақсы ұйымдастырушылық қабілеті бар»
дейтін жолдардың болғаны есіңізде шығар. Алайда, нағыз көшбасшы болу
үшін ұйымдастырушылық таланттың ғана болуы аздық етеді. Одан да
маңыздырағы адамдардың сенімі, олардың мойындауы. Өмірде біз,
айталық, тамаша талантты мамандарды, инженерлерді, оқымыстыларды
жиі кездестіреміз. Алайда, оларды адамдарды ұйымдастыратын,
топтастыратын, оларды өз соңынан ертетін қасиеттерді қажет ететін,
жұмыстарға қойсаң болғаны-ақ, қолдарынан ешнəрсе келмей қалады.
Егер өзім туралы айтар болсам, мен ешқашан қандайда бір
басшылық қызметтерге айрықша құмартқан жан емеспін. Бірақ, бала
кезімнен «орташа» болып қалуды ұнатпайтын, өз қадірімді өзім сезерліктей
əлде бір ішкі сезімнің əсерінде болдым. Мəселен, мектепте əрқашан оқуда
бірінші болуға талпындым. Мұндай сезім өзін құрметтейтін кез келген
адамға тəн деп ойлаймын. Ал егер адам өзін сыйлаудан қалса, онда одан
өмірде айтарлықтай дəйекті ешнəрсе шықпайды. Маған ұдайы басшылық
ету бұйырғандай-ақ, əрдайым əйтеуір бір органдарға сайланумен болдым:
жоғарғы кластарда мектеп оқушылар комитетінің мүшесі болдым, əрдайым
мектеп, аудан комсомол активінің қатарында жүрдім. Өмірде маған тағы
бір қызық жайды аңғарудың реті келді. Өйткені, байқадыңыз ба, əр түрлі
буындар мен деңгейлердегі бірсыпыра басшы қызметкерлермен
араласуыма тура келді ғой. Мына қызықты қараңыз: олардың арасында
спортпен тікелей айналысқан қайратты да қажырлы адамдар жиі кездесті.
Бұл кездейсоқ емес өйткені бала, жасөспірім кезде қара күштің де, басқа
қасиеттердің де беделі үлкен роль атқарады. Əлгіде айтқан Рыспановқа
қатысты оқиғада топ жетекшісі болу үшін күресте осы жағдай шешуші
дерлік роль атқарды.
Нұрсұлтан Əбішұлы, Сіз қазір жетекші болу үшін күрес туралы
айтып өттіңіз. Бірақ біздің бəрімізді де ұзақ уақыт бойы билік үшін күрес
52

сияқты
құбылыстар тек қана «жабайы» Батысқа тəн деп иландырып келді.
Социалистік демократия жағдайында əрбір адам онсыз да əрқашан өмірде
өзіне тиесілі орынды иемденеді деп есептелді ғой...
Əрине, бұл олай емес. Өйткені қазір біздің қоғамның саяси өмірінде
ашық, кейде тіпті аяусыз күрес жүріп жатқанын байқап отырған жоқпыз
ба? Мəселе, оның қандай мақсат үшін жүргізіліп жатқандығында. Егер
билікке ұмтылған адамдарды жеке шамшылдық, қара бастың ғана қамын
ойлаушылық қызықтырса, онда біз оған қарсы тұру ғана емес... онымен
күресуге де міндеттіміз. Əрине, тек қана конституциялық — парламенттік
жəне саяси құралдармен...

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет