Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту әдістемесі


Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту тұжырымдамасы



бет7/13
Дата12.09.2023
өлшемі85,36 Kb.
#106971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту тұжырымдамасы

  1. Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту тұжырымдамасы



Мақсаты: Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту тұжырымдамасымен таныстыру
Бүгінгі таңда әлемдік білім беру парадигмасының негізгі идеялары бүкіл өмір бойы өздігінен білім алуға және өзін өзі жетілдіруге дайын, әрі қабілетті, қоғамдағы өскелең қажеттіліктерді ескере отырып шығармашылықпен жасайтын жоғары білікті мамандар даярлау, тұлғаны жан-жақты дамыту, оқушылардың бастамашылдығы мен өзіндік танымдық қызметін дамыту болып табылады. Мектеп түлегі жаңа жағдайда бағдарлауға, мәселелік міндеттерді өздіктерінен шешуге, өз еңбегінің нәтижелерін дұрыс бағалауға мүмкіндік беретін әмбебап біліктердің жинағын игеруі тиіс.
Білім берудегі мұндай нәтижелер білім беру үрдісінде оқытудың пән-білімдік үлгісінен зияткерлік-қызметтік немесе ой қызметіне өту метапәндік тәсілдемені қолдану барысында мүмкін болады.
Бүгінгі күні білім беру тәжірибесі неліктен метапәндік тәсілдемені іске асыруды қажет етеді? Міне, осы сұраққа жауап іздеп көрдік.
Біріншіден, ғылыми білімнің қызу дамуы басталды, бұрын білім беру нақты білім беру аумақтарының мамандарын даярлауға бағдарланды. Бұл оқу пәндерінің бөлшектенуіне алып келді. Әлдебір әмбебаптық, әлемді қабылдаудың тұтастығы жоғалып кетті. Бірақ технологиялық процесс ашықтықты, ақпараттанушылықты, бір мезетте білім игеру мүмкіндігін берді.
Екіншіден, метапәндік тәсілдеме оқушының, студенттің даму тұтастығын ғана емес, білім беру үдерісінің барлық сатыларының сабақтастығын қамтамасыз етеді.
Үшіншіден, метапәндік тұрғыдан келу білім берудің пәндік мазмұнын қайта ұйымдастыруды ұсынады, онда білім – есте сақтауға арналған мәліметтер емес, жеке тәжірибелік әрекетте саналы түрде пайдалануға арналған білімдер ретінде қарастырылады.
Төртіншіден, метапәнділік педагогтың перспективамен жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Бұл жағдайда педагог серіктес, тьютор рөлін алады.
Педагогикалық инновация жеке тұлғаның тұрақты сапалық белгісі ретінде оқушының жан- жақты дамуына жағымды ықпал етеді, ақыл-ойын, ерік-жігерін, ойлау, елестету қабілетін, эмоциясын білдіретін интеллектуалдық іс-əрекетінде көрініс береді. Сонымен қатар педагогикалық инновация жеке тұлғаның танымдық мүмкіндіктерін жəне қоғамдық бағытын, болмысқа деген көзқарасын қалыптастыратынын ескерсек, қарастырылып отырған проблеманың көкейкестілігі нақтылана түседі. Бүгінгі таңда кəсіби педагогикалық білімнің заңдылықтарын жəне кəсіби маманның тұлғасын қалыптастыруды сипаттайтын белгілі бір ғылыми қор жинақталды. Дегенмен оқушыларымен жұмыс істейтін болашақ мұғалімдердің теориялық əзірлігі мен əдістемелік шеберлігін жетілдіруде жаңа еңбектер əлі де қажет.
Білім саясатының өзекті мəселелері — кəсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-əдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен əдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тəрбие тəжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның рөлін арттыру жəне қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу. Мектеп және жоғары білім берудің барлық сатыларын реформалау, мемлекеттік білім беру стандартын, педагогтың кәсіби стандартын енгізу жағдайында жаңа буын мұғалімін дайындау мәселесі өзекті болып қалуда. Бүгінгі таңда әлемдік білім беру парадигмасының негізгі идеясы – қоғамның өсіп келе жатқан қажеттіліктерін ескере отырып шығармашылықпен жұмыс істейтін, өмір бойы өздігінен білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге дайын және қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау. Олар, өз кезегінде, оқушылардың жеке қасиеттерін жан-жақты дамытуға дайын болуы керек. Болашақ мұғалімдерді сапалы дайындау болашақ кәсіби қызмет моделі контекстінде “осында және қазір өмір сүруге үйрету” ретінде пайда болатын тұлғаның өзін-өзі анықтауымен және өзін-өзі жүзеге асыруымен байланысты пәнаралық іскерлікті қалыптастыруды көздейді. Сонымен қатар, мектеп түлегі жаңа жағдайда бағдарлауға, мәселелік міндеттерді өз бетінше шешуге, өз еңбегінің нәтижелерін дұрыс бағалауға мүмкіндік беретін әмбебап біліктердің жиынтығын меңгеруі тиіс. Осыған байланысты педагогикалық ЖОО-да метапәндік оқыту мазмұнының қажеттілігі туралы айту қажет. Ғылыми-теориялық еңбектерде метапәндік тәсілдеме білімдерді бөлшектеудің қазіргі тәжірибесінен дүниені тұтас бейнелі қабылдауға, метаәрекетке ауысуды қамтамасыз ететін әмбебап тәсіл түсіндіріледі.


«Тұжырымдаманың» негізгі мақсаты – болашақ педагогтерді бастауыш сынып білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуға даярлаудың негізгі бағыттарын, мазмұнын, педагогикалық шарттарын айқындау.
«Тұжырымдаманың» міндеттері:
1. Болашақ педагогтерді бастауыш сынып білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуға даярлаудың әдіснамалық және теориялық негіздерін айқындай отырып, оның оқыту бағдарламасын, оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу.
2. Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытудың оқу материалын іріктеу, сұрыптау.
3.Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытудың оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар тізімін жасау.
4. Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытудың ерекшеліктерін, айырымбелгілерін, ұстанымдарын анықтап белгілеу.
«Тұжырымдаманың» құрылымы:
– Болашақ педагогтерді бастауыш сынып білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуға даярлаудың қазіргі кездегі жай күйі;
– Болашақ педагогтерді бастауыш сынып білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуға даярлаудың әдіснамалық және теориялық негіздері;
– Болашақ педагогтерді бастауыш сынып білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуға даярлаудың ұстанымдары;
– Тұжырымдаманың жүзеге асуының шарттары;
– Болашақ бастауыш сынып педагогтерін білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуға даярлау оқу бағдарламасының құрылымы;
– Тұжырымдаманы ендіруді әдістемелік жағынан қамтамасыз ету
– Бастауыш білім беру пәндерін оқытатын болашақ бастауыш сынып педагогінің тұлғасы;
– Күтілетін нәтиже;
– Тұжырымдаманың жүзеге асырылу тетіктері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет